Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Бельгия Корольдігі Үкіметінің арасындағы Әуе қатынасы туралы келісімді бекіту туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 1 сәуірдегі N 540 Заңы

      Брюссельде 2000 жылғы 27 маусымда жасалған Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Бельгия Корольдiгi Үкiметiнiң арасындағы Әуе қатынасы туралы келісiм бекiтiлсiн.

      Қазақстан Республикасының
      Президентi

  Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Бельгия Корольдiгi
Yкiметiнiң арасындағы Әуе қатынасы туралы келiсiм

      Бұдан әрi "Тараптар" деп аталатын Қазақстан Республикасының Yкiметi мен Бельгия Корольдiгiнiң Үкiметi,
      Чикагода 1944 жылғы 7 желтоқсанда қол қою үшiн ашылған Халықаралық азаматтық авиация туралы конвенцияның қатысушылары бола отырып,
      олардың тиiстi аумақтары арасында және олардан тысқары жерлерде әуе қатынасын орнату мақсатында аталған Конвенцияға қосымша келiсiм жасауға тiлек бiлдiре отырып,
      халықаралық әуе тасымалдары кезiнде ұшу қауiпсiздiгi мен авиация қауiпсiздiгiнiң жоғары деңгейiн қамтамасыз етуге тiлек бiлдiре отырып,
      төмендегiлер туралы келiстi:

  1-бап
Анықтамалар

      Осы Келiсiмнiң мақсаттары үшiн, егер түп мәтiннен өзгеше туындамаса:
      а) "Конвенция" терминi Чикагода 1944 жылғы 7 желтоқсанда қол қою үшiн ашылған Халықаралық азаматтық авиация туралы конвенцияны бiлдiредi және оған осы Конвенцияның 90-бабына сәйкес кез келген Қосымша және Конвенцияның 90 және 94-баптарына сәйкес Қосымшаға немесе Конвенцияға кез келген түзету, осы Қосымшалар мен түзетулер екi Тараппен де қабылданған және бекiтiлген дәрежеде кiредi;
      b) "Келiсiм" терминi осы Келiсiмдi, оның Қосымшасын және Келiсiмнiң немесе Қосымшаның кез келген өзгерiстерiн бiлдiредi;
      с) "авиациялық билiк орындары" терминi Қазақстан тарабынан - Қазақстан Республикасының Көлiк және коммуникациялар министрлiгiн, Бельгия тарабынан - Бельгия Корольдiгiнiң Коммуникациялар және инфрақұрылым министрлiгiн, немесе, екi жағдайда да, осы кезде айтылған органдары жүзеге асыратын функцияларды орындауға уәкiлеттi кез келген басқа органды немесе тұлғаны бiлдiредi;
      d) "аумақ", "әуе қатынасы", "халықаралық әуе қатынасы", "авиакәсiпорын" және "коммерциялық емес мақсаттармен аялдау" терминдерi тиiсiнше Конвенцияның 2 және 96-баптарында көрсетiлген мағынаны бiлдiредi;
      e) "тағайындалған авиакәсiпорын" терминi осы Келiсiмнiң 3 және 4-баптарына сәйкес тағайындалған және ұшуды орындауға рұқсат алған авиакәсiпорынды бiлдiредi;
      f) "уағдаластық желiлерi" терминi жолаушыларды, жүктi және почтаны бөлек және аралас тасымалдау үшiн осы Келiсiмнiң Қосымшасында белгiленген бағыттар бойынша тұрақты әуе қатынасын бiлдiредi;
      g) "тарифтер" терминi - агенттiк немесе басқа қосымша қызмет көрсетулерге бағаны және шарттарды қоса алғанда, бiрақ почтаны тасымалдау үшiн төлемдер мен шарттарды алып тастағанда, жолаушыларды, багажды және жүктi тасымалдау үшiн төленетiн бағаларды және осы бағалар қолданылатын шарттарды бiлдiредi;
      h) "әуе кемесiн ауыстыру" терминi тағайындалған авиакәсiпорынның уағдаластық желiлерiнiң бiрiн бағыттың басқа учаскесiне қызмет көрсететiн әуе кемесiнен сыйымдылығы бойынша өзгеше әуе кемесi қызмет көрсететiн бiр учаскенi пайдалануын бiлдiредi;
      i) "әуе кемесiнiң жабдығы", "жер бетiндегi жабдық", "борттық қорлар", "қосалқы бөлшектер" терминдерi тиiсiнше Конвенцияның 9-қосымшасында көрсетiлген мағынаны бiлдiредi;
      j) "алымдар" терминi авиакәсiпорыннан әуежайды, аэронавигация және авиациялық қауiпсiздiк құралдарын ұсыну үшiн, сондай-ақ басқа қызметтердi көрсету үшiн алынатын алымдарды бiлдiредi.

  2-бап
Құқықтар беру

      1. Әрбiр Тарап екiншi Тарапқа тиiстi тағайындалған авиакәсiпорындар халықаралық әуе қатынасын орындау үшiн мынадай құқықтарды бередi:
      а) басқа Тарап мемлекетiнiң аумағы арқылы қонбастан ұшып өту;
      в) көрсетiлген аумақта коммерциялық емес мақсаттармен қону;
      с) оның аумағында екiншi Тарап мемлекетiнiң аумағынан немесе аумағына Қосымшада белгiленген бағыттарды пайдаланған кезде жолаушыларды, жүктi және почтаны халықаралық тасымалдағанда бортқа тиеу және түсiру мақсатында қону.
      2. Осы баптың 1-тармағында ешнәрсе де бiр Тараптың тағайындалған авиакәсiпорнына екiншi Тарап мемлекетiнiң аумағында сыйақы немесе жалдау үшiн және осы екiншi Тарап аумағында басқа пункт үшiн тағайындалған тасымалданатын жолаушыларды, жүк пен почтаны бортқа алуына артықшылық бередi деп қаралмайтын болады.

  3-бап
Ұшуды орындауға тағайындау

      1. Әрбiр Тарап екiншi Тарапқа дипломатиялық арналар бойынша хабарлап, осындай Тарап үшiн Қосымшада белгіленген бағыттар бойынша халықаралық қатынастарды орындау үшiн бiр немесе бiрнеше авиакәсiпорындарды тағайындауға құқылы.
      2. Әрбiр Тарап екiншi Тарапты дипломатиялық арналар бойынша хабарлап, кез келген авиакәсiпорынды тағайындаудан бас тарту және басқасын тағайындау құқығы болады.

  4-бап
Ұшуды орындауға арналған рұқсат

      1. Осы Келiсiмнiң 3-бабына сәйкес, бiр Тараптан авиакәсiпорындарын тағайындау туралы хабар алғаннан кейiн екiншi Тарап мемлекетiнiң авиациялық билiк орындары өз заңдары мен ережелерiне сәйкес осылайша тағайындалған авиакәсiпорындарға кешiктiрмей, қызмет көрсету тiптi болмағанда Конвенцияның 16-қосымшасы (үшiншi басылым - 1993) бiрiншi томының екiншi бөлiмi IІІ-тарауының талаптарына жауап беретiн әуе кемесiмен жүргiзiлген жағдайда, олар тағайындаған уағдаластық желiлерiн пайдалануға тиiстi рұқсаттар бередi.
      2. Осындай рұқсаттарды алғаннан кейiн авиакәсiпорындар осы Келiсiмнiң ережелерiне сәйкес әрекет еткен және де тарифтер осы Келiсiмнiң 13-бабының ережелерiне сәйкес белгiленген жағдайда авиакәсiпорындар кез келген уақытта уағдаластық желiлерiн толық немесе iшiнара пайдалануды бастай алады.

  5-бап
Ұшуды орындауға арналған рұқсаттың күшiн
жою немесе тоқтату

      1. Әрбiр Тараптың авиациялық билiк орындары осы Келiсiмнiң 4-бабында аталған рұқсаттың күшiн тоқтатуға құқылы, екiншi Тарап тағайындаған авиакәсiпорындарға қатысты осындай рұқсатты жоюға немесе тоқтатуға, немесе уақытша немесе тұрақты негiзде қажеттi деп санайтын шарттарды орындауды талап етуге:
      а) егер, осы авиакәсiпорындар Конвенцияға сәйкес халықаралық әуе қатынасын пайдаланған кезде осы билiк орындары әдеттегiдей және орынды қолданатын заңдар және ережелермен ұйғарылған шарттарды орындай алмайтын жағдайда;
      b) егер авиакәсiпорындар осы Келiсiмде ұйғарылған шарттарға сәйкес ұшуды орындай алмайтын жағдайда;
      c) егер осы авиакәсiпорындар осы Тараптың заңдары мен ережелерiн сақтай алмайтын жағдайда;
      d) егер авиакәсiпорындар екiншi Тараптың аумағында тiркелген немесе олардың негiзгi қызмет орны орналасқандығына олардың дәлелдерi болмаса және бұдан басқа, екiншi Тарап мемлекетiнiң авиациялық билiк орындары берген күшi бар Пайдаланушы куәлiгi (AOC) болған жағдайда.
      2. Егер жоғарыда аталған тек шапшаң әрекеттер заңдар мен ережелердiң бұдан әрi де бұзылуын болдырмау үшiн қажеттi болып табылмаса, осы Баптың 1-тармағында көрсетiлген құқықтар осы Келiсiмнiң 17-бабына сәйкес екiншi Тараптың авиациялық билiк органдарымен консультациялардан кейiн ғана пайдаланылатын болады.

  6-бап
Заңдар мен ережелердiң қолданылуы

      1. Бiр Тарап мемлекетiнiң халықаралық әуе навигацияда қызмет ететiн әуе кемесiнiң оның аумағына жiберiлуiне, болуы мен жөнелтілуiне немесе осындай әуе кемесiнiң пайдаланылуы мен навигациясына қатысты заңдары мен ережелерiн екiншi Тарап мемлекеттерiнiң тағайындалған авиакәсiпорындары аталған аумақ шегiнде келу, кету және болу кезiнде сақтайтын болады.
      2. Бiр Тарап мемлекетiнiң кіруге, тазартуға, транзитпен өтуге, иммиграцияға, паспорттық бақылауға, кедендiк бақылауға, валюталық реттеуге, санитарлық бақылау мен карантинге қатысты заңдары мен ережелерiн екiншi Тарап мемлекетiнiң тағайындалған авиакәсiпорындары және олардың экипаждары, жолаушылары, жүгi мен почтасы немесе олардың атынан осындай Уағдаласушы Тарап мемлекетiнiң аумағына транзитпен өту, жiберу, келу кезiнде және болу кезеңiнде сақтайтын болады.
      Кез келген Тарап мемлекетiнiң аумағы арқылы транзитпен өтетiн жолаушылар оңайлатылған бақылаудан өтедi.
      Осы ереже 1985 жылғы 14 маусымдағы Шенген Келiсiмiне сәйкес Конвенцияның қатысушысы болып табылатын мемлекеттiң бағытындағы транзит жолаушысы болған жағдайда қолданылмайды.
      3. Тараптардың ешқайсысы өзiнiң немесе басқа авиакәсiпорынға осы Баптың 1 және 2-тармақтарында көрсетiлген өз ережелерiн қолдануда немесе олардың бақылауындағы әуежайларды, әуе трассаларын, әуе қозғалысы қызметтерiн және оған байланысты жабдықты пайдалануда осындай халықаралық әуе қатынасына қатысатын екiншi Тарап мемлекетiнiң авиакәсiпорны алдында артықшылық бермейдi.

  7-бап
Куәлiктер, айғақ құжаттар және ұшу қауiпсiздiгi

      1. Бiр Тарап берген немесе күшi бар деп таныған және күш мерзiмi өтпеген ұшу жарамдылығы туралы куәлiктер, бiлiктiлiк туралы куәлiктер және айғақ құжаттар осындай айғақ құжаттар мен куәлiктер Конвенция белгiлеген стандарттарға сәйкес тиiстi мемлекет берген немесе күшi бар деп таныған жағдайда, Қосымшада белгiленген бағыттар бойынша шарттық желiлердi пайдалану мақсатында екiншi Тараппен де күшi бар деп танылады.
      Әрбiр Тарап өз мемлекетi аумағының үстiнен ұшуға қатысты олардың азаматтарына екiншi Тарап мемлекетi берген бiлiктiлiк туралы куәлiктер мен айғақ құжаттарды танудан бас тартуға құқылы.
      2. Егер осы Баптың 1-тармағында аталған куәлiктер мен айғақ құжаттар Конвенциямен белгiленген стандарттардан өзгеше болса, және осындай өзгешелiктi Халықаралық азаматтық авиация ұйымы тiркеген болса, екiншi Тарап мемлекетiнiң билiк орындары талаптар осы мәселе бойынша олар үшiн тиiмдi екенiн қанағаттандыру мақсатында осы Келiсiмнiң 17-бабына сәйкес консультациялар өткiзу туралы сұрау сала алады.
      Егер ұшу қауiпсiздiгiне қатысты мәселелер жөнiндегi уағдаластыққа қол жеткiзiлмесе, бұл осы Келiсiмнiң 5-тармағын қолдануға негiздеме болып табылатын болады.
      3.1. Әрбiр Тарап екiншi Тарап қабылдаған экипажға, әуе кемелерiне немесе оларды пайдалануға байланысты кез келген салада ұшу қауiпсiздiгiнiң стандарттарына қатысты кез келген уақытта консультациялар өткiзуге сұрау сала алады. Бұндай консультациялар сұрау салынған күнiнен бастап 30 күн iшiнде өткiзiлетiн болады.
      3.2. Егер осындай консультациялар барысында бiр Тарап екiншi Тараптың осы сәтте кем дегенде Чикаго Конвенциясы белгiлеген ең төмен стандарттарға сәйкес келетiн қауiпсiздiк стандарттарын мұндай кез келген салада тиiмсiз қолданатынын және орындайтынын анықтаса, бiр Тарап екiншi Тарапты осындай ең төмен стандарттарға сәйкес келуi үшiн қажеттi қорытынды және шаралар туралы хабардар етедi және сол екiншi Тарап жағдайды түзету жөнiнде тиiстi iс-әрекеттер қолданады. Егер екiншi Тарап 15 күн iшiнде немесе келiсiле алатын осыдан ұзағырақ кезеңде тиiстi шара қолданбаса, онда бұл осы Келiсiмнiң 5-бабын қолдануға негiздеме болады (күшiн жою, тоқтату және ұшуды орындауға арналған рұқсатты өзгерту).
      3.3. Чикаго Конвенциясының 33-бабында аталған мiндеттемелерге қарамастан екiншi Тарап мемлекетiнiң шегiнде, оның аумағындағы және аумағынан шығатын желiлерде және аумағындағы бiр Тарап мемлекетiнiң авиакәсiпорны немесе авиакәсiпорындары атынан пайдаланылатын немесе лизингтегi кез келген әуе кемесi екiншi Тарап мемлекетiнiң уәкілеттi өкiлдерiмен әуе кемесiнiң бортында  және сырт бөлiгiнде, әуе кемесiне және оның экипажына арналған құжаттардың жарамдылығы мерзiмi, әуе кемесiнiң сыртқы жағдайы мен оның жабдықтары тексерiске ұшырай алатыны туралы уағдаластыққа, бұның негiзсiз кiдiртуге апарып соқпайтындығы шартымен қол жеткiзiлдi (осы Бапта бұндай тексерiс "рамптық тексерiс" деп аталады).
      3.4. Егер бұндай рамптық тексерiс немесе рамптық тексерiстер тобы:
      а) әуе кемесi немесе әуе кемесiн пайдалану осы уақытқа Чикаго Конвенциямен белгiленген ең төменгi стандарттарға сәйкес келмейдi деген елеулi қауiптерге, немесе
      в) осы уақытқа Чикаго Конвенциясымен белгiленген қауiпсiздiк стандарттарын тиiмдi пайдалану және орындау жеткiлiксiз деген елеулi қауiптерге соқтырса, Чикаго Конвенциясының 33-бабына сәйкес тексерiс жүргiзушi Тарап, оларға сәйкес осы әуе кемесiне немесе осы әуе кемесiнiң экипажына қатысты берiлген айғақтар мен куәлiктер берiлген немесе күшi бар деп мақұлданған, талаптар немесе оларға осы әуе кемесi ұшуларды орындайтын талаптар Чикаго Конвенциясымен белгiленген ең төменгi стандарттарға тең емес болып табылады және олардан аспайды деп қорытуға құқығы бар.
      3.5. Бiр Тараптың авиакәсiпорнымен немесе авиакәсiпорындарымен немесе жоғарыда көрсетiлген 3.3-тармаққа сәйкес олардың аттарынан пайдаланылатын әуе кемесiн рамптық тексерiс жүргiзуге осы авиакәсiпорынның немесе авиакәсiпорындардың өкiлдерiмен рұқсат етiлмесе, екiншi Тараптың 3.4-тармақта көрсетiлген елеулi проблемалар бар деп есептеуге және осы тармаққа сәйкес шешiм қабылдауға негiз болады.
      3.6. Егер бiр Тарап рамптық тексерiс, топтық рамптық тексерiс нәтижесiнде немесе рамптық тексерiс, консультация өткiзуге келiсiм берiлмегенде немесе басқа да жағдайларда авиакәсiпорындармен ұшуды қауiпсiз түрде орындауға жедел әрекеттер қажет болған жағдайда әрбiр Тарап екiншi Тараптың авиакәсiпорнымен немесе авиакәсiпорындарымен ұшу орындауын жедел тоқтату немесе рұқсатты өзгерту құқығын өзiне қалдырады.
      3.7. Жоғарыда көрсетiлген 3.2 немесе 3.6-тармақтарға сәйкес бiр Тараппен қабылданған кез келген iс-қимыл шараларды қабылдауға негiз болмағанда тоқтатылады.

  8-бап
Авиациялық қауiпсiздiк

      1. Тараптар, осы Келiсiмнiң ажырамас бөлiгi болып табылатын, бiр-бiрiне қатысты алған азаматтық авиация қауiпсiздiгiн заңсыз араласу актiлерiнен қорғау мiндеттерiн мақұлдайды.
      2. Тараптар өтiнiш бойынша азаматтық әуе кемелерiн заңсыз басып алу актiлерi және жолаушылар мен экипаждың, әуежайлар мен аэронавигациялық құралдардың қауiпсiздiгiне қарсы бағытталған заңсыз актiлер, сондай-ақ азаматтық авиация қауiпсiздiгiне қатер төндiретiн кез келген басқа қауiптiң алдын алу бойынша бiр-бiрiне қажеттi барлық көмек көрсетiп отыратын болады.
      3. Тараптар, Токиода 1963 жылғы 14 қыркүйекте қол қойылған Әуе кемелерiнiң бортында жасалатын қылмыстар мен кейбiр басқа актiлер туралы конвенцияның; Гаагада 1970 жылғы 16 желтоқсанда қол қойылған Әуе кемелерiн заңсыз басып алумен күресу туралы конвенцияның; және Монреальда 1971 жылғы 23 қыркүйекте қол қойылған Азаматтық авиация қауiпсiздiгiне қарсы бағытталған заңсыз актiлермен күресу туралы конвенцияның; және басқа да екi Тарапқа  да мiндеттi авиациялық қауiпсiздiктi реттейтiн кез келген көптарапты келiсiмге сәйкес әрекет жасайды.
      4. Тараптар өздерiнiң eкі жақты қарым-қатынастарында Халықаралық азаматтық авиация ұйымы белгiлеген және Халықаралық азаматтық авиация жөнiндегi конвенцияға Қосымшалар деп аталатын авиация қауiпсiздiгi жөнiндегi ережелерге сәйкес, мұндай қауiпсiздiк жөнiндегi ережелер Тараптарға қолданымды болатын дәрежеде iс-әрекет жүргiзедi; негiзгi қызмет орны мен тұрақты болу орындары олардың мемлекеттерiнiң аумағында болатын әуе кемелерiн пайдаланушылар немесе тiркеушiлер, және олардың аумақтарындағы әуежайларды пайдаланушылар осындай авиация қауiпсiздiгi жөнiндегi ережелерге сәйкес әрекет жасауларын талап ететiн болады.
      5. Әрбiр Тарап екiншi Тарап мемлекетiнiң аумағына ұшып бару үшiн талап етiлетiн авиация қауiпсiздiгi жөнiндегi ережелердi сақтауға және жолаушыларды, экипажды, олардың қол жүктерiн, жүктi отырғызу немесе тиеуден бұрын тексеру бойынша орынды шаралар қолдануға келiседi. Әрбiр Тарап екiншi Тараптың нақты қатерге байланысты әуе кемелерiнiң және олардың жолаушыларының қауiпсiздiгi жөнiндегi арнайы шаралар қолдану туралы кез келген өтiнiшiн зор тiлекпен қарайтын болады.
      6. Әуе кемесiн заңсыз басып алу немесе жолаушылардың, экипаждың, әуе кемелерiнiң әуежайлар мен аэронавигациялық құралдардың қауiпсiздiгiне қарсы бағытталған басқа да заңсыз актiлер қақтығысы немесе қақтығыс қатерi орын алса, Тараптар байланыс құралдарымен жәрдемдесу арқылы және осындай қақтығыстың және оның қаупiн жоюға арналған басқа да тиiстi шаралар қабылдау арқылы бiр-бiрiне көмектесетiн болады.
      7. Егер Тарап осы Баптың авиациялық қауiпсiздiгi жөнiндегi ережелердi орындаудан жалтарса, онда екiншi Тарап мемлекетiнiң авиациялық билiк орындары ол Тарап мемлекетiнiң авиациялық билiк орындарымен дереу консультациялар өткiзудi талап ете алады. Егер Тараптар отыз (30) күн iшiнде қанағаттанарлық келiсiмге келе алмаса, онда бұл осы Келiсiмнiң 5-бабын қолдануға негiз болады.

  9-бап
Алым ставкалары

      1. Бiр Тарап мемлекетiнiң аумағында екiншi Тараптың тағайындалған авиакәсiпорындарынан әуежайларды және басқа да авиациялық жабдықтарды екiншi Тараптың тағайындалған авиакәсiпорындарының әуе кемелерi пайдаланғаны үшiн алынатын алымдары бiрiншi Тараптың осындай халықаралық әуе қатынасына тартылған ұлттық авиакәсiпорнынан алынатын алымдар ставкасынан жоғары болмайды.
      2. Әрбiр Тарап жабдықтарды және қызмет көрсетулердi пайдаланатын уәкiлеттi билiк орындарының және тағайындалған авиакәсiпорындарының арасында консультациялар жүргiзудi, мүмкіндiгiнше, авиакәсiпорындарды бiлдiретiн ұйымдар арқылы ынталандыратын болады. Алымдар ставкаларының кез келген болжамды өзгерiстерi туралы өзгерiстер жасалғанға дейiн оларға өз пiкiрлерiн бiлдiруге мүмкiндiк беру үшiн тиiстi хабарлама жасалады.

  10-бап
Кедендiк баждар мен акциздiк алымдар

      1. Әрбiр Тарап екiншi Тараптың тағайындалған кәсiпорындарын әуе кемесiне, отынға, жағармайға, тұтынылатын техникалық қорларға, қозғалтқыштарды қоса алғандағы қосалқы бөлшектерге, борттық табельдiк жабдыққа, жердегi жабдыққа, борттық қорларға және сондай-ақ, басылған билеттер, авиа тауар құжаттамалары, кәсiпорынның белгiсi бар кез келген баспалық материал және осы тағайындалған авиакәсiпорындар тарататын жай баспалық материалдар сияқты уағдаласқан желiлердi пайдаланатын екiншi Тарап мемлекетiнiң тағайындалған авиакәсіпорындарының әуе кемелерiн пайдалануға немесе қызмет етуiне ғана байланысты қолдануға арналған басқа да заттарын импорт бойынша шектеулерден, кедендiк баждардан, акциздiк және тексеру алымдарынан және басқа да мемлекеттiк, өңiрлiк және жергілiктi баждардан немесе салықтардан босатады.
      2. Осы Бап ұсынған босатулар босатуды ұсынатын Тарап мемлекетiнiң аумағы шегiнде пайдаланылатын немесе тұтынылатын, немесе, пайдаланылмайтын немесе тұтынылмайтын, осы Баптың 1-тармағында көрсетiлген материалдарға қолданылатын болады, егер ондай материалдар:
      а) бiр Тарап мемлекетiнiң аумағына екiншi Тарап мемлекетiнiң тағайындалған авиакәсiпорындарымен (немесе олардың атынан) әкелiнген, бiрақ аталған Тарап мемлекетiнiң аумағында иелiктен шығарылмаған болса;
      б) бiр Тарап мемлекетiнiң тағайындалған авиакәсiпорнының әуе кемесiнiң бортында екiншi Тарап мемлекетiнiң аумағына келгенде немесе аумағынан кеткенде сақталатын болса;
      с) бiр Тарап мемлекетiнiң тағайындалған авиакәсiпорнының әуе кемесiнiң бортына екiншi Тарап мемлекетiнiң аумағында қабылданған және уағдаластық желiлердi пайдалануға беру кезiнде қолдану үшiн арналған болса.
      3. Борттық табельдiк жабдықтар, жердегi жабдық әдетте кез келген Тараптың тағайындалған авиакәсiпорындарының әуе кемелерiнiң бортында ұсталатын материалдар мен қорлар сияқты, екiншi Тарап мемлекетiнiң аумағында тек осы аумақтың кедендiк билiк орындарының рұқсатымен ғана түсiрiлуi мүмкiн. Мұндай жағдайда олар аталған билiк орындарының қадағалауына, кедендiк заңнама мен ережелерге немесе осы екiншi Тараптың ережелерiне сәйкес, алып кеткенше немесе басқаша түрде пайдаланғанша қойылуы мүмкін.
      4. Тiкелей транзитпен баратын багаж бен жүк кедендiк баждар мен басқа да салықтардан босатылатын болады.
      5. Осы Бап ұсынатын босатулар сондай-ақ, бiр Тараптың тағайындалған авиакәсiпорындары басқа Тараптан осындай босатуды пайдаланатын басқа авиакәсiпорнымен екiншi Тарап мемлекетiнiң аумағы шегiнде осы Баптың 1-тармағында атап көрсетiлген заттарды қарызға алу немесе беру туралы уағдаласқан жағдайда қолданылатын болады.

  11-бап
Сыйымдылық

      1. Әрбiр Тарап мемлекетiнiң тағайындалған авиакәсiпорындарының тиiстi аумақтар арасында және одан тыс, осы Келiсiмге қосымшада белгiленген бағыттар бойынша уағдаластық желiлердi пайдалануға әдiлеттi және тепе-тең мүмкiндiктерi болады.
      2. Уағдаласқан желiлердi пайдалану кезiнде әрбiр Тарап мемлекетiнiң тағайындалған авиакәсiпорындары екiншi Тарап мемлекетiнiң тағайындалған авиакәсiпорындарының бүкiл бағытта немесе бұл бағыттың учаскесiнде қамтамасыз ететiн тасымалдауларына залал тигiзбеу үшiн соңғылардың мүдделерiн назарға алатын болады.
      3. Тараптар мемлекеттерiнiң тағайындалған авиакәсiпорындары қамтамасыз ететiн уағдаластық желiлерi белгiленген бағыттардағы тасымалдауларда қоғамдық қажеттiлiкке сәйкес болады және әуе кемесiн тиеудiң орынды коэффициентi кезiнде Тараптар мемлекеттерiнiң аумақтары арасындағы жолаушылар, жүктер мен почта тасымалдауларында ағымдық және болжамды қажеттiлiктерге жауап беретiн сыйымдылықты ұсыну олардың бiрiншi кезектi мақсаты болады.
      4. Тағайындалған авиакәсiпорындар кез келген уағдаластық желiнi пайдалану басталғанға дейiн 30 күннен кешiктiрмей Тараптар мемлекеттерiнiң авиациялық билiк органдарының бекiтуiне ұшудың болжамдық бағдарламасын ұсынатын болады. Ұшудың аталған бағдарламасы қызмет үлгiлерiн, пайдалану көзделген әуе кемесiнiң үлгiлерiн, ұшу жиiлiгi мен кестесiн қамтитын болады.
      Мұндай рәсiм бұдан былай өзгерiстер болған жағдайда қолданылатын болады.
      Ерекше жағдайларда бұл уақыт кезеңi аталған билiк орындарының арасындағы уағдаластық бойынша қысқаруы мүмкiн.

  12-бап
Әуе кемесiн ауыстыру және кодтарды бiрлесiп пайдалану

      1. Бiр Тарап мемлекетiнiң тағайындалған авиакәсiпорындары екiншi Тарап мемлекетiнiң аумағында әуе кемесiн мынадай жағдайларда ауыстыра алады:
      а) ауыстыру пайдалануды үнемдеу себептерiмен түсiндiрiлгенде;
      b) авиакәсiпорынды тағайындаған Тарап мемлекетiнiң аумағынан тым алыстағы учаскеде пайдаланылатын әуе кемелерi ұшуды одан гөрi жақынырақ учаскеде тұрған әуе кемесiмен бiрге ғана орындайтын болғанда және оны жүйелi жүргiзетiн болғанда; бiрiншiлер ауыстыру пункттерiне соңғылардан қабылданған немесе соңғылар берген тасымалдауларды орындау мақсатында келетiн болғанда және сыйымдылық та бiрiншi кезекте сол мақсатпен белгiленгенде;
      с) егер осы Келiсiмге Қосымшада басқа жолмен рұқсат етiлген болмаса, авиакәсiпорындар жарнама жолымен немесе қандай да бiр басқа тәсiлмен әуе кемесi ауыстырылатын пунктте басталатын тасымалдауды жүргiзудi қоғамға өздерi ұсынбағанда;
      d) егер екiншi Тарап мемлекетiнiң авиациялық билiк орындарымен бiр ұшудан артық орындауға рұқсат етiлген болмаса, басқа Тарап мемлекетiнiң аумағында әуе кемесiн айырбастау жүргiзiлген кез келген бiр ұшуына байланысты осы аумақтан тек бiр ұшу ғана рұқсат етiлгенде.
      2. Осы Баптың 1-тармағының шарттарына қарамастан Қосымшада белгiленген бағыттар бойынша уағдаластық желiлердi пайдалану кезiнде әрбiр тағайындалған авиакәсiпорын кез келген мемлекеттiң авиакәсiпорнымен кодтарды бiрлесiп пайдалану жөнiндегi келiсiмдi, соңғы авиакәсiпорынның тиiстi тасымалдау бағыты мен құқығы болған жағдайда жасай алады.

  13-бап
Тарифтер

      1. Тараптар Қосымшада белгiленген бағыттардың бiрiндегi тарифтер тағайындалған авиакәсiпорындардың әрқайсысына, мүмкiндiгiнше, олардың арасындағы консультациялардан кейiн белгiленетiнiне келiседi.
      2. Уағдалас желiлер бойынша екiншi Тарап мемлекетiнiң аумағына немесе аумағынан тасымалдау үшiн тарифтер парасатты шекте, пайдалану шығындарын, орынды кiрiстi, қызмет көрсетулер сипаттамасын, тұтынушылар мүдделерiн қоса алғанда және егер барлық бағыт немесе осы бағыттың учаскесi бойынша басқа авиакәсiпорындардың тарифтерi қолайлы деп есептелсе, барлық тиiстi факторларды есепке ала отырып, белгiленетiн болады.
      3. Тарифтер екi Тарап мемлекеттерiнiң авиациялық билiк орындарының бекiтуiне, ең болмағанда, оларды енгiзудiң ұсынылған күнiнен қырық бес (45) күн бұрын ұсынылатын болады; ерекше жағдайларда авиациялық билiк орындары одан гөрi қысқарақ кезең қабылдауы мүмкiн.
      Егер алған күннен бастап отыз (30) күн iшiнде бiр Тараптың авиациялық билiк орындары екiншi Тараптың авиациялық билiк орындарын ұсынылған тарифпен өзiнiң келiспейтiндiгi туралы хабардар етпесе, тариф бекiтiлген болып есептеледi және ұсынылған тариф үшiн белгiленген күннен бастап күшiне енедi.
      Авиациялық билiк орындары тарифтi ұсыну үшiн қысқартылған кезең қабылдаған жағдайда, олар тарифтi қабылдамау туралы хабарлама берiлетiн уақыт кезеңi отыз (30) күннен кем болатынына келiсуi мүмкiн.
      4. Егер осы Баптың 3-тармағына сәйкес тарифтi қабылдамау туралы хабарлама алынған болса, Тараптар мемлекеттерiнiң авиациялық билiк орындары осы Келiсiмнiң 17-бабына сәйкес консультациялар жүргiзедi және өзара уағдаластық арқылы тарифтi белгiлеу үшiн күш салады.
      5. Егер Тараптар мемлекеттерiнiң авиациялық билiк орындары осы Баптың 3-тармағына сәйкес ұсынылған қандай да бiр тариф бойынша немесе осы Баптың 4-тармағына сәйкес кез келген тарифтi белгілеу бойынша уағдаластыққа қол жеткiзе алмаса, онда дау-дамай осы Келiсiмнiң 18-бабының ережелерiне сәйкес реттелуi мүмкiн.
      6. Егер бiр Тарап мемлекетiнiң авиациялық билiк орындары белгiленген тарифпен келiспесе, олар ол туралы екiншi Тарап мемлекетiнiң авиациялық билiк орындарын хабардар етедi және қажет болған жағдайда тағайындалған авиакәсiпорындар уағдаластыққа жету үшiн шаралар қабылдайды.
      Егер қабылдамау туралы хабарламаны алған күннен бастап тоқсан (90) күн iшiнде жаңа тариф тағайындалмаса, онда осы Баптың 4 және 5-тармақтарында көзделген рәсiмдер қолданылатын болады.
      7. Егер тарифтер осы Баптың ережелерiне сәйкес тағайындалса, ол тарифтер осы Баптың немесе осы Келiсiмнiң 18-бабының ережелерiне сәйкес жаңа тариф тағайындалғанға дейiн қолданылады.
      8. Кез келген Тарап мемлекетiнiң авиациялық билiк орындары тарифпен келiспейтiн болса, тариф осы Баптың 4-тармағының және осы Келiсiмнiң 18-бабының ережелерiне сәйкес белгіленген жағдайларды қоспағанда, ол күшiне енбейдi.
      9. Екi Тарап мемлекеттерiнiң авиациялық билiк орындары тағайындалған және алынатын тарифтердiң олар бекiткен тарифтерге сәйкес болуын және даусыз болуын қамтамасыз ету үшiн күш салатын болады.

  14-бап
Өкiлдiк

      1. Бiр Тарап мемлекетiнiң тағайындалған авиакәсiпорындарына өзаралық негiзде екiншi Тарап мемлекетiнiң аумағында уағдаластық желiлердi пайдалану үшiн қажеттi өз өкiлдерi мен коммерциялық жұмыс және техникалық персоналын ұстауға құқық берілетін болады.
      2. Мұндай өкiлдiктiң тағайындалған авиакәсiпорындардың қалауы бойынша кез келген азаматтығы бар жеке меншiк персоналы болуы мүмкiн немесе екiншi Тарап мемлекетiнiң аумағында iс-әрекет ететiн және осы екiншi Тарап мемлекетiнiң аумағында мұндай қызмет көрсетулердi жүзеге асыруға уәкілеттендiрiлген кез келген басқа ұйымның, компанияның және авиакәсiпорынның қызмет көрсетулерiн пайдалануы мүмкiн.
      3. Өкiлдер мен персонал екiншi Тарап мемлекетiнiң аумағында қолданылып жүрген заңнама мен ережелерге бағынатын болады. Осындай заңнама мен ережелерге сәйкес әрбiр Тарап өзаралық негiзде және ең aз кiдiрiспен жұмысқа қажеттi рұқсаттарды, осы Баптың 1-тармағында көрсетiлген өкiлдер мен персонал үшiн жұмысқа орналасуға рұқсаты бар визаларды және басқа да ұқсас құжаттарды ұсынатын болады.
      4. Қолданылып жүрген заңнамада рұқсат етiлген дәрежеде Тараптардың екеуi де белгiлi бiр қызмет көрсетулер мен мiндеттердi уақытша негiзде жүзеге асыратын персонал үшiн жұмысқа рұқсатты немесе жұмысқа орналасуға Рұқсаты бар визаны немесе басқа да ұқсас құжаттарды талап етпеуi мүмкiн.

  15-бап
Тасымалдарды сату

      1. Тағайындалған әрбiр авиакәсiпорынға екiншi Тарап мемлекетiнiң аумағында авиатасымалдар бойынша қызметтер көрсетудi тiкелей немесе өз қалауы бойынша, өзiнiң агенттерi арқылы сатуды жүзеге асыру құқығы берiлетiн болады.
      Тағайындалған әрбiр авиакәсiпорынның өзiнiң авиакөлiктiк қызметтер көрсетуiн жергiлiктi немесе басқа елдердiң еркiн айналымдағы валютасында еркiн сатуға құқығы болады.
      Кез келген тұлға тасымалдау жөнiндегi мұндай қызметтер көрсетудi осы авиакәсiпорынның сатуы үшiн қолайлы валютада еркiн сатып алатын болады.
      2. Әрбiр Тарап екiншi Тарап мемлекетiнiң тағайындалған авиакәсiпорындарына өзiнiң мемлекетi аумағында бұл авиакәсiпорындар алған кiрiстердiң шығыстардан артылған сомасын еркiн аударуға құқық бередi. Мұндай аударулар ағымдық төлемдер үшiн айырбастың ресми бағамы негiзiнде немесе, егер ағымдық төлемдер үшiн ресми айырбас бағамы жоқ болса, екiншi Тараптың тағайындалған авиакәсiпорындарының аударым туралы сұрау салған күнiне қолданылатын ағымдық төлемдер рыногының басымдық айырбас бағамы бойынша жүзеге асырылады және қызмет көрсетулер үшiн мұндай аударуларда банктер алатын жай алымдарды қоспағанда, алымдар салынбайды.
      3. Әрбiр Тарап өзара кепiлдiк негізiнде екiншi Тараптың тағайындалған кәсiпорындарын бiрiншi Тарап аумағында осы кәсiпорындар тапқан кiрiстер мен табыстарға салық салудың кез келген нысанынан, сондай-ақ айналым немесе капиталға арналған кез келген салықтардан босататын болады.
      Егер Тараптар арасында осындай босатуды көздейтiн Қосарланған салық салуды болдырмау туралы конвенция қолданылатын болса, бұл ереже қолданылмайды.

  16-бап
Ақпарат алысу

      1. Екi Тарап мемлекеттерiнiң авиациялық билiк орындары екiншi Тарап мемлекетiнiң аумағына, аумағы арқылы немесе аумағынан әуе қатынасын жүзеге асыру үшiн олар тағайындаған авиакәсiпорындарға берiлген ұзартылған ағымдық рұқсаттарға қатысты ақпараттармен жедел алмасатын болады. Бұл ақпарат белгіленген маршруттар бойынша уағдаластық желiлердi пайдалануға қолданылып жүрген куәлiктер мен рұқсаттардың көшiрмелерiн өзгерiстерiмен бiрге, босатуға арналған өтiнiмнiң және пайдалануға рұқсаттың көшiрмелерiн қамтитын болады.
      2. Әрбiр Тарап өзiнiң тағайындалған авиакәсiпорнының екiншi Тарап мемлекетiнiң авиациялық билiк орындарына алдын ала, бұл қаншалықты жүзеге асыруға болатынына қарай, тарифтер, кестелер, олардың кез келген өзгерiстерiн қоса алғандағы көшiрмелерiн және белгіленген бағыттардың әрқайсысынан қамтамасыз етiлетiн сыйымдылық туралы ақпараттарды қоса, уағдаластық желiлердi пайдалануға қатысты барлық басқа тиiстi ақпараттарды және екiншi Тарап мемлекетiнiң авиациялық билiк орындарының осы Келiсiмнiң ережелерiн тиiстi түрде сақтауын қамтамасыз етуге сұралатын кез келген ақпаратты ұсынуына жәрдемдесетiн болады.
      3. Әр Тарап өзiнiң тағайындалған авиакәсiпорындарының екiншi Тарап мемлекетiнiң авиациялық билiк орындарына уағдаластық желiлердегі тиеу және түсiру пункттерi көрсетiлген тасымалдауларға қатысты статистикалық ақпараттарды ұсынуына жәрдемдесетiн болады.

  17-бап
Консультация

      1. Тараптар мемлекеттерiнiң авиациялық билiк орындары осы Келiсiмнiң ережелерiн және оның Қосымшасын орындауға және оларға сәйкес келуге ықпал ететiн барлық мәселелер бойынша тығыз ынтымақтастықты қамтамасыз ету мақсатында мезгiл-мезгіл бiр-бiрiмен консультациялар жүргiзiп отыратын болады.
      2. Егер екi Тарап басқалай уағдаластыққа қол жеткiзе алмаса, мұндай консультациялар осындай сұрау салу алынған күннен бастап алпыс (60) күн iшiнде белгiленетiн болады.

  18-бап
Дауларды реттеу

      1. Осы Келiсiмдi түсiндiруге немесе қолдануға байланысты Тараптар арасында кез келген дау туындаған жағдайда, Тараптар оларды ең алдымен келіссөздер жүргiзу жолымен реттеуге талаптанады.
      2. Егер Тараптар арасындағы дауды келiссөздер жүргiзу жолымен реттеуге қол жеткiзе алмаса, олар дауды белгiлi тұлғаның немесе органның қарауына беруге келiсе алады, сондай-ақ Тараптардың кез келгенi дауды үш төрешiден тұратын Төрелiк Соттың шешуiне ұсына алады
      3. Төрелiк Сот мынадай түрде құрылатын болады:
      Әр Тарап екiншi Тараптың дипломатиялық арналары бойынша екiншi Тараптан төрелiктi жүргiзуге сұрау салуын алған күннен бастап алпыс (60) күн iшiнде төрешiні тағайындайды. Осындай екi төрешi уағдаластық бойынша келесi алпыс (60) күннiң iшiнде үшiншi төрешiнi тағайындайды.
      Үшiншi төрешi үшiншi мемлекеттiң азаматы болады, Төрелiк Соттың төрағасы ретiнде iс-қимыл жасайды және оның өткiзiлу орнын белгiлейдi.
      Егер Тараптың бiреуi аталған кезең уақытында төрешiнi тағайындамаса, немесе, егер үшiншi төрешi көрсетiлген кезеңде тағайындалмаған болса, кез келген Тараптың өтiнiшi бойынша Азаматтық авиацияның халықаралық ұйымы Кеңесiнiң Президентi төрешiнi немесе жағдай талап етуiне қарай төрешiлердi тағайындайды.
      4. Тараптар осы Баптың 2 және 3-тармақтарына сәйкес қабылданған кез келген шешiмдi немесе ұйғарымды орындауға мiндеттенедi.
      Егер бiр Тарап мұндай шешiмдi орындамаса, екiншi Тараптың осы Келiсiмнiң 5-бабын қолдануына негiзi болады.
      5. Төрелiк Соттың шығындары екi Тараптың арасында теңбе-тең бөлiнетiн болады.

  19-бап
Түзетулер

      1. Егер Тараптардың бiреуi осы Келiсiмнiң қандай да бiр ережесiн өзгертудi қажет деп санаса, ол екiншi Тараппен консультация жүргiзуге сұрау сала алады. Авиациялық билiк орындарының арасындағы мұндай консультациялар келiссөздер немесе хат жазысу арқылы жүргiзiлуi мүмкiн және сұрау салынған күннен бастап алпыс күннiң iшiнде басталады.
      2. Егер жалпы көптарапты авиациялық конвенция екi Тарапқа қатысты күшiне енетiн болса, мұндай конвенцияның ережелерi басымдыққа ие болады. Осы Баптың 1-тармағына сәйкес Консультациялар осы Келiсiмге көптарапты конвенция ережелерiнiң әсер ету деңгейiн анықтау мақсатында өткiзiлуi мүмкін.
      3. Консультациялардың нәтижесiнде келiсiлген кез келген өзгерiс дипломатиялық ноталармен алмасу жолымен расталғаннан кейiн күшiне енедi.
      4. Тараптар Қосымшадағы бағыттар кестесiнiң авиациялық билiк орындары арасындағы ведомствоаралық уағдаластық арқылы өзгертiлуi мүмкiндiгiне келiстi.

  20-бап
Күшiнiң тоқтатылуы

      1. Тараптардың әрқайсысы дипломатиялық арналар бойынша екiншi Тарапты өзiнiң осы Келiсiмнiң күшiн жою ниетi туралы кез келген уақытта жазбаша нысанда хабардар ете алады.
      Мұндай хабарлама бiр мезгiлде Азаматтық авиацияның халықаралық ұйымына да жолданады.
      2. Егер Келiсiмнiң күшiн жою туралы хабарлама өзара келiсiм бойынша аталған кезең өткенге дейiн керi шақырып алынбаса, Келiсiмiнiң күшi екiншi Тарап мұндай хабарламаны алған күннен бастап бiр жылдан кейiн жойылады.
      Екiншi Тараптың хабарламаны алғаны туралы растама болмаған жағдайда, соңғысы Азаматтық авиацияның халықаралық ұйымы хабарламаны алғаннан он төрт күннен кейiн алынған болып есептеледi.

  21-бап
Тiркеу

      Осы Келiсiм және оған енгiзiлетiн кез келген өзгерiстер Азаматтық авиацияның халықаралық ұйымында тiркелетiн болады.

  22-бап
Күшiне енуi

      Әрбiр Тарап екiншi Тарапты дипломатиялық арналар арқылы осы Келiсiмнiң күшiне енуi үшiн қажеттi конституциялық нысандылықтың орындалғаны туралы хабардар етедi.
      Келiсiм соңғы хабарлама күнiнен бiр ай өткеннен кейiнгi бiрiншi күнi күшiне енедi.
      Осыны куәландыра отырып, оған өздерiнiң тиiстi Yкiметтерi лайықты түрде уәкiлеттендiрiлген төменде қол қоюшылар осы Келiсiмге қол қойды.
      2000 жылы 27 маусымда Брюссель қаласында екi данада, ағылшын тiлiнде жасалды.

      Қазақстан Республикасының           Бельгия Корольдiгiнiң
      Yкіметі үшін                          Үкіметі үшін

Қосымша  

  Бағыттар кестесi

      1. Қазақстан Республикасының бағыттары

___________________________________________________________________
Жөнелту    |Аралық     |Бару пункттерi     |Тысқары
пункттерi  |пункттер   |                   |пункттер
___________________________________________________________________
Қазақстан. |Кез келген |Бельгиядағы        |Кез келген
дағы       |           |пункттер           |
пункттер   |           |                   |
___________________________________________________________________

      2. Бельгия Корольдiгiнiң бағыттары

___________________________________________________________________
Жөнелту    |Аралық     |Бару пункттерi     |Тысқары
пункттерi  |пункттер   |                   |пункттер
___________________________________________________________________
Бельгиядағы|Кез келген |Қазақстандағы      |Кез келген 
пункттер   |           |пункттер           |
           |           |                   |
___________________________________________________________________

      Екi Тараптың да тағайындалған авиакәсiпорындары уағдаластық бағыттағы кез келген пункттi немесе пункттердi алып тастауы мүмкiн немесе жөнелту немесе бару пункттерi олардың азаматтығы бар мемлекеттiң аумағында болған жағдайда, кез келген тәртіппен кез келген немесе барлық бағыттарда пайдалана алады.

      Қазақстан Республикасының Yкiметi мен Бельгия Корольдiгi
      Yкiметiнiң арасындағы Әуе қатынасы туралы келiсiмнiң мәтiнi
      Қазақстан Республикасының Yкiметi мен Бельгия Корольдiгi
      Үкіметінің арасындағы Әуе қатынасы туралы ағылшын
      тiлiндегi мәтiнiмен бiрдей.

      Көшiрмесi дұрыс.

      Министрлiк
      Аппаратының басшысы

      (РҚАО-ның ескертуі: ары қарай ағылшын тіліндегі мәтін
       берілген (қағаздағы вариантты қараңыз)

      

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады