Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 шілдедегі N 54-IV Заңы

       Қолданушылар назарына! Қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз.

      1-бап . Қазақстан Республикасының мына заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      1. Қазақстан Республикасының Жоғарғы Кеңесі 1994 жылғы 27 желтоқсанда қабылдаған Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне (Жалпы бөлім) (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің Жаршысы, 1994 ж., N 23-24 (қосымша); 1995 ж., N 15-16, 109-құжат; N 20, 121-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1996 ж., N 2, 187-құжат; N 14, 274-құжат; N 19, 370-құжат; 1997 ж., N 1-2, 8-құжат; N 5, 55-құжат; N 12, 183, 184-құжаттар; N 13-14, 195, 205-құжаттар; 1998 ж., N 2-3, 23-құжат; N 5-6, 50-құжат; N 11-12, 178-құжат; N 17-18, 224, 225-құжаттар; N 23, 429-құжат; 1999 ж., N 20, 727, 731-құжаттар; N 23, 916-құжат; 2000 ж., N 18, 336-құжат; N 22, 408-құжат; 2001 ж., N 1, 7-құжат; N 8, 52-құжат; N 17-18, 240-құжат; N 24, 338-құжат; 2002 ж., N 2, 17-құжат; N 10, 102-құжат; 2003 ж., N 1-2, 3-құжат; N 11, 56, 57, 66-құжаттар; N 15, 139-құжат; N 19-20, 146-құжат; 2004 ж., N 6, 42-құжат; N 10, 56-құжат; N 16, 91-құжат; N 23, 142-құжат; 2005 ж., N 10, 31-құжат; N 14, 58-құжат; N 23, 104-құжат; 2006 ж., N 1, 4-құжат; N 3, 22-құжат; N 4, 24-құжат; N 8, 45-құжат; N 10, 52-құжат; N 11, 55-құжат; N 13, 85-құжат; 2007 ж., N 2, 18-құжат; N 3, 20, 21-құжаттар; N 4, 28-құжат; N 16, 131-құжат; N 18, 143-құжат; N 20, 153-құжат):

      41-баптың 1-тармағының екінші бөлігі "Шағын" деген сөзден кейін ", орта және ірі" деген сөздермен толықтырылсын.

      2. "Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу туралы" 1995 жылғы 17 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің Жаршысы, 1995 ж., N 3-4, 35-құжат; N 15-16, 109-құжат; N 20, 121-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1996 ж., N 1, 180-құжат; N 14, 274-құжат; 1997 ж., N 12, 183-құжат; 1998 ж., N 5-6, 50-құжат; N 17-18, 224-құжат; 1999 ж., N 20, 727-құжат; 2000 ж., N 3-4, 63, 64-құжаттар; N 22, 408-құжат; 2001 ж., N 1, 1-құжат; N 8, 52-құжат; N 24, 338-құжат; 2002 ж., N 18, 157-құжат; 2003 ж., N 4, 25-құжат; N 15, 139-құжат; 2004 ж., N 5, 30-құжат; 2005 ж., N 13, 53-құжат; N 14, 55, 58-құжаттар; N 23, 104-құжат; 2006 ж., N 10, 52-құжат; N 15, 95-құжат; N 23, 141-құжат; 2007 ж., N 3, 20-құжат):

      1) 6-баптың бесінші бөлігі "жоқ екендігі" деген сөздерден кейін "(бар екендігі)" деген сөздермен толықтырылсын;

      2) 7-бапта:
      бесінші бөлік "Шағын" деген сөзден кейін ", орта және ірі" деген сөздермен толықтырылсын;

      мынадай мазмұндағы алтыншы және жетінші бөліктермен толықтырылсын:
      "Егер заңды тұлғаның құрылтайшылары өз қызметін үлгі жарғының негізінде жүзеге асыруға шешім қабылдаған жағдайда, заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу процесінде жарғыны ұсыну талап етілмейді.
      Бұл ретте тіркеуші органдарға Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі белгілеген нысан бойынша, нотариат тәртібімен куәландырылған өтініштің үш данасы табыс етіледі.";

      3) 9-баптың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
      "Шағын кәсіпкерлік субъектілерін мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) және олардың филиалдары мен өкілдіктерін есептік тіркеу (қайта тіркеу) қажетті құжаттары қоса тіркеліп өтініш берілген күннен бастап үш жұмыс күнінен кешіктірілмей жүргізілуге тиіс. Өз қызметін үлгі жарғының негізінде жүзеге асыратын орта және ірі кәсіпкерлік субъектілерін мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) және олардың филиалдары мен өкілдіктерін есептік тіркеу (қайта тіркеу) қажетті құжаттары қоса тіркеліп өтініш берілген күннен бастап үш жұмыс күнінен кешіктірілмей, ал өзге де заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) және олардың филиалдары мен өкілдіктерін есептік тіркеу (қайта тіркеу) қажетті құжаттары қоса тіркеліп өтініш берілген күннен бастап он жұмыс күнінен кешіктірілмей жүргізілуге тиіс.";

      4) 11-баптың бірінші бөлігі "құқық мирасқорлығы туралы ережелердің болмауы" деген сөздерден кейін "не бір айлық есептік көрсеткіштен артық салық берешегінің болуы" деген сөздермен толықтырылсын;

      5) 14-баптың үшінші бөлігі "жоқ екендігі" деген сөздерден кейін "(бар екендігі)" деген сөздермен толықтырылсын;

      6) 15-бап мынадай редакцияда жазылсын:

      "15-бап. Заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) және
               филиал мен өкілдікті есептік тіркеу (қайта тіркеу)
               туралы куәліктің телнұсқасын беру

      Тіркеуші орган заңды тұлғаның өтініші бойынша үш жұмыс күні ішінде заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәліктің телнұсқасын беруді жүзеге асырады.
      Заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) және филиал мен өкілдікті есептік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәліктің телнұсқасын беру үшін мына құжаттар:
      1) Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі белгілеген нысан бойынша өтініш;
      2) заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) және филиал мен өкілдікті есептік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәліктің түпнұсқасының жоғалғаны туралы ақпараттың мерзімді баспа басылымында жарияланғанын растайтын құжат;
      3) заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу (қайта тіркеу) үшін бюджетке алым төленгенін растайтын түбіртек немесе құжат табыс етіледі.";

      7) 16-баптың екінші бөлігінде:

      3) тармақшадағы "пен статистикалық карточка" деген сөздер алып тасталсын;

      11) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      "11) кедендік төлемдер бойынша берешектерінің жоқ екендігі туралы кеден органдарының анықтамасы;".

      3. "Шаруашылық серіктестіктері туралы" 1995 жылғы 2 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің Жаршысы, 1995 ж., N 7, 49-құжат; N 15-16, 109-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1996 ж., N 14, 274-құжат; N 19, 370-құжат; 1997 ж., N 12, 183, 184-құжаттар; N 13-14, 205, 210-құжаттар; 1998 ж., N 5-6, 50-құжат; N 17-18, 224-құжат; 2003 ж., N 11, 56-құжат; N 24, 178-құжат; 2007 ж., N 4, 28-құжат):

      4-баптың 1-тармағының екінші бөлігі "шағын" деген сөзден кейін ", орта және ірі" деген сөздермен толықтырылсын.

      4. "Өндірістік кооператив туралы" 1995 жылғы 5 қазандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің Жаршысы, 1995 ж., N 20, 119-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1996 ж., N 14, 274-құжат; 1997 ж., N 12, 183-құжат; N 13-14, 205-құжат; 2001 ж., N 17-18, 242-құжат; 2003 ж., N 24, 178-құжат; 2004 ж., N 5, 30-құжат; 2006 ж., N 8, 45-құжат; 2007 ж., N 9, 67-құжат; N 20, 153-құжат):

      4-баптың екінші бөлігі "шағын" деген сөзден кейін ", орта және ірі" деген сөздермен толықтырылсын.

      2-бап . Осы Заң, 2010 жылғы 13 тамыздан бастап қолданысқа енгізілетін 1-бабының 2-тармағы 7) тармақшасының екінші абзацын қоспағанда, алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Президенті                                      Н. Назарбаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады