Қазақстан Республикасының Қылмыстық, Қылмыстық iс жүргiзу және Қылмыстық-атқару кодекстерiне өзгерiстер мен толықтырулар енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасының Заңы. 2002 жылғы 21 желтоқсан N 363-ІІ

      Қазақстан Республикасының мына заң актiлерiне өзгерiстер мен толықтырулар енгізiлсiн:

      1. 1997 жылғы 16 шiлдедегi Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексiне  (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1997 ж., N 15-16, 211-құжат; 1998 ж., N 16, 219-құжат; N 17-18, 225-құжат; 1999 ж., N 20, 721-құжат; N 21, 774-құжат; 2000 ж., N 6, 141-құжат; 2001 ж., N 8, 53, 54-құжаттар; 2002 ж., N 4, 32, 33-құжаттар; N 17, 155-құжат):
      1) 32-баптың үшiнші бөлiгi мынадай мазмұндағы екiншi абзацпен толықтырылсын:
      "Адам өмiрiне қол сұғушыға не қаруды қолданумен немесе қолдануға әрекет етумен ұштасқан өзге де қол сұғушылыққа тойтарыс беру кезiнде адамға зиян келтiру қажеттi қорғаныс шегiнен шығу болып табылмайды.";
      2) 42-баптың үшiншi бөлiгiндегi "сегiз жасқа дейiнгі" деген сөздер "үш жасқа дейiнгi" деген сөздермен ауыстырылсын;
      3) 45-бап мынадай редакцияда жазылсын:
      "45-бап. Бас бостандығын шектеу

      1. Бас бостандығын шектеу соттың сотталған адамға оның бас бостандығын шектейтiн белгiлi бiр мiндеттер жүктеуiнен тұрады және қоғамнан оқшауламай бiр жылдан бес жылға дейiнгі мерзiмге мамандандырылған органның қадағалауымен оның тұрғылықты жерi бойынша өтеледi. Өзге жаза (қоғамдық жұмыстарға немесе түзеу жұмыстарына тарту) бас бостандығын шектеуге ауыстырылған жағдайда, ол бiр жылға жетпейтiн мерзiмге тағайындалуы мүмкiн.
      Сот бас бостандығын шектеу түрiнде жаза тағайындай отырып, сотталған адамға: мамандандырылған органға хабарламай тұрақты тұратын, жұмыс iстейтiн және оқитын жерiн өзгертпеу, мамандандырылған органның рұқсатынсыз белгiлi бiр жерлерге бармау, оқудан және жұмыстан бос уақытта тұрғылықты жерiнен кетпеу, басқа да жерлерге бармау мiндеттерiн орындауды жүктейдi. Сот, бас бостандығын шектеуге сотталған адамға оның түзелуiне ықпал ететiн басқа да мiндеттердi орындауды: алкогольге салынудан, нашақорлықтан, уытқұмарлықтан, жыныс жолдары арқылы жұғатын аурулардан емделу курсынан өтудi, отбасын материалдық қолдауды жүзеге асыруды жүктей алады.
      2. Бас бостандығын шектеуге сотталған адам жазаны өтеуден қасақана жалтарған жағдайда сот бас бостандығын шектеудiң өтелмеген мерзiмiн нақ сол мерзiмге бас бостандығынан айыру түрiндегi жазамен ауыстыра алады. Бұл ретте бас бостандығын шектеудi өтеу уақыты бас бостандығын шектеудiң бiр күнi үшiн бас бостандығынан айырудың бiр күнi есебiнен бас бостандығынан айыру мерзiмiне есептеледi.
      3. Бас бостандығын шектеу ауыр және аса ауыр қылмыс жасағаны үшiн сотталғандығы бар адамдарға, әскери қызметшiлерге, сондай-ақ тұрақты тұратын жерi жоқ адамдарға қолданылмайды.
      4. Бас бостандығын шектеу түрiндегi жазаны өтеу кезеңiнде сот сотталған адамның мiнез-құлқын қадағалауды жүзеге асыратын органның ұсынысы бойынша сотталған адамға бұрын белгiленген мiндеттердiң күшiн толық немесе iшiнара жоя алады.";
      4) 53-баптың төртiншi бөлiгi мынадай редакцияда жазылсын:
      "4. Осы баптың бiрiншi бөлiгiнiң д) және к) тармақтарында көзделген жазаны жеңiлдететiн мән-жайлар болған және ауырлататын мән-жайлар болмаған жағдайда, жаза мерзiмi немесе мөлшерi осы Кодекстiң Ерекше бөлiмiнiң тиiстi бабында көзделген жазаның неғұрлым қатаң түрінің ең жоғары мерзiмiнiң нeмece мөлшерiнiң ауыр емес және орташа ауыр қылмыс жасаған кезде - жартысынан, ауыр қылмыс жасаған кезде - үштен екiсiнен, аса ауыр қылмыс жасаған кезде төрттен үшiнен аспауға тиiс.";
      5) 58-бапта:
      екiншi бөлiк мынадай редакцияда жазылсын:
      "2. Егер қылмыстар жиынтығында тек ауыр емес және орташа ауыр қылмыстар қамтылса, онда түпкiлiктi жаза қатаңдығы жеңiлiрек жазаны неғұрлым қатаң жазаға сiңiру жолымен тағайындалады.";
      үшiншi бөлiкте:
      "орташа ауырлықтағы қылмыс," деген сөздер алып тасталсын;
      "түпкiлiктi жаза" деген сөздерден кейiн "қатаңдығы жеңiлiрек жазаны неғұрлым қатаң жазаға сiңiру жолымен не" деген сөздермен толықтырылсын;
      6) 59-баптың екiншi бөлiгiндегi "жартысынан", "үштен екiсiнен", "төрттен үшiнен" деген сөздер тиiсiнше "үштен бiрiнен", "жартысынан", "үштен екiсiнен" деген сөздермен ауыстырылсын;
      7) 63-бапта:
      бiрiншi бөлiктегi "бас бостандығын шектеу," деген сөздер алып тасталсын;
      бесiншi және жетiншi бөлiктер алып тасталсын;
      8) 64-бапта:
      екiншi бөлiктегi "өзiне сот жүктеген мiндеттердi орындаудан жалтарса немесе" деген сөздер алып тасталсын;
      үшiншi бөлiк мынадай редакцияда жазылсын:
      "3. Шартты түрде сотталған адам сынақ мерзiмi iшiнде қоғамдық тәртiптi үнемi және қасақана бұзған жағдайда, сот осы баптың бiрiншi бөлiгiнде көрсетiлген органның ұсынысы бойынша шартты түрде соттаудың күшiн жою және сот үкiмiмен тағайындалған жазаны орындау туралы қаулы етедi.";
      9) 67-бап мынадай редакцияда жазылсын:
      "67-бап. Жәбiрленушiмен татуласуына байланысты
               қылмыстық жауаптылықтан босату

      1. Ауыр емес қылмыс жасаған немесе адамның қайтыс болуымен немесе оның денсаулығына ауыр зиян келтiрумен байланысты емес орташа ауыр қылмысты бiрiншi рет жасаған адам, егер ол жәбiрленушiмен татуласса және келтiрiлген зиянның есесiн толтырса, қылмыстық жауаптылықтан босатуға жатады.
      2. Орташа ауыр қылмыс жасаған адам, егер ол жәбiрленушiмен татуласса және жәбiрленушiге келтiрiлген зиянның есесiн толтырса, қылмыстық жауаптылықтан босатылуы мүмкiн.";
      10) 70-бапта:
      екiншi бөлiктегi "63-бабының бесiншi бөлiгiнде көзделген" деген  сөздер "45-бабының бiрiншi бөлiгiнде көзделген" деген сөздермен ауыстырылсын;
      үшiншi бөлiкте:
      а) тармағындағы "кемiнде жартысын" деген сөздер "кемiнде үштен бiрiн" деген сөздермен ауыстырылсын;
      б) тармағындағы "кемiнде үштен екiсiн" деген сөздер "кемiнде жартысын" деген сөздермен ауыстырылсын;
      в) тармағындағы "кемiнде төрттен үшiн" деген сөздер "кемiнде үштен eкіcін" деген сөздермен ауыстырылсын;
      алтыншы бөлiк "оған" деген сөзден кейiн "босатылған адамның тұрғылықты жерi бойынша - " деген сөздермен толықтырылсын;
      11) 71-бапта:
      бiрiншi бөлiктегi "немесе орташа ауырлықтағы" деген сөздер ", орташа ауыр және ауыр" деген сөздермен ауыстырылсын;
      екiншi бөлiк мынадай редакцияда жазылсын:
      "2. Жазаның өтелмеген бөлiгi, сотталған адам ауыр емес және орташа ауыр қылмыс жасағаны үшiн жаза мерзiмiнiң кем дегенде үштен бiр бөлiгiн, ауыр қылмысы үшiн немесе бас бостандығынан айыру түрiндегi жазаны өтеуден шартты түрде мерзiмiнен ерте босатылған және жазаның өтелмей қалған бөлiгi кезеңiнде жаңа қылмыс жасаған адам жаза мерзiмiнiң жартысын нақты өтегеннен кейiн жазаның неғұрлым жеңiл түрiмен ауыстырылуы мүмкiн.";
      12) 72-баптың бiрiншi бөлiгiндегi "сегiз жасқа", "балалары" деген сөздер тиiсiнше "он төрт жасқа", "баласы" деген сөздермен ауыстырылсын;
      13) 79-бапта:
      бiрiншi бөлiк мынадай мазмұндағы г-1) тармақпен толықтырылсын:
      "г-1) бас бостандығын шектеу;";
      мынадай мазмұндағы 5-1-бөлiкпен толықтырылсын:
      "5-1. Кәмелетке толмағандарға бас бостандығын шектеу бiр жылдан екi жылға дейiнгi мерзiмге тағайындалады.";
      жетiншi бөлiк мынадай редакцияда жазылсын:
      "7. Кәмелетке толмағандарға бас бостандығынан айыру он жылдан аспайтын, ал ауырлататын мән-жайларда кiсi өлтiргенi үшiн немесе қылмыстардың жиынтығы бойынша қылмыстардың бiреуi ауырлататын мән-жайларда кiсi өлтiргенi үшiн - он екi жылдан аспайтын мерзiмге тағайындалуы мүмкiн. Он төрт жастан он сегiз жасқа дейiн ауыр емес қылмысты және он төрт жастан он алты жасқа дейiн орташа ауыр қылмысты бiрiншi рет жасаған адамдарға бас бостандығынан айыру тағайындалмайды.";
      14) 111-бапта:
      бiрiншi бөлiктегi ", не бiр жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға" деген сөздер алып тасталсын;
      төртiншi бөлiктiң екiншi абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
      "елу айлық есептiк көрсеткiштен екi жүз айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде немесе сотталған адамның бiр айдан екi айға дейiнгi кезеңдегi жалақысының немесе өзге табысының мөлшерiнде айыппұл салуға, не жүз сағаттан екi жүз сағатқа дейiнгi мерзiмге қоғамдық жұмыстарға тартуға, не үш жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеуге, не төрт айдан алты айға дейiнгi мерзiмге қамауға жазаланады.";
      15) 114-баптың үшiншi бөлiгiнiң екiншi абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
      "елу айлық есептiк көрсеткiштен екi жүз айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде немесе сотталған адамның екi айдан бес айға дейiнгi кезеңдегi жалақысының немесе өзге табысының мөлшерiнде айыппұл салуға, не екi жылға дейiнгi мерзiмге түзеу жұмыстарына, не үш жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеуге, не төрт айдан алты айға дейiнгi мерзiмге қамауға, не үш жылға дейiнгi мерзiмге белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан айыра отырып немесе онсыз жазаланады.";
      16) 115-баптың бiрiншi бөлiгiнде:
      "түзеу жұмыстарына," деген сөздерден кейiн "не екi жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеуге," деген сөздермен толықтырылсын;
      ", не бiр жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға" деген сөздер алып тасталсын;
      17) 137-баптың екiншi абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
      "елу айлық есептiк көрсеткiштен жүз айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде немесе сотталған адамның бiр айға дейiнгi кезеңдегi жалақысы немесе өзге де табысы мөлшерiнде айыппұл салуға немесе жүз сағаттан екi жүз сағатқа дейiнгi мерзiмге қоғамдық жұмыстарға тартуға, не екi жылға дейiнгi мерзiмге түзеу жұмыстарына, не үш жылға дейiнгi мерзiмге белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан айырып немесе онсыз екi жыл мерзiмге дейiн бас бостандығын шектеуге жазаланады.";
      18) 175-баптың екiншi бөлiгiндегi "алты" деген сөз "бес" деген сөзбен ауыстырылсын;
      19) 176-баптың екiншi бөлiгiндегi "алты" деген сөз "бес" деген сөзбен ауыстырылсын;
      20) 177-баптың екiншi бөлiгiндегi "алты" деген сөз "бес" деген сөзбен ауыстырылсын;
      21) 182-баптың бiрiншi бөлiгiндегi ", не екi жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға" деген сөздер алып тасталсын;
      22) 183-бапта:
      бiрiншi бөлiктегi ", не екi жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға" деген сөздер алып тасталсын;
      үшiншi бөлiктегi "алты" деген сөз "бес" деген сөзбен ауыстырылсын;
      23) 184-баптың бiрiншi бөлiгіндегi "бас бостандығынан айыруға" деген сөздер "бас бостандығын шектеуге" деген сөздермен ауыстырылсын;
      24) 185-бапта:
      бiрiншi бөлiк "үш жылға" деген сөздердiң алдынан "бес жүз айлық есептiк көрсеткiштен екi мың айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде немесе сотталған адамның үш айға дейiнгi кезеңдегi жалақысының немесе өзге табысының мөлшерiнде айыппұл салуға немесе" деген сөздермен толықтырылсын;
      екiншi бөлiктегi "алты" деген сөз "бес" деген сөзбен ауыстырылсын;
      25) 188-баптың бiрiншi бөлiгi "айыппұл салуға" деген сөздерден кейiн "немесе жүз сағаттан екi жүз сағатқа дейiнгi мерзiмге қоғамдық жұмыстарға тартуға" деген сөздермен толықтырылсын;
      26) 190-баптың бiрiншi бөлiгiндегi "сақтаумен және өткiзумен" деген сөздер "сақтаумен не өткiзумен" деген сөздермен ауыстырылсын;
      27) 196-баптың бiрiншi бөлiгi "түзеу жұмыстарына," деген сөздерден кейiн "не екi жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеуге," деген сөздермен толықтырылсын;
      28) 198-бап "түзеу жұмыстарына," деген сөздерден кейiн "не екi жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеуге," деген сөздермен толықтырылсын;
      29) 223-баптың ескертуiндегi "алтыдан бiр" деген сөздер "үштен бiр" деген сөздермен ауыстырылсын;
      30) 227-бапта:
      бiрiншi бөлiгi "ақпаратқа заңсыз кiру," деген сөздерден кейiн "сол сияқты ЭЕМ-ге, ЭEM жүйесiне немесе олардың желiсiне кiре алатын адамның ЭЕМ-дi, ЭEM жүйесiн немесе олардың желiлерiн пайдалану ережелерiн бұзуы," деген сөздермен толықтырылсын;
      екiншi бөлiктегi ", сондай-ақ ЭЕМ-ге, ЭЕМ жүйесiне немесе олардың желiсiне кiре алатын адам" деген сөздер алып тасталып, "бойынша жасалған" деген сөздерден кейiн "немесе" деген сөзбен толықтырылсын, "топ не" деген сөздер "топ жасаған не адам" деген сөздермен ауыстырылсын;
      31) 236-баптың екiншi бөлiгiндегi "бес" деген сөз "үш" деген сөзбен ауыстырылсын;
      32) 248-баптың үшiншi бөлiгiндегi в) тармағы алып тасталсын, б) тармағы "топ" деген сөзден кейiнгi нүктелi үтiр алып тасталып, "жасаған әрекеттер - " деген сөздермен толықтырылсын;
      33) 252-баптың төртiншi бөлiгi "жүз сексен" деген сөздердiң алдынан "екi жүз айлық есептiк көрсеткiштен бес жүз айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде немесе сотталған адамның төрт айға дейiнгi кезеңдегi жалақысының немесе өзге табысының мөлшерiнде айыппұл салуға не" деген сөздермен толықтырылсын;
      34) 253-баптағы ", не бiр жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға" деген сөздер алып тасталсын;
      35) 255-баптың төртiншi бөлiгiндегi в) тармағы алып тасталсын, а) тармағы "топ" деген сөзден кейiн "жасаса" деген сөзбен толықтырылсын, б) тармағы "қорқыту арқылы" деген сөздерден кейiнгi нүктелi үтiр алып тасталып, "жасалса" деген сөзбен толықтырылсын;
      36) 257-баптың бiрiншi бөлiгiнде:
      "жүз жиырма" деген сөздердiң алдынан "екi жүз айлық есептiк көрсеткiштен бес жүз айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде немесе сотталған адамның төрт айға дейiнгi кезеңдегi жалақысының немесе өзге табысының мөлшерiнде айыппұл салуға, не" деген сөздермен толықтырылсын;
      "үш жылға" деген сөздер "екi жылға" деген сөздермен ауыстырылсын;
      37) 272-баптың бiрiншi бөлiгi "алты айға" деген сөздердiң алдынан "екi жүз айлық есептiк көрсеткiштен бес жүз айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде немесе сотталған адамның төрт айға дейiнгi кезеңдегi жалақысының немесе өзге табысының мөлшерiнде айыппұл салуға, не" деген сөздермен толықтырылсын;
      38) 273-баптағы "үш" деген сөз "екi" деген сөзбен ауыстырылсын;
      39) 276-баптың екiншi бөлiгіндегi "не екi жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға" деген сөздер "не екi жылға дейiнгi мерзiмге түзеу жұмыстарына, не екi жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеуге, не үш айдан алты айға дейiнгi мерзiмге қамауға" деген сөздермен ауыстырылсын;
      40) 347-баптың екiншi бөлiгi алып тасталсын;
      41) мынадай мазмұндағы 347-1-баппен толықтырылсын:
      "347-1-бап. Қинау

      1. Тергеушiнiң, анықтауды жүргiзушi адамның немесе өзге лауазымды адамның қиналушыдан немесе үшiншi адамнан мәлiметтер алу немесе мойындату, не оны ол жасаған немесе жасады деп күдiк келтiрiлген iс-әрекет үшiн жазалау, сондай-ақ оны немесе үшiншi адамды кез келген сипаттағы кемсiтуге негiзделген кез келген себеп бойынша қорқыту немесе мәжбүр ету мақсатымен әдейi тән зардабын және психикалық зардап шектiруi, -
      екi жүз айлық есептiк көрсеткiштен бес жүз айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде немесе сотталған адамның екi айдан бес айға дейiнгi кезеңдегi жалақысының немесе өзге табысының мөлшерiнде айыппұл салуға, не үш жылға дейiнгi мерзiмге белгiлi бiр лауазымды атқару құқығынан айыруға, не бес жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеуге, не нақ сол мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
      2. Дәл сол әрекет:
      а) адамдар тобымен немесе алдын ала сөз байласқан адамдар тобымен;
      б) бiрнеше рет;
      в) денсаулыққа орташа ауыр зиян келтiрумен;
      г) кiнәлi адам жүктi әйелге қатысты көрiнеу жасаса немесе кәмелетке толмаған адамға қатысты жасалса, -
      үш жылға дейiнгi мерзiмге белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан айыра отырып, жетi жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
      3. Дәл сол әрекет жәбiрленушiнiң денсаулығына ауыр зиян келтiруге немесе абайсызда оның өлiмiне әкеп соқса, -
      үш жылға дейiнгi мерзiмге белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан айыра отырып, бес жылдан он жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
      Ескерту.
      Лауазымды адамдардың заңды iс-әрекетi нәтижесiнде келтiрiлген тән зардабы және психикалық зардап қинау деп танылмайды.";
      42) 353-баптың тақырыбындағы және мәтiнiндегi "немесе жалтаруы" деген сөздер алып тасталсын;
      43) 370-баптың бiрiншi бөлiгiндегi "немесе үш жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға" деген сөздер алып тасталсын;
      44) 371-баптың бiрiншi бөлiгiндегi "не сол мерзiмге тәртiптiк әскери бөлiмде ұстауға" деген сөздер алып тасталсын;
      45) 372-бапта:
      үшiншi бөлiктегi ", не үш жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға" деген сөздер алып тасталсын;
      төртiншi бөлiктегi "бес" деген сөз "үш" деген сөзбен ауыстырылсын;
      46) 373-бапта:
      бiрiншi бөлiктегi "жетi" деген сөз "бес" деген сөзбен ауыстырылсын;
      екiншi бөлiктегi "он" деген сөз "жетi" деген сөзбен ауыстырылсын;
      47) 374-баптың екiншi бөлiгiндегi "жетi" деген сөз "бес" деген сөзбен ауыстырылсын;
      48) 378-баптың бiрiншi бөлiгiндегi ", не екi жылға дейiнгі мерзiмге бас бостандығынан айыруға" деген сөздер алып тасталсын.

      2. 1997 жылғы 13 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Қылмыстық iс жүргiзу кодексiне  (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1997 ж., N 23, 335-құжат; 1998 ж., N 23, 416-құжат; 2000 ж., N 3-4, 66-құжат; N 6, 141-құжат; 2001 ж., N 8, 53-құжат; N 15-16, 239-құжат; N 17-18, 245-құжат; N 21-22, 281-құжат; 2002 ж., N 4, 32, 33-құжаттар; N 17, 155-құжат):
      1) 37-баптың бiрiншi бөлiгiнiң 5) тармағы "болмауы" деген сөзден кейiн ", Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексiнiң  67-бабының бiрiншi бөлiгiнде көзделген жағдайларда, жәбiрленушiнiң күдiктiмен немесе айыпталушымен татуласуы" деген сөздермен толықтырылсын;
      2) 68-баптың екiншi бөлiгiндегi "алғашқы жауап алу аяқталғаннан кейiн" деген сөздер алып тасталсын;
      3) 69-баптың екiншi бөлiгi "кез келген көлемде көшiрiп алуға;" деген сөздерден кейiн "айыптау қорытындысының және оның қосымшаларының көшiрмелерiн алуға;" деген сөздермен толықтырылсын;
      4) 83-баптың үшiншi бөлiгi "аудармашының тегiн көмегiн пайдалануға;" деген сөздерден кейiн "аудармашыдан бас тартуға;" деген сөздермен толықтырылсын";
      5) 84-баптың екiншi бөлiгi "қылмыстық процестi жүргiзушi органның iс-әрекетiне шағым жасауға;" деген сөздерден кейiн "аудармашыдан бас тартуға;" деген сөздермен толықтырылсын;
      6) 108-баптың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
      "108-бап. Анықтаушының, анықтау органының, тергеушiнiң, прокурордың iс-әрекетi мен шешiмiне шағымды қарау тәртiбi";
      7) 110-баптың екiншi бөлiгi мынадай редакцияда жазылсын:
      "2. Судья қылмыстық iзге түсу органынан iстi талап етiп ала отырып, iс түскен кезден бастап үш тәулiктен кешiктiрмей жабық отырыста прокурордың күдiктiге, айыпталушыға бұлтартпау шарасы ретiнде қамауды қолдануға берген санкциясының заңдылығы мен негiздiлiгiн тексерудi жеке өзi жүзеге асырады. Қылмыстық iзге түсу органы судьяның сұрау салуын алғаннан кейiнгi үш тәулiктiң iшiнде оған қылмыстық iстi табыс етуге мiндеттi.";
      8) 116-баптың бiрiншi бөлiгiнiң 1) тармағындағы "күш қолдану" деген сөздiң алдынан "қинау," деген сөзбен толықтырылсын;
      9) 121-бапта:
      екiншi бөлiк "Заттай" деген сөз кiшi әрiппен жазылып, оның алдынан "Осы Кодекстiң 223-бабының төртiншi бөлiгiнде көзделген жағдайларды қоспағанда," деген сөздермен толықтырылсын;
      үшiншi бөлiктiң 4) тармағы "өзге де құндылықтар" деген сөздерден кейiн ", сондай-ақ заңсыз кәсiпкерлiк және контрабандалық заттар" деген сөздермен толықтырылсын;
      10) 125-баптың үшiншi бөлiгiнде:
      "жеке адамдардан" деген сөздер "олардың келiсiмiмен адамдардан" деген сөздермен ауыстырылсын;
      "заңмен белгiленген тәртiпте" деген сөздер "он күн iшiнде" деген сөздермен ауыстырылсын;
      11) 150-баптың бiрiншi бөлiгiндегi "заңмен екi жылдан артық мерзiмге бас бостандығынан айыру түрiндегi жаза көзделген қылмыс жасалғандығына" деген сөздер "заңмен екi жылдан артық мерзiмге бас бостандығынан айыру түрiндегi жаза көзделген әдейi қылмыс жасалғандығы және заңмен үш жылдан артық мерзiмге бас бостандығынан айыру түрiндегi жаза көзделген абайсызда қылмыс жасалғандығы үшiн" деген сөздермен ауыстырылсын;
      12) 160-баптың бiрiншi сөйлемi мынадай редакцияда жазылсын:
      "Осы Кодекстiң 75, 82, 84, 85, 86, 145, 147-баптарында көзделген iс жүргiзу мiндеттерiн орындамағаны және сот отырысында тәртiп бұзғаны үшiн жәбiрленушiден, куәдан, маманнан, аудармашыдан және өзге де адамдардан ақша өндiрiлiп алынуы мүмкiн.";
      13) 191-баптың үшiншi бөлiгiндегi "салық полициясы" деген сөздер "қаржы полициясы" деген сөздермен ауыстырылсын;
      14) 192-бапта:
      екiншi бөлiкте:
      "367-бабында (екiншi және төртiншi бөлiктерiнде)" деген сөздер "367-бабында (төртiншi бөлiгiнде)" деген сөздермен ауыстырылсын;
      "372-бабында (төртiншi бөлiгiнде)," деген сөздер алып тасталсын;
      "374-бабында (бiрiншi және екiншi бөлiктерiнде)" деген сөздер "374-бабында (екiншi бөлiгiнде)" деген сөздермен ауыстырылсын;
      "378-бабында (екiншi бөлiгiнде), 379-бабында (екiншi бөлiгiнде), 387-бабында (екiншi бөлiгiнде)" деген сөздер алып тасталсын;
      үшiншi бөлiктегi "176-бабында (екiншi және үшінші бөлiктерiнде)," деген сөздер алып тасталсын;
      4-1-бөлiгі "311-бабында (үшiншi және төртiншi бөлiктерiнде)" деген сөздерден кейiн ", 347-1-бабында, 380-бабында (екiншi бөлiгiнде), 381-бабында (екiншi бөлiгiнде)" деген сөздермен толықтырылсын;
      15) 285-бапта:
      екiншi бөлiктегi ", 369 (бiрiншi бөлiгiнде)" деген сөздер алып тасталсын;
      бесiншi бөлiкте:
      "367 (бiрiншi бөлiгiнде)" деген сөздер "367 (бiрiншi және екiншi бөлiктерiнде)" деген сөздермен ауыстырылсын;
      "370 (бiрiншi және екiншi бөлiктерiнде)" деген сөздер "368 (бiрiншi бөлiгiнде), 369 (бiрiншi бөлiгінде), 370 (бiрiншi және екiншi бөлiктерiнде)" деген сөздермен ауыстырылсын;
      "372 (бiрiншi, екiншi және үшiншi бөлiктерiнде)" деген сөздер "372 (бiрiншi, екiншi, үшiншi және төртiншi бөлiктерiнде)" деген сөздермен ауыстырылсын;
      "373 (бiрiншi бөлiгiнде)," деген сөздерден кейiн "374 (бiрiншi бөлiгiнде)," деген сөздермен толықтырылсын;
      "378 (бiрiншi бөлiгiнде)" деген сөздер "378 (бiрiншi және екiншi бөлiктерiнде)" деген сөздермен ауыстырылсын;
      "379 (бiрiншi бөлiгiнде), 387 (бiрiншi бөлiгiнде)" деген сөздер "379 (бiрiншi және екiншi бөлiктерiнде), 380 (бiрiншi бөлiгiнде), 381 (бiрiншi бөлiгiнде), 387 (бiрiншi және екiншi бөлiктерiнде)" деген сөздермен ауыстырылсын;
      8-1-бөлiктегi "салық полициясы" деген сөздер "қаржы полициясы" деген сөздермен ауыстырылсын;
      16) 286-баптың алтыншы бөлiгiндегi ", сондай-ақ егер анықтаушының пiкiрiнше дәлелдемелердi бекiту үшiн жауап алу қажет болғанда" деген сөздер алып тасталсын;
      17) 347-баптың бiрiншi бөлiгi "тергеуiнде" деген сөзден кейiн "айыптаушы және қорғаушы" деген сөздермен толықтырылсын;
      18) 363-бапта:
      бiрiншi бөлiк мынадай редакцияда жазылсын:
      "1. Ауыр емес және орташа ауыр қылмыстар туралы iстер бойынша, егер:
      1) сотталушы өзiнiң кiнәсiн толық көлемiнде, оның iшiнде өзiне қойылған талап-арызды мойындаса;
      2) сотқа дейiнгi іс жүргiзу барысында процеске қатысушылардың құқығына нұқсан келтiретiн, осы Кодексте белгiленген ережелердiң бұзылуына жол берiлмесе;
      3) процеске қатысушылар iс бойынша жиналған дәлелдемелердiң қатыстылығы мен жол берушiлiгiне дау туғызбаса және оларды сот отырысында зерттеудi талап етпесе, сот талқылауы қысқартылған тәртiппен жүргiзiледi.";
      екiншi бөлiк алып тасталсын;
      19) 421-бапта:
      бiрiншi бөлiктiң 8) тармақшасындағы "құқылы" деген сөз алып тасталып, "белгiлеуге" деген сөзден кейiн нүктелi үтiр қойылсын, мынадай мазмұндағы 9) тармақшамен толықтырылсын:
      "9) егер сот үкiмiмен тағайындалған жаза тым жұмсақ деп танылса, жаза мөлшерiн ұлғайтуға немесе жазаның неғұрлым қатаң түрін тағайындауға құқылы.";
      екiншi бөлiктегi "3)-8)" деген цифрлар "3)-9)" деген цифрлармен ауыстырылсын;
      20) 453-бапта:
      5) тармақтағы ", сол сияқты сотталушы үшiн белгiленген мiндеттердi жою не толықтыру (Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексiнiң 63-бабы) туралы" деген сөздер алып тасталсын;
      мынадай мазмұндағы 5-1) тармақпен толықтырылсын;
      "5-1) бас бостандығын шектеуге сотталған адам үшiн бұрын белгiленген мiндеттердiң толық немесе iшiнара күшiн жою туралы (Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексiнiң  45-бабы);".

      3. 1997 жылғы 13 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Қылмыстық-атқару кодексiне  (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1997 ж., N 24, 337-құжат; 2000 ж., N 6, 141-құжат; N 8, 189-құжат; N 18, 339-құжат; 2001 ж., N 8, 53-құжат; N 17-18, 245-құжат; N 24, 338-құжат):
      1) 14-бапта:
      2-тармақтағы "түзеу орталықтары," деген сөздер алып тасталсын;
      5-тармақтағы "және өлiм жазасы" деген сөздер алып тасталсын;
      8-тармақта:
      ", сондай-ақ" деген сөз "және" деген сөзбен ауыстырылсын;
      "оқшаулау орындары атқарады" деген сөздерден кейiн ", сондай-ақ ең ауыр жаза - өлiм жазасы тергеушiлiк оқшаулау орындарында атқарылады" деген сөздермен толықтырылсын;
      2) 33-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      "2. Қоғамдық жұмыстарға тарту түрiндегi жазаға сотталған адамдардың еңбегiн ұйымның пайдалануы өтеусiз негiзде жүзеге асырылады. Сотталған адамдар орындаған жұмыстың көлемi мен құны ұйымда қолданылып жүрген бағалау бойынша бөлек есептеледi және есептелген ақшалай қаражат тиiстi бюджетке аударылады.";
      3) 8-тарау мынадай редакцияда жазылсын:
      "8-тарау. Бас бостандығын шектеу түрiндегi жазаны
                атқарудың тәртiбi мен шарттары

      43-бап. Бас бостандығын шектеу түрiндегi жазаны өтеу
              орны

      1. Бас бостандығын шектеуге сотталған адамдар жазаны оларға қадағалауды қылмыстық-атқару инспекцияларының жүзеге асыруы жағдайында тұратын жерi бойынша өтейдi.
      2. Жергiлiктi атқарушы органдар қылмыстық-атқару инспекцияларына бас бостандығын шектеуге сотталған адамдардың еңбекке орналастырылып, тұрмыстық жайластырылуына жәрдемдесуге мiндеттi.

      44-бап. Бас бостандығын шектеуге сотталған адамдарды
              жазасын өтеу орнына жiберу

      1. Бас бостандығынан айырудың өтелмеген бөлiгi бас бостандығын шектеу түрiндегi жазаға ауыстырылған сотталған адамдар күзетте ұстаудан босатылады және жазасын өтеу орнына мемлекет есебiнен өздерi барады. Түзеу мекемесiнiң әкiмшiлiгi сотталған адамға оны есепке қою үшiн қылмыстық-атқару инспекциясына бару бағыты мен уақытын көрсете отырып, жазаны өтеу орнына бару туралы нұсқама бередi.
      2. Сотталған адам жазасын өтеу орнына белгiленген мерзiмде барып жетпеген жағдайда iшкi iстер органдары оны iздестiрудi жүзеге асырады.
      3. Сотталған адам ұсталғаннан кейiн бас бостандығын шектеудi бас бостандығынан айыруға ауыстыру туралы мәселенi шешу үшiн материалдар оның ұсталған жерiндегi сотқа берiледi.

      45-бап. Бас бостандығын шектеу түрiндегi жазаның мерзiмiн
              есептеу

      1. Бас бостандығын шектеу түрiндегi жазаның мерзiмi қылмыстық-атқару инспекциясының үкiмдi орындауға қабылдаған кезiнен бастап есептеледi.
      2. Сотталған адамның жұмыста немесе тұрғылықты жерiнде бiр тәулiктен артық өз бетiмен болмаған уақыты жаза мерзiмiне есептелмейдi.

      46-бап. Бас бостандығын шектеу түрiндегi жазаны өтеу тәртiбi

      1. Бас бостандығын шектеу түрiндегi жазаны өтейтiн адамдар қадағалауда болады және:
      қылмыстық-атқару инспекцияларының Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнiң нормативтiк құқықтық актiлерiмен бекiтiлген режимдiк талаптарын орындауға;
      қылмыстық-атқару инспекциясы әкiмшiлiгiнiң рұқсатынсыз жұмыс, оқу орнын және тұрғылықты жерiн ауыстырмауға;
      оқудан және жұмыстан бос уақытта тұратын жерiнде болуға;
      қылмыстық-атқару инспекциясының әкiмшiлiгі белгiлеген мерзiмде тiркелу және тәрбиелiк iс-шаралар өткiзуге қатысу үшiн қылмыстық-атқару инспекциясына келуге;
      жұмыс немесе оқу кестесiнiң өзгеруi туралы қылмыстық-атқару инспекциясы әкiмшiлiгiн жиырма төрт сағат iшiнде хабардар етуге;
      жеке басын куәландыратын белгiленген үлгiдегi құжатты өзiмен бiрге алып жүруге мiндеттi.
      2. Бас бостандығын шектеу түрiндегi жазаны өтеушi сотталған адамдарға жазаны өтеу орны бойынша облыс шегiнде орналасқан жоғары және арнаулы орта оқу орындарында оқуға рұқсат етiледi. Сотталған адам қылмыстық-атқару инспекциясы әкiмшiлiгiнiң келiсiмiмен өзге жерде орналасқан жоғары және арнаулы орта оқу орындарында оқи алады.

      47-бап. Бас бостандығын шектеу түрiндегi жазаны өтеушi
              адамдардың еңбек жағдайлары

      1. Бас бостандығын шектеуге сотталған адамдардың еңбегi, осы Кодекспен белгiленген ережелердi қоспағанда, Қазақстан Республикасының еңбек туралы заңдарымен реттеледi.
      2. Сотталған адамды басқа жұмысқа, оның iшiнде басқа жерге ауыстыру қылмыстық-атқару инспекциясы әкiмшiлiгiнiң келiсiмiмен жүзеге асырылады.

      48-бап. Бас бостандығын шектеу түрiндегi жазаны өтеушi
              адамдармен тәрбие жұмысы

      1. Қылмыстық-атқару инспекциясының әкімшілігі бас бостандығын шектеу түрiндегi жазаны өтеушi адамдармен тәрбие жұмысын жүргізеді.
      2. Сотталған адамдардың тәрбиелiк сипатта жүргiзiлетiн iс-шараларға белсендi қатысуы көтермеленедi және түзелу деңгейiн анықтаған кезде ескерiледi.

      49-бап. Бас бостандығын шектеу түрiндегi жазаны өтеуші
              адамдарға қолданылатын көтермелеу шаралары

      1. Қылмыстық-атқару инспекциясының әкiмшiлiгi жазаны өтеудiң белгiленген тәртiбiн адал орындағаны үшiн сотталған адамдарға мынадай көтермелеу шараларын:
      алғыс жариялау;
      бұрын қолданылған жазаны мерзiмiнен бұрын алу;
      демалыс және мереке күндерiн тұратын жерiнiң шегiнен тыс жерлерде өткiзуге рұқсат беру;
      демалысын тұратын жерiнiң шегiнен шығып өткiзуге рұқсат беру шараларын қолдана алады.
      2. Сотталған адамдар осы Кодексте белгiленген тәртiппен шартты түрде мерзiмiнен бұрын босатуға немесе жазаның өтелмеген бөлiгiн неғұрлым жұмсақ жазамен ауыстыруға ұсынылуы мүмкiн.

      50-бап. Бас бостандығын шектеу түрiндегі жазаны өтеушi
              адамдарға қолданылатын жазалау шаралары

      1. Қылмыстық-атқару инспекциясының әкiмшiлiгi жазаны өтеу тәртiбiн бұзушы сотталған адамдарға мынадай жазалау шараларын:
      сөгiс беру;
      демалыс және мереке күндерiнде тұратын жерiнiң шегiнен шығуға бiр айға дейiнгi мерзiмге тыйым салу;
      бас бостандығын шектеудiң бас бостандығынан айырумен ауыстырылуы мүмкiн екендiгi туралы ескерту шараларын қолдана алады.
      2. Қылмыстық-атқару инспекциясының әкiмшiлiгi жазасын өтеуден қасақана жалтарушы адамдарға қатысты бас бостандығын шектеудi бас бостандығынан айырумен ауыстыру туралы мәселелердi шешу үшiн сотқа материалдарды табыс етедi.

      51-бап. Бас бостандығын шектеу түрiндегi жазаны өтеушi
              адамдарға көтермелеу және жазалау шараларын
              қолдану тәртiбi

      1. Көтермелеу және жазалау шаралары жазбаша түрде қолданылады.
      2. Жазалау шараларын қолдану кезiнде құқық бұзушылық жасалған мән-жайлар, сотталған адамның жеке басы мен оның терiс қылық жасағанға дейiнгi мiнез-құлқы ескерiледi. Тағайындалатын жаза сотталған адам жасаған терiс қылықтың сипаты мен ауырлығына сәйкес болуға тиiс. Жаза терiс қылық анықталған күннен бастап он тәулiктен кешiктiрiлмей, ал егер терiс қылыққа байланысты тексеру жүргiзiлсе - оның аяқталған күнiнен бастап, бiрақ терiс қылық жасалған күннен бастап бiр айдан кешiктiрiлмей тағайындалады. Жаза жиырма төрт сағат iшiнде, ал ерекше жағдайларда - ол тағайындалған күннен бастап бiр айдан кешiктiрiлмей атқарылады.
      3. Осы Кодексте көзделген көтермелеу және жазалау шараларын қолдану құқығын қылмыстық-атқару инспекциясының бастығы немесе оның орнында қалған адам толық көлемде пайдаланады.

      52-бап. Бас бостандығын шектеу түрiндегi жазаны өтеуден
              қасақана жалтару және бас бостандығын шектеу
              түрiндегi жазаны өтеудiң тәртiбi мен шарттарын бұзу

      1. Демалысын немесе демалыс және мереке күндерiн өткiзген орыннан дәлелсiз себептермен дер кезiнде келмеу, сондай-ақ жұмыс орнынан немесе тұратын жерiнен өз бетiнше кетiп қалу, спирт iшiмдiктерiн бiрнеше рет пайдалану мен есiрткi заттарын медициналық емес мақсаттарда пайдалану, қылмыстық-атқару инспекциясы қызметкерлерiнiң заңды талаптарын орындаудан бас тарту бас бостандығын шектеу түрiндегi жазаны өтеуден қасақана жалтару болып табылады.
      2. Еңбек тәртiбiн, қоғамдық тәртiптi және сотталған адам үшiн белгіленген тұру ережелерiн кемiнде үш peт бұзу, сондай-ақ кейiн жасалған әрбiр тәртiп бұзушылық алдыңғы сына жаза тағайындалғаннан кейiн жасалған жағдайда оған жаза тағайындалғаны үшiн сот жүктеген мiндеттердi орындаудан бас тарту жазаны өтеу тәртiбi мен шарттарын бұзушылық болып табылады.

      53-бап. Сотталған адамдарды қадағалау және бас
              бостандығын шектеу түрiндегi жазаны өтеу
              тәртiбiн бұзушылықтың алдын алу шаралары

      1. Бас бостандығын шектеу түрiндегi жазаны өтеушiлердi қадағалауды қылмыстық-атқару инспекциясының әкiмшiлігі жүзеге асырады және сотталған адамдарға олардың тұратын жерi мен жұмыс орны бойынша, сондай-ақ жұмыстан бос уақытында байқау мен бақылау жасауды қамтамасыз етедi. Қадағалауды жүзеге асыру тәртiбi Қазақстан Республикасының нормативтiк құқықтық актiлермен белгiленедi.
      2. Сотталған адамға бас бостандығын шектеу түрiндегi жазаны бас бостандығынан айыруға ауыстыру туралы мәселенi шешу кезiнде оны iшкi iстер органдары прокурордың санкциясымен жазаны өтеуден жалтарудың жолын кесу және материалдарды сотқа беру мақсатында он тәулiкке дейiнгi мерзiмге ұстауы мүмкiн.
      3. Жазаны өтеуден қасақана жалтарушы сотталған адамды iшкi iстер органы жалтару себептерiн анықтау үшiн прокурордың санкциясымен он тәулiкке дейiнгi мерзiмге ұстауы мүмкiн. Қажет болған жағдайда iшкi iстер органы ұсталған адамды жазаны өтеу орнына бас бостандығынан айыруға сотталған адамдар үшiн белгiленген тәртiппен жiбередi және жазаны өтеуден қасақана жалтарғаны туралы деректер болған жағдайда, сотталған адамның бас бостандығын шектеудiң өтелмеген мерзiмiн бас бостандығынан айыруға ауыстыру туралы мәселенi шешу үшiн материалдарды сотталған адамның ұсталған жерi бойынша сотқа бередi.";
      4) 58-баптың 1-тармағы мынадай мазмұндағы сөйлеммен толықтырылсын:
      "Сондай-ақ қылмыстық iс-әрекет объектiсi, қылмыс жасау қаруы немесе құралы, айналымнан алынып қойылған зат болып табылатын мүлiк сот үкiмi бойынша тәркiленуге жатады.";
      5) 73-баптың 2-тармағының үшiншi абзацында "жаза мерзiмiнiң кемiнде үштен бiрiн" деген сөздер "ауыр емес және орташа ауыр қылмыстар жасағаны үшiн жаза мерзiмiнiң кемiнде төрттен бiрiн, ауыр қылмыстар жасағаны үшiн жаза мерзiмiнiң кемiнде үштен бiрiн" деген сөздермен ауыстырылсын;
      6) 83-баптың 4-тармағындағы "(жүктiлiгiнiң төртiншi айынан бастап)" деген сөздер алып тасталсын;
      7) 87-бапта:
      1-тармақтың бiрiншi сөйлемi мынадай редакцияда жазылсын:
      "1. Сотталған адамның телефон арқылы әр сөйлескенде ұзақтығы он бec минутқа дейiн сөйлесуге құқығы бар.";
      2-тармақ алып тасталсын;
      8) 97-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      "2. Қылмыстық-атқару жүйесiнде сотталған адамдарға медициналық қызмет көрсету үшiн емдеу-профилактика мекемелерi (ауруханалар, арнаулы психиатрия және туберкулез ауруханалары; медициналық бөлiмдер), ал туберкулездiң ашық түрiмен ауыратын сотталған адамдарды ұстау және емханада емдеу үшiн мәжбүрлеп емдеудi жүзеге асыратын емдеу құқығындағы түзеу мекемелерi ұйымдастырылады. Алкогольге салынумен, нашақорлықпен және уытқұмарлықпен ауыратын сотталған адамдарды мәжбүрлеп емдеу түзеу колонияларының медициналық бөлiмiнде жүзеге асырылуы мүмкін.";
      9) 112-баптың 3-тармағында:
      "тәртiптiк айыппұл, " деген сөздер алып тасталсын;
      "үй-жайларға көшiру" деген сөздерден кейiн ", айып оқшаулау орнына орналастыру" деген сөздермен толықтырылсын;
      10) 113-баптың 7-тармағында "жыл" деген сөз "алты ай" деген сөздермен ауыстырылсын;
      11) 116-баптың 4-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      "4. Дағдылы, жеңiлдетiлген және жеңiлдiктi жағдайларда жазасын өтеушi сотталған адамдар - жазаны өтеудiң белгiленген тәртiбiн қасақана бұзушылар қатаң жағдайға көшiрiлуi мүмкiн. Жеңiлдетiлген және жеңiлдiктi жағдайларда жазасын өтеушi сотталған адамдар - жазаны өтеудiң белгiленген тәртiбiн бұзушылар дағдылы жағдайға көшiрiледi.";
      12) 118-бапта:
      3-тармақтағы "төрттен үшi", "алты айын" деген сөздер "үштен екiсi", "үш айын" деген сөздермен ауыстырылсын;
      4-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      "4. Дағдылы, жеңiлдетiлген және жеңiлдiктi жағдайларда жазасын өтеушi сотталған адамдар - жазаны өтеудiң белгiленген тәртiбiн қасақана бұзушылар қатаң жағдайға көшiрiлуi мүмкiн. Жеңiлдетiлген және жеңiлдiктi жағдайларда жазасын өтеушi сотталған адамдар - жазаны өтеудiң белгiленген тәртiбiн бұзушылар дағдылы жағдайға көшiрiледi.";
      13) 120-баптың 3-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      "3. Дағдылы және жеңiлдетiлген жағдайларда жазасын өтеушi сотталған адамдар - жазаны өтеудiң белгiленген тәртiбiн қасақана бұзушылар қатаң жағдайға көшiрiлуi мүмкiн. Жеңiлдетiлген жағдайда жазасын өтеушi сотталған адамдар - жазаны өтеудiң белгiленген тәртiбiн бұзушылар дағдылы жағдайға көшiрiледi.";
      14) 165-баптың 3-тармағындағы "түзеу мекемесiнiң" деген сөздер "тергеушiлiк оқшаулау орнының" деген сөздермен ауыстырылсын;
      15) 171-баптың 1-тармағындағы "сегiз жасқа" деген сөздер "он төрт жасқа" деген сөздермен ауыстырылсын;
      16) 172-баптың тақырыбындағы және 4-тармағындағы "сегiз жасқа" деген сөздер он төрт жасқа" деген сөздермен ауыстырылсын;
      17) 182-бапта:
      1-тармақтағы "және өздерiне сот жүктеген мiндеттерiн орындауын" деген сөздер алып тасталсын;
      4-тармақтағы "өздерiне сот жүктеген мiндеттердi орындауға," деген сөздер алып тасталсын;
      18) 184-бапта:
      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "1. Сотталған адам қоғамдық тәртiптi бұзған, ол үшiн әкімшілік жаза қолданылған жағдайда, қылмыстық-атқару инспекциясы оған шартты сотталудың күшi жойылуы мүмкін екендiгi туралы жазбаша нысанда ескертедi.";
      2-тармақ алып тасталсын;
      4 және 5-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
      "4. Шартты сотталған адам сынақ мерзiмi iшiнде қоғамдық тәртiптi үнемi бұзған жағдайда, не егер сотталған адам бақылаудан жасырынса, сотқа шартты жазаның күшiн жою туралы ұсыныс жiберiледi.
      5. Шартты сотталған адамға бір жыл ішінде екі рет әкімшілік жазаның қолданылуы оның қоғамдық тәртіпті үнемі бұзуы болып есептеледі.".

      Қазақстан Республикасының
      Президенті

     

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады