Қазақстан Республикасының кейбiр заң актiлерiне мұнай өнімдерінің жекелеген түрлерін өндіруді және олардың айналымын мемлекеттiк реттеу мәселелерi бойынша толықтырулар енгiзу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 7 сәуірдегі N 403-II заңы

      1-бап.  Қазақстан Республикасының мына заң актiлерiне толықтырулар енгiзiлсiн:

      1. "Лицензиялау туралы" 1995 жылғы 17 сәуiрдегi Қазақстан Республикасының Заңына  (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң Жаршысы, 1995 ж., N 3-4, 37-құжат; N 12, 88-құжат; N 14, 93-құжат; N 15-16, 109-құжат; N 24, 162-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1996 ж., N 8-9, 236-құжат; 1997 ж., N 1-2, 8-құжат; N 7, 80-құжат; N 11, 144, 149-құжаттар; N 12, 184-құжат;  N 13-14, 195, 205-құжаттар; N 22, 333-құжат; 1998 ж., N 14, 201-құжат; N 16, 219-құжат; N 17-18, 222, 224, 225-құжаттар; N 23, 416-құжат; N 24, 452-құжат; 1999 ж., N 20, 721, 727-құжаттар; N 21, 787-құжат; N 22, 791-құжат; N 23, 931-құжат; N 24, 1066-құжат; 2000 ж., N 10, 248-құжат; N 22, 408-құжат; 2001 ж., N 1, 7-құжат; N 8, 52, 54-құжаттар; N 13-14, 173, 176-құжаттар; N 23, 321-құжат; N 24, 338-құжат; 2002 ж., N 2, 17-құжат; N 15, 151-құжат; N 19-20, 165-құжат; 2003 ж., N 1-2, 2-құжат; 2003 жылғы 18 наурызда "Егемен Қазақстан" және 2003 жылғы 15 наурызда "Казахстанская правда" газеттерiнде жарияланған "Қазақстан Республикасының кейбiр заң актiлерiне зейнетақымен қамсыздандыру мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" 2003 жылғы 13 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңы):
      9-баптың 1-тармағы мынадай мазмұндағы 12-1) тармақшамен толықтырылсын:
      "12-1) мұнай өнiмдерiн өндiру;".

      2. Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Мұнай туралы" 1995 жылғы 28 маусымдағы N 2350 заң күшi бар Жарлығына  (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң Жаршысы, 1995 ж., N 11, 76-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1997 ж., N 11, 150-құжат; 1999 ж., N 21, 787-құжат):
      1) 1-бап мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
      "Бiртұтас деректер базасы" - мердiгерлер Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлеген тәртiппен беретiн ақпараттың негiзiнде қалыптастырылатын мұнай өндiрудiң және (немесе) оның айналымының көлемі туралы электрондық деректер базасы.";
      2) 5-бап мынадай мазмұндағы 6-1), 6-2), 6-3) және 6-4) тармақшалармен толықтырылсын:
      "6-1) мұнай экспортын реттейдi, оның iшiнде акциздердiң, кедендiк, қорғау, демпингке қарсы және өтем баждарының ставкаларын, мұнай экспортына квоталарды бекiту (өзгерту) жолымен реттейдi;
      6-2) мұнайды көлiктiң әр түрлерiмен тасымалдауға сандық шектеулер (квоталар) белгiлейдi;
      6-3) мұнай өндiрудiң және оның айналымының бiртұтас деректер базасын жүргiзу тәртiбiн белгiлейдi;
      6-4) мұнай өндiрудiң, сақтаудың және оның айналымының технологиялық процесiне қойылатын қауiпсiздiк талаптарының сақталуын бақылау жүйесiн ұйымдастырады;";
      3) 6-баптың 1-тармағы мынадай мазмұндағы 7-4) тармақшамен толықтырылсын:
      "7-4) кен орнын әзiрлеу жобасына сәйкес мұнай өндiрудi, сондай-ақ оның айналымын мемлекеттiк реттеудi жүзеге асырады.".

      2-бап.  Осы Заң 2003 жылғы 1 шiлдеден бастап қолданысқа енгiзiледi.

      Қазақстан Республикасының
      Президенті

     

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады