"Сақтандыру қызметі туралы" 2000 жылғы 18 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2000 ж., N 22, 406-құжат) мынадай толықтырулар енгізілсін:
1) 11-баптың 4-тармағы мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
"Сақтандыру ұйымын мәжбүрлеп тарату кезінде міндетті сақтандыру шарттары бойынша сақтанушылардың (сақтандырушылардың, пайда алушылардың) сақтандыру төлемдерін жүзеге асыруға кепілдік беретін қорға сақтандыру ұйымдарының міндетті қатысуы Қазақстан Республикасының заң актілерінде көзделуі мүмкін.";
2) 37-баптың 1-тармағында:
бірінші бөлігінің 9) тармақшасындағы "табыс етуге тиіс." деген сөздер алып тасталып, "(сақтандыру брокері үшін)" деген сөздерден кейін нүктелі үтір қойылып, осы бөлік мынадай мазмұндағы 10) тармақшамен толықтырылсын:
"10) егер сақтандыру ұйымының сақтандыру төлемдерін жүзеге асыруға кепілдік беретін қорға міндетті түрде қатысуы Қазақстан Республикасының заң актілерінде белгіленген болса, сақтандыру ұйымын мәжбүрлеп тарату кезінде міндетті сақтандыру шарттары бойынша сақтанушылардың (сақтандырылушылардың, пайда алушылардың) мұндай қорға қатысу шартының нотариатта куәландырылған көшірмесін табыс етуге тиіс.";
екінші бөлігі "5)-8)" цифрларынан кейін ", 10)" цифрымен толықтырылсын;
3) 54-баптың 1-тармағының 8) тармақшасындағы "жағдайларда сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары мен сақтандыру брокері лицензиясының қолданылуы алты айға дейінгі мерзімге тоқтатыла тұрады." деген сөздер алып тасталып, "анықталған" деген сөзден кейін нүктелі үтір қойылып, осы бөлік мынадай мазмұндағы 9) тармақшамен толықтырылсын:
"9) сақтандыру ұйымын мәжбүрлеп тарату кезінде міндетті сақтандыру шарттары бойынша сақтанушылардың (сақтандырылушылардың, пайда алушылардың) сақтандыру төлемдерін жүзеге асыруға кепілдік беретін қорға міндетті немесе төтенше жарналарды соңғы он екі айдың ішінде екі және одан да көп рет төлемеген, уақытылы төлемеген не толық көлемінде төлемеген жағдайларда сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары мен сақтандыру брокері лицензиясының қолданылуы алты айға дейінгі мерзімге тоқтатыла тұрады.";
4) 72-баптың 1-тармағының 5) тармақшасындағы "талаптары" деген сөзден кейін ", сондай-ақ сақтандыру ұйымын мәжбүрлеп тарату кезінде, міндетті сақтандыру шарттары бойынша, жүзеге асырылған кепілдік төлемдері бойынша сақтанушылардың (сақтандырылушылардың, пайда алушылардың) сақтандыру төлемдерін жүзеге асыруға кепілдік беретін қордың талаптары" деген сөздермен толықтырылсын.
Қазақстан Республикасының
Президенті