Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Молдова Республикасы Үкіметінің арасындағы халықаралық автомобиль тасымалдары туралы келісімді бекіту туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасының Заңы 2001 жылғы 24 қазан N 250-II


     Астанада 1999 жылғы 15 шілдеде жасалған Қазақстан Республикасының 
Үкіметі мен Молдова Республикасы Үкіметінің арасындағы халықаралық 
автомобиль тасымалдары туралы келісім бекітілсін. 
     
     Қазақстан Республикасының 
             Президенті 
     
        Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Молдова Республикасы
      Үкіметiнiң арасындағы Халықаралық автомобиль тасымалдары туралы
                                  КЕЛIСIМ

     Бұдан әрi Уағдаласушы Тараптар деп аталатын Қазақстан Республикасының 
Үкiметi мен Молдова Республикасының Yкiметi,
     мемлекеттер арасында халықаралық автомобиль қатынасы саласындағы 
ынтымақтастықты одан әрi дамыту қажеттiлігiн басшылыққа ала отырып,
     өз мемлекеттерi арасында, сондай-ақ мемлекеттердiң аумақтары арқылы 
транзитпен автомобиль қатынасын жүзеге асыруды жеңiлдетуге ұмтыла отырып,
     осы мәселелердi өзара көмек көрсету, ынтымақтастық және өзара 
тиiмдiлiк рухында реттеуге тiлек бiлдiре отырып,
     осы Келiсiмдi жасасуды шештi:

                               І БӨЛIМ

             ҚОЛДАНУ САЛАСЫ ЖӘНЕ ҰҒЫМДАРДЫҢ АНЫҚТАМАЛАРЫ

                                1-бап



      1. Уағдаласушы Тараптар осы Келiсiммен Қазақстан Республикасы мен Молдова Республикасының арасындағы, олардың аумақтары арқылы транзитпен, сондай-ақ үшiншi мемлекеттерге немесе мемлекеттерден Уағдаласушы Тараптар мемлекеттерiнiң бiрiнде тiркелген автокөлiк құралдарымен орындалатын халықаралық жолаушылар мен жүк тасымалдарын реттейдi.
      2. Осы Келiсiм Уағдаласушы Тараптармен жасалған халықаралық келiсiмдерден, шарттар мен ережелерден туындайтын, олар үшiн мiндеттi болып табылатын құқықтар мен мiндеттемелердi қозғамайды.
                                2-бап




      Осы Келiсiмде:
      "Тасымалдаушы" Уағдаласушы Тараптардың бiрiнiң мемлекетiнiң аумағында тiркелген және Уағдаласушы Тараптар мемлекеттерiнiң қолданылып жүрген ұлттық заңдарына сәйкес осы мемлекеттермен автокөлiк тасымалдарын ақысына немесе өз есебiнен орындауға жiберiлген кез келген жеке немесе заңды тұлғаны бiлдiредi.
      "Автокөлiк құралы"
      - жолаушыларды тасымалдау кезiнде жолаушыларды тасымалдауға арналған жүргiзушi орнын қоса алғанда, отыратын орын саны техникалық талаптарға сай 9-дан асатын автобусты немесе кез келген механикалық жетегiмен жол автокөлiк құралын, сондай-ақ жеке жол жүгiн тасымалдау үшiн тiркеменi білдiредi;
      - жүк тасымалдау кезiнде жүктердi тасымалдауға арналған механикалық жетегiмен кез келген автокөлiк құралын немесе техникалық талаптарға сай қайта жабдықталған, тiркеме мен жартылай тiркеменi қоса алғанда, автокөлiк құралын бiлдiредi. Сонымен қатар, автопоезды тартқыш Уағдаласушы Тараптардың бiрiнiң мемлекетiнде тiркелген болуы тиiс;
      "Жолаушылардың автобустармен тұрақты тасымалы" - бұл барысында алдын ала белгiленген аялдау мекендерiнде жолаушыларды отырғызу және түсiру жүргiзiлетiн, белгіленген қозғалыс жиiлiгiмен, белгiленген бағыттар бойынша жүзеге асырылатын тасымал. Жолаушыларды автобустармен тұрақты тасымалдау алдын ала белгiленген тариф және кесте бойынша жүзеге асырылуы тиiс.
      "Жолаушылардың автобустармен тұрақсыз тасымалы" - бұл екi жақты немесе транзиттiк қатынас кезiнде:
      а) жүрiс бағытының бүкiл ұзақтығында бiр жолаушылар тобын, оларды шығу пунктiне жеткiзе отырып тасымалдайтын автокөлiк құралымен жүзеге асырылатын;
      б) жеке құрамы өзгермейтiн жолаушылар тобы автокөлiк құралы тiркелген мемлекеттен екiншi мемлекетке тасымалданатын және автокөлiк бос қайтатын тасымал.
      "Жолаушылардың автобуспен маятниктiк тасымалы" - алдын ала

жинақталған жолаушылар тобы бiр шығу пунктiнен бiр бару пунктiне дейiн 
тасымалданатын, бұл орайда автобус бiрiншi тасымалдан кейiн бос қайтатын 
және соңғы тасымалдың алдында, екiншi Уағдаласушы Тарап мемлекетiнің 
аумағына бос баратын, мезгiл-мезгіл қайталанатын тасымал.
     "Каботаждық тасымал" - бұл бiр Уағдаласушы Тарап мемлекетiнiң 
тасымалдаушысы екiншi Уағдаласушы Тарап мемлекетiнiң аумағында орналасқан 
екi пункттiң арасында орындайтын тасымал.

                               II БӨЛIМ
                       ЖОЛАУШЫЛАР ТАСЫМАЛДАРЫ

                                3-бап



      1. Осы Келiсiмге сәйкес жолаушылардың автобустармен тасымалдары, осы Баптың 3-тармағында көрсетілген тасымалдарды қоспағанда, рұқсаттардың негiзiнде жүзеге асырылатын болады.
      2. Жолаушылардың автобустармен тұрақты тасымалдары Уағдаласушы Тараптардың құзыреттi органдары өзара келiсiммен беретiн рұқсаттардың негiзiнде жүзеге асырылуы тиiс. Әрбiр Уағдаласушы Тарап мемлекетiнiң құзыреттi органы оның мемлекетiнiң аумағы арқылы өтетiн бағыт бөлiгiне рұқсат бередi. Уағдаласушы Тараптардың құзыреттi органдары жалпы уағдаластықтың негiзiнде рұқсаттың шарттарын, атап айтқанда, рұқсаттың қолданылу мерзiмiн, қозғалыс бағытын, кестенi және қолданылатын тарифтердi белгiлейдi.
      3. Жолаушылардың автобуспен тасымалдарын орындауға:
      а) егер бiр дербес құрамның тобы автобус тiркелген Уағдаласушы Тарап мемлекетiнiң аумағынан басталатын және аяқталатын бүкiл жүрiс кезiнде бiр автобуспен тасымалданса және осы жүрiс барысында жолаушылардың дербес құрамы өзгермесе;
      б) егер бiр дербес құрамның тобы автобус тасымалдан кейiн бос қайтатын шартпен, автобус тiркелген бiр Уағдаласушы Тарап мемлекетiнiң аумағынан басталып, екiншi Уағдаласушы Тарап мемлекетiнiң аумағында аяқталатын бүкiл жүрiс кезiнде бiр автобуспен бiр бағытта тасымалданса;
      в) транзиттiк қозғалыс кезiндегi тұрақсыз тасымалдар жағдайында рұқсат талап етiлмейдi.
      Тұрақты тасымалдарды қоспағанда, барлық тасымалдар кезiнде жолаушылардың тiзiмi талап етiледi.
      4. Тасымалдаушының бұзылған автобусты пайдалануға жарамды автобуспен алмастыруы осы Баптың 3-тармағында көрсетiлген тасымалдар сипатын өзгертпейдi.
                                4-бап




      1. Жолаушыларды автобустармен тұрақты тасымалдауға рұқсат беру туралы тапсырыс және рұқсаттың өзi Уағдаласушы Тараптардың құзыреттi органдары арқылы жiберiледi.
      2. Тапсырыстың, сондай-ақ рұқсаттардың мазмұны мен нысанын Уағдаласушы Тараптардың құзыреттi органдары анықтайды.
                                5-бап




      Маятниктiк тасымалдарды орындау үшiн екiншi Уағдаласушы Тараптың

өтiнiшi бойынша Уағдаласушы Тараптардың бiрiнiң құзыреттi органының 
рұқсаты қажет. Маятниктiк тасымалдауға тапсырысты тасымалдаушылар өз 
мемлекеттерiнiң құзыреттi органдарына бередi, олар осы өтiнiштi қарап, бұл 
туралы өз өтiнiштерiн екiншi Уағдаласушы Тараптың құзыреттi органына 
жолдайды.

                                6-бап

     Екiншi Уағдаласушы Тарап мемлекетiнiң аумағына бос автобустармен кiру 
үшiн 3-баптың 4-тармағында көзделгеннен басқа жағдайларда, құзыреттi 
органның жеке рұқсаты қажет.

                               ІII БӨЛIМ
                            ЖҮК ТАСЫМАЛДАРЫ

                                7-бап



      1. Уағдаласушы Тараптар мемлекеттерiнiң аумақтары арасында, олардың аумақтары арқылы транзитпен жүктердi тасымалдау, сондай-ақ жүктердi үшiншi мемлекеттерге немесе үшiншi мемлекеттерден тасымалдау Уағдаласушы Тараптар мемлекеттерiнiң құзыреттi органдары беретiн рұқсаттардың негiзiнде жүзеге асырылады.
      2. Әрбiр рейске және әрбiр жүк автомобилiне немесе автопоезына жеке рұқсат берiлуi тиiс. Әрбiр рұқсат бiр рейстi сол жаққа және керi қарай жүзеге асыру құқығын бередi. Бос автокөлiк құралдарына да рұқсат қажет. Автопоезбен тасымалдау кезiнде тартқышқа ғана рұқсат қажет.
      Рұқсаттың мынадай екi үлгiсi бар:
      а) негiзiнде Уағдаласушы Тараптар мемлекеттерiнiң аумақтары арасында, сондай-ақ екiншi Уағдаласушы Тарап мемлекетiнiң аумағы арқылы тасымалдар жүзеге асырылатын әмбебап (екiжақты/транзиттiк) рұқсаттар;
      б) негiзiнде екiншi Уағдаласушы Тарап мемлекетiнен үшiншi мемлекетке немесе үшiншi мемлекеттен екiншi Уағдаласушы Тарап мемлекетiнiң аумағына тасымалдар жүзеге асырылатын үшiншi мемлекеттерге/мемлекеттерден рұқсаттар.
      3. Осы баптың 2-тармағында көрсетілген рұқсаттар түрi мынадай болуы мүмкiн:
      а) ақылы - жол салықтары мен алымдарын төлейтiн;
      б) ақысыз - жол салықтары мен алымдарын төлемейтiн.
      4. Уағдаласушы Тараптар мемлекеттерiнің құзыреттi органдары жыл сайын осы Келiсiмнің 15-бабының 1-тармағында анықталған Бiрлескен Комиссияның мәжiлiстерiнде тепе-теңдiктi сақтау шартымен өзара берiлетiн рұқсаттар мөлшерiн анықтайтын болады.
      5. Тасымалдауды орындауға берiлген рұқсатты ол берiлген тасымалдаушы

ғана пайдалануы мүмкiн және басқа тұлғаға беруге болмайды.
     6. Жүктер тасымалын орындауға рұқсатты жүк автокөлiк құралы тiркелген 
мемлекеттiң құзыреттi органы бередi.
     7. Уағдаласушы Тараптардың құзыреттi органдары бiр-бiрiне келесi 
жылға рұқсат бланкiлерінің келiсiлген санын ағымдағы жылғы 30 қарашаға 
дейiн бередi.
     8. Осы Келiсiмде аталған рұқсаттар екiншi Уағдаласушы Тарап 
мемлекетiнiң аумағында орындалатын тасымалдау барысында автокөлiк 
құралында болуы және бақылауға құқығы бар органдардың талабы бойынша 
көрсетiлуi тиiс.
     9. Рұқсаттар күнтiзбелiк жылдың iшiнде келесi жылдың 31 қаңтарына 
(қоса) дейiн пәрмендi.

                                8-бап

     1. Мыналарды:
     а) иммиграция немесе эмиграция кезiнде жылжымалы мүлiктi;
     б) жәрмеңкелер мен көрмелерге арналған экспонаттарды, жабдықтар мен 
материалдарды;
     в) спорт iс-шараларын өткiзуге арналған көлiк құралдарын, бәйге 
аттарын, спорт керек-жарағы мен мүлкiн;
     г) театр көрiнiсi мен реквизиттерiн, музыка аспаптарын, кино түсiру, 
радио, теледидар хабарлары мен цирк қойылымдары үшiн жабдықты;
     д) қайтыс болғандардың мәйiтiн немесе сүйегiнiң күлi бар урнаны;


      е) бiр Уағдаласушы Тарап мемлекетiнiң тасымалдаушылары үшiн сатып

алынған жүк автокөлiк құралдарының (автопоездарының) алғашқы бос өтуi 
кезiнде;
     ж) бұзылған автокөлiк құралдарын;
     з) табиғи зiлзала, авария, апат кезiнде жедел жәрдем көрсету бойынша;
     и) тiркеменi қоса жалпы салмағы 6 тоннадан аспайтын немесе оның жүк 
көтергiштiгi 3,5 тонна жүк автокөлiк құралымен орындалатын;
     к) почтаны тасымалдау кезiнде рұқсаттар талап етiлмейдi.
     2. Осы Баптың 1-тармағының б), в), г) тармақшаларында көзделген 
айрықшалықтар жүк автокөлiк құралы тiркелген мемлекетке қайтып келуге 
жататын жағдайларда немесе егер жүк үшiншi мемлекеттiң аумағына 
тасымалданатын болса ғана қолданылады.

                               ІV БӨЛIМ
                           ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР

                                9-бап

     Каботаждық тасымалдарға тыйым салынады.

                                10-бап



      1. Уағдаласушы Тараптардың тасымалдаушылары мен автокөлiк құралдарының экипаждары аумағы арқылы тасымалдау жүзеге асырылатын мемлекеттiң жол қозғалысы ережелерi мен құқықтық нормаларын сақтауға мiндеттi.
      Осы ережелердi немесе құқықтық нормаларды бұзған жағдайда, тасымалдаушылар және автокөлiк құралдарының экипаждары осы мемлекеттiң заңдарына сәйкес жауап бередi.
      2. Салмағы немесе көлемi екiншi Уағдаласушы Тарап мемлекетiнiң аумағында белгiленген барынша рұқсат етiлетiн өлшемдерден асатын автокөлiк құралдары мен жүктердi тасымалдау осы Уағдаласушы Тараптың құзыреттi органдарының арнайы рұқсатын алғаннан кейiн ғана жүзеге асырылады.
      Қазақстан Республикасының аумағы арқылы қауiптi жүктердi тасымалдау кезiнде осы мемлекеттiң құзыреттi органынан арнайы рұқсат қажет.
      Молдова Республикасының аумағы арқылы қауiптi жүктердi тасымалдау кезiнде Қауiптi жүктердiң халықаралық жол тасымалы туралы еуропалық келiсiмнiң (ҚЖХЖТ) ережелерi сақталатын болады.
      Уағдаласушы Тараптардың құзыреттi органдары арнайы рұқсат беру туралы өтiнiшке жауапты оны алған күннен бастап 30 күннен кешiктiрмей беруi тиiс.
                                11-бап




      Бiр Уағдаласушы Тараптың тасымалдаушылары екiншi Уағдаласушы Тарап мемлекетiнiң аумағында жолаушылар мен жүк тасымалдарын орындауды ұйымдастыру мақсатында өз өкiлдiктерiн ашуы мүмкiн.
                                12-бап




      1. Осы Келiсiмнiң негiзiнде жолаушылар мен жүктердi тасымалдауды орындайтын автокөлiк құралдары кедендiк ресiмдеу үшiн және тауарлар мен көлiк құралдарын импорттау кезiнде алынатын салықтардан алынатын кедендiк баждар мен алымдардан босатылады.
      2. Екiншi Уағдаласушы Тарап мемлекетiнiң аумағына осы Келiсiмнiң шеңберiнде тасымалды орындайтын бұзылған автокөлiк құралын жөндеу үшiн уақытша енгiзiлетiн қосалқы бөлшектер мемлекетке кiру кезiнде кеден органы құрастырған құжаттың негiзiнде кедендiк баждар мен алымдарды төлеуден босатылады. Айырбасталған бөлшектер автокөлiк тiркелген мемлекетке керi қарай шығаруға жатады немесе кеден органының бақылауымен жойылады.
      3. Автокөлiк құралындағы жасаушы зауыт орнатқан, ең жоғары сыйымдылығы 20 литрге дейiнгi бактердегi отын және тасымалдауды орындауға қажеттi жағармай материалдары ресiмдеу үшiн төленетiн кедендiк баждар мен алымдардан босатылады.
                                13-бап




      Шекарадан өтуге байланысты шекаралық, кедендiк және санитарлық бақылауға қатысты Уағдаласушы Тараптар мемлекеттерiнiң ұлттық заңдарының ережелерi, сондай-ақ екi мемлекет қатысушы болып табылатын халықаралық келiсiмдердiң ережелерi қолданылады.
                                14-бап




      Уағдаласушы Тараптар мемлекеттерiнiң тиiстi органдары жолаушылардың автобустармен тұрақты тасымалдары кезiнде және автомобиль көлiгiмен жануарларды, тез бүлiнетiн және қауiптi жүктердi тасымалдау кезінде шекаралық, кедендiк және санитариялық бақылауды кезектен тыс жүзеге асыратын болады.
                                15-бап




      1. Осы Келiсiмнiң орындалуына жәрдемдесу және туындайтын даулы мәселелердi тез арада шешу үшiн Уағдаласушы Тараптар құзыреттi органдарының өкiлдерiнен Бiрлескен Комиссия құрады.
      Бiрлескен Комиссияның отырыстары кемiнде жылына бiр рет кезекпен Уағдаласушы Тараптар мемлекеттерiнiң аумақтарында өткiзіледi.
      2. Уағдаласушы Тараптар осы Келiсiмдi түсiндiруге және қолдануға байланысты туындаған барлық даулы мәселелердi Уағдаласушы Тараптардың Бiрлескен Комиссиясының келiссөздерi және консультациялары арқылы шешетiн болады. Егер Уағдаласушы Тараптардың Бiрлескен Комиссиясы келiсiмге келмесе, рұқсаттар контингентiн бөлiп беруден басқа дау төрелiк соттың аd һос қарауына берiлуi мүмкiн. Осындай төрелiк сот рәсiмдерiнiң ережелерi көлiк саласындағы халықаралық тәжiрибеге сәйкес әзiрленедi.
                                16-бап




      1. Уағдаласушы Тараптар мемлекеттерiнiң құзыреттi органдары өз мемлекеттерi тасымалдаушыларының осы Келiсiмнiң ережелерiн сақтауын қамтамасыз етедi.
      2. Екiншi Уағдаласушы Тарап мемлекетiнiң аумағында автомобиль тасымалдары мен жол қозғалысына байланысты қолданылатын қағидаларды, құқықтық нормалар мен ережелердi, сондай-ақ осы Келiсiмнiң ережелерiн бұзатын тасымалдаушылар мен автокөлiк құралдарының экипаждарына қатысты аумағында бұзушылық болған Уағдаласушы Тараптар мемлекеттерiнiң құзыреттi органдары мынадай шаралар қабылдауы мүмкiн:
      а) бұзу болған Уағдаласушы Тарап мемлекетінің аумағында тасымал орындау құқығынан уақытша, iшiнара немесе толығынан айыру;
      б) жасалған құқық бұзушылықтары үшiн Уағдаласушы Тараптардың автотасымалдаушылары жүрген мемлекетiнiң ұлттық заңдарына сәйкес жауап бередi.
      3. Осы Баптың 2-тармағының негiзiнде қабылданған шаралар туралы Уағдаласушы Тараптар мемлекеттерiнiң құзыреттi органдары бiр-бiрiне хабарлайды.
                                17-бап




      1. Осы Келiсiм Уағдаласушы Тараптардың оның күшiне енуi үшiн қажеттi мемлекетiшiлiк рәсiмдердi орындағаны туралы дипломатиялық арналар арқылы жазбаша мәлiмдеме алынғаннан кейін 30 күннен соң күшіне енедi.
      2. Осы Келiсiм бес жылдық мерзiмге жасалады. Егер Уағдаласушы Тараптардың бiрi де оның қолданылу мерзiмi аяқталуынан кемiнде алты ай бұрын екiншi Уағдаласушы Тарапқа оның күшiн жою туралы өзiнiң тiлегiн жазбаша дипломатиялық арналар арқылы хабарламаса, оның күш мерзiмi кейiнгi

бес жылдық кезеңдерге өзiнен өзi жалғастырылады.
     Астана қаласында 1999 жылғы 15 шiлдеде екi түпнұсқа дана болып қазақ, 
молдаван және орыс тiлдерiнде жасалды және де барлық мәтiндердiң күшi 
бiрдей.
     Осы Келiсiмдi түсiндiру мен қолдану кезiнде келiспеушiлiктер 
туындаған жағдайда, орыс тiлiндегi мәтiн пайдаланылады.

     Қазақстан Республикасының              Молдова Республикасының
          Үкiметi үшiн                             Үкiметi үшiн


               Қазақстан Республикасының Yкiметi мен Молдова
        Республикасы Yкiметiнiң арасындағы Халықаралық автомобиль
           тасымалдары туралы келiсімдi қолдану ережелерi туралы
                            АТҚАРУ ХАТТАМАСЫ



      Қазақстан Республикасының Көлiк, коммуникациялар және туризм министрлiгi мен Молдова Республикасының Көлiк және байланыс министрлiгi __________ қаласында 1999 жылдың "___" _____________ жасалған Қазақстан Республикасының Yкiметi мен Молдова Республикасы Yкiметiнiң арасындағы Халықаралық автомобиль тасымалдары туралы келiсiмдi қолдану ережелерiн анықтау мақсатында төмендегiлер туралы уағдаласты:
      1. Аталған Келiсiм мағынасында Уағдаласушы Тараптардың құзыреттi органдары деп төмендегiлердi түсiну керек:
      Қазақстан тарапынан:
      а) 3, 4, 5, 6, 7, 9, 13 және 15 баптар бойынша - Қазақстан Республикасының Көлiк, коммуникациялар және туризм министрлiгi, 473000, Астана қаласы, Абай даңғылы, 49, тел. (3172) 326277, факс (3172) 321058
      б) 10-баптың 2-тармағы бойынша - Қазақстан Республикасы Көлiк, коммуникациялар және туризм министрлiгiнiң Көлiктiк бақылау комитетi, 473000, Астана қаласы, Абай даңғылы, 49, тел. (3172) 33 83 77, факс (3172) 26 34 85 және Қазақстан Республикасының Табиғи ресурстар және қоршаған ортаны қорғау министрлiгi, 475000, Көкшетау қаласы, К. Маркс көшесi, 81, тел. (31622) 54291, факс (31.622) 50620.
      Молдова тарапынан:
      а) 3, 4, 5, 6, 7, 9, 13 және 15-баптар бойынша - Молдова Республикасының Көлiк және байланыс министрлiгi, МD-2012, Кишинэу қаласы, Стефан Чел Маре алаңы, 134, тел. (+0422) 221001, 547772, факс 241553, 546564
      б) 10-баптың 2-тармағы бойынша - Автокөлiк жөнiндегi инспекторат, Кишинэу қаласы, Василе Александри көшесi, 119, тел, (+0422) 222683, факс 220657.
      2. Осы Келiсiмдi орындау үшiн Уағдаласушы Тараптардың құзыреттi органдары белгiленген тәртiппен жолаушыларды маятниктiк немесе тұрақты тасымалдауды жүзеге асыруға, көрсетiлген бағыттар бойынша тасымалдар келiсiлгенiн растайтын құжат бередi.
      3. Автокөлiк құралдарының жүруiне немесе жүк тасымалдауына:
      а) екi Уағдаласушы Тараптың мемлекетiнiң аумағы арқылы жүрiп өтуге арналған рұқсат;
      б) Уағдаласушы Тараптардың мемлекеттерiнiң бiрiнiң елiнiң аумағынан үшiншi елге немесе үшiншi елден Уағдаласушы Тараптар мемлекеттерiнiң бiрiнiң елiнiң аумағына тасымалдарды жүзеге асыруға арналған рұқсат;
      в) Уағдаласушы Тараптар мемлекеттерiнің аумағы арқылы ауыр салмақты және iрi көлемдi көлiк құралдарының жүрiп өтуiне арналған арнайы рұқсат;
      г) Уағдаласушы Тараптар мемлекеттерiнiң аумақтары арқылы қауiптi жүктердi тасымалдауға арналған арнайы рұқсат берiледi.
      4. Рұқсат бланкiлерi:
      Қазақстан тарапынан: қазақ, орыс және ағылшын тiлдерiнде;
      Молдавия тарапынан: молдаван, орыс және ағылшын тiлдерiнде жасалады.
      Рұқсаттарды ресiмдеу рәсiмдерiн оңайлату және олардың орындалуына бақылауды жүзеге асыру мақсатында көрсетiлген рұқсаттарды қазақ, молдаван немесе орыс тілдерiнде толтыру келiсiлдi.
      Тиiстi күнтiзбелiк жылда күшi бар рұқсат бланкiлерiнiң бiр жылға жасалған реттiк нөмiрлерi, сондай-ақ Уағдаласушы Тараптардың құзыреттi органдарының тиiстi қолдары мен мөрлерi болуы тиiс.
      5. Қазақстан Республикасы тарапынан рұқсат бланкiлерiн Қазақстан Республикасы Көлiк, коммуникациялар және туризм министрлiгiнiң Көлiктiк бақылау комитетi куәландыратын болады.
      6. Молдова Республикасы тарапынан рұқсат бланкiлерін Молдова Республикасының Көлiк және байланыс министрлiгi куәландыратын болады.
      7. Уағдаласушы Тараптардың Бiрлескен Комиссиясы немесе құзыреттi органдары келесi жылға рұқсат бланкiлерiнiң қажеттi санын анықтайды, оларды өзара алмастыруды күнтiзбелiк жылдың 30 қарашасына дейiн жүргiзедi. Ағымдағы жылға берiлген рұқсат бланкілерi келесi жылдың 31 қаңтарына дейiн (қоса) пайдаланылады.
      8. 3-баптың 3 және 4-тармақтарында және 8-бапта көрсетiлгеннен басқа жағдайларда бiр мемлекеттiң автокөлiк құралдарының екiншi мемлекеттiң аумағына кiруге рұқсаты болмаса, жiберiлмейдi.
      9. Рұқсат бланкiлерiмен алмасқан кезде Уағдаласушы Тараптардың құзыреттi органдары осы Келiсiмнiң баптарының 3 орындалу барысы, халықаралық автомобиль тасымалдарына, салық және кеден алымдарына байланысты өз мемлекетiнiң заңдарына енгiзiлген өзгерiстер, өткен жылдағы тасымалдау жағдайы, шекаралық өткелдердiң жұмыс тәртiбi, рұқсат бланкiлерiн пайдалану және тасымалдарды жетiлдiруге бағытталған басқа да мәселелер туралы бiрiн-бiрi бiр мезгiлде хабардар етiп отырады.

     Осы Атқару Хаттамасы екi түпнұсқа дана болып, әрқайсысы қазақ, 
молдаван және орыс тiлдерiнде жасалған және де барлық мәтiндерi бiрдей 
болып табылады.
     Осы Атқару Хаттамасын түсiндiру бойынша келiспеушіліктер туындаған 
жағдайда, орыс тiлiндегi мәтiндi басшылыққа алу келiсiлдi.
     Астана қаласында 1999 жылғы 15 шiлдеде жасалды.

     Қазақстан Республикасы Көлiк,       Молдова Республикасы Көлiк және
     коммуникациялар және туризм          байланыс министрлiгiнің атынан
        министрлігінің атынан 
     
     Мамандар:
       Қасымбеков Б.А. 
       Багарова Ж.А. 
     
      
      


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады