"Қазақстан Республикасының азаматтығы туралы" Қазақстан Республикасының Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасының Заңы 2002 жылғы 17 мамыр N 322-ІІ

      "Қазақстан Республикасының азаматтығы туралы" 1991 жылғы 20 желтоқсандағы Z914800_ Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақ ССР Жоғарғы Советінің Ведомостары, 1991 ж., N 52, 636-құжат; Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің Жаршысы, 1995 ж., N 19, 117-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
      1. 1-бапта "өзінің" деген сөзден кейін "мемлекеттік" деген сөзбен толықтырылып, "ұлттар өкілдерінің тіліне" деген сөздер "ұлттардың тілдеріне" деген сөздермен ауыстырылсын.
      2. 3-баптың бірінші бөлігі мынадай мазмұндағы үшінші абзацпен толықтырылсын:
      "Қазақстан Республикасының аумағында туған және шет мемлекеттің азаматтығында тұрмайтын;".
      3. 4-баптағы "балалардың", "олардың", "куәліктерімен" деген сөздер тиісінше "баланың", "оның", "куәлігімен" деген сөздермен ауыстырылсын.
      4. 6-бап мынадай редакцияда жазылсын:
      "6-бап. Шетелдіктердің және азаматтығы жоқ адамдардың
              құқықтық жағдайы

      Конституцияда K951000_ , заңдарда және халықаралық шарттарда өзгеше көзделмесе, шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар Қазақстан Республикасында азаматтар үшін белгіленген құқықтар мен бостандықтарды пайдаланады, сондай-ақ міндеттерді мойнына алады.".
      5. 11-бапта:
      1) тақырыбындағы "балалардың" деген сөз "баланың" деген сөзбен

ауыстырылсын; 
     2) екінші бөлік алып тасталсын. 
     6. 12-баптың тақырыбындағы "балалардың" деген сөз "баланың" деген 
сөзбен ауыстырылсын. 
     7. 13-баптың тақырыбындағы "балалардың" деген сөз "баланың" деген 
сөзбен ауыстырылсын. 
     8. 14-баптың тақырыбындағы "адамдар балаларының" деген сөздер 
"адамдардың баласының" деген сөздермен ауыстырылсын. 
     9. 15-баптың бірінші бөлігіндегі "Басқа мемлекеттердің азаматтары" 
деген сөздер "Шетелдіктер" деген сөзбен ауыстырылсын. 
     10. 16-бапта: 
     1) бірінші бөліктің 1) тармақшасында: 
     бірінші абзац мынадай редакцияда жазылсын: 


      "1) Қазақстан Республикасының аумағында заңды негізде кемінде бес жыл тұрақты тұратын не Қазақстан Республикасының азаматтарымен кемінде үш жыл некеде тұратын адамдар қабылданатын болады.";
      екінші абзацта:
      қазақ тіліндегі мәтінде "тармақшаның" деп дұрыс жазылған;
      "кетуге мәжбүр болған" деген сөздер "кеткен" деген сөзбен ауыстырылып, "саяси себептермен" деген сөздер алып тасталсын;
      2) 2) тармақшасындағы "бұрынғы одақтас" деген сөздердің алдынан ", Қазақстан Республикасына тұрақты тұру мақсатымен келген," деген сөздермен толықтырылсын.
      11. 17-бап мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
      "Осы баптың бірінші бөлігі 7) тармақшасының ережелері осы Заңның

16-бабының бірінші бөлігі 1) тармақшасының екінші абзацында көрсетілген 
және шетелдік азаматтықтан бас тарту туралы жазбаша өтінішпен ішкі істер 
органдарына жүгінген адамдарға қолданылмайды. Жүгінген адамдар Қазақстан 
Республикасының азаматтығына қабылданған жағдайда мұндай жүгіну фактісі 
туралы ақпарат, олардың шетелдік паспорттары шет мемлекетке жіберіледі.". 
     12. 18-бап мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын: 
     "Осы Заңның 16-бабының бірінші бөлігі 1) тармақшасының ережелері 
бұрын Қазақстан Республикасының азаматтығында тұрған адамдарға 
қолданылмайды.". 
     13. 21-бапта: 
     1) 3) тармақшасының екінші абзацы алып тасталсын; 
     2) 4) тармақшасындағы "бес" деген сөз "үш" деген сөзбен ауыстырылсын. 
     14. 4-тараудың тақырыбындағы "балалардың" деген сөз "баланың" деген 
сөзбен ауыстырылсын. 
     15. 22-бапта: 
     1) тақырыбындағы "балалар" деген сөз "баланың" деген сөзбен 
ауыстырылсын; 
     2) бірінші бөліктегі "балаларының" деген сөз "баласының" деген сөзбен 
ауыстырылсын. 
     16. 23-бапта: 
     1) тақырыбындағы "балалардың" деген сөз "баланың" деген сөзбен 
ауыстырылсын; 
     2) "бұған жазбаша келісіміне негізделген" деген сөздер "осы туралы 
жазбаша" деген сөздермен ауыстырылсын. 
     17. 24-бапта: 
     1) тақырыбындағы "балалардың" деген сөз "баланың" деген сөзбен 
ауыстырылсын; 
     2) "бұған жазбаша келісіміне негізделген" деген сөздер "осы туралы 
жазбаша" деген сөздермен ауыстырылсын. 
     18. 25-баптың тақырыбындағы "балалардың" деген сөз "баланың" деген 
сөзбен ауыстырылсын. 
     19. 27-бап мынадай редакцияда жазылсын: 
     "27-бап. Асырап алған ретте баланың Қазақстан 
              Республикасының азаматтығын сақтауы 
     


      Шетелдіктер асырап алған, Қазақстан Республикасының азаматы болып табылатын бала Қазақстан Республикасының азаматтығын өзі кәмелетке толғанға дейін сақтайды.
      Қазақстан Республикасының азаматтары асырап алған бала, асырап алушылардың екеуі де немесе асырап алушылардың біреуі Қазақстан Республикасының азаматтығынан шыққан жағдайда Қазақстан Республикасының азаматтығын өзі кәмелетке толғанға дейін сақтайды.
      Осы бапта аталған баланың Қазақстан Республикасының азаматтығынан шығуына ол кәмелетке толғаннан кейін және оның тілегі бойынша ғана жол беріледі.".
      20. 28-баптың тақырыбы мен мәтініндегі "Балалардың", "олармен", "балалардың", "олардың" деген сөздер тиісінше "Баланың", "онымен", "баланың", "оның" деген сөздермен ауыстырылсын.
      21. 29-баптың екінші бөлігінде:
      1) екінші абзацтағы "Қазақстан Республикасы территориясында және оның шегінен тыс жерлерде тұратын басқа мемлекеттердің азаматтарын және азаматтығы жоқ адамдарды" деген сөздер алып тасталсын;
      2) төртінші абзацтағы "Қазақстан Республикасының аумағында, сондай-ақ

Қазақстан Республикасы аумағынан тыс жерлерде тұрақты тұратын Қазақстан 
Республикасының азаматтарын" деген сөздер алып тасталып, "шешімдер 
қабылдайды." деген сөздермен толықтырылсын; 
     3) бесінші абзац алып тасталсын. 
     22. 33-баптың екінші бөлігіндегі "балаларды", "олардың" деген сөздер 
тиісінше "баланы", "оның" деген сөздермен ауыстырылсын. 
     23. 38-баптағы "1-тармағында" деген сөздер "1) тармақшасында" деген 
сөздермен ауыстырылсын. 
     24. 39-баптың екінші бөлігіндегі "азаматының" деген сөзден кейін 
"жеке куәлігін және (немесе)" деген сөздермен толықтырылып, "балалар", 
"олардың" деген сөздер тиісінше "баланың", "оның" деген сөздермен 
ауыстырылсын. 
     25. 9-тараудың және 42-баптың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын: 
     "9-тарау. Халықаралық шарттар 
     
     42-бап. Халықаралық шарттардың қолданылуы 
     
     Егер Қазақстан Республикасы бекіткен халықаралық шартта осы 
Заңдағыдан өзгеше ережелер белгіленсе, халықаралық шарттың ережелері 
қолданылады.". 
     
     Қазақстан Республикасының 
             Президенті 
     
     Мамандар:
       Қасымбеков Б.А. 
       Багарова Ж.А. 
     
      
      


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады