Қазақстан Республикасының кейбір заң актілеріне қылмыстық-атқару жүйесін реформалау және осы жүйе қызметкерлерінің мәртебесі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасының Заңы 2001 жылғы 16 шілде N 244-II

      1-бап. Қазақстан Республикасының мына заң актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      1. "Жалпыға бірдей әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы" 1993 жылғы 19 қаңтардағы Z939000_ Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің Жаршысы, 1993 ж., N 2, 28-құжат; 1995 ж., N 8, 56-құжат; N 22, 135-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1997 ж., N 12, 184-құжат; 2001 ж., N 8, 56-құжат; 2001 жылғы 15 маусымда "Егемен Қазақстан" және 2001 жылғы 13 маусымда "Казахстанская правда" газеттерінде жарияланған "Қазақстан Республикасының кейбір заң актілеріне білім беру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2001 жылғы 11 маусымдағы Z010207_ Қазақстан Республикасының Заңы):
      26-баптың б) тармақшасында:
      "Ішкі істер министрлігі," деген сөздерден кейін "Әділет министрлігі Қылмыстық-атқару жүйесінің комитеті" деген сөздермен толықтырылсын;
      "Мемлекеттік тергеу комитеті" деген сөздер алып тасталсын.

      2. "Жедел-іздестіру қызметі туралы" 1994 жылғы 15 қыркүйектегі Z944000_ Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің Жаршысы, 1994 ж., N 13-14, 199-құжат; 1995 ж., N 24, 167-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1996 ж., N 14, 275-құжат; 1998 ж., N 24, 436-құжат; 2000 ж., N 3-4, 66-құжат; 2001 ж., N 8, 53-құжат):
      1) 6-баптағы "жүзеге асырады;" деген сөздер алып тасталып, мынадай мазмұндағы и) тармақшасымен толықтырылсын:
      "и) Әділет министрлігінің қылмыстық-атқару жүйесі органдары жүзеге асырады;".
      2) 10-баптың 2-тармағының екінші абзацы "ішкі істер," деген сөздерден кейін "Әділет министрлігінің қылмыстық-атқару жүйесі," деген сөздермен толықтырылсын;
      3) 12-баптың 2-тармағында:
      бірінші бөлік мынадай мазмұндағы сөйлеммен толықтырылсын:
      "Ішкі істер органдары осы Заңның 11-бабының 2-тармағында тізіп көрсетілген жедел-іздестіру шараларын Әділет министрлігі қылмыстық-атқару жүйесінің мекемелерінде, ал Әділет министрлігі қылмыстық-атқару жүйесінің органдары - Ішкі істер министрлігінің тергеу изоляторларында жүзеге асыруға құқылы.";
      екінші бөліктің а) тармақшасы "ішкі істер" деген сөздерден кейін ", Әділет министрлігінің қылмыстық-атқару жүйесі" деген сөздермен толықтырылсын;
      үшінші бөліктегі "ішкі істер," деген сөздерден кейін "Әділет министрлігінің қылмыстық-атқару жүйесі," деген сөздермен толықтырылсын.

      3. "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" 1995 жылғы 24 сәуірдегі Z952235_ Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің Жаршысы, 1995 ж., N 6, 43-құжат; N 12, 88-құжат; N 23, 152-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1996 ж., N 1, 180, 181-құжаттар; N 11-12, 257-құжат; N 15, 281-құжат; N 23-24, 416-құжат; 1997 ж., N 4, 51-құжат; N 7, 82-құжат; N 10, 112-құжат; N 11, 144-құжат; N 12, 184, 188-құжаттар; N 13-14, 195, 205-құжаттар; N 20, 263-құжат; N 22, 333-құжат; 1998 ж., N 4, 45-құжат; N 14, 197, 201, 202-құжаттар; N 23, 425-құжат; N 24, 436, 442, 445-құжаттар; 1999 ж., N 6, 192, 193-құжаттар; N 20, 731-құжат; N 21, 786-құжат; N 23, 928-құжат; N 24, 1067-құжат; 2000 ж., N 3-4, 65, 66-құжаттар; N 10, 234-құжат; 2001 ж., N 3, 16-құжат; 2001 жылғы 5 мамырда "Егемен Қазақстан" және 2001 жылғы 9 мамырда "Казахстанская правда" газеттерінде жарияланған "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2001 жылғы 3 мамырдағы Z010183_ Қазақстан Республикасының Заңы; 2001 жылғы 15 маусымда "Егемен Қазақстан" және 2001 жылғы 13 маусымда "Казахстанская правда" газеттерінде жарияланған "Қазақстан Республикасының кейбір заң актілеріне білім беру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2001 жылғы 11 маусымдағы Z010207_ Қазақстан Республикасының Заңы):
      57-баптың 1-тармағының 19) тармақшасындағы, 123-баптың 3-тармағының
9) тармақшасындағы және 134-баптың 1-тармағының 6) тармақшасындағы "Ішкі істер" деген сөздер "Әділет" деген сөзбен ауыстырылсын.

      4. Қазақстан Республикасы Президентінің "Қазақстан Республикасының ішкі істер органдары туралы" 1995 жылғы 21 желтоқсандағы N 2707 U952707_ заң күші бар Жарлығына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің Жаршысы, 1995 ж., N 23, 154-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1997 ж., N 7, 79-құжат; N 12, 184-құжат; 1998 ж., N 17-18, 225-құжат; N 23, 416-құжат; N 24, 436-құжат; 1999 ж., N 8, 233, 247-құжаттар; N 23, 920-құжат; 2000 ж., N 3-4, 66-құжат; 2001 жылғы 15 маусымда "Егемен Қазақстан" және 2001 жылғы 16 маусымда "Казахстанская правда" газеттерінде жарияланған "Қазақстан Республикасының кейбір заң актілеріне Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрі мен Қазақстан Республикасының ІІМ Ішкі әскерлері қолбасшысы өкілеттіктерінің аражігін ажырату мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2001 жылғы 11 маусымдағы Z010208_ Қазақстан Республикасының Заңы):
      1) 2-баптың 1-тармағында:
      4) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      "4) ішкі істер органдарының тергеу изоляторларында жазасын өтеп жатқан сотталғандарға қатысты қылмыстық жазаларды және әкімшілік өндіріп алуларды орындау;";
      5-тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      "5) ішкі істер органдарының тергеу изоляторларында және әкімшілік жолмен қамауға алынғандарды ұстау орындарында құқық тәртібін қамтамасыз ету және адамдарды ұстау режимін сақтау;";
      2) 4-баптың бірінші бөлігіндегі "қылмыстық-атқару жүйесінің мекемелері" деген сөздер "ішкі істер органдарының тергеу изоляторлары" деген сөздермен ауыстырылсын;
      3) 10-баптың 1-тармағында:
      5) тармақшадағы "қылмыстық-атқару заңдарымен белгіленген бас бостандығынан айыру орындарында" деген сөздер "ішкі істер органдарының тергеу изоляторларында және уақытша ұстау изоляторларында заңдармен белгіленген" деген сөздермен ауыстырылсын;
      12) тармақшадағы "қылмыстық жазалар мен" деген сөздер "ішкі істер органдарының тергеу изоляторларында жазасын өтеп жатқан, шаруашылық қызмет көрсету жөніндегі жұмыстарды орындау үшін қалдырылған сотталғандарға қатысты қылмыстық жазаларды," деген сөздермен ауыстырылсын;
      30-1) тармақшадағы "жазаның бас бостандығынан айырумен байланысты емес түрлеріне сотталғандардың;" деген сөздер алып тасталсын;
      4) 11-баптың 1-тармағының 23) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      "23) бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды бақылау жөніндегі заңда көзделген шараларды қолдануға, ішкі істер органдарының тергеу изоляторлары мен уақытша ұстау изоляторларында және олардың маңындағы аумақтарда режимдік талаптардың сақталуын бақылауды жүзеге асыруға; Ішкі істер министрі белгілеген тәртіппен ішкі істер органдарының тергеу изоляторлары мен уақытша ұстау изоляторларына ерекше жағдайлар режимін енгізуге;".

      5. "Психиатриялық жәрдем және оны көрсеткен кезде азаматтардың құқықтарына берілетін кепілдіктер туралы" 1997 жылғы 16 сәуірдегі Z970096_ Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1997 ж., N 8, 86-құжат):
      15-бапта:
      "Ішкі істер министрлігі" деген сөздерден кейін ", Әділет министрлігінің Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті" деген сөздермен толықтырылсын;
      ", мемлекеттік тергеу комитеті" деген сөздер алып тасталсын.

      6. "Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы" 1997 жылғы 20 маусымдағы Z970136_ Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1997 ж., N 12, 186-құжат; 1998 ж., N 24, 437-құжат; 1999 ж., N 8, 237-құжат; N 23, 925-құжат):
      1) IV бөлімнің тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
      "Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарының және Әділет министрлігі Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің әскери қызметшілерін, қызметкерлерін зейнетақымен қамсыздандырудың ерекшеліктері";
      2) 60, 61, 62, 63, 64, 65 және 66-баптарда "ішкі істер" деген

сөздерден кейін "және Әділет министрлігінің Қылмыстық-атқару жүйесі 
комитеті" деген сөздермен толықтырылсын. 
     
     7. 1997 жылғы 13 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының 
Қылмыстық-атқару кодексіне  

Z970208_

  (Қазақстан Республикасы Парламентінің 
Жаршысы, 1997 ж., N 24, 337-құжат; 2000 ж., N 6, 141-құжат; N 8, 
189-құжат; 2001 ж., N 8, 53-құжат): 
     1) 46-баптың 2-тармағындағы, 77-баптың 3 және 7-тармақтарындағы, 
80-баптың 3-тармағындағы, 84-баптың 3-тармағындағы, 85-баптың 
5-тармағындағы, 97-баптың 5-тармағындағы, 104-баптың 4-тармағындағы, 
107-баптың 5-тармағындағы, 108-баптың 7-тармағындағы "ішкі істер" деген 
сөздер "Әділет" деген сөзбен ауыстырылсын; 
     2) 181-баптың 2-тармағындағы "басқа қызметтерінің", 182-баптың 
1-тармағындағы "басқа қызметтері" деген сөздер алып тасталсын. 
     
     8. 1997 жылғы 13 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Қылмыстық іс 
жүргізу кодексіне  

Z970206_

  (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 
1997 ж., N 23, 335-құжат; 1998 ж., N 23, 416-құжат; 2000 ж., N 3-4, 
66-құжат; N 6, 141-құжат; 2001 ж., N 8, 53-құжат): 
     1) 65-баптың екінші бөлігінің 3) тармағы мынадай редакцияда жазылсын: 
     "3) қылмыстық жазаларды орындау тәртібімен байланысты қылмыстар 
туралы істер бойынша - әділет органдары;"; 
     2) 137-баптағы "Ішкі істер" деген сөздер "Әділет" деген сөзбен 
ауыстырылсын; 
     3) 285-бапта: 
     екінші бөлікте: 
     "332-334," деген цифрлардан кейін "339 (бірінші бөлігінде)," деген 
сөздермен толықтырылсын; 
     "358 (бірінші бөлігінде), 359, 360," деген сөздер алып тасталсын; 
     алтыншы бөлік мынадай редакцияда жазылсын: 


      "6. Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 358 (бірінші бөлігінде), 359, 360-баптарында көзделген қылмыстар туралы істер бойынша анықтауды қылмыстық істі қозғаған ішкі істер органы немесе әділет органы жүргізеді.".

      9. "Қылмыстың жасалуына сезіктілер мен айыпталушыларды күзетте ұстаудың тәртібі мен шарттары туралы" 1999 жылғы 30 наурыздағы Z990353_ Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1999 ж., N 6, 190-құжат):
      1) 7-баптың 2-тармағындағы "Ішкі істер" деген сөздер "Әділет" деген

сөзбен ауыстырылсын; 
     2) 46-бапта: 
     1-тармақ "Ішкі істер министрінің," деген сөздерден кейін "Әділет 
министрінің," деген сөздермен толықтырылсын; 
     3-тармақ: 
     "Ішкі істер министріне," деген сөздерден кейін "Әділет министріне," 
деген сөздермен толықтырылсын; 
     "ішкі істер," деген сөздерден кейін "Әділет министрлігінің 
қылмыстық-атқару жүйесі," деген сөздермен толықтырылсын. 
     
     2-бап. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі қылмыстық-атқару 
жүйесі қызметкерлерінің мәртебесін анықтайтын заң актісі қабылданғанға 
дейін олардың құқықтық жағдайы ішкі істер органдарының қызметкерлеріне 
теңестірілсін. 
     Осы Заң 2002 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі. 
     
     
     Қазақстан Республикасының 
             Президенті 
     
     
     Мамандар:
       Қасымбеков Б.А. 
       Багарова Ж.А. 
     
      
      


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады