Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Грузия Үкіметі арасындағы Халықаралық автомобиль қатынасы туралы келісімді ратификациялау туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 28 қарашадағы N 6-IV Заңы.

      Астанада 2007 жылғы 6 наурызда қол қойылған Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Грузия Үкіметі арасындағы Халықаралық автомобиль қатынасы туралы келісім ратификациялансын.

      Қазақстан Республикасының
Президенті

Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Грузин Үкіметі арасындағы Халықаралық автомобиль қатынасы туралы келісім

      Бұдан әрі "Тараптар" деп аталатын Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Грузия Республикасының Үкіметі,

      Тараптар мемлекеттерінің арасындағы халықаралық автомобиль қатынасы саласындағы ынтымақтастықты одан әрі дамыту қажеттілігін басшылыққа ала отырып,

      Тараптар мемлекеттерінің арасындағы және олардың аумақтары бойынша транзитпен автомобиль қатынасын жүзеге асыруды жеңілдетуге ұмтыла отырып,

      төмендегілер туралы келісті:

1-бап. Сала

      1. Тараптар осы Келісім негізінде және өз мемлекеттерінің ұлттық заңнамаларына сәйкес автомобиль қатынасы саласындағы ынтымақтастыққа, Тараптар мемлекеттерінің арасында және олардың аумақтары арқылы транзитпен, сондай-ақ үшінші мемлекеттерге немесе үшінші мемлекеттерден жолаушылар мен жүктердің екі жақты және транзиттік автокөлік тасымалдарын дамытуға ықпал етуге және осы мақсат үшін көрсетілген тасымалдарды жүзеге асыру тәртібін белгілей отырып келісті.

      2. Осы баптың 1-тармағында көрсетілген тасымалдар халықаралық автомобиль қатынасы үшін ашылған жолдармен Тараптар мемлекеттерінің бірінің аумағында тіркелген көлік құралдарымен (оның ішінде жеңіл көлік құралдарымен) жүзеге асырылады.

      3. Осы Келісім Тараптар мемлекеттерінің басқа да халықаралық келісімдерден туындайтын құқықтары мен міндеттерін қозғамайды.

2-бап. Айқындамалар

      Осы Келісімнің ережелерін түсіндіру мақсаттары үшін төмендегі терминдер мыналарды білдіреді:

      1. "Тасымалдаушы" Тараптардың бірінің мемлекеті аумағында тіркелген, өз мемлекетінің ұлттық заңнамасына сәйкес жолаушы немесе жүк тасымалдарын сыйақы үшін немесе жалға алу бойынша жүзеге асыратын кез келген жеке немесе заңды тұлғаны білдіреді.

      2. "Құрылтайшы мемлекет" тасымалдаушы құрылған Тараптың мемлекеттік аумағын білдіреді.

      3. "Каботаж" Тараптардың бірінің мемлекеті аумағында орналасқан пункттердің арасында екінші Тарап мемлекетінің аумағында құрылған тасымалдаушы жүзеге асыратын тасымалдарды білдіреді.

      4. "Құзыретті орган":

      Қазақстан тарапы үшін - Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігін;

      Грузия тарапы үшін - Грузияның Экономика және тұрақты даму министрлігін және/немесе Жер көлігі агенттігін немесе автомобиль көлігі үшін жауапты басқа де органдарды білдіреді.

      Жоғарыда аталған құзыретті органдардың атаулары немесе функциялары өзгерген кезде Тараптар дипломатиялық арналар бойынша уақтылы хабардар етілетін болады.

      5. "Тіркеме" қозғалтқышпен жабдықталмаған және механикалық көлік құралының құрамында қозғалуға арналған көлік құралын білдіреді.

      6. "Жартылай тіркеме" көлік құралына оның алдыңғы бөлігі оған сүйенетін және оның үстіндегі жүктің белгілі бір бөлігі көлік құралына келетіндей болып қосылған тіркемені білдіреді.

      7. "Рұқсат" Тараптардың құзыретті органдары беретін, басқа Тарап мемлекетінің аумағында тіркелген көлік құралдарына осы рұқсатты берген Тарап мемлекетінің аумағына немесе аумағы арқылы жолаушылар мен жүктердің тасымалдарын жүзеге асыруға құқық беретін құжатты білдіреді.

      8. "Тіркеу" Тараптар мемлекеттерінің қолданыстағы ұлттық заңнамаларына сәйкес белгілі бір тиісті құзыретті органдардың көлік құралына бірегейлендіру нөмірін беруін білдіреді. Автокөлік құралдарын құрастырған жағдайда көлік құралы рұқсат беру немесе одан босату үшін басым факторды білдіреді.

      9. "Тұрақты жолаушылар мен багаж тасымалдары" жолаушыларды отырғызу және түсіру үшін аялдама пункттерін, бағыт және тариф бойынша автобустардың қозғалыс кестесін көрсете отырып, белгілі бір тұрақтылықпен және алдын ала белгіленген бағыт бойынша жүзеге асырылатын жолаушы тасымалдарын білдіреді.

      10. "Тұрақты емес жолаушылар мен багаж тасымалдары" оларды жүзеге асыру шарттары әрбір жеке жағдайда тапсырыс беруші мен тасымалдаушы арасындағы келісім бойынша айқындалатын жолаушы тасымалдарын білдіреді.

      11. "Көлік құралы" автокөлік құралын:

      а) жеке алынған немесе көлік құралдарының құрастырылымын;

      b) меншік, жалға алу түрінде немесе лизинг келісім-шарты бойынша тасымалдаушының иелігіндегі жолаушылар (жүргізушіні қоса алғанда 9-дан астам жолаушыны тасымалдау үшін құрастырылған және арналған автобус) және жүк тасымалына арналған;

      с) жеңіл автомобильдерді білдіреді.

      12. "Транзит" Тараптардың бірінің мемлекеті аумағында құрылған тасымалдаушы жүзеге асыратын, екінші Тарап мемлекетінің аумағы арқылы үшінші елге немесе кері жүріп өтетін жүк (тиеусіз және түсірусіз) және жолаушылар (отырғызбай және түсірмей) тасымалын білдіреді.

      13. "Қауіпті жүк" халықаралық нормаларға сәйкес қауіптілік типі бойынша 9 сыныпқа жіктелетін және олардың халықаралық автомобиль тасымалы Қауіпті жүктердің халықаралық жол тасымалы туралы еуропалық келісімге (ADR) сәйкес тыйым салынған немесе белгілі бір шарттарды сақтай отырып жол берілетін заттарды және/немесе бұйымдарды білдіреді.

      14. "арнайы рұқсат" - тасымалдаушыға аумағы бойынша тасымалдау жүзеге асырылатын Тарап мемлекетінің ұлттық заңнамасына сәйкес автокөлік құралымен ірі габаритті, ауыр салмақты және қауіпті жүктерді тасымалдауды орындау құқығын беретін құжат.

      Ескерту. 2-бапқа өзгеріс енгізілді – ҚР 01.02.2021 № 2-VII Заңымен.

3-бап. Жалпы ережелер

      1. Тараптар мемлекеттерінің көлік құралдарының жүргізушілерінде олар басқаратын көлік құралының санатына сәйкес келетін ұлттық немесе халықаралық жүргізуші куәліктері болуға тиіс.

      2. Осы Келісімге сәйкес талап етілетін рұқсат және басқа да құжаттар көлік құралының жүргізушісінде болуы тиіс және өз мемлекетінің ұлттық заңнамасы негізінде әрекет ететін құзыретті органдардың талабы бойынша ұсынылады.

      3. Осы Келісім негізінде жүзеге асырылатын жолаушылар мен жүктерді тасымалдау көлік құралдары иелерінің үшінші тұлғаларға келтірілген залал үшін азаматтық жауапкершілігін міндетті сақтандыруы шартымен жүзеге асырылады. Тасымалдаушы көрсетілген тасымалдарды орындайтын әрбір көлік құралын алдын ала сақтандыруға міндетті.

      4. Жедел медициналық көмекке мұқтаж адамдарды тасымалдау кезінде, сондай-ақ жануарларды және тез бүлінетін жүктерді тасымалдау кезінде шекаралық, көліктік, санитарлық-карантиндік ветеринарлық және фитосанитарлық бақылау және кедендік ресімдеуді жүргізу кезектен тыс жүзеге асырылады.

      5. Осы Келісімнің орындалуын қамтамасыз ету мақсатында Тараптар мемлекеттерінің құзыретті органдары өз мемлекеттерінің осы Келісімнің іске асырылуына ықпал ететін ұлттық заңнамаларының барлық өзгерістері туралы ақпаратпен өзара алмасады.

4-бап. Тұрақты жолаушылар мен багаж тасымалдары

      1. Тұрақты жолаушылар мен багаж тасымалдары рұқсаттар негізінде жүзеге асырылады.

      2. Тұрақты жолаушылар мен багаждың транзиттік тасымалдарына рұқсат талап етілмейді.

      3. Тұрақты жолаушылар тасымалдарына рұқсаттар, тасымалдаушы өзі тіркелген елдің құзыретті органына елдің қолданыстағы ұлттық заңнамасына сәйкес құжаттарды және мынадай құжаттарды қоса бере отырып жіберетін өтінім негізінде беріледі:

      а) тұрақты бағыт схемалары;

      b) тұрақты бағыт бойынша автобус(тар) қозғалысының кестелерін мыналарды көрсете отырып;

      b-а) бастапқы, аралық және соңғы аялдама пункттерін, сондай-ақ автобустың(тардың) жүру бағыты бойынша мемлекет шекарасындағы автомобильдік өткізу пункттерін;

      b-b) аялдама пункттері мен Тараптар мемлекеттерінің шекаралары арқылы өтетін автомобильдік өткізу пункттері бойынша автобустың(тардың) келетін, тұратын және жөнелтілетін уақыттарын;

      b-с) тура бағыттағы тұрақты бағыттың бастапқы пункттен соңғы пунктке дейінгі ара қашықтығын;

      b-d) тасымалдаушы орындайтын рейстердің мерзімділігі мен тұрақтылығын;

      b-е) тасымалдаушылардың құрылтайшылары мемлекеттерінің ұлттық валютасындағы жолаушылар тасымалына арналған тарифтерді.

      4. Өтінім қанағаттандырылған жағдайда Тараптардың бірінің құзыретті органы 10 күн мерзімде екінші Тараптың құзыретті органына тиісті рұқсат беру құжаттарын жібереді.

      5. Егер мұндай рұқсат беру Тараптардың бірі мемлекетінің ұлттық заңнамасына қайшы келген жағдайда, 10 күн мерзімде өтінім берушіге рұқсат беруден жазбаша нысанда бас тартылуы мүмкін.

      6. Қызмет көрсетуге сұраныс болмаған немесе жеткіліксіз болған жағдайда тасымалдаушы өз мемлекетінің құзыретті органына қызметі аяқталғанға дейін бір ай бұрын тасымалдарды тоқтату туралы жазбаша түрде хабарлайды.

      7. Тасымалдауды жүзеге асырудан бас тартқан тасымалдаушының құрылтайшы мемлекетінің құзыретті органы бір ай ішінде екінші Тараптың құзыретті органына тиісті ақпарат береді.

      8. Рұқсат дербес болып табылады және оны басқа тасымалдаушыға немесе үшінші тарапқа беруге тыйым салынады.

5-бап. Тұрақты емес жолаушылар мен багаж тасымалдары

      1. Тұрақты емес жолаушылар мен багаж тасымалдарын жүзеге асыруға осы Келісім негізінде рұқсат талап етілмейді. Рұқсат, сондай-ақ:

      а) жарамсыз жолаушылар көлік құралын ауыстырған кезде;

      б) Тарап мемлекетінің аумағына, сондай-ақ басқа мемлекетке істен шыққан көлік құралдарын ауыстыру үшін көлік құралының бос жүріс жағдайында, сондай-ақ жөндеуден кейін кері бағытқа жол жүретін көлік құралының бос жүрісі;

      с) Тарап мемлекетінің, сондай-ақ кез келген елдің тиісті ведомстволары берген экспорттық-тіркеу нөмірі бар көлік құралдарының алғашқы бос жүрісі кезінде (жаңа және пайдалануда болған) және егер осы жүріс осы көлік құралын тіркеу жүргізілетін Тараптар мемлекеттерінің аумағына бағытталса;

      d) құтқару немесе қалпына келтіру жұмыстарын орындауға арналған көлік құралдары үшін талап етілмейді.

      2. Тұрақты емес жолаушылар мен багаж тасымалдары бақылау құжаты (жолаушылардың тізімі) болған кезде жүзеге асырылуы тиіс.

      3. Тұрақты емес жолаушылар мен багаж тасымалдары үдерісінде жолаушыларды (бақылау құжатында көрсетілген жолаушылардан басқа) отырғызуға тыйым салынады.

6-бап

      1. Осы баптың 5-тармағында көзделген тасымалдарды қоспағанда, екі Тарап мемлекетінің арасында жүктерді тасымалдау олардың өз аумақтары арқылы транзиті, сондай-ақ үшінші мемлекеттерге/мемлекеттерден жүктерді тасымалдау, Тараптардың құзыретті органдары беретін рұқсаттар негізінде Тараптар мемлекеттерінің аумағында тіркелген жүк автокөлік құралдарымен жүзеге асырылады.

      2. Әрбір жүк тасымалына жеке рұқсат берілуге тиіс, ол баруға және кері қайтуға бір рейс жасау құқығын береді.

      3. Тараптар мемлекеттерінің құзыретті органдары жыл сайын бір-біріне жүктерді тасымалдауға арналған рұқсаттар бланкілерінің өзара келісілген санын беріп отырады. Бұл бланкілерде рұқсат берген құзыретті органның қолы мен мөрі болуға тиіс.

      4. Тараптар мемлекеттерінің құзыретті органдары рұқсаттар бланкілерін алмасу тәртібін өзара келіседі.

      5. Осы Келісімнің 1-тармағында көрсетілген рұқсаттар:

      a) жәрмеңкелер мен кермелерге арналған экспонаттарды, жабдықтар мен материалдарды;

      b) көлік құралдарын, жануарларды, сондай-ақ спорттық шараларды өткізуге арналған әртүрлі мүкәммалдар мен мүліктерді;

      c) театрлық декорациялар мен реквизитті, музыкалық аспаптарды, жабдықтарды және кино түсірілімге, радио және телевизиялық хабарларға арналған керек-жарақтарды;

      d) қайтыс болғандардың мәйіттері мен мүрдесін;

      е) пошта жөнелтілімдерін;

      f) Тараптардың бірінің мемлекетінің аумағында тіркелген, бұзылған автокөлік құралдарын;

      q) көшу кезінде жылжымалы мүлікті тасымалдауды орындаған кезде;

      һ) табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар туындаған кезде талап етілмейді.

      6. Осы баптың 1-тармағында көрсетілген рұқсаттардан:

      a) техникалық көмек автомобильдерінің жүруі;

      b) уақытша (транзиттік) тіркеу нөмірі бар бос автокөлік құралын межеленген жеріне көшіру кезінде босатылады;

      7. Осы баптың 5-тармағының "а", "b" және "с" тармақшаларында көзделген ерекшеліктер, егер жүк автокөлік құралы тіркелген мемлекеттің аумағына қайтаруға жатса немесе егер жүк үшінші мемлекеттің аумағына тасымалданған жағдайда ғана қолданылады.

      Ескерту. 6-бап жаңа редакцияда – ҚР 01.02.2021 № 2-VII Заңымен.

7-бап. Жүк тасымалдарын жүзеге асыру тәртібі

      1. Осы Келісімде көзделген жүк тасымалдарын өз мемлекетінің ұлттық заңнамасына сәйкес халықаралық тасымалдарды жүзеге асыруға рұқсат берілген тасымалдаушылар ғана орындай алады.

      2. Халықаралық тасымалдарды жүзеге асыратын көлік құралдарында өз мемлекетінің тіркеу және айырым белгілері болуы тиіс. Жүк автомобильдерінде немесе автомобиль тартқыштарында Тараптардың тиісті мемлекеттерінің тіркеу және айырым белгілері болған жағдайда, тіркемелер мен жартылай тіркемелерде басқа мемлекеттің тіркеу және айырым белгілері болуы мүмкін.

8-бап. Салмақ және көлемдер

      1. Білікке түсетін жүктеме мен көлемді қоса алғандағы көлік құралының салмағы көлік құралының ресми тіркелген көрсеткішіне сәйкес болуы тиіс және қабылдаушы Тараптың ұлттық заңнамасында көзделген шектеулерден аспауы тиіс.

      2. Қабылдаушы Тараптың ұлттық заңнамасында көзделген салмақтық және/немесе көлемдік шектеулерден асқан жағдайда, тасымалдаушыда осы Тараптың тиісті ведомствосы берген арнайы рұқсат немесе ұсыным болуы қажет.

      3. Егер осы баптың 2-тармағында көрсетілген арнайы рұқсат белгілі бір маршрут бойынша автокөлік құралының жүруін көздесе, тасымалдау осы маршрут бойынша жүзеге асырылуға тиіс.

      Ескерту. 8-бапқа өзгеріс енгізілді – ҚР 01.02.2021 № 2-VII Заңымен.

9-бап. Қауіпті жүктердің тасымалы

      Қауіпті жүктерді тасымалдау өз мемлекеттері қатысушылары болып табылатын халықаралық шарттардан туындайтын Тараптардың қабылдаған халықаралық міндеттемелері негізінде және аумағында осындай тасымалдау жүзеге асырылатын сол Тарап мемлекетінің ұлттық заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

      Ескерту. 9-бап жаңа редакцияда – ҚР 01.02.2021 № 2-VII Заңымен.

10-бап. Каботаж

      Каботажға тыйым салынады.

11-бап. Алымдар мен салықтар

      1. Осы Келісім негізінде екінші Тарап мемлекетінің аумағы бойынша тасымалдарды жүзеге асыратын, Тараптардың бірінің мемлекеті аумағында тіркелген көлік құралдары, оның ішінде жеңіл автомобильдер қабылдаушы Тараптың ұлттық заңнамасында белгіленген барлық арнайы алымдар мен баждар сияқты жалпыға бірдей пайдаланымдағы автомобиль жолдарын пайдаланғаны үшін төленетін мыналардан басқа, салықтар мен алымдардан өзара негізде босатылады:

      а) балама ақысыз жолдар болған кезде, ақылы жолдардың инфрақұрылымын пайдаланғаны үшін алымдар (коммерциялық жолдарды, көпірлер мен туннельдерді пайдаланғаны үшін төленетін баждар);

      b) аумағы бойынша тасымал жүзеге асырылатын Тарап мемлекетінің ұлттық заңнамасында белгіленген көлік құралдарының салмағы, көлемі немесе жүктемесі шегінен асқаны үшін төленетін алымдар.

      2. Осы Келісімнің негізінде тасымалдарды жүзеге асыру кезінде екінші Тарап мемлекетінің аумағына әкелінетін мынадай материалдар кедендік алымдар мен салықтардан өзара негізде босатылады:

      а) көлік құралын шығарушының стандартты отын бактарындағы отын;

      b) тасымалдарды жүзеге асыру кезінде осы көлік құралын пайдалану үшін қажетті мөлшердегі жанар-жағармай материалдары;

      с) осы көлік құралын ағымдағы жөндеуге арналған немесе екінші Тарап мемлекетінің аумағындағы бұзылған көлік құралын жөндеу үшін қажетті қосалқы бөлшектер мен құрал-саймандар.

      3. Құрал-саймандар мен пайдаланылмаған қосалқы бөлшектер Тарап мемлекеті аумағынан әкетуге жатады. Ауыстырылған қосалқы бөлшектер де әкетуге жатады немесе тиісті Тараптың кеден органдарының бақылауымен жойылуға тиіс.

12-бап. Юрисдикция

      1. Тараптар мемлекеттерінің тасымалдаушылары және олардың экипаждары екінші Тарап мемлекетінің аумағында болған кезде мыналардан туындайтын міндеттемелерді сақтауға міндетті:

      а) олардың мемлекеттері қатысушылары болып табылатын халықаралық келісімдерден;

      b) осы келісімнен;

      с) олар аумағында болатын Тарап мемлекетінің ұлттық заңнамасынан.

      2. Осы баптың 1-тармағында көрсетілген заңнамалар мен халықаралық шарттар екі мемлекеттің тасымалдаушыларына ұлты немесе құрылған жері бойынша кемсітушілікті болдырмау үшін бірдей қолданылады.

13-бап. Аралас комиссия

      1. Тараптардың құзыретті органдары Аралас комиссияны мыналарды:

      а) осы Келісімді қолдануға және түсіндіруге байланысты ағымдағы мәселелерді шешуді;

      b) осы Келісімді орындау қорытындыларын талқылауды және автомобиль тасымалдарын дамыту үшін ұсыныстар енгізуді;

      с) осы Келісімнің мәтініне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы ұсыныстар дайындауды қамтамасыз ету мақсатында құрады.

      2. Аралас комиссия Тараптардың бірінің құзыретті органының өтініші бойынша Тараптар мемлекеттерінің аумағында кезекпен жиналады.

14-бап. Даулар мен келіспеушіліктерді шешу

      Осы Келісімнің ережелерін түсіндіру немесе қолдану кезінде даулар мен келіспеушіліктер туындаған жағдайда Тараптар консультациялар және келіссөздер жолымен шешім қабылдайтын болады.

15-бап. Өзгерістер мен толықтырулар

      Осы Келісімге өзгерістер мен толықтырулар осы Келісімнің ажырамас бөліктері болып табылатын жеке хаттамалармен ресімделетін Тараптардың келісімі кезінде енгізіледі және осы Келісімнің 16-бабының 1-тармағына сәйкес күшіне енеді.

16-бап. Күшіне енуі және қолданылу мерзімі

      1. Осы Келісім оның күшіне енуі үшін қажетті мемлекетішілік рәсімдерді Тараптардың аяқтағаны туралы хабарламалармен алмасқан күнінен бастап күшіне енеді.

      2. Осы Келісім белгіленбеген мерзімге жасалады.

      3. Кез келген Тарап кез келген уақытта екінші Тарапқа осы Келісімнің қолданысын тоқтату туралы хабарлама жібере алады. Осы жағдайда осы Келісімнің қолданысы, егер көрсетілген мерзім ішінде Тараптардың өзара уағдаластығы негізінде хабарлама кері қайтарылып алынбаса, екінші Тарап хабарламаны алғаннан кейін 6 (алты) айдан соң тоқтатылады.

      4. Осы Келісім күшіне енген күннен бастап 1993 жылғы 1 маусымда Алматы қаласында жасалған "Қазақстан Республикасы Үкіметі мен Грузия Республикасы Үкіметі арасындағы халықаралық автомобиль қатынасы туралы келісім" өз қолданысын тоқтатады.

      2007 жылғы 6 наурызда Астана қаласында әрқайсысы қазақ, грузин және орыс тілдерінде екі данада жасалды, әрі барлық мәтіндердің күші бірдей. Осы Келісімді оқуда айырмашылық болған кезде орыс тіліндегі мәтінге басымдық беріледі.

Қазақстан Республикасының Үкіметі үшін

Грузия Үкіметі үшін

      2007 жылғы 6 наурызда Астана қаласында жасалған Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Грузия Үкіметі арасындағы Халықаралық автомобиль қатынасы туралы келісімнің бұл көшірмесінің дәлдігін куәландырамын.

      Қазақстан Республикасы
Сыртқы істер министрлігі
Халықаралық-құқық департаментінің
Басқарма бастығы

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады