Еуразия экономикалық қоғамдастығына мүше мемлекеттердің интеграцияланған валюталық рыногын ұйымдастыру саласындағы ынтымақтастығы туралы келісімді ратификациялау туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 13 желтоқсандағы N 206 Заңы.

      Санкт-Петербургте 2006 жылғы 25 қаңтарда қол қойылған Еуразия экономикалық қоғамдастығына мүше мемлекеттердің интеграцияланған валюталық рыногын ұйымдастыру саласындағы ынтымақтастығы туралы келісім ратификациялансын.

Қазақстан Республикасының


Президенті



Еуразия экономикалық қоғамдастығына мүше мемлекеттердің
интеграцияланған валюталық рыногын ұйымдастыру
саласындағы ынтымақтастығы туралы
КЕЛІСІМ

      Бұдан әрі Тараптар деп аталатын Еуразия экономикалық қоғамдастығына мүше мемлекеттер,

      Аймақтық валюталық интеграцияны одан әрі дамыту негізі ретінде өзара сыртқы экономикалық байланыстарға қызмет көрсету үшін Еуразия экономикалық қоғамдастығына мүше мемлекеттердің (бұдан әрі - ЕурАзЭҚ) ұлттық валюталарын пайдалану аясын кеңейту және ауқымын ұлғайту мақсатында,

      2000 жылғы 10 қазандағы Еуразия экономикалық қоғамдастығын құру туралы шартты басшылыққа ала отырып,

      сыртқы сауда және қаржылық қызмет көрсету саласында төлемдерді жүзеге асыру кезінде ұлттық валюталардың пайдалану үлесін ұлғайту, ЕурАзЭҚ-қа мүше мемлекеттердің валюталарын өзара конвертациялаудың тиімді механизмін жасау үшін валютаны интеграциялаудың неғұрлым жетілдірілген нысаны ретінде ЕурАзЭҚ-қа мүше мемлекеттердің валюталық одағын құру бағытындағы бірлескен іс-қимылдардың маңыздылығын тани отырып,

      ЕурАзЭҚ-қа мүше мемлекеттердің әрқайсының экономикалық ерекшеліктерін ескерумен тең құқылық және өзара тиімділік қағидаттарын негізге ала отырып, ЕурАзЭҚ-қа мүше мемлекеттердің өзара сауда және инвестициялық ынтымақтастығын нығайтудағы, олардың шаруашылық жүргізуші субъектілері арасындағы сауда-экономикалық байланыстарды дамытуды ынталандыруда мүдделілік білдіре отырып,

      төмендегілер туралы келісті:

1-бап

      Осы Келісімнің мақсаты үшін пайдаланылатын ұғымдар:

      "банк" - осы Келісім Тарапының құзыретті органының арнайы рұқсаты негізінде (лицензиясы немесе өзге негіз) оның ұлттық заңнамасында көзделген банк операцияларын жүзеге асыруға құқығы бар заңды тұлға;

      "интеграцияланған валюта нарығы" - Тараптардың жұмыс істеудің және мемлекеттік реттеудің жалпы қағидаттарымен біріктірілген ішкі валюта нарықтарының жиынтығы;

      "құзыретті орган" - Тараптардың ұлттық заңнамаға сәйкес валюталық реттеуді және банктік қадағалауды жүзеге асыратын орталық (ұлттық) банктері және басқа да мемлекеттік органдары;

      "банкаралық конверсиялық операциялар" - биржалық және (немесе) биржадан тыс нарықтарында банктер арасында жүзеге асырылатын шетел валютасын сатып алу-сату мәмілелері.

2-бап

      Әрбір Тарап өзі құрылған мемлекеттік заңнамасына сәйкес Тараптардың валюта операцияларын жүзеге асыруға құқығы бар резидент банктерін қолайлылығы осы Тараптың коммерциялық резидент банктеріне берілген құқықтық режимнен кем емес құқықтық режим жағдайында банкаралық конверсиялық операцияларды жүргізу үшін өзінің ұлттық валюта нарығына рұқсатпен қамтамасыз етеді.

3-бап

      Тараптардың құзыретті органдарының осы Келісімді жүзеге асыру бойынша іс-қимылдарын үйлестіру 2000 жылғы 10 қазандағы Еуразия экономикалық қоғамдастығын құру туралы шартқа қатысушы мемлекеттердің орталық (ұлттық) банктері Басшыларының кеңесіне (бұдан әрі - Кеңес) жүктеледі.

      Банкаралық конверсиялық операциялар жасаған кезде тең бәсекелестік шарттарды қамтамасыз ету мақсатында, ЕурАзЭҚ-қа мүше мемлекеттердің ұлттық заңнамасының ережелеріне және қалыптасқан халықаралық практикаға негізделген, интеграцияланған валюта нарығының қатысушыларына қойылатын талаптарды келісу Кеңес шеңберінде жүзеге асырылады.

4-бап

      Осы Келісім Тараптардың өздері қатысушылары болып табылатын басқа халықаралық шарттар бойынша құқықтары мен міндеттемелерін қозғамайды.

5-бап

      Осы Келісімді түсінуге және орындауға байланысты даулы мәселелер мүдделі Тараптардың консультациялары және келіссөздері арқылы шешіледі. Келісімге келмеген жағдайда, дау Қоғамдастық Сотының қарауына беріледі.

6-бап

      Осы Келісім күшіне енгеннен кейін ЕурАзЭҚ-қа мүше болып қабылданған кез келген мемлекеттің оған қосылуына жол ашық. Осы Келісімге қосылу туралы құжаттар депозитарийге сақтауға өткізіледі.

      Осы Келісім қосылған мемлекеттерге қатысты депозитарий қосылу туралы құжатты алған күннен бастап күшіне енеді.

7-бап

      Тараптардың өзара уағдаластығы бойынша осы Келісімге өзгерістер мен толықтырулар енгізуге болады, олар тиісті хаттамалармен ресімделеді.

8-бап

      Әрбір Тарап осы Келісімнен шығуды болжап отырған күннен 6 айдан кешіктірмей ол жөнінде депозитарийге жазбаша хабарлама жібере отырып, осы Келісімнен шыға алды.

9-бап

      Осы Келісім оның күшіне енуі үшін қажетті мемлекет ішіндегі рәсімдерді Тараптардың орындағаны туралы соңғы жазбаша хабарламаны депозитарийге сақтауға өткізген күнінен бастап күшіне енеді.

      2006 жылғы 25 қаңтарда Санкт-Петербургте бір түпнұсқа данада орыс тілінде жасалды.

      Осы Келісімнің түпнұсқа данасы депозитарийде сақталады, ол әрбір Тарапқа оның куәландырылған көшірмесін жібереді.

Беларусь

Қазақстан

Республикасы

Республикасы

үшін

үшін

Қырғыз

Ресей

Тәжікстан

Республикасы

Федерациясы

Республикасы

үшін

үшін

үшін


      Осы арқылы, Еуразия экономикалық қоғамдастығына мүше мемлекеттердің интеграцияланған валюталық рыногын ұйымдастыру саласындағы ынтымақтастығы туралы келісімінің мемлекеттік тілдегі осы мәтіні орыс тіліндегі түпнұсқасына сәйкес келетінін растаймын.

Қазақстан Республикасы


Ұлттық Банкінің Үйлестіру


басқармасы бастығының орынбасары



Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады