"Бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды әкімшілік қадағалау туралы" Қазақстан Республикасының Заңына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасының Заңы. 2002 жылғы 30 қазан N 350-II

      "Бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды әкімшілік қадағалау туралы" 1996 жылғы 15 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1996 ж., N 13, 272-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:
      1) Заңның бүкіл мәтіні бойынша "еңбекпен түзеу мекемелерінің", "еңбекпен түзеу мекемесінен", "еңбекпен түзеу мекемесі", "еңбекпен түзеу мекемесінің" деген сөздер "түзеу мекемелерінің", "түзеу мекемесінен", "түзеу мекемесі", "түзеу мекемесінің" деген сөздермен ауыстырылсын;
      2) 2-бапта:
      тақырыбындағы "Өздеріне қатысты" деген сөздер "Өздеріне" деген сөзбен ауыстырылсын;
      төртінші абзацтағы "кәмелетке толған адамдарға" деген сөздер "жазасын өтеген адамдарға" деген сөздермен ауыстырылсын;
      а) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      "а) аса қауіпті түрде қайталанып жасалған қылмыстар үшін;";
      б) және в) тармақшаларында "ауыр қылмыстар жасағаны үшін бас бостандығынан айыруға сотталған немесе қасақана қылмыстар жасағаны үшін бас бостандығынан айыруға екі немесе одан да көп мәрте сотталған" деген сөздер "ауыр және аса ауыр қылмыстар жасағаны үшін
немесе қасақана қылмыстар жасағаны үшін бас бостандығынан айыруға екі немесе одан да көп мәрте сотты болған" деген сөздермен ауыстырылсын;
      3) 5-баптың бірінші бөлігінің екінші және үшінші абзацтарындағы "аталған адамдарға қатысты" деген сөздер "аталған адамдарға" деген сөздермен ауыстырылсын;
      4) 9-бапта:
      "Өздеріне қатысты" деген сөздер "Өздеріне" деген сөзбен ауыстырылсын;
      "босатылған" деген сөз "сотталған" деген сөзбен ауыстырылсын;
      5) 18-бапта:
      "Өзіне қатысты әкімшілік қадағалау орнатылған адам" деген сөздер "Әкімшілік қадағалаудағы адам" деген сөздермен ауыстырылсын;
      "заңдарымен" деген сөз "заңымен" деген сөзбен ауыстырылсын;
      6) 20-баптағы "қолданылып жүрген заңдарда" деген сөздер "Қазақстан Республикасының заңдарында" деген сөздермен ауыстырылсын.

      Қазақстан Республикасының
      Президенті

     

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады