"Мемлекеттік және мемлекет кепілдік берген қарыз алу мен борыш туралы" Қазақстан Республикасының Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасының Заңы 2001 жылғы 6 қараша N 252-II

      "Мемлекеттiк және мемлекет кепiлдiк берген қарыз алу мен борыш туралы" 1999 жылғы 2 тамыздағы Z990464_ Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1999 ж., N 21, 784-құжат) мынадай өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлсiн:
      1) 1-бапта:
      11) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      "11) мемлекеттiк борыш - белгiлi бiр күнге үкiметтiк борыштың, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкi мен жергiлiктi атқарушы органдар борышының сомасы;";
      16) тармақшадағы ", мемлекеттiк борыштың құрамдас бөлiгi" деген сөздер алып тасталып, "мемлекеттiк заемдардың" деген сөздерден кейiн ", сондай-ақ заң актiлерiмен белгілi бiр күнге Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң борышына жатқызылған борыштық мiндеттемелердің" деген сөздермен толықтырылсын;
      21) тармақшада "жылға арналған жергiлiктi бюджетте белгiленген" деген сөздер "қаржы жылында" деген сөздермен ауыстырылсын;
      мынадай мазмұндағы 32-1) тармақшамен толықтырылсын:
      "32-1) заем құрылымын өзгерту - тараптардың келiсiмiмен өздерiнiң заем туралы шарт (келiсiм) бойынша мiндеттемелердi орындау мерзiмдерiн, қаржылық және өзге де талаптарын өзгертуi;";
      2) 4-бапта:
      2-тармақтың 3) тармақшасындағы "олардың мемлекеттiк эмиссиялық бағалы қағаздар шығару" деген сөздер "олардың мемлекеттiк эмиссиялық бағалы қағаздардың әрбiр түрi бойынша жеке мемлекеттiк эмиссиялық бағалы қағаздар шығару, орналастыру, оларға қызмет көрсету және өтеу" деген сөздермен ауыстырылсын;
      3-тармақтың 5) тармақшасындағы "қызмет көрсетедi," деген сөздерден кейiн "ұйымдастырылған бағалы қағаздар рыногында олар эмиссиялаған мемлекеттiк эмиссиялық бағалы қағаздарды сатып алу мен сатуды," деген сөздермен толықтырылсын;
      4-тармақтың 4) тармақшасы ", ұйымдастырылған бағалы қағаздар рыногында олар эмиссиялаған мемлекеттiк эмиссиялық бағалы қағаздарды сатып алу мен сатуды және үкiметтiк борышты басқаруды жүзеге асырады" деген сөздермен толықтырылсын;
      6-тармақтың 4) тармақшасы ", ұйымдастырылған бағалы қағаздар рыногында олар эмиссиялаған мемлекеттiк эмиссиялық бағалы қағаздарды сатып алу мен сатуды жүзеге асырады" деген сөздермен толықтырылсын;
      3) 6-баптың төртiншi бөлiгiндегi "аймақтық" деген сөз алып тасталсын, "мақсатында" деген сөзден кейiн ", сондай-ақ бюджет заңдарында көзделген басқа да мақсаттарда" деген сөздермен толықтырылсын;
      4) 8-бапта:
      3-тармақта:
      бiрiншi бөлiкте "нақты" деген сөз алып тасталсын, "Жергiлiктi атқарушы органның" деген сөздерден кейiн "заем туралы шарт (келiсiм) жасасу нысанында" деген сөздермен толықтырылсын;
      екiншi бөлiкте ", мемлекеттiк бағалы қағаздар эмиссиясын дайындауды және жүргiзудi" деген сөздер алып тасталып, "шарттардың (келiсiмдердiң)" деген сөздердің алдынан "заем туралы" деген сөздермен толықтырылсын;
      мынадай мазмұндағы үшiншi бөлiкпен толықтырылсын:
      "Жергiлiктi атқарушы органның мемлекеттiк эмиссиялық бағалы қағаздар эмиссиясы нысанында заемды тартуы Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлеген тәртіппен мемлекеттiк бағалы қағаздардың әрбiр эмиссиясының мерзiмдерiн, қаржылық және өзге де шарттарын Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгiмен мiндеттi түрде келiсу арқылы жүргiзiледi.";
      5) 10-бапта:
      1-тармақтағы "жабуға" деген сөз "қаржыландыруға" деген сөзбен ауыстырылсын;
      3-тармақтың бiрiншi бөлiгiндегi "аймақтық" деген сөз алып тасталып, "қаржыландыруға" деген сөзден кейiн ", сондай-ақ бюджет заңдарында көзделген басқа да мақсаттарға" деген сөздермен толықтырылсын;
      6) 11-бапта:
      тақырыбы ", ұйымдастырылған бағалы қағаздар рыногында мемлекеттiк эмиссиялық бағалы қағаздарды сатып алу" деген сөздермен толықтырылсын;
      1-тармақтағы "қызмет көрсетуді" деген сөздерден кейін ", ұйымдастырылған бағалы қағаздар рыногында Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi эмиссиялаған мемлекеттiк эмиссиялық бағалы қағаздарды сатып алуды" деген сөздермен толықтырылсын;
      2-тармақтағы "қызмет көрсетудi" деген сөздерден кейiн ", ұйымдастырылған бағалы қағаздар рыногында олар эмиссиялаған мемлекеттiк эмиссиялық бағалы қағаздарды сатып алуды" деген сөздермен толықтырылсын;
      3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "3. Қазақстан Республикасы жергiлiктi атқарушы органдарының мемлекеттiк борышын өтеудi және оған қызмет көрсетудi, ұйымдастырылған бағалы қағаздар рыногында олар эмиссияланған мемлекеттiк эмиссиялық бағалы қағаздарды сатып алуды олар тиiстi жылға арналған жергiлiктi бюджетте көзделген қаражат есебiнен Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң келiсiмi бойынша жергiлiктi атқарушы орган тартқан екiншi деңгейдегi банктер арқылы жүзеге асырады.";
      7) 13-баптың 4-тармағының бiрiншi бөлiгi "негiзгi сомасы" деген сөздерден кейiн "кредиторларға" деген сөздермен толықтырылсын;
      8) 14-бапта:
      1) тармақшаның бiрiншi бөлiгiндегi "атқарушы органдардың" деген сөздер "атқарушы органдар" деген сөздермен ауыстырылып, одан кейiнгi "қарыз алуы мен" деген сөздер алып тасталсын;
      2) тармақшадағы "атқарушы органдардың" деген сөздерден кейiнгi "қарыз алуы мен" деген сөздер алып тасталсын;
      5) тармақша "мемлекеттiк борыштың" деген сөздердiң алдынан "мемлекеттiк бағалы қағаздар жөнiндегi, ұйымдастырылған бағалы қағаздар рыногында эмитенттің мемлекеттiк эмиссиялық бағалы қағаздарды сатып алу және сату жөнiндегi" деген сөздермен толықтырылсын;
      9) 15-баптың 1-тармағының екiншi бөлiгi "Мемлекеттiк мекемелердiң" деген сөздерден кейiн "және қазыналық кәсiпорындардың" деген сөздермен толықтырылсын;
      10) 20-баптың 1-тармағының 5) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      "жобаның жалпы құнын жаппайтын заем тартылған жағдайда, ұсынылып отырған инвестициялық жобаны қосымша қаржыландыру жөнiндегi мiндеттеменi қамтамасыз етуi тиiс.";
      11) мынадай мазмұндағы 25-1-баппен толықтырылсын:
      "25-1-бап. Мемлекет кепілдiк берген заемдар құрылымын өзгерту
      Мемлекет кепілдiк берген заем құрылымын өзгерту кредиторлардың және заемшының келiсiмi бойынша Қазақстан Республикасының Yкiметi шешiм қабылдаған жағдайда жүзеге асырылады.
      Мемлекет кепiлдiк берген заем құрылымын өзгерту кезiнде кредиторлардың талап етуi бойынша бұрын берiлген мемлекеттiк кепілдiктi Қазақстан Республикасының Үкiметi растауы немесе ауыстыруы мүмкiн.
      Бұл ретте кепiлдiк берiлетiн заем сомасы бұрын берiлген мемлекеттiк кепiлдiк бойынша заемның сомасынан аспауға тиiс. Жаңадан берiлген мемлекеттiк кепiлдiкке осы Заңның 18-бабының бiрiншi бөлiгiнде белгiленген шектеулер қолданылмайды.".
      12) 26-баптың 3) тармақшасындағы "жағдайларда" деген сөзден кейiн

нүктелi үтiр қойылсын, "қолданылуын тоқтатады" деген сөздер алып тасталып, 
мынадай мазмұндағы 4) тармақшамен толықтырылсын:
     "4) ол мемлекет кепiлдiк берген заем құрылымын өзгерту кезiнде 
жаңасымен ауыстырылса, қолданылуын тоқтатады.".

     Қазақстан Республикасының
             Президентi 
     
     
      
      


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады