Брюссельде 1999 жылғы 19 шілдеде жасалған Қазақстан Республикасы мен Атом энергиясы жөніндегі Еуропалық қоғамдастық арасындағы ядролық қауіпсіздік саласындағы ынтымақтастық туралы келісім бекітілсін.
Қазақстан Республикасының
Президенті
Қазақстан Республикасы мен Атом энергиясы жөніндегі
Еуропалық қоғамдастық арасындағы ядролық қауіпсіздік
саласындағы ынтымақтастық туралы
Келісім
Бұдан әрi тиiсiнше "Тарап" немесе "Тараптар" деп аталатын, бұдан әрi "Қазақстан" деп аталатын Қазақстан Республикасы бiр жақтан және бұдан әрi "Қоғамдастық" деп аталатын Атом энергиясы жөнiндегi Еуропалық Қоғамдастық екiншi жақтан
Қазақстан мен Еуропалық Қоғамдастық және олардың мүше мемлекеттерi 1995 жылғы 21 қаңтарда Әрiптестiк пен Ынтымақтастық туралы келiсiмге қол қойғандығын еске ала отырып;
Қазақстан мен Қоғамдастыққа мүше мемлекеттер Ядролық қаруды таратпау туралы шарттың қатысушылары және Атом энергиясы жөнiндегi халықаралық агенттiктің мүшелерi болып табылатындығын еске ала отырып;
Бұдан әрi "Комиссия" деп аталатын Еуропалық Қоғамдастықтың Комиссиясы Қоғамдастық деңгейiнде басқалардың арасында радиациядан қорғау жөніндегi негiзгi стандарттарды айқындау үшiн, олардың орындалуын қамтамасыз ету үшін және радиация туралы деректердi жинау мен бақылау үшiн жауапты екендiгiн еске ала отырып;
айнала ортаны қорғау және осымен байланысты Қоғамдастық деңгейiнде үшiншi тараптармен ынтымақтастықтың маңызды роль атқаратындығын еске ала отырып;
Комиссия Қоғамдастықтың реакторлық қауiпсiздiктi, радиациялық қауіпсiздiктi, қалдықтарды меңгеру мен ядролық қондырғыларды пайдаланудан шығаруды және бөлшектеудi қоса алғанда, ядролық қауiпсiздiк саласында, сондай-ақ ядролық материалдарға кепiлдiктердi қолдану саласында зерттеушiлiк бағдарламасын жүзеге асыратындығын және ол осы мәселелер бойынша үшiншi елдермен ғылыми және технологиялық ынтымақтастықты дамытуға ниеттi екендігiн, оларды ядролық қауiпсiздiк жөніндегi халықаралық мақұлданған принциптер мен нұсқауларға жақындастыруды мақсат тұтатындығын назарға ала отырып;
атом электр станцияларының қауiпсiздiгiн күшейту жөнiндегi ғылыми-зерттеушiлiк және конструкторлық бағдарламаның бөлiгi ретiнде пайдалануға болатын атом электр станциясы мен үш зерттеу реакторы Қазақстанда жұмыс iстейтiндiгiн назарға ала отырып;
Қазақстанның ядролық қауiпсiздiк саласындағы реттеушiлiк қызметi халықаралық танылған нормалар мен стандарттардың негiзiнде айнала ортаны және тұтастай алғанда халықты қорғауды, сондай-ақ персоналды радиациядан қорғауды қамтамасыз етуге бағытталғандығын еске ала отырып;
экономиканың, айнала ортаның және халықтың талаптары бойынша энергетикалық көздердiң әртүрлiлiгi қажеттiгiн ескерiп, Қазақстан мен Қоғамдастықтың энергетикалық мұқтаждарын қамтамасыз етуге ядролық энергетиканың болашақ үлесi тұтастай алғанда ядролық қауiпсiздiк саласында жоғарыда аталған мiндеттердi шешiлуге тәуелдi екендiгiн мойындай отырып;
Қазақстан мен Қоғамдастық көздеген ядролық қауiпсiздiк жөнiндегi бiрлескен iс-қимылдардың түрлi нысандарын ескере отырып,
төмендегілер туралы келісті:
Осы Келiсiмнiң шеңберiндегi ынтымақтастық, ядролық қауiпсiздіктің ғылыми негiзделген және халықаралық қабылданған нормаларын белгiлеудi және қолдануды қоса алғанда, өзара мүдделер негiзінде тек бейбiт мақсаттарда жүзеге асырылатын және ядролық қауіпсiздiктің нығаюына жәрдемдесетiн болады.
Тараптар мынадай салалардағы ынтымақтастықты жүзеге асыру үшiн барлық күш-жігерлердi жұмсайды:
(а)
Реактордың қауіпсiздiгiн зерттеу
Қауіпсiздiк мәселелерiн шолу және талдау; ядролық қауiпсiздікті нығайтудың тиiстi тәсілдерiн белгілеу, сондай-ақ жұмыс iстеп тұрған және жоспарланып отырған ядролық реакторларға баға беру.
(b)
Радиациялық қауіпсiздiк
Зерттеулер, реттеушiлiк аспектiлер, қауiпсiздiк нормаларын әзiрлеу, жұртшылықты хабардар ету, кәсiби дайындық және оқыту. Аз мөлшердегi сәулеленудiң әсерiн және радиоактивтiк ластануға, өнеркәсiптiк және медициналық сәулеленуге ұшыраған аймақтардың қалпына кeлушiлiгiн зерделеуге және апаттардан кейiнгi iс-шараларға ерекше көңiл бөлiнуi тиiс.
(c)
Ядролық қалдықтармен жұмыс
Геологиялық жарамды көмулерге баға беру және оңтайландыру, ұзаққа ыдырамайтын қалдықтармен жұмыстың ғылыми аспектiлерi және алаңдарды қалпына келтiрудiң стратегиясы
(d)
Ядролық қондырғыларды пайдаланудан шығару,
залалсыздандыру және бөлшектеу
Ядролық қондырғыларды пайдаланудан шығару, залалсыздандыру және бөлшектеу стратегиясы, атап айтқанда, радиологиялық аспектiлер.
(e)
Ядролық материалдарды таратпау кепілдігінің жүйесін
зерттеу және дамыту
Кепiлдiктердi қолдану кезiнде ядролық материалдарды өлшеу тәсiлдерiн дамыту мен баға беру және iлеспе материалдардың сипаттамасы мен ядролық материалдарды есепке алу және бақылау жүйелерiн әзiрлеу.
(f)
Ядролық материалдармен заңсыз сауданы болдырмау
Ынтымақтастық ядролық материалдарды бақылаудың әдiстерi мен тәсiлдерiн жетiлдiру мақсатында жүзеге асырылуы тиiс.
1. Ынтымақтастық:
- есеп берулер, кездесулер, семинарлар, техникалық мәжілiстер және c.c. көмегiмен техникалық ақпараттармен алмасу;
- жұмысшы персоналмен, соның iшiнде екi Тараптың зертханалары және/немесе ұйымдары арасындағы оқыту мақсатында алмасу; мұндай ынтымақтастық Тараптардың тиiстi аумақтарында құрылған мекемелер мен тұлғалардың арасында да жүзеге асырыла алады;
- эксперименттiк мақсаттар үшiн үлгiлермен, материалдармен, құралдармен және аппаратурамен алмасу;
- бiрлескен жаттығулар мен қызметке теңгерiмдi қатысу жолымен жүзеге асырылады.
2. Қажеттiлiк жағдайда Тараптар және/немесе уәкiлеттi органдар арасында жоғарыда аталған белгiлi бiр бiрлескен қызметтi жүзеге асырудың көлемiн, мерзiмдерiн және шарттарын белгiлейтiн атқарушылық келiсiмдер жасалуы мүмкiн.
Мұндай келiсiмдер басқаларының арасында қаржы шарттарына, басқару функцияларының сипаттамасына қатысты бола алады және ақпаратты тарату мен интеллектуалдық меншiкке арналған құқықтардың нақты ережелерін мазмұндай алады.
3. Күш-жiгерлердiң қайталануын шағындау мақсатында Тараптар өз қызметiн осы Келiсiм бойынша өздерi қатысушы болып табылатын ядролық қауiпсiздікпен байланысты басқа да халықаралық қызметтермен үйлестiретiн болады.
1. Осы Келiсiм бойынша әрбiр Тараптың міндеттемелерi қажет етiлетiн қаржылық қаражаттардың болуын ескерумен орындалады.
2. Ынтымақтастықтан туындайтын барлық шығындарды оларды өндiретiн Тарап өтейдi.
3. Өнеркәсiптiк қызметтi қаржыландыру осы Келiсiмнiң көлемiнен алынып тасталынады.
1. Қоғамдастықтың мүдделерiн ескере отырып, осы Келiсiм Атом энергиясы жөнiндегi Еуропалық Қоғамдастықты құру туралы шарт қолданылатын аумақтарда қолданылатын болады.
2. Осы Келiсiм бойынша ынтымақтасу Тараптардың қолданыстағы заңнамасына, сондай-ақ Тараптар арасында жасалған xалықаралық келiсiмдерге сәйкес жүзеге асырылады.
3. Әрбiр Тарап қолданыстағы заңнамалар шеңберiнде ынтымақтастықты жүзеге асыру үшiн қажеттi тұлғалардың iссапарымен, материалдар мен жабдықтарды тасымалдаумен және валютаны аударумен байланысты ресiмдердi орындауды оңайлату үшiн бар күш-жiгерiн салады.
4. Осы Келiсiмдi орындау барысында жiберiлген шығындарды өтеу қолданысты заңнамаға сәйкес жүзеге асырылады.
Осы Келiсiм жөнiндегi ынтымақтастыққа байланысты ақпаратты және интеллектуалдық меншiкке арналған құқықтарды қолдану және тарату, патенттер мен авторлық құқықтар осы Келiсiмнiң ажырамас бөлiгiн құрайтын Қосымшаларға сәйкес болады.
Тараптар қолданысты заңнама шеңберiнде осы Келiсiм бойынша туындайтын барлық мәселелердi өзара консультациялар жүргiзу жолымен шешу үшiн бар күш-жiгердi жұмсайды.
1. Екi Тарап тең санда тағайындайтын мүшелерден тұратын Үйлестiру Комитетi осы Келiсiмнің орындалуына жетекшiлiк ету үшiн құрылатын болады.
2. Үйлестiру Комитетi қажеттілік шамасына қарай не Қоғамдастықта, не Қазақстанда:
- осы Келiсiм бойынша ынтымақтастыққа шолу мен баға беру және олар жөнiнде жылдық есептердi дайындау;
- тиiстi бағдарламалар бойынша Тараптардың тәуелсiз шешiмдер қабылдауы үшiн залалсыз осы Келiсiм бойынша жүзеге асырылатын жекелеген мiндеттердi екiжақты келiсу үшiн тұрақты мәжілістер өткiзедi.
3. Екiжақты келiскен кезде айрықша мәселелердi немесе жекелеген мән-жайларды талқылау үшiн төтенше мәжілістер өткiзiле алады.
1. Осы Келiсiм Тараптар дипломатиялық ноталармен алмасу жолымен белгiленген күнiнен бастап күшiне енедi және оған қол қойған сәттен бастап он жыл iшiнде бастапқы күшiнде қалады.
2. Одан әрiде, егер тек Тараптардың кез келгенi Келiсiм күнiнiң аяқталуына дейiн алты ай бұрын жазбаша хабардар ету жолымен оны тоқтатуды немесе қайта қарауды талап етпесе, осы Келiсiм өздiгiнен келесi бес жылға ұзартылады.
3. Осы Келiсiм күшi тоқтатылған немесе қайта қаралған жағдайда тоқтатылуы және қайта қаралуы талап етiлген сәттен бұрын жүзеге асырылған ынтымақтастыққа қатысты және осындай ынтымақтастықтың және сәйкес келiсiмдердің аяғына дейiн немесе осы Келiсiмнің қолданылу мерзiмi аяқталған сәтiнен бастап бiр күнтiзбелiк жыл ішiнде қайсысының ерте болатынына байланысты, өзінің алғашқы нысанындағы күшiнде қалады.
4. Осы Келiсiмдi тоқтату 6-бап бойынша құқықтар мен мiндеттемелердi қозғамайды.
Осы Келiсiм екi данада қазақ, дат, голланд, ағылшын, фин, француз, немiс, грек, итальян, португал, орыс, испан және швед тiлдерiнде жасалады. Келiсiмнің осы тiлдердегi мәтіндерінің бiрдей күшi бар.
1999 жылғы 19 шiлдеде Брюссель қаласында жасалды.
Қазақстан Республикасы Атом Энергиясы жөнiндегi
үшін Еуропалық Қоғамдастық үшiн
І қосымша
Ядролық қауіпсіздік саласындағы ынтымақтастық туралы
келісім бойынша бірлескен зерттеуден туындайтын
интеллектуалдық меншікке* арналған құқықтарды беруге
басшылық ететін принциптер
* Осы Басқару Принциптерінде қолданылатын анықтамалар II Қосымшада сипатталған
I. Құқықтарға арналған меншік. Құқықтарды беру
және қолдану
1. Осы Келiсiм бойынша жүргiзiлетiн барлық зерттеулер "бiрлескен зерттеулер" болып табылады. Қатысушылар бiрлескен зерттеулер барысында жасалатын ақпаратты жариялау мен Интеллектуалдық Меншiктi (ИМ) қоса алғанда, меншiк пен пайдалануға қатысты бiрлескен технологияны басқару жоспарларын (ТБЖлар)** бiрлесiп әзiрлейдi. Мұндай жоспарларды Тараптар олардың қатысы бар З және Ә ынтымақтастығы туралы кез келген шарттардың аяқталуына дейiн бекiтедi. ТБЖлар бiрлескен зерттеулердің мақсаттары, қатысушылардың тиiстi үлестерi, аумақтар немесе салалар бойынша лицензиялауды қолданудың артықшылықтары мен кемшiлiктерi, қолданысты заңнамаларда көзделген талаптар және қатысушылар қажеттi деп санайтын басқа да факторлар ескерiле отырып әзiрленедi. Іссапарға жiберiлген зерттеушiлердің ИМ-ге қатысты зерттеулерiне байланысты құқықтары мен мiндеттемелерi бiрлескен технологияны басқару жоспарларында сол сияқты сипатталады.
** Осындай ТБЖ-ның индикативтік сипаттамалары III Қосымшада белгіленеді.
2. Бiрлескен зерттеу процесiнде алынған немесе құрылған және технологияны басқару жоспарында ескерілмеген ақпарат немесе ИМ технологияны басқару жоспарында баяндалған принциптерге сәйкес Тараптардың мақұлдауымен таралады. Мұндай ақпарат немесе ИМ мақұлданбаған жағдайда оның процесiнде ақпаратты алу болатын немесе ИМ қалыптасатын бiрлескен зерттеумен айналысатын барлық қатысушылардың бiрлескен меншігiнде болады. Осы ереже қатысы бар әрбiр қатысушының қандай да бiр географиялық шектеулерсiз осындай ақпаратты немесе ИМ-ны өзiнiң дербес коммерциялық қолдануы үшiн пайдалануға құқығы болады.
3. Әрбiр Тарап басқа Тарап пен оның қатысушылары осы принциптерге сәйкес оларға берiлген ИМ-ге арналған құқықты иеленуiн қамтамасыз етедi.
4. Осы Келiсiмнiң қолданылуына түсетiн салаларда бәсекелестiкке қабiлеттiлiк жағдайларын қамтамасыз ете отырып, әрбiр Тарап осы Келiсiмнiң қолданылуына жатқызылған құқықтар, атап айтқанда:
(i) осы Келiсiм бойынша алынған немесе басқа жолмен рұқсат етiлген ақпараттарды таратуды немесе пайдалануды;
(ii) халықаралық стандарттарды қабылдауды және қолдануды осындай түрде жүзеге асыруды қамтамасыз ету үшін күш-жігердi қолданатын болады.
Тараптарға немесе олардың қатысушыларына тиесiлi авторлық құқықтар Берн Конвенциясының (1971 жылғы Париж Актіci) ережелерiне жауап беретiн режимдi пайдалануы тиiс.
IV бөлiмге залалсыз, ТБЖларда өзгеше келiсiлмесе, зерттеу нәтижелерiн жариялау Тараптармен немесе осындай бiрлескен зерттеудің қатысушыларымен бiрлесе отырып жүзеге асырылады. Жоғарыда аталған жалпы ережелердi ескерумен мынадай ережелер қолданылады:
1. Тарап немесе осы Тараптың мемлекеттік органдары, осы Бапқа сәйкес бiрлескен зерттеуге байланысты бейне және бағдарламалық қамтамасыз етудi қоса алғанда, ғылыми және техникалық журналдарды, мақалаларды, есеп берулердi, кiтаптарды жариялаған жағдайда, басқа Тараптың аударуға, қайта жасауға, бейiмдеуге, тапсыруға және осындай жұмыстарды ашық таратуға арналған бүкіл дүниежүзiнде қолданылатын айрықша емес, роялтиден босатылған шартсыз лицензияға құқығы болады.
2. Тараптар осы Келiсiмге сәйкес бiрлескен зерттеуге байланысты туындайтын және тәуелсiз баспагерлер жариялаған ғылыми сипаттағы әдеби жұмыстардың мүмкiндiгiнше тұлғалардың неғұрлым кең тобы арасында таратылуын қамтамасыз етедi.
3. Ашық таратылатын және осы ереже бойынша дайындалған авторлық құқықтармен қорғалған жұмыстардың барлық көшiрмелерiнде, егер тек автор немесе авторлар өзiнiң атын (өздерiнiң аттарын) көрсетуден бас тартуын бiлдiрмесе, жұмыс авторының (авторларының) аттары көрсетiлуi тиiс. Оларда сол сияқты Тараптардың бiрлескен қолдауының көрнекi растауы мазмұндалуы тиiс.
1. Әрбiр Тарап немесе оның қатысушылары, сәйкесiнше, мүмкіндігінше неғұрлым ерте мерзiмдерде және технологияны басқару аясында ол немесе олар ашпай қалдыруды қалайтын осы Келiсiмге қатысты артықшылықты ақпаратты басқаларының арасында мынадай өлшемдердi назарға ала отырып белгілейтін болады:
- ақпараттың құпиялылығы яғни ақпарат басылым ретiнде немесе дәл құрама пiшiнде немесе өзiнің құрамдас бөлiгiнің ансамблiнде жалпыға мәлiм немесе зерттеу саласындағы тиiстi сарапшыларға заңды жолдармен қол жеткiзiлiмдi болып табылмайды;
- оның құпиялылығына негiзделген нақты немесе әлеуеттi коммерциялық құнды ақпарат;
- ақпараттың ерте қорғалуы яғни ол оның құпиялылығын қолдауға мән-жайлар, заңды түрде жауапты тұлғалар жөнiнде ақылға сыйымды шараларды қабылдауды көздейдi.
Тараптар және қатысушылар жекелеген жағдайларда, егер тек өзгеше ескерілмесе, осы Келiсiмге сәйкес бiрлескен зерттеу процесiнде ұсынылған, айырбасталған немесе алынған ақпараттың бөлiгi немесе барлығы ашыла алмайды деп келiсе алады.
2. Әр Тарап осы Келiсiм бойынша ашылмаған ақпарат және оның артықшылықты сипаты, мысалы, тиiстi белгi қою немесе шектейтiн жазба арқылы басқа Тараптың осындай деп танылуын қамтамасыз етедi. Бұл сол сияқты жоғарыда аталған ақпаратты тұтастай немесе iшiнара кез келген сөйлетуге қатысты.
Ашылмаған ақпаратты алушы Тарап Келiсiмге сәйкес оның артықшылықты сипатын құрмет тұтады. Бұл шектеулер, егер меншiк иесi мұндай ақпаратты зерттеу саласындағы сарапшыларға шектеусiз ашқан жағдайда, өздiгiнен тоқтатылады.
3. Осы Келiсiм бойынша ашылмаған ақпаратты алушы Тарап алушы Тараптың тұлғаларына немесе онда жұмыс iстеушiлерге және бiрлесiп жүргiзiлетiн зерттеулердiң арнаулы мақсаттары үшiн уәкiлеттендiрiлген алушы Тараптың басқа да коммерциялық ведомстволарына немесе агенттiктерiне кез келген ашылмаған ақпаратты осындай түрде тарату құпиялылық туралы келiсiмге сәйкес жүзеге асырылуы тиiс және мұндай ақпарат жоғарыда көрсетiлгендей танылуы тиiс деген шарт жағдайында тарата алады.
4. Осы Келiсiм бойынша ашылмаған ақпаратты беретiн Тараптың алдын-ала жазбаша келiсiмiмен алушы Тарап осындай ашылмаған ақпаратты жоғарыдағы 3-параграфта көзделгенге қарағанда тұлғалардың неғұрлым кең тобына бере алады. Тараптар бiрлесе отырып осындай неғұрлым кең көлемдi тарату үшін талап ету және жазбаша түрде алдын-ала келiсiм алу тәртiбiн әзiрлейдi, және әрбiр Тарап осындай мақұлдауды оның iшкi саясаты мен заңнамасы рұқсат ететiн шамада бередi.
Б. Құжатталмаған ашылмаған ақпарат
Осы Келiсiм бойынша жүргiзiлетiн семинарларда және басқа да мәжілiстерде ұсынылған құжатталмаған ашылмаған ақпарат немесе басқа құпия немесе артықшылығы бар ақпарат немесе лауазымға тағайындауға, айлабұйымдарды немесе бiрлескен жобаларды пайдалануға байланысты алынған ақпарат Тараптармен немесе олардың қатысушыларымен Келiсiмде құжаттамалық ақпарат үшiн белгiленген принципке сәйкес, алайда осындай ашылмаған немесе басқа құпия немесе артықшылықты ақпаратты алушы осындай ақпаратты талқылау барысында алынған ақпараттың құпиялы сипаты туралы хабардар етiлдi деген шарт кезiнде қолданылады.
Әрбiр Тарап осы Келiсiм бойынша ол алған ашылмаған ақпараттың онда қарастырылған тәсiлмен бақылануын қамтамасыз етуге бар күш-жiгерiн жұмсайды. Егер бiр Тарапқа А және Б параграфтарында таратпау туралы ережелердi оның орындай алмайтыны туралы белгiлi немесе ақылға сиымды күтiлетiн болса, ол бұл туралы басқа Тарапты дереу хабардар етедi. Содан кейiн Тараптар iс-қимылдардың тиiстi бағытын белгiлеу үшiн кеңестер жүргiзедi.
II қосымша
1. Интеллектуалдық меншік: Стокгольмде 1967 жылғы 14 шiлдеде қол қойылған Интеллектуалдық Меншiк жөнiндегi Дүниежүзiлiк Ұйымды құрушы Конвенцияның 2-бабында берiлген маңызға ие.
2. Қатысушы: осы Келiсiм бойынша жобаға қатысатын тараптардың өздерiн қоса алғанда, кез келген жеке немесе заңды тұлға.
3. Бірлескен зерттеулер: қажет болған жағдайда Тараптардың бiрлескен салымдары есебiнен және екі Тараптардың қатысушыларының ынтымақтастығы кезiнде орындалатын және/немесе қаржыландырылатын зерттеулер.
4. Ақпарат: бірлескен зерттеу процесiнде алынған немесе әзiрленген ғылыми немесе техникалық мәлiметтер, зерттеулер мен әзiрлемелердің нәтижелерi немесе әдiстерi, және бірлескен зерттеумен айналысушы Тараптар және/немесе қатысушылар осы Келiсiм бойынша ұсынуға немесе алмасуға немесе оған сәйкес зерттеуге қажеттi деп санаған кез келген басқа ақпарат.
III қосымша
Технологияларды басқару жоспарының индикативтік
сипаттамалары (ТБЖ)
ТБЖ қатысушылар арасында бiрлескен зерттеулердi жүргiзу және қатысушылардың тиiстi құқықтары және мiндеттемелерi туралы жасалатын жеке келiсiм болып табылады. Интеллектуалдық Меншік құқықтарына қатыста ТБЖ басқалардың арасында: зерттеу, пайдалану және тарату мақсатында, бiрлескен жарияланымдарды ұйымдастыруды, iссапардағы зерттеушiлердiң құқықтары мен мiндеттемелерiн және дауларды шешу тәртiбiн қоса алғанда, жеке меншіктi, қорғауды, пайдаланушылардың құқықтарын қамтиды. ТБЖ сол сияқты алдыңғы жағдайларға, лицензиялауға және алынған құжаттарға қатысты ақпаратты мазмұндай алады.