"Бензин, дизель отыны және мазут қауіпсіздігіне қойылатын талаптар" техникалық регламентін бекіту және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 29 желтоқсандағы № 1372 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Мерзімі біткен

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 1 наурыздағы № 153 Қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 30 қаңтардағы № 29 қаулысымен.

      Ескерту. Күші жойылды – ҚР Үкіметінің 30.01.2017 № 29 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      "Техникалық реттеу туралы" Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9 қарашадағы Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Күші жойылды - ҚР Үкiметiнiң 2012.07.30 № 1004 (2012.12.31 бастап қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.

      2. "Қазақстан Республикасының аумағында айналымға шығарылатын автокөлік құралдарының зиянды (ластаушы) заттар шығарындыларына қойылатын талаптар туралы техникалық регламентті бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 29 желтоқсандағы № 1372 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2007 ж., № 50, 633-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының аумағында айналымға шығарылатын автокөлік құралдарының зиянды (ластаушы) заттар шығарындыларына қойылатын талаптар туралы техникалық регламентте:

      9 және 15-тармақтарда "Техникалық регламентке 3-қосымшаға сәйкес" деген сөздер "Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес" деген сөздермен ауыстырылсын;

      Техникалық регламентке 3-қосымша алып тасталсын.

      3. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Ескерту. 3-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2010.09.24 № 977 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.

Қазақстан Республикасының


Премьер-Министрі

К. Мәсімов


  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2010 жылғы 1 наурыздағы
№ 153 қаулысымен
бекітілген

"Бензин, дизель отыны және мазут қауіпсіздігіне қойылатын
талаптар" техникалық регламенті

      Ескерту. Техникалық регламенттің күші жойылды - ҚР Үкiметiнiң 2012.07.30 № 1004 (2012.12.31 бастап қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады