1-бап. "Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы" 1997 жылғы 20 маусымдағы Қазақстан Республикасының
Заңына
(Қазақстан Республикасы Парламентiнің Жаршысы, 1997 ж., N 12, 186-құжат; 1998 ж., N 24, 437-құжат; 1999 ж., N 8, 237-құжат; N 23, 925-құжат; 2001 ж., N 17-18, 245-құжат; N 20, 257-құжат, 2002 ж., N 1, 1-құжат) мынадай өзгерiстер мен толықтырулар енгізiлсiн:
1) Заңның бүкiл мәтіні бойынша:
бөлiмдердің нөмiрленуi араб цифрларымен белгiленсiн;
"Зейнетақымен қамсыздандыру туралы заңдар" деген сөздер "Қазақстан Республикасының зейнетақымен қамсыздандыру туралы заңдары" деген сөздермен, "салық заңдарына" деген сөздер "Қазақстан Республикасының салық заңдарына" деген сөздермен, "заңдарға" деген сөз "Қазақстан Республикасының заңдарына" деген сөздермен, "заңдарда" деген сөз "Қазақстан Республикасының заңдарында" деген сөздермен, "зейнетақымен қамсыздандыру туралы заңдарға" деген сөздер "Қазақстан Республикасының зейнетақымен қамсыздандыру туралы заңдарына" деген сөздермен, "лицензиялау туралы заңдармен" деген сөздер "Қазақстан Республикасының лицензиялау туралы заңдарымен" деген сөздермен, "заңдарды" деген сөз "Қазақстан Республикасының заңдарын" деген сөздермен, "монополияға қарсы заңдар" деген сөздер "Қазақстан Республикасының монополияға қарсы заңдары" деген сөздермен "Зейнетақымен қамсыздандыру туралы заңдарды" деген сөздер "Қазақстан Республикасының зейнетақымен қамсыздандыру туралы заңдарын" деген сөздермен, "зейнетақы заңдары" деген сөздер "Қазақстан Республикасының зейнетақы заңдары" деген сөздермен, "заңдармен" деген сөз "Қазақстан Республикасының заңдарымен" деген сөздермен ауыстырылсын; "заң актiсiнде", "заң актiлерiмен" деген сөздердiң алдынан "Қазақстан Республикасының" деген сөздермен толықтырылсын;
"басқару жөнiндегi компания" деген сөздер "басқаруды жүзеге асыратын ұйым" деген сөздермен, "басқару жөнiндегi компанияның" деген сөздер "басқаруды жүзеге асыратын ұйымның" деген сөздермен, "басқару жөнiндегi компаниялар" деген сөздер "басқаруды жүзеге асыратын ұйымдар" деген сөздермен, "басқару жөнiндегi компанияларды" деген сөздер "басқаруды жүзеге асыратын ұйымдарды" деген сөздермен, "басқару компанияларымен" деген сөздер "басқаруды жүзеге асыратын ұйымдармен" деген сөздермен, "басқару жөнiндегi компанияларға" деген сөздер "басқаруды жүзеге асыратын ұйымдарға" деген сөздермен, "басқару жөнiндегi компаниямен" деген сөздер "басқаруды жүзеге асыратын ұйыммен" деген сөздермен, "басқару жөнiндегi аффилиирлендiрiлмеген компаниялармен" деген сөздер "басқаруды жүзеге асыратын аффилиирленбеген ұйымдармен" деген сөздермен, "басқару жөнiндегi аффилиирлендiрiлген компанияларға" деген сөздер "басқаруды жүзеге асыратын аффилиирленген ұйымдарға" деген сөздермен ауыстырылсын;
"жинақтаушы зейнетақы активтерiн басқару жөнiндегi" деген сөздер "зейнетақы активтерiн инвестициялық басқару" деген сөздермен ауыстырылсын;
2) 1-бап мынадай редакцияда жазылсын:
"1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негiзгi ұғымдар
Осы Заңда мынадай негiзгi ұғымдар пайдаланылады:
1) мiндеттi зейнетақы жарналарын төлеу жөнiндегi агент (бұдан әрi - агент) - Қазақстан Республикасында қызметiн тұрақты мекеме арқылы жүзеге асыратын шетелдiк заңды тұлғаны қоса алғанда, жеке немесе заңды тұлға, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртіппен мiндеттi зейнетақы жарналарын есептеп шығаратын, ұстап қалатын (есептеп қосатын) және аударатын шетелдiк заңды тұлғалардың филиалдары, өкілдiктерi;
2) осы тұлғаның аффилиирленген тұлғасы (аффилиирленген тұлға) - шешiм белгiлеуге және (немесе) осы тұлға қабылдайтын шешiмге, соның iшiнде шарт күшiне, ауызша шартты немесе өзге де мәмiленi қоса алғанда, ықпал етуге тiкелей және (немесе) жанама құқығы бар кез келген жеке немесе заңды тұлға (өздерiне берiлген өкiлеттiктер шегіндe осы тұлғаның қызметiне бақылауды жүзеге асыратын мемлекеттiк органдарды қоспағанда), сондай-ақ осы тұлғаға қатысты осындай құқыққа ие болған кез келген жеке немесе заңды тұлға. Акционерлiк қоғамның лауазымды адамдары, оның дауыс беретiн акцияларының он және одан да көп процентiн (ашық халықтық акционерлiк қоғамдар үшiн - бес және одан да көп процентiн) иеленуші акционерi мiндеттi түрде аффилиирленген тұлғалары деп танылады;
3) кастодиан банк - бағалы қағаздар жөнiндегi құқықтарды тiркеу мен есепке алу, құжаттамалық бағалы қағаздарды сақтау және клиенттердің ақшасын есепке алу жөнiндегi қызметтi жүзеге асырушы банк;
4) ерiктi зейнетақы жарналарының салымшысы - ерiктi зейнетақы жарналары есебiнен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шартқа сәйкес өзінің жеке қаражаты есебiнен алушының пайдасына ерiктi зейнетақы жарналарын жүзеге асыратын жеке немесе заңды тұлға;
5) ерiктi кәсiптiк зейнетақы жарналарының салымшысы - ерiктi кәсiптiк зейнетақы жарналары есебiнен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шартқа сәйкес өзінің жеке қаражаты есебiнен қызметкердің пайдасына ерiктi кәсіптiк зейнетақы жарналарын салуды жүзеге асыратын жеке немесе заңды тұлға;
6) мiндеттi зейнетақы жарналарының салымшысы - мiндеттi зейнетақы жарналары есебiнен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарт жасасқан және жинақтаушы зейнетақы қорында жеке зейнетақы шоты бар жеке тұлға;
7) сатып алу сомасы - зейнетақы аннуитеті шарты мерзiмiнен бұрын бұзылған кезде сақтанушының (зейнетақы төлемдерiн алушының) сақтандыру ұйымынан алуға құқығы бар ақша сомасы;
8) диверсификация - зейнетақы активтерінің жоғалып кету қатерiн азайту мақсатында оларды уәкiлеттi орган белгiлеген талаптарға сәйкес қаржы құралдарына орналастыру;
9) ерiктi зейнетақы жарналары - Қазақстан Республикасының заңдарында және ерiктi зейнетақы жарналары есебiнен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шартта белгіленетiн тәртіппен салымшылардың өз бастамасымен алушының пайдасына жинақтаушы зейнетақы қорларына салатын ақшасы;
10) ерiктi кәсіптiк зейнетақы жарналары - Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлейтiн кәсiптер тiзбесi бойынша және Қазақстан Республикасының заңдарында және ерiктi кәсiптiк зейнетақы жарналары есебiнен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шартта белгiленген тәртiппен салымшылардың өз бастамасымен қызметкерлердің пайдасына жинақтаушы зейнетақы қорларына салатын ақшасы;
11) зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарт - зейнетақы жарналарымен, жинақталған қаражаттарымен және төлемдер алумен байланысты құқықтық қатынастарды белгiлеу, өзгерту немесе тоқтату туралы, бiр жағынан жинақтаушы зейнетақы қоры және екiншi жағынан салымшы мен алушы жасасатын шарт (келiсiм);
12) зейнетақылық аннуитет шарты - сақтандыру шарты, оған сәйкес сақтанушы (зейнетақы төлемдерiн алушы) сақтандыру ұйымына жинақталған зейнетақы қаражатының сомасын беруге мiндеттенедi, ал сақтандыру ұйымы сақтанушының (зейнетақы төлемдерiн алушының) пайдасына өмiр бойына немесе белгiлi бiр уақыт кезеңi iшiнде сақтандыру төлемдерiн жүзеге асыруға міндеттенедi;
13) инвестициялық кiрiс - жинақтаушы зейнетақы қорларының зейнетақы активтерiн инвестициялау нәтижесiнде алынатын ақша;
14) жеке зейнетақы шоты - салымшының (алушының) жинақтаушы зейнетақы қорындағы жеке атаулы шоты, онда Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес оның мiндеттi не ерiктi зейнетақы жарналары немесе ерiктi кәсiптiк зейнетақы жарналары, инвестициялық кiрiсi, өсiмпұл және өзге де түсімдер есепке алынады және содан зейнетақы төлемдерi төленедi;
15) кастодиандық шарт - кастодиан банк пен оның клиентi жасасатын бағалы қағаздар мен ақшаны жауапкершілікпен сақтау және есепке алу туралы шарт;
16) жинақтаушы зейнетақы қоры - зейнетақы жарналарын тартуды және зейнетақы төлемдерi жөнiндегi қызметтi, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртіппен зейнетақы активтерiн инвестициялық басқару жөніндегі қызметтi жүзеге асыратын заңды тұлға;
17) мiндеттi зейнетақы жарналары - осы Заңға сәйкес, жинақтаушы зейнетақы қорларына Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленетiн тәртiппен салынатын ақша;
18) зейнетақы активтерiн инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйым - жинақтаушы зейнетақы қорларының зейнетақы активтерiн инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын заңды тұлға;
19) Орталықтан зейнетақы төлемдерiн тағайындайтын органдар - уәкiлеттi мемлекеттiк органдар;
20) ресми трансферттер - бюджетке өтеусiз және қайтарылмайтын түсiмдер мен бюджеттен жасалатын шығыстар;
21) зейнетақы активтерi - зейнетақы төлемдерi мен аударымдарын, сондай-ақ жинақтаушы зейнетақы қорларынан аударымдарды Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртіппен қамтамасыз етуге және жүзеге асыруға арналған ақша, бағалы қағаздар, өзге де қаржы құралдары;
22) зейнетақы төлемдерi:
Орталықтан - 1998 жылғы 1 қаңтардағы жай-күйi бойынша кемінде алты ай еңбек стажы бар жеке адамдарға заңдарда белгіленген тәртiппен еңбек стажына бара-бар түрде жүзеге асырылатын ақша қаражатын төлеу;
жинақтаушы зейнетақы қорларынан - алушыларға Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртіппен жүзеге асырылатын жинақталған зейнетақы қаражатын төлеу;
23) жинақталған зейнетақы қаражаты - мiндеттi зейнетақы жарналарын, ерiктi зейнетақы жарналарын және ерiктi кәсiптiк зейнетақы жарналарын, инвестициялық кiрiстi, өсiмпұлды және шарттарға, осы Заңға, Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес өзге де түсiмдердi қоса алғанда, салымшының (алушының) жеке зейнетақы шоттарында есептелетiн ақша;
24) зейнетақы - Орталықтан, жинақтаушы зейнетақы қорларынан төленетiн зейнетақы төлемдерінің жиынтығы;
25) баспасөз басылымы - тiзбесiн уәкiлеттi орган белгiлейтiн мерзiмдi баспасөз басылымдары;
26) зейнетақы төлемдерiн алушы (бұдан әрi - алушы) - Орталықтан зейнетақы төлемдерi тағайындалған және (немесе) жинақтаушы зейнетақы қорынан зейнетақы төлемдерiн алуға құқығы бар жеке адам;
27) пруденциалдық норматив - жинақтаушы зейнетақы қорының және зейнетақы активтерiн инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымның қаржылық орнықтылығын қамтамасыз ету үшiн Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленетiн экономикалық талаптар;
28) жинақтаушы зейнетақы қорында бөлектеп есеп жүргiзу - заңды тұлға ретiнде жинақтаушы зейнетақы қорының бухгалтерлiк балансына зейнетақы активтерiн енгiзбеу;
29) жинақталған зейнетақы қаражатының нақты құны - жинақталған зейнетақы қаражатының Қазақстан Республикасы мемлекеттiк статистикасының уәкiлеттi органы есептен шығаратын тұтыну бағалары индексiне үйлестiрiлген нақты құны;
30) әлеуметтiк жеке код - азаматқа, сондай-ақ осы Заңға сәйкес зейнетақымен қамсыздандыру құқығы қолданылатын адамдарға берiлетiн тұрақты жеке код;
31) ерiктi зейнетақы жарналарының ставкасы - жинақтаушы зейнетақы қорына төленетiн, ерiктi зейнетақы жарналары есебiнен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шартта белгiленетiн төлемнiң мөлшерi;
32) ерiктi кәсiптiк зейнетақы жарналарының ставкасы - жинақтаушы зейнетақы қорына төленетiн, ерiктi кәсiптiк зейнетақы жарналары есебiнен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шартта және осы Заңда белгiленген төлемнiң мөлшерi;
33) мiндеттi зейнетақы жарналарының ставкасы - салымшының зейнетақы жарналарын есептеу үшiн алынатын кiрiсiне проценттiк қатынаспен көрсетiлген жинақтаушы зейнетақы қорына төлем мөлшерi;
34) сақтандыру ұйымы (сақтандырушы) - уәкiлеттi органның тиiстi лицензиясы негiзiнде "өмiрдi сақтандыру" саласында сақтандыру шарттарының жасалуы мен орындалуы жөнiндегi қызметтi жүзеге асыратын заңды тұлға;
35) уәкiлеттi ұйым (бұдан әрi - Орталық) - осы Заңның талаптарындағы мiндеттердi жүзеге асыруға Қазақстан Республикасының Үкiметi уәкілдік берген заңды тұлға;
36) уәкілеттi орган - жинақтаушы зейнетақы қорларының, зейнетақы активтерiн инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымдардың, кастодиан банктердiң, сақтандыру ұйымдарының қызметiн реттеу мен қадағалау жөнiндегi функциялар мен өкiлеттiктердi жүзеге асыратын мемлекеттiк орган.";
3) 4-бап алып тасталсын;
4) 6-бапта:
тақырыбы мен 1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"6-бап. Жинақталған зейнетақы қаражатының сақталуына кепiлдiк
1. Мемлекет алушыларға жинақтаушы зейнетақы қорларындағы мiндеттi зейнетақы жарналарының "Бюджет жүйесi туралы" Қазақстан Республикасының
Заңымен
, осы Заңмен және Қазақстан Республикасының өзге де заң актiлерiмен анықталған, алушының зейнетақы төлемдерiн алу құқығы кезiндегi инфляция деңгейiн ecкepe отырып, iс жүзiнде енгiзiлген мiндеттi зейнетақы жарналары мөлшерiнде сақталуына кепiлдiк бередi.";
2-тармақта:
бiрiншi абзац мынадай редакцияда жазылсын:
"2. Жинақталған зейнетақы қаражатының сақталу кепілдігі, сондай-ақ:";
3) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"3) зейнетақы активтерiн инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымдар мен жинақтаушы зейнетақы қорлары үшiн пруденциалдық нормативтер белгiлеу;";
5) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"5) жинақтаушы зейнетақы қорларының ақша мен бағалы қағаздарды жинақтаушы зейнетақы қорларымен және зейнетақы активтерiн инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымдармен аффилиирленбеген кастодиан банкте ғана сақтау талабын белгiлеу;";
8) тармақша алып тасталсын;
9) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"9) диверсификация және зейнетақы активтерiн орналастыру кезiнде тәуекелдi азайту жөнiндегi талаптарды белгiлеу;";
мынадай мазмұндағы 12-1) тармақшамен толықтырылсын:
"12-1) салымшы мен алушыға оның жинақталған зейнетақы қаражатының жай-күйi туралы жылына кемiнде бiр рет ақпарат беріп отыру;
14) тармақша мынадай редакцияда жазылсын;
"14) жинақталған зейнетақы қаражатын алушының таңдауы бойынша толық көлемiнде немесе iшiнара ерiктi сақтандыру;";
15) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"15) зейнетақы активтерiн сақтандыру жүйесiн құру арқылы қамтамасыз етiледi.";
5) 8-бапта:
1-тармақтың 2) тармақшасындағы "еңбек стажына пропорционалды мөлшерде төленедi" деген сөздер алып тасталып, мынадай мазмұндағы 3) тармақшамен толықтырылсын:
"3) еңбек сіңiрген жылдары үшiн зейнетақы төлемдерiн алуға құқығы бар, арнайы атақтар берiлген және Қазақстан Республикасының Заңдарымен iшкi iстер органдары қызметкерлерi үшiн белгiленген тәртіп қолданылатын әскери қызметшiлерге, iшкi iстер органдарының, Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнiң Қылмыстық-атқару жүйесi комитетiнің, қаржы полициясы мен мемлекеттiк өртке қарсы қызмет органдарының қызметкерлерiне еңбек стажына бара-бар мөлшерде төленедi.";
мынадай мазмұндағы 3-тармақпен толықтырылсын:
"3. Ұлы Отан соғысының қатысушысы немесе мүгедегi болған зейнетақы төлемдерiн алушы қайтыс болған жағдайда оның отбасына не оны жерлеудi жүзеге асырған жеке немесе заңды тұлғаға Орталықтан отыз бес айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде жерлеуге арналған бiржолғы төлем төленедi.";
6) 9-бапта:
4-тармақта:
1) тармақша "және осы Заңның 60-бабының 2-тармағында аталған адамдар арасынан еркектерге қызметiнен босатылған кезiнен бастап тағайындалады. Бұл ретте осы Заңның 60-бабының 2-тармағында аталған адамдар үшiн еңбек стажына 1998 жылғы 1 қаңтардан бастап қызметтен босатылған кезiне дейiнгi қызметi осы кезеңде жинақтаушы зейнетақы қорларына мiндеттi зейнетақы жарналары жасалмаған жағдайда есептеледi;" деген сөздермен толықтырылсын;
2) тармақша "тағайындалады" деген сөз алып тасталып, "және осы Заңның 60-бабының 2-тармағында аталған адамдар арасынан әйелдерге қызметiнен босатылған кезiнен бастап тағайындалады. Бұл ретте осы Заңның 60-бабының 2) тармағында аталған адамдар үшiн еңбек стажына 1998 жылғы 1 қаңтардан бастап қызметтен босатылған кезiне дейiнгi қызметi осы кезеңде жинақтаушы зейнетақы қорларына мiндеттi зейнетақы жарналары жасалмаған жағдайда есептеледi." деген сөздермен толықтырылсын;
5-тармақ "жағдайда" деген сөзден кейiн "және осы Заңның 60-бабының 2-тармағында аталған адамдар үшiн қызметтен босатылған кезiнен бастап" деген сөздермен толықтырылсын;
6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"6. Жасына байланысты зейнетақының толық емес көлемдегi төлемдерi Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен, толық зейнетақыдан 1998 жылғы 1 қаңтарда болған еңбек стажына бара-бар үлес ретiнде есептеледi. Бұл орайда, осы Заңның 60-бабының 2-тармағында аталған адамдар үшiн еңбек стажына 1998 жылғы 1 қаңтардан бастап қызметтен босатылған кезiне дейiнгi қызметi осы кезеңде жинақтаушы зейнетақы қорларына мiндеттi зейнетақы жарналары жасалмаған жағдайда есептеледi.";
7) 13-баптың 2-тармағының екiншi бөлiгi "белгiленедi" деген сөздің алдынан "халықты әлеуметтiк қорғау саласындағы орталық атқарушы орган анықтайтын тәртiппен" деген сөздермен толықтырылсын;
8) 18-бап мынадай редакцияда жазылсын;
"18-бап. Орталықтың ұйымдық-құқықтық нысаны және оның
қызметінің негiзгi бағыттары
1. Орталық мемлекеттiк кәсiпорын нысанында құрылады, оның уәкiлеттi органын Қазақстан Республикасының Yкіметi белгiлейдi.
2. Орталық:
1) осы Заңға сәйкес зейнетақымен қамсыздандырылуға құқығы бар азаматтарға республикалық бюджет қаражаты есебiнен зейнетақы төлемдерiн төлеудi;
2) азаматтарға әлеуметтiк жеке кодтар берудi;
3) мiндеттi зейнетақы жарналарын дербес тұрғыдан есепке алуды;
4) мiндеттi зейнетақы жарналарын агенттерден жинақтаушы зейнетақы қорларына аударуды;
5) мемлекет алдындағы салықтық мiндеттемелердің орындалуына салықтық бақылауды қамтамасыз ететiн орталық атқарушы органға агенттердiң Орталық есебiне аударған және Орталықтан агентке қайтарылған мiндеттi зейнетақы жарналарының сомалары бойынша тiзілімдер мен төлем құжаттарын табыс етудi;
6) Қазақстан Республикасының заң актiлерiне сәйкес басқа да функцияларды жүзеге асырады.";
9) 21-баптың 1-тармағы "жағдайлардан" деген сөзден кейін ", сондай-ақ сотталғандардың, бас бостандығынан айырылғандардың табысынан ұстап қалатын жағдайлардан" деген сөздермен толықтырылсын;
10) 3-бөлiмнің тақырыбы "қорларынан" деген сөзден кейiн "және сақтандыру ұйымдарынан" деген сөздермен толықтырылсын;
11) 7-тараудың тақырыбындағы "Зейнетақымен қамсыздандыруды ұйымдастыру" деген сөздер "Зейнетақымен қамсыздандыру" деген сөздермен ауыстырылсын;
12) 22-бап мынадай редакцияда жазылсын:
"22-бап. Мiндеттi зейнетақы жарналарын төлеу
1. Мiндеттi зейнетақы жарналарының салымшылары жинақтаушы зейнетақы қорларына міндеттi зейнетақы жарналарын осы Заңда белгiленген ставкалар бойынша төлеуге тиiс.
2. Мiндеттi зейнетақы жарналарының салымшысы мiндеттi зейнетақы жарналарын төлеу үшiн бiр ғана жинақтаушы зейнетақы қорын таңдап алуға және онымен мiндеттi зейнетақы жарналары есебiнен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарт жасасуға мiндеттi. Міндеттi зейнетақы жарналарының салымшысына мiндеттi зейнетақы жарналары есебiнен зейнетақымен қамсыздандыру туралы бiр мезгiлде екi және одан да көп шарт жасасуға, сол сияқты салымшының мiндеттi зейнетақы жарналарын iс жүзiнде екi және одан да көп жинақтаушы зейнетақы қорына енгiзуiне, не жарнаны бiр қорға төлеп, жинақталған зейнетақы қаражатының бiр бөлiгiн басқа жинақтаушы зейнетақы қорында сақтауына жол берілмейдi.
3. Осы Заңның 9-бабына сәйкес, зейнеткерлiк жасқа жеткен адамдар жинақтаушы зейнетақы қорына мiндеттi зейнетақы жарналарын төлеуден босатылады.
4. Мiндеттi зейнетақы жарналары Қазақстан Республикасының ұлттық валютасымен төленедi.
5. Мiндеттi зейнетақы жарналарының және осы Заңның 22-4-бабының 1-тармағына сәйкес есептелген өсiмпұлдың толық және уақтылы төленуін бақылауды Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес салық органдары жүзеге асырады.
6. Мiндеттi зейнетақы жарналарын басқа адамдардың пайдасына төлеуге болмайды.";
13) мынадай мазмұндағы 22-1, 22-2, 22-3 және 22-4-баптармен толықтырылсын:
"22-1-бап. Мiндеттi зейнетақы жарналарының ставкасы
1. Жинақтаушы зейнетақы қорларына төленуге тиiстi мiндеттi зейнетақы жарналары қызметкердің төлем көзiнде салық салынуға тиiс ай сайынғы табысының он процентi мөлшерiнде белгiленедi. Бұл ретте мiндеттi зейнетақы жарналарын есептеу үшiн алынатын ай сайынғы кiрiс ең төменгi айлық жалақының жетпiс бес еселенген мөлшерiнен аспауға тиiс.
2. Адвокаттар, жеке нотариустер мен жеке кәсіпкерлер үшiн жинақтаушы зейнетақы қорларына өз пайдасына төлеуге жатқызылған мiндеттi зейнетақы жарналары Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес белгiленген кiрiстің он процентi мөлшерiнде белгіленедi, бiрақ ең төменгi айлық жалақының он процентiнен кем болмауға және ең төменгi айлық жалақының жетпiс бес еселенген мөлшерiнен жоғары болмауға тиiс.";
3. Мiндеттi зейнетақы жарналарын есептеудің, ұстап қалудың (есептеп қосудың) және аударудың тәртiбi мен мерзiмдерiн Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлейдi.
22-2-бап. Ерiктi зейнетақы жарналарының ставкасы
1. Салымшы-жеке тұлғалар жинақтаушы зейнетақы қорларына ерiктi зейнетақы жарналарын олармен ерiктi зейнетақы жарналары есебiнен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарт жасасқан жағдайда өз пайдасына өз табысы есебiнен енгiзедi.
2. Алушының пайдасына ерiктi зейнетақы жарналарының салымшылары оларды салық салынғаннан кейiнгi табыс есебiнен жүзеге асырған жағдайда жеке және заңды тұлғалар болуы мүмкiн.
3. Ерiктi зейнетақы жарналарының ставкасы, оларды төлеу тәртiбi, сондай-ақ зейнетақы төлемдерiн төлеу тәртiбi ерiктi зейнетақы жарналары есебiнен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарт тараптарының келiсiмi бойынша белгiленедi.
22-3-бап. Ерiктi кәсiптiк зейнетақы жарналарының ставкасы
1. Еріктi кәсіптiк зейнетақы жарналарын төлеудi кәсіптерiнің тiзбесiн Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлейтiн қызметкердің пайдасына салымшылар өз қаражаты есебiнен жүзеге асырады.
2. Ерiктi кәсiптiк зейнетақы жарналарының ставкасы ерiктi кәсiптiк зейнетақы жарналары есебiнен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарт тараптарының келiсiмi бойынша белгiленедi, бiрақ ол қызметкердің ай сайынғы табысының он процентiнен жоғары болмауға тиiс. Бұл орайда ерiктi кәсiптiк зейнетақы жарналарын есептеу үшiн алынатын ай сайынғы кiрiс Қазақстан Республикасының Үкiметi белгілеген тәртiппен анықталады.
22-4-бап. Мiндеттi зейнетақы жарналарының уақтылы ұсталмағаны
және аударылмағаны үшiн жауапкершiлік
1. Мiндеттi зейнетақы жарналарының агент уақтылы ұстамаған (есептемеген) және (немесе) аудармаған сомасы салымшыға нақты төленген және салымшы табысты алған жағдайда, оларды салық органдары өндiрiп алады немесе оны агенттер әрбiр кешiктiрiлген күнге (Орталыққа төлейтiн күндi қоса алғанда) Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi белгiлеген қайта қаржыландырудың ресми ставкасының 1,5 еселенген мөлшерiнде өсiмпұл есептей отырып, мiндеттi зейнетақы жарналары салымшыларының пайдасына аударуға тиiс.
2. Мiндеттi зейнетақы жарналары толық және (немесе) уақтылы аударылмаған жағдайда салық органдары жинақталып қалған берешектер шегіндегi ақшаны агенттердің банктегi шоттарынан өндiріп алуға құқылы. Бұл орайда агент қызмет көрсетушi банкке салық органдары ұсынған инкассалық өкімдер бойынша берешектер пайдасына өндiрiлiп алынатын жинақтаушы зейнетақы қорлары салымшыларының тiзiмiн табыс етуге мiндеттi.
3. Салық органдарының шешiмi бойынша, егер агент салық органдары ұсынған инкассалық өкімдер бойынша берешектер пайдасына өндiріліп алынатын жинақтаушы зейнетақы қорлары салымшыларының тiзiмiн ұсынбаса, сондай-ақ мiндеттi зейнетақы жарналары бойынша берешектерi болса, банктер мен банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асырушы ұйымдар агенттердің банк шоттарындағы барлық шығыс операцияларын тоқтатуға және мiндеттi зейнетақы жарналарын аударуға қатысты нұсқауларды Қазақстан Республикасының заңдарымен белгiленген тәртiппен орындауға мiндеттi.
4. Банктер мен банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдар мiндеттi зейнетақы жарналарының сомасын осы сомаларды агенттердің банк шоттарынан есептен шығаратын күнi Орталық арқылы аударуға мiндеттi.";
14) 23-бап мынадай редакцияда жазылсын:
"23-бап. Мiндеттi зейнетақы жарналары есебiнен төленетiн
зейнетақы төлемдерi
1. Жинақтаушы зейнетақы қорында жинақталған зейнетақы қаражаты бар адамдардың:
1) осы Заңның 9-бабының 1-3-тармақтарында көзделген жағдайлар басталғанда;
2) елу бес жасқа толғанда және жинақталған зейнетақы қаражаты ең төмен зейнетақы мөлшерiнен кем емес төлемдi қамтамасыз ету үшiн жеткiлiктi болғанда;
3) егер мүгедектігі мерзiмсiз белгiленсе, I және II-топтағы мүгедектердің;
4) осы Заңның 60-бабының 1-тармағында аталғандардың;
5) Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге тұрақты тұруға кететiн немесе кеткен, кету ниетiн немесе кету фактiсiн растайтын Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген құжаттарды табыс еткен шетелдiктер мен азаматтығы жоқ адамдардың жинақтаушы зейнетақы қорларынан мiндеттi зейнетақы жарналары есебiнен зейнетақы төлемдерiн алуға құқығы бар. Бұл орайда Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге кетер кезiнде жинақталған зейнетақы қаражатын алып қойған адамға осы Заңның 5-бабы 2-тармағының нормасы қолданылмайды.
2. Жинақтаушы зейнетақы қорында мiндеттi зейнетақы жарналары есебiнен жинақталған зейнетақы қаражаты бар адам қайтыс болған жағдайда олар Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртіппен мұраға қалдырылады.";
15) мынадай мазмұндағы 23-1, 23-2 және 23-3-баптармен толықтырылсын:
"23-1-бап. Ерiктi зейнетақы жарналары есебiнен төленетiн
зейнетақы төлемдерi
1. Ерiктi зейнетақы жарналары есебiнен жинақтаушы зейнетақы қорларынан төленетiн зейнетақы төлемдерiне жинақтаушы зейнетақы қорларында жинақталған зейнетақы қаражаты бар мына адамдардың:
1) елу бес жасқа толған адамдардың;
2) мүгедектердің;
3) Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге тұрақты тұруға кететiн немесе кеткен және кету ниетiн немесе кету фактiсiн растайтын Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген құжаттарды табыс еткен адамдардың құқығы пайда болады.
2. Ерiктi зейнетақы жарналары есебiнен жинақтаушы зейнетақы қорында жинақталған зейнетақы қаражаты бар адам қайтыс болған жағдайда олар Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртіппен мұраға қалдырылады.
23-2-бап. Ерiктi кәсiптiк зейнетақы жарналары есебiнен
төленетiн зейнетақы төлемдерi
1. Ерiктi кәсiптiк зейнетақы жарналары есебiнен жинақтаушы зейнетақы қорларынан зейнетақы төлемдерiне:
1) елу жасқа толған;
2) Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге тұрақты тұруға кететiн немесе кеткен және кету ниетiн немесе кету фактiсiн растайтын Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген құжаттарды табыс еткен адамдардың құқығы пайда болады.
2. Ерiктi кәсiптiк зейнетақы жарналары есебiнен жинақтаушы зейнетақы қорында жинақталған зейнетақы қаражаты бар адам қайтыс болған жағдайда олар Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртіппен мұраға қалдырылады.
23-3 бап. Жинақтаушы зейнетақы қорларынан жинақталған
зейнетақы қаражатын төлеу
1. Жинақтаушы зейнетақы қорларынан зейнетақы төлемдерi жеке зейнетақы шоттарында жинақталған зейнетақы қаражаты бар алушыларға оның жеке басын куәландыратын куәлігі болған жағдайда төленедi.
2. Осы Заңның 9-бабының 1-3-тармақтарында аталған адамдардың өз таңдауы бойынша жинақталған зейнетақы қаражатын жинақтаушы зейнетақы қорынан белгiленген кесте бойынша зейнетақы төлемдерi түрiнде не сақтандыру ұйымынан зейнетақы аннуитетiнiң шартына сәйкес жинақталған зейнетақы қаражаты есебiнен сақтандыру төлемдерi түрiнде aлуға құқығы бap.
3. Алушыға Орталықтан тағайындалған ай сайынғы зейнетақы төлемдерiнiң және кесте бойынша төленетiн зейнетақы төлемдерiнің сомасы тиiстi қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңмен белгіленген ең төмен зейнетақы мөлшерiнен кем болмауы керек.
Егер Орталықтан төленетiн зейнетақы төлемдерінің мөлшерi ең төмен зейнетақы мөлшерiнен кем болса, кесте бойынша төленетiн зейнетақы төлемдерi ең төмен зейнетақы мөлшерi мен Орталықтан төленетiн зейнетақы төлемдерiнің сомасы арасындағы айырма ретiнде жеке зейнетақы шотындағы жинақталған зейнетақы қаражаты таусылғанға дейiн есептеледi.
4. Кесте бойынша төленетiн зейнетақы төлемдерінің мөлшерiн есептеудi жүзеге асыру әдiстемесiн Қазақстан Республикасының Yкiметi белгiлейдi. Кесте бойынша зейнетақы төлемдерiн жүзеге асыру кезеңдiлiгi (ай сайынғы, тоқсан сайынғы, жыл сайынғы) зейнетақымен қамсыздандыру туралы шартқа сәйкес белгiленедi.
5. Мiндеттi зейнетақы жарналары, жинақтаушы зейнетақы қорларынан ерiктi кәсіптiк зейнетақы жарналары есебiнен қалыптасқан жинақталған зейнетақы қаражатынан зейнетақы төлемдерiн төлеудi жүзеге асыру ережесiн Қазақстан Республикасының Yкiметi белгiлейдi.
6. Ерiктi зейнетақы жарналары есебiнен қалыптасқан жинақтардан зейнетақы төлемдерiн төлеудi жүзеге асырудың тәртiбi мен алушы табыс ететiн құжаттардың тiзбесi ерiктi зейнетақы жарналары есебiнен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарттың талаптарымен анықталады.";
16) 24-бап мынадай редакцияда жазылсын:
"24-бап. Аударылған мiндеттi зейнетақы жарналары туралы
мәлiметтер беру
1. Егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше белгіленбесе, агенттер салық органдарына мiндеттi зейнетақы жарналарының есептеп, ұсталған (есептеп қосылған) және аударылған сомалары жөнiнде есеп-қисапты тоқсан сайын есептi тоқсаннан кейiнгі айдың он бесiне дейiнгi мерзiмде табыс етiп отырады. Есеп-қисаптың нысанын және оны табыс етудің тәртiбiн мемлекет алдындағы салық мiндеттемесінің орындалуына салықтық бақылауды қамтамасыз ететiн уәкілеттi органның келiсiмiмен халықты әлеуметтiк қорғау саласындағы орталық атқарушы орган белгiлейдi.
2. Егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше белгіленбесе, агенттер уәкілеттi орган белгiлеген нысандар бойынша жинақтаушы зейнетақы қорларына салымшылардың аударылған мiндеттi зейнетақы жарналары туралы мәлiметтердi тоқсан сайын есептi тоқсаннан кейiнгi айдың жиырмасынан кешiктiрмей табыс етiп отыруға мiндеттi.
3. Агенттер Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртiпке сәйкес әрбiр қызметкер бойынша есептелген, ұсталған (есептеп қосылған) және аударылған мiндеттi зейнетақы жарналарының бастапқы есебiн жүргiзуге мiндеттi.
4. Агент есептелген, ұсталған (есептеп қосылған) және аударылған міндеттi зейнетақы жарналары туралы мәлiметтердi салымшыларға ай сайын, есептi айдан кейiнгi айдың он бесiнен кешiктiрмей табыс етіп отыруға мiндеттi.";
17) 25-бапта:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Жинақтаушы зейнетақы қорларының зейнетақы активтерi: зейнетақы жарналары, инвестициялық кiрiс, өсiмпұл және жинақтаушы зейнетақы қорларының комиссиялық сыйақыларын шегерiп тастағандағы залалдарды өтеу ретiнде түскен қаражат есебiнен қалыптасады.";
2-тармақта:
"алушының" деген сөзден кейiн "жинақтаушы" деген сөзбен толықтырылсын;
"таратылғанда және" деген сөздерден кейiн "(нeмece)" деген сөзбен толықтырылсын;
2-1 тармақта:
1) тармақшадағы "бағалы қағаздар рыногын реттеу жөнiндегi" деген сөздер алып тасталсын;
3) тармақшадағы "заңдарға сәйкес" деген сөздер алып тасталсын және "зейнетақы қорына" деген сөздерден кейiн "не зейнетақы аннуитетi бойынша Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген тәртiппен сақтандыру ұйымына" деген сөздермен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы 5) тармақшамен толықтырылсын:
"5) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес зейнетақы төлемдерiн төлеудi және жинақталған зейнетақы қаражатын аударуды жүзеге асыруға байланысты шығыстарды өтеуге.";
3-тармақ алып тасталсын;
18) 26-бапта:
2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"2. Кастодиандық шарт кастодиан банк, жинақтаушы зейнетақы қоры және зейнетақы активтерiн инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйым арасында жасалады. Егер зейнетақы активтерiн инвестициялық басқаруды жинақтаушы зейнетақы қоры дербес жүзеге асыратын болса, кастодиандық шарт кастодиан банк пен жинақтаушы зейнетақы қоры арасында жасалады.";
2-1 тармақтағы "бағалы қағаздар рыногын реттеу жөнiндегi уәкiлеттi органмен және Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкiмен келiсiм бойынша" деген сөздер алып тасталсын;
3-тармақта:
бiрiншi бөлiк мынадай редакцияда жазылсын:
"3. Кастодиан банк жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы активтерінің нысаналы орналастырылуын бақылауды жүзеге асырады және олар Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес келмеген жағдайда, бұл туралы уәкiлеттi орган мен жинақтаушы зейнетақы қорын дереу хабардар ете отырып, зейнетақы активтерiн инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымның немесе жинақтаушы зейнетақы қорының (егер зейнетақы активтерiн инвестициялық басқаруды жинақтаушы зейнетақы қоры дербес жүзеге асыратын болса) тапсырмаларына шектеу қоюға (орындамауға) мiндеттi.";
екiншi бөлiктегi "бағалы қағаздар рыногын реттеу жөнiндегi" деген сөздер алып тасталсын;
мынадай мазмұндағы 6-8-тармақтармен толықтырылсын:
"6. Кастодиандық шарт жинақтаушы зейнетақы қоры атқарушы органының тиiстi шешiмi негiзiнде кастодиан банк пен зейнетақы активтерiн инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйым хабардар етiле отырып және зейнетақы активтерiн жаңа кастодиан банкке және (немесе) зейнетақы активтерiн инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымға беру рәсiмi аяқталғаннан кейiн шартты бұзудың белгіленген күнiне дейiн жиырма күн мерзiмде жинақтаушы қордың талап етуiмен бiржақты тәртіппен бұзылуы мүмкiн.
7. Жаңа кастодиан банкпен кастодиандық шарт және (немесе) зейнетақы активтерiн инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын жаңа ұйыммен инвестициялық басқаруға шарт жасасқан кезден бастап отыз күн мерзiмде жинақтаушы зейнетақы қоры бұл туралы мемлекеттiк тiлде және орыс тiлiнде екi баспасөз басылымында тиiстi жарияланымдар арқылы өз салымшылары мен агенттерiн хабардар етедi.
8. Жинақтаушы зейнетақы қорымен арадағы кастодиандық шарт бұзылған кезден бастап алты айға дейiнгi мерзiмде бұрынғы және жаңа кастодиан банктер арасында бұрынғы кастодиан банктің оған келiп түсетiн зейнетақы жарналарын жаңа кастодиан банкке аударуы туралы тиiстi шарт жасалады.";
19) 27-бап мынадай редакцияда жазылсын:
"27-бап. Мiндеттi зейнетақы жарналары салымшыларының,
жинақтаушы зейнетақы қорларының алушылары мен
агенттердің құқықтары мен мiндеттерi
1. Мiндеттi зейнетақы жарналарының салымшылары мен жинақтаушы зейнетақы қорлары алушыларының:
1) мiндеттi зейнетақы жарналары есебiнен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарт жасасу үшiн жинақтаушы зейнетақы қорын таңдауға;
2) жинақтаушы зейнетақы қорының құрылтайшылары (акционерлерi), зейнетақы активтерiн инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйым мен кастодиан банк туралы уәкiлеттi орган анықтайтын көлемде ақпарат алуға;
3) жинақталған зейнетақы қаражатының жай-күйi туралы ақпарат алуға;
4) жинақтаушы зейнетақы қорының iс-әрекетiне сот тәртiбiмен шағым жасауға;
5) жинақтаушы зейнетақы қорынан зейнетақы төлемдерiн алуға;
6) өзiнің жинақталған зейнетақы қаражатын бiр жинақтаушы зейнетақы қорынан екiншiсiне, бiрақ жылына екi реттен асырмай аударуға;
7) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес өзінің жинақталған зейнетақы қаражатына өсиетхат қалдыруға;
8) Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге тұрғылықты тұруға кеткен кезде Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жинақталған зейнетақы қаражатын алуға;
9) жинақталған зейнетақы қаражатын жинақтаушы зейнетақы қорынан сақтандыру ұйымына аударуға;
10) мiндеттi зейнетақы жарналары есебiнен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шартқа және Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес өзге де құқықтарды жүзеге асыруға құқығы бар.
2. Агенттердің қызметкерден мiндеттi зейнетақы жарналары есебiнен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарттың көшiрмесiн талап етуге құқығы бар.
3. Мiндеттi зейнетақы жарналарының салымшылары мен жинақтаушы зейнетақы қорларынан зейнетақы төлемдерiн алушылар:
1) Қазақстан Республикасының зейнетақымен қамсыздандыру туралы заңдарына сәйкес бiр мезгiлде мiндеттi зейнетақы жарналары есебiнен зейнетақымен қамсыздандыру туралы бiр шарттың ғана тарабы болуға және тек қана бiр жинақтаушы зейнетақы қорында мiндеттi зейнетақы жарналары есебiнен жинақталған зейнетақы қаражатының болуына;
2) жинақтаушы зейнетақы қорларына жинақтаушы зейнетақы қорының мiндеттемелерiн орындауға ықпал жасайтын барлық өзгерiстер туралы осындай өзгерiстер болған күннен бастап күнтiзбелiк он күн ішінде хабарлауға;
3) мiндеттi зейнетақы жарналарын аудару үшiн мiндеттi зейнетақы жарналары есебiнен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарттың көшiрмесiн агентке табыс етуге;
4) осы заңда көзделген жағдайларда зейнетақы аннуитетi шартын жасасуға;
5) Қазақстан Республикасының зейнетақымен қамсыздандыру туралы заңдарына және зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарт талаптарына сәйкес өзге де мiндеттемелердi орындауға мiндеттi.
4. Агенттер жинақтаушы зейнетақы қорларына мiндеттi зейнетақы жарналарын Қазақстан Республикасының Yкiметi белгiлеген мерзiм мен тәртiп бойынша уақтылы есептеуге, ұстауға (есептеп қосуға) және төлеуге міндеттi.";
20) 28-бап алып тасталсын;
21) 29-бапта:
2 және 3-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
"2. Зейнетақы ережелерiн акционерлердің жалпы жиналысы уәкiлеттiк берген жинақтаушы зейнетақы қорының органы бекiтедi және уәкiлеттi органмен келiсiледi.
3. Зейнетақы ережелерi жинақтаушы зейнетақы қорлары салымшыларының (алушыларының) мүдделерiне қысым жасамауға және оған нұқсан келтiрмеуге тиiс.";
22) 30-бапта:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарт жинақтаушы зейнетақы қоры мен салымшы арасында мiндеттi зейнетақы жарналары, ерiктi зейнетақы жарналары, ерiктi кәсiптiк зейнетақы жарналары есебiнен зейнетақымен қамсыздандыру туралы үлгi шарттарға сәйкес жазбаша түрде жасалады.";
2-тармақта:
бiрiншi абзац мынадай редакцияда жазылсын:
"2. Мiндеттi зейнетақы жарналары, ерiктi зейнетақы жарналары, ерiктi кәсіптiк зейнетақы жарналары есебiнен зейнетақымен қамсыздандыру туралы үлгi шартты уәкілеттi орган әзiрлеп, бекiтедi және онда мынадай мәлiметтер мен талаптар қамтылады:";
1) тармақшадағы "заңды мекен-жайы" деген сөздер "орналасқан жерi" деген сөздермен ауыстырылсын;
11) тармақша "жарналарының" деген сөзден кейiн "немесе ерiктi кәсiптiк зейнетақы жарналарының" деген сөздермен толықтырылсын;
11) тармақшадағы "болады" деген сөз алып тасталып, мынадай мазмұндағы 12) тармақшамен толықтырылсын:
"12) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес өзге де мәлiметтер болады.";
23) 31-бапта:
баптың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
"31-бап. Зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарт
тараптарының және өзге де адамдардың
жауапкершілігi";
мынадай мазмұндағы 3-5-тармақтармен толықтырылсын:
"3. Жинақтаушы зейнетақы қорларының, зейнетақы активтерiн инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымдар мен кастодиан банктер жауапкершілігінің талаптары мен тәртiбi Қазақстан Республикасының заң актiлерiмен және шарттармен белгiленедi.
4. Егер жинақталған зейнетақы қаражатын аудару немесе төлеу кезiнде жеке зейнетақы шотындағы жинақталған зейнетақы қаражатының сомасы, инфляция деңгейi ескерiле отырып, нақты енгiзiлген мiндеттi зейнетақы жарналарының мөлшерiнен аз болып қалса, ал жинақталған зейнетақы қаражатының кемуi жинақтаушы зейнетақы қорының және (немесе) зейнетақы активтерiн инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымның және (немесе) кастодиан банктiң кiнәсiнен болса, жинақтаушы зейнетақы қоры инфляция деңгейiн ескере отырып, өз капиталы есебiнен, жинақталған зейнетақы қаражатының шығынын нақты енгiзiлген мiндеттi зейнетақы жарналарының мөлшерiне дейiн қалпына келтiруге міндеттi.
5. Жинақталған зейнетақы қаражатын аударуды және зейнетақы төлемдерiн жүзеге асыруды кешiктiруге кiнәлi заңды тұлғалар құқықтары бұзылған адамның пайдасына Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң қайта қаржыландыру ставкасының 1,5 еселенген мөлшерiнде өсiмпұл төлеуге мiндеттi.";
24) мынадай мазмұндағы 7-1-тараумен толықтырылсын:
"7-1-тарау. Сақтандыру ұйымдарынан зейнетақымен
қамсыздандыру
31-1-бап. Сақтандыру ұйымдарынан төленетiн сақтандыру
төлемдерi
1. Осы Заңның 9-бабының 1-3-тармақтарында аталған адамдар сақтандыру ұйымымен мiндеттi зейнетақы жарналары есебiнен қалыптасқан жинақталған зейнетақы қаражатын пайдалана отырып, сақтандыру төлемдерiн өмiр бойы жүзеге асыру туралы зейнетақы аннуитетi шартын жасасуға құқылы. Бұл орайда сақтандыру ұйымынан төленетiн ай сайынғы сақтандыру төлемдерi тиiстi қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгiленген ең төмен зейнетақы мөлшерiнен кем болмауы керек.
2. Осы Заңның 23-бабының 1-тармағының 2) және 3) тармақшаларында аталған адамдардың сақтандыру ұйымымен зейнетақы аннуитетi шартын жасасқан жағдайда жинақталған зейнетақы қаражатын алуға құқығы бар.
Осы тармақта аталған адамдарға сақтандыру ұйымы зейнетақы аннуитетi шартына сәйкес сақтандыру төлемдерiн өмiр бойы төлейдi. Сақтандыру ұйымымен зейнетақы аннуитетi шарты ай сайынғы сақтандыру төлемдерінің мөлшерi тиiстi қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгiленген ең төмен зейнетақы мөлшерiнен кем болмаған жағдайда жасалады.
3. Осы Заңның 23-бабы 1-тармағының 4) тармақшасында аталған адамдардың мiндеттi зейнетақы жарналары есебiнен қалыптасқан өзінің жинақталған зейнетақы қаражатының елу процентiнен аспайтынын пайдалана отырып, зейнетақы аннуитетi шартын жасасқан жағдайда ғана осы Заңның 9-бабының 1-тармағында көрсетiлген жасқа жеткенге дейiнгi мерзiмге жинақталған зейнетақы қаражатын алуға құқығы бар.
4. Осы Заңның 23-2-бабының 1-тармағында аталған адамдардың ерiктi кәсiптiк зейнетақы жарналары есебiнен қалыптасқан жинақталған зейнетақы қаражатын пайдалана отырып, зейнетақы аннуитетi шартын жасасқан жағдайда ғана осы Заңның 9-бабының 1-тармағында көрсетiлген жасқа жеткенге дейiнгі мерзiмге жинақталған зейнетақы қаражатын алуға құқығы бap.
31-2-бап. Зейнетақы аннуитетi шартын жасасу
1. Зейнетақы аннуитетiнiң үлгi шартын уәкiлеттi орган әзiрлейдi және бекiтедi.
2. Зейнетақы аннуитетi шарты сақтанушы (зейнетақы төлемдерiн алушы) мен сақтандыру ұйымы арасында шарт тараптарының келiсiмiмен белгiленген мерзiмге жасалады.
3. Зейнетақы аннуитетi шартын жасасушы адам сақтандыру ұйымын таңдауға ерiктi.
4. Зейнетақы аннуитетi шарты алушының жазбаша өтiнiшi негiзiнде жасалады.
5. Зейнетақы аннуитетi шарты жинақтаушы зейнетақы қоры жинақталған зейнетақы қаражатының сомаларын сақтандыру ұйымына аударған кезден бастап күшiне енедi және тараптар үшiн мiндеттi болады.
6. Зейнетақы аннуитетi шартын жасасқан адамның оны жасасқан күннен бастап екi жыл ішінде бұзуға құқығы жоқ.
Басқа сақтандыру ұйымымен зейнетақы аннуитетi шартын жасасқан жағдайда зейнетақы аннуитетi шартын мерзiмiнен бұрын тоқтатуға болады. Зейнетақы аннуитетi шарты мерзiмiнен бұрын тоқтатылған жағдайда онда көзделген сатып алу сомасы, жүзеге асырылған сақтандыру төлемдерi мен сақтандыру ұйымының iс жүргiзуге жұмсаған шығыстары шегерiлiп төленген сақтандыру сыйлықақы сомасынан кем болмауға тиiс.
31-3-бап. Зейнетақы аннуитетi шарты тараптарының
құқықтары мен міндеттері
1. Сақтанушының:
1) сақтандыру ұйымы жүргiзген сақтандыру төлемдерi мөлшерінің есеп-қисабымен танысуға;
2) сақтандыру ұйымынан төленетiн сақтандыру төлемдерi мөлшерінің есеп-қисабын жүргiзу үшiн тәуелсiз сарапшылар тартуға;
3) сақтандыру полисi жоғалған жағдайда оның дубликатын алуға құқығы бap.
2. Сақтанушы:
1) зейнетақы аннуитетi шартын жасасқан күннен бастап күнтiзбелiк он күн iшiнде, осы шарттың түпнұсқасын табыс ете отырып, жинақтаушы зейнетақы қорын хабардар етуге;
2) басқа сақтандыру ұйымымен жаңа зейнетақы аннуитетi шартын жасасқан кезде оны жасасқан күннен бастап күнтiзбелік он күн iшiнде, бұрынғы сақтандыру ұйымына жаңа шарттың түпнұсқасын табыс ете отырып, бұрын жасасқан зейнетақы аннуитетi шарты бойынша мiндеттемелердi орындаудан бiржақты тәртiппен бас тартуға мiндеттi.
3. Сақтандыру ұйымының зейнетақы аннуитетi шартына сәйкес жинақталған зейнетақы қаражатының сомасын бiр рет және толық көлемде алуға құқығы бар.
4. Сақтандыру ұйымы:
1) сақтанушыны сақтандыру ұйымынан төленетін сақтандыру төлемдерi мөлшерінің есеп-қисабымен таныстыруға;
2) зейнетақы аннуитетi шартын үш дана етiп ресiмдеуге мiндеттi, оның екеуі сақтанушыға берiледi;
3) осы баптың 2-тармағының 2) тармақшасында көзделген зейнетақы аннуитетi шартының түпнұсқасын алған кезден бастап күнтiзбелiк жиырма күн iшiнде зейнетақы аннуитетi шартында аталған сақтандыру ұйымына сатып алу сомасын аударуға;
4) сақтандыру ұйымынан зейнетақы аннуитетi шартында көзделген сақтандыру төлемдерi уақытылы жүзеге асырылмаған жағдайда сақтанушыға кешiктiрiлген әр күн үшiн төленбей қалған соманың 1,5 процентi мөлшерiнде өсiмпұл төлеуге;
5) сақтанушы қайтыс болған жағдайда отбасына, не қайтыс болған адамды жерлеудi жүзеге асырған адамға жерлеуге арналған жәрдемақы түрiнде осы Заңда белгiленген мөлшерден кем болмайтын сақтандыру төлемiн жүзеге асыруға мiндеттi.
31-4-бап. Жинақталған зейнетақы қаражатын сақтандыру ұйымына
аударудың тәртiбi
1. Жинақтаушы зейнетақы қоры хабарламаны алған кезден бастап күнтiзбелiк отыз күн iшiнде алушының жинақталған зейнетақы қаражатын сақтандыру ұйымына аударуға міндеттi.
2. Осы баптың 1-тармағында аталған мiндеттемелердің орындалуын кешiктiрген жағдайда жинақтаушы зейнетақы қоры алушы алдында осы Заңның 31-бабының 3-тармағына сәйкес жауапты болады.
31-5-бап. Зейнетақы аннуитетi шарттары бойынша есеп-қисапты
жүзеге асыру
1. Жинақталған зейнетақы қаражаты (сақтандыру сыйлықақысы) мен сақтандыру төлемдерінің есеп-қисабын уәкiлеттi орган белгiлеген әдiстемеге сәйкес сақтандыру ұйымы не тәуелсiз сарапшы жүзеге асырады.
2. Сақтандыру ұйымының жасалатын зейнетақы аннуитетi шарттары бойынша iс жүргiзуге арналған шығыстарының рұқсат етiлетiн деңгейiн уәкiлеттi орган белгiлейдi.";
25) 32-бап алып тасталсын;
26) 33-бапта:
тақырыбындағы және 1-тармақтағы "Мемлекеттiк емес" деген сөздер алып тасталып "жинақтаушы" деген сөз бас әрiппен жазылсын;
3-тармақтағы "қордың " деген сөз "жинақтаушы зейнетақы қорының" деген сөздермен ауыстырылсын;
4-тармақта:
"Алушының" деген сөз "Салымшының" (алушының)" деген сөздермен ауыстырылсын;
"зейнетақы шартын" деген сөздер "зейнетақымен қамсыздандыру туралы шартты" деген сөздермен ауыстырылсын;
"бұзуы" деген сөзден кейiн ", осы Заңның 23-бабы 1-тармағының 1)-3) тармақшаларында көзделген талаптар туындаған кездегi еңбек шарты бұзылған жағдайлардан басқа реттерде," деген сөздермен толықтырылсын;
27) 34-баптың тақырыбындағы және мәтiнiндегi "Мемлекеттiк емес" деген сөздер алып тасталып, "жинақтаушы" деген сөз бас әрiппен жазылсын;
28) 36-бапта:
тақырыбындағы "Мемлекеттiк емес" деген сөздер алып тасталып, "жинақтаушы" деген сөз бас әрiппен жазылсын;
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"Қазақстан Республикасының резиденттерi - заңды және жеке тұлғалар, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген талаптарды ескере отырып, Қазақстан Республикасының Үкiметi ашық жинақтаушы зейнетақы қорының құрылтайшылары мен акционерлерi бола алады.";
мынадай мазмұндағы 1-1, 1-2, 1-3 және 1-4 тармақтармен толықтырылсын:
1-1. Рейтинг агенттiктерінің бірiнiң белгiлi бiр рейтiнгi бар Қазақстан Республикасының резидент емес заңды тұлғасы ашық жинақтаушы зейнетақы қорының құрылтайшысы немесе акционерi бола алады. Рейтинг агенттiктерiнiң тiзбесi мен ең төмен рейтингтi уәкiлеттi орган белгiлейдi.
Оффшорлық аймақта тiркелген коммерциялық ұйым мәртебесi бар заңды тұлғалар мен жарғылық капиталына оффшорлық аймақта тiркелген заңды тұлғалар тiкелей немесе аффилиирленген тұлғалар арқылы қатысатын заңды тұлғалар Қазақстан Республикасының жинақтаушы зейнетақы қорларының құрылтайшылары немесе акционерлерi бола алмайды. Оффшорлық аймақтардың тiзбесiн уәкiлеттi орган белгілейдi.
1-2. Шет ел қатысатын ашық жинақтаушы зейнетақы қорларының жиынтық жарғылық капиталы Қазақстан Республикасының барлық ашық жинақтаушы зейнетақы қорларының жарияланған жиынтық жарғылық капиталының жиырма бес процентiнен аспауы керек.
1-3. Қазақстан Республикасының резидентi емес тұлға қатысатын ашық жинақтаушы зейнетақы қорының директорлар кеңесi мен басқарма мүшелерiнің кемiнде үштен бiрi Қазақстан Республикасының азаматтары болуы керек. Ашық жинақтаушы зейнетақы қорының директорлар кеңесi мен басқармасының Қазақстан Республикасының резиденттерi емес мүшелерi қаржы рыногында қызметiн жүзеге асырушы ұйымдарда үш жылдан кем емес басшылық жұмыста болған тәжiрибесiн куәландыратын құжаттарды табыс eтуге мiндеттi.
1-4. Дауыс беретiн акцияларының жиырма бес процентiнен астамы жиынтық түрінде:
1) Қазақстан Республикасының резидентi емес тұлғаның;
2) акцияларының (қатысушылары салымдарының) елу проценттен астамы Қазақстан Республикасының резиденттерi емес тұлғалардың меншігінде және (немесе) басқаруында болған Қазақстан Республикасының резидентi-заңды тұлғаның;
3) Қазақстан Республикасының резиденттерi емес тұлғалардың бағалы қағаздарын нақты ұстаушы болып табылатын Қазақстан Республикасы резиденттерiнiң меншігіндe немесе басқаруында болған ашық жинақтаушы зейнетақы қоры Қазақстан Республикасының резидентi емес тұлға қатысатын ашық жинақтаушы зейнетақы қоры болып табылады.".
2-тармақ "акцияларының " деген сөзден кейiн "жалпы санының" деген сөздермен толықтырылсын;
3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"3. Мемлекеттiк кәсiпорын жинақтаушы зейнетақы қорының құрылтайшысы немесе акционерi бола алмайды.";
5-тармақтағы "құрылтайшысы" деген сөзден кейiн "немесе акционерi" деген сөзбен толықтырылсын;
29) 37-бап мынадай редакцияда жазылсын:
"Жинақтаушы зейнетақы қорларын мемлекеттiк тiркеудi, сондай-ақ олардың құрылтай құжаттарына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзудi уәкiлеттi органның рұқсаты болған жағдайда Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес әдiлет органдары жүзеге асырады.";
30) 38-бапта:
тақырыбындағы және 1-тармақтағы "Мемлекеттiк емес" деген сөздер алып тасталып "жинақтаушы" деген сөз бас әріппен жазылсын;
2-тармақта:
"Мемлекеттiк емес" деген сөздер "Жинақтаушы" деген сөзбен ауыстырылсын;
"мемлекеттiк" деген сөз алып тасталсын;
мынадай мазмұндағы екiншi сөйлеммен толықтырылсын:
"Жарғылық капиталдың жүз процентi Қазақстан Республикасының Үкiметiне тиесiлi болған жағдайда ғана жинақтаушы зейнетақы қорының атауында "мемлекеттiк" деген сөз қолданыла алады.";
"алушының" деген сөз "салымшының (алушының)" деген сөздермен ауыстырылсын;
31) 39-бап мынадай редакцияда жазылсын:
"39-бап. Зейнетақы жарналарын тарту және зейнетақы төлемдерiн
жүзеге асыру жөнiндегi қызметтi лицензиялау
1. Зейнетақы жарналарын тарту және зейнетақы төлемдерiн жүзеге асыру жөніндегi қызметтi Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен уәкiлеттi орган лицензиялайды.
2. Лицензиат жинақтаушы зейнетақы қорларын қайта ұйымдастыру салдарынан пайда болған жинақтаушы зейнетақы қорына зейнетақы жарналарын тартуға, зейнетақы төлемдерiн және жинақталған зейнетақы қаражатын аударуды жүзеге асыруға, егер бұл оған құқықтық мирасқорлық тәртіппен ауысқан мiндеттерден туындаса, лицензия алу үшiн белгiленген мерзiм iшiнде уәкiлеттi орган уақытша рұқсат беруi мүмкiн.";
32) 40-бапта:
2-тармақта:
үшiншi абзацтағы "соттылығы" деген сөзден кейiн "өтелмеген немесе" деген сөздермен толықтырылсын;
төртiншi абзацқа түзету қазақша мәтiнде өзгерiссiз қалады;
"санацияға" деген сөзден кейiн ", консервацияға" деген сөзбен толықтырылсын;
төртiншi абзацтағы "адам басшы қызметкер бола алмайды." деген сөздер алып тасталып, мынадай мазмұндағы бесiншi және алтыншы абзацтармен толықтырылсын:
", белгiленген тәртiппен бiлiктiлiк емтиханын тапсырмаған адам;
Қазақстан Республикасының азаматы емес адам басшы қызметкер бола алмайды.";
3-тармақ алып тасталсын;
33) 41-бапта:
1-тармақ мынадай мазмұндағы 2-1) және 2-2) тармақшалармен толықтырылсын:
"2-1) уәкiлеттi орган беретiн лицензия негiзiнде зейнетақы активтерiн инвестициялық басқару жөнiндегi қызметтi дербес жүзеге асыруға;
2-2) зейнетақымен қамсыздандыруға байланысты мәселелер бойынша сот органдарында салымшының жазбаша өтiнiшi бойынша Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген тәртiппен оның мүдделерiн бiлдiруге;";
2-тармақта:
6) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"6) салымшының (алушының) жинақталған зейнетақы қаражатын бiр жинақтаушы зейнетақы қорынан екiншiсiне немесе сақтандыру ұйымына осы Заңда және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтiк құқықтық актілерiнде белгiленген тәртіппен аударуға;";
7) тармақша "зейнетақы активтерiн басқару жөнiндегi" деген сөздердiң алдынан "жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы активтерiн инвестициялық басқару жөнiндегi қызметтi жүзеге асыруға лицензиясы болмаған жағдайда" деген сөздермен толықтырылсын;
10) тармақша алып тасталсын;
мынадай мазмұндағы 11)-13) тармақшалармен толықтырылсын:
"11) салымшымен мiндеттi зейнетақы жарналары есебiнен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарт жасасуға;
12) салымшымен ерiктi кәсiптiк зейнетақы жарналары есебiнен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарт жасасуға;
13) әрбiр жеке адамның тұратын жерiне қарамастан олармен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарт жасасу кепiлдiгін қамтамасыз етуге мiндеттi.";
3-тармақта:
2) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"2) өз мұқтаждары үшiн сатып алған мүлiктi сатып алу-сату мен жалға берудi және уәкiлеттi орган белгiлейтiн қаржы құралдарымен мәмiлелердi қоспағанда, мүлiктi сатып алу-сатуды жүзеге асыруға;";
6) тармақша алып тасталсын;
мынадай мазмұндағы 4 және 5-тармақтармен толықтырылсын:
"4. Жинақтаушы зейнетақы қорларының қаржылық орнықтылығын және төлем қабiлеттiлiгiн қамтамасыз ету мақсатында сақталуы мiндеттi пруденциялдық нормативтер белгiленедi. Пруденциялдық нормативтердің тiзбесiн, олардың нормативтiк мәнiн, есеп-қисап әдiстемесiн, сондай-ақ тиiстi есептiлiк нысандары мен оны табыс ету мерзiмдерiн уәкiлеттi орган белгiлейдi.
5. Жинақтаушы зейнетақы қорының, онымен және оның құрылтайшыларымен аффилиирленген, жинақтаушы зейнетақы қоры қатысатын консорциумдар мен қарапайым серiктестiктерге қатысушы тұлғалар мен ұйымдардың қызметiн реттеу шоғырландырылған негiзде жүзеге асырылуы мүмкін. Реттеудi шоғырландырылған негiзде жүзеге асыру ережесiн уәкiлеттi орган белгiлейдi.";
34) 42-бап мынадай мазмұндағы 1-1, 1-2, 1-3 және 1-4-тармақтармен толықтырылсын:
"1-1. Уәкiлеттi орган жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы жарналарын тарту жөніндегi қызметке лицензиясының қолданылуын мынадай негiздердің:
1) лицензия берiлгенде негiзге алынған ақпараттың дұрыс болмауы;
2) лицензия берiлген кезден бастап жинақтаушы зейнетақы қорының қызметiн бастауды бiр жылдан астам кідірту;
3) жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарт бойынша мiндеттемелердi үнемi (күнтiзбелiк он екi ай iшiнде қатарынан үш және одан да көп рет) орындамауы немесе тиiсiнше орындамауы;
4) жинақтаушы зейнетақы қорының лицензиар белгiлеген нормативтердi және орындалуы мiндеттi басқа да нормалар мен лимиттердi үнемi (күнтiзбелiк он екi ай iшiнде қатарынан үш және одан да көп рет) бұзуы;
5) Қазақстан Республикасының нормативтiк құқықтық актiлерiн, жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы ережесiн және уәкiлеттi органның нормативтiк құқықтық актiлерiн бұзуы не уәкiлеттi органның жазбаша нұсқамаларын орындамауы;
6) есептiлiк пен мәлiметтердi табыс етпеу немесе көрiнеу дұрыс емес есептiлiк пен мәлiметтердi табыс ету негiздерiнің кез келгенi бойынша алты айға дейiнгі мерзiмге тоқтата тұруға құқылы.
1-2. Лицензияның қолданылуын тоқтата тұру жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы жарналарын тарту және бұрын тартылған салымшылар бойынша зейнетақы төлемдерiн жүзеге асыру жөніндегi қызметтi жүзеге асыру, сондай-ақ жинақтаушы зейнетақы қорының инвестициялық қызметтi жүзеге асыру құқығын сақтай отырып, жаңа салымшылар тартуына тыйым салуға әкеп соқтырады.
1-3. Уәкiлеттi органның жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы жарналарын тарту жөнiндегi қызметке лицензиясының қолданылуын тоқтата тұру туралы қабылдаған шешiмiн жинақтаушы зейнетақы қоры екi баспасөз басылымында мемлекеттiк тiлде және орыс тiлiнде хабарландыру жариялау арқылы салымшылар мен алушылардың назарына жеткiзедi.
1-4. Лицензияның қолданылуын тоқтата тұру себептерiн жинақтаушы зейнетақы қорының белгiленген мерзiмде жоймауы оны уәкiлеттi органның қайтарып алуынa негiз болып табылады.";
35) 43-бапта:
тақырыбындағы "Мемлекеттiк емес" деген сөздер алып тасталып "жинақтаушы" деген сөз бас әрiппен жазылсын;
1-тармақта:
алтыншы абзацтағы "қордың корпоративтiк түрiнен ашық түрге қайта құрылуы, өзгеруi" деген сөздер алып тасталып, "бөлiп шығару" деген сөздерден кейiн "жинақтаушы зейнетақы қорының корпоративтiк түрден ашық түрге қайта ұйымдастырылуы, өзгертiлуi" деген сөздермен толықтырылсын;
"Мемлекеттiк емес" деген сөздер алып тасталып "жинақтаушы" деген сөз бас әріппен жазылсын;
2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"2. Қайта ұйымдастырылатын жинақтаушы зейнетақы қоры уәкiлеттi органның қайта ұйымдастыруды жүргiзуге рұқсатын алған күннен бастап күнтiзбелiк он бес күн ішінде екi баспасөз басылымында мемлекеттiк тiлде және орыс тілінде хабарландыру жариялау арқылы өзінің барлық салымшылары мен алушыларына алдағы өзгерiстер туралы хабардар етуге міндеттi.
Осы тармақтың бiрiншi бөлiгінің салымшылар мен алушыларды хабарландыруға қатысты талабы жинақтаушы зейнетақы қоры үшiн оның атауы өзгерген жағдайда да мiндеттi болып табылады.";
мынадай мазмұндағы 3-тармақпен толықтырылсын:
"3. Қайта ұйымдастыру жағдайында:
қосылу нысанында - жаңадан құрылған жинақтаушы зейнетақы қоры;
бөліну нысанында - жаңадан құрылған жинақтаушы зейнетақы қорлары;
бөліп шығару нысанында - бөлiнiп шыққан жинақтаушы зейнетақы қорлары зейнетақы жарналарын тарту жөніндегi қызметтi және зейнетақы төлемдерiн жүзеге асыру жөніндегi қызметтi жүзеге асыру құқығына жаңа лицензия алуға мiндеттi.
Қайта ұйымдастыру жағдайында мынадай жинақтаушы зейнетақы қорлары:
1) бөлiп шығару нысанында қайта ұйымдастыру кезінде өзiнен екi және одан да көп заңды тұлға бөлiнiп шыққан жинақтаушы зейнетақы қоры;
2) бiрiктiру нысанында қайта ұйымдастыру кезiнде өзiне басқа жинақтаушы зейнетақы қорын қосып алған жинақтаушы зейнетақы қоры лицензиясының негiзiнде қайта ұйымдастырылған жинақтаушы зейнетақы қоры зейнетақы жарналарын тарту жөнiндегi қызметтi және зейнетақы төлемдерiн жүзеге асыру жөнiндегi қызметтi қолда бар лицензиясы негiзiнде жүзеге асыруға құқылы.
Жинақтаушы зейнетақы қорын корпоративтiк қордан ашық қор етiп қайта ұйымдастыру жағдайында қайта ұйымдастырылған жинақтаушы зейнетақы қоры да жаңа лицензия алуға міндеттi.";
36) 44-бапта:
тақырыбындағы және мәтiнiндегi "Мемлекеттiк емес", "мемлекеттiк емес" деген сөздер алып тасталып, тақырыбындағы "жинақтаушы" деген сөз бас әрiппен жазылсын;
3) тармақшадағы "монополияға қарсы заңдар" деген сөздер "Қазақстан Республикасының монополияға қарсы заңдары" деген сөздермен ауыстырылсын;
37) 45-бапта:
тақырыбындағы және мәтініндегi "Мемлекеттiк емес", "мемлекеттiк емес" деген сөздер алып тасталып, тақырыбындағы және 1-тармағындағы "жинақтаушы" деген сөз бас әріппен жазылсын;
4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"4. Таратылатын жинақтаушы зейнетақы қоры уәкілеттi органның таратуға рұқсатын алған күннен бастап күнтiзбелiк он күн iшiнде жинақтаушы зейнетақы қорының таратылатыны туралы мемлекеттiк тiлде және орыс тiлiнде екi баспасөз басылымында хабарландыру жариялау арқылы салымшылар мен алушыларды хабардар етуге мiндеттi.";
5-тармақта:
бiрiншi бөлiктегi "зейнетақы шарттары" деген сөздер "зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарттар" деген сөздермен ауыстырылсын;
екiншi бөлiктегi "қорды" деген сөз "жинақтаушы зейнетақы қорын" деген сөздермен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы 8-тармақпен толықтырылсын:
"8. Жинақтаушы зейнетақы қорын тарату комиссиясының қызметiн бақылауды уәкiлеттi орган жүзеге асырады.";
38) 46-бап мынадай редакцияда жазылсын:
"46-бап. Жинақтаушы зейнетақы қорларының өз капиталын құру
1. Жинақтаушы зейнетақы қорының өз капиталы:
1) құрылтайшылар мен акционерлердiң жарғылық капиталға салған салымдары;
2) комиссиялық сыйақылар;
3) Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген өзге де көздер есебiнен құралады.
2. Жинақтаушы зейнетақы қорларының өз капиталы - жинақтаушы зейнетақы қоры мiндеттемелерінің сомасын шегерiп тастағаннан кейiнгі оның активтерiнiң құны.";
39) 47-бапта:
1-тармақ алып тасталсын;
2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"2. Жинақтаушы зейнетақы қоры жарғылық капиталының ең төменгi мөлшерiн, оны қалыптастырудың тәртiбi мен құрамын уәкiлеттi орган белгiлейдi.
Жинақтаушы зейнетақы қорының ең төмен жарғылық капиталының мөлшерiне талаптар өскен жағдайларда, жинақтаушы зейнетақы қоры залалдың болғанына қарамастан акцияларды қосымша шығаруды жүзеге асырады.";
4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"4. Құрылтайшылар немесе заңды тұлға акционерлер өз капиталының шегіндe жарғылық капиталға ақша салады, жинақтаушы зейнетақы қорының акцияларын төлейдi.
Құрылтайшылар немесе жеке тұлға акционерлер Қазақстан Республикасының салық заңдарында табысы мен мүлкi туралы декларация беру бөлігіндe белгiленген талаптарды ескере отырып, жарғылық капиталға ақша салады, жинақтаушы зейнетақы қорының акцияларын төлейдi.";
5-тармақта:
"Лицензия" деген сөз кiшi әрiппен жазылып, оның алдынан "Зейнетақы жарналарын тарту және зейнетақы төлемдерiн жүзеге асыру жөнiндегi қызметтi жүзеге асыру құқығына" деген сөздермен толықтырылсын;
"жарғылық капитал" деген сөздерден кейiн "Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен" деген сөздермен толықтырылсын;
мынадай мазмұндағы 6-тармақпен толықтырылсын:
"6. Уәкiлеттi орган жинақтаушы зейнетақы қорының құрылтайшылары мен акционерлерiнен құрылтай құжаттары мен қаржы есептiлiгiн табыс етудi талап етуге, сондай-ақ мемлекеттiк органдардан қажеттi мәлiметтердi сұратуға құқылы.";
40) 48-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Комиссиялық сыйақының шектi шамасын Қазақстан Республикасының Үкiметi:
1) инвестициялық кiрiстің он бес процентiнен;
2) айына зейнетақы активтерiнiң 0,05 процентiнен аспайтын шекте белгiлейдi.
Комиссиялық сыйақының шамасы жылына ең көбi бiр рет өзгеруi және күнтiзбелiк жыл басталғанға дейiн кемiнде бiр ай бұрын жариялануы мүмкiн. Комиссиялық сыйақыны алудың тәртiбiн Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлейдi.";
41) 49-баптың 2-тармағында:
"Алушылардың жеке шотында" деген сөздер "Салымшылардың (алушылардың) жеке шоттарындағы мiндеттi зейнетақы жарналары, ерiктi зейнетақы жарналары және ерiктi кәсiптiк зейнетақы жарналары есебiнен" деген сөздермен ауыстырылсын, "тәртiппен" деген сөзден кейiн "бөлек" деген сөзбен толықтырылсын;
"алушылардың" деген сөз тиiсiнше "салымшылардың (алушылардың)" деген сөздермен ауыстырылсын;
42) 50-бапта:
тақырыбындағы "Алушының" деген сөз алып тасталсын, "жинақталған" деген сөз бас әрiппен жазылсын;
1-тармақтың бiрiншi бөлiгi мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Жинақталған зейнетақы қаражаттарының құпиясы салымшылар (алушылар) туралы, салымшылардың (алушылардың) жеке зейнетақы шоттарындағы қалдықтар және ақша қозғалысы туралы мәлiметтердi қамтиды.";
3-тармақ "алушының" деген сөзден кейiн "Қазақстан Республикасы заңдарының талаптарына сәйкес ресiмделген" деген сөздермен толықтырылсын;
4-тармақта:
1) тармақша "жүргiзiп отырған" деген сөздерден кейiн "қылмыстық" деген сөзбен толықтырылсын;
3) тармақшадағы "берiлуi мүмкін" деген сөздер алып тасталып, 4) тармақша "бойынша" деген сөзден кейiн ", не олардың жинақтаушы зейнетақы қорына тексеру жүргiзуiне байланысты;" деген сөздермен толықтырылсын;
мынадай мазмұндағы 5), 6) тармақшалармен толықтырылсын:
"5) прокурорға - оның қарауындағы материал бойынша өз құзыретi шегіндe тексеру жүргiзу туралы қаулы негiзiнде;
6) салымшының (алушының) өкілдеріне - нотариатпен куәландырған сенiмхат негiзiнде берiлуi мүмкiн.";
43) 11-тараудың тақырыбындағы "Мемлекеттiк емес" деген сөздер алып тасталып "жинақтаушы" деген сөз бас әріппен жазылсын;
44) 51-бап мынадай редакцияда жазылсын:
"51-бап. Жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы активтерiн
басқару тәртiбi
Жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы активтерiн инвестициялық басқаруды зейнетақы активтерiн инвестициялық басқаруды жүзеге асырушы ұйым не қызметтің осындай түрiмен айналысу құқығына тиiстi лицензиясы болған кезде жинақтаушы зейнетақы қоры дербес, уәкiлеттi орган белгiлеген тәртiппен жүзеге асырады.";
45) 52-бапта:
тақырыбындағы "Мемлекеттiк емес" деген сөздер алып тасталып "жинақтаушы" деген сөз бас әрiппен жазылсын;
1-тармақтағы "Мемлекеттiк емес", "жабық" деген сөздер алып тасталып "жинақтаушы" деген сөз бас әрiппен жазылсын;
мынадай мазмұндағы 1-1, 1-2, 1-3, 1-4, 1-5-тармақтармен толықтырылсын:
"1-1. Қазақстан Республикасының резиденттерi мен резидент емес жеке және заңды тұлғалары осы Заңда және уәкiлеттi органның өзге де нормативтiк-құқықтық актiлерiнде белгiленген талаптарды ескере отырып, зейнетақы активтерiн инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымның құрылтайшылары немесе акционерлерi бола алады.
1-2. Рейтинг агенттiктерінің бiрінің белгiлi бiр рейтiнгiн иеленген заңды тұлға - қаржы ұйымы ғана Қазақстан Республикасының резидентi болып табылмайтын зейнетақы активтерiн инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымның құрылтайшысы немесе акционерi бола алады. Рейтинг агенттiктерiнiң тiзбесi мен ең төмен рейтингтi уәкiлеттi орган белгiлейдi.
Оффшорлық аймақта тiркелген коммерциялық ұйым мәртебесi бар заңды тұлғалар мен жарғылық капиталына оффшорлық аймақта тiркелген заңды тұлғалар тiкелей немесе аффилиирленген тұлғалар арқылы қатысатын заңды тұлғалар Қазақстан Республикасының зейнетақы активтерiн инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымдардың құрылтайшылары немесе акционерлерi бола алмайды. Оффшорлық аймақтардың тiзбесiн уәкiлеттi орган белгiлейдi.
1-3. Шет ел қатысатын зейнетақы активтерiн инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымдардың жиынтық жарғылық қоры Қазақстан Республикасының зейнетақы активтерiн инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын барлық ұйымдардың жарияланған жиынтық жарғылық капиталының елу процентiнен аспауы керек.
1-4. Қазақстан Республикасының резидентi емес тұлға қатысатын зейнетақы активтерiн инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымның директорлар кеңесi мен басқарма мүшелерiнің кемiнде үштен бiрi Қазақстан Республикасының азаматтары болуы керек. Зейнетақы активтерiн инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымның директорлар кеңесi мен басқармасының Қазақстан Республикасының резидентi емес мүшелерi қаржы рыногында қызметiн жүзеге асырушы ұйымдарда үш жылдан кем емес басшылық жұмыста болған тәжiрибесiн куәландыратын құжаттарды табыс етуге міндеттi.
1-5. Дауыс беретiн акцияларының жиырма бес процентiнен астамы жиынтық түрiнде:
1) Қазақстан Республикасының резидентi емес тұлғаның;
2) акцияларының (қатысушылары салымдарының) елу проценттен астамы Қазақстан Республикасының резиденттерi емес тұлғалардың меншiгiнде немесе басқаруында жүрген Қазақстан Республикасының резидентi-заңды тұлғаның;
3) Қазақстан Республикасының резиденттерi емес тұлғалардың бағалы қағаздарын нақты ұстаушы болып табылатын Қазақстан Республикасы резиденттерiнің меншiгiндегi немесе басқаруындағы зейнетақы активтерiн инвестициялық басқаруды жүзеге асырушы ұйым Қазақстан Республикасының резидентi емес тұлға қатысатын зейнетақы активтерiн инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйым болып табылады.";
2-тармақтағы "Мемлекеттiк емес" деген сөздер алып тасталып "жинақтаушы" деген сөз бас әрiппен жазылсын;
3-тармақтағы "бағалы қағаздар рыногын реттеу жөнiндегi" деген сөздер алып тасталсын;
4-тармақтағы "мемлекеттiк емес" деген сөздер алып тасталсын;
46) 53-бапта:
2-тармақта:
төртiншi абзацқа түзету қазақша мәтiнде өзгерiссiз қалады;
төртiншi абзацтағы "адам басшы қызметкер бола алмайды" деген сөздер алып тасталып, мынадай мазмұндағы бесiншi абзацпен толықтырылсын:
", уәкiлеттi орган белгiлеген тәртiппен келiсуден өтпеген адам басшы қызметкер бола алмайды";
3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"3. Зейнетақы активтерiн инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымның басшы қызметкерiнiң кандидатурасы Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен уәкiлеттi органмен мiндеттi түрде келiсілуге тиiс.
Уәкiлеттi орган зейнетақы активтерiн инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымның басшы қызметкерiн сайлауға (тағайындауға) берiлген келiсiмдi:
1) келiсiм берiлгенде негiзге алынған мәлiметтердің дұрыс еместiгiнің анықталуы;
2) зейнетақы активтерiн басқару жөнiндегi инвестициялық қызметке байланысты құқық бұзушылық үшiн бiр жыл ішiнде екi және одан да көп рет әкiмшiлiк жауаптылыққа тартылғандығы туралы деректердің болуы;
3) осы баптың 2-тармағында көзделген талаптарға сәйкес келмеуiнің анықталуы бойынша қайта қарауға құқылы.";
4-тармақта:
"берген" деген сөз "белгiленген тәртiппен беретiн" деген сөздермен ауыстырылсын;
"Бағалы қағаздар рыногын реттеу жөнiндегi" деген сөздер алып тасталып, "уәкiлеттi" сөзi бас әріппен жазылсын;
47) 54-бапта:
тақырыбындағы "Мемлекеттiк емес" деген сөздер алып тасталып "жинақтаушы" деген сөз бас әрiппен жазылсын;
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы активтерiн инвестициялық басқару оның таңдауы бойынша зейнетақы активтерiн инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын бiр және одан да көп ұйымдармен шарт негiзiнде және (немесе) уәкiлеттi орган беретiн, қызметтің осындай түрiмен айналысу құқығына тиiстi лицензиясы болған жағдайда жинақтаушы зейнетақы қорымен дербес жүзеге асырылады.";
2-тармақтағы "осы баптың 3-тармағының талаптарын орындаған кезде", "мемлекеттiк емес" деген сөздер алып тасталсын;
3-тармақ алып тасталсын;
мынадай мазмұндағы 6-тармақпен толықтырылсын:
"6. Зейнетақы активтерiн инвестициялық басқаруды дербес жүзеге асыратын жинақтаушы зейнетақы қорларының басқа жинақтаушы зейнетақы қорларымен олардың зейнетақы активтерiн инвестициялық басқаруға шарт жасасуға құқығы жоқ.";
48) 55-бапта:
мәтiндегi "мемлекеттiк емес" деген сөздер алып тасталсын;
1-тармақта:
1), 4)-6) тармақшалардағы "бағалы қағаздар рыногын реттеу жөнiндегi" деген сөздер алып тасталсын;
3) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"3) уәкiлеттi орган белгiлеген мерзiмде және тәртiппен өз қызметi туралы есеп беруге;";
49) 56-баптағы "бағалы қағаздар рыногын реттеу жөнiндегi" деген сөздер алып тасталсын;
50) 57-бап мынадай редакцияда жазылсын:
"57-бап. Сақталуы мiндеттi пруденциалдық нормативтер
Зейнетақы активтерiн инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымның төлем қабiлеттiлiгi мен қаржылық тұрақтылығы кепiлдiгін қамтамасыз ету үшiн сақталуы мiндеттi пруденциалдық нормативтер белгiленедi.
Пруденциалдық нормативтердің тiзбесiн, олардың нормативтiк мәндерi мен есеп-қисап әдiстемесiн, сондай-ақ тиiстi есептілік нысандары мен оны табыс ету мерзiмдерiн уәкілеттi орган белгiлейдi.";
51) 58-бап мынадай редакцияда жазылсын:
"58-бап. Зейнетақы активтерiн инвестициялық басқару жөнiндегi
қызметтi лицензиялау
Жинақтаушы зейнетақы қорларының зейнетақы активтерiн инвестициялық басқару жөнiндегi қызметтi Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен уәкiлеттi орган лицензиялайды.
Зейнетақы активтерiн инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйым тиiстi лицензиялары болған жағдайда уәкiлеттi орган белгiлеген тәртiппен бағалы қағаздар портфелiн басқару жөнiндегi қызметтi жүзеге асыруға құқылы.";
52) 59-баптың бiрiншi бөлiгi мынадай редакцияда жазылсын:
"Жинақтаушы зейнетақы қоры зейнетақы активтерiн инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйыммен жасалған шартты бұзу белгiленген күннен жиырма күн бұрын оған хабарлай отырып, бiр жақты тәртiппен бұзуға, сондай-ақ зейнетақы активтерiн тиiстi басқармаудан туындаған залалдарды өтеудi талап етуге құқылы.";
53) 4-бөлiмнің тақырыбындағы "Қазақстан Республикасы iшкi iстер органдарының және Әдiлет министрлiгi Қылмыстық-атқару жүйесi комитетiнің әскери қызметшiлерiн," деген сөздер "Арнайы атақтар берілiп, Қазақстан Республикасының заңдарымен iшкi iстер органдарының қызметкерлерi үшiн белгiленген тәртіп қолданылатын әскери қызметшілердің, Қазақстан Республикасы iшкi iстер органдарының және Әдiлет министрлiгi Қылмыстық-атқару жүйесi комитетінің, қаржы полициясы мен мемлекеттiк өртке қарсы қызмет органдарының" деген сөздермен ауыстырылсын;
54) 60-бапта:
1-тармақта:
бiрiншi абзацтағы "iшкi iстер және Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнiң Қылмыстық-атқару жүйесi комитетi органдары" деген сөздер "арнайы атақтар берiлiп, Қазақстан Республикасының заңдарымен iшкi iстер органдарының қызметкерлерi үшiн белгіленген тәртiп қолданылатын әскери қызметшiлердің, iшкi iстер органдары, Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнiң Қылмыстық-атқару жүйесi комитетi, қаржы полициясы мен мемлекеттiк өртке қарсы қызмет органдары" деген сөздермен ауыстырылсын;
1) тармақшадағы "әскери қызметте, iшкi iстер және Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлігінiң Қылмыстық-атқару жүйесi комитетi органдарындағы" деген сөздер "арнайы атақтар берiліп, Қазақстан Республикасының заңдарымен iшкi iстер органдарының қызметкерлерi үшiн белгiленген тәртiп қолданылатын әскери қызметте, iшкi iстер органдарындағы және Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнiң Қылмыстық-атқару жүйесi комитетiндегi, қаржы полициясы мен мемлекеттiк өртке қарсы қызмет органдарындағы" деген сөздермен ауыстырылсын;
2) тармақшадағы "әскери қызметте, iшкi iстер және Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнің Қылмыстық-атқару жүйесi комитетi органдарындағы" деген сөздер "арнайы атақтар берiліп, Қазақстан Республикасының заңдарымен iшкi iстер органдарының қызметкерлерi үшiн белгiленген тәртіп қолданылатын әскери қызметте, iшкi iстер органдарындағы және Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнің Қылмыстық-атқару жүйесi комитетiндегi, қаржы полициясымен мемлекеттiк өртке қарсы қызмет органдарындағы" деген сөздермен ауыстырылсын;
3) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"3) арнайы атақтар берiліп, Қазақстан Республикасының заңдарымен Iшкі iстер органдарының қызметкерлерi үшiн белгiленген тәртiп қолданылатын iшкi iстер органдарының, Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгi Қылмыстық-атқару жүйесi комитетiнiң, қаржы полициясы мен мемлекеттiк өртке қарсы қызмет органдарының офицерлерi, прапорщиктерi (мичмандары), орта, аға және жоғары басшы құрамындағы адамдары, сондай-ақ арнайы атақтар берiліп, Қазақстан Республикасының заңдарымен iшкi iстер органдарының қызметкерлерi үшiн белгіленген тәртіп қолданылатын, келiсiм-шарт бойынша әскери қызметтен өтiп жүрген, әскери қызметте және iшкi iстер органдарындағы, Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгінiң қылмыстық-атқару жүйесi комитетiнде, қаржы полициясы мен мемлекеттiк өртке қарсы қызмет органдарында қызметте болудың Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген шектi жасына жетуi бойынша, штатты қысқарту немесе денсаулық жағдайы бойынша қызметтен босатылған, жиырма бес жыл және одан да көп жалпы еңбек стажы бар, оның кемiнде он екi жыл алты айында үздiксiз әскери қызмет және ішкi iстер органдарында қызмет атқарған адамдардың еңбек сіңiрген жылдары үшiн зейнетақы төлемдерiн алуға құқығы бар.";
4) тармақша алып тасталсын;
2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"2. Қызметтен босатылған және 1998 жылғы 1 қаңтарда он жыл және одан да көп жыл еңбек сiңiрген, арнайы атақтар берілiп, Қазақстан Республикасының заңдарымен iшкi iстер органдарының қызметкерлерi үшiн белгiленген тәртiп қолданылатын әскери қызметшілерге, iшкi iстер органдарының, Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлігінің Қылмыстық-атқару жүйесi комитетiнiң, қаржы полициясы мен мемлекеттiк өртке қарсы қызмет органдарының қызметкерлерiне, осы баптың 1-тармағына сәйкес еңбек сiңiрген жылдары бойынша зейнетақыға құқығы болмаған жағдайда Орталықтан төленетiн зейнетақы төлемдерi осы Заңға сәйкес, жалпы негiздерде тағайындалады.";
3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"3. Әскери қызметшiлер, iшкi iстер органдарының, Әдiлет министрлiгiнің қылмыстық-атқару жүйесi органдарының, бұрынғы Мемлекеттiк тергеу комитетінің, прокуратураның, қаржы (салық) полициясы органдарының, кеден органдарының, Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар жөнiндегi органдарының қызметкерлерi арасынан зейнеткерлердi әскери (арнайы) атақ, сыныптық шен бере отырып, мемлекеттік қызметке алғанда зейнетақы төлеу қызметке тағайындалған күннен бастап тоқтатылады.";
55) 61-бап мынадай редакцияда жазылсын:
"61-бап. Еңбек сіңiрген жылдары үшiн Орталықтан төленетiн
зейнетақы төлемдерінің мөлшерi
1. Орталықтан төленетiн зейнетақы төлемдерi:
1) осы Заңның 60-бабының 1-тармағында аталған негiздер бойынша зейнетақы төлемдерiне құқығы бар, арнайы атақтар беріліп, Қазақстан Республикасының заңдарымен iшкi iстер органдарының қызметкерлерi үшiн белгiленген тәртiп қолданылатын адамдарға, әскери қызмет стажы, ішкi iстер органдарындағы, Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнің Қылмыстық-атқару жүйесi комитетiндегi, қаржы полициясы мен мемлекеттiк өртке қарсы қызмет органдарындағы қызмет стажы 1998 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша он жыл және одан да көп болған жағдайда - толық көлемінде;
2) осы Заңның 60-бабының 1-тармағында аталған негiздер бойынша зейнетақы төлемдерiне құқығы бар, арнайы атақтар берiліп, Қазақстан Республикасының заңдарымен iшкi iстер органдарының қызметкерлерi үшiн белгiленген тәртiп қолданылатын адамдарға, әскери қызмет стажы, iшкi iстер органдарындағы, Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнiң Қылмыстық-атқару жүйесi комитетiндегi, қаржы полициясы мен мемлекеттiк өртке қарсы қызмет органдарындағы қызмет стажы 1998 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша он жылға жетпейтiн жағдайда - толық емес көлемде тағайындалады.
2. Орталықтан толық көлемiнде төленетiн зейнетақы төлемдерi осы Заңның 63-бабына сәйкес белгiленетiн ақшалай қаражаттың елу процентi есебiнен белгiленедi.
3. Орталықтан толық емес көлемде төленетiн зейнетақы төлемдерi 1998 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша еңбек сіңiрген жылдарының және еңбек стажының әр жылына шаққанда осы Заңның 63-бабына сәйкес белгiленетiн ақшалай қаражаттың екi процентi есебiнен белгiленедi.
4. Арнайы атақтар берiлiп, Қазақстан Республикасының заңдарымен Ішкі iстер органдарының қызметкерлерi үшiн белгiленген тәртiп қолданылатын әскери қызметте, iшкi iстер органдарындағы, Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлігінің Қылмыстық-атқару жүйесi комитетiндегi, қаржы полициясы мен мемлекеттiк өртке қарсы қызмет органдарындағы адамдарға қызметте жиырма бес жылдан астам еңбек сiңiрген жылдарының әр жылы үшiн осы Заңның 60-бабы 1-тармағының 1) және 2) тармақшаларына сәйкес тағайындалған толық көлемдегi зейнетақы төлемдерінің мөлшерi осы Заңның 63-бабына сәйкес белгiленетiн ақшалай қаражаттың екi процентiне, еңбек стажының әр жылы үшiн бiр процентiне көбейтiледi. Жиырма бес жылдан астам жалпы еңбек стажының әр жылы үшiн осы Заңның 60-бабының 1-тармағының 3) тармақшасына сәйкес тағайындалған толық көлемдегi зейнетақы төлемдерінің мөлшерi осы Заңның 63-бабына сәйкес белгіленетiн ақшалай қаражаттың бiр процентiне көбейтiледi.
5. Осы баптың 1-4-тармақтарына сәйкес есептеп шығарылған зейнетақы төлемдерiнің жалпы мөлшерiн осы Заңның 63-бабына сәйкес белгiленетiн ақшалай қаражаттың алпыс бес процентiнен асыруға болмайды. Арнайы атақтар берiлiп, Қазақстан Республикасының заңдарымен iшкi iстер органдарының қызметкерлерi үшiн белгiленген тәртiп қолданылатын әскери қызметшiлерге, iшкi iстер органдарының, Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгi Қылмыстық-атқару жүйесi комитетiнiң, қаржы полициясы мен мемлекеттiк өртке қарсы қызмет органдарының қызметкерлерiне айлық зейнетақы төлемдерiнің ең жоғары мөлшерiн тиiстi қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленген айлық есептiк көрсеткiштің жетпiс бес еселенген мөлшерiнен асыруға болмайды.";
56) 62-бапта:
"Әскери қызметшiлерге, iшкi iстер және Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгінiң Қылмыстық-атқару жүйесi комитетi органдары" деген сөздер "Арнайы атақтар берiліп, Қазақстан Республикасының заңдарымен iшкi iстер органдарының қызметкерлерi үшiн белгiленген тәртіп қолданылатын әскери қызметшiлерге, iшкi iстер органдары, Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнің Қылмыстық-атқару жүйесi комитетi, қаржы полициясы мен мемлекеттiк өртке қарсы қызмет органдары" деген сөздермен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы екiншi бөлiкпен толықтырылсын:
"Бұл ретте зейнетақы төлемдерiн тағайындау үшiн еңбек сiңiрген жылдары, Қазақстан Республикасының заңдарымен белгiленген жағдайларды қоспағанда, күнтiзбемен есептеледi.";
57) 63-бапта:
1-тармақтағы "Әскери қызметшiлердi, iшкi iстер және Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгінiң Қылмыстық-атқару жүйесi комитетi органдарының" деген сөздер "Арнайы атақтар беріліп, Қазақстан Республикасының заңдарымен iшкi iстер органдарының қызметкерлерi үшiн белгiленген тәртiп қолданылатын әскери қызметшiлердi, iшкi iстер органдарының, Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгi Қылмыстық-атқару жүйесi комитетiнiң, қаржы полициясы мен мемлекеттiк өртке қарсы қызмет органдарының" деген сөздермен ауыстырылсын;
2-тармақтағы "Қазақстан Республикасының әскери қызметшiлерiн, ішкi iстер органдары" деген сөздер "Арнайы атақтар берiлiп, Қазақстан Республикасының заңдарымен iшкi iстер органдарының қызметкерлерi үшiн белгiленген тәртiп қолданылатын әскери қызметшiлердi, iшкi iстер органдарының, Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлігінің Қылмыстық-атқару жүйесi комитетінің, қаржы полициясы мен мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдарының" деген сөздермен ауыстырылсын;
3-тармақтағы "Әскери қызметшiлердi, iшкi iстер және Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнің Қылмыстық-атқару жүйесi комитетi органдарының" деген сөздер "Арнайы атақтар берiліп, Қазақстан Республикасының заңдарымен iшкi iстер органдарының қызметкерлерi үшiн белгiленген тәртiп қолданылатын әскери қызметшiлердi, ішкi iстер органдарының, Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгi Қылмыстық-атқару жүйесi комитетінің, қаржы полициясы мен мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдарының" деген сөздермен ауыстырылсын;
58) 64-бапта:
1, 2, 4-тармақтардағы "Әскери қызметшілерге, Қазақстан Республикасы iшкi iстер және Әдiлет министрлiгiнiң Қылмыстық-атқару жүйесi комитетi органдарының", 3-тармақтағы "әскери қызметшiлерге, iшкi iстер және Әдiлет министрлiгiнің Қылмыстық атқару жүйесi комитетi" деген сөздер тиiсiнше "Арнайы атақтар беріліп, Қазақстан Республикасының заңдарымен iшкi iстер органдарының қызметкерлерi үшiн белгiленген тәртiп қолданылатын әскери қызметшiлерге, iшкi iстер органдарының, Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнiң Қылмыстық-атқару жүйесi комитетiнiң, қаржы полициясы мен мемлекеттiк өртке қарсы қызмет органдарының" деген сөздермен ауыстырылсын;
4-тармақтағы "салық полициясының" деген сөздер алып тасталсын;
59) 65-бапта:
1-тармақтағы "Әскери қызметшiлер, iшкi iстер және Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнің Қылмыстық-атқару жүйесi комитетi органдары" деген сөздер "Арнайы атақтар беріліп, Қазақстан Республикасының заңдарымен iшкi iстер органдарының қызметкерлерi үшін белгiленген тәртiп қолданылатын әскери қызметшiлер, iшкi iстер органдары, Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнiң Қылмыстық-атқару жүйесi комитетi, қаржы полициясы мен мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдары" деген сөздермен ауыстырылсын;
2-тармақтағы "әскери қызметшiлердi, iшкi iстер және Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнiң Қылмыстық-атқару жүйесi комитетi органдарындағы" деген сөздер "арнайы атақтар беріліп, Қазақстан Республикасының заңдарымен iшкi iстер органдарының қызметкерлерi үшiн белгiленген тәртiп қолданылатын әскери қызметшiлердi, ішкi iстер органдарындағы, Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнiң Қылмыстық-атқару жүйесi комитетiндегi, қаржы полициясы мен мемлекеттiк өртке қарсы қызмет органдарындағы" деген сөздермен ауыстырылсын;
3-тармақта:
бiрiншi бөлiк мынадай редакцияда жазылсын:
"3. Республикалық және жергiлiктi бюджеттер есебiнен ұсталатын, 1998 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша, арнайы атақтар беріліп, Қазақстан Республикасының заңдарымен iшкi iстер органдарының қызметкерлерi үшiн белгiленген тәртiп қолданылатын әскери қызметте, iшкi iстер органдарындағы, Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгінің Қылмыстық-атқару жүйесi комитетiндегi, қаржы полициясы мен мемлекеттiк өртке қарсы қызмет органдарындағы қызметте он жылға жетпейтiн стажы бар, арнайы атақтар беріліп, Қазақстан Республикасының заңдарымен iшкi iстер органдарының қызметкерлерi үшiн белгiленген тәртiп қолданылатын әскери қызметшiлер, iшкi iстер органдары, Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнiң Қылмыстық-атқару жүйесi комитетiнiң, қаржы полициясы мен мемлекеттiк өртке қарсы қызмет органдарының қызметкерлерi үшiн тиiстi бюджеттің қаражаты есебiнен осы Заңның 63-бабының 2-тармағында белгiленген ақшалай қаражаттың жиырма процентi мөлшерiнде жинақтаушы зейнетақы қорына салымшының таңдауы бойынша жеке зейнетақы шотына мiндеттi зейнетақы жарналарын аудару тәртiбi енгiзiледi.";
екiншi бөлiктегi "Әскери қызметшiлерге, iшкi iстер және Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгi Қылмыстық-атқару жүйесi комитетi органдары" деген сөздер "Арнайы атақтар беріліп, Қазақстан Республикасының заңдарымен iшкi iстер органдарының қызметкерлерi үшiн белгіленген тәртiп қолданылатын әскери қызметшiлерге, iшкi iстер органдарының Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгi Қылмыстық-атқару жүйесi комитетінің, қаржы полициясы мен мемлекеттiк өртке қарсы қызмет органдарының" деген сөздермен ауыстырылсын;
4-тармақтағы "әскери қызметшiлер, iшкi iстер және Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгi Қылмыстық-атқару жүйесi комитетi органдары" деген сөздер "арнайы атақтар берiліп, Қазақстан Республикасының заңдарымен iшкi iстер органдарының қызметкерлерi үшiн белгiленген тәртiп қолданылатын әскери қызметшiлер, iшкi iстер органдарының, Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгi Қылмыстық-атқару жүйесi комитетiнің, қаржы полициясы мен мемлекеттiк өртке қарсы қызмет органдарының" деген сөздермен ауыстырылсын;
60) 66-бапта:
баптың тақырыбындағы "Әскери қызметшілердi, iшкi iстер және Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгi Қылмыстық-атқару жүйесi комитетi органдары" деген сөздер "Арнайы атақтар берiлiп, Қазақстан Республикасының заңдарымен iшкi iстер органдарының қызметкерлерi үшiн белгiленген тәртiп қолданылатын әскери қызметшілер, iшкi iстер органдарының және Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгi Қылмыстық-атқару жүйесi комитетiнің, қаржы полициясы мен мемлекеттiк өртке қарсы қызмет органдарының" деген сөздермен ауыстырылсын;
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Арнайы атақтар берiлiп, Қазақстан Республикасының заңдарымен ішкi iстер органдарының қызметкерлерi үшiн белгіленген тәртiп қолданылатын әскери қызметшiлерге, iшкi iстер органдарының, Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнің Қылмыстық-атқару жүйесi комитетiнiң, қаржы полициясы мен мемлекеттiк өртке қарсы қызмет органдарының қызметкерлерiне зейнетақы төлемдерiн тағайындауды тиiстi мемлекеттiк органдар Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлейтiн тәртiппен жүзеге асырады.";
2-тармақтағы "Әскери қызметшiлердi, iшкi iстер және Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгi Қылмыстық-атқару жүйесi комитетi органдарының" деген сөздер "Арнайы атақтар берiлiп, Қазақстан Республикасының заңдарымен iшкi iстер органдарының қызметкерлерi үшiн белгiленген тәртiп қолданылатын әскери қызметшiлердi, iшкi iстер органдарының, Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгi Қылмыстық-атқару жүйесi комитетiнiң, қаржы полициясы мен мемлекеттiк өртке қарсы қызмет органдарының" деген сөздермен ауыстырылсын;
61) 68-баптың орыс тiлiндегi мәтініндегi түзету қазақша мәтiнде өзгерiссiз қалады.
2-бап. Осы Заңның ресми жарияланған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiлетiн 1-бабының 40) тармақшасын қоспағанда, осы Заң 2003 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiледi.
Қазақстан Республикасының
Президенті