"Мемлекеттік сатып алу туралы" Қазақстан Республикасының Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 20 қарашадағы N 87-IV Заңы

      Ескерту. Заңның қолданысқа енгізілу тәртібін  2-баптан  қараңыз.

       1-бап. "Мемлекеттік сатып алу туралы" 2007 жылғы 21 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2007 ж., N 17, 135-құжат; 2008 ж., N 13-14, 58-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
      1) 1-баптың 1-тармағында:
      "1" деген цифр алып тасталсын;
      1) тармақшадағы "акцияларының (үлестерінің) елу проценттен астамы" деген сөздер "дауыс беретін акцияларының (үлестерінің) елу және одан астам проценті" деген сөздермен ауыстырылсын;
      мынадай мазмұндағы 6-1), 6-2) және 6-3) тармақшалармен толықтырылсын:
      "6-1) Қазақстан Республикасының резиденттері — шетел мемлекетінде тұрақты тұру құқығына осы мемлекеттің заңнамасына сәйкес берілген құжаты бар азаматтарды қоспағанда, оның ішінде шетелде уақытша жүрген немесе оның шегінен тыс жерлерде мемлекеттік қызметте жүрген Қазақстан Республикасының азаматтары;
      Қазақстан Республикасында тұрақты тұру құқығына құжаты бар шетелдіктер және азаматтығы жоқ адамдар;
      Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес құрылған, оның аумағында тұратын жері бар барлық заңды тұлғалар, сондай-ақ Қазақстан Республикасында және оның шегінен тыс жерлерде тұратын жері бар олардың филиалдары мен өкілдіктері;
      Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерлердегі оның дипломатиялық, сауда және өзге де ресми өкілдіктері;
      6-2) қазақстандық мазмұн — мемлекеттік сатып алу туралы шартты орындау кезінде жұмысқа тартылған кадрлардың жалпы санынан жұмысқа тартылған қазақстандық кадрлардың немесе әлеуетті өнім берушілер тауарларының, жұмыстары мен көрсететін қызметтерінің жалпы құнынан тікелей де, қосалқы мердігерлік шарттарды жасасу арқылы да сатып алынатын отандық тауар өндірушілердің және жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді отандық берушілердің тауарлары, жұмыстары, көрсететін қызметтері құнының проценттік мазмұны;
      6-3) жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді отандық берушілер — Қазақстан Республикасының резиденттері болып табылатын, жұмыстарды орындау, қызметтер көрсету бойынша Қазақстан Республикасының жергілікті еңбек ресурстарының кемінде тоқсан бес процентін пайдаланатын жеке және (немесе) заңды тұлғалар;";
      10) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      "10) қаулы — бақылау нәтижелерін растайтын және ол жолданған мемлекеттік сатып алу жүйесінің барлық субъектілерінің орындауы үшін міндетті шешімдер бар Қазақстан Республикасының Бюджет кодексінде айқындалған сыртқы мемлекеттік қаржылық бақылау органы қабылдаған акт;";
      13) тармақша алып тасталсын;
      мынадай мазмұндағы 14-1) және 14-2) тармақшалармен толықтырылсын:
      "14-1) мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы — мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыруды және жүргізуді жүзеге асыратын заңды тұлға не өзін құрған заңды тұлғаның атынан әрекет ететін құрылымдық бөлімше;
      14-2) мемлекеттік сатып алудың веб-порталы - электрондық мемлекеттік сатып алудың электрондық қызмет көрсетулеріне қолын жеткізудің бірыңғай нүктесін ұсынатын мемлекеттік ақпараттық жүйе;";
      18) тармақшадағы "тауарлар, жұмыстар, көрсетілген қызметтер номенклатурасын жоспарлау," деген сөздер алып тасталсын;
      20) тармақша алып тасталсын;
      мынадай мазмұндағы 20-1) және 20-2) тармақшалармен толықтырылсын:
      "20-1) отандық кәсіпкерлер — Қазақстан Республикасының резиденттері болып табылатын және кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын әлеуетті өнім берушілер;
      20-2) отандық тауар өндірушілер — Қазақстан Республикасының резиденттері болып табылатын және:
      ауыл шаруашылығы өнімі мен оның өңделген өнімдерін;
      елу проценттен астамы Қазақстан Республикасының аумағында өндірілетін (жиналмайтын) детальдардан (материалдардан) тұратын тұтынуға (қолдануға) дайын тауарды және (немесе) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген жеткілікті өңдеу критерийлеріне сәйкес Қазақстан Республикасында өңделген және тұтынуға (қолдануға) дайын тауарды өндіретін әлеуетті өнім берушілер (бұдан әрі — отандық тауар өндірушілер) — жеке және (немесе) заңды тұлғалар;";
      22) және 23) тармақшалардағы ", сондай-ақ" деген сөздер "және (немесе)" деген сөздермен ауыстырылсын;
      24) тармақшада:
      "акцияларының (үлестерінің) елу проценттен астамы" деген сөздер "дауыс беретін акцияларының (үлестерінің) елу және одан астам проценті" деген сөздермен ауыстырылсын;
      "Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен тізбе бойынша ауылдық елді мекендерде орналасқан әлеуметтік саланың мемлекеттік мекемелері мен мемлекеттік кәсіпорындарын қоспағанда," деген сөздер "ұлттық басқарушы холдингтерді, ұлттық холдингтерді, ұлттық басқарушы компанияларды, ұлттық компанияларды және олармен аффилиирленген заңды тұлғаларды қоспағанда," деген сөздермен ауыстырылсын;
      мынадай мазмұндағы 25-1), 27) және 28) тармақшалармен толықтырылсын:
      "25-1) ұсыну — Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасының анықталған бұзушылықтарын және (немесе) оған ықпал ететін себептер мен жағдайларды жою, сондай-ақ осы бұзушылықтарға жол берген тұлғаларға Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жауаптылық шараларын қолдану үшін бақылау объектілеріне жіберілетін уәкілетті органның, мемлекеттік қаржылық бақылау органының орындауға міндетті актісі;";
      "27) электрондық мемлекеттік сатып алу — ақпараттық жүйелер мен электрондық ақпараттық ресурстарды пайдалана отырып жүзеге асырылатын мемлекеттік сатып алу;
      28) электрондық мемлекеттік сатып алу саласындағы бірыңғай оператор — Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша құрылатын, акциялардың (қатысу үлестерінің) жалғыз меншік иесі мемлекет немесе ұлттық холдинг болып табылатын, электрондық мемлекеттік сатып алу саласында бірыңғай техникалық саясатты іске асыруды жүзеге асыратын заңды тұлға.";
      2) 3-баптың 4) тармақшасындағы "ашықтығы принциптеріне негізделеді." деген сөздер "ашықтығы;" деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 5) тармақшамен толықтырылсын:
      "5) отандық кәсіпкерлерді қолдау принциптеріне негізделеді.";
      3) 4-баптың 1-тармағында:
      6) тармақшадағы "акцияларының (үлестерінің) елу проценттен астамы" деген сөздер "дауыс беретін акцияларының (үлестерінің) елу және одан астам проценті" деген сөздермен ауыстырылсын;
      9) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      "9) қағаздағы және (немесе) электрондық жеткізгіштердегі мерзімді баспасөз басылымдарын, ақпаратты шетелдік бұқаралық ақпарат құралдарында орналастыру жөніндегі көрсетілетін қызметтерді, сондай-ақ веб-сайттарда орналастырылған ақпараттарды ұсыну жөніндегі көрсетілетін қызметтерді, әртүрлі магниттік жеткізгіштерде басылған дыбыстандырылған кітаптарды, көзі көрмейтін мүгедектерге қызмет көрсету үшін рельефтік-нүктелік шрифтімен, тифлоқұралмен басылған кітаптарды сатып алу;";
      16) тармақшадағы "мемлекеттік наградаларды" деген сөздер "мемлекеттік және ведомстволық наградаларды" деген сөздермен ауыстырылсын;
      мынадай мазмұндағы 21-1) және 21-2) тармақшалармен толықтырылсын:
      "21-1) ауыр жұмыстарда, еңбек жағдайлары зиянды (ерекше зиянды) және (немесе) қауіпті жұмыстарда, сондай-ақ ерекше қауіпті жұмыстармен, машиналармен және тетіктермен байланысты жұмыстарда істейтін қызметкерлерді міндетті медициналық тексеру жөніндегі қызметтерді сатып алу;
      21-2) тегін медициналық көмектің кепілді көлемін көрсету, эпидемиологиялық ауруларды емдеу және олардың алдын алу үшін дәрілік заттарды сатып алу;";
      29) тармақша ", сондай-ақ" деген сөзден кейін "олардың атынан жұмыс істейтін" деген сөздермен толықтырылсын;
      31) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      "31) мемлекеттік органның дауыс беретін акцияларының (қатысу үлестерінің) жүз проценті мемлекетке тиесілі және Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын тізбе бойынша оған қатысты иелену және пайдалану құқықтарын жүзеге асыратын акционерлік қоғамдар мен шаруашылық серіктестіктерінен, сондай-ақ оған қатысты осындай мемлекеттік кәсіпорындар қызметінің негізгі нысанасы бойынша басқару органының функцияларын жүзеге асыратын мемлекеттік кәсіпорындардан тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер сатып алуы;";
      38) тармақшада:
      "ауыл шаруашылығы өнімдерін" деген сөздерден кейін "және оның өңделген өнімдерін" деген сөздермен толықтырылсын;
      орыс тіліндегі мәтінге өзгеріс енгізілді, мемлекеттік тілдегі мәтін өзгермейді;
      43) тармақшада:
      "өндірушілерден" деген сөз "тауар өндірушілер мен жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді отандық берушілерден" деген сөздермен ауыстырылсын;
      "Қазақстан Республикасының Үкіметі" деген сөздердің алдынан "осы Заңның 41-1-бабына сәйкес жүзеге асырылатын мемлекеттік сатып алуды қоспағанда," деген сөздермен толықтырылсын;
      45) тармақша алып тасталсын;
      46) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      "46) электр энергиясын сатып алу;";
      47) тармақша алып тасталсын;
      48) тармақшадағы "акцияларының (үлестерінің) елу проценттен астамы" деген сөздер "дауыс беретін акцияларының (үлестерінің) елу және одан астам проценті" деген сөздермен ауыстырылсын;
      мынадай мазмұндағы 49), 50), 51), 52), 53), 54), 55), 56), 57) және 58) тармақшалармен толықтырылсын:
      "49) нарыққа реттеушілік әсер ету үшін мемлекеттік материалдық резервке тауарлар сатып алу;
      50) жұмылдыру тапсырмаларын (тапсырыстарын) орындайтын ұйымдардан жұмылдыру резервінің материалдық құндылықтарын сақтау жөнінде көрсетілетін қызметтерді сатып алу;
      51) Қазақстан Республикасының мемлекеттік және азаматтық авиациясы субъектілерінің авиаотынды тікелей отандық мұнай өңдеуші кәсіпорындардан сатып алуы;
      52) отандық тауар өндірушілердің — мемлекеттік қорғаныстық тапсырысты орындаушылардың "Мемлекеттік қорғаныстық тапсырыс туралы" Қазақстан Республикасының Заңында айқындалған мемлекеттік қорғаныстық тапсырыстың құрамына кіретін өнімдерді өндіру үшін тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алуы;
      53) мемлекеттік кәсіпорындардың, дауыс беретін акцияларының (қатысу үлестерінің) елу және одан астам проценті мемлекетке тиесілі заңды тұлғалардың және мемлекеттік сатып алу бойынша өнім беруші ретінде айқындалған, олармен аффилиирленген заңды тұлғалардың мемлекеттік сатып алу туралы жасалған шарттар шеңберінде белгіленген өздерінің шарттық міндеттемелерін орындау үшін қажетті тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алуы;
      54) ғарышкерлерді даярлау және ғарышкерлердің ғарышқа ұшуын жүзеге асыруды ұйымдастыру жөнінде көрсетілетін қызметтерді сатып алу;
      55) мемлекеттік кәсіпорындардың, дауыс беретін акцияларының (қатысу үлестерінің) елу және одан астам проценті мемлекетке тиесілі заңды тұлғалардың және ұзақ мерзімдік бес жылдық шарт бойынша олармен аффилиирленген заңды тұлғалардың, егер соңғы үш жыл ішінде мұндай тауарларды сатып алу Қазақстан Республикасының шегінен тыс жүргізілген болса, тапсырыс берушінің техникалық шарттары бойынша Қазақстан Республикасында тәжірибелік өнеркәсіп үлгісінде өндіруді және тауарларды сериялық өндіруді ұйымдастыруды көздейтін отандық тауар өндірушілерден тауарларды сатып алуы;
      56) отандық тауар өндірушілерден мемлекеттік материалдық резервке жанар-жағар май материалдарын сатып алу;
      57) мамандандырылған авиажөндеу кәсіпорындарында авиациялық техниканы жөндеу қызметін көрсетуді сатып алу;
      58) Қазақстан Республикасының саяси, экономикалық және әлеуметтік тұрақтылығына немесе оның әкімшілік-аумақтық бірлігіне қауіп төндіретін ахуал туындаған жағдайларда, Қазақстан Республикасы Үкіметінің шұғыл шығындарға арналған резервінен бөлінген ақша есебінен тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алу.";
      2-тармақтағы "1) тармақшасында" деген сөз "1) және 5) тармақшаларында" деген сөздермен ауыстырылсын;
      4) 5-бапта:
      1-тармақта:
      1) тармақша алып тасталсын;
      мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
      "Осы тармақтың ережелері осы Заңның 41-1-бабында жүзеге асырылуы көзделген мемлекеттік сатып алуға қолданылмайды.";
      2-тармақ алып тасталсын;
      3-тармақта:
      бірінші бөліктегі "Тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің жоспарланып бекітілген номенклатурасының және тиісті" деген сөздер "Тиісті" деген сөзбен ауыстырылсын;
      екінші бөлікте:
      1) тармақшадағы "жоспарланатын" деген сөз алып тасталсын;
      3) тармақшадағы "қызметі мен орны қамтылуға тиіс." деген сөздер "қызметі мен орны;" деген сөздермен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 4) тармақшамен толықтырылсын:
      "4) осы Заңның 37-бабында көзделген жағдайларда, әрбір қаржы жылына бөлінген және көзделген сома шегінде кестеге және жылдар бойынша бөлуге сәйкес тауарларды берудің, жұмыстарды орындаудың, қызметтерді көрсетудің жоспарланған мерзімдері қамтылуға тиіс.";
      5-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
      "5. Тапсырыс берушілер мемлекеттік сатып алудың жылдық жоспарына өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізуге құқылы.";
      6-тармақта:
      "тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің жоспарланатын номенклатурасына, сондай-ақ" деген сөздер алып тасталсын;
      "3) тармақшасына" деген сөз "3) және 32) тармақшаларына" деген сөздермен ауыстырылсын;
      5) 7-бапта:
      тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "7-бап. Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушыны айқындау
              тәртібі";

      1-тармақтағы "Мемлекеттік" деген сөз "Тапсырыс беруші мен мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы бір тұлға болатын жағдайларды қоспағанда, мемлекеттік" деген сөздермен ауыстырылсын;
      2-тармақтың бірінші бөлігіндегі "Тапсырыс беруші" деген сөздер "Тапсырыс берушінің өзі тікелей не" деген сөздермен ауыстырылсын;
      4-тармақтың үшінші бөлігіндегі "Акцияларының (үлестерінің) елу проценттен астамы" деген сөздер "Дауыс беретін акцияларының (үлестерінің) елу және одан астам проценті" деген сөздермен ауыстырылсын;
      7-тармақтың бірінші сөйлеміндегі "Мемлекеттік" деген сөздер "Тапсырыс беруші мен мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы бір тұлға болған жағдайларды қоспағанда, мемлекеттік" деген сөздермен ауыстырылсын;
      6) 8-бапта:
      3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "3. Тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің әлеуетті өнім берушісі, осы баптың 2-тармағында белгіленген жалпы біліктілік талаптарынан басқа, мемлекеттік сатып алу туралы шарт бойынша міндеттемелерді орындау үшін жеткілікті материалдық, қаржылық және еңбек ресурстарына ие болу бөлігінде қойылатын арнайы біліктілік талаптарына сәйкес келуге тиіс.";
      7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "7. Осы баптың 2 және 3-тармақтарында белгіленген біліктілік талаптары әлеуетті өнім беруші жүргізілетін мемлекеттік сатып алудың нысанасы болып табылатын жұмыстарды орындау бойынша қосалқы мердігер не қызмет көрсетулер бойынша бірлескен орындаушы ретінде тартуды көздейтін жеке және заңды тұлғаларға да қолданылады.
      Жұмыстардың не көрсетілетін қызметтердің қосалқы мердігерлерін (бірлескен орындаушыларын) тартуды көздейтін әлеуетті өнім беруші жұмыстарға не көрсетілетін қызметтерге тартылатын қосалқы мердігерлердің (бірлескен орындаушылардың) осы баптың 2 және 3-тармақтарында белгіленген біліктілік талаптарына сәйкестігін растайтын құжаттарды мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушыға ұсынуға тиіс.
      Қосалқы мердігерлерге (бірлескен орындаушыларға) жұмыстарды орындау не қызметтерді көрсету үшін берілуі мүмкін жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің шекті көлемі мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру ережелерінде белгіленеді.";
      7) 10-баптың 3-тармағының екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
      "Осы тармақтың 2) тармақшасының талабы Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитеті мен мәслихаттардың тексеру комиссияларына, олар мемлекеттік сатып алудың тапсырыс берушілері (ұйымдастырушылары) ретінде болатын жағдайларды қоспағанда, қолданылмайды.";
      8) 11-бапта:
      4-тармақтың үшінші бөлігіндегі "3) тармақшасында" деген сөз "3), 23) және 32) тармақшаларында" деген сөздермен ауыстырылсын;
      5-тармақта:
      бірінші бөліктің 3) тармақшасы алып тасталсын;
      мынадай мазмұндағы сегізінші бөлікпен толықтырылсын:
      "Осы тармақтың 2) және 5) тармақшаларында көзделген жағдайларда, тапсырыс беруші әлеуетті өнім берушінің Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасын бұзу фактісі туралы өзіне белгілі болған күннен бастап он жұмыс күнінен кешіктірмей, уәкілетті органға мұндай әлеуетті өнім беруші туралы мәлімет жіберуге және мұндай әлеуетті өнім берушіні мемлекеттік сатып алудың жосықсыз қатысушысы деп тану туралы сотқа талап-арызбен өтініш жасауға міндетті.";
      6-тармақтағы "мемлекеттік сатып алу туралы республикалық веб-сайтта" деген сөздер "мемлекеттік сатып алу веб-порталында" деген сөздермен ауыстырылсын;
      9) 12-бапта:
      1-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      "1) конкурс тәсілімен. Конкурс екі кезеңдік рәсімдер пайдаланыла отырып өткізілуі мүмкін;";
      4-тармақта:
      "1)-3)" деген цифрлар "1) және 3)" деген сөздермен ауыстырылсын;
      "ақпараттық жүйелер және электрондық құжат айналымы пайдаланыла отырып" деген сөздер "электрондық мемлекеттік сатып алу арқылы" деген сөздермен ауыстырылсын;
      мынадай мазмұндағы 5-тармақпен толықтырылсын:
      "5. Осы баптың 1-тармағының 2) тармақшасында көзделген тәсілмен жүзеге асырылатын мемлекеттік сатып алу Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған электрондық мемлекеттік сатып алу арқылы жүргізіледі.";
      10) 13-бапта:
      2) тармақша алып тасталсын;
      4) тармақшадағы "рейтингтік ұйымдардың (рейтингтердің тиісті мәнін көрсете отырып)," деген сөздер алып тасталсын;
      5) тармақшадағы "акцияларының (үлестерінің) елу проценттен астамы" деген сөздер "дауыс беретін акцияларының (үлестерінің) елу және одан астам проценті" деген сөздермен ауыстырылсын;
      14) және 17) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
      "14) электрондық мемлекеттік сатып алуды жүргізу тәртібін айқындайды;";
      "17) сатып алу операцияларын және баға интервенциясын жүзеге асыратын мамандандырылған ұйымдардың (агенттердің) тізбесін бекітеді;";
      мынадай мазмұндағы 20), 21) және 22) тармақшалармен толықтырылсын:
      "20) электрондық мемлекеттік сатып алу саласындағы бірыңғай операторды айқындайды;
      21) қорғаныс қажеттіліктерін қамтамасыз ету үшін мемлекеттік сатып алуды жүзеге асырудың ерекше тәртібін айқындайды;
      22) осы Заңның 4-бабы 1-тармағының 31) тармақшасына сәйкес акционерлік қоғамдар мен шаруашылық серіктестіктердің тізбесін айқындайды.";
      11) 14-баптың бірінші бөлігінде:
      5) тармақша алынып тасталсын;
      6) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      "6) тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алу кезінде қазақстандық мазмұнның көлемі туралы ақпаратты ескере отырып, есептілікті жинау, қорыту және талдау тәртібін айқындайды;";
      8) тармақша "сатып алу саласындағы" деген сөздерден кейін "мемлекеттік" деген сөзбен толықтырылсын;
      9) және 10) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
      "9) мемлекеттік сатып алу жүйесінің субъектілеріне және басқа да мүдделі тұлғаларға электрондық қызмет көрсету тәртібін айқындайды;
      10) мемлекеттік сатып алу веб-порталында орналастырылған ақпараттың сақталу тәртібін айқындайды;";
      12) мынадай мазмұндағы 14-1-баппен толықтырылсын:

      "14-1-бап. Электрондық мемлекеттік сатып алу саласындағы
                 бірыңғай оператордың өкілеттігі

      Электрондық мемлекеттік сатып алу саласындағы бірыңғай оператор:
      1) мемлекеттік сатып алу саласында мемлекеттік ақпараттық жүйелерді әзірлеуді, енгізуді, ақпараттық-техникалық сүйемелдеу және пайдалануды жүзеге асырады;
      2) мемлекеттік сатып алу саласында тізілімді техникалық сүйемелдеуді қамтамасыз етеді;
      3) мемлекеттік сатып алу веб-порталының құрылуын, жұмыс істеуін  және оны техникалық сүйемелдеуді қамтамасыз етеді;
      4) осы Заңға сәйкес өтеусіз негізде міндетті түрде жариялануға жататын мемлекеттік сатып алу туралы мәліметтерді мемлекеттік сатып алу веб-порталына орналастырады;
      5) Қазақстан Республикасының ақпараттандыру туралы заңнамасына сәйкес өтеусіз негізде ақпараттық жүйелерді қолдана отырып, мемлекеттік сатып алу жүйесінің субъектілеріне және басқа да мүдделі тұлғаларға электрондық қызмет көрсетеді;
      6) электрондық мемлекеттік сатып алу саласындағы мемлекеттік сатып алу жүйесінің субъектілеріне өтеусіз негізде консультациялық және практикалық көмек көрсетеді;
      7) мемлекеттік ақпараттық жүйелер арқылы мемлекеттік сатып алу жобаларын басқаруды және оны техникалық сүйемелдеу функцияларын жүзеге асырады;
      8) мемлекеттік сатып алу саласындағы есептілікті, оның ішінде тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алу кезінде қазақстандық мазмұнның көлемі туралы есептілікті техникалық сүйемелдеуді қамтамасыз етеді;
      9) мемлекеттік ақпараттық жүйелер мен мемлекеттік электрондық ақпараттық ресурстар интеграциясы және қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері бойынша ақпараттандыру саласында ұлттық оператормен өзара іс-қимыл жасайды.";
      13) 15-бапта:
      5-тармақта:
      бірінші абзацтағы "Жоспардан тыс тексерулер" деген сөздер "Уәкілетті орган жоспардан тыс тексерулерді" деген сөздермен, 1) тармақшаның бірінші және екінші сөйлемдеріндегі және 5) тармақшадағы "жүзеге асырылады" деген сөздер "жүзеге асырады" деген сөздермен ауыстырылсын;
      3) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      "3) құқық қорғау органдарының қаулылары келіп түскен кезде;";
      5) тармақша алып тасталып, 4) тармақшадағы "бойынша;" деген сөз "бойынша жүзеге асырылады." деген сөздермен ауыстырылсын;
      6-тармақта:
      1) тармақшадағы "нұсқама" деген сөз "ұсыну" деген сөзбен ауыстырылсын;
      2) тармақша алып тасталсын;
      7-тармақта:
      1) тармақшадағы "(ұсынулар, нұсқамалар)" деген сөздер ", ұсынулар" деген сөзбен ауыстырылсын;
      2) тармақша алып тасталсын;
      14) 16-бапта:
      1 және 2-тармақтар алып тасталсын;
      3-тармақтың бірінші, екінші және үшінші бөліктеріндегі "ашық не жабық" деген сөздер алып тасталсын;
      15) 17-бапта:
      4-тармақта:
      бірінші абзац "айқындау" деген сөзден кейін "және отандық кәсіпкерлерді қолдау" деген сөздермен толықтырылсын;
      1) тармақшада:
      бірінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
      "әлеуетті өнім берушіде:"
      үшінші абзацтағы ", осы Заңының 8-бабы 3-тармағының 2) тармақшасында белгіленген талаптардан асып түсетін әлеуетті өнім беруші тартатын" деген сөздер алып тасталсын;
      төртінші абзацтағы "ұсынылатын тауарларды, жұмыстарды, көрсетілген қызметтерді" деген сөздер "отандық тауар өндірушілер үшін ұсынылатын тауарларды" деген сөздермен ауыстырылсын;
      бесінші абзац "сәйкес" деген сөзден кейін "сапаның" деген сөзбен толықтырылсын;
      2) тармақшадағы "жөндеуді көздеуге міндетті." деген сөздер "жөндеуді;" деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 3) тармақшамен толықтырылсын:
      "3) қазақстандық мазмұнды көздеуге міндетті.";
      мынадай мазмұндағы 5-1-тармақпен толықтырылсын:
      "5-1. Қазақстан Республикасының сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласындағы заңнамасында көзделген жағдайларда және тәртіппен конкурстық құжаттама сараптама жасауға жатады.";
      6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "6. Конкурстық құжаттаманы тапсырыс берушінің бірінші басшысы не жауапты хатшысы немесе Қазақстан Республикасының Президенті айқындайтын жауапты хатшы өкілеттігін жүзеге асыратын өзге де лауазымды тұлға не оның міндетін атқаратын тұлға бекітеді.
      Мемлекеттік сатып алудың бірыңғай ұйымдастырушысы әзірлеген конкурстық құжаттаманы тапсырыс берушілердің бірінші басшылары не жауапты хатшылар немесе Қазақстан Республикасының Президенті айқындайтын жауапты хатшының өкілеттігін жүзеге асыратын өзге де лауазымды тұлғалар не оның міндетін атқаратын тұлғалар бекітеді.
      Осы Заңның 7-бабы 2-тармағының екінші бөлігінде, 4-тармағында, 5-тармағының 4) және 5) тармақшаларында көзделген жағдайларда, конкурстық құжаттаманы мемлекеттік сатып алудың ұйымдастырушысы не бірыңғай ұйымдастырушы болатын тапсырыс берушінің бірінші басшысы не жауапты хатшы немесе Қазақстан Республикасының Президенті айқындайтын жауапты хатшының өкілеттігін жүзеге асыратын өзге де лауазымды тұлға, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің бірінші басшысы не жауапты хатшы немесе Қазақстан Республикасының Президенті айқындайтын жауапты хатшының өкілеттігін жүзеге асыратын өзге де лауазымды тұлғасы не олардың міндеттерін атқаратын тұлғалар бекітеді.";
      16) 18-бап мынадай редакцияда жазылсын:

      "18-бап. Конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру
               туралы хабарлама

      Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы конкурстық құжаттама бекітілген күннен бастап үш жұмыс күнінен кешіктірмей, бірақ әлеуетті өнім берушілер конкурсқа қатысуға өтінімдер берген соңғы күнге дейін кемінде күнтізбелік отыз күн бұрын:
      1) конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру туралы хабарландырудың мәтінін осы Заңға сәйкес уәкілетті орган айқындаған заңды тұлғаға хабарландырудың мәтінін Бюллетеньде жариялау үшін жіберуге;
      2) конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру туралы хабарландырудың мәтінін, сондай-ақ бекітілген конкурстық құжаттаманы тапсырыс берушінің веб-сайтында орналастыруға;
      3) конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру туралы хабарландырудың мәтінін мемлекеттік сатып алу веб-порталында орналастыруға;
      4) тапсырыс берушінің веб-сайтында хронологиялық тәртіппен конкурстық құжаттаманы алған тұлғалардың орналасқан жерін, почта және электрондық мекен-жайлары туралы мәліметтерді, сондай-ақ басқа да мәліметтерді көрсете отырып, бекітілген конкурстық құжаттаманы табыс ету фактісін тіркеуді қамтамасыз етуге міндетті.
      Конкурс тәсілімен қайтадан мемлекеттік сатып алуды жүзеге асырған жағдайда мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы конкурстық құжаттама бекітілген күннен бастап үш жұмыс күнінен кешіктірмей, бірақ конкурсқа қатысуға өтінімдер ұсынудың соңғы күніне дейін кемінде күнтізбелік он бес күн бұрын осы тармақтың 1), 2), 3) және 4) тармақшаларында көзделген талаптарды орындауға міндетті.";
      17) 19-баптың 3-тармағындағы "ашық", "немесе жабық конкурсқа қатысуға шақыру туралы хабарлама жіберілгенге дейін" деген сөздер алып тасталсын;
      18) 20-баптың 3-тармағы екінші бөлігінің 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      "2) көрсетілген хаттаманың мәтінін тапсырыс берушінің веб-сайтында жариялауға міндетті.";
      19) 23-бапта:
      3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "3. Әлеуетті өнім беруші, егер ол:
      1) екі кезеңдік рәсімдерді пайдалана отырып, конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алудың бірінші кезеңіне;
      2) мемлекеттік әлеуметтік тапсырыста көзделген көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алу бойынша конкурсқа қатысатын болса, конкурсқа қатысуға өтінімді қамтамасыз етуді енгізбейді.";
      6-тармақтағы "акцияларының (үлестерінің) елу проценттен астамы" деген сөздер "дауыс беретін акцияларының (үлестерінің) елу және одан астам проценті" деген сөздермен ауыстырылсын;
      20) 24-бапта:
      1-тармақтың үшінші бөлігінің екінші сөйлемі алып тасталсын;
      3-тармақтың екінші бөлігі алып тасталсын;
      21) 25-бапта:
      6-тармақтың бірінші бөлігінің 2) тармақшасы "осы" деген сөздің алдынан "оларға" деген сөзбен толықтырылсын;
      7-тармақтың екінші бөлігінің 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      "2) қол қойылған хаттаманың мәтінін тапсырыс берушінің веб-сайтында орналастыру арқылы конкурстық комиссияның қабылдаған шешімі туралы мүдделі тұлғаларды хабарландыруға міндетті.";
      22) 26-бапта:
      1-тармақтың екінші бөлігінің екінші сөйлемі алып тасталсын;
      5-тармақ мынадай мазмұндағы үшінші бөлікпен толықтырылсын:
      "Конкурстық баға ұсыныстарының шартты бағалары тең болған кезде отандық тауар өндіруші, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді отандық беруші жеңімпаз деп танылады. Отандық тауар өндірушілердің, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді отандық берушілер конкурстық баға ұсыныстарының шартты бағалары тең болған кезде конкурстық нысанасы болып табылатын сатып алынатын тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер нарығында мол жұмыс тәжірибесі бар отандық тауар өндіруші жеңімпаз деп танылады.";
      23) 27-бапта:
      2-тармақта:
      2) тармақша алып тасталсын;
      мынадай мазмұндағы 3) тармақшамен толықтырылсын:
      "3) конкурс тәсілімен өткізілген мемлекеттік сатып алу қорытындылары туралы ақпаратты мемлекеттік сатып алу веб-порталына орналастыруға міндетті.";
      екінші бөлік алып тасталсын;
      3-тармақтың екінші бөлігі алып тасталсын;
      4) тармақтағы "Ашық конкурс" деген сөз "Конкурс" деген сөзбен ауыстырылсын;
      24) 29-баптың 2-тармағының 1) тармақшасында:
      бесінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
      "тапсырыс берушінің веб-сайтын айқындау;";
      алтыншы абзацта:
      "Бюллетеньде"деген сөзден кейін "мемлекеттік сатып алу веб-порталында" деген сөздермен толықтырылсын;
      "Бюллетеньде" деген сөз алып тасталсын;
      он бірінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
      "мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушының конкурстық құжаттаманы әзірлеуі және оны тапсырыс берушінің бірінші басшысының не жауапты хатшының немесе Қазақстан Республикасының Президенті айқындайтын жауапты хатшының өкілеттігін жүзеге асыратын өзге де лауазымды тұлғаның не оның міндетін атқаратын тұлғаның бекітуі;";
      25) 30-бап мынадай редакцияда жазылсын:

      "30-бап. Баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен мемлекеттік сатып
               алуды жүзеге асырудың негіздері

      1. Баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен мемлекеттік сатып алу тапсырыс беруші үшін айрықшалығының елеулі маңызы жоқ тауарларға, жұмыстарға, көрсетілетін қызметтерге жүргізіледі, бұл ретте баға шешуші шарт болып табылады.
      2. Біртекті болып табылмайтын тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру кезінде мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы осындай тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді лоттарға бөлуге міндетті.
      Біртекті тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің бірнеше түрлерін баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру кезінде мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы біртекті тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді оларды беру (орындау, көрсету) орны бойынша лоттарға бөлуге міндетті.
      Біртекті тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру кезінде мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді олардың біртекті түрлері бойынша және (немесе) оларды беру (орындау, көрсету) орны бойынша лоттарға бөлуге міндетті.
      Осы тармақта көзделген жағдайларда баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен мемлекеттік сатып алудың жеңімпазын айқындау әрбір лот бойынша жүзеге асырылады.";

      26) 31-бапта:
      1-тармақтың бірінші бөлігінде:
      1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      "1) мемлекеттік сатып алу үшін бөлінген соманы көрсете отырып, жүргізілетін мемлекеттік сатып алу нысаны болып табылатын тауарлардың саны туралы, орындалатын жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің көлемі туралы;";
      мынадай мазмұндағы 1-1), 1-2) және 1-3) тармақшалармен толықтырылсын:
      "1-1) сатып алынатын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің (техникалық шарттары көрсетіле отырып) қысқаша сипаттамасы;
      1-2) тауарды беру, жұмыстарды орындау, қызметтерді көрсету орны;
      1-3) тауарды берудің, жұмыстарды орындаудың, қызметтерді көрсетудің талап етілетін мерзімдері;";
      үшінші бөлік алып тасталсын;
      7-тармақтың 2) тармақшасындағы "ұсынса, ол қабылданбайды." деген сөздер "ұсынса;" деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 3) тармақшамен толықтырылсын:
      "3) әлеуетті өнім беруші бірден астам баға ұсыныстарын ұсынса, ол қабылданбай тасталуға жатады.";
      27) 32-баптың 3) тармақшасындағы "қажеттілігі болса, жүргізілуі мүмкін." деген сөздер "қажеттілігі болса;" деген сөздермен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 4) тармақшамен толықтырылсын:
      "4) осы Заңның 31-бабының 6 және 8-тармақтарында көзделген мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы қабылдаған шаралар мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасасуға әкеп соқпаса, жүргізілуі мүмкін.";
      28) 35-баптағы "Қазақстан Республикасының ақпараттандыру туралы заңнамасына сәйкес құрылатын және пайдаланылатын мемлекеттік ақпараттандыру жүйесін" деген сөздер "электрондық мемлекеттік сатып алуды" деген сөздермен ауыстырылсын;
      29) 37-бапта:
      3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "3. Осы Заңның 31-бабының 11-тармағында көзделген мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасасу мерзімін қоспағанда, мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасасу мерзімі мемлекеттік сатып алу туралы шарттың жобасын әлеуетті өнім берушіге жіберген күннен бастап, күнтізбелік отыз күннен аспауға тиіс.";
      5-тармақтың 4) тармақшасындағы "қызметтерді сатып алған жағдайда мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасауы мүмкін." деген сөздер "қызметтерді;" деген сөздермен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 5) тармақшамен толықтырылсын:
      "5) тиісті бюджетте, даму жоспарында (бизнес-жоспарда) қаржыландыру жоспарында белгіленген келесі (кейінгі) қаржы жылында (жылдарында) орындау (көрсету, жеткізу) мерзімі келісілген орындау ұзақтығына байланысты тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алған жағдайда мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасасуы мүмкін. Мемлекеттік сатып алу туралы мұндай шарттың қолданылу мерзімі үш жылдан аспауға тиіс.";
      6-тармақтағы "акциясының (үлесінің) елу проценттен астамы" деген сөздер "дауыс беретін акцияларының (үлестерінің) елу және одан астам проценті" деген сөздермен ауыстырылсын;
      30) 40-бап мынадай редакцияда жазылсын:

       "40-бап. Мемлекеттік сатып алу туралы шарттың күшіне енуі

      1. Мемлекеттік сатып алу туралы шарт оған тапсырыс беруші мен өнім беруші қол қойғаннан кейін не конкурстық құжаттамада көзделген шарттың орындалуын қамтамасыз етуді өнім беруші толық енгізгеннен кейін күшіне енеді. Егер мемлекеттік сатып алу туралы шарт тіркелуге жататын болса, онда ол Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес тіркелгеннен кейін күшіне енеді.
      2. Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес тіркеуге жататын мемлекеттік сатып алу туралы шартты тапсырыс беруші оны жасағаннан кейін не өнім беруші конкурстық құжаттамада көзделген шарттың орындалуын қамтамасыз етуді толық енгізгеннен кейін бес жұмыс күнінен кешіктірмей мемлекеттік сатып алу туралы шарттарды тіркеу жөніндегі уәкілетті органға ұсынады.";

      31) 41-бапта:
      1-тармақ алып тасталсын;
      3-тармақта:
      1) тармақшадағы "мен қорғаныс қабілеті", "қорғаныстың," деген сөздер алып тасталсын;
      3) тармақша алып тасталсын;
      6) тармақшадағы "қызметтерді сатып алған жағдайда жүзеге асырылады." деген сөздер "қызметтерді;" деген сөздермен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 7) тармақшамен толықтырылсын:
      "7) олар туралы мәліметтер мемлекеттік құпияны құрайтын тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алған жағдайда жүзеге асырылады.";
      32) мынадай мазмұндағы 41-1-баппен толықтырылсын:

      "41-1-бап. Қорғаныс қажеттілігін қамтамасыз ету үшін
                 мемлекеттік сатып алудың ерекше тәртібі

      Қару-жарақтарды, әскери техниканы, оқ-дәрілерді, арнайы құралдарды, сондай-ақ қорғаныс қажеттілігі мен әскери қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін оларды жөндеу және жаңғырту жөніндегі жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алудың ерекше тәртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайды.
      Осы Заңның 4-бабы 1-тармағының 43) тармақшасында көзделген жағдайларда ерекше тәртіп қолданылмайды.";

      33) 42-бапта:
      1-тармақтағы "акцияларының (үлестерінің) елу проценттен астамы" деген сөздер "дауыс беретін акцияларының (үлестерінің) елу және одан астам проценті" деген сөздермен ауыстырылсын;
      3-тармақтың 3) тармақшасындағы "мерзімдеріне қойылатын талаптарды қамтитын Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген арнайы тәртіпке қойылатын үлгілік талаптарға сәйкес бекітеді." деген сөздер "мерзімдеріне;" деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 4) тармақшамен толықтырылсын:
      "4) отандық тауар өндірушілерге, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді отандық берушілерге қолдау көрсету тәртібіне қойылатын талаптарды қамтитын Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген арнайы тәртіпке қойылатын үлгілік талаптарға сәйкес бекітеді.";
      34) 44 және 45-баптар мынадай редакцияда жазылсын:

      "44-бап. Отандық әлеуетті өнім берушілердің жекелеген
               санаттарын қолдау

      1. Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру кезінде отандық тауар өндірушілер, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді отандық берушілер, Қазақстан Республикасының мүгедектерінің қоғамдық бірлестіктері құратын тауарларды өндіретін, жұмыстарды орындайтын, қызметтерді көрсететін отандық кәсіпкерлер мен ұйымдар мемлекеттік қолдауға жатады. Мемлекеттік қолдаудың ең ауқымды шаралары отандық тауар өндірушілерге және жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді отандық берушілерге көрсетіледі.
      2. Осы баптың 1-тармағында аталған әлеуетті өнім берушілерді мемлекеттік қолдау шараларын Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайды.

      45-бап. Тапсырыс берушінің, мемлекеттік сатып алуды
              ұйымдастырушының, комиссияның, сарапшының іс-әрекетіне
              (әрекетсіздігіне) шағым жасау

      Әлеуетті өнім беруші тапсырыс берушінің, мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушының, комиссияның, сарапшының іс-әрекетіне (әрекетсіздігіне), егер олардың іс-әрекеттері (әрекетсіздігі) әлеуетті өнім берушінің құқықтары мен заңды мүдделерін бұзса, шағым жасауға құқылы. Тапсырыс берушінің мемлекеттік бақылау органдарында:
      1) мемлекеттік сатып алу тәсілін таңдау туралы;
      2) осы Заңның 5-бабының 10-тармағына сәйкес олар қабылдаған мемлекеттік сатып алуды жүзеге асырудан бас тарту туралы шешімі шағым жасауға жатпайды.";

      35) мынадай мазмұндағы 47-1-баппен толықтырылсын:

      "47-1-бап. Өтпелі ережелер

      1. Осы Заңның 30-бабы 2-тармағының ережесі электрондық мемлекеттік сатып алу арқылы жүргізілетін мемлекеттік сатып алуға қолданылмайды.
      2. Осы Заңның 47-1-бабы 1-тармағының және 18-бабының бірінші бөлігі 1) тармақшасының ережелері 2010 жылғы 1 қаңтарға дейін қолданылады.".

       2-бап. Осы Заң, 2010 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін 1-бабының 1) тармақшасының он үшінші абзацын, 9) тармақшасының бесінші, алтыншы және сегізінші абзацтарын, 11) тармақшасының екінші абзацын, 23) тармақшасының үшінші абзацын, 24) тармақшасының алтыншы абзацын және 25) тармақшасын қоспағанда, алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

       Қазақстан Республикасының
      Президенті                                         Н. Назарбаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады