Керi экспорты Қазақстан Республикасы уәкiлеттi органының тиiсiнше ресiмделген жазбаша рұқсаты болған кезде жүзеге асырылуы мүмкiн тауарлардың тiзiмiн бекiту туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 9 тамыздағы N 756 Қаулысы

      1994 жылғы 15 сәуiрдегi Тауарлардың керi экспорты және керi экспортқа рұқсат берудiң тәртiбi туралы келiсiмнiң (бұдан әрi - Келiсiм) 1-бабын және 1999 жылғы 26 ақпандағы Кеден одағы және Бiртұтас экономикалық кеңiстiк туралы шартқа қатысушы мемлекеттердiң аумағынан шығарылатын және үшiншi елдерге әкетiлетiн тауарлардың керi экспортын кедендiк бақылау туралы 2001 жылғы 22 мамырдағы хаттаманың  5-бабын iске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi  ҚАУЛЫ ЕТЕДI:

         1. Қоса берiлiп отырған Керi экспорты Қазақстан Республикасы уәкiлеттi органының тиiсiнше ресiмделген жазбаша рұқсаты болған кезде жүзеге асырылуы мүмкiн тауарлардың тiзiмi бекiтiлсiн.

      2. Қазақстан Республикасы Сыртқы iстер министрлiгi Келiсiмнiң Тараптарын хабардар ету үшiн Еуразия экономикалық қоғамдастығы Интеграциялық комитетiнiң Хатшылығына керi экспорты Қазақстан Республикасы уәкiлеттi органының тиiсiнше ресiмделген жазбаша рұқсаты болған кезде жүзеге асырылуы мүмкін тауарлардың тiзiмiн жiберсiн.

      3. Осы қаулы алғаш, жарияланғаннан кейiн отыз күнтiзбелiк күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

                                              Қазақстан Республикасы
                                                 Үкіметінің
                                           2006 жылғы 9 тамыздағы
                                              N 756 қаулысымен
                                                 бекітілген

      Кері экспорты Қазақстан Республикасы уәкілетті
      органының тиісінше ресімделген жазбаша рұқсаты
     болған кезде жүзеге асырылуы мүмкін тауарлардың
                            тізімі

СЭҚ ТН коды

Тауардың атауы*

2710 11 110 0 - 2710 11 900 0

Жеңіл дистилляттар және өнімдер 

2710 19 110 0 - 2710 19 290 0

Өзге де орташа дистилляттар 

2710 19 310 0 - 2710 19 490 0

Ауыр дистилляттар: газойлдар

2710 19 510 0** - 2710 19 690 0  

Ауыр дистилляттар: сұйық отындар

4101

Ірі қара малдың (қодастарды қоса алғанда) немесе жылқы тұқымдасына жататын жануарлардың өңделмеген терілері (буланған немесе тұздалған, кептірілген, күлденген, басқа тәсілмен пикелденген немесе консервіленген, бірақ иленбеген, пергаментпен өңделмеген немесе одан әрі өңдеуге ұшырамаған), түк басқан немесе түк баспаған, қосарланған немесе қосарланбаған

4102

Қойлардың өңделмеген терілері немесе қозылардың терілері (буланған немесе тұздалған, кептірілген, күлденген, басқа тәсілмен пикелденген немесе консервіленген, бірақ иленбеген, пергаментпен өңделмеген немесе одан әрі өңдеуге ұшырамаған), жүн басқан немесе жүн баспаған, қосарланған немесе қосарланбаған, осы топқа 1в ескертумен алынып тасталғандардан басқа

4103

Өзге де өңделмеген (буланған немесе тұздалған, кептірілген, күлденген, басқа тәсілмен пикелденген немесе консервіленген, бірақ иленбеген, пергаментпен өңделмеген немесе одан әрі өңдеуге ұшырамаған), түк басқан немесе түк баспаған, қосарланған немесе қосарланбаған, осы топқа 16 немесе 1в ескертумен алынып тасталғандардан басқа терілер

4707

Қалпына келтірілетін қағаз немесе картон (макулатура және қалдықтар)

5101

Кардтық немесе тарақпен тарауға ұшырамаған жүн

5102

Жануарлардың кардтық немесе тарақпен тарауға ұшырамаған биязы немесе қылшықты қылы

5103

Иіру қалдықтарын қоса алғанда, бірақ ыдыратылған шикізатты қоспағанда, жүннің немесе жануарлардың биязы немесе қылшықты қылының қалдықтары

5101 00 0000

Жүннен немесе жануарлардың биязы немесе қылшықты қылынан ыдыратылған шикізат

7204

Қара металдардың қалдықтары мен сынықтары; қара металдардың қайта балқытуға арналған құймалары (шихталық құймалар)

7302

Темір жол немесе трамвай жолдары үшін пайдаланылатын қара металдан жасалған бұйымдар: рельстер, қарсы рельстер және тісті рельстер, ауыспалы рельстер, тұйық қиылыс айқаспалары, ауыспалы штангалар және өзге де көлденең қосылыстар, шпалдар, түйіспе жапсырмалары мен төсемдері, сыналар, тірек тақталары, ілгекті рельс бұрандалары, төсемдер мен созғыштар, тұғырлар, көлденең жақтаулар мен рельстерді қосуға немесе бекітуге арналған өзге де бөлшектер

7404 00

Мыс қалдықтары мен сынықтары

7503 00

Никельді қалдықтар мен сынықтар

76 (7601 20 100 0-ден басқа)

Алюмо-береллий лигатурасынан басқа, алюминий және одан жасалған бұйымдар

8607

Темір жол локомотивтерінің немесе трамвайдың моторлы вагондарының немесе жылжымалы құрамның бөлшектері

       * - тауарлар тек ЕурАзЭҚ СЭҚ Тауар номенклатурасының кодтарымен айқындалады, позиция атаулары пайдаланудың ыңғайлы болуы үшін ғана келтірілген
       ** - ауыр дистилляттық сұйық отыннан басқа 

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады