Қазақстан Республикасының Дүниежүзілік зияткерлік меншік ұйымының авторлық құқық жөніндегі шартына қосылуы туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 16 сәуірдегі N 547 Заңы

      Қазақстан Республикасы Женевада 1996 жылғы 20 желтоқсанда қабылданған Дүниежүзiлiк зияткерлiк меншiк ұйымының авторлық құқық жөнiндегi шартына қосылсын.

      Қазақстан Республикасының
      Президенті

  ДЗМҰ-ның Авторлық құқық жөніндегі шарты
және
ДЗМҰ-ның Авторлық құқық жөніндегі шартына
қатысты келісілген мәлімдемелер

      1996 жылғы 20 желтоқсанда Дипломатиялық конференцияда қабылданды.

Дүниежүзілік зияткерлік меншік ұйымы
Женева 2000

  ДЗМҰ-ның авторлық құқық жөнiндегi шарты

(2004 жылғы 12 қарашада күшіне енді - ҚР СІМ-нің ресми сайты)

       1996 жылғы 20 желтоқсанда Дипломатиялық конференцияда қабылданды.

  Кiрiспе

      Уағдаласушы Тараптар,
      Авторлардың әдеби және көркем туындыларына құқықтарын қорғауды неғұрлым тиiмдi және бiрыңғай жетiлдiру және қолдау ниетiмен,
      Экономикалық, әлеуметтiк, мәдени және техникалық дамумен байланысты туындайтын мәселелердi барабар шешудi қамтамасыз ету мақсатында жаңа халықаралық ережелердi енгiзудiң және бiрқатар маңызды ережелердi барынша нақты түсiндiру қажеттiгін мойындай отырып,
      Ақпараттық және коммуникациялық технологиялардың дамуы мен жақындасуының әдеби және көркем туындыларды жасауға және пайдалануға терең әсер етерiн мойындай отырып,
      Авторлық-құқықтық қорғаудың әдеби және көркем шығармашылық үшiн ынталандырушы ретiндегi зор маңыздылығын атап көрсете отырып, Берн конвенциясында аталғандай, авторлардың құқықтары мен дүйiм жұртшылық мүдделерiнiң, атап айтқанда, бiлiм беру, ғылыми зерттеулер және ақпаратқа қол жеткiзу салаларында тепе-теңдiгiн сақтау қажеттiгiн мойындай отырып,
      Төмендегiлер туралы уағдаласты:

  1-бап.
Берн конвенциясына қатыстылығы

      (1) Осы Шарт Берн конвенциясының 20-бабы тұрғысынан осы Конвенциямен құрылған Одақтың елдерi болып табылатын Уағдаласушы Тараптарға қатысты әдеби және көркем туындыларды қорғау туралы арнайы келiсiм болып табылады. Осы Шарт Берн конвенциясын қоспағанда, басқа шарттармен ешқандай байланысты емес және кез келген басқа шарттар бойынша қандай да бiр құқықтар мен мiндеттемелерiне нұқсан келтiрмейдi.
      (2) Осы Шартта ешнәрсе де Уағдаласушы Тараптардың Әдеби және көркем туындыларды қорғау туралы Берн конвенциясы бойынша бiр-бiрiнe қатысты қолданылып жүрген мiндеттемелерiнiң құнын түсiрмейдi.
      (3) Бұдан әрi "Берн конвенциясы" Әдеби және көркем туындыларды қорғау туралы Берн конвенциясының 1971 жылғы 24 шiлдедегi Париж актiсiн бiлдiредi.
      (4) Уағдаласушы тараптар 1-21-баптарды және Берн конвенциясының Қосымша тарауын сақтайды.

  2-бап.
Авторлық-құқықтық қорғау аясы

      (1) Авторлық-құқықтық қорғау сонысына қарай, идеялардың, процестердiң, жұмыс iстеу әдiстерiнiң немесе математикалық тұжырымдамалардың өздерiне қатысты емес, оларды бiлдiру түрiне қатысты қолданылады.

  3-бап.
Берн конвенциясының 2-6-баптарын қолдану

      (1) Уағдаласушы Тараптар тиiстi өзгерiстердi ескере отырып, осы Шартта көзделген қорғауға қатысты Берн конвенциясының 2-6-баптарының ережелерiн қолданады.

  4-бап.
Компьютерлiк бағдарламалар

      (1) Компьютерлiк бағдарламалар Берн конвенциясының 2-бабының мағынасында әдеби туындылар ретiнде қорғалады. Мұндай қорғау компьютерлiк бағдарламаларға қатысты, олардың бiлдiру тәсiлiне немесе түрiне қарамастан қолданылады.

  5-бап.
Деректердiң (дерекқорлардың) компиляциялары

      (1) Деректердiң немесе кез келген нысандағы басқа да ақпараттың компиляциялары, iрiктеп алынуы мен мазмұнының орналасуы бойынша зияткерлiк шығармашылықтың нәтижесiн бiлдiредi, осындай тұрғыда қорғалады. Мұндай қорғау тiкелей деректердiң өздерiне немесе ақпаратқа қатысты қолданылмайды және компиляцияда қамтылған деректердiң немесе ақпараттың тiкелей өздерiне жататын қандай да болмасын авторлық құқыққа әсерiн тигiзбейдi.

  6-бап.
Тарату құқығы

      (1) Әдеби және көркем туындылардың авторлары меншiк құқығын сату немесе өзгеше беру жолымен өз туындыларының түпнұсқасы мен даналарын жалпы жұрттың назарына жеткiзуге рұқсат беруге айрықша құқығын пайдаланады.
      (2) Осы Шартта ешнәрсе де туындының түпнұсқасына немесе данасына меншiк құқығы автордың рұқсатымен бастапқы сатылғанынан немесе өзгеше де берiлуiнен кейiн Уағдаласушы Тараптардың (1)-тармақта ескерiлген құқықтың түгесiлуiн қолдану шарттарын белгiлеу немесе белгiлемеу еркiне әсер етпейдi.

  7-бап.
Жалға беру құқығы

      (1)
      (i) Компьютерлiк бағдарламалардың;
      (іі) кинематографиялық туындылардың және,
      (iii) фонограммаларда орындалған туындылардың авторлары, Уағдаласушы Тараптардың ұлттық заңнамаларында белгiленгендей өз туындыларының түпнұсқалары мен даналарын жұртшылық үшiн коммерциялық жалға беруге рұқсат етудiң айрықша құқығын пайдаланады.
      (2)(1)-тармақ:
      (i) компьютерлiк бағдарламаларға қатысты, егер бағдарламаның өзi жалға берудiң негiзгi объектiсi болып табылмайтын болса, және
      (іі) кинематографиялық туындыларға қатысты, егер тек мұндай коммерциялық жалға беру мұндай туындыларды қайта жасаудың айрықша құқығына елеулi нұқсан келтiретiн кеңiнен көшiрмелеуге әкеп соқтырмаса, қолданылмайды.
      (3) (1)-тармақтың ережелерiне қарамастан, өздерiнде 1994 жылғы 15 сәуiрдегi авторларға, олардың туындыларының фонограммаларда орындалған даналары жалға берiлгенi үшiн әдiл сыйақы беру жүйесi қолданылған және қолданылып келе жатқан Уағдаласушы Тарап, бұл жүйенi фонограммаларда орындалған туындыларының коммерциялық жалға берiлуi авторлардың қайта жасауға арналған айрықша құқығына елеулi нұқсан келтiрмейтiн жағдайда сақтап қалуы мүмкiн.

  8-бап.
Жалпы жұрттың назарына хабарлау құқығы

      Әдеби және көркем туындылардың авторлары Берн конвенциясының 11(1)(ii)11bis(1)(i) және (іі), 11ter(1)(ii)14(і)(іі) және 14bis(1) -баптарының ережелерiне нұқсан келтiрместен, өздерiнiң туындыларын желiлер бойынша немесе сымсыз байланыс құралдары арқылы, өздерiнiң туындыларын жалпы жұрттың назарына хабарлауды қоса алғанда, көпшiлiк өкiлдерi мұндай туындыларға өздерiнiң қалауы бойынша, кез келген жерден және кез келген уақытта қол жеткiзудi жүзеге асыра алатындай түрде, кез келген жариялауға рұқсат беруге айрықша құқығын пайдаланады.

  9-бап.
Фотосурет туындыларын қорғаудың ұзақтығы

      Уағдаласушы Тараптар фотосурет туындыларына қатысты Берн конвенциясының 7(4)-бабының ережелерiн қолданбайды.

  10-бап.
Шектеулер мен айрықшалықтар

      (1) Уағдаласушы Тараптар, туындыны қалыпты пайдалануға нұқсан келтiрмейтiн және автордың заңды мүдделерiне негiзсiз шек қоймайтын белгiлi бiр ерекше жағдайларда, өздерiнiң ұлттық заңнамасында әдеби және көркем туындылардың авторларына осы Шарт бойынша берiлген құқықтарын шектеудi немесе айрықшалықтарды қарастыра алады.
      (2) Берн конвенциясын қолдану кезiнде, Уағдаласушы Тараптар, туындыны қалыпты пайдалануға нұқсан келтiрмейтiн және автордың заңды мүдделерiне негiзсiз шек қоймайтын белгiлi бiр ерекше жағдайларда, онда көзделген құқықтарды қандай да бiр шектеудi немесе айрықшалықтарды белгiлейдi.

  11-бап.
Техникалық шараларға қатысты мiндеттемелер

      Уағдаласушы Тараптар, авторлардың осы Шарт бойынша немесе Берн конвенциясы бойынша өз құқықтарын жүзеге асырумен байланысты пайдаланылатын және олардың туындыларына қатысты әрекеттердi шектейтiн, авторлар рұқсат етпеген немесе оларға заң бойынша жол берiлмейтiн бар техникалық құралдарды пайдаланудан тиiстi құқықтық қорғауды және құқықтық қорғаудың тиiмдi шараларын қарастырады.

  12-бап.
Құқықтарды басқару туралы ақпаратқа қатысты мiндеттемелер

      (1) Уағдаласушы Тараптар, мына iс-әрекеттердiң кез келгенiн:
      (i) құқықтарды басқару туралы кез келген электрондық ақпаратты рұқсатсыз жоюды немесе өзгертуді;
      (іі) туындыларды немесе туындылардың даналарын, оларда құқықтарды қорғау туралы электрондық ақпараттың рұқсатсыз жойылғанын немесе өзгертiлгенiн бiле тұра туындыларды немесе туындылардың даналарын рұқсатсыз таратуды, тарату мақсатында импорттауды, эфирге берудi немесе жалпы жұрттың назарына жариялауды, мұндай әрекет осы Шартта немесе Берн конвенциясында көзделген кез келген құқықтың бұзылуына ниеттендiретiнiн, оған мүмкiндiк беретiнiн, ықпал ететiнiн немесе жасыратынын бiле тұра, немесе қорғаудың азаматтық-құқықтық құралдарын қолдануымен байланысты бiлуге жеткiлiктi негiздемесi бола тұра, әдейiлеп жүзеге асыратын кез келген тұлғаға қатысты құқықтық қорғаудың тиiстi және тиiмдi шараларын қарастырады.
      (2) "Құқықтарды басқару туралы ақпарат" осы баптың мағынасында, бұл ақпараттың кез келген элементтерiн туындының данасына қоса берiлген немесе туындыны жалпы жұрттың назарына хабарлауға байланысты пайда болатын жағдайларда, туындыны, туындының авторын, туындыға немесе туындыны пайдаланудың шарттары туралы ақпаратқа қандай да бiр құқық иеленушiсiн және осындай ақпарат ұсынылған кез келген сандарды немесе кодтарды теңдестiретiн ақпаратты бiлдiредi.

  13-бап.
Қолдану уақыты

      Уағдаласушы Тараптар Берн конвенциясының 18-бабының ережелерiн осы Шартта көзделген қорғаудың барлық түрлерiне қатысты қолданады.

  14-бап.
Құқықтарды қамтамасыз ету жөнiндегi ережелер

      (1) Уағдаласушы Тараптар өздерiнiң құқықтық жүйелерiне сәйкес, осы Шарттың қолданылуын қамтамасыз ету үшiн қажеттi шараларды қабылдауға мiндеттенедi.
      (2) Уағдаласушы Тараптар, өздерiнiң заңдарында бұзушылықтардың алдын алу жөнiндегi шұғыл шаралар мен одан әрi бұзушылықтардан ұстап тұратын амал болып табылатын шараларды қоса алғанда, осы Шартта көзделген кез келген құқық бұзушылық әрекетiне қарсы тиiмдi iс-қимылдарды жүзеге асыруға мүмкiндiк беретiн құқықтарды қамтамасыз ету жөнiндегi шаралардың көзделуiн қамтамасыз етедi.

  15-бап.
Ассамблея

      (1) (а) Уағдаласушы Тараптар Ассамблеяны құрады.
      (b) Уағдаласушы Тараптардың әрқайсысына орынбасарлары, кеңесшiлерi және сарапшылары болуы мүмкiн бiр делегат өкiлдiк ете алады.
      (с) Әрбiр делегацияның шығындарын оны тағайындаған Уағдаласушы Тарап көтередi. Бiрiккен Ұлттар Ұйымының Бас Ассамблеясының қалыптасқан тәжiрибесiне сәйкес, дамушы елдер ретiнде қаралатын немесе нарықтық экономикаға өту үрдiсiндегi ел болып табылатын Уағдаласушы Тараптардың делегацияларының қатысуына себепшi болу үшiн Ассамблея Дүниежүзiлiк зияткерлiк меншiк ұйымынан (бұдан әрi - ДЗМҰ) қаржылай көмек көрсетудi сұрай алады.
      (2) (а) Ассамблея осы Шартты сақтауға, дамытуға, қолдануға және оның жұмыс iстеуiне қатысты мәселелердi қарайды.
      (b) Ассамблея 17(2)-бап бойынша кейбiр үкiметаралық ұйымдардың осы Шартқа қатысуына рұқсат етуге қатысты өзiне жүктелген мiндеттi жүзеге асырады.
      (с) Ассамблея осы Шартты қайта қарау үшiн кез келген дипломатиялық конференцияны шақыру туралы шешiм қабылдайды және осындай дипломатиялық конференцияны дайындау жөнiнде ДЗМҰ-ның Бас директорына қажеттi нұсқаулар бередi.
      (3) (а) Мемлекет болып табылатын Уағдаласушы Тараптардың әрқайсысы бiр дауысқа ие және тек өз атынан ғана дауыс бередi.
      (b) Үкiметаралық ұйым болып табылатын кез келген Уағдаласушы Тарап осы Шарттың тараптары болып табылатын осындай ұйымға мүше-мемлекеттердiң санына тең дауыс санымен, мұндай ұйымға мүше-мемлекеттердiң орнына дауыс беруге қатыса алады. Осындай кез келген үкiметаралық ұйым, егер осындай ұйымға кез келген мүше-мемлекеттер өздерiнiң дауыс беру құқығын пайдаланса, дауыс беруге қатыспайды және керiсiнше.
      (4) Ассамблея екi жылда бiр рет ДЗМҰ-ның Бас директоры шақыратын кезектi сессияға жиналады.
      (5) Ассамблея өзiнiң рәсiмдеу тәртiбiн, оның iшiнде кезектен тыс сессияларды шақыруға қатысты, кворумның талаптарына және, осы Шарттың ережелерiн ескере отырып, әртүрлi шешiмдердi қабылдау үшiн талап етiлетiн көпшiлiкке қатысты қабылдайды.

  16-бап.
Халықаралық бюро

      ДЗМҰ-ның халықаралық бюросы Шартқа орай әкiмшiлiк функцияларын орындайды.

  17-бап.
Шартқа қатысу құқығы

      (1) Кез келген ДЗМҰ-ға мүше-мемлекет осы Шарттың қатысушысы бола алады.
      (2) Ассамблея осы шартпен реттелетiн мәселелер бойынша құзыреттi екендiгiн және барлық осындай ұйымға мүше мемлекеттер үшiн мiндеттi жеке нормативтiк базасы барын және оның өзiнiң iшкi рәсiмдерiне сәйкес осы Шартқа қатысушы болуға лайықты түрде өкiлеттендiрiлгенiн мәлiмдейтiн кез келген үкiметаралық ұйымға, осы Шартқа қатысуға рұқсат беру туралы шешiм қабылдай алады.
      (3) Еуропалық қауымдастық, жоғарыдағы тармақта аталған мәлiмдеменi жасап, осы Шартты қабылдаған Дипломатиялық конференцияда бұл Шарттың мүшесi бола алады.

  18-бап.
Шарт бойынша құқықтар мен мiндеттемелер

      Егер осы Шарт өзге туралы қандай да бiр арнайы ереженi қамтымаса, Уағдаласушы Тараптардың әрқайсысы осы Шарт бойынша барлық құқықтарды пайдаланады және барлық мiндеттемелердi өзiне қабылдайды.

  19-бап.
Шартқа қол қою

      Осы Шарт ДЗМҰ-ның кез келген мүше-мемлекетi мен Еуропалық қауымдастық үшiн қол қоюға 1997 жылғы 31 желтоқсанға дейiн ашық.

  20-бап.
Шарттың күшiне енуi

      Осы Шарт 30 мемлекеттiң бекiту немесе сақтауға қосылу туралы құжаттарды ДЗМҰ-ның Бас директорына тапсырғаннан кейiн үш айдан соң күшiне енедi.

  21-бап.
Шартқа қатысудың басталу мерзiмi

      (1) Осы Шарт:
      (i) осы Шарт күшiне енген күнiнен бастап 20-бапта көрсетiлген 30 мемлекет үшiн;
      (іі) басқа мемлекеттердiң әрқайсысы үшiн, осы мемлекет өз құжатын ДЗМҰ-ның Бас директорына тапсырған күннен бастап үш айдан кейiн;
      (iii) Еуропалық қауымдастық үшiн - бекiту немесе қосылу туралы құжат сақтауға берiлген күннен бастап үш айдан кейiн, егер осындай құжат осы Шарт 20-бапқа сәйкес күшiне енгеннен кейiн өткiзiлсе немесе осындай құжат осы Шарт күшiне енгенге дейiн сақтауға берiлген болса, осы Шарт күшiне енгеннен кейiнгi үш айдан соң;
      (iv) осы Шартқа қатысуға рұқсат алған кез келген үкiметаралық ұйым үшiн - оның қосылуы туралы құжаты сақтауға берiлгеннен кейiн үш айдан соң мiндеттi болып табылады.

  22-бап.
Шартқа ескертпелерге жол бермеу

      Осы Шартқа ешқандай ескертпелерге жол берiлмейдi.

  23-бап.
Шартты бұзу

      Кез келген Уағдаласушы Тарап ДЗМҰ-ның Бас директорына Жолдаған хабарлама арқылы осы Шартты бұза алады. Кез келген денонсация ДЗМҰ-дың Бас директоры хабарламаны алған күннен бастап бiр жылдан кейiн күшiне енедi.

  24-бап.
Шарттың тiлдерi

      (1) Осы Шарттың орыс, ағылшын, араб, испан, қытай және француз тiлдерiндегi бiр данасына қол қойылады, бұл орайда осы тiлдердегi мәтiндердiң барлығы түпнұсқалық болып табылады.
      (2) (1)-тармақта аталғандардан басқа кез келген тiлдегi ресми мәтiндi мүдделi тараптардың өтiнiшi бойынша және барлық мүдделi тараптармен кеңесуден кейiн ДЗМҰ-ның Бас директоры бекiтедi. Осы тармақтың мақсаттары үшiн "мүдделi тарап" дегенiмiз ресми тiлi немесе ресми тiлдерiнiң бiрi өтiнiш нысанасы болып табылатын, ДЗМҰ-ның кез келген мүше-мемлекетiн, сондай-ақ Еуропалық қауымдастықты және оның ресми тiлдерiнiң бiрi өтiнiш нысанасы болса, осы Шартқа қатысушы бола алатын басқа кез келген үкiметаралық ұйымды бiлдiредi.

  25-бап.
Депозитарий

      ДЗМҰ-ның Бас директоры осы Шарттың депозитарийi болып табылады.

  ДЗМҰ-ның авторлық құқық жөнiндегi шартына қатысты
келiсiлген мәлiмдемелер 1(4)-бапқа қатысты

      Қайта шығаруға құқық Берн конвенциясының 9-бабында белгiленгендей және осы баппен рұқсат етiлетiн айрықшалықтар цифрлiк ортада және, атап айтқанда, туындыларды цифрлiк ортада пайдалануға қатысты толық қолданылады. Қорғалатын туындыны электрондық құралда цифрлiк нысанда сақтау Берн конвенциясының 9-бабындағы мағынада қайта шығару болып табылатыны түсiнiледi.

3-бапқа қатысты

      Осы Шарттың 3-бабын қолдану кезiнде Берн конвенциясының 2-6-баптарындағы "Одаққа мүше ел" деген сөздер осы Шартпен берiлетін қорғауға қатысты осы Берн баптарын қолдану кезiндегi осы Шарттың Уағдаласушы Тарапы ретiнде түсiнiледi. Сондай-ақ, Берн конвенциясының осы баптарындағы "Одаққа кiрмейтiн ел" деген сөздер дәл сол жағдайларда бұл Шарттың Уағдаласушы Тарапы болып табылмайтын ел ретiнде және Берн конвенциясының 2(8)2bis(2)3, 4 және 5-баптарындағы"осы Конвенция" Берн конвенциясы мен осы Шарт ретiнде түсiнiледi. Соңында, Берн конвенциясының 3-6-баптарындағы "Одаққа мүше елдердiң бiрiнiң азаматы" деп көрсету осы баптарды осы Шартқа қатысты қолдану кезiнде осы Шарттың Уағдаласушы Тарапы болып табылатын үкiметаралық ұйымға қатысты осы ұйымға мүше-елдердiң бiрiнiң азаматы екенi ұғындырылады.

4-бапқа қатысты

      Осы Шарттың 4-бабы бойынша компьютерлiк бағдарламаларды қорғау көлемi 2-баппен бiрiктiрiлiп оқыған кезде Берн конвенциясының 2-бабына, сонымен қатар ТРИПС-ЗМҚСА келiсiмiнiң тиiстi ережелерiне сәйкес келедi.

5-бапқа қатысты

      Осы Шарттың 5-бабы бойынша деректердiң (дерекқорлардың) компиляцияларын қорғау көлемi 2-баппен бiрiктiрiлiп оқыған кезде Берн конвенциясының 2-бабына, сонымен қатар ТРИПС-ЗМҚСА келiсiмiнiң тиiстi ережелерiне сәйкес келедi.

6 және 7-баптарға қатысты

      "Даналар" және "түпнұсқа және даналар" деген сөздер осы баптардың мағынасында аталған баптар бойынша тарату және жалға беру құқығының нысанасы бола отырып, тек қана тiркелген материалдық заттар түрiнде айналымға шығарылуы мүмкiн даналарға қатысты.

7-бапқа қатысты

      7(1)-бап бойынша мiндеттеме Уағдаласушы Тараптан осы Уағдаласушы Тараптың заңнамасы бойынша фонограммаларға қатысты құқықтар берiлмейтiн авторларға қатысты коммерциялық жалға айрықша құқығын көздеудi талап етпейтiнi түсiнiледi. Осы мiндеттеме ТРИПС-ЗМҚСА келiсiмiнiң 14(4)-бабына сәйкес келедi деп түсiнiледi.

8-бапқа қатысты

      Хабарлауды жасауға мүмкiндiк беретiн немесе оны жүзеге асыратын физикалық құралдарды жай ғана беру осы Шарттың немесе Берн конвенциясының мағынасында өздiгiнен хабарлау болып табылмайтыны түсiнiледi. Бұдан әрi, 8-бапта Уағдаласушы тарапқа 11 bis(2)-бапты қолдануға ешнәрсе кедергi жасамайтыны түсiнiледi.

10-бапқа қатысты

      10-баптың ережелерi Уағдаласушы Тараптарға өздерiнiң ұлттық заңнамаларында Берн конвенциясы бойынша қолдануға мүмкiн болып саналатын шектеулер мен айрықшалықтарды цифрлiк ортаға ауыстыруға және тиiстi жолмен таратуға мүмкiндiк беретiнi түсiнiледi. Осыған ұқсас жолмен осы ережелер Уағдаласушы Тараптарға цифрлiк компьютерлiк желiлер ортасында қолдануға қолайлы жаңа айрықшалықтар мен шектеулердi белгiлеуге мүмкiндiк беретiндей болып түсiнiлуi тиiс.
      Сондай-ақ 10(2)-бап Берн конвенциясы рұқсат ететiн шектеулер мен айрықшалықтарды қолдану аясын шектемейтiнi және кеңейтпейтiнi түсiнiледi.

12-бапқа қатысты

      "Осы Шартта немесе Берн конвенциясында көзделген кез келген құқықтың бұзылуына" деп көрсету айрықша құқықты, сондай-ақ сыйақы алу құқығын да қамтитыны түсiнiледi.
      Бұдан әрi Уағдаласушы тараптар құқықтарды басқару жүйесiн белгiлеу немесе оны қолдану кезiнде осы Бапты негiзге алмайтыны түсiнiледi, оның нәтижесiнде тауарлардың еркiн қозғалысына тыйым салатын немесе осы Шарт бойынша құқықтарды пайдалануға кедергi келтiретiн, Берн конвенциясы немесе осы Шарт бойынша жол берiлмейтiн формалдылықтар енгiзiлетiндей болар едi.

[Соңы]  

      Осы мәтiн 1996 жылғы 20 желтоқсандағы Дүниежүзiлiк зияткерлiк меншiк ұйымының авторлық құқық жөнiндегi шартының куәландырылған дұрыс көшiрмесi екенiн растаймын.

      Қазақстан Республикасының
      Әділет бірінші вице-министрі

       (РҚАО-ның ескертуі: ары қарай ағылшын тіліндегі мәтін
              берілген (қағаздағы мәтінді қараңыз)

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады