Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актiлерiне бағалы қағаздар нарығы мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 21 сәуірдегі N 46 Заңы

       1-бап.  Қазақстан Республикасының мына заңнамалық актiлерiне өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлсiн:

      1. "Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметi туралы" 1995 жылғы 31 тамыздағы Қазақстан Республикасының  Заңына  (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң Жаршысы, 1995 ж., N 15-16, 106-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1996 ж., N 2, 184-құжат; N 15, 281-құжат; N 19, 370-құжат; 1997 ж., N 5, 58-құжат; N 13-14, 205-құжат; N 22, 333-құжат; 1998 ж., N 11-12, 176-құжат; N 17-18, 224-құжат; 1999 ж., N 20, 727-құжат; 2000 ж., N 3-4, 66-құжат; N 22, 408-құжат; 2001 ж., N 8, 52-құжат; N 9, 86-құжат; 2002 ж., N 17, 155-құжат; 2003 ж., N 5, 31-құжат; N 10, 51-құжат; N 11, 56, 67-құжаттар; N 15, 138, 139-құжаттар; 2004 ж., N 11-12, 66-құжат; N 15, 86-құжат; N 16, 91-құжат; N 23, 140-құжат):

      8-баптың 3-тармағының e) тармақшасы ", сондай-ақ" деген сөздiң алдынан "инфрақұрылымдық," деген сөзбен толықтырылсын.

      2. "Бағалы қағаздар рыногы туралы" 2003 жылғы 2 шiлдедегi Қазақстан Республикасының  Заңына  (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2003 ж., N 14, 119-құжат; 2004 ж., N 16, 91-құжат; N 23, 142-құжат):

      1) 1-бапта:
      мынадай мазмұндағы 27-1) тармақшамен толықтырылсын:
      "27-1) инфрақұрылымдық облигация - эмитент мiндеттемелерiнiң орындалуы мемлекет пен эмитент арасында мемлекетке берiлетiн объектiнiң құнының сомасына сәйкес жасалған инфрақұрылымдық жобаны iске асыру жөнiндегi концессиялық келiсiм шеңберiнде мемлекеттiң кепiлгерлiгiмен қамтамасыз етiлген облигация;";

      59) тармақша "рыногындағы" деген сөзден кейiн "инфрақұрылымдық, сондай-ақ" деген сөздермен толықтырылсын;

      2) 9-баптың 1-тармағының 10) тармақшасы "ипотекалық" деген сөздiң алдынан "инфрақұрылымдық, сондай-ақ" деген сөздермен толықтырылсын;

      3) 12-бапта:
      1-тармақтың 7) тармақшасы "ипотекалық" деген сөздiң алдынан "инфрақұрылымдық, сондай-ақ" деген сөздермен толықтырылсын;

      3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "3. Эмитент:
      1) құрылтайшылар (жалғыз құрылтайшы) жарғылық капиталды төлеген жағдайда;
      2) инфрақұрылымдық облигациялар шығаруды жүзеге асыратын эмитенттi қоспағанда, соңғы қаржы жылы iшiнде залал шекпей қызмет iстеген жағдайда кем дегенде бiр жыл жұмыс iстегеннен кейiн мемлекеттiк емес облигациялар шығаруды жүзеге асыруға құқылы.";

      4) 14-баптың 1-тармағы мынадай мазмұндағы екiншi бөлiкпен толықтырылсын:
      "Осы тармақтың 2) және 3) тармақшаларының талаптары инфрақұрылымдық облигациялар шығаруға қолданылмайды.";

      5) 15-баптың 1-тармағының бiрiншi абзацы "және ол" деген сөздерден кейiн ", инфрақұрылымдық облигациялар эмитентiн қоспағанда," деген сөздермен толықтырылсын;

      6) мынадай мазмұндағы 18-1-баппен толықтырылсын:

      "18-1-бап. Инфрақұрылымдық облигациялар шығарудың,
                 айналысы мен өтелуiнiң ерекшелiктерi

      1. Инфрақұрылымдық облигациялар шығарудың, айналысы мен өтелуiнiң, сондай-ақ оларды орналастыру мен өтеудiң қорытындылары туралы есептi табыс етудiң талаптары мен тәртiбi уәкiлеттi органның нормативтiк құқықтық актiсiмен белгiленедi.
      2. Инфрақұрылымдық облигацияларды эмитент акциясына айырбастауға тыйым салынады.
      3. Инфрақұрылымдық облигациялардың айналысы мерзiмi iшiнде концессиялық келiсiмнiң талаптарын облигациялар ұстаушылардың құқықтары мен мүдделерiн кемсiтуге әкеп соқтыратындай етiп өзгертуге жол берiлмейдi.";

      7) 19-баптың 1-тармағы бiрiншi бөлiгiндегi "Ипотекалық" деген сөз "Инфрақұрылымдық, сондай-ақ ипотекалық" деген сөздермен ауыстырылсын;

      8) 20-бап мынадай мазмұндағы 1-1-тармақпен толықтырылсын:
      "1-1. Инфрақұрылымдық облигацияларды ұстаушылардың өкiлi осы баптың 1-тармағында айқындалған функцияларымен қатар, жобаның уақтылы және сапалы iске асырылуының, сондай-ақ оның инфрақұрылымдық облигациялар шығарудың талаптарына сәйкес келуiнiң мониторингiн жүргiзедi.".

       2-бап.  Осы Заң ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

       Қазақстан Республикасының
      Президенті

      

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады