Кеңес Социалистік Республикалар Одағы мен Америка Құрама Штаттары арасындағы ракетаға қарсы қорғаныс жүйелерін шектеу жөніндегі 1972 жылғы 26 мамырдағы шартқа байланысты уағдаластықтар туралы меморандумды бекіту туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасының Заңы 2001 жылғы 11 шілде N 233-II

 


     Нью-Йоркте 1997 жылғы 26 қыркүйекте жасалған Кеңес Социалистік

Республикалар Одағы мен Америка Құрама Штаттары арасындағы ракетаға қарсы

қорғаныс жүйелерін шектеу жөніндегі 1972 жылғы 26 мамырдағы шартқа

байланысты уағдаластықтар туралы меморандум бекітілсін.


     Қазақстан Республикасының

             Президенті


                    КЕҢЕС СОЦИАЛИСТIК РЕСПУБЛИКАЛАР

                   ОДАҒЫ МЕН АМЕРИКА ҚҰРАМА ШТАТТАРЫ

                   АРАСЫНДАҒЫ РАКЕТАҒА ҚАРСЫ ҚОРҒАНЫС

                 ЖҮЙЕЛЕРIН ШЕКТЕУ ЖӨНIНДЕГI 1972 ЖЫЛҒЫ

                     26 МАМЫРДАҒЫ ШАРТҚА БАЙЛАНЫСТЫ

                         УАҒДАЛАСТЫҚТАР ТУРАЛЫ

                              МЕМОРАНДУМ



 
       Осы Меморандумның мақсаттары үшiн төменде Кеңес Социалистiк Республикалар Одағының (КСРО) құқығын иеленушi-мемлекеттер деп аталып отырған Беларусь Республикасы, Қазақстан Республикасы, Ресей Федерациясы, Украина және Америка Құрама Штаттары,
      стратегиялық тұрақтылықты қолдау мақсатында, төменде Шарт деп аталатын Кеңес Социалистiк Республикалар Одағы мен Америка Құрама Штаттары арасындағы Ракетаға қарсы қорғаныс жүйелерiн шектеу туралы 1972 жылғы 26 мамырдағы шарттың өмiрлiк қабiлетiн сақтаудың маңызын тани отырып,
      Бұрынғы КСРО аумағында жаңа тәуелсiз мемлекеттердiң құрылуы

 

нәтижесiнде саяси ахуалдағы өзгерiстердi тани отырып,

     Шартқа байланысты төмендегiлер туралы келiстi:


                                І бап


     Осы Меморандум күшiне енген кезде Беларусь Республикасы, Қазақстан

Республикасы, Ресей Федерациясы, Украина және Америка Құрама Штаттары

Шарттың Тараптары болып табылады.


                                ІІ бап


     КСРО құқығын иеленушi-мемлекеттер өздерiне бұрынғы КСРО-ның Шарт және

соған байланысты құжаттар бойынша құқықтары мен мiндеттерiн қабылдайды.


                                IIІ бап



 
       КСРО құқығын иеленушi-мемлекеттiң әрқайсысы өзiнiң аумағына қатысты және өзiнiң iс-әрекетiне қатысты, бұл мемлекеттiң осындай iс-әрекеттi дербес немесе кез келген басқа мемлекетпен бiрлесiп қай жерде жүзеге асырғанына қарамастан, Шарт ережелерiн орындайды.
 

                                ІV бап



 
 
       Шартты жүзеге асыру мақсаттары үшiн:
      а) "Кеңес Социалистiк Республикалар Одағы" терминi КСРО құқығын иеленушi-мемлекеттердi бiлдiредi;
      b) "ұлттық аумақ" және "өз елiнiң аумағы" терминдерi бұрынғы КСРО-ға қатысты КСРО құқығын иеленушi-мемлекеттердiң ұлттық аумақтарының жиынтығын, ал "өз ұлттық аумағының шеткi аймақтары" терминi бұрынғы КСРО-ға қатысты, аталған мемлекеттердiң ұлттық аумақтары жиынтығының шеткi аймақтарын бiлдiредi; және
      с) "астана" терминi, ол Шарттың III бабында және оған 1974 жылғы 3-шiлдедегi Хаттамада Кеңес Социалистiк Республикалар Одағының астанасына сiлтеме үшiн пайдаланылған кезiнде, Москва қаласын бiлдiре бередi.
 

                                V бап



 
 
       КСРО құқығын иеленушi-мемлекет немесе КСРО құқығын иеленушi-мемлекеттер осы Шарт ережелерiнiң күшi жүретiн және осы кезде Шарттың Тарабы болып табылмайтын кез келген мемлекеттiң аумағында тұрған кез келген объектiнi, осындай мемлекеттiң келiсiмiмен және бұндай объектiнi пайдалану осы Шарттың ережелерiне сәйкес болып қалып отырған жағдайда, бұдан әрi де пайдалана алады.
 

                                VI бап



 
 
       КСРО құқығын иеленушi-мемлекеттер, олардың бәрiн бiрге алғанда, Шарттың және, 1974 жылғы 3-шiлдедегi Хаттамаларды қоса алғанда, оған байланысты құжаттардың ережелерiне сәйкес кез келген осы сәтте ракета шабуылына қарсы қорғаныс (РШҚ) жүйесi орналасқан бiр ауданмен және жиынтығында РШҚ сынақ полигондарында он бестен аспайтын ракетаға қарсы iске қосу қондырғыларымен шектеледi.
 

                                VII бап



 
 
       Шарттың IХ бабындағы және Шартқа байланысты "G" Бiрлескен мәлiмдемедегi мiндеттемелердiң КСРО құқығын иеленушi-мемлекеттiң бiреуiнен осындай екiншi мемлекетке берулерге және осындай мемлекеттер арасындағы берулерге қатысы жоқ.
 

                                VIII бап



 
 
       Төменде Комиссия деп аталатын, Тұрақты консультативтiк комиссия Шартпен және 1972 жылғы 21-желтоқсандағы Кеңес Социалистiк Республикалар Одағының Үкiметi мен Америка Құрама Штаттары Yкiметiнiң арасындағы Тұрақты консультативтiк комиссияны құруға қатысты Уағдаластықтар туралы меморандуммен, сондай-ақ Шарттың көп жақты сипатын және Комиссияда шешiмдер қабылдау кезiнде Тараптардың теңдей құқықтық статусын көрсететiн Комиссия туралы ережемен көзделген тәртiпте қызмет етедi.
 

                                IХ бап



 
 
       1. Осы Меморандум оған қол қойған бұл мемлекеттердiң конституциялық процедураларына сәйкес ратификацияға немесе бекiтiлуге жатады.
      2. Осы Меморандумның депозитарийi қызметiн Америка Құрама Штаттарының Yкiметi атқарады.
      3. Осы Меморандум оған қол қойған барлық мемлекеттердiң үкiметтерi бұл Меморандумның ратификацияланғаны немесе бекiтiлгенi туралы құжаттарды сақтауға тапсырған күнi күшiне енедi және Шарт күшiнде қалған уақытқа дейiн қолданыста болады.
      4. Осы Меморандумды ратификациялаған немесе бекiткен мемлекеттердiң әрқайсысы 1972 жылғы 26 мамырдағы Кеңес Социалистiк Республикалар Одағы мен Америка Құрама Штаттары арасындағы Ракета шабуылына қарсы қорғаныс жүйелерiн шектеу туралы шартқа байланысты 1997 жылғы 26 қыркүйектегi Бiрiншi келiсiлген мәлiмдеменiң және 1972 жылғы 26 мамырдағы Кеңес Социалистiк Республикалар Одағы мен Америка Құрама Штаттары арасындағы Ракета шабуылына қарсы қорғаныс жүйелерiн шектеу туралы шартқа байланысты

 

1997 жылғы 26 қыркүйектегi Екiншi келiсiлген мәлiмдеменiң ережелерiмен

байланысты болып табылады.

     Нью-Йорк қаласында 1997 жылғы 26 қыркүйекте бес данада, әрқайсысы

орыс және ағылшын тiлдерiнде жасалды, сондай-ақ екi мәтiннiң де күшi

бiрдей.


     БЕЛАРУСЬ РЕСПУБЛИКАСЫ YШІН


     ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ YШІН


     РЕСЕЙ ФЕДЕРАЦИЯСЫ ҮШIН


     УКРАИНА ҮШІН


     АМЕРИКА ҚҰРАМА ШТАТТАРЫ ҮШІН


     Мамандар:

       Қасымбеков Б.А.

       Икебаева Ә.Ж.






Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады