1999 жылғы 26 ақпандағы Кеден одағы және Бірыңғай экономикалық кеңістік туралы шартқа қатысушы мемлекеттердің аумағынан шығарылатын және үшінші елдерге әкетілетін тауарлардың кері экспортын кедендік бақылау туралы хаттаманы бекіту туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 5 мамырдағы N 407-II заңы

      Мәскеуде 2001 жылғы 22 мамырда жасалған 1999 жылғы 26 ақпандағы Кеден одағы және Бірыңғай экономикалық кеңістік туралы шартқа қатысушы мемлекеттердің аумағынан шығарылатын және үшінші елдерге әкетілетін тауарлардың кері экспортын кедендік бақылау туралы хаттама бекітілсін.

      Қазақстан Республикасының
      Президенті

1999 жылғы 26 ақпандағы Кеден одағы және Бiрыңғай
экономикалық кеңiстiк туралы шартқа қатысушы
мемлекеттердiң аумағынан шығарылатын және үшiншi
елдерге әкетiлетiн тауарлардың керi экспортын
кедендiк бақылау туралы
Хаттама

      Бұдан әрi Тараптар деп аталатын Беларусь Республикасының Yкіметi, Қазақстан Республикасының Yкiметi, Қырғыз Республикасының Yкіметi, Ресей Федерациясының Yкіметi және Тәжікстан Республикасының Yкіметi,
      1994 жылғы 15 сәуiрдегi Тауарлардың керi экспорты және керi экспортқа рұқсат берудің тәртiбi туралы келiсiмнің (бұдан әрi - Келiсiм деп аталады) ережелерiне сүйене отырып, 1995 жылғы 6 қаңтардағы Ресей Федерациясы мен Беларусь Республикасының арасындағы Кеден одағы туралы келiсiмдi, 1995 жылғы 20 қаңтардағы Кеден одағы туралы келiсiмдi, 1996 жылғы 29 наурыздағы Қырғыз Республикасының Кеден одағы туралы келiсiмдерге қосылуы туралы шартты, 1999 жылғы 26 ақпандағы Тәжікстан Республикасының Кеден одағы туралы келiсiмдерге қосылуы туралы шартты негiзге ала отырып,
      бiр бiрiне сыртқы экономикалық қызмет саласындағы өзара мүдделердi қамтамасыз етуде және қорғауда жәрдемдесуге ниет бiлдiре отырып,
      мына төмендегiлер туралы келiстi:

1-бап

      Осы Хаттаманың мақсаттары үшiн Келiсiмде және 1995 жылғы 10 ақпандағы Тәуелсiз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердің кедендiк заңдарының негiздерiнде белгiленген мәндердегi негiзгi ұғымдар пайдаланылады.
      Жасырын керi экспорт ретiнде Тараптардың бiрiнің мемлекетiнiң аумағынан Тараптар керi экспорты тек тиiстi түрде ресiмделген жазбаша рұқсат болған жағдайда ғана жүзеге асырылуы мүмкін тауарлардың тiзiмiне енгiзiлген, Тараптардың бiрiнің мемлекетiнің кедендiк аумағынан шығарылатын және Тараптар мемлекеттерiнiң аумағынан тыс жерлерге экспортшы елдің аумағына еркiн айналым үшiн шығарылған тауарларды әкету ұғылады.
      Тауарлардың шығарылған елi, егер тауар мұндай тауарды экспорттаушылар/импорттаушылар Тәуелсiз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттің резиденттерi болып табылатындығы-табылмайтындығына қарамастан көрсетiлген Ережелермен белгiленген шығарудың өлшемдеріне сәйкес келетiн болса Тәуелсiз Мемлекеттер Достастығы Yкiметтерінiң басшылары Кеңесiнің 2000 жылғы 30 қарашадағы шешiмiмен бекiтiлген Тауарлардың шығарылған елiн айқындаудың ережелерiне сәйкес айқындалады.

2-бап

      Тараптар керi экспорты тек тиiстi түрде ресiмделген жазбаша рұқсат болған жағдайда ғана жүзеге асырылуы мүмкiн тауарлардың тiзiмiне енгiзген тауарларды Тараптар мемлекеттерiнiң шегiнен тыс жерлерге әкету кезiндегi жасырын керi экспортқа қатысты Келiсiмде керi экспорт үшiн белгiленген тәртіп қолданылатын болады.

3-бап

      Тараптар бiр-бiріне:
      тауарлардың керi экспорты мәселелерi бойынша қажеттi құжаттарға қол қоюға құқығы бар адамдардың мөрлерi мен қолдарының үлгiлерiмен бiрге өз елiнiң уәкiлеттi органының толық атауы мен мекен-жайын;
      тауар шығарылған елдің уәкiлеттi органының керi экспорттауға рұқсат беруінің тәртiбiн белгiлейтiн нормативтiк құқықтық кесiмдердi ұсынатын болады.

4-бап

      Керi экспорттауға рұқсат етiлген тауарды әкетудің шектi мерзiмi тауар шығарылған елдің уәкiлеттi органы керi экспорттауға рұқсат берген күннен бастап бiр жылдан аспауы тиiс.

5-бап

      Тараптар мемлекеттерiнiң кеден органдары керi экспорты тек тиiстi түрде ресiмделген жазбаша рұқсат болған жағдайда ғана жүзеге асырылуы мүмкiн тауарлардың тiзiмiне енгiзген әкетiлетiн тауарлардың шыққан тегiн бақылайды.

6-бап

      Керi экспорттаушы мемлекеттердің орталық кеден органдары тауарлар шығарылған елдің орталық кеден органдарына керi экспорттау Тараптар мемлекеттерiнің орталық кеден органдарының өзара келiсiмi бойынша белгiленген тәртiпке сәйкес тиiстi түрде ресiмделген жазбаша рұқсат болған жағдайда ғана жүзеге асырылуы мүмкiн тауарлардың iс-жүзiнде әкетiлгендiгi туралы хабарлайды.

7-бап

      Осы Хаттаманы түсiндiруге және қолдануға қатысты кез келген даулар мен келiспеушілiктер Тараптардың арасындағы келiссөздер және консультациялар жолымен шешiлетiн болады.

8-бап

      Тараптардың өзара келiсiмi бойынша осы Хаттамаға жеке хаттамалармен ресiмделетiн, оның ажырамас бөлiгi болып табылатын өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлуi мүмкін.

9-бап

      Осы Хаттама оның мақсаты мен қағидаттарын бөлiсетiн, сондай-ақ ол бойынша өзiне толық көлемде мiндеттемелер қабылдауға дайын Келiсiмге қатысушы кез келген мемлекеттiң оған қосылу үшін ашық. Қосылу Тараптардың келiсiмiмен, қосылатын мемлекетпен жеке Хаттамада айқындалатын шарттарда және тәртiппен жүзеге асырылады.

10-бап

      Осы Хаттама Беларусь Республикасының, Қазақстан Республикасының, Қырғыз Республикасының, Ресей Федерациясының және Тәжiкстан Республикасының Интеграциялық Комитетi болып табылатын депозитарий Тараптардың оның күшiне енуi үшiн қажеттi мемлекетiшiлiк рәсiмдердi орындағандығы туралы соңғы жазбаша құлақтандыруды алған күннен бастап күшiне енедi.
      Кез келген Тарап өзiнiң осы Хаттамаға сәйкес қабылдаған мiндеттемелерiн алдын ала реттеп, шығардан кем дегенде үш ай бұрын депозитарийге өзiнiң ниетi туралы жазбаша құлақтандыру жолдай отырып осы Хаттамадан шыға алады.

      2001 жылғы 22 мамырда Мәскеу қаласында орыс тiлiндегi бip түпнұсқалық данада жасалды. Түпнұсқалық дананы оның расталған көшiрмесiн әрбiр Тарапқа жiберетiн депозитарий сақтайды.

      Беларусь Республикасының
      Yкіметi үшiн

      Қазақстан Республикасының
      Yкiметi үшін

      Қырғыз Республикасының
      Yкiметi үшiн

      Ресей Федерациясының
      Yкiметi үшiн

      Тәжiкстан Республикасының
      Yкіметi үшiн

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады