Мәскеуде 2004 жылғы 22 қарашада қол қойылған 1992 жылғы 15 мамырдағы Ұжымдық қауіпсіздік туралы шартқа қатысушы мемлекеттер арасындағы Әскери-техникалық ынтымақтастықтың негізгі қағидаттары туралы келісімнің шеңберінде жеткізілетін әскери мақсаттағы өнімдердің нысаналы пайдаланылуын бақылауды жүзеге асыру тәртібі туралы хаттамаға өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы хаттама ратификациялансын.
Қазақстан Республикасының
Президенті
1992 жылғы 15 мамырдағы Ұжымдық қауіпсіздік туралы шартқа
қатысушы мемлекеттер арасындағы Әскери-техникалық
ынтымақтастықтың негізгі қағидаттары туралы келісімнің
шеңберінде жеткізілетін әскери мақсаттағы өнімдердің нысаналы пайдаланылуын бақылауды жүзеге асыру тәртібі туралы хаттамаға
өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
ХАТТАМА
(2006 жылғы 29 қарашада күшіне енді - ҚР СІМ-нің ресми сайты)
Бұдан әрі Тараптар деп аталатын Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарты Ұйымына мүше мемлекеттер,
Ұжымдық қауіпсіздік тұжырымдамасының ережелерін және олардың қарулы күштері ұжымдық қауіпсіздік жүйесінің күштері мен құралдарының құрамына енетіні және Шарттың 4-бабын іске асыру мақсатында әскерлердің коалициялық (өңірлік) топтарына кіру мүмкіндігі туралы 1992 жылғы 15 мамырдағы Ұжымдық қауіпсіздік туралы шартқа (бұдан әрі - Шарт) қатысушы мемлекеттердің коалициялық стратегиясының негізгі ережелерін басшылыққа ала отырып,
Шартқа қатысушы мемлекеттер арасындағы Әскери-техникалық ынтымақтастықтың негізгі қағидаттары туралы келісімнің (бұдан әрі - Келісім) және Келісімнің шеңберінде жеткізілетін әскери мақсаттағы өнімдердің нысаналы пайдаланылуын бақылауды жүзеге асыру тәртібі туралы хаттаманың (бұдан әрі - Хаттама) шеңберіндегі өзара іс-қимылдың тиімділігін арттыруға ұмтыла отырып,
төмендегілер туралы келісті:
1-бап
Хаттаманың 2-бабы мынадай редакцияда жазылсын:
Келісімнің 1, 2, 6 және 10-баптарына (жаңадан нөмірленген) сәйкес жеңілдік шарттарымен жеткізілген әскери мақсаттағы өнімдер бақылаудың мәні болып табылады.
2-бап
Хаттаманың 3-бабының екінші абзацындағы "ұжымдық қауіпсіздік аймақтарындағы көп жақты күштер мен құралдардың құрамына бөлінген әскери құралымдарда" деген сөздер "ұлттық қарулы күштерде" деген сөздермен ауыстырылсын.
3-бап
13-баптың мәтініндегі 10-баптың нөмірі 11 болып ауыстырылсын.
4-бап
Осы Хаттама 1992 жылғы 15 мамырдағы Ұжымдық қауіпсіздік туралы шартқа қатысушы мемлекеттер арасындағы Әскери-техникалық ынтымақтастықтың негізгі қағидаттары туралы келісімнің шеңберінде жеткізілетін әскери мақсаттағы өнімдердің нысаналы пайдаланылуын бақылауды жүзеге асыру тәртібі туралы хаттаманың ажырамас бөлігі болып табылады.
5-бап
Осы Хаттама Келісімнің 14-бабында (жаңадан нөмірленген) көзделген тәртіппен күшіне енеді.
Орыс тілінде бір түпнұсқа данада жасалды. Түпнұсқа данасы Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарты Ұйымының Хатшылығында сақталады, ол осы Хаттамаға қол қойған әрбір мемлекетке оның расталған көшірмесін жібереді.
Армения Республикасы үшін Қырғыз Республикасы үшін
Беларусь Республикасы үшін Ресей Федерациясы үшін
Қазақстан Республикасы үшін Тәжікстан Республикасы үшін
Қазақстан Республикасы Қорғаныс
министрі Аппаратының Халықаралық
ынтымақтастық департаменті
бастығының міндетін уақытша атқарушы