"Өлшем бiрлiгiн қамтамасыз ету туралы" Қазақстан Республикасының Заңына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9 маусымдағы N 558 Заңы

       1-бап.  "Өлшем бiрлiгiн қамтамасыз ету туралы" 2000 жылғы 7 маусымдағы Қазақстан Республикасының  Заңына  (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2000 ж., N 7, 165-құжат) мынадай өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлсiн:
      1) бүкiл мәтiн бойынша "уәкiлеттi мемлекеттiк органның", "уәкiлеттi мемлекеттiк орган", "уәкiлеттi мемлекеттiк органы", "уәкiлеттi мемлекеттiк органнан", "уәкiлеттi мемлекеттiк органды", "уәкiлеттi мемлекеттiк органмен" деген сөздер тиiсiнше "уәкiлеттi органның", "уәкiлеттi орган", "уәкiлеттi органы", "уәкiлеттi органнан", "уәкiлеттi органды", "уәкiлеттi органмен" деген сөздермен ауыстырылсын;
      2) 1-бапта:
      1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      "1) аккредиттеу - стандарттау, метрология және сертификаттау жөнiндегi уәкiлеттi органның метрологиялық жұмыстар мен көрсетiлетiн қызметтердiң нақты түрлерiн жүзеге асыруға заңды тұлғаның құқықтылығын ресми тануы;";
      мынадай мазмұндағы 1-1) тармақшамен толықтырылсын:
      "1-1) өлшем бiрлiгiн қамтамасыз етудiң мемлекеттiк жүйесi - өлшем бiрлiгiн қамтамасыз ету саласында жұмыстарды өз құзыретi шегiнде жүзеге асыратын объектiлердiң, мемлекеттiк басқару органдарының, жеке және заңды тұлғалардың жиынтығы;";
      2) тармақша "уәкiлеттi" деген сөздiң алдынан "стандарттау, метрология және сертификаттау жөнiндегi" деген сөздермен толықтырылсын;
      3) тармақшадағы "стандарттау, метрология және сертификаттау жөнiндегi уәкiлеттi мемлекеттiк органның" деген сөздер "стандарттау, метрология және сертификаттау жөнiндегi уәкiлеттi органның және оның аумақтық бөлiмшелерiнiң" деген сөздермен ауыстырылсын, "жөнiнде жүзеге асыратын" деген сөздер "жөнiндегi" деген сөзбен ауыстырылсын;
      9) тармақшада "бақылау мен" деген сөздер алып тасталсын;
      мынадай мазмұндағы 10-1) тармақшамен толықтырылсын:
      "10-1) өлшем құралдарын тексеру әдiстемесi - орындалуы өлшем құралдарының белгiленген техникалық және метрологиялық талаптарға сәйкестiгiн айқындауға және растауға мүмкiндiк беретiн операциялар мен ережелердiң жиынтығы;";
      мынадай мазмұндағы 11-1) тармақшамен толықтырылсын:
      "11-1) өлшем құралдарын метрологиялық аттестаттау - бiрен-саран данада шығарылған немесе әкелiнген өлшем құралдарының өлшем бiрлiгiн қамтамасыз ету жөнiндегi нормативтiк құжаттардың талаптарына сәйкестiгiн белгiлеу (растау);";
      мынадай мазмұндағы 14-1) тармақшамен толықтырылсын:
      "14-1) өлшем құралдарын салыстырып тексерушi - өлшем құралдарын салыстырып тексеру жүргiзу құқығына стандарттау, метрология және сертификаттау жөнiндегi уәкiлеттi орган белгiлеген тәртiппен аттестатталған мемлекеттiк метрологиялық қызметтiң немесе аккредиттелген заңды тұлғалардың метрологиялық қызметтерiнiң маманы;";
      15) тармақшада:
      "оған уәкiлеттi басқа органдар" деген сөздер "басқа аккредиттелген заңды тұлғалар" деген сөздермен ауыстырылсын;
      "техникалық" деген сөзден кейiн "және метрологиялық" деген сөздермен толықтырылсын;
      мынадай мазмұндағы 16-1) тармақшамен толықтырылсын:
      "16-1) салғастыру - эталондар мен өлшем құралдарының метрологиялық сипаттамаларын зерттеудiң нәтижелерiн салыстыру;";
      мынадай мазмұндағы 17-1) және 17-2) тармақшалармен толықтырылсын:
      "17-1) стандарттау, метрология және сертификаттау жөнiндегi уәкiлеттi орган - стандарттау, метрология, сертификаттау және аккредиттеу жөнiндегi жұмыстарды басқаруды жүзеге асыратын мемлекеттiк орган;
      17-2) өлшем бiрлiгiн қамтамасыз ету саласындағы сарапшы-аудитор - стандарттау, метрология және сертификаттау жөнiндегi уәкiлеттi орган белгiлеген тәртiппен өлшем бiрлiгiн қамтамасыз ету саласында жұмыстарды жүргiзу құқығына аттестатталған жеке тұлға;";
      3) 5-бапта:
      1-тармақтағы "Қазақстан Республикасында" деген сөздер алып тасталып, "өлшем" деген сөз бас әрiппен жазылсын;
      2-тармақта:
      4) тармақшадағы "iргелi" деген сөз "ғылыми" деген сөзбен ауыстырылсын;
      5) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      "5) шама бiрлiктерiнiң мемлекеттiк эталондарын, шама бiрлiктерiнiң эталондарын жасау, бекiту, сақтау, қолдану және салғастыру ережелерiн белгiлейдi, Қазақстан Республикасының шама бiрлiктерiнiң эталондық базасын жетiлдiредi;";
      мынадай мазмұндағы 5-1) тармақшамен толықтырылсын:
      "5-1) Қазақстан Республикасының аумағында қолданылатын шама бiрлiктерiнiң мемлекеттiк эталондарының сыныптамасын белгiлейдi;";
      7) тармақша "нәтижелерiне" деген сөзден кейiн ", өлшем құралдарын салыстырып тексеру әдiстемелерiне" деген сөздермен толықтырылсын;
      8) тармақша "белгiлейдi" деген сөзден кейiн ", өлшем құралдарын салыстырып тексеру және калибрлеу нәтижелерiн салғастыруды ұйымдастырады" деген сөздермен толықтырылсын;
      9) тармақшадағы "тiзiлiмiн жүргiзедi" деген сөздер "тiзiлiмiн жүргiзудi ұйымдастырады" деген сөздермен ауыстырылсын;
      12) тармақшадағы "кадрларды кәсiби даярлауды" деген сөздер "кадрлардың бiлiктiлiгiн арттыруды" деген сөздермен ауыстырылсын;
      мынадай мазмұндағы 13)-15) тармақшалармен толықтырылсын:
      "13) өлшем бiрлiгiн қамтамасыз ету саласында аккредиттеудi және лицензиялауды жүзеге асырады, өлшем бiрлiгiн қамтамасыз ету саласындағы аккредиттеуге жататын жұмыстар мен көрсетiлетiн қызметтердiң тiзбесiн айқындайды;
      14) өлшем құралдарының түрiн бекiту туралы сертификаттардың, өлшем құралдарын метрологиялық аттестаттау туралы сертификаттардың, өлшем құралдарын салыстырып тексеру туралы сертификаттардың нысандарын белгiлейдi;
      15) салыстырып тексеру таңбаларын дайындаудың, сақтаудың және қолданудың тәртiбiн белгiлейдi.";
      4) 6-баптың 2) тармақшасында "эталондары" деген сөзден кейiн ", шама бiрлiктерiнiң эталондары" деген сөздермен толықтырылсын;
      5) 7-бап мынадай редакцияда жазылсын:

      "7-бап. Өлшем бiрлiгiн қамтамасыз етудiң мемлекеттiк
              жүйесiнiң объектiлерi

      Шама бiрлiктерi, шама бiрлiктерiнiң мемлекеттiк эталондары, шама бiрлiктерiнiң эталондары, өлшем құралдары, өлшем құралдарын салыстырып тексеру әдiстемелерi, өлшем құралдарына, әдiстерiне және нәтижелерiне қойылатын талаптар, өлшемдердi орындау әдiстемелерi, өлшем бiрлiктерiн қамтамасыз ету жөнiндегi мемлекеттiк басқару органдарының, жеке, заңды тұлғалардың метрологиялық қызметтерiнiң жұмысы өлшем бiрлiгiн қамтамасыз етудiң мемлекеттiк жүйесiнiң объектiлерi болып табылады.";

      6) мынадай мазмұндағы 10-1-баппен толықтырылсын:

      "10-1-бап. Шама бiрлiктерiнiң эталондары

      Шама бiрлiктерiнiң эталондары шама бiрлiктерiн (шама бiрлiктерiнiң еселенген не үлестiк мәнiн) олардың көлемдерiн осы шамалардың басқа өлшем құралдарына беру мақсатымен ұдайы шығаруға және (немесе) сақтауға арналған.
      Шама бiрліктерiнiң эталондарын мемлекеттiк метрологиялық қызмет, мемлекеттiк басқару органдарының және заңды тұлғалардың метрологиялық қызметтерi қолданады.";

      7) мынадай мазмұндағы 11-1-баппен толықтырылсын:

      "11-1-бап. Өлшем құралдарын салыстырып тексеру әдiстемелерi

      1. Өлшем құралдарын салыстырып тексеру әдiстемелерi өлшем құралдарының белгiленген техникалық және метрологиялық талаптарға сәйкестiгiн анықтау мен растау үшiн пайдаланылады және өлшем бiрлiгiн қамтамасыз етудiң мемлекеттiк жүйесiнiң тiзiлiмiнде мiндеттi тiркелуге жатады.
      2. Өлшем құралдарын салыстырып тексеру әдiстемелерiн әзiрлеу, бекiту және қолдану тәртiбiн стандарттау, метрология және сертификаттау жөнiндегi уәкiлеттi орган айқындайды.";

      8) 12-бапта:
      1-тармақтағы "бақылау мен" деген сөздер алып тасталсын;
      2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "2. Өлшемдердi орындау әдiстемелерiн әзiрлеу және метрологиялық аттестаттау, сондай-ақ өлшемдердi орындау әдiстемелерiн метрологиялық аттестаттау құқығына заңды тұлғаларды аккредиттеу тәртiбiн стандарттау, метрология және сертификаттау жөнiндегi уәкiлеттi орган айқындайды.";
      9) 13-баптың 3-тармағындағы "қызметтерiнен" деген сөзден кейiн нүктелi үтiр қойылып, "тұрады." деген сөз алып тасталсын және бап мынадай мазмұндағы 4) және 5) тармақшалармен толықтырылсын:
      "4) өлшем бiрлiгiн қамтамасыз ету саласындағы сарапшы-аудиторлардан;
      5) өлшем бiрлiгiн қамтамасыз ету саласында консалтингтiк қызметтер көрсететiн заңды тұлғалардан тұрады.";
      10) 14-бапта:
      1) тармақша "органнан" деген сөзден кейiн "және оның аумақтық бөлiмшелерiнен" деген сөздермен толықтырылсын;
      2) тармақшада:
      "сондай-ақ", "(орталықтардан)" деген сөздер алып тасталсын;
      "әзiрлейтiн" деген сөзден кейiн ", шама бiрлiктерiнiң эталондарын, өлшем құралдарын салыстырып тексеру мен калибрлеу нәтижелерiн салғастыруды, шама бiрлiктерiнiң эталондарын және жоғары дәлдiктi өлшем құралдарын салыстырып тексерудi, ғылыми-зерттеу жұмыстарын, кадрлардың бiлiктiлiгiн арттыру мен қайта даярлауды жүргiзетiн" деген сөздермен толықтырылсын;
      3) тармақша алып тасталсын;
      11) 15-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      "1. Өлшем бiрлiгiн қамтамасыз етудiң мемлекеттiк қызметтерi стандарттау, метрология және сертификаттау жөнiндегi уәкiлеттi органды және оның аумақтық бөлiмшелерiн, мемлекеттiк ғылыми метрологиялық орталықты, мемлекеттiк басқару органдарының метрологиялық қызметтерiн қамтиды.
      Өлшем бiрлiгiн қамтамасыз етудiң мемлекеттiк қызметтерi стандарттау, метрология және сертификаттау жөнiндегi уәкiлеттi орган бекiтетiн ережелер негiзiнде өлшем бiрлiгiн қамтамасыз ету жөнiндегi қызметтi жүзеге асырады.";

      12) мынадай мазмұндағы 16-1 және 16-2-баптармен толықтырылсын:

      "16-1-бап. Өлшем бiрлiгiн қамтамасыз ету саласындағы
                 сарапшы-аудиторлар

      1. Өлшем бiрлiгiн қамтамасыз ету саласындағы сарапшы-аудиторлар өлшем бiрлiгiн қамтамасыз ету саласындағы, соның iшiнде жеке және заңды тұлғаларды лицензиялау және аккредиттеу кезiндегi жұмыстарды жүзеге асырады.
      2. Өлшем бiрлiгiн қамтамасыз ету саласындағы сарапшы-аудиторлардың қызметi өлшем бiрлiгiн қамтамасыз ету жөнiндегi нормативтiк құжаттарға сәйкес жүзеге асырылады.

      16-2-бап. Өлшем бiрлiгiн қамтамасыз ету саласында
                консалтингтiк қызметтер көрсететiн заңды тұлғалар

      Өлшем бiрлiгiн қамтамасыз ету саласында консалтингтiк қызметтер көрсететiн заңды тұлғалар өз қызметiн өлшем бiрлiгiн қамтамасыз ету жөнiндегi нормативтiк құжаттарға сәйкес жүзеге асырады.";

      13) 17-19-баптар мынадай редакцияда жазылсын:

      "17-бап. Өлшем құралдарының түрiн бекiту және оларды
               метрологиялық аттестаттау

      1. Көптеп өндiруге немесе Қазақстан Республикасының аумағына партиялармен әкелуге арналған өлшем құралдары сынақтан өткiзiлiп, осы өлшем құралдарының түрi кейiннен бекiтiлуге тиiс.
      Өлшем құралдарының түрiн бекiту туралы шешiмдi стандарттау, метрология және сертификаттау жөнiндегi уәкiлеттi орган қабылдайды және ол белгiленген үлгiдегi өлшем құралдарының түрiн бекiту туралы сертификатпен куәландырылады, сертификаттың қолданылу мерзiмi оны берген кезде белгiленедi.
      2. Бiрен-саран данада жасалынған немесе әкелiнген және мемлекеттiк метрологиялық қадағалауға жататын өлшем құралдары метрологиялық аттестаттаудан өткiзiледi.
      Өлшем құралдарын метрологиялық аттестаттау туралы шешiм белгiленген үлгiдегi өлшем құралдарын метрологиялық аттестаттау туралы сертификатпен куәландырылады, сертификаттың қолданылу мерзiмi оны берген кезде белгiленедi.
      3. Өлшем құралдарының түрiн бекiту мақсаты үшiн және бекiтiлген түрге сәйкестiгiн сынауды, өлшем құралдарын метрологиялық аттестаттауды мемлекеттiк метрологиялық қызмет жүргiзедi.
      Өлшем құралдарының бекiтiлген түрi және метрологиялық аттестаттаудан өткен өлшем құралдары өлшем бiрлiгiн қамтамасыз етудiң мемлекеттiк жүйесiнiң тiзiлiмiне енгiзiледi.
      4. Бекiтiлген түрдегi өлшем құралына және (немесе) әрбiр данаға iлестiрiп жiберiлетiн пайдалану құжаттарына өлшем құралдарының стандарттау, метрология және сертификаттау жөнiндегi уәкiлеттi орган белгiлеген түрiн бекiту белгiсi қойылады.
      5. Өлшем құралдарының түрiн бекiту туралы ақпарат және бекiтiлген түрдiң күшiн жою туралы шешiм стандарттау, метрология және сертификаттау жөнiндегi уәкiлеттi органның ресми басылымдарында жарияланады.
      6. Түрiн бекiту мақсаты үшiн сынақтан немесе метрологиялық аттестаттаудан өтпеген өлшем құралдарын айналымға шығаруға, қолдануға, өткiзуге және жарнамалауға тыйым салынады.
      Түрiн бекiту туралы сертификаттың қолданылу мерзiмi аяқталғаннан кейiн пайдалануда болатын және мемлекеттiк метрологиялық қадағалауды жүзеге асыру саласында қолданылатын өлшем құралдары толық табиғи тозғанға дейiн қолданылады.

      18-бап. Өлшем бiрлiгiн қамтамасыз ету саласында лицензиялау
              және аккредиттеу

      1. Өлшем құралдарын өндiрудi және жөндеудi, оның iшiнде заттар мен материалдардың құрамы мен қасиеттерiнiң стандарттық үлгiлерiн, заттардың аттестатталған қоспаларын өндiрудi жеке және заңды тұлғалар Қазақстан Республикасының лицензиялау туралы заңдарына сәйкес стандарттау, метрология және сертификаттау жөнiндегi уәкiлеттi орган беретiн тиiстi лицензияны алғаннан кейiн жүзеге асыра алады.
      2. Өлшем құралдарын салыстырып тексеру мен калибрлеудi, өлшемдердi орындау әдiстемелерiн метрологиялық аттестаттауды стандарттау, метрология және сертификаттау жөнiндегi уәкiлеттi орган белгiлеген тәртiппен қызметтiң осы түрiне аккредиттелген заңды тұлғалар жүзеге асырады.

      19-бап. Өлшем құралдарын салыстырып тексеру

      1. Мемлекеттiк метрологиялық қадағалауды жүзеге асыру саласында қолданылатын өлшем құралдары өндiрiстен немесе жөндеуден шығару, пайдалану және импорт бойынша әкелу кезiнде түрi бекiтiлгеннен кейiн немесе метрологиялық аттестаттаудан және өлшем бiрлiгiн қамтамасыз етудiң мемлекеттiк жүйесiнiң тiзiлiмiнде тiркелгеннен кейiн салыстырылып тексерiледi.
      Салыстырып тексерудi мемлекеттiк метрологиялық қызмет, сондай-ақ қызметтiң осы түрiне аккредиттелген заңды тұлғалардың метрологиялық қызметтерi жүзеге асырады.
      2. Өлшем құралдарын салыстырып тексерудiң тiзбесi мен мерзiмдiлiгiн, сондай-ақ оны жүргiзу тәртiбiн стандарттау, метрология және сертификаттау жөнiндегi уәкiлеттi орган айқындайды.
      3. Аккредиттелген заңды тұлғалардың қызметi Қазақстан Республикасының заңдарына және өлшем бiрлiгiн қамтамасыз ету жөнiндегi нормативтiк құжаттарға сәйкес жүзеге асырылады.
      4. Өлшем құралдарын салыстырып тексеру құқығына аккредиттелген заңды тұлғалар салыстырып тексерiлетiн өлшем құралдары туралы деректердiң электрондық есебiн жүргiзудi және оларды мемлекеттiк ғылыми метрологиялық орталыққа стандарттау, метрология және сертификаттау жөнiндегi уәкiлеттi орган белгiлеген тәртiппен берудi жүзеге асыруға тиiс.
      5. Өлшем құралдарын салыстырып тексерудi өлшем құралдарын салыстырып тексеру әдiстемесiне сәйкес мемлекеттiк метрологиялық қызметтiң немесе аккредиттелген заңды тұлғалардың метрологиялық қызметтерiнiң салыстырып тексерушiлерi жүзеге асырады. Салыстырып тексерушiлердi аттестаттау тәртiбiн стандарттау, метрология және сертификаттау жөнiндегi уәкiлеттi орган айқындайды.
      6. Салыстырып тексерудiң оң нәтижелерi өлшем құралына және (немесе) пайдалану құжаттамасына басылатын салыстырып тексеру таңбасының баспа-таңбасымен және (немесе) салыстырып тексеру туралы сертификатпен куәландырылады.
      7. Физикалық шамалардың өзгерiсiн олардың мәндерiн нормаланған дәлдiкпен шамалар бiрлiктерiнде бағалаусыз байқау үшiн қолданылатын техникалық құралдар салыстырып тексеруге жатпайды.
      Мұндай техникалық құралдардың жарамдылығын бақылауды оларды пайдаланушылар жүзеге асырады.";

      14) 20-бапта:
      1-тармақтың екiншi бөлiгiндегi "пайдалана отырып" деген сөздерден кейiн ", аккредиттелген" деген сөзбен толықтырылсын;
      2 және 3-тармақтар алып тасталсын;
      15) 21-баптағы "уәкiлеттi мемлекеттiк орган" деген сөздерден кейiн "және оның аумақтық бөлiмшелерi" деген сөздермен толықтырылсын;
      16) 22-бап мынадай мазмұндағы 5) тармақшамен толықтырылсын:
      "5) "өлшеп орау, сату және импорттау кезiндегi оралған тауарлардың саны.";
      17) 23-бапта:
      9) тармақша "геодезиялық" деген сөзден кейiн ", геологиялық" деген сөзбен толықтырылсын;
      11) тармақшада "материалдық" деген сөз "энергетикалық" деген сөзбен ауыстырылсын;
      15) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      "15) өлшем құралдарын сынау, метрологиялық аттестаттау, салыстырып тексеру, калибрлеу;";
      мынадай мазмұндағы 16)-18) тармақшалармен толықтырылсын:
      "16) ғылыми зерттеулер жүргiзу;
      17) қозғалыс қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету;
      18) ойын автоматтарын шығару және қолдану кезiнде пайдаланылатын өлшемдерге қолданылады.";
      18) 28-баптың 3-тармағында:
      4) тармақшадағы "мемлекеттiк" деген сөз алып тасталсын;
      5) тармақшадағы "тексеру таңбаларын" деген сөздер "салыстырып тексеру таңбаларының баспа-таңбасын" деген сөздермен ауыстырылсын;
      мынадай мазмұндағы 5-1) тармақшамен толықтырылсын:
      "5-1) өлшем құралдарының өлшем бiрлiгiн қамтамасыз ету жөнiндегi нормативтiк құжаттардың талаптарына сәйкестiгiн белгiлеу үшiн оған инспекциялық салыстырып тексеру жүргiзуге;";

      19) 29-бап мынадай редакцияда жазылсын:

      "29-бап. Қазақстан Республикасының өлшем бiрлiгiн қамтамасыз
               ету туралы заңдарын бұзғандық үшiн жауаптылық

      Қазақстан Республикасының өлшем бiрлiгiн қамтамасыз ету туралы заңдарының бұзылуына кiнәлi тұлғалар Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауаптылықта болады.";

      20) 31-баптың 1-тармағының 2) тармақшасындағы "бағдарламалар" деген сөзден кейiн нүктелi үтiр қойылып, "қаржыландырылады." деген сөз алып тасталсын және тармақ мынадай мазмұндағы 3) және 4) тармақшалармен толықтырылсын:
      "3) Қазақстан Республикасының өлшем бiрлiгiн қамтамасыз ету саласында өз қызметiн жүзеге асыратын халықаралық ұйымдардың жұмысына қатысуы және мүшелiк жарналар төлеуі;
      4) Қазақстан Республикасының шама бiрлiктерiнiң мемлекеттiк эталондарын жасауға және ұстауға арналған шығыстар қаржыландырылады.".

       2-бап.  Осы Заң ресми жарияланған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi.

      Қазақстан Республикасының
      Президенті

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады