Белгілерді тіркеу үшін тауарлар мен қызметтердің халықаралық жіктемесі туралы Ницца келісіміне Қазақстан Республикасының қосылуы туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасының Заңы 2001 жылғы 16 қараша N 258-ІІ

      Ниццада 1957 жылғы 15 маусымда жасалған Белгілерді тіркеу үшін тауарлар мен қызметтердің халықаралық жіктемесі туралы Ницца келісіміне Қазақстан Республикасы қосылсын.

      Қазақстан Республикасының
      Президенті

ТАУАР ТАҢБАЛАРЫ ЖӨНІНДЕГІ
ЗАҢДАР ТУРАЛЫ ШАРТ

(2002 жылғы 24 сәуірде күшіне енді - ҚР СІМ-нің ресми сайты)

1-бап Қысқартылған сөйлемшелер

      Осы Шарттың мақсаты үшiн және арнайы ескертпелер болмаған кезде:
      (i) "ведомство" Уағдаласушы тарап таңбалар тiркеудi тапсырған агенттiктi бiлдiредi;
      (ii) "тiркеу" ведомствоның таңбаны тiркегенiн бiлдiредi;
      (iii) "өтiнiм" тiркеуге берiлген өтiнiмдi бiлдiредi;
      (iv) "тұлғаға" сілтемелер жеке және/немесе заңды тұлғаға жасалатын сiлтемелердi бiлдiредi;
      (v) "иеленушi" таңбалар тiзiлiмiнде тiркеу иеленушiсi ретiнде көрсетiлген тұлғаны бiлдiредi;
      (vi) "таңбалар тiзiлiмi" ведомство қалыптастыратын деректердiң жиынтығын бiлдiредi. Тiзiлiм, олар сақталатын көздерге қарамастан тiркеулерге қатысты енгiзiлген барлық деректер мен барлық тiркеулердiң мазмұнын қамтиды;
      (vii) "Париж конвенциясы" 1883 жылғы 20 наурызда Парижде қайта қараулар мен түзетулер ескерiле отырып қол қойылған, Өнеркәсiп меншiгiн қорғау жөнiндегi Париж конвенциясын бiлдiредi;
      (viii) "Ницца жiктемесi" Ницца келiсiмi құрған 1957 жылғы 15 маусымда Ниццада қайта қараулар мен түзетулер ескерiле отырып қол қойылған, Таңбаларды тiркеу мақсаттары үшiн тауарлар мен қызметтердiң халықаралық жiктемесi туралы жiктеменi бiлдiредi;
      (iх) "Уағдаласушы тарап" осы Шарттың қатысушысы - кез келген мемлекеттi немесе үкiметаралық ұйымды бiлдiредi;
      (х) "бекiту грамотасына" жасалған сiлтемелер құжаттың қабылданғаны және мақұлданғаны туралы сiлтеменi бiлдiредi;
      (хi) "Ұйым" Дүниежүзiлiк санаткерлiк меншiк ұйымын бiлдiредi;
      (хii) "Бас директор" Ұйымның Бас директорын бiлдiредi;
      (хiii) "Нұсқаулық" 17-бапта аталған осы Шартқа арналған Нұсқаулықты бiлдiредi.

2-бап Шарт қолданылатын таңбалар

      (1) [Таңбаларсипаты] (а) Осы Шарт Уағдаласушы тараптардың iшiнен көлемдi таңбаларды тiркеуге қабылдайтын, осы Шарттың күшiн мұндай таңбаларға қолдануға мiндеттi болатын жағдайда ғана көрнекi белгiлеулерден тұратын таңбаларға қолданылады.
      b) Осы Шарт жалаңграфикалық таңбаларға және көрнекi белгiлеулерден тұратын таңбаларға, атап айтқанда, дыбыстық және иiс таңбаларына қолданылмайды.
      2) [Таңбалардыңтүрлерi] (а) Осы Шарт тауарларға/тауарлық таңбалар /немесе қызметтерге/қызмет көрсету таңбалары/немесе тауарлар мен қызметтерге жататын таңбаларға қолданылады.
      (b) Осы Шарт, ұжымдық, сертификаттық және кепiлдiк таңбаларға қолданылмайды.

3-бап Өтiнiм

      (1) [Өтiнiмдегi немесе онымен қоса жүретiн нұсқаулар мен элементтер. Баж] (а) Кез келген Уағдаласушы тарап өтiнiмде мынадай нұсқаулар мен элементтердiң бәрiнiң немесе кейбiреулерiнiң болуын талап ете алады:
      (I) тiркеу туралы өтiнiш;
      (II) өтiнiм берушiнiң аты-жөнi және мекен-жайы;
      (III) егер ол қандай да бiр елдiң азаматы болса, өтiнiм иесi азаматы болып табылатын мемлекеттiң атауы; онда оның, болса тұрғылықты жерi бар мемлекеттiң атауы; өтiнiм иесiнiң, болса шын мәнiсiндегi және жалған емес өнеркәсiптiк немесе сауда кәсiпорны бар аумақтағы мемлекеттiң атауы;
      (IV) заңды тұлғаның ұйымдық-құқықтық сипаты және мемлекеттiң, ал қажет кезiнде, егер өтiнiм берушi заңды тұлға болып табылса, заңдарына сәйкес аталған тұлға құрылған мұндай мемлекеттiң құрамындағы аумақтық бiрлiктiң атауы;
      (V) егер өтiнiм берушiде болса, сенiм бiлдiрген адамның аты және мекен-жайы;
      (VI) егер 4(2)(b) бапқа сәйкес қажеттiлiгi болса, iскерлiк хат жазысудың мекен-жайы;
      (VII) егер өтiнiм берушi мұндай басымдық құқығын пайдаланып қалғысы келсе, Париж конвенциясының 4-бабына сәйкес қажет етiлуi мүмкiн басымдық туралы мұндай өтiнiштi қолдау нұсқауларымен және дәлелдемелерiмен бiрге бұрын берiлген өтiнiмнiң басымдығын сұрайтын өтінім;
      (VIII) егер өтiнiм берушi мұндай күзеттiң артықшылығын пайдаланып қалғысы келсе, Уағдаласушы тараптың заңдарына сәйкес қажет етiлетiн мұндай өтiнiштi қолдау нұсқауларымен бiрге, тауарларды және/немесе қызметтердi экспонаттау нәтижесiнен туындайтын қорғауды сұрайтын өтiнiм;
      (IX) егер Уағдаласушы тараптың ведомствосы стандартты рәмiздердi пайдаланатын болса, егер өтiнiм берушi таңбалардың мұндай рәмiздердi пайдалана отырып тiркелгенiн және жарияланғанын қаласа, - стандартты рәмiздердi (әрiптер мен сандарды) пайдалану туралы өтiнiм;
      (X) егер өтiнiм берушi мұндай қорғауды сұрауды қаласа, таңбаның ерекшелiк элементi ретiндегi түсiн, сондай-ақ қорғауы сұралатын түстiң немесе түстердiң атауын қорғауды сұрау туралы өтiнiш және түстердiң әрқайсысына байланысты, осы түсте орындалған таңбаның негiзгi бөлiктерiне нұсқау;
      (XI) егер таңба көлемдi болып табылса, өтiнiшi;
      (XII) таңбаның бiр немесе бiрнеше бейнесi;
      (XIII) таңбаның немесе оның белгiлi бiр бөлiктерiнiң транслитерациясы;
      (XIV) белгiнiң не оның белгiлi бiр бөлiктерiнiң аударылуы;
      (XV) Ницца жiктемесiнiң сыныптары бойынша топтастырылған таңбаның тiркелуi сұралатын тауарлардың және/немесе қызметтердiң атаулары, бұл ретте әр топтың алдында көрсетiлген Жiктеме тәртiбiмен ұсынылған тауарлардың немесе қызметтердiң сол тобы жататын осы Жiктеме сыныбының нөмiрi келуi тиiс;
      (XVI) (4) тармақта көрсетiлген тұлғаның қолы;
      (XVII) Уағдаласушы тараптардың заң талаптарына сәйкес таңбаны пайдалану ниетi туралы өтiнiш.
      (b) (а)(XVII) тармақшасында аталған таңбаны пайдалану ниетi туралы өтiнiштiң орнына немесе оған қосымша, өтiнiм берушi таңбаны нақты пайдалану туралы өтiнiш бере алады және Уағдаласушы тараптардың заң талаптарына сәйкес оның дәлелдемелерiн ұсына алады.
      (с) Кез келген Уағдаласушы тарап, оның ведомствосына берiлген өтiнiмге байланысты баж төленуiн талап ете алады.
      (2) [Өтiнiмдiұсыну] Өтiнiмдi ұсыну талабына қатысты бiрде-бiр Уағдаласушы тарап:
      (I) егер (3) тармақ ескерiле отырып, оны Нұсқаулықта көзделген өтiнiм Бланкiсiне сәйкес келетiн бланкiде ұсынылған жағдайда, ол қағазда жазбаша түрде ұсынылса;
      (II) егер Уағдаласушы тарап өзiнiң ведомствосына телефакс арқылы хабарлама беруге рұқсат берсе және өтiнiм (3) тармақ ескерiле отырып, осындай берудiң нәтижесiнде алынған қағаз көшiрмесi (I) тармақшада аталған өтiнiм Бланкісiне сәйкес келген жағдайда берілген болса, өтiнiмдi қабылдамауына болмайды.
      3. [Тiлi] Кез келген Уағдаласушы тарап өтiнiмдi оның ведомствосы қабылдаған тiлде немесе тiлдердiң бiрiнде жасалуын талап ете алады. Егер оның ведомствосында бiрнеше тiл қабылданған болса, осы ведомство қоятын басқа да тiлдiк талаптардың орындалуын өтiнiм берушiден талап ете алады, бұл ретте өтiнiмнiң бiреуден көп тiлде жасалуын талап ете алмайды.
      (4) [Қолы] (а) (1)(а)(XVI) тармақта аталған қол қою өтiнiм берушiнiң немесе оның сенiм бiлдiрген адамының қолы болуы мүмкiн.
      (b) Кез келген Уағдаласушы тарап (а) тармақшасын ескермей-ақ (1)(а)(хvіі) және (b) тармақтарында аталған өтiнiшке, егер тiптi оның сенiм бiлдiрген адамы болған жағдайда да, өтiнiм берушiнiң өзiнiң қолы қойылуын талап ете алады.
      (5) [Бiрнеше сыныптарға жататын тауарлар және/немесе қызметтер үшiн бiр өтiнiм] Дәл сол бiр өтiнiм бiрнеше тауарларға және/немесе қызметтерге, олардың Ницца жiктемесiнiң бiр немесе бiрнеше сыныптарына жататынына қарамастан, қатысты бола алады.
      (6) [Нақтыпайдалану] Егер таңбаны пайдалану ниетi жөнiндегi өтiнiш (1)(а)(хvіі) тармағына сәйкес берiлген болса, кез келген Уағдаласушы тарап ұлттық заңдарда белгiленген мерзiмде және Нұсқаулықта жазылған ең аз мерзiмдi ескере отырып, өтiнiм берушiнiң көрсетiлген заң талаптарына сәйкес оның ведомствосына таңбаның нақты пайдаланылуына дәлелдер ұсынуын талап ете алады.
      (7) [Басқашарттардыңорындалуынталапетугетыйымсалу] Бiрде бiр Уағдаласушы тарап өтiнiмге қатысты (1)-(4) және (6) тармақтарда көрсетiлген айырымдық шарттардың орындалуын талап ете алмайды. Атап айтқанда, өтiнiмге қатысты оны қараудың барлық кезеңi бойына мынадай шарттардың орындалуын талап ете алмайды:
      (I) сауда тiзiлiмiнен кез келген үзiндi немесе куәлiктi берудi;
      (II) өтiнiм берушіге өнеркәсiптiк немесе сауда қызметiн жүзеге асырады деген нұсқауды, сондай-ақ тиiстi дәлелдердi берудi;
      (III) өтiнiм берушiнiң өтiнiмде тiзбеленген тауарлар мен қызметтерге сай қызметтi жүзеге асырады деген нұсқауды, сондай-ақ тиiстi дәлелдердi берудi;
      (IV) таңбаның, Париж конвенциясының guinguies 6-бабын қолдануды өтiнiм берушi сұрайтын жағдайларды қоспағанда, басқа Уағдаласушы тараптың немесе Уағдаласушы тарап болып табылмайтын Париж конвенциясына қатысушы- мемлекеттiң тiзiлiмiнде тiркелдi деген дәлелдердi берудi.
      (8) [Дәлелдер] Кез келген Уағдаласушы тарап өтiнiм бойынша сараптама жүргiзу кезiнде, егер ведомствода өтiнiм iшiндегi кез келген нұсқаудың немесе элементтiң дұрыстығына қатысты негiзделген күдiк туатын болса, оның ведомствосына дәлелдер ұсынуды талап ете алады.

4-бап Өкiлдiк Iскерлiк хат жазысу мекен-жайы

      (1) [Практикағажiберiлген,сенiмбiлдiрiлгенадам] Кез келген Уағдаласушы тарап оның ведомствосы қолданатын кез келген рәсiм мақсаттары үшiн сенiм бiлдiрiлушi ретiнде тағайындалған адамның осы ведомство алдында сенiм бiлдiрген, практикаға жiберiлген адамы болуын талап ете алады.
      (2) [Мiндеттiөкiлдiк.Iскерлiкхатжазысумекен-жайы]
      (а) Кез келген Уағдаласушы тарап өзiнiң аумағындағы нақты және жалған емес өнеркәсiп немесе сауда кәсiпорны жоқ және онда тұрмайтын тұлғаның, өз ведомствосы қолданатын кез келген рәсім мақсаттары үшін сенiм бiлдiрген адамы болып ұсынылуын талап ете алады.
      (b) (а) тармақшасының мағынасында өкiлдiктi талап етпейтiн кез келген Уағдаласушы тарап, оның ведомствосы қолданатын кез келген рәсiм мақсаттары үшiн өзінің аумағындағы нақты және жалған емес өнеркәсiп және сауда кәсiпорны жоқ және онда тұрмайтын тұлғадан осы аумақта iскерлiк хат жазысу мекен-жайының болуын талап ете алады.
      (3) [Сенiмхат] (а) Уағдаласушы тарап өтiнiм берушiнiң, иеленушiнiң немесе кез келген мүдделi тұлғаның өзiнiң ведомствосы алдында сенiм бiлдiрiлген адамы ұсынылуына рұқсат беретiн немесе талап ететiн жағдайларда, ол ондай сенiм білдiрген адамды өтiнiм иесiнiң, иеленушiнiң немесе басқа да тұлғаның аты және қолы бар бөлек хабарлама (бұдан әрi "сенiмхат") арқылы тағайындауды талап ете алады.
      (b) Сенiмхат онда көрсетiлген бiр немесе бiрнеше өтiнiмге және/немесе тiркеуге немесе сенiм бiлдiрiлген адамды тағайындайтын тұлға көрсеткен кез келген ерекшелiктер ескерiлiп, осы тұлғаның барлық қолда бар және болашақ өтiнiмдерiне және/немесе тiркеулерiне қатысты болуы мүмкiн.
      (с) Сенiмхат сенiм бiлдiрiлген адамның заңдық әрекеттерiн белгiлi бiр дәрежеде құқықтық жағынан шектейдi. Кез келген Уағдаласушы тарап сенiмхатта сенiм бiлдiрiлген адамның өтiнiмдi қабылдамай тастау мен немесе белгiнi тiркеуден бас тарту құқығына ие екендiгiне нақты ескертпе жасауды талап ете алады.
      (d) Егер хабарламаны ведомствоға, онда сенiм бiлдiрiлген адам ретiнде аталған тұлға табыс етсе, бiрақта ведомство мұндай хабарламаны қабылдау кезiнде қажеттi сенiмхат жоқ болып шықса, онда Уағдаласушы тарап мұндай сенiмхатты өзiнiң ведомствосына Уағдаласушы тараптар белгiлеген мерзiм iшiнде және Нұсқаулықта жазылған ең қысқа мерзiмдi ескерiп ұсынуды талап ете алады. Егер сенiмхат ведомствоға Уағдаласушы тараптар белгiлеген мерзiм iшiнде табыс етiлмесе, онда Уағдаласушы тарап аталған тұлғаның хабарламасының күшi жоқ деп есептеуi мүмкiн.
      (е) Сенiмхаттың ұсынылуы мен мазмұнына қатысты талаптарға қатысты Уағдаласушы тараптың бiрде бiреуi:
      (i) егер (4) тармақ ескерiлiп, ол Нұсқаулықта көзделген сенiмхаттың тиiстi Бланкiсiне сай бланкiде ұсынылған жағдайда ол қағазға түсiрiлген жазбаша түрде ұсынылса;
      (іі) егер (4) тармақ ескерiлiп, осындай ұсыну нәтижесiнде алынған қағаз көшiрмесi (i) тармақшасында аталған сенiмхаттың тиiстi Бланкiсiне сай бланкiде ұсынылған жағдайда Уағдаласушы тарап өзiнiң ведомствосына хабарламаны телефакс арқылы жiберуге рұқсат етсе және сенiмхат осылайша жiберiлсе, сенiмхаттың қолданылуын мойындамауына болмайды.
      (4) [Тiлi] Кез келген Уағдаласушы тарап өтiнiмдi оның ведомствосы қабылдаған тiлде немесе тiлдердiң бiрiнде жасалуын талап ете алады.
      (5) [Сенiмхатқасiлтеме] Кез келген Уағдаласушы тарап өзiнiң ведомствосына сенiм бiлдiрген адамның осы ведомство қолданатын рәсiм үшiн жасаған кез келген хабарламасында сенiм бiлдiрген адамның соның негiзiнде өз мiндетiн жүзеге асыратын сенiмхатына сiлтеме болуын талап ете алады.
      (6) [Басқашарттардыорындаудыталапетугетыйымсалу] Бiрде бiр Уағдаласушы тарап өтiнiмге қатысты (3)-(5) тармақтарда қаралатын мәселелерге қатысты осы тармақтарда қаралғаннан өзгеше шарттарды орындауды талап ете алмайды.
      (7) [Дәлелдер] Кез келген Уағдаласушы тарап, егер ведомствода (2)-(5) тармақтарда аталған, кез келген хабарлама болатын кез келген нұсқаудың дұрыстығына қатысты негiзделген күдiк туатын болса, оның ведомствосына дәлелдер ұсынуды талап ете алады.

5-бап Беру күнi

      (1) [Жолберiлерталаптар] (а) (b) тармақшасы мен (2) тармағын ескерiп, Уағдаласушы тарап, 3(3) бапта жазылған мынадай нұсқаулар мен элементтердi:
      (I) белгiнi тiркеу сұралатын тиiстi немесе жобалау нұсқауды;
      (II) өтiнiм берушiнi салыстыратын нұсқауларды;
      (III) пошта арқылы өтiнiм берушiмен немесе оның сенiм бiлдiрiлген тұлғасымен байланысты жолға қоюға қажеттi нұсқауларды;
      (IV) өтiнiмде сұралған белгi бейнесiн мейiлiнше анық бейнелеу, оны тiркеудi;
      (V) тiркеуi сұралатын тауарлардың және/немесе қызметтердiң тiзбесiн;
      (VI) Уағдаласушы тараптардың заң талаптарына сәйкес 3(i)(а)(XVII) бапта аталған өтiнiш немесе 3(1)(b) бапта аталған өтiнiш пен дәлелдемелердi өз ведомствосы алған күнiн өтiнiм беру күнi ретiнде белгiлейдi, бұл ретте егер оны аталған заңнама талап етсе, мұндай өтiнiштерге сенiм бiлдiрген адам болған жағдайда да, - 3(1)(а)(XVII) немесе (b) бабы қолданған жағдайда өтінім берушiнің өзi қол қояды.
      (b) Кез келген Уағдаласушы тарап өтiнiм беру күнi ретiнде оның ведомствосының (а) тармақшасында аталған нұсқаулар мен элементтердiң бәрiн емес, бiр бөлiгiн ғана алған, немесе 3(3) бапта көрсетiлген тiлден басқа тiлде алған күнiн белгiлейдi.
      (2) [Жолберiлерқосымшаталаптар] (а) Уағдаласушы тарап беру күнiн тағайындалған баж төленгенше белгiлемеуiн көздеуi мүмкiн.
      (b) Уағдаласушы тарап (а) тармақшасында аталған талапты, егер ол мұндай талапты осы Шартқа қосылу күнiне қолданған жағдайда ғана қолдана алады.
      (3) [Түзетулерменмерзiмдер] (1) және (2) тармақтарға сәйкестүзетулер енгiзу шарты мен мерзiмi Нұсқаулықта белгiленедi.
      (4) [Басқашарттарорындаудыталапетугетыйымсалу] Бiрде бiрУағдаласушы тарап беру күнiне қатысты (1) және (2) тармақтарда аталғаннан өзгеше шарттарды орындауды талап ете алмайды.

6-бап Бiрнеше сыныптарға қатысты тауарларды және/немесе
қызметтердi бiр тiркеу

      Егер Ницца топтастыруының бiрнеше тобына қатысты тауарлар мен/немесе қызметтер бiр және тап сол өтiнiмге енгiзiлсе, онда осы өтiнiм бойынша бiр тiркеу жүргiзiледi.

7-бап Өтiнiмдi бөлу және тiркеу

      (1) [Өтiнiмдiбөлу] (а), Бiрнеше тауарлар және/немесе қызметтер (бұдан әрi "бастапқы өтiнiм") қамтылған кез келген өтiнiмдi,
      (I) ең болмағанда таңбаны тiркеу туралы ведомство шешiм қабылдағанға дейiн;
      (II) ведомствоның таңбаны тiркеген шешiмiне қарсы қарсылық бiлдiрудi қарауға байланысты рәсiм кезiнде;
      (III) таңбаны тiркеу туралы шешiмге шағым беруге байланысты рәсiм кезiнде,
      бастапқы өтiнiмде тiзбеленген тауарлардың және/немесе қызметтердiң өтiнiмдерi арасында үлестiру арқылы өтiнiм берушi немесе оның өтiнiшi бойынша екi немесе бiрнеше өтiнiмге бөлуi мүмкiн (бұдан әрi "бөлiнген өтiнiмдер") жүзеге асады. Бөлiнген өтiнiмдерде бастапқы өтiнiмдегi беру күнi және бар болса, оның басымдығы сақталады.
      (b) (а) тармақшасын ескере отырып, кез келген Уағдаласушы тарап, өтiнiмдi бөлуге, оның iшiнде баж төлеуге қатысты талаптарды белгiлеуге ерiктi.
      (2) [Тiркеудiбөлу] тиiстi өзгертулердi ескерiле отырып, (1) тармақ тiркеудi бөлуге қатысты қолданылады. Мұндай бөлу:
      (I) үшiншi тұлғаның тiркеудi жарамсыз деп таныған талабына байланысты ведомство алдындағы рәсiм кезiнде;
      (II) ведомствоның мұның алдындағы рәсiм кезiнде қабылдаған шешiмiне шағым беруге байланысты рәсiм кезiнде,
      Уағдаласушы тарап, егер оның заңнамасы үшiншi тұлғаға таңбаны, оның нақты тiркелгенiне дейiн тiркеуге қарсы қарсылық білдiруге рұқсат ететiн болса, тiркеудi бөлу мүмкiндiгiн көздемеген кездегi жағдайда рұқсат етiледi.

8-бап Қол қою

      (1) [Қағазғатүсiрiлгенхабарлама] Егер Уағдаласушы тараптың ведомствосына жiберiлген хабарлама қағазға түсiрiлiп ұсынылса және қол қою талап етiлсе, Уағдаласушы тарап:
      (I) (III) тармақшасын ескере отырып, өз қолымен қол қояды;
      (II) өз қолымен қол қою орнына қол қоюдың басқа түрлерiн, атап айтқанда, қол қойылған белгi немесе штемпель, не мөр пайдалануға рұқсат етуге ерiктi;
      (III) егер хабарламаға қол қоятын жеке тұлға Уағдаласушы тараптың азаматы болып табылса, және ондай тұлғаның мекен-жайы соның аумағында болса, оның өз қолымен қол қою орнына мөр қолдануын талап ете алады;
      (IV) егер жеке тұлғаның мөрi пайдаланатын болса, мөрде ондай тұлғаның әрiппен көрсетiлген атының қоса жазылуын талап ете алады.
      (2) [Телефакспенберiлетiнхабарлама] Егер Уағдаласушы тарап хабарламаны өз ведомствосына телефакс арқылы жiберуге рұқсат етсе, егер телефакспен алынған басылымда қолдың бейнесi немесе, (1)(IV) тармаққа сәйкес қажет болғанда мөрi қолданатын жеке тұлғаның атының әрiппен көрсетiлген мөрiнiң бейнесi болса, ол хабарламаға қол қойылған деп есептеледi.
      (b) (а) тармақшасында аталған Уағдаласушы тарап, бейнесi телефакспен берiлген құжаттың оның ведомствосына Нұсқаулықта жазылған ең қысқа мерзiм ескерiлiп, белгілі бiр мерзiм iшiнде жеткiзiлуiн талап ете алады.
      (3) [Электрондықбайланысқұралыменхабарлау] Егер Уағдаласушы тарап оның ведомствосына хабарламаны электрондық байланыс құралы арқылы беруге рұқсат етсе, егер Уағдаласушы тараптың белгiлегенiндей, онда хабарламаны электрондық байланыс құралымен жолдаған жiберушi көрсетiлген болса, мұндай хабарламаға қол қойылған деп есептелiнедi.
      (4) [Куәлiктiталапетугетыйымсалу] Бiрде бiр Уағдаласушы тарап кез келген қойылған қолдың немесе алдыңғы тармақтарда аталған басқа да тұлғаны куәландыру құралдарының куәландыруын, нотариаттық куәландырылуын, сендiрiлуiн, заңдастырылуын немесе басқадай куәландырылуын Уағдаласушы тараптың заңнамасы тiркеуден бас тартуға байланысты қол қоюдың куәландырылуын көздеген жағдайдан басқа кезде, талап ете алмайды.

9-бап Тауарлардың және/немесе қызметтердiң жiктемесi

      (1) [Тауарлардыңжәне/немесеқызметтердiңкөрсетiлуi] Өтiнiмге немесе тiркеуге қатысты ведомство жүзеге асырған және тауарларды және/немесе қызметтердi қамтылған әрбiр тiркеу мен кез келген жарияланым Ницца жiктемесiнiң сыныптары бойынша және аталған Жiктеме тәртiбiмен топтастырылған осы тауарлардың және/немесе қызметтердiң атауын көрсетедi, бұл ретте әрбiр топтың алдында тауарлар мен қызметтердiң аталған тобына қатысты топтың нөмiрi болуы тиiс.
      (2) [Бiр немесе сол топтың өзiне немесе түрлi топтарға жататын тауарлар немесе қызметтер] (а) Тауарлар мен қызметтер ведомство жүзеге асырған кез келген тiркеу немесе жарияланым негiзiнде ұқсас болады деп есептелмейдi, олар Ницца жiктемесiнiң бiр және сол тобында көрiнiс бередi.
      (b) Тауарлар мен қызметтер ведомство жүзеге асырған кез келген тiркеу немесе жарияланым негiзiнде бiр-бiрiнен ерекшеленедi деп есептелмейдi, олар Ницца жiктемесiнiң түрлi топтарында көрiнiс бередi.

10-бап Аты-жөнiнiң немесе мекен-жайының өзгеруi

      (1) [Иеленушiнiңаты-жөнiнiңнемесемекен-жайыныңөзгеруi] Егер тiркеудiң иеленушiсi бұрынғы болып қалса, бiрақ оның аты-жөнi немесе мекен-жайы өзгерсе, онда әрбiр Уағдаласушы тарап тиiстi тiркеу нөмiрi мен тiркелiмге енгiзiлуi тиiс өзгертуi көрсетiле отырып, иеленушi немесе оның сенiмдi өкiлi қол қойған хабарламада жасалған өзiнiң таңбалар тiзiлiмiне мұндай өзгертулердi ведомствоның енгiзуi туралы өтiнiштi таниды. Мұндай өтiнiш беру талаптарына қатысты бiр де бiр Уағдаласушы тарап,
      (I) (с) тармақшасы ескерiле отырып, Нұсқаулықта көзделген тиiстi өтiнiш Бланкiсiнiң бланкiсiнде берiлген жағдайда, егер ол жазбаша түрде қағазға түсiрілiп берiлсе;
      (II) егер Уағдаласушы тарап оның ведомствосына хабарлауды телефакс арқылы жiберуге рұқсат етсе, және өтiнiш (с) тармақшасы ескерiле отырып, осындай жiберу нәтижесiнде алынған қағаз көшiрмесi (1) тармақшасында аталған өтiнiш Бланкiсiне сай келсе, өтiнiштен бас тарта алмайды.
      (b) Кез келген Уағдаласушы тарап өтiніште:
      (I) иеленушiнiң аты-жөнi мен мекен-жайы;
      (II) егер тiркеудiң иеленушiсiнде болса, сенiмдi өкiлдiң аты-жөнi мен мекен-жайы;
      (III) егер тiркеудiң иеленушiсiнде болса, iскерлiк хат алмасу мекен-жайы көрсетiлуiн талап ете алады;
      (с) Кез келген Уағдаласушы тарап өтiнiштiң өзiнiң ведомствосы қабылдаған тiлде немесе тiлдердiң бiрiнде жасалуын талап ете алады.
      (d) Кез келген Уағдаласушы тарап өзiнiң ведомствосына түскен өтiнiшке байланысты баж төлеудi талап ете алады.
      (е) егер өзгерту бiрнеше тiркеуге қатысты болған күннiң өзiнде, онда тиiстi тiркеулер нөмiрiнiң барлығы көрсетiлген жағдайда бiр өтiнiш жеткiлiктi.
      (2) [Өтінімберушiнiңаты-жөнiменмекен-жайыныңөзгеруi] тиiстi өзгертулер ескерiле отырып, өзгерiс өтiнiмге немесе өтiнiмдерге, немесе тiркеу не тiркелулерге қатысты болған кезде, егер тиiстi өтiнiмдердiң кез келгенiне нөмiр әлi берiлмеген немесе ондай нөмiр өтiнiм берушi не оның сенiмдi өкiлiне мәлiм болмаған кезде, Нұсқаулықта көрсетiлгендей, өтiнiш мұндай өтiнiмге теңестiрiлген жағдайда (1) тармақ қолданылады.
      (3) [Сенiмдi өкiлдiң аты-жөнi мен мекен-жайының немесе iскерлiк хат алмасу мекен-жайының өзгеруi] тиiстi өзгертулер ескерiле отырып, болса, сенiмдi өкiлдiң аты-жөнi мен мекен-жайының кез келген өзгеруiне және болса, iскерлiк хат алмасу мекен-жайына қатысты кез келген өзгеруге (1) тармақ қолданылады.
      (4) [Басқашарттардыңорындалуынталапетугетыйымсалу] Бiрде бiр Уағдаласушы тарап осы бапта аталған өтiнiшке қатысты 1-3 тармақта аталғаннан өзгеше шарттардың орындалуын талап ете алмайды. Атап айтқанда, мұндай өзгертудi растайтын қандай да бiр құжат берудi талап ете алмайды.
      (5) [Дәлелдер] Кез келген Уағдаласушы тарап, егер ведомствода өтiнiште көзделген кез келген нұсқаудың дұрыстығына қатысты негiзделген күдiк туатын болса, оның ведомствосына дәлелдер ұсынуды талап ете алады.

11-бап Иеленушiнiң өзгеруi

      (1) [Тiркеудiиеленушiнiңөзгеруi] (а) Тiркеудi иеленушi өзгерген жағдайда әрбiр Уағдаласушы тарап жақ тiзiлiмге енгiзiлуi қажет тиiсті тiркеу нөмiрлерi мен өзгерiстердi көрсете отырып бұрынғы иеленушi немесе оның сенiмдi өкiлi не жаңадан болған тiркеудi иеленушi қол қойған хабарламада жасалған өзiнiң таңбалар тiзiлiмiне ведомствоның мұндай өзгерту енгiзу туралы өтiніштi таниды.
      Мұндай өтiнiш беру талаптарына қатысты бiрде бiр Уағдаласушы тарап,
      (I) (2)(а) тармақшасы ескерiле отырып, Нұсқаулықта көзделген тиiстi өтiнiш Бланкiсiнiң бланкiсiне берiлген жағдайда, егер ол жазбаша түрде қағазға түсiрілiп берiлсе;
      (II) егер Уағдаласушы тарап оның ведомствосына хабарлауды телефакс арқылы жiберуге рұқсат етсе, және өтiнiш (2)(а) тармақшасы ескерiле отырып, осындай жiберу нәтижесiнде алынған қағаз көшiрмесi (I) тармақшасында аталған өтiнiш Бланкiсiне сай келсе, өтiнiштен бас тарта алмайды.
      (b) Егер иеленушiнiң өзгеруi келiсiм-шарт жасау нәтижесi болып табылса, кез келген Уағдаласушы тарап оның өтiнiште көрсетiлуiн талап ете алады, онда сұрау салған тараптың таңдауы бойынша мынадай құжаттардың бiреуi қоса ұсынылады:
      (I) шарттың көшiрмесi, бұл орайда мұндай көшiрменi мемлекеттiк нотариустың немесе кез келген басқа да құзыреттi мемлекеттiк органның куәландыруы талап етiлуi мүмкiн;
      (II) шарттың тiркеу иеленушiсiнiң өзгеруiн көрсететiн үзiндiсi, бұл орайда мұндай көшiрменi мемлекеттiк нотариустың немесе кез келген басқа да құзыреттi мемлекеттiк органның куәландыруы талап етiлуi мүмкiн;
      (III) Нұсқаулықта жазылған нысан мен мазмұнға сай жасалған және бұрынғы және жаңа иеленушiлердiң қолдары қойылған таңба құқығын беру туралы расталмаған куәлiк;
      (IV) Нұсқаулықта жазылған нысан мен мазмұнға сай жасалған және бұрынғы және жаңа иеленушiлердiң қолдары қойылған таңба құқығын беру туралы расталмаған құжат.
      (с) Егер иеленушiнiң өзгеруi қосылудың нәтижесi болып табылса, кез келген Уағдаласушы тарап құзыреттi органның құрған және мұндай қосылуды дәлелдейтiн құжат көшiрмесi, мысалы, сауда тiзiлiмi үзiндiсiнiң көшiрмесi қоса ұсынылған өтiнiште оның көрсетiлуiн талап ете алады, бұл орайда мұндай көшiрменi мемлекеттiк нотариустың немесе кез келген басқа да құзыреттi мемлекеттiк органның куәландыруы талап етiлуi мүмкiн.
      (d) Келiсiм-шарт жасасу немесе бiрiгу нәтижесiнде қосар иеленушiлердiң, бiрақ бәрiнiң емес бiреуi немесе бiрнешеуi өзгерген жағдайда, кез келген Уағдаласушы тарап өзгеруге қатысы жоқ кез келген қосар иеленушiнiң өзi қол қойған құжатында иеленушiнi өзгертуге арнайы келiсiм болуын талап ете алады.
      (е) Егер иеленушiнiң өзгеруi қосылудың нәтижесi емес, ол басқа себептерден, мысалы заң қолданудан немесе сот шешiмiнен туындаған болса кез келген Уағдаласушы тарап құзыреттi органның құрған және мұндай қосылуды дәлелдейтiн құжат көшiрмесi, мысалы, сауда тiзiлiмi үзiндiсiнiң көшiрмесi қоса ұсынылған өтiнiште оның көрсетiлуiн талап ете алады, бұл орайда мұндай көшiрменi мемлекеттiк нотариустың немесе кез келген басқа да құзыреттi мемлекеттiк органның куәландыруы талап етiлуi мүмкiн.
      (f) Кез келген Уағдаласушы тарап өтiнiште:
      (I) бұрынғы иеленушiнiң аты-жөнi мен мекен-жайы;
      (II) жаңа иеленушiнiң аты-жөнi мен мекен-жайы;
      (III) егер ол қандай да бiр мемлекеттiң азаматы болып табылса, жаңа иеленушi азаматы болып табылатын мемлекеттiң атауы; жаңа иеленушiнiң, болса, тұрғылықты жерi бар мемлекеттiң атауы; жаңа иеленушiнiң, болса, нақты және жалған емес өнеркәсiп немесе сауда кәсiпорны орналасқан мемлекеттiң атауы;
      (IV) егер жаңа иеленушi заңды тұлға болып табылса, заңды тұлғаның ұйымдық-құқықтық сипаты және мемлекеттiң, ал қажет жағдайда заңына сәйкес аталған заңды тұлға құрылған сол мемлекеттiң құрамындағы аумақтық бiрлiктiң атауы;
      (V) егер бұрынғы иеленушiде ол болса, сенiмдi өкiлдiң аты-жөнi мен мекен-жайы;
      (VI) егер бұрынғы иеленушiде ол болса, iскерлiк хат алмасу мекен-жайы;
      (VII) егер жаңа иеленушiде ол болса, сенiмдi өкiлдiң аты-жөнi мен мекен-жайы;
      (VIII) егер болуы 4(2)(b) бабына сәйкес талап етiлсе, жаңа иеленушiнiң iскерлiк хат алмасу мекен-жайы көрсетiлуiн талап ете алады.
      (g) Кез келген Уағдаласушы тарап өзiнiң ведомствосына түскен өтiнiшке байланысты баж төлеудi талап ете алады.
      (h) Егер иеленушiнi өзгерту бiрнеше тiркеуге қатысты болған күннiң өзiнде, бұрынғы және жаңа иеленушi әрбiр тiркеу үшiн бiр және сол тұлғалар болып табылған және өтiнiште бұл тiркеулердiң нөмiрi көрсетiлген жағдайда бiр өтiнiш жеткiлiктi.
      (i) Егер иеленушiнi өзгерту бұрынғы иеленушiнiң тiркеуiнде тiзiлген тауарлар мен немесе қызметтердiң бәрiне бiрдей қатысты болмаса, және заңнама ондай өзгерту жөнiндегi жазбаны енгiзуге рұқсат етсе, ведомство иеленушiнi өзгертуге қатысты орын алған тауарлар мен қызметтерге қатысты бөлек тiркеу жүргiзедi.
      (2) [Тiлi.Аудармасы] Кез келген Уағдаласушы тарап (1) тармақта аталған өтiнiштiң, таңба құқығын беру туралы куәлiктiң немесе мұндай құқықты беру туралы құжаттың оның ведомствосында қабылданған тiлде немесе тiлдердiң бiрiнде жасалуын талап ете алады.
      (b) егер (1)(b)(i) және (ii), (с) және (е) тармағында аталған құжаттар Уағдаласушы тараптың ведомствосында қабылданған тiлде немесе тiлдердiң бiрiнде ұсынылмаса, онда Уағдаласушы тарап өтiнiшке талап етiлген құжатқа оның ведомствосы қабылдаған тiлде немесе тiлдердiң бiрiнде жасалған аудармасы немесе куәландырылған аудармасы қоса берiлуiн талап ете алады.
      (3) [Өтiнiмиеленушiсiнiңөзгеруi] тиiстi өзгертулерi ескерiле отырып, (1) және (2) тармақтар, егер тиiстi өтiнiмдердiң кез келгенiне әлi нөмiр берiлмесе немесе бұл нөмiр өтiнiм берушiге немесе оның сенiмдi өкiлiне мәлiм болмаса, әйткенмен өтiнiш Нұсқаулықта көрсетiлгендегiдей теңестiрiлген болса, иеленушiнi өзгерту өтiнiмге немесе өтiнiмдерге, немесе өтiнiмдi немесе өтiнiмдердi тiркеуге немесе тiркеулерге қатысты жағдайларда қолданылады.
      (4) [Басқашарттардыорындауғатыйымсалу] Бiрде бiр Уағдаласушы тарап осы бапта аталған өтiнiшке қатысты (1)-(3) тармақта аталғаннан өзгеше шарттардың орындалуын талап ете алмайды. Атап айтқанда, мынадай шарттарды орындауды:
      (I) (1)(с) тармағының ережелерiн ескере отырып, сауда тiзiлiмiнiнен, үзiндiнi немесе кез келген құжатты ұсынуды;
      (II) жаңа иеленушiнiң өнеркәсiптiк немесе сауда қызметiн жүзеге асыратынын, сондай-ақ тиiстi дәлелдеулер ұсынуын көрсетудi;
      (III) иеленушiнiң өзгеруi таралатын тиiстi тауарлар мен қызметтердi жаңа иеленушiнiң асыратынын, сондай-ақ тиiстi дәлелдер ұсынуын көрсетудi;
      (IV) бұрынғы иеленушiнiң өз кәсiпорыны мен материалдық активтерiн жаңа иеленушiге толықтай немесе жартылай тапсырғанын көрсетудi, сондай-ақ тиiстi дәлелдер ұсынуды талап ете алмайды.
      (5) [Дәлелдер] Кез келген Уағдаласушы тарап оның ведомствосына дәлелдер, немесе, (1)(с) немесе (е) тармағының ережелерi таралатын жағдайларда қосымша дәлелдер ұсынуды, егер ведомствосында осы Бапта аталған өтiнiште және/немесе көзделген кез келген нұсқаудың дұрыстығына қатысты негiзделген күдiк туатын болса талап ете алады.

12-бап Қателердi түзету

      (1) [Тiркеугеқатыстықателердiтүзету] (а) Әрбiр Уағдаласушы тарап оның ведомствосына хабарланған өтiнiште немесе басқа өтiнiште жасалған қателердi және тиiстi тiркеу нөмiрi көрсетiле отырып, тiркеудiң иеленушiсi немесе оның сенiмдi өкiлi қол қойған хабарламада қамтылған оның ведомствосының жарияланымда көрсетiлген түзетiлуi тиiс болатын және түзетiлуi тiзiлiмге енгiзiлуi тиiс болатын қателердi түзету туралы өтiнiштi мойындайды. Мұндай өтiнiш беру талаптарына қатысты бiрде бiр Уағдаласушы тарап:
      (I) (2)(а) тармақшасы ескерiле отырып, Нұсқаулықта көзделген тиiстi өтiнiш Бланкiсiнiң бланкiсiне берiлген жағдайда, егер ол жазбаша түрде қағазға түсiрiлiп берiлсе;
      (II) егер Уағдаласушы тарап оның ведомствосына хабарлауды телефакс арқылы жiберуге рұқсат етсе, және өтiнiш (2)(а) тармақшасы ескерiле отырып, осындай жiберу нәтижесiнде алынған қағаз көшiрмесi (I) тармақшасында аталған өтiнiш Бланкiсiне сай келсе, өтiнiштен бас тарта алмайды.
      (b) Кез келген Уағдаласушы тарап өтiнiште:
      (I) иеленушiнiң аты-жөнi мен мекен-жайы;
      (II) егер тiркеудiң иеленушiсiнде болса, сенiмдi өкiлдiң аты-жөнi мен мекен-жайы;
      (III) егер тiркеудiң иеленушiсiнде болса, iскерлiк хат алмасу мекен-жайы көрсетiлуiн талап ете алады;
      (с) Кез келген Уағдаласушы тарап өтiнiштiң өзiнiң ведомствосы қабылдаған тiлде немесе тiлдердiң бiрiнде жасалуын талап ете алады.
      (d) Кез келген Уағдаласушы тарап өзiнiң ведомствосына түскен өтiнiшке байланысты баж төлеудi талап ете алады.
      (е) егер өзгерту бiрнеше тiркеуге қатысты болған күннiң өзiнде, қате мен талап етiлетiн түзету әрбiр тiркеу үшiн бiр және сол болатын болса және өтiнiште барлық осы тіркеулердің нөмiрi көрсетiлген жағдайда бiр өтiнiш жеткiлiктi.
      (2) [Өтiнiмгеқатыстықателердiтүзету] тиiстi өзгертулерi ескерiле отырып, (1) тармақ, егер тиiстi өтiнiмдердiң кез келгенiне әлi нөмiр берiлмесе немесе бұл нөмiр өтiнiм берушiге немесе оның сенiмдi өкiлiне мәлiм болмаса, әйткенмен өтiнiш Нұсқаулықта көрсетiлгендегiдей теңестiрiлген болса, иеленушiнi өзгерту өтiнiмге немесе өтiнiмдерге, немесе өтiнiмдi немесе өтiнiмдердi тiркеуге немесе тiркеулерге қатысты жағдайларда қолданылады.
      (3) [Басқашарттардыорындауғатыйымсалу] Бiрде бiр Уағдаласушы тарап осы бапта аталған өтiнiшке қатысты (1) және(2) тармақта аталғаннан өзгеше шарттардың орындалуын талап ете алмайды.
      (4) [Дәлелдер] Кез келген Уағдаласушы тарап, егер ведомствода өтiнiште көзделген кез келген нұсқаудың дұрыстығына қатысты негiзделген күдiк туатын болса, оның ведомствосына дәлелдер ұсынуды талап ете алады.
      (5) [Ведомствоныңқателерi] Уағдаласушы тараптың ведомствосы ех оffiсiо немесе қандай* да бiр бажды төлемей өз қатесiн өтінiш етуге байланысты түзейдi.
      (6) [Түзелмейтiнқателер] Бiрде бiр Уағдаласушы тарап оның заңнамасына сәйкес түзетуге келмейтiн кез келген қатеге қатысты (1)(2) және (5) тармақтардың ережелерiн қолдануға мiндеттi емес.

13-бап Тiркеудiң қолданыс мерзiмi және оны ұзарту

      (1) [Тiркеудi ұзарту туралы немесе оған немесе өтiнiште болатын нұсқаулар немесе элементтер. Баж] (а) Кез келген Уағдаласушы тарап тiркеудi ұзартудың өтiнiш берген және мұндай өтiнiште мынадай нұсқаулардың бәрi немесе бiрнешеуi болған жағдайда жүзеге асырылуын талап ете алады:
      (I) тiркеудi ұзарту жөнiндегi өтінiш;
      (II) тiркеудi иеленушiнiң аты-жөнi мен мекен-жайы;
      (III) тиiстi тіркеудiң нөмiрi;
      (IV) нәтижесiнде тиiстi тiркеу жүзеге асырылған өтiнiм беру күнi не Уағдаласушы тараптың таңдауы бойынша - тиiстi тiркеудi жүзеге асыру күнi;
      (V) егер ол иеленушiде болса, сенiмдi өкiлдiң аты-жөнi мен мекен-жайы,;
      (VI) егер ол иеленушiде болса, iскерлiк хат алмасу мекен-жайы;
      (VII) егер Уағдаласушы тарапты таңбалар тiзiлiмiне енгiзiлген кейбiр тауарлар және/немесе қызметтерге қатысты ғана тiркеудi ұзартуды жүзеге асыруға рұқсат берсе және ондай ұзарту сұралған жағдайда тiркеудi ұзарту сұралған тауарлар және/немесе қызметтердiң атауы немесе Ницца жiктемесiнiң сыныптары бойынша топтастырылған тiркеудi ұзарту сұралмаған тiзiлiмге енгiзiлген тауарлар және/немесе қызметтердiң атауы, бұл ретте әрбiр топтың алдында аталған Жiктеме сыныптарының тәртiбiмен ұсынылған тауарлар мен қызметтердiң аталған тобына қатысты топтың нөмiрi болуы тиiс;
      (IX) иеленушi мен оның сенiмдi өкiлiнiң қолы, немесе, (VIII) тармақшасы қолданған жағдайда, осы тармақшада аталған тұлғаның қолы.
      (b) Кез келген Уағдаласушы тарап тiркеудi ұзарту жөнiндегi өтiнiшке байланысты өзiнiң ведомствосына баж төлеудi талап ете алады. Тiркеудiң бастапқы кезеңi үшiн баж төленгеннен кейiн немесе тiркеудi ұзартудың кез келген кезеңiнен кейiн бұл кезең iшiнде күшiнде болғанда тiркеудi қолдау үшiн ешқандай басқа ақы төлеу талап етiлмейдi. Осы тармақшаның мақсаттары үшiн таңбаны пайдалануға қатысты өтiнiш және/немесе дәлелдер ұсынылуына байланысты баж тiркеудi күшiнде ұстау үшiн төленген болып табылмайды және оған осы тармақшаның ережелерi таралмайды.
      (с) Кез келген Уағдаласушы тарап тiркеудi ұзарту туралы өтiнiштiң ұсынылуын және (b) тармақшасында аталған тиiстi баждың Нұсқаулықта көрсетiлген ең жақын мерзiм ескерiле отырып, Уағдаласушы тараптың заңында белгiлеген мерзiм iшiнде ведомствоға төленуiн талап ете алады.
      (2) [Өтiнiшберу] Өтiнiш беру талаптарына қатысты Уағдаласушы тараптың бiр де бiрi,
      (I) (2)(а) тармақшасы ескерiле отырып, Нұсқаулықта көзделген тиiстi өтiнiш Бланкiсiнiң бланкiсiне берiлген жағдайда, егер ол жазбаша түрде қағазға түсiрiлiп берiлсе;
      (II) егер Уағдаласушы тарап оның ведомствосына хабарлауды телефакс арқылы жiберуге рұқсат етсе, және өтiнiш (2)(а) тармақшасы ескерiле отырып, осындай жiберу нәтижесiнде алынған қағаз көшiрмесi (I) тармақшасында аталған өтiнiш Бланкiсiне сай келсе, өтiнiштен бас тарта алмайды.
      (3) [Тiлi] Кез келген Уағдаласушы тарап тiркеудi ұзарту туралы өтiнiштiң оның ведомствосында қабылданған тiлде немесе тiлдердiң бiрiнде жасалуын талап ете алады.
      (4) [Басқашарттардыорындауғатыйымсалу] Бiр де бiр Уағдаласушы тарап осы бапта аталған өкiнiшке қатысты (1)-(3) тармақта аталғаннан өзгеше шарттардың орындалуын талап ете алмайды. Атап айтқанда, мынадай шарттарды орындауды:
      (I) (1)(с) тармағының ережелерiн ескере отырып, сауда тiзiлiмiнiнен үзiндiнi немесе кез келген құжатты ұсынуды;
      (II) жаңа иеленушiнiң өнеркәсiптiк немесе сауда қызметiн жүзеге асыратынын, сондай-ақ тиiстi дәлелдеулер ұсынуын көрсетудi;
      (III) иеленушiнiң өзгеруi таралатын тиiстi тауарлар мен қызметтердi жаңа иеленушiнiң асыратынын, сондай-ақ тиiстi дәлелдер ұсынуын көрсетудi;
      (IV) бұрынғы иеленушiнiң өз кәсiпорыны мен материалдық активтерiн жаңа иеленушiге толықтай немесе жартылай тапсырғанын көрсетудi, сондай-ақ тиiстi дәлелдер ұсынуды талап ете алмайды.
      (5) [Дәлелдер] Кез келген Уағдаласушы тарап, егер ведомствода өтiнiште көзделген кез келген нұсқаудың дұрыстығына қатысты негiзделген күдiк туатын болса, оның ведомствосына дәлелдер ұсынуды талап ете алады.
      (6) [Нақтыiсбойыншасараптамажасауғатыйымсалу] Бiр де бiр Уағдаласушы тараптың ведомствосы оны ұзарту мақсатында нақты iс бойынша тiркеу сараптамасын жүргiзе алмайды.
      (7) [Тiркеудiңқолданысмерзiмi] Тiркеудiң бастапқы қолданыс мерзiмi он жыл болады және одан ары қарайғы он жылдық кезеңдерге ұзартылуы мүмкiн.

14-бап Болжалды бас тарту жағдайындағы ескертулер

      Ведомство өтiнiмдi немесе өтiнiштi 10-13 баптарға сәйкес, жағдайға байланысты, өтiнiм берушiге немесе өтiнiш берген тарапқа ақылға сыйымды мерзiм iшiнде болжалды бас тартуға қатысты ескертпенi ұсынбай тұрып, толық немесе жартылай қабылдаудан бас тарта алмайды.

15-бап Париж конвенциясын сақтау мiндеттiлiгi

      Кез келген Уағдаласушы тарап Париж конвенциясының таңбаларға қатысты ережелерiн сақтауға мiндеттенедi.

16-бап Қызмет көрсету таңбалары

      Кез келген Уағдаласушы тарап қызмет көрсету таңбаларына Парижконвенциясының тауар таңбаларына қатысты тиiстi ережелерiн қолданады және оларды тiркейдi.

17-бап Нұсқаулық

      (1) [Мазмұны] (а) Осы Шартқа қоса ұсынылған Нұсқаулықта:
      (I) тiркелуiн осы Шарт әдейi "Нұсқаулықта көрсеткен" талаптарға;
      (II) осы Шарттың ережелерiн қолдану үшiн пайдалы кез келген қосымша егжей-тегжейлерге;
      (III) кез келген әкiмшiлiк талаптарға, мәселелерге немесе рәсiмдерге қатысты ережелер мазмұндалған.
      (b) Нұсқаулықта сол сияқты Халықаралық үлгi бланкiлер де бар.
      (2) [ШартпенНұсқаулықарасындағыалшақтық] Осы Шарттың ережелерiмен Нұсқаулықтың ережелерi арасында алшақтық болған жағдайда Шарттыңережелерi қолданылады.

18-бап Қайта қарау. Хаттамалар

      (1) [Қайтақарау] Осы Шартты дипломатиялық конференция қайта қарауы мүмкiн.
      (2) [Хаттама] Таңбалар саласындағы заңдардың үйлесiмдiлiгiн одан әрi дамыту мақсатында дипломатиялық конференция хаттаманы, егер бұл хаттамалар осы Шарттың ережелерiне қайшы келмесе, қабылдай алады.

19-бап Шартқа қатысу

      (1) [Шартқақатысуқұқығы] Халықаралық қатынастардың мынадай субъектiлерi Шартқа қол қоя алады және (2) және (3) тармақтарды, сондай-ақ 20(1) және (3) баптарды ескере отырып, оның тарабы бола алады:
      (I) кез келген мемлекет - таңбаларды оның өз ведомствосы тiркей алатын Ұйым мүшесi;
      (II) осы үкiметаралық ұйымның барлық мүше-мемлекеттерi Ұйым мүшелерi болып табылған жағдайда, - осындай мақсаттар үшiн тиiстi өтiнiмде көрсетiлген оған кiретiн әр мүше-мемлекеттерде немесе оның сол мүше-мемлекеттерiнде осы үкiметаралық ұйымды құратын шарт қолданылатын аумақта әрекет ететiн, таңбалар тiркеле алатын ведомствосы бар кез келген үкiметаралық ұйым;
      (III) кез келген мемлекет - аталған басқа мемлекеттiң Ұйым мүшесi болып табылатын ведомствосы арқылы ғана таңбалар тiркеле алатын Ұйым мүшесi;
      (IV) кез келген мемлекет - үкiметаралық ұйымның осы мемлекет мүшесi болып табылатын ведомствосы арқылы ғана таңбалар тiркеле алатын Ұйым мүшесi;
      (V) кез келген мемлекет - Ұйымға мүше-мемлекеттер тобының жалпы ведомствосы арқылы ғана таңбалар тiркеле алатын Ұйым мүшесi;
      (2) [Бекiтунемесеқосылу] (1) тармақта аталған Халықаралық қатынастың кез келген субъектiсi:
      (I) егер ол осы Шартқа қол қойса, бекiту грамотасын;
      (II) егер ол осы Шартқа қол қоймаса, қосылу туралы актiнi сақтауға тапсыра алады.
      (3) [Сақтауғатапсырукүнi] (а) (b) тармақшасы ескерiле отырып, бекiту грамотасын немесе қосылу туралы актiнi сақтауға тапсыру күнi болып мыналар есептеледi:
      (I) (1)(I) тармақта аталған мемлекет жағдайында - мемлекеттiң тиiстi құжатын сақтауға тапсыру күнi;
      (II) үкiметаралық ұйым жағдайында - үкiметаралық ұйымның тиiстi құжатын сақтауға тапсыру күнi;
      (III) мынадай шарттың орындалған күнi: осы мемлекеттiң тиiстi Құжаты және (1)((IV) тармақта аталған мемлекет жағдайында, - аталған басқа мемлекеттің тиiстi құжаты сақтауға тапсырылуы;
      (IV) (1)(IV) тармақта аталған мемлекет жағдайында - жоғарыда аталған (1)(V) тармақшасына сәйкес қолданылатын күн;
      (V) (1)(V) тармақта аталған мемлекеттер тобының мүше-мемлекеттерi жағдайында - барлық мүше-мемлекеттер топтарының құжаттары сақтауға тапсырылған күн.
      (b) Кез келген бекiту грамотасына немесе мемлекеттiң қосылуы туралы актiге (осы тармақшада "құжат" деп аталады) өтiнiш iлестiрiлуi мүмкiн, онда олардың атаулары көрсетiле отырып, сол сияқты осы Шарттың тараптары болу құқығы бар басқа мемлекеттiң бiреуiнiң немесе үкiметаралық ұйымның бiреуiнiң құжаты сақтауға тапсырылса немесе басқа мемлекеттiң екеуiнiң құжаты немесе басқа мемлекеттiң бiреуiнiң және үкiметаралық ұйымның бiреуiнiң құжаты сақтауға тапсырылса, ол сақтауға тапсырылды деп есептеледi. Осындай өтiнiш болатын құжат өтiнiште көрсетiлген шарттың орындалған күннен бастап сақтауға тапсырылған деп қаралатын болады. Алайда, егер өтініште көрсетiлген құжатты сақтауға тапсыруда, өз кезегiнде, осындай түрдегi өтiнiш iлесе жүретiн болса, ондай құжат соңғы өтiнiште көрсетiлген шарттың орындалған күнiнен бастап сақтауға тапсырылды деп есептеледi.
      (с) (b) тармақшасына сәйкес жасалған кез келген өтiнiш кез келген уақытта толықтай немесе жартылай керi қайтарылып алынуы мүмкiн. Кез келген мұндай қайтару Бас директордың тиiстi хабарламасын алған күннен бастап күшiне енедi.

20-бап Бекiтулер мен қосылулардың күшiне ену күнi

      (1) [Назарғаалынатынқұжаттар] Осы Баптың мақсаттары үшiн 19(1) бапта аталған, халықаралық қатынастар субъектiлерi сақтауға тапсырған және 19(3) бапқа сәйкес күшiне ену күнi бар бекiту грамоталары немесе қосылу туралы актiлер ғана назарға алынады.
      (2) [Шарттыңбастапқыкүшiнеенуi] Осы Шарт бес мемлекет өздерiнiң бекiту грамоталарын немесе қосылу туралы актiлерiн сақтауға тапсырғаннан кейiн үш айдан соң күшiне енедi.
      (3) [Осы Шарт күшiне енгеннен кейiн бекiтулер мен қосылулардың күшiне енуi] (2) тармақтың ережелерi таралмайтын кез келген халықаралық қатынастар субъектiсiне қатысты осы Шарт ол өзiнiң бекiту грамотасын немесе қосылу туралы актiсiн сақтауға тапсырғаннан кейiн үш айдан соң күшiне енедi.

21-бап Ескертпелер

      (1) [Таңбалардың ерекше түрлерi) Кез келген мемлекет немесе үкiметаралық ұйым 2(1)(а) және 2(а) бабына қарамастан, ол ұқсастырылған, тыйым салынған немесе туынды таңбаларға 3(1) және (2), 5, 7, 11 және 13 баптарының ешқандай ережелерiн қолданбайтындығын ескертпелер арқылы мәлiмдей алады. Мұндай ескертпеде жоғарыда аталған ережелердiң осындай ескертпеге қатысы барлары көрсетiледi.
      (2) [Мiндеттiшарттар] Кез келген ескертпе (1) тармаққа сәйкес, ескертпе жасайтын тиiстi мемлекеттiң немесе үкiметаралық ұйымның Шартының бекiту грамоталарына немесе қосылу туралы актiлерiне қоса ұсынылатын өтiнiште жасалады.
      (3) [Ескертпелердiалыптастау] (1) тармаққа сәйкес жасалған кез келген ескертпе кез келген уақытта алынып тасталуы мүмкiн.
      (4) [Басқаескертпелержасауғатыйымсалу] осы Шартқа (1) тармақта аталған жағдайдан басқа ешқандай ескертпеге жол берiлмейдi.

22-бап Өтпелi ережелер

      (1) [Бiрнеше топқа қатысты тауарлар мен қызметтер үшiн бiр өтiнiм. Өтiнiмдi бөлу] Кез келген мемлекет немесе үкiметаралық ұйым 3(5) бапқа қарамастан, өтiнiмнiң оның ведомствосына Ницца жiктемесiнiң бiр сыныбына жататын тауарларға немесе қызметтерге қатысты ғана берiлетiндiгiн мәлiмдей алады.
      (b) Кез келген мемлекет немесе үкiметаралық ұйым 6-бапқа қарамастан, егер Ницца жiктемесiнiң бiрнеше сыныбына қатысты тауарлар және/немесе қызметтер бiр және сол өтiнiмге енгiзілсе, онда осындай тiркеудiң әрқайсысында аталған өтiнiм негiзiнде жүзеге асырылған барлық басқа осындай тiркеуге сiлтеме болса, осы өтiнiм бойынша таңбалар тiзiлiмiнде бiрнеше тiркеу жүргiзiле алады.
      (с) (а) тармақшасына сәйкес өтiнiш жасаған кез келген мемлекет немесе үкiметаралық ұйым 7(1) бапқа қарамастан өтiнiмдi бөлуге жол берiлмейтiндiгiн мәлiмдей алады.
      (2) [Бiрнешеөтiнiмдержәне/немесетiркеулерүшiнбiрсенiмхат] Кез келген мемлекет немесе үкiметаралық ұйым 4(3)(b) бабына қарамастан, сенiмхаттың бiр өтiнiмге ғана немесе бiр тiркеуге ғана қатысты бола алатынын мәлiмдей алады.
      (3) [Сенiмхатқа қойылған қолды немесе өтiнiмге қойылған қолды куәландыруды талап етуге тыйым салу] Кез келген мемлекет немесе үкiметаралық ұйым, 8(4) бапқа қарамастан, кез келген сенiмхаттағы қойылған қолдың немесе кез келген өтiнiмдегi қойылған қолдың куәландырылуын, нотариаттық куәландырылуын, расталуын, заңдастырылуын немесе басқа да тәсiлмен куәландырылуын талап етуi мүмкiн екендiгiн мәлiмдей алады.
      (4) [Аты-жөнi немесе мекен-жайдың өзгеруiне, иеленушiнiң өзгеруiне немесе қатенi түзетуге қатысты бiрнеше өтiнiмдер және/немесе тiркеулер үшiн бiр өтiнiш] Кез келген мемлекет немесе үкiметаралық ұйым 10(1)(е), (2) және (3) бабына 11(1)(е) және (3) бабына және 12(1)(е) және (2) бабына қарамастан, аты-жөнi және/немесе мекен-жайдың, өзгеруiне қатысты өзгертулер енгiзу жөнiндегi өтiнiш және иеленушiге қатысты өзгертулер енгiзу жөнiндегi өтiнiш және қатенi түзетуге қатысты өтiнiш тек бiр ғана өтiнiм немесе бiр ғана тiркеуге қатысты болатындығын мәлiмдей алады.
      (5) [Тiркеудi ұзартуға байланысты пайдалануға қатысты өтiнiмдердi беру және/немесе дәлелдердi ұсыну] Кез келген мемлекет немесе үкiметаралық ұйым, 13(4)(iii) бапқа қарамастан, ол тiркеудi ұзартуға байланысты таңбаны пайдалануға қатысты өтiнiш берудi және/немесе дәлелдердi ұсынуды талап ете алатындығын мәлiмдей алады.
      (6) Тiркеудi ұзартуға байланысты нақты iс бойынша сараптама] Кез келген мемлекет немесе үкiметаралық ұйым, 13(6) бапқа қарамастан, қызметтерге таралатын тiркеудiң бастапқы ұзартылуына байланысты оның ведомствосы мұндай сараптаманың осы Шарт күшiне енгенге дейiн қызмет көрсету таңбаларын тiркеу мүмкiндiгi енгiзілген осындай мемлекет пен ұйымның заңнамасы, күшiне енгеннен кейiнгi алты айлық мерзiм iшiнде берiлген өтiнiмдер негiзiнде жүзеге асырылған көптеген тiркеулердi жоюмен мұндай сараптама шектелген болса, мұндай тiркеуге нақты iс бойынша сараптама жасай алатындығын мәлiмдей алады.
      (7) [Жалпыережелер] (а) Мемлекет немесе үкiметаралық ұйым (1)-(6) тармақтарға сәйкес өтiнiштi, егер осы Шартқа бекiту грамотасын немесе Қосылу жөнiндегi актiнi тапсыру күніне оның заңын Қолдануды әлгiндей өтiнiшсiз жалғастыру осы Шарттың тиiстi ережелерiне қайшы келетiн жағдайда ғана, жасай алады.
      (b) (1)-(6) тармақтарға сәйкес жасалған кез келген өтiнiш, өтiнiш жасаған мемлекеттiң немесе үкiметаралық ұйымның бекiту грамотасы мен осы Шартқа қосылу туралы актiсiне тiркеледi.
      (с) (1)-(6) тармақтарға сәйкес жасалған кез келген өтiнiш кез келген уақытта қайтарылып алына алады.
      (8) [Өтiнiштiқолданысыныңжойылуы] (а) (с) тармақшасы ескерiле отырып, Бiрiккен Ұлттар Ұйымы Бас Ассамблеясы белгiлеген тәжiрибеге сәйкес дамушы ел немесе үкiметаралық ұйым деп есептелетiн, мүшелерiнiң әрқайсысы сондай мемлекет болып табылатын мемлекеттiң (1)-(6) тармақтарға сәйкес жасаған кез келген өтiнiшi осы Шарт күшiне енген күннен кейiнгi сегiз жыл өтiсiмен қолданысын жояды.
      (b) (с) тармақшасы ескерiле отырып, (а) тармақшасында аталған мемлекеттен басқа мемлекет немесе (а) тармақшасында аталған үкiметаралық ұйымнан өзге үкiметаралық ұйым (1)-(6) тармақтарға сәйкес жасаған кез келген келiсiм осы Шарт күшiне енген күннен кейiнгi алты жыл өтiсiмен қолданысын жояды.
      (с) Егер (1)-(5) тармақтарға сәйкес 2004 жылғы 28 қазанға дейiн жасалған өтiнiш, (7)(с) тармағына сәйкес қайтарылып алынбаса немесе (а) немесе (b) тармақшаларына сәйкес күшiн жоймаса, ол 2004 жылғы 28 қазанда қолданысын жояды.
      (9) [Шартқақатысу] 1999 жылғы 31 желтоқсанға дейiн осы Шарттың қабылдану күнiне Халықаралық өнеркәсiп меншiгiн қорғау жөнiндегi Париж одағының мүшесi болып табылатын кез келген мемлекет Ұйымның мүшесi болмай тұрып, 19(1)(2) бапқа қарамастан, егер оның таңбаларын өзiнiң ведомствосы тiркей алатын болса, осы Шарттың қатысушысы бола алады.

23-бап Шарттың күшiн жою

      (1) [Хабарлама] Кез келген Уағдаласушы тарап Бас директорға жолдаған хабарламасы арқылы осы Шарттың күшiн жоя алады.
      (2) [Күшiнеенукүнi] Күшiн жою Бас директор хабарламаны алған күннен бастап бiр жылдан кейiн күшiне енедi. Күшiн жою қаралуда жатқан кез келген өтiнiмге немесе күшiн жоятын Тарапқа қатысты тiркелген кез келген таңбаға, аталған кезең өтiсiмен күшiн жоятын Уағдаласушы тарап мұндай тiркеу ұзартуға жататын күннен бастап кез келген тiркеуге осы Шарттың қолданылуын тоқтататын болса, аталған кезеңнiң өту күнiне қолданылмайды.

24-бап Шарттың тiлi. Қол қою

      (1) [Түпнұсқалықмәтiндер.Ресмимәтiндер] (а) Осы Шартқа қазақ, араб, ағылшын, орыс, испан, қытай және француз тiлдерiнде бiр данада қол қойылады, әрi барлық мәтiндерi толықтай сайма-сай (бiрдей).
      (b) (а) тармақшасында аталған тiлдерден басқа, Уағдаласушы тараптың өтiнiшi бойынша және онымен және кез келген мүдделi Уағдаласушы тараппен кеңескеннен кейiн, ресми мәтiндi аталған Уағдаласушы тараптың ресми тілi болып табылатын басқа тiлде Бас директор әзiрлейдi.
      (2) [Қолқоюмерзiмi] Осы Шарт оны қабылдағаннан кейiнгi бiр жылiшiнде Ұйымның штаб-пәтерiнде қол қою үшiн ашық.

25-бап Депозитарий

      Осы Шарт Бас директордың сақтауына тапсырылады.

      Мамандар:

      Багарова Ж.А.,

      Жұманазарова А.Б.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады