Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне дәрілік заттар айналымы мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 6 мамырдағы N 551 Заңы

      2001 жылғы 30 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы  кодексіне  (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2001 ж., N 5-6, 24-құжат; N 17-18, 241-құжат; N 21-22, 281-құжат; 2002 ж., N 4, 33-құжат; N 17, 155-құжат; 2003 ж., N 1-2, 3-құжат; N 4, 25-құжат; N 5, 30-құжат; N 11, 56, 64, 68-құжаттар; N 14, 109-құжат; N 15, 122, 139-құжаттар; N 18, 142-құжат; N 21-22, 160-құжат; N 23, 171-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:

      1) 324-бап мынадай редакцияда жазылсын:

      "324-бап. Фармацевтік қызмет, косметикалық заттардың,
                емдеу-профилактикалық тағамдар өнімдері мен
                тамақ қоспаларының өндірісі мен айналымы
                ережелерін бұзу

      1. Дәрілік заттарды және оларға теңестірілген заттарды, емдеу-профилактикалық тағамдар өнімдері мен тамақ қоспаларын, сондай-ақ косметикалық заттарды тіркеу және қайта тіркеу, өндіру, сынау, (зерттеу) сатып алу, тасымалдау, сақтау, таңбалау, өткізу, қолдану, жою, жарнамалау ережелерін бұзу, егер олар адамның денсаулығына зиян келтірмесе, -
      азаматтарға - айлық есептік көрсеткіштің беске дейінгі мөлшерінде, лауазымды адамдарға - жиырмаға дейінгі мөлшерінде, заңды тұлғаларға бір жүзге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
      2. Тіркелмеген, жалған, қолдану рұқсат етілмеген дәрілік заттарды және оларға теңестірілген заттарды, емдеу-профилактикалық тағамдар өнімдері мен тамақ қоспаларын, сондай-ақ косметикалық заттарды өндіру, сатып алу, тасымалдау, сақтау, өткізу, жарнамалау, егер олар адамның денсаулығына зиян келтірмесе, -
      құқық бұзушылықтың тікелей объектілерін және әкімшілік құқық бұзушылық жасау нәтижесінде алынған кірістерді тәркілей отырып, қызметін тоқтата тұрып немесе оған тыйым салып, не онысыз, азаматтарға - айлық есептік көрсеткіштің жиырмаға дейінгі мөлшерінде, лауазымды адамдарға - елуге дейінгі мөлшерінде, заңды тұлғаларға бес жүзге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
      3. Осы баптың бірінші және екінші бөліктерінде көзделген, адамның денсаулығына зиян келтірген іс-әрекеттер, егер оларда қылмыстық жаза қолданылатын әрекет белгілері болмаса, -
      құқық бұзушылықтың тікелей объектілерін және әкімшілік құқық бұзушылық жасау нәтижесінде алынған кірістерді тәркілей отырып, азаматтарға - айлық есептік көрсеткіштің елуге дейінгі мөлшерінде, лауазымды адамдарға - бір жүзге дейінгі мөлшерінде, заңды тұлғаларға бір мыңға дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға, сондай-ақ оның қызметін тоқтата тұруға немесе оған тыйым салуға әкеп соғады.";

      2) 541-баптың бірінші бөлігінде "324-328" деген цифрлар "324 (екінші және үшінші бөліктерінде), 325-328" деген сөздермен ауыстырылсын;

      3) мынадай мазмұндағы 557-1-баппен толықтырылсын:

      "557-1-бап. Дәрілік заттар айналымы саласындағы
                  мемлекеттік орган

      1. Дәрілік заттар айналымы саласындағы мемлекеттік орган және оның аумақтық бөлімшелері осы Кодекстің 324-бабының бірінші бөлігінде көзделген әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді өз құзыреті шегінде қарайды.
      2. Дәрілік заттар айналымы саласындағы мемлекеттік органның басшысы, оның орынбасарлары, аумақтық бөлімшелердің басшылары мен олардың орынбасарлары әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарауға және әкімшілік жазалар қолдануға құқылы.";

      4) 636-баптың бірінші бөлігі 1) тармақшасының оныншы абзацындағы "324-328" деген цифрлар "324 (екінші және үшінші бөліктері) 325-328" деген сөздермен ауыстырылсын.

       Қазақстан Республикасының
      Президенті

      

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады