"Ұлттық мұрағат қоры және мұрағаттар туралы" Қазақстан Республикасының Заңына өзгеріс енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 8 мамырдағы N 247 Заңы

       1-бап.  "Ұлттық мұрағат қоры және мұрағаттар туралы" 1998 жылғы 22 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының  Заңына  (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1998 ж., N 24, 435-құжат; 2001 ж., N 21-22, 286-құжат; 2003 ж., N 10, 53-құжат; 2004 ж., N 23, 142-құжат; 2006 ж., N 3, 22-құжат) мынадай өзгеріс енгізілсін:

      17-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      "1. Мемлекеттік мұрағаттар ақылы негізде жұмыстар орындауға және қызметтер көрсетуге құқылы.
      Мемлекеттік мұрағаттардың ақылы жұмыстары мен қызметтеріне тек қана:
      1) ұйымдар мұрағаттарының және басқаруды құжаттамалық қамтамасыз ету қызметтерінің жұмысын жетілдіру жөніндегі әдістемелік ұсынымдарды әзірлеу және енгізу;
      2) құжаттарды ғылыми-техникалық өңдеу;
      3) жеке және мемлекеттік емес заңды тұлғалардың тапсырыстары (өтінімдері) бойынша құжаттама жасау мен құжаттаманы басқарудың қазіргі заманғы негіздерін оқыту жөніндегі курстар мен семинарларды өткізу;
      4) мұрағат істері мен құжаттарды реставрациялау, түптеу, мұрағаттық қораптар дайындау;
      5) мұрағат құжаттарының сақтандыру көшірмелерін дайындау, мәтіндерін қалпына келтіру, микрофильмдердің, кино құжаттарының, фото негативтерінің, құжаттардың түрлі-түсті слайдтарының, сондай-ақ қағаздағы және электрондық негіздегі құжаттардың көшірмелерін түсіріп алу;
      6) мұрағат қорларына ғылыми-анықтамалық аппарат жасауда және оны жетілдіруде әдістемелік және практикалық көмек көрсету;
      7) тапсырыстар (өтінімдер) бойынша генеалогиялық және тақырыптық сипаттағы ақпаратты анықтауды жүргізу және мұрағат құжаттарының көшірмесін алу жатады.".

       2-бап.  Осы Заң ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

       Қазақстан Республикасының
      Президенті

      

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады