Тбилисиде 1996 жылғы 17 қыркүйекте қол қойылған Азаматтық және қылмыстық iстер бойынша өзара құқықтық көмек туралы Қазақстан Республикасы мен Грузия арасындағы шарт және Астанада 2005 жылғы 31 наурызда қол қойылған осы Шартқа Хаттама ратификациялансын.
Қазақстан Республикасының
Президентi
Азаматтық және қылмыстық iстер бойынша өзара құқықтық көмек
туралы Қазақстан Республикасы мен Грузия арасындағы
ШАРТ
Тәуелсiздiк пен өзара сыйластық негізiнде құқықтық қатынастар жағынан ынтымақтастықты жүзеге асыру мақсаттарында, бұдан әрi "Уағдаласушы Тараптар" деп аталатын, Қазақстан Республикасы мен Грузия азаматтық және қылмыстық iстер бойынша бiр-бiрiне құқықтық көмек көрсетіп отыруды ұйғарады және осы мақсаттармен төмендегiлер жөнiнде келiстi:
1. Уағдаласушы бiр Тараптың азаматтары Уағдаласушы екiншi Тараптың аумағында өздерiнiң жеке басы мен мүлiктік құқықтарын Уағдаласушы басқа Тараптың азаматтары пайдаланатын сияқты құқықтық түрде қорғаумен пайдаланады. Олар соттарға, әдiлет органдарына, прокуратураларға және құзыретiне азаматтық пен қылмыстық iстер жататын басқа да мекемелерге кiруге құқықты және Уағдаласушы басқа Тараптың азаматтары сияқты жағдайларда тiлек бiлдiруге және басқа iс жүргiзу әрекеттерiн жасай алады.
2. 1-тармақтың ережелерi заңды тұлғаларға да, және соларға теңестiрiлген, Уағдаласушы Тараптың әрқайсысының аумағында олардың ұлттық заңдарына сәйкес құрылған мекемелерге де қолданылады.
3. Осы Шартта қолданылып отырған "азаматтық iстер" деген терминге некелiк-отбасылық, еңбек, мұрагерлік, шаруашылық iстер енеді.
Уағдаласушы Тараптардың осы Шарттың 1-бабының бiрiншi тармағында көрсетiлген органдары мен мекемелерi өз елiнiң заңдары белгiлеген өз құзыретiне сәйкес азаматтық және қылмыстық iстер бойынша бiр-бiрiне құқықтық көмек көрсетедi.
3-бап
Құқықтық көмектің көлемi
Уағдаласушы Тараптар өз заңдарының талаптарын сақтай отырып, бiр-бiрiне мынадай жолдармен құқықтық көмек көрсетедi:
- iс жүргiзу әрекеттерiн орындау;
- құжаттарды жiберiп отыру және тапсыру;
- айғақтық заттарды берiп жiберу;
- iстiң материалдарын жiберу;
- сот шешiмдерiн мойындау және орындау;
- талап қоюды қамтамасыз ету;
- сұратып отырған Уағдаласушы Тараптарға сотталмағандығы туралы мәлiмет беру;
- адамды iздеу;
- оперативтi-iздеу шараларын жүргiзу;
- қылмыстық жауапқа тарту үшiн немесе үкімдi орындау үшін, қылмыс жасаған адамдарды ұстап беру.
4-бап
Құқықтық көмек көрсету кезiндегi байланысу тәртiбi
1. Азаматтық және қылмыстық iстер бойынша құқықтық көмек көрсету туралы өтініш жасаған кезде Уағдаласушы Тараптардың соттары және басқа құзыреттi мекемелерi, егер осы Шартта басқа белгiленбеген болса, бiр-бiрiмен өздерiнiң орталық мекемелерi арқылы байланысады.
2. Осы баптың 1-тармағында аталған орталық мекемелерге мыналар жатады:
Қазақстан Республикасы жағынан - Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлігі мен Қазақстан Республикасының Бас Прокуратурасы;
Грузия жағынан - Грузия Әдiлет министрлiгi мен Грузияның Прокуратурасы.
1. Уағдаласушы Тараптардың мекемелерi осы Шартта қозғалған барлық мәселелер бойынша өзара байланысқанда екi Уағдаласушы Тараптардың мемлекеттiк тiлдерiн пайдаланады.
2. Жұмыс тiлi ретiнде орыс тiлiнiң пайдаланылуы мүмкiн.
1. Уағдаласушы Тараптардың құзыреттi органдары мемлекеттiк, орыс тіліне аударылған және құзыреттi адамның қолы қойылған және мөрмен куәландырылған болуы керек.
2. Уағдаласушы тараптар өзара келiсiм бойынша құқықтық көмек көрсету туралы өтiнiш жасаған кезде пайдаланылатын формулярлар үлгiсiн белгiлей алады.
7-бап
Құқықтық көмек көрсету жөнiндегі өтініштiң
(тапсырманың) түрi
Құқықтық көмек көрсету жөнiндегi өтiніш (тапсырма) жазбаша түрде дайындалуы тиiс және тапсырманың мазмұнына қарай мынадай реквизиттер болу керек:
а) сауал қоюшы мекеменің аты;
б) сауал қойылған мекеменiң аты;
в) құқықтық көмек сұралған iстiң аты мен өтiнiштiң (тапсырманың) мазмұны;
г) iске қатысы бар адамдардың аты мен фамилиясы, олардың азаматтығы, жынысы, жұмысы, тұрған жерi мен келген жерi, туған жылы мен айы; заңды тұлғаның аты мен тұрған жерi;
д) осы баптың "г" тармағында аталған адамдар өкілдерінің аты, фамилиясы мен мекен-жайы;
е) тапсырылатын құжаттың аты;
ж) анықтауға жататын жағдайларды, сондай-ақ талап етiлетiн құжаттардың тiзiмi мен басқа да айғақтарды баяндау; қылмыстық iстер бойынша жасалған қылмыстың нақты жағдайларының баяндамасы, оның заңдық жазалану жолдары, мүмкiндігінше адамның сыртқы бет-әлпетiн, оның суретiн, саусақтарының iздерiн (таңбаларын) суреттеп жазу.
1. Егер тапсырманы орындау сауал қойылған Уағдаласушы Тараптың ұлттық заңдарына сәйкес осы Тарап соттарының және басқа құзыретті мекемелерінiң құзырына жатпайтын болса, тапсырманы орындаудан бас тартудың себептерi көрсетiліп, кейiн қайтарылады.
2. Егер Уағдаласушы Тараптың сауал қойылған мекемесi тапсырманы орындауға құқылы болмаса, онда ол аталған тапсырманы орындауға сауал қойылған Уағдаласушы Тараптың құзыретті органдарына жiберуге және бұл туралы сауал қоюшы Уағдаласушы Тараптың мекемесiне хабарлауға мiндеттi.
3. Егер Уағдаласушы Тараптың сауал қойылған мекемесi тапсырмада көрсетiлген мекен-жайдың дәл көрсетiлмеуiне байланысты тапсырманы орындау мүмкiндiгi жоқ болса, ол мекен-жайды анықтау үшiн тиiстi шаралар қолдануға немесе Уағдаласушы Тараптың сауал қоюшы мекемесiнен қосымша мәлiмет беруін талап етуге мiндеттi.
4. Егер мекен-жайды анықтау немесе тапсырманы орындау басқа себептер бойынша мүмкiн болмаса, Уағдаласушы Тараптың сауал қойылған мекемесi Шарт Уағдаласушы Тараптың сауал қоюшы мекемесiне ол жайлы хабарлауға және тапсырманы орындауға кедергі болған себептердi баяндауға, сондай-ақ Уағдаласушы Тараптың сауал қоюшы мекемесi жiберген барлық құжаттарды қайтаруға міндеттi.
9-бап
Орындалудың нәтижелерi туралы хабарлау
1. Сауал қойылған мекеме осы Шарттың 4-бабында көзделген тәртiпте сауал қоюшы мекемеге тапсырманың орындалуы нәтижелерi туралы жазбаша түрде хабарлауға, сондай-ақ тапсырманың орындалу уақыты мен орны көрсетiлген, орындалғанын растайтын құжат жiберуге міндетті.
2. Құжаттарды тапсыру туралы тапсырманың орындалғандығын растайтын құжатта оның қабылданып алынған күнi, қабылдап алушының қолы мен тапсырманы орындаған адамның қолы қойылуы керек. Егер қабылдап алушы қабылдап алудан бас тартса, қабылдап алудан бас тартудың себептерi де көрсетiлуi қажет.
Тапсырманың орындалғанын растайтын құжат тапсырманы орындаған сауал қойылған мекеменiң ресми мөрiмен куәландырылуы тиiс.
10-бап
Құжаттарды дипломатиялық өкiлдiктер немесе
консулдық мекемелер арқылы тапсыру
Құзыреттi органдардың тапсырмасы бойынша Уағдаласушы Тараптардың бiрінің екiншi Уағдаласушы Тарапта уәкіл етiп тағайындалған дипломатиялық өкiлдiктерi немесе консулдық мекемелерi өз азаматтарына сот құжаттарын және сотқа қатысы жоқ құжаттарды тапсыруға құқылы. Бiрақ бұл әрекеттер ерiксiз түрдегi шаралар болмауы керек және өздерi келген елдiң ұлттық заңына қайшы келмеуi керек.
11-бап
Құжаттардың тапсырылғандығын растау
Құжаттардың тапсырылғандығы құжат тапсырылған адамның қолымен, құжатты тапсырып отырған сауал қойылған мекеменiң ресми мөрiмен куәландырылған, немесе осы мекеме берген тапсырылған тәсiлі, орны мен уақыты көрсетiлген басқа құжатпен расталынады.
12-бап
Куәнi, жәбірленушінi және сарапшыны шет елге шақыру
Егер бiр Уағдаласушы бiр Тараптың аумағында алдын ала тергеу немесе соттық қарау кезiнде екiншi Уағдаласушы Тараптың аумағында тұратын куәнің, жәбiрленушінің немесе сарапшының өзi қатысуы қажет болса, онда шақыру қағазын тапсыруға сол Уағдаласушы Тараптың тиiстi мекемесiне бару керек.
13-бап
Куәларға, жәбiрленушілер мен сарапшыларға
байланысты кепілдіктер
1. Сауал қоюшы Уағдаласушы Тарап сотының немесе басқа құзыреттi мекемелерiнің сауал қойылған Уағдаласушы Тарап берiп жiберiлген шақыруы бойынша келген куә, жәбiрленушi немесе сарапшы, олардың қай Жақтың азаматы екендiгiне қарамастан сауал қоюшы мемлекетте әкiмшілік немесе қылмыстық жауапқа тартылмайды, немесе мемлекеттік шекарадан өткенге дейiн қандай түрде болмасын жасаған құқық бұзушылығы үшiн бас бостандығынан айырылмайды.
2. Құқықтық көмек көрсету туралы өтініш негiзiнде сауал қоюшы Уағдаласушы Тараптың мекемесiне куә, жәбiрленушi немесе сарапшы ретінде шақырылған адам егер бас тарту құқығы немесе мiндетi сауал қойылған немесе сауал қоюшы Уағдаласушы Тараптардың заңдарында көзделген болса, жауап беруден немесе басқа функцияларды орындаудан бас тартуға құқылы. Қажет болған жағдайда сауал қоюшы Уағдаласушы Тараптың мекемесi жоғарыда көрсетiлген құқықтар мен мiндеттерге қатысты заң туралы анықтаманы өтiнiшке қоса беруге тиiстi.
3. Егер куә, жәбiрленушi немесе сарапшы оның мұнда болуының қажеттігi жоқ деген ескерту алғаннан соң 15 күн iшiнде, сауал қоюшы Уағдаласушы Тараптың аумағынан дер кезiнде кете алмау жайы оған байланысты болмаған жағдайлардан басқа, сауал қоюшы Уағдаласушы Тараптың аумағынан кетпей қалса, осы баптың 1-тармағында берiлген кепiлдiктерден айырылады.
4. Осы баптың 1-тармағында көрсетiлген шақыру осы Келiсiмнiң 4-бабында көзделген тәртiпте берiледi. Шақыруда ерiксiз шаралар қолданылу туралы ескерту жазылмауы тиiс.
14-бап
Құқықтық көмек көрсетуге кеткен шығындар
1. Уағдаласушы Тараптар құқықтық көмектi тегiн көрсетедi.
2. Сауал қоюшы Уағдаласушы Тараптың шақыруымен келген куәнiң, жәбiрленушінің немесе сарапшының жолының, тамақтану және жүріп-тұру шығынын сауал қоюшы Уағдаласушы Тарап көтередi. Шақыру қағазында келген адамдардың қандай төлем алатындықтары көрсетілуi тиiс. Аталған адамдардың өтiнiшi бойынша сауал қоюшы Уағдаласушы Тараптың құзыреттi мекемесi оларға күнi бұрын тиiстi шығындарын төлеуге мiндеттi.
15-бап
Құқықтық көмектен бас тарту
Егер сауал қойылған Уағдаласушы Тарап құқықтық көмек беру өздерінің тәуелсіздігіне, қауіпсіздігіне, қоғамдық тәртібіне немесе өз Жағының ұлттық заңына қарама-қайшы келедi деп есептесе, бас тартудың дәлелдi себептерiн сауал қоюшы Уағдаласушы Тарапқа хабарлап, құқықтық көмек беруден бас тартады.
16-бап
Құқықтық көмек көрсету кезінде қолданылатын заңдар
Құқықтық көмек көрсету кезiнде сауал қоюшы мекеме өз мемлекетінiң заңдарын қолданады.
Сауал қойылған мекеме сауал қоюшы мекеменiң өтiнiшi бойынша орындаудың әдiсi мен түрлерi сауал қойылған Уағдаласушы Тараптың заңдарына қайшы келмейтiн болса, сауал қоюшы Уағдаласушы Тараптың iс жүргізу нормаларын қолданады.
17-бап
Заң хабарламасының көлемi
Уағдаласушы Тараптар өтiнiш бойынша қолданылып жүрген және қолданылған заңдар мен олардың қолданылу практикасы туралы бiр-бiрiне хабарлама берiп отырады.
18-бап
Құқықтық көмектiң көлемi
Уағдаласушы Тараптар өзара келiсiм негiзiнде өтiнiш бойынша сот құжаттарын және сотқа қатысы жоқ құжаттарды тапсырады, талапты қамтамасыз ету бойынша шаралар қолданады, процеске қатысушылардан, куәлар мен сарапшылардан жауап алады, сарапшылық жасайды, оқиға болған жердi қарайды, сот шешімдерiн мойындайды және орындайды, оның iшiнде алимент өндiріп алу үшiн, сондай-ақ басқа да iс жүргізу әрекеттерiн орындау үшiн борышқорды iздеу шараларын қолданады.
1. Мұрагерлiк даулардан басқа, азаматтық iстер бойынша дауларды жауапкердiң тұратын жерiндегi немесе тұрған орнындағы, олардың қай жақтың азаматы екендiгiне қарамастан, Уағдаласушы Тараптардың соттары қарайды, ал заңды тұлғаларға талаптар, аумағында заңды тұлғаның басқару органы, оның өкiлдігі немесе филиалы тұрған Уағдаласушы Тараптың сотына қойылады.
2. Уағдаласушы Тараптардың соттары, егер дауды осы соттарға беру туралы Тараптардың жазбаша келiсiмдерi болса, ерекше құзыреттi жағдайлардан басқа да жағдайларда iстердi қарай алады.
1. Уағдаласушы Тараптың азаматы Уағдаласушы басқа Тараптың аумағында сот шығындарын сол елдің азаматтарымен тең жағдайларда және бiрдей мөлшерде төлейдi.
2. Осы баптың 1-тармағындағы ережелер Уағдаласушы Тараптың бiреуінің аумағында солардың ұлттық заңына сәйкес құрылған заңды тұлғаларға да қолданылады.
21-бап
Сот шығындарын төлеуден толық немесе жартылай босату
1. Уағдаласушы Тараптың бiреуінің азаматы Уағдаласушы екiншi Тараптың аумағында сот шығындарын төлеуден толық немесе Уағдаласушы сол Тараптың азаматтарымен тең жағдайларда және бiрдей мөлшерде босатылады.
2. Уағдаласушы бiр Тараптың азаматтары сот шығындарын төлеуден толық немесе жартылай босату туралы өтiнiш жасағанда тұрған жерінің немесе келген жерiнiң құзыреттi мекемесi берген, өзi туралы отбасылық және мүлiктiк жағдайларын куәландырған құжаттарын өткiзуi тиiс. Егер өтiнiш жасаушының Уағдаласушы Тараптың аумағында тұратын жерi немесе келген жерi болмаса, ол өз мемлекетiнiң дипломатиялық өкілдіктерi немесе консулдық мекемесi берген немесе куәландырған құжаттарын бередi.
3. Сот шығындарын төлеуден түгелдей немесе жартылай босату туралы шешiм шығарған сот құжатты берген органға қосымша түсiнiк беру туралы қояды.
22-бап
Мойындауға және орындалуға жататын шешімдер
1. Уағдаласушы бiр Тараптың заңды күшiне енген, мәнi жөнiнен орындауды талап етпейтiн сот шешімдері, сондай-ақ қорғаншылық пен қамқоршылық органдарының, нотариат пен азаматтық хал актілерiн тiркеудiң шешiмдерi Уағдаласушы екiншi Тараптың аумағында мойындалады, ал мүлiк жөнiндегi iстер бойынша осы Шартта белгіленген жағдайларда мойындалады және орындалады.
2. Осы Шарт мәтiнiндегi қолданылатын "сот шешiмдерi" деген термин мына мағыналарды бiлдiредi:
Қазақстан Республикасында - соттың (судьяның) шешiмi, анықтамасы, қаулысы, азаматтық және шаруашылық iстер бойынша әлемдiк келiсiм, сондай-ақ қылмыстық iс бойынша залалды өтеуге қатысты үкім;
Грузияда - азаматтық iстер жөнiндегi (соның iшiнде шаруашылық iсi) шешiмдер, соттарда жасалған әлемдiк келiсiмдер; қылмыстық жолмен келген зиянды төлеуге қатысты үкiмдер; әкелiк пен алименттік мiндеттердi мойындату туралы құжаттар; орындау қағазы бар құжаттар; сот шешiмдерiн төлеу туралы шешiмдер.
23-бап
Сот шешiмiн мойындау және орындау туралы құзаухат
1. Сот шешiмiн мойындау және орындау туралы құзаухатты өтiнiш иесi осы шешiмдi шығарған сотқа бередi және ол өтiнiштi сот осы Шарттың 4-бабында көзделген тәртіпте Уағдаласушы екiншi Тараптың сотына жiбередi. Өтiнiш иесi құзаухатын Уағдаласушы екiншi Тараптың сотына тiкелей де бере алады.
2. Сот шешімін мойындау және орындау туралы құзаухатқа қоса мынадай құжаттар болуы керек:
а) сот куәландырған сот шешiмiнiң көшiрмесi; егер көшiрмеде шешiм күшiне енгендігі және орындалуға болатындығы туралы көрсетiлмеген болса, бұл туралы да сот шешiмiнiң заңды күшiне енгендігі туралы сот құжатының бiр данасы қоса тiркеледi;
б) Шешiмнiң Сауал қоюшы Уағдаласушы Тараптың аумағында орындалған бөлiмi туралы сот құжаты;
в) процеске қатыспаған Тарапқа заңда белгіленген тәртiптi сотқа шақыру туралы хабардың тапсырылғандығын растайтын құжат, ал ол Тараптың әрекет қабылетсiздiгi жағдайында - оның тиiстi өкiлi болу керектiгі туралы;
г) осы бапта аталған құзаухаттың куәландырылған аудармасы және оған қоса берiлген құжаттар.
24-бап
Сот шешімдерiн мойындау және орындау тәртiбi
1. Сот шешiмiн мойындау мен орындау тәртiбi құзаухат жiберген Уағдаласушы Тараптың соты Уағдаласушы осы Тараптың ұлттық заңы белгiлеген тәртiпке сәйкес жүзеге асырады.
2. Құзаухат жiберiлген сот шешiмнiң мәнiн талқыламайды, оны тек осы Шарттың талаптарына сәйкестігін қарайды.
3. Құзаухат алған сот мойындау мен орындау туралы құзаухат келіп түскен шешiм бойынша қажет болған жағдайда, шешiмдi шығарған соттан қосымша материалдар беруiн талап етедi.
25-бап
Мойындаудың және орындаудың заңды күшi
Уағдаласушы бiр Тарап сотының шешiмдерiн Уағдаласушы екiншi Тарап сотының мойындауы мен орындауы Уағдаласушы осы Тарап сот шешiмдерiмен күшi тең.
26-бап
Шешімдердi мойындаудан және орындаудан бас тарту
1. Сот шешiмiн, төрелiк шешiмдерден басқа мойындаудан және орындаудан мұндай жағдайларының бiрiнде бас тартылуы мүмкiн:
1.1. егер шешiм шығарылған Уағдаласушы Тараптың ұлттық заңына сәйкес заңды күшiне енбеген болса және орындауға жатпайтын болса;
1.2. егер шешiмдi мойындау және орындау туралы өтiнiш жіберiлген Уағдаласушы Тараптың ұлттық заңына сәйкес iс тек қана сауал қойылған Уағдаласушы Тарап сотының құзыретiне жататын болса;
1.3. егер мекемесi шешiм қабылдаған Уағдаласушы Тараптың ұлттық заңына сәйкес процеске қатыспаған Тарапқа сотқа шақыру туралы хабар қағаз тапсырылмаған болса немесе оның әрекет қабiлетсіздігі, тиiстi өкiлi болмаған жағдайда;
1.4. егер екi жақтың арасындағы бiр мәселе бойынша сауал қойылған Уағдаласушы Тараптың соты заңды күшiне енген шешiм шығарылған болса немесе ол (шешiм) онда қаралып жатқан болса, немесе осы iс бойынша үшiншi мемлекеттің шешiмi заңды күшiне енген деп танылса.
2. Төрелік шешімді мойындаудан мынадай жағдайларда бас тартылады, егер:
2.1. шешiм орындалуға тиiстi Уағдаласушы Тараптың заңы бойынша мұндай iс төрелiк тексеруге жатпайтын болса;
2.2. төрелiк шешiм Шартта көзделмеген немесе төрелiк келiсiмнiң немесе төрелiк түсiнiктiң Шартына үйлеспейтiн дау бойынша шығарылған болса;
2.3. төрелiк соттың құрамы екi жақтың келiсiмiне немесе Шарттағы түсiнiкке сәйкес келмесе немесе төрелiк болған жердегi мемлекеттiң заңына сәйкес келмейтiн болса;
2.4. екi жақ төрешінің немесе төрелiк тексерудiң белгіленгендігі туралы тиiсiнше хабарланған болса.
27-бап
Құқықтық көмектің көлемi
Осы Шарттың ережелерiне сәйкес Уағдаласушы Тараптардың бiр-бiрiне көрсететiн құқықтық көмегiне мыналар енедi:
- адамдарды iздеу және ұқсастыру;
- қылмыстық аңдуды қозғау;
- күдiктілерден, айыпкерлерден, сотталушылардан, куәлардан, жәбiрленушілерден, сарапшылардан жауап алу;
- қарау, тiнту және дәлелдер жинауға байланысты басқа iс жүргiзу әрекеттерi;
- айғақтық заттарды, қылмыстық жолмен табылған құжаттарды, бағалы заттарды беру;
- қылмыстық iс бойынша өндiрiске байланысты iс жүргiзу құжаттарын тапсыру, сондай-ақ сот процесінің нәтижелерi туралы хабарлама беру.
28-бап
Қылмыстық істер бойынша құқықтық көмек көрсету
кезіндегі байланысу тәртiбi
Қылмыстық iстер бойынша құқықтық көмек көрсету кезiнде Уағдаласушы Тараптардың құзыреттi органдары осы Шарттың 4-бабында аталған мекемелер, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Ішкi iстер министрлiгi Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк тергеу комитетi және Грузияның Iшкi iстер министрлiгi арқылы байланысады.
29-бап
Қылмыстық аңдуды қозғаудың мiндеттерi
1. Уағдаласушы әр Тарап Уағдаласушы бiр Тараптың өтiнiшi бойынша Уағдаласушы екiншi Тараптың аумағында қылмыс жасады деп күмән тудырған өз азаматтарына қарсы өз заңына сәйкес қылмыстық аңду iсiн қозғайды.
2. Уағдаласушы бiр Тараптың заңына сәйкес оның құзыреттi мекемелерiне жәбiрленушiнің қылмыстық аңду туралы тиiстi мерзiмде берген өтініш Уағдаласушы екiншi Тараптың аумағында да қолданылады.
30-бап
Қылмыстық iстер бойынша көмек көрсету кезiнде iстiң
қай тергеу орнында жүргiзiлетiндігін анықтау
Уағдаласушы Тараптардың аумақтарында адам (адамдар) бiрнеше қылмыс жасаған жағдайда оны алдын ала тексеру қылмыстың ауыр түрi немесе көпшiлiгi жасалған жақтың тексеру органы аяқтайды.
Адам (адамдар) өзi азаматы болып табылатын Уағдаласушы Тараптың аумағында бiр рет болса да қылмыс жасаған жағдайда және соның аумағында ұсталған жағдайда iстiң аяқталуын Уағдаласушы Тараптың құзыреттi мекемесi қарайды.
Басқа жағдайларда iстiң қай тергеу орнында жүргiзілетiндігін Уағдаласушы Тараптардың заңдарға сәйкес анықтайды.
31-бап
Сауал қойылған жақтың аумағында қамауда отырған
адамды куә немесе жәбірленуші ретінде iске қатысу
үшiн ұстап беру
1. Сауал қойылған Уағдаласушы Тараптың аумағында қамауда отырған, сауал қоюға Уағдаласушы Тараптың сотына немесе басқа құзыреттi мекемесiне куә немесе жәбiрленушi ретiнде шығарылған адам бұл жаққа мұндай шарттарды сақтаған жағдайда уақытша беріледi:
а) мұндай ұстап беруi сәйкес шақыру қағазы бар адам;
б) сауал қоюшы Уағдаласушы Тарап оның аумағында бұл адамның бұдан әрi болу негiзi жойылысымен, сауал қойылған Тарап белгiленген мерзiмiнен кешіктiрмей, оны шұғыл түрде керi қайтаруы тиiс. Бұл мерзiмдi сауал қойылған Уағдаласушы Тарап дәлелдi себептерi болған жағдайда ұзартады;
в) ұстап берiлген адам сауал қоюшы Уағдаласушы Тараптың аумағында қашып кетудi болдырмайтын жағдайларда ұсталуы керек.
2. Ұстап берiлгендiгi үшін адамның сауал қоюшы Уағдаласушы Тараптың аумағында қамауда отыру мерзiмi ұзартылмайды.
32-бап
Құжаттарды тапсыру және кейбiр iс жүргізу
әрекеттерiн орындау
1. Құжаттарды тапсыру мен қылмыстық iстер бойынша дәлелдер жинауға байланысты кейбiр iс жүргізу әрекеттерiн орындау осы Шарттың 6-10-баптарымен белгiленедi.
2. Жоғарыда көрсетiлген тапсырмаларды жiберген кезде қылмыстың жасалу жағдайы, оның анықталынуы және тиiстi заң актiлерінің ережелерi көрсетiлуi керек.
33-бап
Ақша және қылмыстық жолмен табылған
материалдық бағалы заттарды беру
1. Уағдаласушы Тарап екiншi Уағдаласушы Тараптың талабы негiзiнде осы Уағдаласушы Тарапқа басқа Уағдаласушы Тараптың аумағында қылмыстық жолмен табылған ақша мен басқа да бағалы заттарды беруге тиiс, бiрақ бұл Уағдаласушы Тараптың немесе үшiншi бiр тұлғаның бұл бағалы заттарға құқығына қысым жасалмауы тиiс.
2. Егер жоғарыда көрсетiлген ақша мен басқа да бағалы заттар сауал қойылған Уағдаласушы Тараптың аумағында басқа да ашылмаған қылмыстық iстер бойынша сот iсiн қарауды өткiзу үшiн қажет болатын болса, осы Уағдаласушы Тарап оларды берудi уақытша тоқтата тұрады.
34-бап
Қылмыстық iстер бойынша құқықтық
көмек көрсетуден бас тарту
Егер iстелуге тиiстi шарада көрсетiлген әрекет сауал қойылған Уағдаласушы Тараптың ұлттық заңы бойынша қылмыс деп есептелмейтiн болса, сауал қойылған Уағдаласушы Тарап, осы Шарттың 14-бабында көзделген негiздерден басқа жағдайларда, қылмыстық iстер бойынша құқықтық көмек көрсетуден бас тартады.
35-бап
Қылмыстық iстер бойынша iс қозғалғандығы және
сот iсiн қараудың нәтижелерi туралы хабарлау
Уағдаласушы Тараптар екiншi Уағдаласушы Тараптың азаматына қатысты қылмыстық iс қозғалғандығы туралы және қажет болған жағдайда екiнші Уағдаласушы Тараптың азаматына қатысты олардың соттары шығарған үкiм туралы бiр-бiрiне мәлiмет берiп отыруға міндетті.
36-бап
Бұрынырақта жасалған қылмыстар туралы хабарлама
Уағдаласушы Тараптар бұрын екiншi Уағдаласушы Тараптың соты соттаған адамға қатысты қылмыстық iстердi қарау үшiн оның сотталғандығы туралы өздерiне қажеттi мәлiметтердi өтініш бойынша бiр-бiрiне тегін береді.
37-бап
Қылмыстық істер бойынша құқықтық көмек көрсету кезінде
Уағдаласушы Тарап өкiлдерінің қатысуы
Уағдаласушы Тараптардың бiрiнің өкiлдерi бiр Уағдаласушы Тарап қылмыстық iстер бойынша құқықтық көмек көрсету туралы құзаухатты орындаған кезде екiншi Уағдаласушы Тараптың келiсiмiмен қатыса алады.
38-бап
Құжаттардың жарамдылығы
1. Бiр Уағдаласушы бiр Тараптың соты немесе басқа да құзыреттi мекемесi құрастырған немесе куәландырған құжаттары осы Уағдаласушы осы Тараптың тиiстi құзыреттi мекемесiнiң ресми мөрi болғанда жарамды болады. Екiнші Уағдаласушы Тараптың соты не басқа құзыреттi мекемелерi оларды осындай түрде ресмилендiрусiз қабылдай алады.
2. Бiр Уағдаласушы Тараптың аумағында ресми құжат деп қаралатын құжаттар, екiншi Уағдаласушы Тараптың аумағында ресми құжаттардың күшiн сақтайды.
39-бап
Азаматтық хал және басқа құжаттар туралы
құжаттарды жiберу
Осы Шартты орындау мақсатымен бiр Уағдаласушы Тараптың құзыреттi мекемелерi дипломатиялық каналдар бойынша алынған өтініштер бойынша екiншi Уағдаласушы Тарапқа келесi Тараптың азаматтарының жеке құқығы мен мүліктік мүдделерiне қатысты азаматтық хал актiлерiн тiркеу туралы, бiлiмi туралы, еңбек стажы туралы және басқа құжаттар тегiн жiберiледi.
Уағдаласушы Тараптар осы Шартты түсiну немесе орындау мәселесi бойынша пайда болған дауларды осы Шарттың 4-бабында көрсетiлген тиiстi орталық органдар арасындағы кеңестiң қатысуымен немесе дипломатиялық каналдар бойынша шешедi.
41-бап
Ведомстволық байланыстарды анықтау
Уағдаласушы Тараптардың осы Шартта аталған орталық заң мекемелерi осы Шарт негiзiнде және оны дамытуда өз құзыретінің көлемiнде ведомстволық келiсiмдер жасау жолымен өзара тiкелей байланыс жасай алады.
Осы Шарт бекiтуге жатады және бекiту грамоталарымен алмасқаннан кейiн күшiне енедi.
43-бап
Шартты өзгерту және толықтыру
Уағдаласушы Тараптар осы Шарттың мәтiнiне өзгертулер мен толықтырулар енгiзу мәселесi жөнiнде дипломатиялық каналдар бойынша кеңес өткiзедi және заң процедураларын өздерiнің ұлттық заңына сәйкес орындауға мiндеттi.
44-бап
Қолданылудың тоқтатылуы
Бұл Шарт мерзiмсiз және оның қолданылуы Уағдаласушы Тараптардың кез келген бiреуiнiң дипломатиялық каналдары бойынша Шарттың қолданылуы тоқтатылғандығы туралы жазбаша хабар жiберiлгеннен алты ай өткен соң тоқтатылады.
1996 жылы 17 қыркүйекте Тбилиси қаласында екі данада, әрқайсысы қазақ, грузин және орыс тiлдерiнде жасалды және барлық мәтiннің күшi бiрдей.
Осы Шартты түсiну бойынша келiспеушілік болған жағдайларда орыс тіліндегi мәтiн негiзге алынады.
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ГРУЗИЯ
ҮШIН YШIН
Осымен 1996 жылғы 17 қыркүйекте Тбилиси қаласында жасалған Азаматтық және қылмыстық істер бойынша өзара құқықтық көмек туралы Қазақстан Республикасы мен Грузия арасындағы шарттың бұл көшірмесінің дәлдігін куәландырамын.
Қазақстан Республикасы
Сыртқы істер министрлігінің
Халықаралық құқық департаментінің
Бөлім бастығы
Қазақстан Республикасы мен Грузия арасындағы Азаматтық
және қылмыстық істер бойынша өзара құқықтық көмек туралы
1996 жылғы 17 қыркүйектегi шартқа
ХАТТАМА
Бұдан әрi Уағдаласушы Тараптар деп аталатын Қазақстан Республикасы мен Грузия,
құқықтық қатынастар саласында ынтымақтастықты жүзеге асыру мақсатында,
егемендiктi құрметтеу және өзара түсiнушілiк негiзiнде,
1996 жылғы 17 қыркүйектегі Қазақстан Республикасы мен Грузия арасындағы Азаматтық және қылмыстық iстер бойынша өзара құқықтық көмек туралы шартқа мынадай өзгерiс енгiзуге уағдаласты:
1. 28-бап алынып тасталсын.
2. Осы хаттама Шарттың ажырамас бөлiгi болып табылады, Уағдаласушы Тараптардың бекiтуiне жатады және бекiту грамоталарымен алмасқаннан кейiн күшiне енедi.
2005 жылы 31 наурызда Астана қаласында қазақ, грузин және орыс тiлдерiнде әрқайсысы екi данада жасалды, әрi барлық мәтiндердiң күшi бiрдей.
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ГРУЗИЯ
YШIН YШIН
Осымен 2005 жылғы 31 наурызда Астана қаласында жасалған Қазақстан Республикасы мен Грузия арасындағы Азаматтық және қылмыстық істер бойынша өзара құқықтық көмек туралы 1996 жылғы 17 қыркүйектегі шартқа хаттаманың бұл көшірмесінің дәлдігін куәландырамын.
Қазақстан Республикасы
Сыртқы істер министрлігінің
Халықаралық-құқық департаментінің
Кеңесшісі