Өзге де мемлекеттік органдардың мұнай өнімдерін өндірудің және олардың айналымының көлемі туралы мәліметтерді және басқа да қажетті ақпаратты бірыңғай дерекқорға беруінің нысандары мен ережелерін бекіту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2004 жылғы 18 ақпандағы N 80 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2004 жылғы 18 наурызда тіркелді. Тіркеу N 2751. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2013 жылғы 27 ақпандағы N 110 бұйрығымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Қаржы министрінің 27.02.2013 N 110 бұйрығымен.

      "Мұнай өнiмдерiнiң жекелеген түрлерiн өндiрудi және олардың айналымын мемлекеттiк реттеу туралы" Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру мақсатында бұйырамын:
      1. Мыналар:
      1) осы бұйрықтың 1-қосымшасына сәйкес өзге де мемлекеттік органдардың мұнай өнімдерін өндірудің және олардың айналымының көлемі туралы мәліметтерді және басқа да қажетті ақпаратты бірыңғай дерекқорға беруінің ережелері;
      2) осы бұйрықтың 2-қосымшасына сәйкес өзге де мемлекеттік органдардың мұнай өнімдерін өндірудің және олардың айналымының көлемі туралы мәліметтерді және басқа да қажетті ақпаратты бірыңғай дерекқорға беруінің нысандары бекітілсін.
      2. Қазақстан Республикасының Энергетика және минералды ресурстар министрлігі және Қазақстан Республикасының Табиғи монополияны реттеу жөніндегі агенттігі (келісім бойынша):
      1) осы бұйрық Әділет министрлігінде тіркелген күннен бастап он күндік мерзім ішінде мәліметтерді қалыптастыру және беруге жауапты тұлғаларды айқындасын;
      2) жауапты тұлғалардың құрамындағы өзгерістер туралы өзгерістер орын алған күннен бастап үш күннен кешіктірмей хабардар етсін.
       Ескерту. 2-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Қаржы министрінің 2009.05.25 N 216 бұйрығымен.
      3. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Салық комитеті (М.Н. Ысқақов) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігіне мемлекеттік тіркеуге жіберсін.
      4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қаржы міндетін атқарушы вице-министр - Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Салық комитетінің Төрағасы М.Н. Ысқақовқа жүктелсін.
      5. Осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді.

      Министр

      Келісілді:

      Қазақстан Республикасының
      Энергетика және минералды
      ресурстар министрлігі
      20 ақпан 2004 жыл
      ________________________

      Қазақстан Республикасының
      Индустрия және сауда министрлігі
      25 ақпан 2004 жыл
      ________________________

"Өзге де мемлекеттік органдардың  
мұнай өнімдерін өндірудің және   
олардың айналымының көлемі туралы 
мәліметтерді және басқа да қажетті
ақпаратты бірыңғай дерекқорға   
беруінің нысандары мен ережелерін
бекіту туралы"        

Қазақстан Республикасы      
Қаржы министрінің          
2004 жылғы 18 ақпандағы      
N 80 бұйрығына 1-қосымша      

Өзге де мемлекеттік органдардың мұнай өнімдерін
өндірудің және олардың айналымының көлемі туралы
мәліметтерді және басқа да қажетті ақпаратты
бірыңғай дерекқорға беруінің ережелері

      1. Өзге де мемлекеттік органдардың мұнай өнімдерін өндірудің және олардың айналымының көлемі туралы мәліметтерді және басқа да қажетті ақпаратты бірыңғай дерекқорға беруінің осы ережелері (бұдан әрі - Ережелер) "Мұнай өнiмдерiнiң жекелеген түрлерiн өндiрудi және олардың айналымын мемлекеттiк реттеу туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әзірленген және өзге де мемлекеттік органдардың бірыңғай дерекқорға мәліметтер беруінің тәртібін айқындайды.

      2. Осы Ережелерде бірыңғай дерекқор деп өз құзыреті шегінде мұнай өнімдерінің жекелеген түрлерін өндіруді және олардың айналымын мемлекеттік реттеуді жүзеге асыратын мемлекеттік органдар ақпараттарының негізінде қалыптастырылатын мұнай өнімдерін өндіру және олардың айналымы жөніндегі электрондық дерекқор түсініледі.

      3. Мұнай өнімдерін өндірудің және оларды тиеп жөнелту көлемі туралы мәліметтерді және басқа да қажетті ақпаратты өзге мемлекеттік органдар бірыңғай дерекқорға ақпараттық жүйе арқылы жіберіледі.
       Ескерту. 3-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Қаржы министрінің 2009.05.25 N 216 бұйрығымен.

      4. Мұнай өнімдерін өндірудің және олардың айналымының көлемі туралы мәліметтерді және басқа да қажетті ақпаратты Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдары бірыңғай дерекқорға мынадай мерзімдерде береді:
      1) Қазақстан Республикасының Энергетика және минералды ресурстар министрлігі:
      өндірушілердің мұнай өнімдерін өндіру және тиеп жөнелту теңгерімі - ай сайын есептіден кейінгі айдың 20 күніне береді;
      2) Қазақстан Республикасының Табиғи монополияны реттеу жөніндегі агенттігі:
      мұнай-газ өңдеу өндірістерін пайдалану бойынша; мұнайды бастапқы және терең өңдеу өнімдерін; октандық санды арттыру мақсатымен компаундирлеу, тауарлық бензиндерге телімдер, қоспалар және компоненттер енгізу бойынша; белгіленген сипаттағы бензин алу мақсатында компаундирлеу, кондициялық емес мұнай өнімдеріне телімдер, қоспалар мен компоненттер енгізу бойынша; дизель отынына, мазутқа телімдер мен қоспалар енгізу бойынша қызметті жүзеге асыратын Қазақстан Республикасы лицензиаттарының тізбесі - мәліметтердің өзгеруіне қарай;
      лицензиясының қолданысы уақытша тоқтатылған, жаңғыртылған және тоқтатылған мұнай-газ өңдеу өндірістерін пайдалану бойынша; мұнайды бастапқы және терең өңдеу өнімдерін; октандық санды арттыру мақсатымен компаундирлеу, тауарлық бензиндерге телімдер, қоспалар және компоненттер енгізу бойынша; белгіленген сипаттағы бензин алу мақсатында компаундирлеу, кондициялық емес мұнай өнімдеріне телімдер, қоспалар мен компоненттер енгізу бойынша; дизель отынына, мазутқа телімдер мен қоспалар енгізу бойынша қызметті жүзеге асыратын Қазақстан Республикасы лицензиаттарының тізбесі - мәліметтердің өзгеруіне қарай;
      мұнай және мұнай өнімдерін сақтау объектілерін (мұнай қоймасы, мұнай базалары, автожанармай құю станциялары) пайдалану бойынша қызметті жүзеге асыратын Қазақстан Республикасы лицензиаттарының тізбесі-мәліметтердің өзгеруіне қарай;
      лицензиясының қолданысы уақытша тоқтатылған, жаңғыртылған және тоқтатылған мұнай және мұнай өнімдерін сақтау объектілерін (мұнай қоймасы, мұнай базалары, автожанармай құю станциялары) пайдалану бойынша қызметті жүзеге асыратын Қазақстан Республикасы лицензиаттарының тізбесі-мәліметтердің өзгеруіне қарай.
       Ескерту. 4-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Қаржы министрінің 2009.05.25 N 216 бұйрығымен.

      5. Бірыңғай дерекқорға электрондық құжатты алудың растығы болып жіберушінің алушыдан алған электрондық құжатты қабылдағаны туралы электрондық хабарламасы табылады.
       Ескерту. 5-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Қаржы министрінің 2009.05.25 N 216 бұйрығымен.

      6. Өзге де мемлекеттік органдар бірыңғай дерекқорға беретін мәліметтер натуралды (тонна), мөлшерлік (дана) және ақшалай (мың теңге) түрде көрсетіледі.

      7. Берілетін мәліметтерге үшінші тұлғалардың енуі Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жүзеге асырылады.

"Өзге де мемлекеттік органдардың  
мұнай өнімдерін өндірудің және   
олардың айналымының көлемі туралы 
мәліметтерді және басқа да қажетті
ақпаратты бірыңғай дерекқорға   
беруінің нысандары мен ережелерін
бекіту туралы"        

Қазақстан Республикасы      
Қаржы министрінің          
2004 жылғы 18 ақпандағы      
N 80 бұйрығына 2-қосымша     

        Ескерту. 2-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Қаржы министрінің 2009.05.25 N 216 бұйрығымен.      

Өзге де мемлекеттік органдардың мұнай өнімдерін
өндірудің және олардың айналымының көлемі туралы
мәліметтерді және басқа да қажетті ақпаратты
бірыңғай дерекқорға беруінің нысандары

      1. Қазақстан Республикасының Энергетика және минералдық ресурстар министрлігімен мәліметтерді беру нысаны:

      Мұнай өнімдерін өндіру теңгерімі (жеделдік ақпарат).
      Мерзімділігі - ай сайын есептіден кейінгі айдың 20 күніне береді.

N

Зауыттар

Бензин

Есепті ай үшін

Жыл басынан өндірілген

Ай басына қалдық

Өндірілген

Ай соңына қалдық

1

2

3

4

5

6

кестенің жалғасы

Дизель отыны

Мазут

Ескерту

Есепті ай үшін

Жыл басынан өндірілген

Есепті ай үшін

Жыл басынан өндірілген

Ай басына қалдық

Өндірілген

Ай соңына қалдық

Ай басына қалдық

Өндірілген

Ай соңына қалдық

7

8

9

10

11

12

13

14

15

      2. Қазақстан Республикасының Табиғи монополияларды реттеу агенттігімен жеткізілім көлемдері туралы мәліметтерді беру нысаны:
      1) 200__ жылдың _____ жағдай бойынша мұнайгазөңдеу өндірісін пайдалану қызметін жүзеге асыратын Қазақстан Республикасы лицензиаттарының тізбесі: мұнайды бастапқы және терең қайта өңдеу; октандық санды арттыру мақсатында компаундирлеу, тауарлық бензиндерге телімдер, қоспалар және компоненттер енгізу бойынша; белгіленген сипаттағы бензин алу мақсатында компаундирлеу, кондициялық емес мұнай өнімдеріне телімдер, қоспалар мен компоненттер енгізу бойынша; дизель отынына, мазутқа телімдер мен қоспалар енгізу бойынша;

Кезеңділігі мәліметтердің өзгеруіне қарай

N

СТН-і (БСН-і)

атауы

Басшының аты-жөні

Заңды мекен-жайы (телефон, факс)

Мемлекеттік тіркеу туралы куәлік (қайта тіркеу)

1

2

3

4

5

6

кестенің жалғасы

Лицензияның беру күні

Лицензияның N

Лицензияның қолданылу мерзімі

Қызмет түрі

Мұнай өнімдерінің өндірісі

Көлем мың тонна/жыл (өндіріс паспорты бойынша)

7

8

9

10

11

12

      2) 200__ жылдың __________ жағдай бойынша мұнайгазөңдеу өндірісін пайдалану қызметін жүзеге асыратын, лицензияларының күші тоқтатыла тұрған, күшіне қайта енген және күші тоқтатылған Қазақстан Республикасы лицензиаттарының тізбесі: мұнайды бастапқы және терең қайта өңдеу; октандық санды арттыру мақсатымен компаундирлеу, тауарлық бензиндерге телімдер, қоспалар және компоненттер енгізу бойынша; белгіленген сипаттағы бензин алу мақсатында компаундирлеу, кондициялық емес мұнай өнімдеріне телімдер, қоспалар мен компоненттер енгізу бойынша; дизель отынына, мазутқа телімдер мен қоспалар енгізу бойынша;

Кезеңділігі мәліметтердің өзгеруіне қарай

N

СТН-і (БСН-і)

атауы

Лицензияның беру күні

Лицензияның
N

1

2

3

4

5

кестенің жалғасы

Күні

Себебі

Шешім

Тоқтатыла тұру

енген

тоқтатылған

6

7

8

9

10

      3) 200__ жылдың ________ жағдай бойынша мұнай және мұнай өнімдерін сақтау объектілерін (мұнай сақтау, мұнай базалары, автожанармай құю станциялары) пайдалану бойынша қызметті жүзеге асыратын Қазақстан Республикасы лицензиаттарының тізбесі

Кезеңділігі мәліметтердің өзгеруіне қарай

N

СТН-і (БСН-і)

атауы

Басшының аты-жөні

Заңды мекен-жайы (телефон, факс)

1

2

3

4

5

кестенің жалғасы

Мемлекеттік тіркеу туралы куәлік (қайта тіркеу)

Лицензияның беру күні

Лицензияның N

Лицензияның қолданылу мерзімі

Мұнай өнімдері базасының немесе АЖС мекен-жайы (қала, аудан, телефон)

Көлем мың тонна/жыл (паспорты бойынша)

6

7

8

9

10

11

      4) 200__ жылдың ______ жағдай бойынша мұнай және мұнай өнімдерін сақтау объектілерін (мұнай сақтау, мұнай базалары, автожанармай құю станциялары) пайдалану бойынша қызметті жүзеге асыратын, лицензияларының күші тоқтатыла тұрған, күшіне қайта енген және күші тоқтатылған Қазақстан Республикасы лицензиаттарының тізбесі

Кезеңділігі мәліметтердің өзгеруіне қарай

N

СТН-і (БСН-і)

атауы

Лицензияның беру күні

Лицензияның
N

1

2

3

4

5

кестенің жалғасы

Күні

Себебі

Шешім

Тоқтатыла тұру

енген

тоқтатылған

6

7

8

9

10

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады