Қазақстан Республикасының кейбiр заң актiлерiне мiндеттi әлеуметтiк сақтандыру мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 8 сәуірдегі N 542 Заңы

       1-бап.  Қазақстан Республикасының мына заң актiлерiне өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлсiн:

      1. Қазақстан Республикасының Жоғарғы Кеңесi 1994 жылғы 27 желтоқсанда қабылдаған Қазақстан Республикасының  Азаматтық кодексiне  (Жалпы бөлiм) (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң Жаршысы, 1994 ж., N 23-24 (қосымша); 1995 ж., N 15-16, 109-құжат; N 20, 121-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1996 ж., N 2, 187-құжат; N 14, 274-құжат; N 19, 370-құжат; 1997 ж., N 1-2, 8-құжат; N 5, 55-құжат; N 12, 183, 184-құжаттар; N 13-14, 195, 205-құжаттар; 1998 ж., N 2-3, 23-құжат; N 5-6, 50-құжат; N 11-12, 178-құжат; N 17-18, 224, 225-құжаттар; N 23, 429-құжат; 1999 ж., N 20, 727, 731-құжаттар; N 23, 916-құжат; 2000 ж., N 18, 336-құжат; N 22, 408-құжат; 2001 ж., N 1, 7-құжат; N 8, 52-құжат; N 17-18, 240-құжат; N 24, 338-құжат; 2002 ж., N 2, 17-құжат; N 10, 102-құжат; 2003 ж., N 1-2, 3-құжат; N 11, 56, 57, 66-құжаттар; N 15, 139-құжат; N 19-20, 146-құжат):

      51-баптың 1-тармағының 2) тармақшасында "соның iшiнде" деген сөздер "Мемлекеттiк әлеуметтiк сақтандыру қорына әлеуметтiк аударымдар бойынша," деген сөздермен ауыстырылсын.

      2. 1999 жылғы 1 шiлдедегi Қазақстан Республикасының  Азаматтық кодексiне  (Ерекше бөлiм) (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1999 ж., N 16-17, 642-құжат; N 23, 929-құжат; 2000 ж., N 3-4, 66-құжат; N 10, 244-құжат; N 22, 408-құжат; 2001 ж., N 23, 309-құжат; N 24, 338-құжат; 2002 ж., N 10, 102-құжат; 2003 ж., N 1-2, 7-құжат; N 4, 25-құжат; N 11, 56-құжат; N 14, 103-құжат; N 15, 138, 139-құжаттар):

      1) 741-баптағы "және Қазақстан Республикасының зейнетақымен қамсыздандыру туралы заң актiсiнде" деген сөздер "және Қазақстан Республикасының зейнетақымен қамсыздандыру және мiндеттi әлеуметтiк сақтандыру туралы заң актiлерiнде" деген сөздермен ауыстырылсын;

      2) 742-баптың 2-тармағының 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      "2) екiншi кезекте еңбек шарты, оның iшiнде келiсiм-шарт бойынша жұмыс iстейтiн адамдармен жұмыстан шығу жәрдемақыларын төлеу және еңбекақы төлеу жөнiндегi, авторлық шарт бойынша сыйлықақы төлеу, клиенттiң мiндеттi зейнетақы жарналарын жинақтаушы зейнетақы қорларына және мiндеттi әлеуметтiк аударымдарды Мемлекеттiк әлеуметтiк сақтандыру қорына аудару жөнiндегi мiндеттемелерi бойынша есеп айырысу үшiн ақша алуды көздейтiн атқару құжаттары бойынша ақша алу жүргiзiледi;".

      3. 2001 жылғы 30 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы  кодексiне  (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2001 ж., N 5-6, 24-құжат; N 17-18, 241-құжат; N 21-22, 281-құжат; 2002 ж., N 4, 33-құжат; N 17, 155-құжат; 2003 ж., N 1-2, 3-құжат; N 4, 25-құжат; N 5, 30-құжат; N 11, 56, 64, 68-құжаттар; N 14, 109-құжат; N 15, 122, 139-құжаттар; N 18, 142-құжат; N 21-22, 160-құжат; N 23, 171-құжат):

      1) мынадай мазмұндағы 88-1-баппен толықтырылсын:

      "88-1-бап. Мiндеттi әлеуметтiк сақтандыру туралы Қазақстан
                 Республикасының заңдарын бұзу

      1. Мемлекеттiк әлеуметтiк сақтандыру қоры мен Зейнетақы төлеу жөнiндегi орталықтың лауазымды адамдарының кiнәсiнен Қазақстан Республикасының мiндеттi әлеуметтiк сақтандыру туралы заңдарында белгiленген мерзiмдерде әлеуметтiк төлемдердiң төленбеуi, -
      лауазымды адамдарға айлық есептiк көрсеткiштiң жиырмаға дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
      2. Жеке кәсiпкердiң, жекеше нотариустың, адвокаттың, заңды тұлғаның немесе оның лауазымды адамдарының Мемлекеттiк әлеуметтiк сақтандыру қорына әлеуметтiк аударымдарды аудару жөнiндегi мiндеттi орындамауы немесе тиiсiнше орындамауы, -
      лауазымды адамдарға айлық есептiк көрсеткiштiң жиырмадан қырыққа дейiнгi мөлшерiнде, жеке кәсiпкерлерге, жекеше нотариустарға, адвокаттарға немесе заңды тұлғаларға - аударылмаған (уақтылы аударылмаған) әлеуметтiк аударымдар сомасының елу процентi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.";

      2) 570-баптың бiрiншi бөлiгi "88 (үшiншi бөлiгiнде)" деген сөздерден кейiн ", 88-1 (екiншi бөлiгiнде)," деген сөздермен толықтырылсын;

      3) 574-баптың бiрiншi бөлiгiндегi "88-бабында (бiрiншi және екiншi бөлiктерiнде)" деген сөздер "88 (бiрiншi және екiншi бөлiктерiнде), 88-1 (бiрiншi бөлiгiнде) - баптарында" деген сөздермен ауыстырылсын.

      4. "Банкроттық туралы" 1997 жылғы 21 қаңтардағы Қазақстан Республикасының  Заңына  (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1997 ж., N 1-2, 7-құжат; N 13-14, 205-құжат; 1998 ж., N 14, 198-құжат; N 17-18, 225-құжат; 2000 ж., N 22, 408-құжат; 2001 ж., N 8, 52-құжат; N 17-18, 240-құжат; N 24, 338-құжат; 2002 ж., N 17, 155-құжат; 2003 ж., N 4, 26-құжат; N 11, 67-құжат):

      1) 1-баптың 14) тармақшасындағы "ақы төлеу," деген сөздерден кейiн "Мемлекеттiк әлеуметтiк сақтандыру қорына әлеуметтiк аударымдарды төлеу," деген сөздермен толықтырылсын;

      2) 11-баптың 2-тармағы "төлеу" деген сөзден кейiн ", Мемлекеттiк әлеуметтiк сақтандыру қорына әлеуметтiк аударымдар" деген сөздермен толықтырылсын;

      3) 18-баптың 2-тармағында:
      3) тармақша 4) тармақша деп есептелiп, мынадай редакцияда жазылсын:
      "4) борышкердiң қызметкерлерiне төленуге тиiстi еңбекақы мен өтемақылар бойынша берешек сомасы; Мемлекеттiк әлеуметтiк сақтандыру қорына әлеуметтiк аударымдарды төлеу бойынша берешек сомасы; авторлық шарттар бойынша төлеуге есептелген сыйлықақы сомасы;";

      4) тармақша 3) тармақша деп есептелсiн;

      4) 29-баптың 2-тармағының 4) тармақшасындағы "ақы төлеу," деген сөздерден кейiн "Мемлекеттiк әлеуметтiк сақтандыру қорына әлеуметтiк аударымдарды төлеу," деген сөздермен толықтырылсын;

      5) 47-баптың 1-тармағының 2) тармақшасындағы "авторлық" деген сөздiң алдынан "Мемлекеттiк әлеуметтiк сақтандыру қорына әлеуметтiк аударымдар төлеу жөнiнде және" деген сөздермен толықтырылсын;

      6) 75-баптың 3-тармағындағы "оның iшiнде" деген сөздер "Мемлекеттiк әлеуметтiк сақтандыру қорына әлеуметтiк аударымдар бойынша" деген сөздермен ауыстырылсын;

      7) 78-баптың 4-тармағында "оның iшiнде" деген сөздер "Мемлекеттiк әлеуметтiк сақтандыру қорына әлеуметтiк аударымдар бойынша" деген сөздермен ауыстырылсын.

       2-бап.  Осы Заң 2005 жылғы 1 қаңтардан бастан қолданысқа енгiзiледi.

       Қазақстан Республикасының
      Президенті

      

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады