Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы арасындағы Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясының бірлескен қауіпсіздігін қамтамасыз ету мүддесінде әскерлерді (күштерді) қолдануды бірлесіп жоспарлау туралы келісімді бекіту туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 13 сәуірдегі N 41 Заңы

      Мәскеуде 2004 жылғы 16 қаңтарда жасалған Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы арасындағы Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясының бірлескен қауіпсіздігін қамтамасыз ету мүддесінде әскерлерді (күштерді) қолдануды бірлесіп жоспарлау туралы келісім бекітілсін.

       Қазақстан Республикасының
      Президенті

  Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы
арасындағы Қазақстан Республикасы мен Ресей
Федерациясының бiрлескен қауiпсiздiгiн
қамтамасыз ету мүддесiнде әскерлердi (күштердi)
қолдануды бiрлесiп жоспарлау туралы
КЕЛIСIМ

(20025 жылғы 17 мамырда күшіне енді - СІМ-нің ресми сайты)

      Бұдан әрi Тараптар деп аталатын Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы,
      Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы арасындағы Достық, ынтымақтастық және өзара көмек туралы 1992 жылғы 25 мамырдағы  шарттың , Ұжымдық қауiпсiздiк туралы 1992 жылғы 15 мамырдағы шарттың және Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы арасындағы Әскери ынтымақтастық туралы 1994 жылғы 28 наурыздағы  шарттың ережелерiн басшылыққа ала отырып,
      ортақ әскери-стратегиялық кеңiстiк шеңберiндегi бiрлескен қорғанысты қамтамасыз ету мәселелерiнде күштердi бiрiктiру мен келiсiлген iс-қимылдардың қажеттiгін мойындай отырып, тараптар
      төмендегілер туралы келiстi:

  1-бап

      Осы Келiсiмнің мақсаттары үшiн қолданылатын терминдер мынаны бiлдiреді:
      "әскерлердiң (күштердің) коалициялық топтары" - бiрiккен қолбасшылық аясында коалициялық негiзде құрылатын және оларды жедел (жедел-стратегиялық) қолдану ниетiне сәйкес өрiстетiлетiн (орналастырылатын) Тараптардың ұлттық қарулы күштерінің, басқа да әскерлерi мен әскери құралымдарының құрамынан бөлiнген жауынгерлiк әзiр әскерлер (күштер) мен құралдар контингентi;
      "бiрiккен қолбасшылық" - әскерлердiң (күштердiң) коалициялық топтарын әскери басқарудың жоғары органы;
      "Тараптардың әскерлерiн (күштерiн) басқару органдары" - Тараптар әскерлерiне (күштерiне) басшылық жасау мен басқаруды қамтамасыз ету мақсатында құрылған қолбасшылық, штабтар, басқармалар, бөлiмдер және басқа да уақытша құрылған органдар;
      "қатерлі кезең" - өңірдегі әскери-саяси жағдайдың және Тараптардың біріне қарсы қандай да бір мемлекет немесе мемлекеттер тобы тарапынан басқыншылық қатердің бірте-бірте немесе күрт шиеленісу кезеңі;
      "Тараптар аумағы жедел жабдықтау" - әскерлердің (күштердің) коалициялық топтарын қайта топтастыруды (маневр), шоғырландыру мен жауынгерлік қолдануды, сондай-ақ тұрғындар мен маңызды объектілерді зымыранды-ядролық және атыс зақымдануынан қорғауды қамтамасыз ететін жағдайлар жасау мақсатында Тараптар аумағында өткізілетін іс-шаралар жүйесі.

  2-бап

      Осы Келiсiмнің мақсаттары үшін Тараптардың уәкілеттi органдары мыналар болып табылады:
      Қазақстан Тарапынан - Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлiгi;
      Ресей Тарапынан - Ресей Федерациясының Қорғаныс министрлiгi.

  3-бап

      Тараптардың уәкілеттi органдары әскери-саяси жағдайды бiрлесiп талдайды және олардың жалпы мәнi негiзiнде әскерлерi (күштердiң) коалициялық топтарының құрамын айқындайды және әрбiр Тараптың заңнамасына сәйкес оның қолданылуын жоспарлайды.
      Бiрлескен қолбасшылық құру жөніндегi құжаттардың жобасын дайындау Тараптардың уәкілеттi органдарының келiсiмi бойынша жүзеге асырылады.

  4-бап

      Тараптардың уәкілеттi органдары әскерлердi (күштердi) қолдануды бiрлесiп жоспарлау жөнiндегi құжаттар тiзбесiн, осы құжаттарды бейбiт уақытта және қатерлi кезеңде күшiне енгiзу кезектiлiгi мен мерзiмiн, сондай-ақ оларды әзiрлеу тәртiбiн келiседi.
      Әзiрленген құжаттарды өз құзыретiнің шегiнде Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрi мен Ресей Федерациясының Қорғаныс министрi қарайды және бекiтедi.

  5-бап

      Тараптардың уәкiлеттi органдары бiрлесiп:
      өзара iс-қимылды, байланысты және әскерлердiң (күштердiң) коалициялық топтарының құрамына енгiзу үшiн бөлiнген әскерлердi бейбiт уақытта және қатерлi кезеңде жасырын басқаруды ұйымдастыру мен жүзеге асыру қағидаттарын әзiрлейдi;
      бiрлескен iс-қимылдарына арналған Тараптардың қарулы күштерінің, басқа да әскерлерi мен әскери құралымдарының жауынгерлiк және жұмылдыру әзiрлiгiн қолдаудың жалпы қағидаларын әзiрлейдi;
      Тараптардың қарулы күштерiнің, басқа да әскерлерi мен әскери құралымдарының бейбiт уақыттан соғыс уақытына ауысу тәртiбiн әзiрлейдi;
      әскерлердi (күштердi) бiрлесiп қолдануды жетiлдiру жөнiнде ғылыми зерттеулер жүргiзедi.

  6-бап

      Тараптардың уәкiлеттi органдары бiрлескен қорғаныс мiндеттерiн шешу мақсатында Тараптар әскерлерінің (күштерiнің), барлауды және қаруды aвтоматтандырылған басқару жүйелерінің, басқару органдары есептеу орталықтарының ақпараттық сыйымдылығын қамтамасыз ету жөнiнде, сондай-ақ операциялар (жауынгерлiк iс-қимылдар) мен жедел-тактикалық мiндеттердiң математикалық үлгiлерiн әзiрлеудi қамтамасыз ету жөнiнде келiсiлген жұмыстар жүргiзеді.
      Тараптардың уәкiлеттi органдары әскерлердiң (күштердің) коалициялық топтарының бiрлескен қолбасшылық органдарын даярлауда және олардың басқару пункттерiн жарақтандыруда бiр-бiрiне көмек көрсетедi.

  7-бап

      Тараптардың уәкiлеттi органдарының бiрлескен қорғаныс мiндеттерiн шешу мақсатында әскерлердi (күштердi) жедел даярлау жөнiндегi бiрлескен iс-шараларды жоспарлау мен өткiзу олардың арасындағы жеке келiсiм негiзiнде жүзеге асырылатын болады.

  8-бап

      Тараптардың уәкілеттi органдары әскерлердiң (күштердiң) коалициялық топтарының құрамына енгiзу үшiн бөлу болжанып отырған әскерлердi басқару жөнiндегi жоспарларды бiрлесiп әзiрлейдi, сондай-ақ жедел мәселелер және көрсетiлген әскерлердiң (күштердiң) жауынгерлiк iс-қимылдарын қамтамасыз етудiң барлық түрлерi бойынша әдiстемелік құжаттармен өзара алмасуды жүзеге асырады.

  9-бап

      Тараптардың уәкiлетті органдары Тараптар аумағын жедел жабдықтау жөніндегi келiсiлген iс-шараларды жоспарлайды және жүргізеді, әскери инфрақұрылымның объектілерiн пайдалану және дамыту, сондай-ақ бiрлескен қорғаныс мүддесiнде әрекет ететiн әскерлердiң (күштердiң) коалициялық топтары үшiн материалдық құралдар қорын жинақтау тәртiбiн айқындайды.

  10-бап

      Құпия ақпаратты және әрбiр Тараптың заңнамасына сәйкес мемлекеттік құпияға жататын мәлiметтердi құрайтын ақпаратты өзара алмасу, сондай-ақ осы ақпаратты қорғау тәртiбi жеке келiсiммен айқындалады.
      Бiр Тарап екiншi Тараптан алған ақпарат, техникалық құралдар, жабдықтар мен материалдар тек осы Келiсiмнің мақсаттары үшін пайдаланылады және олар алынған Тараптың жазбаша келiсiмiнсiз қандай да бiр мемлекетке берiлмейдi.

  11-бап

      Әскерлердi (күштердi) бiрлесiп қолданудың жоспарын әзiрлеу кезiнде Тараптардың уәкілеттi органдары жедел қамтамасыз етуден басқа, тылдық, техникалық, қаржылық және басқа да қамтамасыз ету түрлерiн әскерлердiң (күштердің) коалициялық топтарының құрамына бөлiнген өз әскерлерінің (күштерінің) мүддесiнде әрбiр Тараптың құзыретті органдары жүзеге асыратындығына сүйенедi.
      Тараптардың уәкiлеттi органдары өткізетiн бiрлескен iс-шараларды қаржыландыру жеке Келiсiм негiзінде жүзеге асырылады.

  12-бап

      Тараптардың өзара келiсiмi бойынша осы Келiсiмге осы Келiсiмнің ажырамас бөлiгi болып табылатын хаттамалармен ресiмделетiн өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлуi мүмкiн.
      Осы Келiсiмдi түсiндiру немесе қолдану жөнiнде даулар туындаған жағдайда Тараптар оларды келiссөздер немесе консультациялар жолымен шешетiн болады.

  13-бап

      Осы Келiсiм қандай да бiр мемлекетке қарсы бағытталмаған және Тараптар олар қатысушысы болып табылатын басқа да халықаралық шарттардан туындайтын құқықтары мен мiндеттемелерiне нұқсан келтiрмейдi.

  14-бап

      Осы Келiсiм аталған Келiсiмнiң күшiне енуi үшiн қажеттi мемлекет iшiндегi рәсiмдердiң орындалғаны туралы Тараптардың соңғы жазбаша хабарламасын алған күнiнен бастап күшiне енедi.
      Келiсiм бec жыл мерзiмге жасалады және егер Тараптардың бiрi тиiстi кезеңнің аяқталуына дейiн кемiнде алты ай бұрын оның күшiн тоқтату жөнiндегi өзiнің ниетi туралы басқа Тарапты жазбаша түрде хабарландырмаса, автоматты түрде келесi бес жылдық кезеңге ұзартылады.

      Мәскеу қаласында 2004 жылғы 16 қаңтарда әрқайсысы қазақ және орыс тiлдерінде eкі данада жасалды, әрi екi мәтiннiң де бiрдей күшi бар. Осы Келiсiмдi түсiндiруде пiкiр алшақтықтары туындаған жағдайда орыс тiлiндегi мәтiн пайдаланылатын болады.

       Қазақстан Республикасы үшiн           Ресей Федерациясы үшiн

      Осымен 2004 жылғы 16 қаңтарда жасалған Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы арасындағы Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясының бірлескен қауіпсіздігін қамтамасыз ету мүддесінде әскерлерді (күштерді) қолдануды бірлесіп жоспарлау туралы келісімнің түпнұсқасының бұл көшірмесінің дәлдігін куәландырамын.

       Қазақстан Республикасы
      Сыртқы істер министрлігінің
      Халықаралық құқық департаментінің
      Кеңесшісі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады