Мұнай өнiмдерiнiң жекелеген түрлерiн өндiрудi және олардың айналымын мемлекеттiк реттеу туралы

Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 7 сәуірдегі N 402 Заңы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 20 шілдедегі № 463-IV Заңымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР 2011.07.20 № 463-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

      Қолданушылар назарына!
      Қолданушыларға ыңғайлы болуы үшін РҚАО мазмұнды жасады.

МАЗМҰНЫ

      РҚАО-ның ескертпесі!
      Осы заңға өзгеріс енгізу көзделген - ҚР 2011.07.05 N 452-IV (2011.10.13 қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

      Осы Заң мұнай өнiмдерiнiң жекелеген түрлерiн (бұдан әрi - мұнай өнiмдерi): бензиндi (авиациялық бензиндi қоспағанда), дизель отыны мен мазутты өндiру және олардың айналымы процесiнде туындайтын қоғамдық қатынастарды реттейдi.

      1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негiзгi ұғымдар

      Осы Заңда мынадай негiзгi ұғымдар пайдаланылады:
      1) автомобильдерге жанармай құю станциясы - мұнай өнiмдерiн сақтауды және бөлшек саудамен өткiзудi қамтамасыз ететiн жабдықпен жарақтандырылған технологиялық кешен;
      2) бiртұтас деректер базасы - мұнай өнiмдерiн өндiрудi және олардың айналымын мемлекеттiк реттеуді өз құзыреті шегінде жүзеге асыратын мемлекеттiк органдардың ақпараты негiзiнде қалыптастырылатын мұнай өнiмдерiн өндiру және олардың айналымы жөнiндегi электрондық деректер базасы;
      3) компаундирлеу - белгiленген сападағы мұнай өнiмiн алу мақсатында екi немесе бiрнеше компоненттi араластыру;
      4) кондициялық емес мұнай өнiмi - Қазақстан Республикасының техникалық реттеу туралы заңнамасында белгiленген талаптарға сәйкес келмейтiн мұнай өнiмi;
      5) мұнай берушi - өз шикi мұнайын және (немесе) газ конденсатын өңдеуге беретiн мұнай және (немесе) газ өндiру ұйымы және (немесе) басқа да заңды тұлғалар;
      6) мұнай өнiмдерi базасы - мұнай өнiмдерiн сақтауға және өткiзуге арналған тауар қоймасы;
      7) мұнай өнiмдерiн бөлшек саудамен өткiзу - мұнай өнiмдерiн жеке және заңды тұлғаларға одан әрi қайта сату мақсатынсыз өткiзу (жөнелту);
      8) мұнай өнiмдерiн көтерме саудамен өткiзу - мұнай өндiрушiлердiң, берушiлердiң, сондай-ақ мұнай өнiмдерi базаларынан өткiзудi жүзеге асыратын тұлғалардың мұнай өнiмдерiн одан әрi қайта сату мақсатында өткiзуi (жөнелтуi);
      9) мұнай өнiмдерiн өндiру - Қазақстан Республикасының техникалық реттеу туралы заңнамасына сәйкес мұнай өнiмдерiн алуды қамтамасыз ететiн шикi мұнай және (немесе) газ конденсатын өңдеу жөнiндегi, сондай-ақ компаундирлеу жөнiндегi жұмыстар (операциялар) кешенi;
      10) мұнай өнiмдерiн өндiрудiң ең төменгi көлемi - мұнай және (немесе) газ өндiру ұйымдары мен басқа да шикiзат көздерiнiң шикi мұнайды және (немесе) газ конденсатын берудiң уәкiлеттi орган бекiткен көлемiне сәйкес мұнай өнiмдерiн өндiрушi күнтiзбелiк жыл iшiнде ай сайын одан кемiтпей өндiруге мiндеттi мұнай өнiмдерiнiң көлемi;
      11) мұнай өнiмдерiн өндiрушi - мұнай өнiмдерiн өндiруге лицензиясы бар және Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес оларды өткiзудi жүзеге асыратын мұнай және (немесе) газ өңдеу ұйымы;
      12) мұнай өнiмдерiнiң айналымы - мұнай өнiмдерiн сатып алу, сақтау, өткiзу, тасымалдау, экспорттау және импорттау;
      13) өндiрiс паспорты - мұнай өнiмдерiн өндiрушiнiң өндiрiстiк қуаттарының көрсеткiштерiн, оның негiзгi сипаттамаларын көрсететiн, өндiрiстiң технологиялық процесiнiң сақталуы үшiн қолда бар жабдықтың пайдаланылуын регламенттейтiн белгiленген нысандағы құжат;
      14) уәкiлеттi орган - Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлейтiн, осы Заңмен белгiленген құзыретi шегiнде мұнай өнiмдерiн өндiрудi және олардың айналымын мемлекеттiк реттеудi жүзеге асыратын мемлекеттiк орган;
      15) iлеспе жүкқұжат - жөнелтушiден алушыға дейiнгi бүкiл жүру жолында мұнай өнiмдерiнiң қозғалысын бақылауға арналған, мұнай өнiмдерiн босату және қабылдау жөнiндегi операцияларды ресiмдеуге қажеттi бiрегейлендiрiлген құжат.
      Ескерту. 1-бап жаңа редакцияда - ҚР 2006.12.06 N 209 Заңымен.

      2-бап. Қазақстан Республикасының мұнай өнiмдерiн
              өндiрудi және олардың айналымын мемлекеттiк
              реттеу туралы заңдары

      1. Қазақстан Республикасының мұнай өнiмдерiн өндiрудi және олардың айналымын мемлекеттiк реттеу туралы заңдары Қазақстан Республикасының Конституциясына негiзделедi және осы Заң мен Қазақстан Республикасының өзге де нормативтiк құқықтық актiлерiнен тұрады.
      2. Егер Қазақстан Республикасы бекiткен халықаралық шартта осы Заңда көзделгеннен өзгеше ережелер белгiленсе, халықаралық шарттың ережелерi қолданылады.

      3-бап. Мұнай өнiмдерiн өндiрудi және олардың айналымын
              мемлекеттiк реттеу

      1. Мұнай өнiмдерiн өндiрудi және олардың айналымын мемлекеттiк реттеудi Қазақстан Республикасының Үкiметi мен уәкiлеттi орган жүзеге асырады.
      Өзге мемлекеттiк органдар мұнай өнiмдерiн өндiрудiң және (немесе) олардың айналымының жекелеген мәселелерiн осы Заңда және Қазақстан Республикасының өзге де заң актiлерiнде белгiленген өз құзыретi шегiнде реттеуге құқылы.
      2. Мұнай өнiмдерiн өндiрудi және олардың айналымын мемлекеттiк реттеу:
      1) мұнай өнiмдерiн өндiру жөнiндегi қызметтi лицензиялауды;
      1-1) мұнай өнiмдерiн өндiру және олардың айналымы саласындағы техникалық реттеудi;
      2) шикi мұнай және (немесе) газ конденсаты көлемiнiң мұнай өнiмдерiн өндiрудiң уәкiлеттi орган бекiткен ең төменгi көлемiн белгiлеудi;
      3) мұнай өнiмдерiнiң айналымын бақылауды Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң, ол белгiлейтiн уәкiлеттi және өзге де мемлекеттiк органдардың құзыретiне сәйкес, сондай-ақ мұнай өнiмдерiн өндiрудiң және олардың айналымының бiртұтас деректер базасы арқылы мониторинг, iлеспе жүкқұжатты енгiзу және декларациялау тәртiбiн белгiлеу арқылы жүзеге асыруды;
      4) мұнай өнiмдерiнiң қауiпсiздiгi мен сапасын бақылауды қамтиды.
      Ескерту. 3-бапқа өзгерту енгізілді - ҚР 2004.12.20 N 13 (2005 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiледi), 2006.12.06 N 209 Заңдарымен.

      4-бап. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң құзыретi

      Қазақстан Республикасының Үкiметi:
      1) мұнай өнiмдерiн өндiрудi және олардың айналымын мемлекеттік реттеу саласындағы мемлекеттiк саясаттың негiзгi бағыттарын әзiрлейдi;
      2) мұнай өнiмдерiн өндiрудi және олардың айналымын мемлекеттiк реттеу саласында нормативтiк құқықтық актiлердi бекiтедi;
      3) Қазақстан Республикасының заң актiлерiне сәйкес мұнай өнiмдерiн Қазақстан Республикасына әкелуге және Қазақстан Республикасынан әкетуге шектеу қою мен тыйым салуды белгiлейдi;
      4) мұнай өнiмдерiн өндiрудi лицензиялауды жүзеге асыратын  мемлекеттiк органды белгiлейдi;
      5) Қазақстан Республикасының заң актiлерiне сәйкес шикi мұнайды және (немесе) газ конденсатын Қазақстан Республикасының iшкi рыногына берудi реттеудi жүзеге асырады;
      6) мұнай өнiмдерiн өндiрудi лицензиялау кезiнде қойылатын бiлiктiлiк талаптарын бекiтедi;
      7) мониторингтi жүзеге асыру үшiн қажеттi мәлiметтердi беру нысанын, тәртiбi мен мерзiмдерiн белгiлейдi;
      8) алынып тасталды
      9) мұнай өнiмдерiн өндiру және олардың айналымы саласындағы техникалық регламенттердi бекiтедi.
      Ескерту. 4-бапқа өзгерту енгізілді - ҚР 2004.12.20 N 13 (2005 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiледi), 2006.12.06 N 209 Заңдарымен.

      5-бап. Уәкiлеттi органның құзыретi

      Уәкiлеттi орган:
      1) мұнай өнiмдерiн өндiрудi және олардың айналымын мемлекеттiк реттеу саласында өз құзыретi шегiнде нормативтiк құқықтық актiлер шығарады;
      2) мұнай өнiмдерiн өндiрушiлер, мұнай берушiлер мен мұнай өнiмдерi базаларынан өткiзудi жүзеге асыратын тұлғалар қызметiнiң мониторингiн жүзеге асырады;
      3) мұнай өнiмдерiн өндiрудiң және олардың айналымының балансын жасай отырып, бiртұтас деректер базасын жүргiзудi жүзеге асырады;
      4) өзге де мемлекеттiк органдардың мұнай өнiмдерiн өндiрудiң және (немесе) олардың айналымының көлемi туралы мәлiметтердi және өзге де қажеттi ақпаратты бiртұтас деректер базасына беру нысанын, тәртiбi мен мерзiмдерiн айқындайды;
      5) iлеспе жүкқұжаттарды ресiмдеу ережелерiн әзiрлейдi және бекiтедi;
      6) декларацияларды табыс ету нысанын, тәртiбi мен мерзiмдерiн айқындайды;
      7) мұнай өнiмдерi өндiрiсiнiң ең төменгi көлемiн белгiлейдi және мұнай және (немесе) газ өндiру ұйымдарының шикi мұнай және (немесе) газ конденсаты және басқа да шикiзат көздерi жеткiзiлiмдерiнiң көлемдерiн бекiтедi;
      8) мұнай өнiмдерiн өндiрушiлердiң мұнай өнiмдерi өндiрiсiнiң ең төменгi көлемiн қамтамасыз ету жөнiндегi қызметiн үйлестiрудi жүзеге асырады;
      9) өндiрiс паспорты нысанын және оны толтыру тәртiбiн айқындайды;
      10) қоршаған ортаны қорғау саласындағы мемлекеттiк органмен келiсiм бойынша өндiрiс паспортын бекiтедi;
      11) өндiрiс паспортында көрсетiлген мұнай және (немесе) газ өндiру ұйымдарындағы жөндеу және қалпына келтiру жұмыстарының жүргiзiлу мерзiмдерiн келiсудi және олардың сақталуын бақылауды жүзеге асырады;
      12) мүдделi мемлекеттiк органдармен келiсе отырып, мұнай өнiмдерiнiң экспорты мен импорты квоталарының экономикалық негіздемесiн әзiрлейдi;
      13) мұнай өнiмдерiн өндiру және олардың айналымы саласында адам өмiрi мен денсаулығына және қоршаған ортаға зиян келтiру тәуекелiне талдау мен бағалауды жүргiзедi;
      14) мұнай өнiмдерiн өндiру және олардың айналымы саласындағы техникалық регламенттердi әзiрлейдi;
      15) мұнай өнiмдерiн өндiру және олардың айналымы саласындағы техникалық регламенттерде белгiленген талаптардың орындалуына мемлекеттiк бақылауды жүзеге асырады.
      Ескерту. 5-бапқа өзгерту енгізілді - ҚР 2004.12.20 N 13 (2005 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiледi), 2006.12.06 N 209 Заңдарымен.

      6-бап. Мұнай өнiмдерiн өндіруді және олардың айналымын
              мемлекеттiк реттеудi жүзеге асыратын өзге де
              мемлекеттiк органдардың құзыретi

      1. Техникалық реттеу және метрология жөнiндегi уәкiлеттi орган:
      1) өз құзыретi шегiнде Қазақстан Республикасының техникалық реттеу туралы заңнамасында белгiленген талаптарға мұнай өнiмдерiнiң сәйкестiгiн бақылауды жүзеге асырады;
      2) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мұнай өнiмдерiн өндiру және олардың айналымы саласындағы техникалық реттеу және метрология жөнiндегi жұмыстарды басқаруды жүзеге асырады;
      3) уәкiлеттi органмен келiсе отырып, уәкiлеттi органға мұнай өнiмдерiн өндiру және өткiзу көлемдерi туралы ақпаратты автоматты түрде берудi қамтамасыз ететiн бақылаушы есептеу аспаптарын қолданудың тәртiбi мен талаптарын белгiлейдi.
      2. алынып тасталды
      3. Сауда қызметiн реттеу саласындағы уәкiлеттi орган мүдделі мемлекеттік органдармен келiсе отырып, кедендiк, қорғау, демпингке қарсы және өтем баждары ставкаларының экономикалық негiздемесiн әзiрлейдi.
      4. Алынып тасталды - ҚР 2007.07.27 N 316 Заңымен.
      5. Қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкiлеттi орган мұнай өнiмдерiн өндiру және олардың айналымы кезiнде Қазақстан Республикасының қоршаған ортаны қорғау саласындағы заңдарының сақталуын бақылауды жүзеге асырады.
      6. Қазақстан Республикасының көлiк саласындағы мемлекеттiк саясатты iске асыруды, көлiк кешенi қызметiн үйлестiрудi және реттеудi жүзеге асыратын орталық атқарушы орган мұнай өнiмдерiн тасымалдау кезiнде тасымалдаушылардың технологиялық талаптарды қамтамасыз етуiн бақылауды жүзеге асырады.
      7. Осы бапта аталған мемлекеттiк органдар, сондай-ақ кеден iсi жөнiндегi уәкiлеттi орган уәкiлеттi органға мұнай өнiмдерiн өндiрудiң және (немесе) олардың айналымының көлемi туралы мәлiметтердi және өзге де қажеттi ақпаратты бiртұтас деректер базасына бередi.
      Ескерту. 6-бапқа өзгерту енгізілді - ҚР 2004.12.20 N 13 (2005 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiледi), 2006.07.07 N 174 (ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі), 2006.12.06. N 209, 2007.07.27 N 316 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

      7-бап. Уәкiлеттi органның мұнай өнiмдерiн өндiрудi және
              олардың айналымын мемлекеттiк реттеудi жүзеге
              асыратын өзге де мемлекеттiк органдармен өзара
              iс-қимылы

      1. Уәкiлеттi орган мұнай өнiмдерiн өндiрудi және олардың айналымын мемлекеттiк реттеудi жүзеге асыратын өзге де мемлекеттiк органдармен өзара iс-қимыл жасайды, бақылауды жүзеге асыру жөнiнде бiрлескен шаралар қолданады, өзара ақпарат алмасуды қамтамасыз етедi.
      2. Осы Заңды бұзу фактiлерi анықталған жағдайда уәкiлеттi орган тиiстi мемлекеттiк органдардың анықталған бұзушылықтарды жою жөнiнде шаралар қолдануы үшiн оларды бұл туралы жазбаша хабардар етедi.

      8-бап. Мұнай өнiмдерiн өндiру жөнiндегi қызметтi
              лицензиялау

      1. Мұнай өнiмдерiн өндiру жөнiндегi қызмет Қазақстан Республикасының лицензиялау туралы заңдарына сәйкес лицензиялауға жатады.
      2. Мұнай өнiмдерiн өндiруге лицензияның қолданылуын Қазақстан Республикасының лицензиялау туралы заңдарына сәйкес алты айға дейiнгi мерзiмге тоқтата тұру:
      1) осы Заңның 9-бабында көзделген мұнай өнiмдерiн өндiру жағдайлары бұзылған;
      2) осы Заңның 10-бабының 1-тармағында көзделген мiндеттер орындалмаған жағдайларда мүмкiн.

      8-1-бап. Мұнай өнiмдерiн өндiру және олардың айналымы
                саласындағы қауiпсiздiктi қамтамасыз ететiн
                талаптар

      1. Мұнай өнiмдерiн өндiру және олардың айналымы осы Заңның және  техникалық регламенттердiң  талаптарына сәйкес адам өмiрi мен денсаулығы және қоршаған орта үшiн қауiпсiздiктi қамтамасыз етуге тиіс.
      2. Мұнай өнiмдерiн өндiру және олардың айналымы саласындағы техникалық реттеу объектiлерi: бензин, дизель отыны, мазут және шикi мұнайды және (немесе) газ конденсатын өңдеу процестерi, мұнай өнiмдерiн компаундирлеу, сондай-ақ мұнай өнiмдерiнiң айналымы болып табылады.
      3. Мұнай өнiмдерiн өндiру және олардың айналымы кезiнде пайдаланылатын жабдықтар мен техникалық құралдар техникалық регламенттердiң талаптарына сәйкес келуге тиiс.
      4. Өндiрiстiк аймақтар мен үй-жайлардың ауа ортасында мұнай буларының шоғырлануы техникалық регламенттерде белгiленген шектi жол берiлетiн нормалардан аспауға тиiс.
      5. Мұнай өнiмдерiн өңдеу, тасымалдау және тарату жөнiндегi объектілерді жобалау және салу кезiнде Қазақстан Республикасының сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметi, қоршаған ортаны қорғауөрт қауiпсiздiгi туралы заңнамасының талаптары сақталуға және төтенше жағдайлардың туындау тәуекелдерi ескерiлуге тиiс.
      Ескерту. Заң 8-1-баппен толықтырылды - ҚР 2006.12.06 N 209 Заңымен.

      9-бап. Мұнай өнiмдерiн өндiру жағдайлары

      1. Мұнай өнiмдерiн өндiру:
      1) лицензияда көрсетiлген орналасқан жері бойынша;
      2) тиiстi техникалық регламенттерге және өлшем бiрлiгiн қамтамасыз етуге сай келетiн жабдықта;
      3) өндiрiс паспорты болған жағдайда;
      4) уәкiлеттi органға мұнай өнiмдерiн өндiру және өткiзу көлемi туралы ақпаратты автоматты түрде берудi қамтамасыз ететiн бақылаушы есептеу аспаптары болған жағдайда жүзеге асырылады.
      2. Тиісті лицензиясы бар мұнай өнімдерін өндірушілер мен биоотын өндірушілерге ғана компаундирлеуге, мұнай өнімдеріне телімдерді, қоспалар мен компоненттерді енгізуге жол беріледі.
      2-1 Мұнай өңдейтiн зауыттар өндiретiн мұнай өнiмдерi осы Заңда және техникалық регламенттерде белгiленген нормаларға сәйкес келуге тиiс.
      3. Екi және одан көп өндiрушiлердiң мұнай өнiмдерiн бiр ғана жабдықпен өндiруiне тыйым салынады.
      Ескерту. 9-бапқа өзгерту енгізілді - ҚР 2006.12.06 N 209, 2010.11.15 № 352-IV (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

      10-бап. Мұнай өнiмдерiн өндiрушiлердiң мiндеттерi

      1. Мұнай өнiмдерiн өндiрушiлер:
      1) уәкiлеттi органның мұнай өнiмдерiн өндiрудiң ең төменгi көлемiн қамтамасыз ету жөнiндегi және (немесе) мұнай өнімдерін өндірудің ай сайынғы көлемін қамтамасыз ету жөніндегі талаптарын орындауға;
      2) өзiнiң өндiрiстiк қуаттары өндiрiс паспортына сәйкес бір ай iшiнде толық жүктелмеген жағдайда олардың шегiнде шикi мұнайды және (немесе) газ конденсатын өңдеуге қабылдауға;
      2-1) мұнай берушіде иеленетін (қабылданатын) мұнайдың шығарылуының заңдылығын растайтын құжаттар болған кезде ғана оны өңдеу үшін иеленуге (қабылдауға);
      3) өндiрiстiк процесс қауiпсiздiгiне төнген қатердiң дереу алдын алу қажет болған жағдайларды қоспағанда, жөндеу және қалпына келтiру жұмыстарын жүргізудің жылдық кестесiн ағымдағы жылғы 1 қарашадан кешіктірмей уәкілетті органға бекітуге ұсынуға;
      4) техникалық регламенттерде белгiленген қауiпсiздiк талаптарын сақтауға;
      5) уәкілетті органға өндірілетін өнімнің көлемдері туралы, оның ішінде сатылатын мұнай өнімдерінің көтерме және бөлшек сауда бағалары туралы ақпарат ұсынуға;
      6) уәкілетті органға мұнайды қайта өңдеу және мұнай өнімдерін өндіру жөнінде ай сайын есеп табыс етуге;
      7) уәкілетті органмен мұнай өнімдерін өндіру кезінде пайдаланылатын реагенттер (телімдер мен қоспалар) шығыстарының нормаларын жыл сайын келісуге;
      8) уәкілетті органға мұнай және мұнай өнімдерінің ысырап нормаларын жыл сайын бекітуге табыс етуге міндетті.
      2. Мұнай өнiмдерiн өндiрушiлердiң шикi мұнайды және (немесе) газ конденсатын өткiзудi жүзеге асыруына тыйым салынады.
      3. Мұнай өнiмдерiн өндiрушiлердiң этилдендiрiлген бензин өндiрудi жүзеге асыруына тыйым салынады.
      4. Мұнай өнімдерін өндірушілерге уәкілетті органмен келіспей мұнай өнімдерінің жаңа түрлерін немесе олардың қоспаларын дайындауға тыйым салынады.
      Ескерту. 10-бапқа өзгерту енгізілді - ҚР 2004.12.20 N 13 (2005 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiледi), 2006.12.06 N 209, 2010.10.06 N 343-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі), 2010.11.15 № 352-IV (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

      11-бап. Мұнай өнiмдерiн өндiрудi және олардың айналымын
               декларациялау мен олардың мониторингi

      1. Мұнай өнiмдерiн өндiрудi және (немесе) өткiзудi жүзеге асыратын тұлғалар уәкiлеттi органға өнiм қалдығы мен (немесе) мұнай өнiмдерi айналымының көлемi туралы декларациялар табыс етуге мiндеттi.
      2. Мұнай өнiмдерiн өндiрушiлер, мұнай берушiлер мен мұнай өнiмдерi базаларынан өткiзудi жүзеге асыратын тұлғалар уәкiлеттi органға мониторингтi жүзеге асыру үшiн мәлiметтер табыс етуге мiндеттi.

      12-бап. Мұнай өнiмдерiн өткiзу жағдайлары

      1. Қазақстан Республикасының аумағында этилдендiрiлген бензиннiң айналымына, сондай-ақ кондициялық емес мұнай өнiмдерiн өткiзуге және оларды әрi қарай өңдемей сақтауға тыйым салынады.
      2. Мұнай өнiмдерiн өндiрушiлердiң, мұнай берушiлердiң, сондай-ақ автомобильдерге жанармай құю станцияларынан және мұнай өнiмдерi базаларынан өткiзудi жүзеге асыратын тұлғалардың мұнай өнiмдерiн өткiзуiне жол берiледi.
      Мұнай берушiлердiң мұнай өнiмдерiн өндiрушiлердiң есептеу аспаптары арқылы, сондай-ақ көрсетiлетiн қызметтерi сертификатталған автомобильдерге жанармай құю станцияларынан және мұнай өнiмдерi базаларынан мұнай өнiмдерiн өткiзуiне жол берiледi.
      РҚАО-ның ескертпесі!
      3-тармақтың бірінші бөлігі 2004.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі.
      3. Мұнай өнiмдерiн автомобильдерге жанармай құю станцияларынан және мұнай өнiмдерi базаларынан өткiзуге компьютерлiк есептеу жүйесi болған жағдайда уәкiлеттi органға мұнай өнiмдерiн сатып алу және өткiзу көлемi туралы ақпаратты бepe отырып жол берiледi.
      Халқының саны он мың адамға дейiнгi елдi мекендерде, ауылдық жерде (ауыл (село), сондай-ақ дала жұмыстарында ауыл шаруашылық техникасы шоғырланған орындардағы ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерде орналасқан автомобильдерге жанармай құю станцияларынан мұнай өнiмдерiн өткiзуге мұнай өнiмдерiн сатып алу және өткiзу көлемiнiң оңайлатылған есептеу жүйесi болған жағдайда жол берiледi.
      4. Автомобильдерге контейнерлiк үлгідегі жанармай құю станцияларынан мұнай өнiмдерiн өткiзуге халқының саны он мың адамға дейiнгi елдi мекендерде, сондай-ақ ауылдық жерде (ауыл (село) жол берiледi.
      Автомобильдерге жылжымалы үлгiдегi жанармай құю станцияларынан мұнай өнiмдерiн өткiзуге тек дала жұмыстарында ауыл шаруашылық техникасы шоғырланған орындардағы ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерде ғана жол берiледi.
      5. Мұнай өнiмдерiн өндiрушiлер мен мұнай өнiмдерi базаларынан өткiзудi жүзеге асыратын тұлғалар жыл сайын 1 наурыз - 31 мамыр және 1 тамыз - 31 қазан аралығындағы кезеңде ауыл шаруашылық тауар өндiрушiлерiне мұнай өнiмдерiн өткiзу шарттарын жасасуға басымдық беруге мiндеттi.
      Ескерту. 12-бапқа өзгерту енгізілді - ҚР 2006.12.06 N 209 Заңымен.

      13-бап. Мұнай өнiмдерiнiң экспорты мен импортын реттеу

      Мұнай өнiмдерiнiң экспорты мен импортын реттеу Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес, оның iшiнде акциздердiң, кедендiк, қорғау, демпингке қарсы және өтеу баждарының ставкаларын, мұнай өнiмдерiнiң импорты мен экспортына квоталарды бекiту (өзгерту) арқылы жүзеге асырылады.

      14-бап. Мұнай өнiмдерiн тасымалдау жағдайлары

      1. Мұнай өнiмдерiнiң, қауiптi жүктердi тасымалдауға қойылатын талаптарға және техникалық пайдалану ережелерiне сәйкес, арнайы жабдықталған және тасымалдауға рұқсат етiлген көлiк арқылы тасымалдануына жол берiледi.
      2. Мұнай өнiмдерiн өндiрушiлер, мұнай берушiлер мен мұнай өнiмдерi базаларынан өткiзудi жүзеге асыратын тұлғалар мұнай өнiмдерiн көтерме және бөлшек саудамен өткiзген кезде, мұнай өнiмдерiн тасымалдау жөнiндегi операцияларды жүзеге асыру кезiнде мiндеттi түрде iлеспе жүкқұжаттар ресiмделедi.
      3. Мұнай өнiмдерiн тасымалдауға байланысты құжаттар қауiптi жүктерді тасымалдау үшiн көліктің әрбір түрiне белгiленген талаптарға сәйкес келуге тиiс.
      4. Мұнай өнiмдерiн сақтау және тасымалдау құралдарының конструкциясы және оларды пайдалану шарттары техникалық регламенттердiң талаптарына сәйкес болуға тиiс.
      5. Мұнай өнiмдерiн тасымалдау мұнай өнiмдерiнiң сақталуын қамтамасыз етуге тиiс, олардың шығындары белгiленген шектi нормадан аспауы керек.
      Ескерту. 14-бапқа өзгерту енгізілді - ҚР 2006.12.06 N 209 Заңымен.

      15-бап. Қазақстан Республикасының мұнай өнiмдерiн
               өндiрудi және олардың айналымын мемлекеттiк
               реттеу туралы заңдарын бұзғаны үшiн жауаптылық

      Қазақстан Республикасының мұнай өнiмдерiн өндiрудi және олардың айналымын мемлекеттiк реттеу туралы заңдарының бұзылуына кiнәлi тұлғалар Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленгендей жауапты болады.

      16-бап. Осы Заңды қолданысқа енгiзу тәртiбi

      Осы Заң, 2004 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлетiн 12-баптың 3-тармағының бiрiншi бөлiгiн қоспағанда, 2003 жылғы 1 шiлдеден бастап қолданысқа енгiзiледi.

      Қазақстан Республикасының
      Президенті

О государственном регулировании производства и оборота отдельных видов нефтепродуктов

Закон Республики Казахстан от 7 апреля 2003 года № 402. Утратил силу Законом Республики Казахстан от 20 июля 2011 года № 463-IV

      Сноска. Утратил силу Законом РК от 20.07.2011 № 463-IV (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после его первого официального опубликования).

      Вниманию пользователей!
      Для удобства пользования РЦПИ создано ОГЛАВЛЕНИЕ

      Настоящий Закон регулирует общественные отношения, возникающие в процессе производства и оборота отдельных видов нефтепродуктов (далее - нефтепродукты): бензина (за исключением авиационного), дизельного топлива и мазута.

      Статья 1. Основные понятия, используемые в настоящем Законе
 
       В настоящем Законе используются следующие основные понятия:

      1) автозаправочная станция - технологический комплекс, оснащенный оборудованием, обеспечивающим хранение и розничную реализацию нефтепродуктов;

      2) единая база данных - электронная база данных по производству и обороту нефтепродуктов, формируемая на основе информации государственных органов, осуществляющих в пределах своей компетенции государственное регулирование производства и оборота нефтепродуктов;

      3) компаундирование - смешивание двух или нескольких компонентов в целях получения нефтепродукта заданного качества;

      4) некондиционный нефтепродукт - нефтепродукт, не соответствующий требованиям, установленным законодательством Республики Казахстан о техническом регулировании;

      5) поставщик нефти - нефте- и (или) газодобывающая организация и (или) другие юридические лица, поставляющие на переработку собственную сырую нефть и (или) газовый конденсат;

      6) база нефтепродуктов - товарный склад, предназначенный для хранения и реализации нефтепродуктов;

      7) розничная реализация нефтепродуктов - реализация (отгрузка) нефтепродуктов физическим и юридическим лицам без целей дальнейшей перепродажи;

      8) оптовая реализация нефтепродуктов - реализация (отгрузка) нефтепродуктов производителями, поставщиками нефти, а также лицами, осуществляющими реализацию с баз нефтепродуктов, в целях дальнейшей перепродажи;

      9) производство нефтепродуктов - комплекс работ (операций) по переработке сырой нефти и (или) газового конденсата, а также по компаундированию, обеспечивающих получение нефтепродуктов в соответствии с законодательством Республики Казахстан о техническом регулировании;

      10) минимальный объем производства нефтепродуктов - объем нефтепродуктов, не менее которого производитель нефтепродуктов обязан производить ежемесячно в течение календарного года в соответствии с утвержденными уполномоченным органом объемами поставки сырой нефти и (или) газового конденсата нефте- и (или) газодобывающими организациями и другими источниками сырья;

      11) производитель нефтепродуктов - нефте- и (или) газоперерабатывающая организация, имеющая лицензию на производство и осуществляющая реализацию нефтепродуктов в соответствии с законодательством Республики Казахстан;

      12) оборот нефтепродуктов - приобретение, хранение, реализация, транспортировка, экспорт и импорт нефтепродуктов;

      13) паспорт производства - документ установленной формы, отражающий показатели производственных мощностей производителя нефтепродуктов, основные его характеристики, регламентирующий использование имеющегося оборудования для соблюдения технологического процесса производства;

      14) уполномоченный орган - государственный орган, определяемый Правительством Республики Казахстан, осуществляющий государственное регулирование производства и оборота нефтепродуктов в пределах компетенции, определенной настоящим Законом;

      15) сопроводительная накладная - унифицированный документ, предназначенный для контроля за движением нефтепродуктов на всем пути следования от отправителя до получателя, необходимый для оформления операций по отпуску и приему нефтепродуктов.
      Сноска. Статья 1 в редакции - Закона РК от 29 декабря 2006 г. N  209 (порядок введения в действие см. статью 2 ).

       Статья 2. Законодательство Республики Казахстан о
                государственном регулировании производства и
                оборота нефтепродуктов
 
       1. Законодательство Республики Казахстан о государственном регулировании производства и оборота нефтепродуктов основывается на Конституции Республики Казахстан и состоит из настоящего Закона и иных нормативных правовых актов Республики Казахстан.
      2. Если международным договором, ратифицированным Республикой Казахстан, установлены иные правила, чем те, которые предусмотрены в настоящем Законе, то применяются правила международного договора.

       Статья 3. Государственное регулирование производства и
                оборота нефтепродуктов
 
      Примечание РЦПИ!
      В пункт 1 предусмотрено изменение Законом РК от 05.07.2011 № 452-IV (вводится в действие с 13.10.2011).
      1. Государственное регулирование производства и оборота  нефтепродуктов осуществляется Правительством Республики Казахстан и уполномоченным органом .
      Иные государственные органы вправе регулировать отдельные вопросы производства и (или) оборота нефтепродуктов в пределах своей компетенции, установленной настоящим Законом и иными законодательными актами Республики Казахстан.
      2. Государственное регулирование производства и оборота нефтепродуктов включает в себя:
      1) лицензирование деятельности по производству нефтепродуктов;
      1-1) техническое регулирование в области производства и оборота нефтепродуктов;
      2) установление минимальных объемов производства нефтепродуктов, утвержденных уполномоченным органом, объемов поставок сырой нефти и (или) газового конденсата;
      3) осуществление контроля над оборотом нефтепродуктов в соответствии с компетенцией Правительства Республики Казахстан, определяемого им уполномоченного и иных государственных органов, а также посредством мониторинга через единую базу данных производства и оборота нефтепродуктов, введения сопроводительных накладных и  установления порядка декларирования;
      4) контроль за безопасностью и качеством нефтепродуктов.
      Сноска. В статью 3 внесены изменения - Законом РК от 20 декабря 2004 г. N 13 (вводится в действие с 1 января 2005 г.); от 29 декабря 2006 г. N 209 (порядок введения в действие см. статью 2 ).

        Статья 4. Компетенция Правительства Республики
                 Казахстан
 
       Правительство Республики Казахстан:
      1) разрабатывает основные направления государственной политики в области государственного регулирования производства и оборота нефтепродуктов;
      2) утверждает нормативные правовые акты в области государственного регулирования производства и оборота нефтепродуктов;
      3) устанавливает ограничения и запреты на ввоз в Республику Казахстан и на вывоз из Республики Казахстан нефтепродуктов в соответствии с законодательными актами Республики Казахстан;
      4) определяет государственный орган , осуществляющий лицензирование производства нефтепродуктов;
      5) осуществляет регулирование поставок сырой нефти и (или) газового конденсата на внутренний рынок Республики Казахстан в соответствии с законодательными актами Республики Казахстан;
      6) утверждает квалификационные требования при лицензировании производства нефтепродуктов;
      7) определяет форму, порядок и сроки предоставления сведений, необходимых для осуществления мониторинга;
      8) (исключен)
      9) утверждает технические  регламенты в области производства и оборота нефтепродуктов.
      Примечание РЦПИ!
      Статью 4 предусмотрено дополнить пп. 10) - 12) в соответствии с Законом РК от 05.07.2011 № 452-IV (вводятся в действие с 13.10.2011).
      Сноска. В статью 4 внесены изменения - Законом РК от 20 декабря 2004 г. N 13 (вводится в действие с 1 января 2005 г.); от 29 декабря 2006 г. N 209 (порядок введения в действие см. статью 2 ).

       Статья 5. Компетенция уполномоченного органа
 
       Уполномоченный орган :
      1) издает в пределах своей компетенции нормативные правовые акты в области государственного регулирования производства и оборота нефтепродуктов;
      2) осуществляет мониторинг деятельности производителей нефтепродуктов, поставщиков нефти и лиц, осуществляющих реализацию с баз нефтепродуктов;
      3) осуществляет ведение единой базы данных с составлением баланса производства и оборота нефтепродуктов;
      4) определяет форму, порядок и сроки предоставления иными государственными органами сведений об объеме производства и (или) оборота нефтепродуктов и иной необходимой информации в единую базу данных;
      Примечание РЦПИ!
      Подпункт 5) предусмотрен в редакции Закона РК от 05.07.2011 № 452-IV (вводится в действие с 13.10.2011).
      5) разрабатывает и утверждает правила оформления сопроводительных накладных;
      Примечание РЦПИ!
      Подпункт 6) предусмотрено исключить Законом РК от 05.07.2011 № 452-IV (вводится в действие с 13.10.2011).
      6) определяет форму, порядок и сроки представления деклараций;
      7) устанавливает минимальные объемы производства нефтепродуктов и утверждает объемы поставки сырой нефти и (или) газового конденсата нефте- и (или) газодобывающими организациями и другими источниками сырья;
      8) осуществляет координацию деятельности производителей нефтепродуктов по обеспечению минимального объема производства нефтепродуктов;
      9) определяет форму и порядок заполнения паспорта производства;
      10) утверждает паспорт производства по согласованию с уполномоченным органом в области охраны окружающей среды;
      11) осуществляет согласование и контроль за соблюдением указанных в паспорте производства сроков проведения ремонтных и восстановительных работ в нефте- и (или) газодобывающих организациях;
      12) разрабатывает по согласованию с заинтересованными государственными органами экономическое обоснование квот на экспорт и импорт нефтепродуктов;
      13) проводит анализ и оценку рисков причинения вреда жизни и здоровью человека и окружающей среде в сфере производства и оборота нефтепродуктов;
      14) разрабатывает технические регламенты в области производства и оборота нефтепродуктов;
      15) осуществляет государственный контроль за выполнением требований, установленных техническими регламентами в области производства и оборота нефтепродуктов.
      Примечание РЦПИ!
      Статью 5 предусмотрено дополнить пп. 16) в соответствии с Законом РК от 05.07.2011 № 452-IV (вводится в действие с 13.10.2011).
      Сноска. В статью 5 внесены изменения - Законом РК от 20 декабря 2004 г. N 13 (вводится в действие с 1 января 2005 г.); от 29 декабря 2006 г. N 209 (порядок введения в действие см. статью 2 ).

       Статья 6. Компетенция иных государственных органов,
                осуществляющих государственное регулирование
                производства и оборота нефтепродуктов

      Примечание РЦПИ!
      Статья 6 предусмотрена в редакции Закона РК от 05.07.2011 № 452-IV (вводится в действие с 13.10.2011).
 
       1. Уполномоченный орган по техническому регулированию и метрологии:
      1) осуществляет контроль за соответствием нефтепродуктов требованиям, установленным законодательством Республики Казахстан о техническом регулировании в пределах своей компетенции;
      2) осуществляет управление работами по техническому регулированию и метрологии в сфере производства и оборота нефтепродуктов в соответствии с законодательством Республики Казахстан;
      3) по согласованию с уполномоченным органом устанавливает порядок и требования по применению контрольных приборов учета, обеспечивающих автоматизированную передачу уполномоченному органу информации об объемах производства и реализации нефтепродуктов.
      2. (исключен)
      3. Уполномоченный орган в области регулирования торговой деятельности разрабатывает по согласованию с заинтересованными государственными органами экономическое обоснование ставок таможенных, защитных, антидемпинговых и компенсационных пошлин.
      4. (Исключен - от 27 июля 2007 года N 316 ).
      5. Уполномоченный орган в области охраны окружающей среды осуществляет контроль за соблюдением законодательства Республики Казахстан в области охраны окружающей среды при производстве и обороте нефтепродуктов.
      6. Центральный исполнительный орган , осуществляющий реализацию государственной политики в области транспорта, координацию и регулирование деятельности транспортного комплекса Республики Казахстан осуществляет контроль за обеспечением перевозчиками технологических требований при перевозке нефтепродуктов.
      7. Государственные органы, указанные в настоящей статье, а также уполномоченный орган по вопросам таможенного дела, предоставляют уполномоченному органу сведения об объеме производства и (или) оборота нефтепродуктов и иную необходимую информацию в единую базу данных.
      Сноска. В статью 6 внесены изменения - Законом РК от 20 декабря 2004 г. N 13 (вводится в действие с 1 января 2005 г.); от 7 июля 2006 года N 174 ; от 29 декабря 2006 г. N 209 (порядок введения в действие см. статью 2 ); от 27 июля 2007 года N 316 (вводится в действие со дня его официального опубликования).

       Статья 7. Взаимодействие уполномоченного органа с иными
                государственными органами, осуществляющими
                государственное регулирование производства и
                оборота нефтепродуктов
 
       1. Уполномоченный орган взаимодействует с иными государственными органами, осуществляющими государственное регулирование производства и оборота нефтепродуктов, принимает совместные меры по осуществлению контроля, обеспечивает взаимный обмен информацией.
      2. В случае выявления фактов нарушения настоящего Закона уполномоченный орган письменно информирует об этом соответствующие государственные органы для принятия ими мер по устранению выявленных нарушений.

       Статья 8. Лицензирование деятельности по производству
                нефтепродуктов
 
       1. Деятельность по производству нефтепродуктов подлежит лицензированию в соответствии с законодательством Республики Казахстан о лицензировании.
      2. Действие лицензии на производство нефтепродуктов может быть приостановлено в соответствии с законодательством Республики Казахстан о лицензировании на срок до шести месяцев в случаях:
      1) нарушения условий производства нефтепродуктов, предусмотренных статьей 9 настоящего Закона;
      2) невыполнения обязанностей, предусмотренных пунктом 1 статьи 10 настоящего Закона.

      Статья 8-1. Требования, обеспечивающие безопасность в области
                   производства и оборота нефтепродуктов

      1. Производство и оборот нефтепродуктов должны обеспечивать безопасность для жизни и здоровья человека и окружающей среды в соответствии с требованиями настоящего Закона и технических регламентов.

      2. Объектами технического регулирования в области производства и оборота нефтепродуктов являются: бензин, дизельное топливо, мазут и процессы переработки сырой нефти и (или) газового конденсата, компаундирование нефтепродуктов, а также оборот нефтепродуктов.

      3. Оборудование и технические средства, используемые при производстве и обороте нефтепродуктов, должны соответствовать требованиям технических регламентов.

      4. Концентрации нефтяных паров в воздушной среде производственных зон и помещений не должны превышать предельно допустимые нормы, установленные техническими регламентами.

      5. При проектировании и строительстве объектов по переработке, транспортировке и распределению нефтепродуктов должны соблюдаться требования законодательства Республики Казахстан об архитектурной , градостроительной и строительной деятельности, охране окружающей среды о пожарной безопасности и учитываться риски возникновения чрезвычайных ситуаций.
      Сноска. Статья 8-1 дополнена - Законом РК от 29 декабря 2006 г. N 209 (порядок введения в действие см. статью 2 ).

      Статья 9. Условия производства нефтепродуктов
 
      1. Производство нефтепродуктов осуществляется:
      1) по месту нахождения, указанному в лицензии;
      2) на оборудовании, отвечающем соответствующим техническим регламентам и обеспечению единства измерений;
      3) при наличии паспорта производства;
      4) при наличии контрольных приборов учета, обеспечивающих автоматизированную передачу уполномоченному органу информации об объемах производства и реализации нефтепродуктов.
      2. Компаундирование, введение присадок, добавок и компонентов в нефтепродукты допускаются только производителями нефтепродуктов, имеющими соответствующую лицензию, и производителями биотоплива.
      2-1. Нефтепродукты, производимые нефтеперерабатывающими заводами, должны соответствовать нормам, установленным настоящим Законом и техническими регламентами.
      3. Производство нефтепродуктов двумя и более производителями на одном и том же оборудовании запрещается.
      Сноска. Статья 9 с изменениями, внесенными законами РК от 29.12.2006 N 209 (порядок введения в действие см. ст. 2); от 15.11.2010 № 352-IV (вводится в действие по истечении десяти календарных дней со дня его первого официального опубликования).

       Статья 10. Обязанности производителей нефтепродуктов
 
      1. Производители нефтепродуктов обязаны:
      1) выполнять требования уполномоченного органа по обеспечению минимального объема производства нефтепродуктов и (или) по обеспечению ежемесячного объема производства нефтепродуктов;
      2) принимать на переработку сырую нефть и (или) газовый конденсат в пределах своих производственных мощностей в случае неполной их загруженности в течение месяца согласно паспорту производства;
      2-1) приобретать (принимать) на переработку нефть только при наличии у ее поставщика документов, подтверждающих законность происхождения приобретаемой (принимаемой) нефти;
      3) представлять на утверждение в уполномоченный орган не позднее 1 ноября текущего года годовой график проведения ремонтных и восстановительных работ, за исключением случаев необходимости немедленного предотвращения угрозы безопасности производственного процесса;
      4) соблюдать требования безопасности, установленные в технических регламентах;
      5) предоставлять уполномоченному органу информацию об объемах производимой продукции, в том числе об оптовых и розничных ценах на реализуемые нефтепродукты;
      6) ежемесячно представлять уполномоченному органу отчеты по переработке нефти и производству нефтепродуктов;
      7) ежегодно согласовывать с уполномоченным органом нормы расходов реагентов (присадок и добавок), используемых при производстве нефтепродуктов;
      8) ежегодно представлять на утверждение уполномоченному органу нормы потерь нефти и нефтепродуктов.
      2. Производителям нефтепродуктов запрещается осуществлять реализацию сырой нефти и (или) газового конденсата.
      3. Производителям нефтепродуктов запрещается осуществлять производство этилированного бензина.
      4. Производителям нефтепродуктов запрещается изготовление новых видов нефтепродуктов или их смесей без согласования с уполномоченным органом.
      Сноска. Статья 10 с изменениями, внесенными законами РК от 20.12.2004 N 13 (вводится в действие с 01.01.2005); от 29.12.2006 N 209 (порядок введения в действие см. ст. 2); от 06.10.2010 № 343-IV (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после его первого официального опубликования); от 15.11.2010 № 352-IV (вводится в действие по истечении десяти календарных дней со дня его первого официального опубликования).

       Статья 11. Декларирование и мониторинг производства
                 и оборота нефтепродуктов
 
       1. Лица, осуществляющие производство и (или) реализацию нефтепродуктов, обязаны представлять уполномоченному органу декларации об остатках продукции и (или) объемах оборота нефтепродуктов.
      2. Производители нефтепродуктов, поставщики нефти и лица, осуществляющие реализацию с баз нефтепродуктов, обязаны предоставлять уполномоченному органу сведения для осуществления мониторинга.

       Статья 12. Условия реализации нефтепродуктов
 
      1. На территории Республики Казахстан запрещаются оборот этилированного бензина, а также реализация некондиционных нефтепродуктов и их хранение без дальнейшей переработки.
      2. Реализация нефтепродуктов допускается производителями нефтепродуктов, поставщиками нефти, а также лицами, осуществляющими реализацию с автозаправочных станций и баз нефтепродуктов.
      Поставщиками нефти реализация нефтепродуктов допускается через приборы учета производителей нефтепродуктов, а также с автозаправочных станций и баз нефтепродуктов, услуги которых сертифицированы.
      Примечание РЦПИ!
      Часть первая пункта 3 вводится в действие с 01.01.2004.
      3. Реализация нефтепродуктов с автозаправочных станций и баз нефтепродуктов допускается при наличии компьютерной системы учета с передачей уполномоченному органу информации об объемах приобретения и реализации нефтепродуктов.
      Реализация нефтепродуктов с автозаправочных станций, находящихся в населенных пунктах с численностью населения до десяти тысяч человек, в сельской местности (аул (село), а также на землях сельскохозяйственного назначения в местах сосредоточения сельскохозяйственной техники на полевых работах, допускается при наличии упрощенной системы учета объемов приобретения и реализации нефтепродуктов.
      4. Реализация нефтепродуктов с автозаправочных станций контейнерного типа допускается в населенных пунктах с численностью населения до десяти тысяч человек, а также в сельской местности (аул (село).
      Реализация нефтепродуктов с автозаправочных станций передвижного типа допускается только на землях сельскохозяйственного назначения в местах сосредоточения сельскохозяйственной техники на полевых работах.
      5. Производители нефтепродуктов и лица, осуществляющие реализацию с баз нефтепродуктов, ежегодно в период с 1 марта по 31 мая и с 1 августа по 31 октября обязаны отдавать приоритет в заключении договоров на реализацию нефтепродуктов сельскохозяйственным товаропроизводителям.
      Сноска. В статью 12 внесены изменения - Законом РК от 29 декабря 2006 г. N 209 (порядок введения в действие см. статью 2 ).

       Статья 13. Регулирование экспорта и импорта
                 нефтепродуктов
 
       Регулирование экспорта и импорта нефтепродуктов осуществляется в соответствии с законодательством Республики Казахстан, в том числе посредством утверждения (изменения) ставок акцизов, таможенных, защитных, антидемпинговых и компенсационных пошлин, квот на импорт и экспорт нефтепродуктов.

      Статья 14. Условия транспортировки нефтепродуктов
 
       1. Транспортировка нефтепродуктов допускается посредством специально оборудованного и допущенного к перевозке транспорта в соответствии с требованиями, предъявляемыми к перевозкам опасных грузов, и правилами технической эксплуатации.
      2. При оптовой и розничной реализации нефтепродуктов производителями, поставщиками нефти и лицами, осуществляющими реализацию с баз нефтепродуктов, при осуществлении операций по перевозке нефтепродуктов в обязательном порядке оформляются сопроводительные накладные.
      3. Документы, связанные с транспортировкой нефтепродуктов, должны соответствовать требованиям, установленным для перевозки опасных грузов для каждого вида транспорта.
      4. Конструкция и условия эксплуатации средств хранения и транспортировки нефтепродуктов должны соответствовать требованиям технических регламентов.
      5. Транспортировка нефтепродуктов должна обеспечить сохранность нефтепродуктов, потери которых не должны превышать установленные допустимые нормы.
      Сноска. В статью 14 внесены изменения - Законом РК от 29 декабря 2006 г. N 209 (порядок введения в действие см. статью 2 ).

        Статья 15. Ответственность за нарушение
                  законодательства Республики Казахстан о
                  государственном регулировании производства
                  и оборота нефтепродуктов
 
       Лица, виновные в нарушении законодательства Республики Казахстан о государственном регулировании производства и оборота нефтепродуктов, несут ответственность, установленную законами Республики Казахстан.

        Статья 16. Порядок введения в действие настоящего
                  Закона
 
       Настоящий Закон вводится в действие с 1 июля 2003 года, за исключением части первой пункта 3 статьи 12, которая вводится в действие с 1 января 2004 года.

      Президент
      Республики Казахстан