"Мемлекеттік құпиялар туралы" Қазақстан Республикасының Заңына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 2 сәуірдегі N 541 Заңы

       1-бап.  "Мемлекеттік құпиялар туралы" 1999 жылғы 15 наурыздағы Қазақстан Республикасының  Заңына  (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1999 ж., N 4, 102-құжат; 2001 ж., N 8, 53-құжат; 2002 ж., N 15, 147-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      12-бапта:
      17) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      " 17) Қазақстан Республикасы ұлттық валютасының жаңа банкноттары мен монетттерін шығару және (немесе) оларды ауыстыру туралы мәліметтер, егер оларды ауыстыру шешім қабылданған күннен бастап және бұл мәліметтерді оларды айналысқа шығару туралы жариялау үшін бұқаралық ақпарат құралдарына берген кезге дейін банкноттар мен монеттерді (мерейтойлық және атаулы күндерге арналғандардан басқа) айналыстан алып тастауға әкеп соқтыратын болса;";

      18) тармақшадағы "Қазақстан Республикасы ұлттық валютасының банкноттарын," деген сөздер алып тасталсын.

       2-бап.  Осы Заң ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

       Қазақстан Республикасының
      Президенті

      

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады