Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Еуропа Қайта құру және даму банкі арасындағы Техникалық жәрдемдесу мен ынтымақтастық туралы негіздемелік келісімді бекіту туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 22 қазандағы N 83 Заңы

      Астанада 2004 жылғы 10 желтоқсанда жасалған Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Еуропа Қайта құру және даму банкі арасындағы Техникалық жәрдемдесу мен ынтымақтастық туралы негіздемелік келісім бекітілсін.

       Қазақстан Республикасының
      Президенті

  ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ YКIMETI МЕН ЕУРОПА
ҚАЙТА ҚҰРУ ЖӘНЕ ДАМУ БАНКI АРАСЫНДАҒЫ
ТЕХНИКАЛЫҚ ЖӘРДЕМДЕСУ МЕН ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ ТУРАЛЫ
НЕГIЗДЕМЕЛIК КЕЛIСIМ

      Осы КЕЛIСIМ 2004 жылғы 10 желтоқсанда Қазақстан Республикасының Үкiметi (бұдан әрi - "Yкiмет") мен Еуропа Қайта Құру және Даму Банкi (бұдан әрi - "Банк") арасында жасалды.

      ӨЙТКЕНI

      (А) Банк Еуропа Қайта Құру және Даму Банкiн құру туралы 1990 жылғы 29 мамырдағы және 1991 жылғы 28 наурызда күшiне енген келiсiм ретiнде белгiлi (бұдан әрi - "ЕҚДБ туралы келiсiм") көп жақты шартқа сәйкес құрылған халықаралық қаржы институты болып табылады.

      (В) Қазақстан Республикасы Банктiң мүшесi және ЕҚДБ туралы келiсiмнiң тарабын бiлдiретiн мемлекет болып табылады.

      (С) ЕҚДБ туралы Келiсiмнiң 2(1)(iv)-бабына сәйкес Банк өз функцияларын орындау мақсатында жеке және сол сияқты арнайы инвестициялық бағдарламалар шеңберiнде тиiстi жобаларды дайындауда, қаржыландыруда және жүзеге асыруда техникалық жәрдем көрсете алады. Банктiң әдеттегi және арнайы операциялары табиғатты қорғау бағдарламаларын қоса алғанда, жеке секторды дамыту үшiн және нарыққа бағдарланған экономикаға көшу үшiн қажетте инфрақұрылымды қайта құру немесе дамыту үшiн өзiне техникалық жәрдемдi қамтиды. Мұндай түрдегi кез-келген қызмет бұдан әрi "Техникалық жәрдем" деп аталады.

      (D) Бұдан басқа, Банк кез-келген мемлекеттiк немесе жеке субъектiлермен ынтымақтастық туралы келiсiм жасай алады, олар арқылы Банк техникалық жәрдемдi қамтамасыз ету және қаржыландыру үшiн (бұдан әрi - "Гранттар қаражаты") осындай субъектiлерден алынған гранттар қаражатын алады және оларға билiк етедi.

      (Е) Әдетте Банк үкiметтiк министрлiктердi, әкiмшiлiк бiрлiктердi, мемлекеттiк және жеке субъектiлердi қоса алғанда, банктiң ағымдағы немесе ықтимал клиенттерiнiң мүддесiнде техникалық жәрдемдi қамтамасыз етедi не ұйымдастырады. Бұдан басқа, Техникалық жәрдем Банктiң өз мүддесiне де жүзеге асырылуы мүмкiн. Пайда табушы немесе Техникалық жәрдем алушы тұлға, бұдан әрi "Бенефициарий" деп аталады. Егер, Банктен басқа қандай да бiр мемлекеттiк немесе жеке субъект Бенефициарий болып табылса, Бенефициарий бұдан әрi "Банктiк емес Бенефициарий" деп аталатын болады.

      (F) Техникалық жәрдемдесу техникалық жәрдемдесу жобалары (бұдан әрi - ТЖ жобалары) арқылы жүзеге асырылады, оның шеңберiнде техникалық тапсырма немесе жұмыстар көлемi айқындалады, нақты техникалық тапсырма мен жұмыстар көлемiн орындау үшiн консультанттар тартылады. Мұндай консультанттардың жұмысы Банктiң әдеттегi негiзгi ресурстары есебiнен не Банктiң арнайы қорларының ресурстары (бұдан әрi - "Банк ресурстары") есебiнен, не Гранттар қаражаты есебiнен қаржыландырылады. ТЖ жобаларын Банк жалдаған консультанттар немесе Банктiк емес бенефициар жалдаған консультанттар орындауы мүмкiн.

      (G) Банк, ара-тұра, Банк қаржыландыратын инвестицияларға байланысты тауарларды, жұмыстарды және қызметтердi сатып алу үшiн Гранттар қаражатының әкiмшiсi әрi басқарушысы ретiнде де бола бередi. Банктiк емес бенефициарий пайдасына тауарлар, жұмыстар мен қызметтер сатып алу үшiн Гранттар қаражатын беру бұдан әрi "Гранттар қаражаты есебiнен бiрлесiп қаржыландыру" деп аталатын болады.

      (Н) Қазақстан Республикасының  Салақ кодексiмен  рұқсат берiлген осымен көрсетiлгенiндей салық салудан босатуға рұқсат берудi қоса алғанда, кез-келген салық салудан босатуларға қосымша Банк пен Үкiмет Техникалық жәрдем көрсетуге және Гранттар қаражаты есебiнен бiрлесiп қаржыландыруға ықпал ету үшiн шарттар мен ережелердiң жалпы шектерiн белгiлеудi қалайды.
      Тараптар мына төмендегiлер туралы келiстi:

  I БАП
ОСЫ КЕЛIСIМНІҢ МӘНI

      1.01 Банк пен Үкiмет мыналар туралы:

      (а) Банк ресурстары есебiнен Банк тiкелей iшiнара немесе толығымен немесе Гранттар қаражатын басқарушы әрi әкiмшiсi ретiнде қаржыландырылатын Техникалық жәрдемдесу және ТЖ жобалары, сондай-ақ

      (b) Гранттар қаражаты есебiнен бiрлесiп қаржыландыру осы Келiсiмнiң шарттары мен ережелерiне сәйкес жүзеге асырылатыны туралы келiстi.

      1.02 Кiрiспе осы Келiсiмнiң ажырамас бөлiгi болып табылады.

      1.03 Күнделiктi практикада "техникалық жәрдемдесу" "техникалық ынтымақтастық" деп те аталады және де осы терминдер өз мағыналары бойынша тең және бiрiн-бiрi алмастырады. Тиiсiнше осы Келiсiмде пайдаланылатын "Техникалық жәрдемдесу" терминi өзiне техникалық ынтымақтастықты да қамтиды. Техникалық жәрдемдесу сонымен бiрге мыналарды:

      (а) Консультанттар беретiн консультациялық қызметтердiң
          барлық түрлерiн;
      (b) сатып алынуы Банктi қанағаттандырарлық тәртiппен жүзеге
          асырылатын жабдықтар мен материалдарды;
      (с) тренингтер, теоретикалық және практикалық семинарлар,
          конференциялар және басқа да осындай iс-шараларды;
      (d) сыртқы көздерден басқа техникалық жәрдем етумен қоса
          қаржыландыру; сондай-ақ
      (e) Техникалық жәрдемге қосу үшiн Yкiметпен және Банкпен
          келiсiлген жәрдемдесудiң кез-келген түрлерiн қамтиды.

      1.04 Егер Бенефициар Банктен өзгеше субъект болып табылатын болса, Банк мұндай Бенефициармен келiсiм жасасады, онда гранттар қаражаты есебiнен Техникалық жәрдемдесу немесе бiрлесiп қаржыландыру (бұдан әрi - "Грант туралы келiсiм") берiлетiн шарттар мен ережелер көрсетiледi. Грант туралы бiр келiсiм гранттар қаражаты есебiнен Техникалық жәрдемдесудi де, Бiрлесе қаржыландыруды да көздей алады.

  II БАП
ТК ЖОБАЛАРЫН IСКЕ АСЫРУ

      2.01 ТЖ жобаларын Консультанттар орындайды. Осы келiсiмде пайдаланылатын "Консультанттар" терминi жеке тұлғалардан немесе консультациялық фирмалардан, компаниялардан тұратын жекелеген тәуелсiз сарапшыларды, консультациялық фирмаларды немесе компанияларды, консорциумдарды қоса алғанда, жеке және заңды тұлғаларды бiлдiредi және: (i) халықаралық және жергiлiктi консультанттарды, (ii) консультанттардың қосалқы мердiгерлерi және агенттерi болып табылатын жеке және заңды тұлғаларды, coндай-aқ (iii) заңды тұлғалардың сарапшыларын, қызметкерлерiн және персоналын қамтиды. Консультанттарды консультациялық қызметтердi көрсетуге арналған келiсiмдер (бұдан әрi - "Консультациялық келiсiм") бойынша Банк не Банктiк емес бенефициар жалдайды.

      2.02 Консультанттарға арналған техникалық тапсырмалар тиiстi Консультанттық келiсiмдерде көрсетiледi. Мұндай техникалық тапсырмалардың мазмұны Консультациялық келiсiмнiң талаптарына сәйкес жазбаша келiсiм жасау жолымен өзгертiлуi мүмкiн.

  III БАП
САЛЫҚ САЛУДАН БОСАТУ

      3.01 Гранттар қаражаты есебiнен Техникалық жәрдем көрсету немесе Бiрлесiп қаржыландыру барысында пайдаланылатын және Банк ресурстары немесе Гранттар қаражаты есебiнен қаржыландырылатын барлық импортталатын және жергiлiктi материалдар, жабдықтар, жұмыстар және қызметтер, консультациялық қызметтердi қоса алғанда, салықтың барлық түрлерiнен (ҚҚС қоса алғанда, тiкелей немесе жанама), кедендiк баждардан, сондай-ақ Қазақстан Республикасында немесе оның аумағында алынатын басқа да алымдар мен мiндеттi төлемдерден босатылады.

      3.02 3.03-тармағын ескере отырып, барлық түсiмдер, табыс немесе Техникалық жәрдем көрсеткен Консультанттар тартқан шығыстардың орнын толтыру, Банк Ресурстары немесе Гранттар қаражаты есебiнен осындай түсiмдер, табыс немесе орнын толтыру қандай деңгейде қаржыландырылатын болса, Қазақстан Республикасында немесе оның аумағында салынатын барлық салықтар мен басқа да алымдардан және мiндеттi төлемдерден сондай деңгейде босатылады.

      3.03 3.02-тармағында көзделген босатылу Қазақстан Республикасында тұрақты тұрып жатқан және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қандай да бiр басқа себептерге байланысты Қазақстан Республикасының аумағында табыс салығын төлеуге мiндеттi Қазақстан Республикасының азаматтарына таралмайды.

      3.04 Бүкiл Техникалық жәрдемдесу шеңберiнде көрсетiлетiн қызметтiң құны, сондай-ақ барлық Гранттар қаражаты есебiнен бiрлесiп қаржыландыру құны, Қазақстанда немесе оның аумағында салынатын табыс және корпоративтiк салықтарынан босатылады, осындай Техникалық жәрдем етуден немесе Грант қаражаты есебiнен бiрлесiп қаржыландырудан тiкелей немесе жанама пайда таба алатын Бенефициарийдiң салық салынатын пайдасы немесе салық салынатын табысы болып табылмайды және саналмауы тиiс.

  IV БАП
КОНСУЛЬТАНТТАРДЫҢ ИММУНИТЕТТЕРI, АРТЫҚШЫЛЫҚТАРЫ ЖӘНЕ
БОСАТУЛАРЫ

      4.01 Егер де Банк осындай иммунитеттерден, артықшылықтар мен босатулардан бас тартпаса, Консультанттарға, ешқандай шектеусiз және 3.02-тармағын ескере отырып, олардың жеке немесе заңды тұлғалар болып табылатындықтарына қарамастан, Банктiң тапсырмасын орындайтын сарапшылар мәртебесi берiледi және оларға осындай сарапшылар үшiн ЕҚДБ туралы келiсiмнiң ережелерiнде көзделген барлық иммунитеттер, артықшылықтар мен босатулар таралады, атап айтқанда:

      (а) Консультанттар (егер де олар Қазақстанның азаматтары
          немесе резиденттерi болмаса), Қазақстан Республикасында
          шетелдiктердi және әскери қызметтiң мiндеттемелерiн
          тiркеу бойынша иммиграциялық шектеулерге, талаптарға
          қатысты осындай иммунитеттердi, сондай-ақ Қазақстан
          Республикасы Банк қызметкерлерiне беретiн валюталық
          реттеу бөлiгiндегi осындай жеңiлдiктердi пайдаланады;
      (b) Консультанттар Қазақстан Республикасы Банк қызметкерлерiне
          беретiн орын ауыстыруға қатысты сондай режимдi
          пайдаланады.

  V БАП
БАСҚА ДА ЖАҒДАЙЛАР

      5.01 Тараптар арасындағы қатынастар мақсатында осы Келiсiм, оны Қазақстан Республикасының Парламентi бекiткеннен кейiн күшiне енедi.

      5.02 Үкiмет осы Келiсiмге Бенефициарлар мен Консультанттар жүгiне алатындай, Қазақстан Республикасында ол күшiне енуi үшiн, оны бекiту жөнiнде барлық мемлекетiшілiк рәсiмдердi орындайды.

      5.03 Осы Келiсiм Үкiмет пен Банк жазбаша нысанда тиiстi құжатқа қол қою арқылы өзгертiлуi мүмкiн.

      5.04 Осы Келiсiм екi түпнұсқа данада, әрқайсысы қазақ, орыс және ағылшын тiлдерiнде жасалды. Осы Келiсiмнiң ережелерiн түсiндiруде келiспеушiлiктер туындаған жағдайда Тараптар ағылшын тiлiндегi мәтiндi басшылыққа алатын болады.

      5.05 Осы Келiсiмнiң ережелерiнiң ешқайсысы да Банкке ЕҚДБ туралы Келiсiммен, халықаралық конвенциялармен немесе қолданыстағы құқықпен берiлген қандай да бiр иммунитеттердi, артықшылықтарды немесе босатуларды шектемейдi және шектеушi ретiнде түсiндiрiлмеуi тиiс.

      ЖОҒАРЫДА АТАЛҒАНДАРДЫ РАСТАУ YШIН осы Келiсiмге Тараптардың тиiстi өкiлдерi қол қойды.

       Қазақстан Республикасының      Еуропа Қайта Құру және
              Yкiметi                    Даму Банкi
              үшін:                         үшін:

      Осымен 2004 жылғы 10 желтоқсанда Астана қаласында жасалған Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Еуропа Қайта Құру және Даму Банкi арасындағы Техникалық жәрдемдесу мен ынтымақтастық туралы негiздемелiк келiсiмнiң бұл көшiрмесiнiң дәлдiгiн куәландырамын.

      Қазақстан Республикасы
      Сыртқы iстер министрлiгiнiң
      Халықаралық-құқық департаментiнiң
      Кеңесшiсi

      

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады