Қазақстан Республикасының кейбір заң актілеріне сот сараптамасын жүргізу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасының Заңы 2001 жылғы 6 қараша N 251-II

      Қазақстан Республикасының мына заң актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
      1. "Сот сараптамасы туралы" 1997 жылғы 12 қарашадағы Z970188_ Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1997 ж., N 21, 276-құжат; 2000 ж., N 6, 141-құжат):
      10-бапта:
      мынадай мазмұндағы 1-1-тармақпен толықтырылсын:
      "1-1. Бір жолғы тәртіппен сараптама жүргізу:
      1) сараптама түрлерінің заңдарда белгіленген тізбесінде көзделмеген сараптама тағайындалған;
      2) осы заңның 27-бабына сәйкес шет мемлекеттің сот сараптамасы саласындағы маман сарапшы ретінде тартылған;
      3) сот сараптамасы органдарының қызметкерлері болып табылатын, сондай-ақ лицензия негізінде сот-сараптама қызметін жүзеге асыратын тиісті мамандықтағы барлық сарапшыларға қарсылық қанағаттандырылған не осы адамдар және тұтас алғанда тиісті сот сараптамасы органы сараптама жүргізуден дәлелді себептермен шеттетілген жағдайларда тапсырылуы мүмкін.";

     4-тармақтағы "Қазақстан Республикасының заңдарымен" деген сөздер "осы 
Заңмен" деген сөздермен ауыстырылсын. 
     2. 1997 жылғы 13 желтоқсандағы  

Z970206_

  Қазақстан Республикасының 
Қылмыстық іс жүргізу кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің 
Жаршысы, 1997 ж., N 23, 335-құжат; 1998 ж., N 23, 416-құжат; 2000 ж., N 
3-4, 66-құжат; N 6, 141-құжат; 2001 ж., N 8, 53-құжат; N 15-16, 239-құжат; 
N 17-18, 245-құжат): 
     1) 83-баптың бірінші бөлігіндегі "Қазақстан Республикасы заңдарымен" 
деген сөздер "осы Кодекстің 243-бабының бірінші бөлігімен" деген сөздермен 
ауыстырылсын; 
     2) 243-баптың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын: 
     "Сот сараптамасын жүргізу: 
     1) сот сараптамасы органдарының қызметкерлеріне; 
     2) лицензия негізінде сот-сараптама қызметін жүзеге асыратын 
адамдарға; 
     3) заң талаптарына сәйкес бір жолғы тәртіппен өзге де адамдарға 
тапсырылуы мүмкін.". 
     3. 1999 жылғы 13 шілдедегі  

K990411_

  Қазақстан Республикасының 
Азаматтық іс жүргізу кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің 
Жаршысы, 1999 ж., N 18, 644-құжат; 2000 ж., N 3-4, 66-құжат; N 10, 
244-құжат; 2001 ж., N 8, 52-құжат; N 15-16, 239-құжат): 
     91-бапта: 
     төртінші бөліктегі екінші сөйлем мынадай редакцияда жазылсын: 
     "Сот сараптамасын жүргізу: 
     1) сот сараптамасы органдарының қызметкерлеріне; 
     2) лицензия негізінде сот-сараптама қызметін жүзеге асыратын 
адамдарға; 
     3) заң талаптарына сәйкес бір жолғы тәртіппен өзге де адамдарға 
тапсырылуы мүмкін."; 
     алтыншы бөліктегі бірінші сөйлем алып тасталсын. 
     4. 2001 жылғы 30 қаңтардағы  

K010155_

  Қазақстан Республикасының 
Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне (Қазақстан Республикасы 
Парламентінің Жаршысы, 2001 ж., N 5-6, 24-құжат; N 17-18, 241-құжат): 
     597-баптың бірінші бөлігіндегі екінші сөйлем мынадай редакцияда 
жазылсын: 
     "Сот сараптамасын жүргізу: 
     1) сот сараптамасы органдарының қызметкерлеріне; 
     2) лицензия негізінде сот-сараптама қызметін жүзеге асыратын 
адамдарға; 
     3) заң талаптарына сәйкес бір жолғы тәртіппен өзге де адамдарға 
тапсырылуы мүмкін.". 
     
     Қазақстан Республикасының 
             Президенті 
     
     Мамандар:
       Қасымбеков Б.А. 
       Багарова Ж.А. 
     
      
      


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады