"Табиғи монополиялар туралы" Қазақстан Республикасының Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 14 қаңтардағы N 120 Заңы

       1-бап.  "Табиғи монополиялар туралы" 1998 жылғы 9 шiлдедегi Қазақстан Республикасының  Заңына  (Қазақстан Республикасы Парламентiнің Жаршысы, 1998 ж., N 16, 214-құжат; 1999 ж., N 19, 646-құжат; 2000 ж., N 3-4, 66-құжат; 2001 ж., N 23, 309-құжат;
2002 ж., N 23-24, 193-құжат; 2004 ж., N 14, 82-құжат; N 23, 138, 142-құжаттар) мынадай өзгерiстер мен толықтырулар енгiзілсiн:

      1) 3-баптың 21) тармақшасындағы "жыл сайын және (немесе) орташа немесе ұзақ мерзiмдi кезеңге" деген сөздер алып тасталсын;

      2) 4-баптың 1-тармағында:
      3) тармақшадағы "және (немесе) жылу" деген сөздер алып тасталсын;

      4) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      "4) жылу энергиясын өндiру, беру, бөлу және (немесе) онымен жабдықтау жөнiндегi;";

      3) 7-баптың 14) тармақшасы алып тасталсын;

      4) 10-бап мынадай мазмұндағы 4-2) тармақшамен толықтырылсын:
      "4-2) табиғи монополия субъектiсiнiң қызметтердi (тауарларды, жұмыстарды) сатып алуды жүзеге асыруы жөнiндегi тендерлерге қатысуға;";

      5) 13-баптың 1-тармағы мынадай мазмұндағы 6) тармақшамен толықтырылсын:
      "6) облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергiлiктi атқарушы органдарының Қазақстан Республикасының табиғи монополиялар туралы заңнамасын сақтауын бақылауды Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiткен тәртiппен жүзеге асырады.";

      6) 14-бапта:
      1-тармақта:
      14) тармақшадағы "кемiнде алты айға" деген сөздер ", осы Заңның 18-бабының 5-тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда, кемiнде он екi айға" деген сөздермен ауыстырылсын;

      мынадай мазмұндағы 20-1) тармақшамен толықтырылсын:
      "20-1) бекiтiлген техникалық және технологиялық нормалардың, сондай-ақ нормативтiк техникалық ысыраптардың сараптамасын жүргiзуге;";

      2-тармақта:
      12) тармақшадағы "кемiнде алты айға" деген сөздер ", осы Заңның 18-бабының 5-тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда, кемiнде он екi айға" деген сөздермен ауыстырылсын;

      7) 14-1-бапта:
      1-тармақ мынадай мазмұндағы 4-1) тармақшамен толықтырылсын:
      "4-1) тәуелсiз сарапшыларды, мемлекеттiк органдарды тарта отырып, өздерiнде белгiленген тәртiппен қаржылық және (немесе) техникалық сараптама жүргiзуге;";

      2-тармақ мынадай мазмұндағы 5-1) тармақшамен толықтырылсын:
      "5-1) табиғи монополиялар аясындағы қызметтi бақылау мен реттеудi жүзеге асыратын орталық мемлекеттiк орган белгiлеген тәртiпке сәйкес тәуелсiз сарапшыларды, мемлекеттiк органдарды тарта отырып, қаржылық және (немесе) техникалық сараптама жүргізуге;";

      8) 15-баптың 3-тармағындағы "уәкiлеттi орган" деген сөздер "табиғи монополиялар аясындағы қызметтi бақылау мен реттеудi жүзеге асыратын орталық мемлекеттiк орган" деген сөздермен ауыстырылсын;

      9) 15-1-бапта:
      2-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      "2) салалық техникалық және технологиялық нормалар, сондай-ақ нормативтiк техникалық ысыраптар шегiнде табиғи монополия субъектiсi шығыстарының баптарын шектеудi;";

      мынадай мазмұндағы 4-тармақпен толықтырылсын:
      "4. Салалық техникалық және технологиялық нормаларды, сондай-ақ нормативтiк техникалық ысыраптарды мемлекеттiк басқарудың тиiстi саласына (аясына) басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттiк орган бекiтедi.
      Салалық техникалық және технологиялық нормаларды, сондай-ақ нормативтiк техникалық ысыраптарды қарау мен бекiтудің тәртiбiн табиғи монополиялар аясындағы қызметтi бақылау мен реттеудi жүзеге асыратын орталық мемлекеттiк органның ұсынуы бойынша Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiтедi.";

      10) 16-бапта:
      2-тармақтың бiрiншi бөлiгiндегi "алпыс күн iшiнде" деген сөздер "тоқсан күннен кешiктiрмей" деген сөздермен ауыстырылсын;

      3-тармақ алып тасталсын;

      11) 17-бапта:
      1-тармақтағы "қажет болған кезде", "қосымша қаржылық және (немесе) техникалық" деген сөздер алып тасталсын;

      1-1-тармақта:
      бiрiншi бөлiктегі "он" деген сөз "он бес" деген сөздермен ауыстырылсын;

      екiншi бөлiкте:
      1) тармақшада:
      "түбегейлi" деген сөз алып тасталсын;

      "он бес" деген сөздер "отыз" деген сөзбен ауыстырылсын;

      2) тармақшада:
      "түбегейлi" деген сөз алып тасталсын;

      "жетi" деген сөз "он бес" деген сөздермен ауыстырылсын;

      мынадай мазмұндағы үшiншi бөлiкпен толықтырылсын:
      "Табиғи монополия субъектiсi жария тыңдаулар өткiзудің күнi туралы ақпарат жарияланғаннан кейiн жария тыңдауларға қатысушылардың талабы бойынша:
      реттеліп көрсетiлетiн қызметтерге (тауарларға, жұмыстарға) тарифтiк сметалардың, тарифтердің (бағалардың, алымдар ставкаларының) немесе олардың шектi деңгейлерiнiң жобаларын;
      реттелiп көрсетiлетiн қызметтерге (тауарларға, жұмыстарға) тарифтердi (бағаларды, алымдар ставкаларын) немесе олардың шектi деңгейлерiн көтерудiң себептерi туралы экономикалық негiзделген есептерi бар ақпаратты беруге мiндеттi.";

      мынадай мазмұндағы 1-2-тармақпен толықтырылсын:
      "1-2. Табиғи монополия субъектiлерiнiң реттелiп көрсетiлетiн қызметтерiне (тауарларына, жұмыстарына) тарифтердiң (бағалардың, алымдар ставкаларының) жобаларын уәкiлеттi орган елу бес күн iшiнде, ал тарифтердiң (бағалардың, алымдар ставкаларының) шектi деңгейi бекiтiлген жағдайда уәкiлеттi органның талаптарына сәйкес экономикалық негiзделген есептер берiлген кезде жүз алпыс бес күн iшiнде қарайды. Тарифтердiң (бағалардың, алымдар ставкаларының) немесе олардың шектi деңгейлерiнiң жобаларын қарау мерзiмi өтiнiм берiлген кезден бастап есептеледi.";

      12) 18-бапта:
      2-тармақта:
      "түпкiлiктi шешiм" деген сөздер "шешiм" деген сөзбен ауыстырылсын;

      "15" деген цифр "отыз бес" деген сөздермен ауыстырылсын;

      3-тармақта:
      "екi тоқсанда" деген сөздер ", осы баптың 5-тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда, он екi айда" деген сөздермен ауыстырылсын;

      екiнші сөйлем мынадай редакцияда жазылсын:
      "Жаңа тарифтердi (бағаларды, алымдар ставкаларын) және тарифтiк сметаларды қолданысқа енгiзу тарифтер (бағалар, алымдар ставкалары) бекiтiлген айдан кейiнгi екiншi айдың бiрiншi күнiнен бастап жүзеге асырылады.";

      4-тармақта "10" деген цифр "отыз" деген сөзбен ауыстырылсын;

      5-тармақтың үшiншi бөлiгi "(бағаларды, алымдар ставкаларын)" деген сөздерден кейiн "және тарифтiк сметаларды" деген сөздермен толықтырылсын;

      6-тармақтың екiншi сөйлемi алып тасталсын.

       2-бап.  Осы Заң ресми жарияланған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi.

       Қазақстан Республикасының
      Президентi

      

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады