"Өсімдіктер карантині туралы" Қазақстан Республикасының Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 3 шілдедегі N 463-II Заңы

      "Өсімдіктер карантині туралы" 1999 жылғы 11 ақпандағы Қазақстан Республикасының Заңына  (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1999 ж., N 2-3, 34-құжат; N 23, 931-құжат; 2002 ж., N 4, 30-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      1) 7-баптың 1-тармағы мынадай мазмұндағы 2-1), 2-2), 4-1), 4-2), 4-3) тармақшалармен толықтырылсын:
      "2-1) карантиндік объектілердің таралу ошақтарын анықтау, оқшаулау, жою және карантинге жатқызылған өнімді зарарсыздандыру жөніндегі іс-шаралардың жүргізілуін ұйымдастырады;
      2-2) өз құзыреті шегінде өсімдіктер карантині жөніндегі нормативтік құқықтық актілерді бекітеді;";
      "4-1) Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен пестицидтерді (улы химикаттарды) мемлекеттік сатып алуды, оларды сақтау, тасымалдау, карантиндік объектілердің таралу ошақтарын оқшаулау мен жою үшін қолдану жөніндегі жұмыстар мен қызмет көрсетуді ұйымдастырады және жүргізеді;
      4-2) карантиндік объектілердің таралу ошақтарын оқшаулау және жою үшін Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен пестицидтердің (улы химикаттардың) қорын құрады;
      4-3) карантиндік объектілердің таралу ошақтарын оқшаулау және жою үшін республикалық бюджет қаражаты есебінен сатып алынған пестицидтерді (улы химикаттарды) Қазақстан Республикасының аумағы бойынша бөледі;";

      2) мынадай мазмұндағы 8-1-баппен толықтырылсын:

      "8-1-бап. Карантиндік объектілердің таралу ошақтарын
                оқшаулау мен жоюға арналған пестицидтер
                (улы химикаттар) қоры

      1. Карантиндік объектілердің таралу ошақтарын оқшаулау мен жоюға арналған пестицидтер (улы химикаттар) қоры дегеніміз пестицидтердің (улы химикаттардың) ұдайы жаңартылып отыратын белгілі бір көлемі және ол уәкілетті органның қарауындағы (билігіндегі) мемлекеттік меншік болып табылады.
      2. Пестицидтер (улы химикаттар) қоры карантиндік объектілердің анықталған таралу ошақтарын оқшаулауға және жоюға арналады.
      3. Қор республикалық бюджеттің қаражаты есебінен сатып алынған пестицидтер (улы химикаттар) көлемінен қалыптастырылады.";

      3) 13-бап бойынша:
      2-тармақтың екінші бөлігі алып тасталсын;
      мынадай мазмұндағы 2-1-тармақпен толықтырылсын:
      "2-1. Қазақстан Республикасының аумағына:
      1) уәкілетті органның импорттық карантиндік рұқсатынсыз және экспортқа шығаратын елдердің ұлттық карантиндік қызметтерінің фитосанитариялық сертификаттарынсыз карантинге жатқызылған өнімді;
      2) карантиндік объектілер мен бөтен түрлер жұқтырған карантинге жатқызылған өнімді;
      3) топырақты, тамыр жайған өсімдіктерді топырағымен қоса;
      4) уәкілетті органмен келісім бойынша ғылыми-зерттеу мақсаттары үшін әкелінетін үлгілерді қоспағанда, өсімдік ауруларын қоздырушыларды - тірі саңырауқұлақ өскіндерін, бактерияларды, вирустарды, сондай-ақ өсімдіктерді бүлдіретін жәндіктерді, кенелерді, нематодтарды, карантиндік арамшөптер тұқымдарын әкелуге тыйым салынады.";

      4) 17-бап мынадай редакцияда жазылсын:

      "17-бап. Уәкілетті органды, оның шекаралық пункттері мен
               шекарадағы қосындары бар аумақтық органдарын,
               сондай-ақ мемлекеттік карантиндік мекемелерді
               қаржыландыру

      Уәкілетті орган, оның шекаралық пункттері мен шекарадағы қосындары бар аумақтық органдары, сондай-ақ мемлекеттік карантиндік мекемелер республикалық бюджет қаражаты есебінен қаржыландырылады.".

      Қазақстан Республикасының
      Президенті

     

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады