Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Жапония Үкіметі арасындағы Техникалық ынтымақтастық туралы келісімді бекіту туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 20 маусымдағы N 61 Заңы

      Астанада 2004 жылғы 27 тамызда жасалған Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Жапония Үкіметі арасындағы Техникалық ынтымақтастық туралы келісім бекітілсін.

       Қазақстан Республикасының
      Президенті

  ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ YКIМЕТI МЕН ЖАПОНИЯ
YКIМЕТI АРАСЫНДАҒЫ ТЕХНИКАЛЫҚ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ ТУРАЛЫ
КЕЛIСIМ

(2005 жылғы 6 шілдеде күшіне енді - СІМ-нің ресми сайты)

      Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Жапония Үкiметi
      екi ел арасында қалыптасқан достық қарым-қатынасты техникалық ынтымақтастықты дамыту жолымен одан әрi нығайтуға ниет бiлдiре отырып, және
      өз елдерiн экономикалық және әлеуметтiк дамытуға жәрдемдесуден алған өзара пайданы назарға ала отырып,
      мына төмендегiлер туралы келiстi:

  I БАП

      Екi Үкiмет екi ел арасындағы техникалық ынтымақтастықты дамытуға ұмтылатын болады.

  II БАП

      Осы Келiсiм шеңберiнде iске асырылатын техникалық ынтымақтастықтың арнайы бағдарламаларын айқындайтын жекелеген келiсiмдер екi Үкiметтiң құзыреттi органдары арасында келiсiлуi тиiс. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң құзыреттi органы Қазақстан Республикасының Экономика және бюджеттiк жоспарлау министрлiгi, ал Жапония Үкiметiнiң құзыреттi органы Жапония Сыртқы iстер министрлiгi болып табылады.
      Екi Үкiмет бiр-бiрiн өздерiнiң құзыреттi органдарына қатысты өзгерiстер туралы дипломатиялық арналар арқылы хабардар етедi.

  III БАП

      Техникалық ынтымақтастықтың мынадай нысандарын:
      (а) Қазақстан азаматтарын техникалық оқытуды;
      (b) Қазақстан Республикасына сарапшылар (бұдан әрi - Сарапшылар) жiберудi;
      (с) Қазақстан Республикасына кең ауқымды техникалық дағдылары мен жеткiлiктi тәжiрибесi бар жапондық ерiктiлердi (бұдан әрi - Аға ерiктiлер) жiберудi;
      (d) Қазақстан Республикасының экономикалық және әлеуметтiк даму жобалары бойынша зерттеулердi орындау үшiн Қазақстан Республикасына жапондық миссияларды (бұдан әрi - Миссиялар) жiберудi;
      е) Қазақстан Республикасының Үкiметiн жабдықпен, техникамен және материалдармен қамтамасыз етудi;
      (f) Қазақстан Республикасының Үкiметiн екi Үкiмет арасындағы өзара келiсiм бойынша шешiм қабылданатын техникалық ынтымақтастықтың басқа да нысандарымен қамтамасыз етудi Жапонияда қолданыстағы заңдар мен нормаларға, сондай-ақ II бапта аталған келiсiмдерге сәйкес Жапония халықаралық ынтымақтастық агенттiгi (бұдан әрi - JICA) өз есебiнен iске асырады.

  IV БАП

      Қазақстан Республикасының Үкiметi Қазақстан Республикасының азаматтары алған дағдылар мен бiлiмдер, сондай-ақ Жапония техникалық ынтымақтастығының нәтижесiнде жеткiзiлген, III бапта баяндалған жабдық, техника мен материалдар Қазақстан Республикасының экономикалық және әлеуметтiк дамуына жәрдемдесетiнiне және соғыс мақсаттарында пайдаланылмайтынына кепiлдiк бередi.

  V БАП

      JICA Сарапшыларды, Аға ерiктiлер мен Миссияларды жiберген жағдайда Қазақстан Республикасының Үкiметi:
      (1) (а) Сарапшыларды, Аға ерiктiлер мен Миссиялардың мүшелерiн табысқа салынатын салық пен салықтық алымдарды қоса алғанда, оларға шетелден аударылатын жалақыға немесе тәулiктiктерге байланысты салынатын салықтардан босатады;
      (b) Сарапшыларды, Аға ерiктiлердi, Миссиялардың мүшелерiн және олардың отбасыларын консулдық алымдардан, салықтардан, кеден баждарынан, кеден алымдары мен төлемдерiнен, салықтық алымдардан және тарифтiк емес шараларды қолданудан, соның iшiнде импортқа лицензия және мыналарды:
      (i) багажды;
      (іі) жеке пайдалану, күнделiктi тұрмыс заттарын және тұтыну тауарларын; және
      (iіі) Қазақстан Республикасына iссапарға жiберiлген Сарапшылар мен Аға ерiктiлердің мiндеттерiн атқару үшiн қажеттi көлiк құралдарын әкелуге қатысты валюталық шығыстар бойынша сақтандыру тәуекелдерiне сертификат сатып алу мiндетiнен босатады;
      (с) өз мiндеттерiн атқару үшiн қажеттi ешқандай көлiк құралдарын Қазақстан Республикасына импорттамайтын Сарапшылар мен Аға ерiктiлердi қосылған құн салығы мен жергiлiктi жерде Сарапшыға және Аға ерiктiге бiр көлiк құралын сатып алуға қатысты салықтық алымдарды қоспағанда, салықтардан босатады;
      (d) Сарапшыларды, Аға ерiктiлер мен олардың отбасыларын осы тармақтың (1) (b) (ііi) және (1) (с) тармақшаларында аталған көлiк құралдарын тiркеуге ақы төлеуден босатады.
      (2) Сарапшыларды, Аға ерiктiлер мен Миссияларды қабылдайтын ұйым өзiнiң мынадай мiндеттерiн:
      (а) телефон және факсимильдiк байланысты қоса алғанда, Сарапшылардың, Аға ерiктiлер мен Миссиялардың мiндеттерiн атқаруы үшiн қажеттi телефон және факсимильдiк байланысты қоса алғанда, қолайлы офис пен басқа да игiлiктердi өз есебiнен беру, сондай-ақ олардың жұмыс iстеуi және оларды техникалық қолдау жөнiндегi шығыстарды өз мойнына алу;
      (b) қажет болған жағдайда, тиiстi аудармашыларды қоса алғанда, жергілiктi персоналды, сондай-ақ Сарапшыларға, Аға ерiктiлер мен Миссияларға олардың мiндеттерiн атқаруы үшiн қажеттi Қазақстандық әрiптестердi өз есебiнен беру;
      (с) қабылдаушы ұйымдардың қаржылық мүмкiндiктерi болған жағдайда, Сарапшылар мен Аға ерiктiлердiң:
      (i) күн сайын жұмыс орнына және керi тасымалдау;
      (іі) олардың Қазақстан Республикасына ресми сапарлары;
      (iii) олардың ресми хат алмасуы жөнiндегi шығыстарын өз мойнына алу;
      (d) Сарапшыларға, Аға ерiктiлер мен олардың отбасыларына тиiстi тұрғын үй-жайын сатып алу үшiн ең жақсы жағдайлармен қамтамасыз ету;
      (e) Сарапшылардың, Аға ерiктiлердiң, Миссиялар мүшелерiнiң және олардың отбасыларының медициналық көмек және қызметтер алуы үшiн ең жақсы жағдайлармен қамтамасыз ету жөнiндегi өзiнің мiндеттерiн орындауы үшiн қажетті барлық қажеттi шараларды қабылдайды.
      (3) (а) Сарапшыларға, Аға ерiктiлерге, Миссиялардың мүшелерiне және олардың отбасыларына олардың iссапарда болу кезеңiнде Қазақстан Республикасына келуге, одан кетуге және онда болуына рұқсат етедi, оларға шетелдiк бодандарды тiркеу рәсiмiн орындау үшiн ең жақсы жағдайларды ұсынады және оларды осы ретте туындайтын алымдардан босатады;
      (b) олардың өздерiнiң мiндеттерiн атқаруы үшiн қажеттi барлық үкiметтiк ұйымдармен ынтымақтастықты қамтамасыз ету үшiн Сарапшыларға, Аға ерiктiлер мен Миссиялар мүшелерiне олардың мәртебесiн растайтын құжаттарды бередi;
      (с) Сарапшыларға, Аға ерiктiлер мен олардың отбасыларына жүргiзушi куәлiктерiн алуда қажеттi жәрдем көрсетедi; және
      (d) егер ол шаралар қосымша бюджет қаржысын бөлудi талап ететiн болса, мұндай басқа да шаралар туралы екi Үкiметтiң құзыреттi органдарының келiсуiн көздейтiн Сарапшылардың, Аға ерiктiлер мен Миссиялардың мiндеттерiн атқаруы үшiн қажеттi басқа да шараларды орындайды.
      2. Осы баптың 1-тармағында аталған көлiк құралдары, егер олар кейiннен Қазақстан Республикасында мұндай салықтардан, кеден баждарынан, кеден алымдары мен төлемдерiнен босатуға құқықтары немесе басқа да осыған ұқсас артықшылықтары жоқ тұлғаларға немесе ұйымдарға сатылатын немесе берiлетiн болса, олар салықтарды, кеден баждарын, кеден алымдары мен төлемдерiн төлеу объектiлерiне айналады.
      3. Қазақстан Республикасының Үкiметi Сарапшыларға, Аға ерiктiлер мен Миссиялардың мүшелерiне және олардың отбасыларына дипломатиялық миссияның мүшесi болып табылатындардан басқа, Қазақстан Республикасында осы сияқты миссияны жүзеге асыратын басқа кез келген үшiншi елдiң немесе кез келген халықаралық ұйымның сарапшыларына, аға ерiктiлерi мен миссияларының мүшелерiне және олардың отбасыларына ұсынылғандардан кем емес болып табылатындай артықшылықтарды, босатулар мен жеңiлдiктердi ұсынады.

  VI БАП

      Екi Үкiмет осындай талап-арыз Сарапшылар, Аға ерiктiлер немесе Миссиялардың мүшелерi тарапынан дөрекi менсiнбеушiлiк немесе әдейi бұзушылық нәтижесiнде туындады деп келiскен жағдайларды қоспағанда, Сарапшылардың, Аға ерiктiлер мен Миссиялар мүшелерiнiң мiндеттерiн атқаруы нәтижесiнде немесе процесiнде немесе басқаша байланысты оларға қарсы туындаған жағдайдағы қылмыстық талап-арыздарды қоспағанда, талап-арыздарды Қазақстан Республикасының Үкiметi өз мойнына алады.

  VII БАП

      1. (1) Егер JICA Қазақстан Республикасының Үкiметiне жабдық, техника мен материалдар берген жағдайда, Қазақстан Республикасының Үкiметi осы тауарларды әкелуге қатысты осы жабдықты, техника мен материалдарды консулдық алымдардан, салықтардан, кеден баждарынан, кеден алымдары мен төлемдерiнен, салықтық алымдар мен тарифтiк емес шаралар қолданудан, оның iшiнде қауiпсiздiк жөнiндегi талаптарды қоспағанда, импортқа лицензия және валюталық шығыстар бойынша тәуекелдердi сақтандыруға сертификат алу мiндетiнен босатады. Жоғарыда аталған жабдық, техника мен материалдар портқа немесе Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң құзыреттi органдарына беру орнына жеткiзу фактiсi бойынша Қазақстан Республикасы Үкiметiнің меншiгiне айналады.
      (2) Егер JICA Қазақстан Республикасының Үкiметiне жабдықты, техника мен материалдарды берген жағдайда, Қазақстан Республикасының Үкiметi аталған жабдықты, техника мен материалдарды жергiлiктi жерлерде сатып алуға қатысты қосылған құн салығын және салықтық алымдарды қоса алғанда, салықтардан босатады.
      (3) Егер екi Үкiметтiң құзыреттi органдары арасында өзгеше келiсiлмесе, осы тармақтың (1) және (2) тармақшаларында аталған жабдық, техника мен материалдар осы келiсiмнiң II бабында сiлтеме бар келiсiмдерде белгiленген мақсаттарда пайдаланылады.
      (4) Осы тармақтың (1) және (2) тармақшаларында аталған жабдықты, техника мен материалдарды Қазақстан Республикасының аумағы бойынша тасымалдау жөнiндегі шығыстар және оларды ауыстыру, ұстау мен жөндеу жөнiндегi шығыстар Қазақстан Республикасының Үкiметiне жүктеледi.
      2. (1) Егер екi Үкiметтiң құзыреттi органдары арасында өзгеше келiсiлмесе, JICA дайындаған, Сарапшылардың, Аға ерiктiлер мен Миссиялар мүшелерiнiң мiндеттерiн атқаруы үшiн қажеттi жабдық, техника мен материалдар JICA меншiгiнде қалады.
      (2) Қазақстан Республикасының Үкiметi Сарапшыларды, Аға ерiктiлер мен Миссиялардың мүшелерiн осы тармақтың (1) тармақшасында аталған жабдықты, техника мен материалдарды әкелуге қатысты консулдық алымдардан, салықтардан, кеден баждарынан, кеден алымдары мен төлемдерiнен, салықтық алымдар мен тарифтiк емес шараларды қолданудан, оның iшiнде қауiпсiздiк жөнiндегi талаптарды қоспағанда, импортқа лицензия және валюталық шығыстар бойынша тәуекелдердi сақтандыруға сертификат алу мiндетiнен босатады.
      (3) Қазақстан Республикасының Үкiметi Сарапшыларды, Аға ерiктiлер мен Миссиялардың мүшелерiн осы тармақтың (1) тармақшасында аталған жабдықты, техника мен материалдарды жергiлiктi жерлерде сатып алуға қатысты қосылған құн салығын және салықтық алымдарды қоспағанда, салықтардан босатады.

  VIII БАП

      Қазақстан Республикасының Үкiметi өзi белгiлеген ұйымдар арқылы Сарапшылармен, Аға ерiктiлермен және Миссиялардың мүшелерiмен тығыз байланыста болуы тиiс.

  IX БАП

      1. Қазақстан Республикасының Үкiметi JICA-ның Қазақстан Республикасындағы шетелдiк офисiн (бұдан әрi - Офис) ашуға және ұстауға мүмкiндiк бередi және осы Келiсiм шеңберiндегi техникалық ынтымақтастық бағдарламаларына қатысты өздерiне JICA жүктеген мiндеттердi Қазақстан Республикасында атқаратын Жапониядан iссапарға жiберiлетiн тұрақты өкiлi мен оның штатын (бұдан әрi - Өкiл, Штат) қабылдайды.
      2. Қазақстан Республикасының Үкiметi:
      (1) (а) Өкiлдi, Штатты және олардың отбасыларын табысқа салынатын салық пен салықтық алымдарды қоса алғанда, оларға шетелден аударылатын жалақыға немесе тәулiктiктерге немесе соларға байланысты салынатын салықтардан босатады;
      (b) Өкiлдi, Штатты және олардың отбасыларын консулдық алымдардан, салықтардан, кеден баждарынан, кеден алымдары мен төлемдерiнен, салықтық алымдар мен тарифтiк емес шараларды қолданудан, оның iшiнде импортқа лицензия және мыналарды:
      (i) багажды;
      (іі) жеке пайдалану, күнделiктi тұрмыс заттарын және тұтыну тауарларын;
      (iіі) Қазақстан Республикасына iссапарға жiберiлген Өкiлдiң және Штаттың мiндеттерiн атқаруы үшiн қажеттi көлiк құралдарын әкелуге қатысты валюталық шығыстар бойынша тәуекелдердi сақтандыруға сертификат алу мiндетiнен босатады;
      (с) өз мiндеттерiн атқаруы үшiн қажеттi ешқандай көлiк құралдарын Қазақстан Республикасына импорттамайтын Өкiлдi және Штатты қосылған құн салығын және жергiлiктi жерде Өкiлге және Штаттың әрбiр мүшесiне бiр көлiк құралын сатып алуға қатысты салықтық алымдарды қоспағанда, салықтардан босатады;
      (d) Өкiлдi, Штатты және олардың отбасыларын осы тармақтың (1) (b) (ііi) және (1) (с) тармақшаларында аталған көлiк құралдарын тiркеуге ақы төлеуден босатады;
      (e) Өкiлге, Штатқа және олардың отбасыларына олардың iссапарда болу кезеңiнде Қазақстан Республикасына келуге, одан кетуге және онда болуына рұқсат етедi, оларға шетел бодандарын тiркеу рәсiмiн орындау үшiн ең жақсы жағдайларды ұсынады және оларды консулдық алымдардан босатады;
      (f) Өкiлге және Штатқа олардың мәртебесiн растайтын құжаттарды бередi;
      (g) Өкiлге, Штатқа және олардың отбасыларына жүргiзушi құқықтарын алуда қажеттi жәрдем көрсетедi;
      (h) егер ол шаралар қосымша бюджет қаржысын бөлудi талап ететiн болса, мұндай басқа да шаралар туралы екi Үкiметтiң құзыреттi органдарының уағдаласуы тиiстiгiн көздейтiн Өкiлдiң және Штаттың мiндеттерiн атқаруы үшiн қажеттi басқа да шараларды орындайды.
      (2) (а) Офистi Офистiң қызметi үшiн қажеттi жабдықты, техника мен материалдарды әкелуге қатысты консулдық алымдардан, салықтардан, кеден баждарынан, кеден алымдары мен төлемдерiнен, салықтық алымдар мен тарифтiк емес шараларды қолданудан, оның iшiнде қауiпсiздiк жөнiндегi талаптарды қоспағанда, импортқа лицензия және валюталық шығыстар бойынша тәуекелдердi сақтандыруға сертификат алу мiндетiнен босатады;
      (b) Офистi қосылған құн салығын және салықтық алымдарды қоспағанда, жергiлiктi жерлерде Офистiң қызметi үшiн қажеттi жабдық, техника, автомобильдер мен материалдар сатып алуға қатысты салықтардан босатады;
      (с) Офистi табысқа салынатын салық пен салықтық алымдарды қоса алғанда, Офистiң қажеттігiне оларға шетелден аударылатын шығыстарға немесе соларға байланысты салынатын салықтардан босатады.
      3. Осы баптың 2-тармағында аталған көлiк құралдары, егер олар кейiннен Қазақстан Республикасында салықтардан, кеден баждарынан, кеден алымдары мен төлемдерiнен босатуға құқықтары немесе басқа да осыған ұқсас артықшылықтары жоқ тұлғаларға немесе ұйымдарға сатылатын немесе берiлетiн болса, олар салықтарды, кеден баждарын, кеден алымдары мен төлемдерiн төлеу объектiлерiне айналады.
      4. Қазақстан Республикасының Үкiметi Өкiлге, Штатқа және олардың отбасыларына, сондай-ақ Офиске дипломатиялық миссияның мүшесi болып табылатындардан басқа, Қазақстан Республикасында осы сияқты миссияны жүзеге асыратын кез келген басқа үшiншi елдiң немесе кез келген халықаралық ұйымның өкiлдерiне, штатына және олардың отбасыларына, сондай-ақ офистерге ұсынылғандардан кем емес сондай артықшылықтар, босатулар мен жеңiлдiктер ұсынады.

  Х БАП

      Қазақстан Республикасының Үкiметi Қазақстан Республикасына келетiн Сарапшылардың, Аға ерiктiлердiң, Миссиялар мүшелерiнiң, Өкiлдiң, Штаттың және олардың отбасыларының қауiпсiздiгін қамтамасыз ету үшiн қажет шараларды алдын ала қабылдайды.

  XI БАП

      1. Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Жапония Үкiметi осы Келiсiмге қатысты туындауы мүмкiн мәселелер бойынша бiр-бiрiне консультациялар бередi.
      2. Осы Келiсiмге екi Үкiметтің өзара келiсiмi бойынша жазбаша нысанда түзетулер енгiзiлуi мүмкiн.

  XII БАП

      1. Осы Келiсiм күшiне енгеннен кейiн осы Келiсiмнiң ережелерi осы Келiсiм күшiне енгенге дейiн басталған жекелеген техникалық ынтымақтастық бағдарламалары мен Қазақстан Республикасына келетiн Сарапшыларға, Аға ерiктілерге, Миссиялар мүшелерiне, Өкiлге, Штатқа және олардың отбасыларына да, сондай-ақ жоғарыда көрсетiлген бағдарламаларға қатысты жабдыққа, техника мен материалдарға да қолданылатын болады.
      2. Егер екi Үкiмет арасындағы өзара келiсiм бойынша өзгеше шешiлмесе, осы Келiсiмнiң қолданылуының аяқталуы жоғарыда көрсетiлген бағдарламалардың аяқталу күнiне дейiн iске асырылу сатысында болатын жекелеген техникалық ынтымақтастық бағдарламаларына, сондай-ақ жоғарыда көрсетiлген бағдарламаларға байланысты өз мiндеттерiн орындау үшiн Қазақстан Республикасына келетiн Сарапшыларға, Аға ерiктiлерге, Миссиялар мүшелерiне, Өкiлге, Штатқа және олардың отбасыларына берiлген артықшылықтарға, босатулар мен жеңiлдiктерге әсер етпейдi.

  XIII БАП

      1. Осы Келiсiм Жапония Үкiметi Қазақстан Республикасының Үкiметiнен осы Келiсiмнiң күшiне енуi бойынша қажетті мемлекеттік рәсiмдердiң аяқталғандығы туралы жазбаша хабарлама алған күнiнен бастап күшiне енедi.
      2. Осы Келісім бір жыл бойы қолданылады және Үкімет екінші Үкіметті тоқтатылу күніне дейін кемінде алты ай бұрын өзінің Келісімді тоқтату ниеті туралы жазбаша хабардар еткенге дейін әрбір жылда бір жылға автоматты түрде ұзартылады.
      Осыны растау үшін осыған толық уәкілетті төменде қол қоюшылар осы Келісімге қол қойды.

      2004 жылғы 27 тамызда Астана қаласында ағылшын тілінде екі данада жасалды.

      Қазақстан Республикасының          Жапония Үкіметі үшін
      Үкіметі үшін

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады