1-бап. "Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер туралы" 2001 жылғы 12 маусымдағы Қазақстан Республикасының Кодексiне (Салық кодексi) (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2001 ж., N 11-12, 168-құжат; 2002 ж., N 6, 73, 75-құжаттар; N 19-20, 171-құжат; 2003 ж., N 1-2, 6-құжат; N 4, 25-құжат; N 11, 56-құжат) мынадай өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлсiн:
1) қазақша мәтiнi өзгерiссiз қалдырылсын;
2) 10-баптың 1-тармағында:
мынадай мазмұндағы 11-1), 25-1) және 32-1) тармақшалармен толықтырылсын:
"11-1) инжинирингтiк қызметтер көрсету - инженерлiк-консультациялық қызметтер көрсету, зерттеу, жобалау-конструкторлық, есептеу-талдау сипатындағы жұмыстар, жобалардың техникалық-экономикалық негiздемелерiн даярлау, өндiрiстi ұйымдастыру және басқару, өнімдердi сату саласындағы ұсынымдарды әзiрлеу;";
"25-1) қызметкер - жұмыс берушiмен еңбек қатынастарында тұратын және жеке еңбек (ұжымдық) шарты бойынша тiкелей жұмыс атқаратын жеке адам; мемлекеттiк қызметшiлердi қоспағанда, акционерлiк қоғамның директорлар кеңесiнiң мүшесi;";
"32-1) ақпараттарды өңдеу жөнiндегi қызметтер көрсету - ақпараттық массивтердi жинау мен қорытуды, жүйеге келтiрудi жүзеге асыру және осы ақпаратты өңдеу нәтижелерін пайдаланушының иеленуiне беру жөнiндегi қызметтер;";
13) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"13) бағамдық айырма (оң, терiс) - шетелдiк валютамен жасалатын операциялар бойынша туындайтын айырма;";
3) 48-баптың 1-тармағында:
бiрiншi бөлiктегi "Заңды тұлғаның", "заңды тұлғаға" деген сөздер тиiсiнше "Салық төлеушiнiң", "салық төлеушiге" деген сөздермен ауыстырылсын;
екiншi бөлiк мынадай редакцияда жазылсын:
"Мүлiкке иелiктi шектеу туралы шешiм уәкiлеттi мемлекеттiк орган белгiлеген нысан бойынша шығарылады.
Жылжымайтын мүлiкке құқықтардың ауыртпалығын тiркеу Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жүргiзiледi.";
4) 61-баптың 11-тармағы алып тасталсын;
5) 64-баптың 3-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
"3. Алдын ала шешiм қабылдағаны үшiн төлемақы.";
6) 69-баптың 10-тармағының 3) тармақшасындағы "салық есептiлiгi салық органына берiлмеген болып есептеледi." деген сөздер алып тасталып, мынадай мазмұндағы 4) тармақшамен толықтырылсын:
"4) уәкiлеттi мемлекеттiк орган белгiлеген электрондық пiшiмнiң құрылымы бұзылса, салық есептiлiгi салық органына берiлмеген болып есептеледi.";
7) 80-баптың 2-тармағының 17) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"17) оң бағамдық айырма сомасының терiс бағамдық айырма сомасынан асып кетуi;";
8) 82-баптың 1-тармағының 8) тармақшасындағы "негiзгi құралдар" деген сөздер "тiркелген активтер" деген сөздермен ауыстырылсын;
9) 89-баптың 2-тармағындағы "олар шегерiмге жатқызылған салық кезеңiнiң" деген сөздер "олар сақтанушыға қайтарылған (қайтарылуға тиiс) есептi салық кезеңiнiң" деген сөздермен ауыстырылсын, "сақтандырушы" деген сөздер "сақтандыру ұйымы" деген сөздермен ауыстырылсын;
10) 91-баптың 1-тармағының 2) тармақшасындағы "өз акцияларын өткiзу" деген сөздер "эмитенттiң өз акцияларын өткiзуi" деген сөздермен ауыстырылсын;
11) 94-бапта:
1-тармақ мынадай мазмұндағы екiншi бөлiкпен толықтырылсын:
"Сыйақы бойынша шегерiм осы бапта белгiленген шекте жүргiзiледi.";
2-тармақтың 2) тармақшасындағы "жүргiзiледi" деген сөз "айқындалады" деген сөзбен ауыстырылсын;
3-тармақтың бiрiншi бөлiгiндегi "мүлiктi," деген сөз алып тасталсын;
12) 102-бап мынадай редакцияда жазылсын:
"102-бап. Терiс бағамдық айырма сомасының оң бағамдық айырма
сомасынан асып кетуiнен шегерiм
Терiс бағамдық айырманың сомасы оң бағамдық айырманың сомасынан асып кеткен жағдайда асып кету шамасы шегерiмге жатады.";
13) 107-баптың 1-тармағының 9) тармақшасындағы "негiзгi құралдар" деген сөздер "тiркелген активтер" деген сөздермен ауыстырылсын;
14) 120-баптың 2-тармағы "ұйымның" деген сөзден кейiн "депозиттер бойынша" деген сөзбен толықтырылсын;
15) 128-баптың 5-тармағындағы "салық төлеушiнiң тiркелген жерiндегi салық органы куәландырған" деген сөздер алып тасталсын;
16) 131-бапта:
1-тармақтың 6) тармақшасы "резидент-банктерге" деген сөздерден кейiн "және жеке тұлғаларға" деген сөздермен толықтырылсын;
2-тармақ "ұйымдарын" деген сөзден кейiн ", коммерциялық емес ұйымдарды және әлеуметтiк саладағы қызметтi жүзеге асыратын ұйымдарды" деген сөздермен толықтырылсын;
17) 137-баптың 1-тармағы "заңды тұлғаларды" деген сөздерден кейiн "және Қазақстан Республикасындағы төлем көздерiнен тек қана төлем көздерiнде салық салынуға тиiс табыс алатын және қызметiн Қазақстан Республикасындағы тұрақты мекеме арқылы жүзеге асырмайтын резидент еместердi" деген сөздермен толықтырылсын;
18) 138-баптың екiншi бөлiгiнде "тiркелген активтерге инвестицияларды жүзеге асыратын салық төлеушiлердiң" деген сөздер "инвестициялық жобаларды жүзеге асыратын салық төлеушi заңды тұлғалардың" деген сөздермен ауыстырылсын;
19) 139-бапта:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Инвестициялық салық преференциялары (бұдан әрi - преференциялар) инвестициялық жобаларды жүзеге асыратын салық төлеушi заңды тұлғаларға берiледi.";
2-тармақта:
бiрiншi бөлiктiң екiншi абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
"келiсiм-шарт жасалған кезде шаруашылық қызметтi жүзеге асыратын салық төлеушiлер - осы Кодекстiң 107-бабы 1-тармағының 1) - 8) тармақшаларында көрсетiлген, амортизацияға жатпайтын тiркелген активтердi қоспағанда, тiркелген активтер инвестициялық жобалар шеңберiнде iске қосылған жылдан кейiнгi жылдың 1 қаңтарынан бастап;";
екiншi бөлiктегi "iске қосылған" деген сөздер "амортизацияға жатпайтын тiркелген активтердi қоспағанда, iске қосылатын" деген сөздермен ауыстырылсын;
20) мынадай мазмұндағы 5-1-бөлiммен толықтырылсын:
"5-1-бөлiм. Салық төлеушiлердiң жекелеген санаттарына
салық салу ерекшелiктерi
22-1 тарау. Арнайы экономикалық аймақтардың аумақтарында
қызметiн жүзеге асыратын ұйымдарға салық салу
140-1-бап. Жалпы ережелер
1. Бiр мезгiлде мынадай шарттарға сай келетiн:
1) арнайы экономикалық аймақтардың аумақтарындағы салық органдарында тiркеу есебiнде тұратын;
2) арнайы экономикалық аймақтардың аумақтарынан тыс жерлерде құрылымдық бөлiмшелерi жоқ;
3) арнайы экономикалық аймақтардың аумақтарында арнайы экономикалық аймақтарды құру мақсаттарына сәйкес келетiн мынадай қызмет түрлерiн жүзеге асыру:
бағдарламалық қамтамасыз етудi, деректер базасын және аппараттық құралдарды жобалау, әзiрлеу, енгiзу және олардың тәжiрибелiк өндiрiсi мен өндiрiсi;
және (немесе) жасанды иммундық және нейрондық жүйелер негiзiнде жаңа ақпараттық технологияларды жасау;
және (немесе) ақпараттық технологиялар саласында жобаларды жасау және енгiзу бойынша ғылыми-зерттеу және тәжiрибелiк-конструкторлық жұмыстарды жүргiзу нәтижесiнде алуға жататын (алынған) табыстары жылдық жиынтық табысының кемiнде 90 процентiн құрайтын заңды тұлғалар осы Кодекстiң мақсаттары үшiн арнайы экономикалық aймақтардың аумақтарында қызметiн жүзеге асыратын ұйымдар деп танылады.
Осы тармақтың 3) тармақшасында көрсетiлген қызмет түрлерi бойынша жұмыстар мен қызмет көрсетулердiң нақты түрлерiнiң тiзбесiн Қазақстан Республикасының Үкiметi айқындайды.
2. Алынған (алынуға жататын) табыстарды осы баптың 1-тармағының 3) тармақшасында көрсетiлген қызмет түрлерiнен алынған табыстарға жатқызу арнаулы экономикалық аймақтардың аумақтарында құрылған атқарушы органның тиiстi өнеркәсiп саласын басқару мәселелерi жөнiндегi уәкiлеттi орган белгiлеген тәртiппен және нысанда уәкiлеттi мемлекеттiк органмен келiсе отырып берген растауы негiзiнде жүзеге асырылады.
140-2 бап. Салықтарды есептеу, төлеу тәртiбi мен мерзiмдерi
1. Арнайы экономикалық аймақтардың аумақтарында қызметiн жүзеге асыратын ұйымдардың салықтарды есептеуi осы баптың 2 және 4-тармақтарында көзделген ерекшелiктердi ескере отырып, осы Кодексте белгiленген тәртiппен жүргiзiледi.
2. Бюджетке төленуге тиiстi корпорациялық табыс салығының сомасын айқындау кезiнде корпорациялық табыс салығының осы Кодекстiң 125-бабына сәйкес есептелген сомасы 50 процентке азайтылады.
Осы тармақта көзделген салық сомасын кемiту осы Кодекстiң 126-бабына сәйкес айқындалатын корпорациялық табыс салығы бойынша аванстық төлемдер сомаларын есептеу кезiнде де қолданылады.
3. Корпорациялық табыс салығын төлеу және аванстық төлемдердi енгiзу осы Кодекстiң 127-бабында белгiленген тәртiппен және мерзiмдерде жүзеге асырылады.
4. Арнайы экономикалық аймақтардың аумақтарында орналасқан және осы Кодекстiң 140-1-бабы 1-тармағының 3) тармақшасында көрсетiлген қызмет түрлерiн жүзеге асыру кезiнде пайдаланылатын салық салу объектiлерi бойынша:
1) жер салығын есептеу кезiнде тиiстi ставкаларға 0 коэффициентi;
2) мүлiк салығын есептеу кезiнде салық салу объектiлерiнiң жылдық орташа құнына 0 проценттiк ставка қолданылады.
5. Осы Кодекстiң 140-1-бабы 1-тармағының 3) тармақшасында аталған қызмет көрсетулердi iске асыру жөнiндегi айналымдар қосылған құн салығынан босатылады.
140-3-бап. Салық кезеңi және салық есептiлiгi
Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер бойынша салық кезеңi, салық есептiлiгiн беру тәртiбi мен мерзiмдерi осы Кодекске сәйкес айқындалады.";
21) 145-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Осы баптың 1-1, 2 және 3-тармақтарында көрсетiлген табыстарды қоспағанда, салық төлеушiнiң салық жылы iшiндегi салық салынатын табыстарына мынадай ставкалар бойынша салық салынуға тиiс:
___________________________________________________________________
Салық төлеушiнiң салық | Ставкасы
салынатын табысы |
___________________________________________________________________
15 еселенген жылдық есептiк салық салынатын табыс
көрсеткiшке дейiн сомасынан 5 процент
15 еселенгеннен бастап 40 15 еселенген жылдық есептiк
еселенген жылдық есептiк көрсеткiштен салық сомасы +
көрсеткiшке дейiн одан асатын сомадан 8 процент
40 еселенгеннен бастап 200 40 еселенген жылдық есептiк
еселенген жылдық есептiк көрсеткiштен салық сомасы +
көрсеткiшке дейiн одан асатын сомадан 13 процент
200 еселенгеннен бастап 600 200 еселенген жылдық есептiк
еселенген жылдық есептiк көрсеткiштен салық сомасы +
көрсеткiшке дейiн одан асатын сомадан 15 процент
600 еселенген жылдық есептiк 600 еселенген жылдық есептiк
көрсеткiштен бастап және одан көрсеткiштен салық сомасы +
жоғары одан асатын сомадан 20 процент
___________________________________________________________________
22) 171-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
"2. Осы Кодекстiң 144-бабы 1-тармағының 6) тармақшасында көрсетiлген жеке тұлғалар жеке табыс салығы бойынша декларацияны уәкiлеттi мемлекеттiк орган белгiлеген тәртiппен ұсынады.";
23) 178-баптың 2) тармақшасы "(адвокаттық қызмет көрсетулердi қоспағанда)," деген сөздерден кейiн үтiр алып тасталып, "қызмет, бағдарламалық өнiмдердi демеу және қолдау бойынша" деген сөздермен толықтырылсын;
24) 208-баптың 5-тармағының екiншi бөлiгiндегi "салық органы оған қосылған құн салығы бойынша есепке қою туралы куәлiк берген күннен бастап" деген сөздер "өзiне салық төлеушiнiң тiркеу нөмiрi берiлген күннен бастап" деген сөздермен ауыстырылсын;
25) 209-баптың 2-тармағының үшiншi бөлiгiндегi "төлеушi-заңды тұлғаның" деген сөздер "төлеушiнiң" деген сөзбен ауыстырылсын;
26) 211-бапта:
1-тармақтың 4) тармақшасындағы "кепiл ұстаушыға" деген сөздер алып тасталсын;
3-тармақтың 1) тармақшасындағы ", салық жылы iшiнде жалпы сомасы 100 айлық есептiк көрсеткiштен аспайтын" деген сөздер алып тасталсын;
27) 216-бапта:
1-тармақтың бiрiншi бөлiгiндегi "2-тармағында" деген сөздер "2 және 2-1-тармақтарында" деген сөздермен ауыстырылсын;
2-тармақтың бiрiншi бөлiгi мынадай редакцияда жазылсын:
"2. Кепiл берушi кепiлге салынған мүлiктi (тауарды) берген кезде кепiл ұстаушы үшiн мына күндердiң бiрi:
1) кепiл затына меншiк құқығы кепiл берушiден кепiлге салынған мүлiктi өндiрiп алу процесiнде жүргiзiлген сауда-саттықтың жеңiмпазына ауысқан күн;
2) егер сауда-саттық өтпедi деп жарияланса, кепiл затына меншiк құқығы кепiл игерушiден кепiл ұстаушыға ауысқан күн сату бойынша айналым жасау күнi болып табылады.";
мынадай мазмұндағы 2-2 тармақпен толықтырылсын:
"2-2. Құрылыс, құрылыс-монтаж, жөндеу жұмыстарын орындау кезiнде:
1) тапсырыс берушi орындалған жұмыстарды ақысын төлеуге қабылдаған күннiң;
2) мемлекеттiк қабылдау комиссиясы салынып бiткен объектiнi пайдалануға қабылдау туралы актiге (ал мемлекеттiк нормативтерде белгiленген жағдайларда қабылдау комиссиясының aктici) қол қойған күннiң қайсысы алғаш орын алатын болса, сол күн өткiзу бойынша айналым жасау күнi болып табылады.";
4-тармақ мынадай мазмұндағы екiншi бөлiкпен толықтырылсын:
"Жұмысты (көрсетiлетiн қызметтi) алушы олардың нәтижелерiн өзiнiң өндiрiстiк қызметiне жұмыс орындалған, қызмет көрсетiлген күні пайдалана алатын жағдайда ұзақ мерзiмдi шарт негiзiнде жұмыстар орындау, қызметтер көрсету оларды тұрақты (үздiксiз) негiзде iске асыруды бiлдiретiн болады.";
28) 217-баптың 3-тармағында "оған қосылған құн салығын енгiзбей, осы мүлiктi (тауарды) кепiлге беруден алынған заем қаражатының сомасы негiзге алына отырып анықталады." деген сөздер "сатылатын кепiлдiктегi мүлiк (тауар) құны негiзге алынып, бiрақ қосылған құн салығы енгiзiлмей, осы мүлiктi (тауарды) кепiлге салудан алынған заем қаражаты сомасынан төмен емес мөлшерде айқындалады." деген сөздермен ауыстырылсын;
29) 227-баптың 2-тармағы мынадай мазмұндағы 8) тармақшамен толықтырылсын:
"8) микрокредиттер беру жөнiндегi операциялар.";
30) 234-баптың 1-тармағының 4) тармақшасындағы "қайырымдылық мақсатында" деген сөздер "қайырымдылық көмек мақсатында" деген сөздермен ауыстырылсын;
31) 239-баптың 2-тармағының екiншi бөлiгiндегi "салық жылы" деген сөздер "күнтiзбелiк жыл" деген сөздермен ауыстырылсын;
32) 241-баптың 2-тармағы "ұйымдардың" деген сөзден кейiн "және микрокредиттiк ұйымдардың" деген сөздермен толықтырылсын;
33) 245-бапта:
1-тармақтағы "16" деген цифр "15" деген цифрмен ауыстырылсын;
3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"3. Егер осы бапта өзгеше белгiленбесе, салық салынатын импорт бойынша қосылған құн салығының ставкасы осы Кодекстiң 220-бабында белгiленген салық салынатын импорт мөлшерiнiң 15 процентiне тең болады.
Жеке тұлғалар оңайлатылған тәртiппен өткiзетiн тауарлар импорты кезiнде қосылған құн салығын осы Кодекстiң 516-бабының 2-тармағына сәйкес жиынтық кедендiк төлем құрамында төлей алады, оның мөлшерi Қазақстан Республикасының кеден заңдарына сәйкес айқындалады.";
34) 249-баптың 5-1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
"5-1. Салық органдары осы баптың 1-тармағында көрсетiлген импортталатын тауарларға қосылған құн салығын төлеу мерзiмiн өзгерту туралы шешiмдi қосылған құн салығын төлеушiден өтiнiш пен осы бапта белгiленген растау құжаттарын алған күннен бастап бес жұмыс күнi iшiнде қабылдайды.";
35) 250-баптың 1 -тармағының бiрiншi бөлiгi мынадай мазмұндағы 3-1) және 3-2) тармақшалармен толықтырылсын:
"3-1) тiкұшақтар мен ұшақтардың;
3-2) темiр жол локомотивтерi мен вагондардың;";
36) 254-баптың 3-тармағының екiншi бөлiгi "теңестiрiлген өкiлдiктерге" деген сөздерден кейiн "және (немесе) осы өкiлдiктердiң дипломатиялық, әкiмшiлiк-техникалық қызметшiлерiнiң" деген сөздермен толықтырылсын;
37) 256-баптың 1-тармағының 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"3) Қазақстан Республикасының аумағында бензиндi (авиациялық бензиндi қоспағанда) және дизель отынын көтерме, бөлшек саудада өткiзудi жүзеге асыратын;";
38) 258-бап мынадай мазмұндағы 5-тармақпен толықтырылсын:
"5. Қазақстан Республикасының кеден заңдарына сәйкес жеке тұлғалар оңайлатылған тәртiппен өткiзетiн акцизделетiн тауарларға акциз ставкалары осы баптың 1-тармағына сәйкес белгiленедi және осы Кодекстiң 516-бабының 2-тармағына сәйкес жиынтық кедендiк төлем құрамына қосылуы мүмкiн, оның мөлшерi Қазақстан Республикасының кеден заңдарына сәйкес айқындалады.";
39) 260-баптың 1-тармағындағы "сатып алушыға" деген сөздер "алушыға" деген сөзбен ауыстырылсын;
40) 265-баптың 1-тармағының бiрiншi бөлiгi "сатып алу-сату" деген сөздерден кейiн "(айырбастау)" деген сөзбен толықтырылсын;
41) 268-баптың 1-тармағының 2) және 3) тармақшаларының екiншi абзацындағы "немесе электр берiлiсi желiлерiмен" деген сөздер алып тасталсын;
42) 316-бапта:
1-тармақтың бiрiншi абзацы "кiрiстер" деген сөзден кейiн ", сондай-ақ өтемдi қызметтер көpceту шарттары бойынша жеке тұлғаларға төлемдер (жеке кәсiпкерлерге төлемдердi қоспағанда)" деген сөздермен толықтырылсын;
мынадай мазмұндағы 3-тармақпен толықтырылсын:
"3. Егер төлемдер грант алушымен не грант мақсаттарын (мiндеттерiн) жүзеге асыру үшiн грант алушы тағайындаған орындаушымен жасалған шартқа (келiсiм-шартқа) сәйкес жүргiзiлсе, осы баптың 1-тармағының 1) тармақшасының ережелерi қолданылады.";
43) 317-баптың 1 және 2-тармақтары мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Егер осы бапта өзгеше белгiленбесе, Қазақстан Республикасының резидент заңды тұлғалары, сондай-ақ қызметiн Қазақстан Республикасында тұрақты мекеме арқылы жүзеге асыратын резидент еместер, шетелдiк заңды тұлғалардың филиалдары мен өкiлдiктерi мынадай cтaвкa бойынша әлеуметтiк салық төлейдi:
___________________________________________________________________
Қызметкердiң салық салынатын | Ставкасы
табысы |
___________________________________________________________________
15 еселенген жылдық есептiк салық салынатын табыс
көрсеткiшке дейiн сомасынан 20 процент
15-тен 40 еселенген жылдық 15 еселенген жылдық есептiк
есептiк көрсеткiшке дейiн көрсеткiштен салық сомасы +
одан асатын сомадан 15 процент
40-тан 200 еселенген жылдық 40 еселенген жылдық есептiк
есептiк көрсеткiшке дейiн көрсеткiштен салық сомасы +
одан асатын сомадан 12 процент
200-ден 600 еселенген жылдық 200 еселенген жылдық есептiк
есептiк көрсеткiшке дейiн көрсеткiштен салық сомасы +
одан асатын сомадан 9 процент
600 еселенген жылдық есептiк 600 еселенген жылдық есептiк
көрсеткiштен бастап және одан көрсеткiштен салық сомасы +
жоғары одан асатын сомадан 7 процент
___________________________________________________________________
2. Қазақстан Республикасының резидент заңды тұлғалары, сондай-ақ қызметiн Қазақстан Республикасында тұрақты мекеме арқылы жүзеге асыратын резидент еместер әкiмшiлiк-басқарушы, инженер-техник қызметкерлердiң шетелдiк мамандары үшiн мынадай cтaвкa бойынша әлеуметтiк салық төлейдi:
___________________________________________________________________
Қызметкердiң салық салынатын | Ставкасы
табысы |
___________________________________________________________________
40 еселенген жылдық есептiк салық салынатын табыс
көрсеткiшке дейiн сомасынан 11 процент
40-тан 200 еселенген жылдық 40 еселенген жылдық есептiк
есептiк көрсеткiшке дейiн көрсеткiштен салық сомасы +
одан асатын сомадан 9 процент
200-ден 600 еселенген жылдық 200 еселенген жылдық есептiк
есептiк көрсеткiшке дейiн көрсеткiштен салық сомасы +
одан асатын сомадан 7 процент
600 еселенген жылдық есептiк 600 еселенген жылдық есептiк
көрсеткiштен бастап және одан көрсеткiштен салық сомасы +
жоғары одан асатын сомадан 5 процент
___________________________________________________________________
44) 318-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Егер осы бапта өзгеше көзделмесе, әлеуметтiк салықты есептеу осы Кодекстiң 316-бабына сәйкес белгiленген әлеуметтiк салық салу объектiсiне осы Кодекстiң 317-бабында белгiленген ставкаларды қолдану арқылы уәкiлеттi мемлекеттiк орган белгiлеген тәртiппен ай сайын жүргiзiлiп отырады.";
45) 322-баптың 3-тармағының екiншi сөйлемiндегi "Төлеушiнiң тiркелген жерiндегi салық органы растаған" деген сөздер алып тасталып, "құрылымдық" деген сөз бас әрiппен жазылсын;
46) 338-бап мынадай мазмұндағы 4-тармақпен толықтырылсын:
"4. Арнайы экономикалық аймақтардың аумақтарында қызметiн жүзеге асыратын ұйымдар жер салығын осы Кодекстiң 140-2-бабының 4-тармағында белгiленген ережелердi ескере отырып есептейдi.";
47) 340-баптың 9-тармағындағы "он күн мерзiмнен" деген сөздер "он жұмыс күнi мерзiмiнен" деген сөздермен ауыстырылсын;
48) 346-баптың 1-тармағындағы "Уәкiлеттi органда" деген сөздер "Қазақстан Республикасында" деген сөздермен ауыстырылсын;
49) 347-баптың 2-тармағындағы "он айлық" деген сөз "он екi айлық" деген сөзбен ауыстырылсын;
50) 348-бап мынадай редакцияда жазылсын:
"348-бап. Салықты есептеу тәртiбi
1. Салық төлеушiлер салық салу объектiлерiн, әрбiр көлiк құралы бойынша салық ставкасын және түзету коэффициенттерiн негiзге ала отырып, салық кезеңi үшiн салық сомасын дербес есептейдi.
Көлiк құралы меншiк құқығында, шаруашылық жүргiзу құқығында немесе оралымды басқару құқығында салық кезеңiнен аз уақыт болған жағдайда салық сомасы көлiк құралы меншiк құқығында, шаруашылық жүргiзу құқығында немесе оралымды басқару құқығында болған кезең үшiн салықтың жылдық сомасын 12-гe бөлiп, оны көлiк құралы меншiк құқығында, шаруашылық жүргiзу құқығында немесе оралымды басқару құқығында iс жүзiнде болған айлардың санына көбейту арқылы есептеледi.
2. Салық кезеңi iшiнде жеке кәсiпкерлер, жеке нотариустар, адвокаттар өз қызметiнде пайдаланатын салық салу объектiлерiне меншiк құқығын, сондай-ақ заңды тұлғалар салық салу объектiлерiне меншiк құқығын, шаруашылық жүргiзу немесе оралымды басқару құқығын берген кезде салық сомасы мынадай тәртiппен есептеледi:
1) беретiн тарап үшiн:
салық кезеңiнiң басында қолда бар көлiк құралдары бойынша салық сомасы салық кезеңiнiң басынан бастап көлiк құралына меншiк құқығын, шаруашылық жүргiзу құқығын немесе оралымды басқару құқығын берген айдың бiрiншi күнiне дейiнгi кезең үшiн есептеледi;
салық кезеңiнiң iшiнде сатып алынған көлiк құралдары бойынша салық сомасы көлiк құралына меншiк құқығын, шаруашылық жүргiзу құқығын немесе оралымды басқару құқығын алған айдың бiрiншi күнiнен бастап көлiк құралына меншiк құқығын, шаруашылық жүргiзу құқығын немесе оралымды басқару құқығын берген айдың бiрiншi күнiне дейiнгi кезең үшiн есептеледi;
2) алушы тарап үшiн - салық сомасы көлiк құралына меншiк құқығын, шаруашылық жүргiзу құқығын немесе оралымды басқару құқығын алған айдың бiрiншi күнiнен бастап, салық кезеңiнiң соңына дейiн немесе алушы тарап одан кейiн аталған көлiк құралына меншiк құқығын, шаруашылық жүргiзу құқығын немесе оралымды басқару құқығын берген айдың бiрiншi күнiне дейiнгi кезеңге есептеледi.
3. Салық кезеңi iшiнде жеке кәсiпкерлер, жеке нотариустар, адвокаттар болып табылмайтын жеке тұлғалар салық салу объектiлерiне меншiк құқығын берген кезде салық сомасы мынадай тәртiппен есептеледi:
1) көлiк құралына меншiк құқығын жеке кәсiпкерлер, жеке нотариустар, адвокаттар болып табылмайтын жеке тұлғаларға берген кезде жылдық салық сомасын тараптардың бipeуi (келiсiм бойынша) есептеп, бюджетке енгiзедi;
2) көлiк құралына меншiк құқығын жеке кәсiпкерлерге, жеке нотариустарға, адвокаттарға, заңды тұлғаларға берген кезде бюджетке төленуге тиiстi салық сомасын есептеу осы баптың 2-тармағында белгiленген тәртiппен жүргiзiледi.
4. Алу кезiнде Қазақстан Республикасында есепте тұрмаған көлiк құралын сатып алған кезде салық сомасы көлiк құралына меншiк құқығы, шаруашылық жүргізу құқығы немесе оралымды басқару құқығы туындаған айдың 1 күнiнен бастап салық кезеңiнiң соңына дейiнгi кезең үшiн есептеледi.";
51) мынадай мазмұндағы 348-1-баппен толықтырылсын:
"348-1-бап. Салық төлеу мерзiмдерi
1. Егер меншiк құқығында, шаруашылық жүргiзу құқығында немесе оралымды басқару құқығында 1 шiлдеге дейiн болған көлiк құралдары бойынша осы бапта өзгеше белгiленбесе, бюджетке салық төлеу салық салу объектiлерiнiң тiркелген жерi бойынша, салық кезеңiнiң 5 шiлдесiнен кешiктiрiлмей жүргiзiледi.
2. Осы Кодекстiң 348-бабының 4-тармағында көрсетiлген көлiк құралына меншiк құқығын, шаруашылық жүргiзу құқығын немесе оралымды басқару құқығын салық кезеңiнiң 1 шiлдесiнен кейiн алған жағдайда, бюджетке салық төлеу көлiк құралын мемлекеттiк тiркеуге дейiн немесе тiркеу кезiнде жүргiзiледi.
3. Алу кезiнде Қазақстан Республикасында есепте тұрған көлiк құралына меншiк құқығын, шаруашылық жүргiзу құқығын немесе оралымды басқару құқығын 1 шiлдеден кейiн алған жағдайда жеке кәсiпкерлер, жеке нотариустар, адвокаттар, заңды тұлғалар салық кезеңi үшiн көлiк құралдарына салық бойынша декларацияны табыс ету мерзiмi басталғаннан кейiнгi он жұмыс күнiнен кешiктiрiлмейтiн мерзiмде көрсетiлген көлiк құралдары бойынша салық төлеудi жүргiзедi.
4. Бюджетпен есеп айырысуды ауыл шаруашылығы өнiмдерiн өндiрушiлерге арналған арнаулы салық режимiнде жүргiзетiн заңды тұлғалардың көлiк құралдарына салық төлеуi осы Кодекстiң 389-бабында белгiленген мерзiмдерде жүзеге асырылады.
5. Көлiк құралының меншiк иесi атынан меншiктi сенiмгерлiк басқару құқығымен көлiк құралын иеленушi тұлғаның көлiк құралдарына салық төлеуi көлiк құралы меншiк иесiнiң осы салық кезеңi үшiн салық мiндеттемесiн орындауы болып табылады.";
52) 350-бап мынадай редакцияда жазылсын:
"350-бап. Салық есептiлiгi
Салық төлеушiлер (жеке кәсiпкерлер, жеке нотариустар, адвокаттар болып табылмайтын жеке тұлғаларды және бюджетпен есеп айырысуды ауыл шаруашылығы өнiмдерiн өндiрушiлерге арналған арнаулы салық режимiнде жүзеге асыратын заңды тұлғаларды қоспағанда) көлiк құралдары салығы бойынша ағымдағы төлемдер есебiн ағымдағы салық кезеңiнiң 5 шiлдесiнен кешiктiрiлмейтiн мерзiмде, сондай-ақ көлiк құралдары салығы бойынша декларацияны есептi жылдан кейiнгi жылдың 31 наурызынан кешiктiрiлмейтiн мерзiмде салық салу объектiлерiнiң тiркелген жерi бойынша салық органдарына табыс етедi.";
53) 355-бап мынадай мазмұндағы 4-тармақпен толықтырылсын:
"4. Арнайы экономикалық аймақтардың аумақтарында қызметiн жүзеге асыратын ұйымдар мүлiк салығын осы Кодекстiң 140-2-бабының 4-тармағында белгiленген ережелердi ескере отырып есептейдi.";
54) 356-баптың 8-тармағындағы "он күннен" деген сөздер "он жұмыс күнiнен" деген сөздермен ауыстырылсын;
55) 374-баптың 1-тармағының 3) тармақшасындағы "1,5" деген цифр "2,0" деген цифрмен ауыстырылсын;
56) 377-баптың 2 және 3-тармақтары мынадай редакцияда жазылсын:
"2. Жеке кәсiпкердiң табысына мынадай ставкалар бойынша салық салынуға тиiс:
___________________________________________________________________
Тоқсандық табысы | Ставкасы
___________________________________________________________________
қоса алғанда 2000,0 мың табыс сомасының 3 процентi
теңгеге дейiн
2000,0 мың теңгеден жоғары - 60,0 мың теңге + 2000,0 мың
3000,0 мың теңгенi қоса алғанда теңгеден асатын табыс
сомасынан 5 процент
3000,0 мың теңгеден жоғары 110,0 мың теңге + 3000,0 мың
теңгеден асатын табыс
сомасынан 7 процент
___________________________________________________________________
3. Заңды тұлғаның табысына мынадай ставкалар бойынша салық салынуға тиiс:
___________________________________________________________________
Тоқсандық табысы | Ставкасы
___________________________________________________________________
қоса алғанда 2000,0 мың табыс сомасының 4 процентi
теңгеге дейiн
2000,0 мың теңгеден жоғары - 80,0 мың теңге + 2000,0 мың
4500,0 мың теңгенi қоса теңгеден асатын табыс сомасынан
алғанда 5 процент
4500,0 мың теңгеден жоғары - 205,0 мың теңге + 4500,0 мың
6500,0 мың теңгенi қоса теңгеден асатын табыс сомасынан
алғанда 7 процент
6500,0 мың теңгеден жоғары 345,0 мың теңге + 6500,0 мың
теңгеден асатын табыс сомасынан
9 процент
___________________________________________________________________
57) 385-баптың 5-тармағы "белгiленген тәртiппен" деген сөздерден кейiн "және (немесе) шағын бизнес субъектiлерi үшiн арнаулы салық режимiнде" деген сөздермен толықтырылсын;
58) 386-бап "салықты" деген сөзден кейiн "және жер учаскелерiн пайдаланғаны үшiн төлемақыны " деген сөздермен толықтырылсын;
59) 387-бапта:
1-тармақтың екiншi бөлiгi "салықты" деген сөзден кейiн "және жер учаскелерiн пайдаланғаны үшiн төлемақыны" деген сөздермен толықтырылсын;
2-тармақта:
2) тармақшадағы "уәкiлеттi органдар берген," деген сөздер алып тасталсын;
6) тармақшадағы "үш-бес" деген сөздер "бес" деген сөзбен ауыстырылсын;
60) 388-баптың тақырыбы "салықты" деген сөзден кейiн "және жер учаскелерiн пайдаланғаны үшiн төлем ақыны" деген сөздермен толықтырылсын;
61) 425-баптың 2-тармағының екiншi бөлiгiндегi "уәкiлеттi мемлекеттiк органның келiсiмi бойынша" деген сөздер алып тасталсын;
62) 455-баптың 3-тармағы алып тасталсын;
63) 463-баптың 5-тармағы алып тасталсын;
64) 515-баптың 2-тармағындағы "қайтарып берудiң" деген сөздерден кейiн "және кеден төлемдерiн өндiрiп алудың" деген сөздермен толықтырылсын;
65) 516-бап мынадай редакцияда жазылсын:
"516-бап. Кедендiк төлемдердiң түрлерi
1. Қазақстан Республикасының кеден шекарасы арқылы тауарлар алып өткен кезде және Қазақстан Республикасының кеден заңдарында белгiленген басқа да жағдайларда кедендiк төлемдердiң мынадай түрлерi төленедi:
1) кедендiк баж;
2) кедендiк ресiмдеу үшiн кедендiк алым;
3) тауарларды сақтау үшiн кедендiк алым;
4) кедендiк iлесiп алып жүру үшiн кедендiк алым;
5) Қазақстан Республикасы кеден органдарының лицензия бергенi үшiн алым;
6) кедендiк ресiмдеу жөнiндегi маманның бiлiктiлiк аттестатын бергенi үшiн алым;
7) алдын ала шешiм үшiн төлемақы.
2. Жеке тұлғалар Қазақстан Республикасының кеден заңдарында белгiленген оңайлатылған тәртiппен тауарлар алып өткен кезде, осы баптың 1-тармағында көрсетiлген кедендiк төлемдер және салықтар жиынтық кедендік төлем түрінде төленуі мүмкін.";
66) 524-баптың 11-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
"11. Жеке кәсiпкер немесе заңды тұлға орналасқан жерiн, қызметiн жүзеге асыратын орнын, тұрғылықты жерiн, келген жерiн немесе салық салу объектiлерiнiң орналасқан және (немесе) тiркеу орнын өзгерткен жағдайда, салық төлеушi өзi тiркеу есебiнде тұрған салық органына он жұмыс күнi iшiнде есептен шығару туралы өтiнiш беруге және салық төлеушiнiң бұрын берiлген тiркеу нөмiрiн көрсете отырып, жаңадан орналасқан жерi, қызметiн жүзеге асыратын орны, тұрғылықты жерi, келген жерi немесе салық салу объектiлерiнiң орналасқан жерi және (немесе) тiркеу орны бойынша тiркеу есебiне тұруға мiндеттi.";
67) 525-бапта:
1-тармақ "тоқтатылуына байланысты" деген сөздерден кейiн "уәкiлеттi органдар беретiн мәлiметтер бойынша және (немесе) салық төлеушiнiң немесе оның өкiлiнiң есептен шығару туралы өтiнiшiмен" деген сөздермен толықтырылсын;
1-1-тармақта:
1) тармақшадағы "4)" цифры "6)" цифрымен ауыстырылсын;
2) тармақшадағы "5)" цифры "7)" цифрымен ауыстырылсын;
68) 527-баптың 4-тармағында "резидент емес заңды тұлғаны есепке қою" деген сөздер "тiркеу" деген сөзбен ауыстырылсын; "оған салық төлеушiнiң тiркеу нөмiрiн беру туралы" деген сөздер "салық төлеушi ретiнде мемлекеттiк тiркеуден өту мақсатында" деген сөздермен ауыстырылсын;
69) 532-баптың 2-тармағы "есепке қою" деген сөздерден кейiн "және оларды есептен шығару" деген сөздермен толықтырылсын;
70) 546-бапта:
1-тармақта:
бiрiншi бөлiктегi "тұтынушылармен" және "тұтынушының қолына" деген сөздер алып тасталсын;
екiншi бөлiктiң 2) тармақшасының үшiншi абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
"квитанцияларды, билеттердi, талондарды, почта төлемi белгiлерiн немесе құзыреттi мемлекеттiк орган енгiзген қорытынды негiзiнде уәкiлеттi мемлекеттiк орган бекiткен нысандар бойынша чектерге теңестiрiлген басқа да қатаң есептiлiк құжаттарын бере отырып, халыққа қызмет көрсетуiне қатысты ақшалай есеп айырысуларына қолданылмайды. Құзыреттi мемлекеттiк орган қорытындысының нысаны мен оған қойылатын талаптарды уәкiлеттi мемлекеттiк орган белгiлейдi;";
3-тармақта:
бiрiншi бөлiктегi "тұтынушылармен" деген сөз алып тасталсын;
үшiншi бөлiк "берудiң тәртiбiн" деген сөздерден кейiн "уәкiлеттi мемлекеттiк органмен келiсiм бойынша" деген сөздермен толықтырылсын;
4-тармақта "сатып алушыларға" деген сөздер алып тасталсын;
71) 547-баптың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"1) фискальдық жады бар бақылау-касса машиналарының тiркеу карточкасын бере отырып, фискальдық жады бар бақылау-касса машиналарын тiркеу (есепке қою, тiркеу деректерiн өзгерту), сондай-ақ есептен шығару қызметiн жүзеге асыру орны бойынша салық органдарында жүргiзiледi. Фискальдық жады бар бақылау-касса машиналарын салық органында тiркеу қызмет басталғанға дейiн жүргiзiледi;";
72) 553-баптың 1-тармағындағы "он" деген сөз "он бec" деген сөзбен ауыстырылсын;
73) 557-баптың 2-тармағындағы "559" цифры "557-2" цифрымен ауыстырылсын;
74) 557-2-баптың 1-тармағындағы "бec" деген сөз "он" деген сөзбен ауыстырылсын.
2-бап. Осы Заң 2004 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiледi.
Қазақстан Республикасының
Президентi