Астанада 2002 жылғы 10 шілдеде қол қойылған Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Америка Құрама Штаттарының Үкіметі арасындағы Өзара түсіністік туралы меморандум ратификациялансын.
Қазақстан Республикасының
Президенті Н. Назарбаев
Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Америка Құрама Штаттарының Үкіметі арасындағы Өзара түсіністік туралы меморандум
Бұдан әрі Тараптар деп аталатын Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Америка Құрама Штаттарының Үкіметі,
Қазақстан Республикасы және Америка Құрама Штаттары арасындағы қатынастардың стратегиялық сипатын ескере отырып;
Халықаралық терроризмге, діни және саяси экстремизмге қарсы күрес бойынша "Мызғымас Бостандық" Операциясы шеңберінде екі жақты деңгейде тығыз өзара әрекет етуге дайын екендігін білдіре отырып;
1994 жылғы 14 ақпандағы Қазақстан Республикасы мен Америка Құрама Штаттары арасындағы Демократиялық әріптестік туралы хартияның, Терроризмге қатысты 1998 жылғы 3 қарашадағы қазақстандық-американдық бірлескен мәлімдеменің және 2001 жылғы 16 желтоқсандағы "Мызғымас Бостандық" Операциясына қатысқан АҚШ әскери ұшақтарының ұшып өтуі бойынша Өзара түсіністік туралы меморандумның ережелерін ұстануды қуаттай отырып;
Солтүстік Атлантика Шартына қатысушы мемлекеттер және аталған Меморандум шеңберінде 1995 жылы 19 маусымда Брюссельде қол қойылған АҚШ персоналына қатысты олардың әскерлерінің мәртебесі жөніндегі (PfP SOFA) Бейбітшілік жолындағы әріптестік бағдарламасына қатысатын басқа да мемлекеттер арасындағы Келісімдердің қолдануын мойындай отырып;
Әскери саладағы ынтымақтастық туралы бұрын қол жеткізілген екі жақты уағдаластыққа сүйеніп және оларды одан әрі нығайту ниетін білдіре отырып;
мынадай мәселелер бойынша өзара түсіністікке қол жеткізді:
І. "Мызғымас Бостандық" Операциясын қолдауға, Манас әуежайынан (Қырғызстан) әрекет жасайтын АҚШ әскери ұшақтары үшін Алматы Халықаралық әуежайын (бұдан әрі - әуежай) қосалқы әуеайлақ ретінде беру туралы Америка Құрама Штаттары Үкіметінің Қазақстан Республикасының Үкіметіне өтінішін ескере отырып, Қазақстан Республикасының Үкіметі әуежайды қосалқы әуеайлақ ретінде мынадай шарттар бойынша беруге келіседі:
1. АҚШ ұшақтары ұшудың қауіпсіздігіне қауіп төндіретін және Манас әуежайына қону үшін ең аз талап етілетін деңгейден төмен ауа райы жағдайы бойынша ұшақтың дереу қонуын талап ететін борттағы апаттық ахуал жағдайында немесе оның ұшу-қону белдеулері төтенше жабылған жағдайда ғана әуежайда жоспарланбаған қону жасай алады.
Қазақстан Республикасының Үкіметі әуежайдан/әуежайға аса маңызды ұшуға немесе қонуға байланысты (апаттық жағдайдағы ұшақтың қонуға сұранған жағдайын қоспағанда) әуежайдың ұшу-қону белдеулері төтенше жабылған жағдайда, әуежайға қону үшін ең аз талап етілетін деңгейден төмен ауа райы жағдайы бойынша жоспарланбаған қонуды жүзеге асыру үшін әуежайды қосалқы әуеайлақ ретінде пайдаланудан бас тартуға құқылы.
Әуежайға жоспарланбаған қонуды жүзеге асыратын АҚШ-тың барлық ұшақтары жоспарланбаған қонудың себептерін жойғаннан кейін әуежайдан ұшып кетеді.
2. АҚШ-тың ұшақтары әуежайда орналасып қалмайды.
3. Осы Меморандум АҚШ-тың әскери қызметшілерінің әуежайда немесе оның жанында тұрақты негізде болуын көздемейді.
Егер әуежайда жоспарланбаған қонуды жүзеге асырушы АҚШ-тың ұшақтарына осы Меморандумның I параграфында көрсетілген себептер бойынша болу уақытын ұзарту талап етілсе және экипаждар Алматы қаласының қонақ үйлеріне орналастырылуға тиіс болса, РfР SOFA шартының VI бабын назарға ала отырып, экипаж мүшелерінің жеке қару-жарағын әуежайда АҚШ Әскери Атташесі Кеңсесінің қызметкерлері алып қояды және Алматы қаласындағы АҚШ Елшілігінде сақталады. Мұндай қару-жарақты АҚШ Әскери Атташе Кеңсесінің кызметкерлері экипаждардың мүшелері әуежайдағы ұшаққа қайтып келгенде оларға қайтарады.
4. Құрама Штаттардың Үкіметі әуежайдың барлық сұратылған және алынған қызметтеріне, сондай-ақ қондыру мен тұраққа қоюға коммерциялық әуе кемелері осындай қызметтер көрсету үшін төлейтін жарияланған ставкалардың қолайлылығы кем емес, қабылдауға болатын ставкалар бойынша ақы төлейді.
Әуежайдың барлық сұратылған және алынған, соның ішінде қону және тұраққа қою қызметтеріне ақы төлеуді Құрама Штаттардың Үкіметі сұратылған қызметтер ұсынылған күннен бастап бір ай ішінде жүргізеді.
Қазақстан Республикасының Үкіметі "Мызғымас Бостандық" Операциясына қатысатын АҚШ ұшақтарына осы ұшақтар Қазақстанның әуе кеңістігінде болған кезде ақы төлеуді талап етпей, аэронавигациялық қызметтер көрсетеді.
II. Осы Меморандумның I тармағында көрсетілген мақсатта Қазақстан Республикасының Үкіметі әуежайдан ұшып өту мен оған қонуға дипломатиялық рұқсаттың мынадай бірыңғай нөмірін белгілейді: N МИД 110/025 КЗН 02.
Осы Меморандумның ережелерін орындау мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі мынадай әуе жолын белгілейді: SULET А355 ОТАRІ В142 ОТАRІ В142 UZUNAGACH ALMATY. Апаттық қону кезінде магниттік бағыт 232
o
.
III. Қазақстанның әуе кеңістігін пайдаланатын әуе кемелерінің ұшулары (жекелеген ұшулар) азаматтық әуе кемелері ұшуларының халықаралық ережелеріне сәйкес орындалуға тиіс. Бұл ретте, жауынгерлік авиацияның ұшақтары топпен емес, кезекпен ұшуы, 0.80 М-нан аспайтын ұшу жылдамдығын ұстануға және Қазақстанның әуе қозғалысына қызмет көрсету органдарымен азаматтық авиацияның әуе кемелерін пайдалану үшін белгіленген жиілікте байланыста болуға тиіс.
Құрама Штаттар Қазақстан Республикасының Үкіметіне әуежайдың қосымша әуеайлақ ретінде ықтимал пайдаланылуы туралы ұшардан кемінде бір сағат бұрын AFTA: UAAKZDZX, UAAAZDZX мекенжайына, Әуе қозғалысын жоспарлаудың бас орталығына ұшу жоспарын жіберу арқылы хабарлайды.
IV. Қазақстан Республикасының Үкіметі тұрақ алаңына ол (олар) толық тоқтағаннан кейін жоспарланбаған қонуды іске асырған кез келген ұшақтың айналасында қауіпсіздік аймағын құруға ұмтылады.
Сондай-ақ, Қазақстан Республикасының Үкіметі экипажға, әуежай басшылығымен және қызмет көрсететін агенттіктермен өзара іс-қимыл жасауға жәрдемдесу үшін Алматы қаласындағы АҚШ-тың Әскери Атташесі Кеңсесінің қызметкерлеріне және автокөлігіне қонған ұшаққа баруға рұқсат береді.
Алматы қаласындағы АҚШ-тың Әскери Атташесі Кеңсесі қызметкерлерінің аты-жөндері және автокөліктің нөмірі Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігіне алдын ала жіберілуге тиіс.
V. Ұшу қауіпсіздігіне қатер төндірген және ұшақтың дереу қонуын талап ететін борттағы апаттық ахуал жағдайында, Қазақстан Республикасының Үкіметі жөндеу жұмыстарын жүзеге асыру үшін АҚШ-тың персоналын және құрал-жабдықты ұшаққа жіберуге мүмкіндік береді. АҚШ-тың мұндай персоналы жөндеу жұмыстарын аяқтағаннан кейін дереу Қазақстаннан кетеді.
Құрама Штаттардың Үкіметі Қазақстанға коммерциялық әуе кемелері осындай қызметтер үшін төлейтін жарияланған ставкалардан қолайлылығы кем емес, қабылдауға болатын ставкалар бойынша соңғысы ұсынған барлық сұратылған қызметтер үшін шығындарды өтейді.
Әуежай ұсынған барлық қызметтерге ақы төлеуді Құрама Штаттардың Үкіметі сұратылған қызметтер ұсынылған күннен бастап бір ай ішінде жүргізеді.
VI. Жазатайым оқиға кезінде Тараптар әріптестік тұрғысында консультациялар өткізеді. Қазақстан Республикасының Үкіметі ұшақтың құлау себебін анықтайтын АҚШ-тың тергеушілеріне тергеу жұмыстарын және қалпына келтіру жұмыстарын жүргізу үшін оқиға орнына өтуге мүмкіндік береді. Мұндай тергеушілер өз міндеттерін атқарып болғаннан кейін дереу Қазақстаннан кетеді.
АҚШ-тың кез келген персоналы әрекетінің немесе әрекетсіздігінің нәтижесінде түскен үшінші бір тараптың талаптары РfP SOFA шартына сәйкес қаралады.
VII. Осы Меморандум бойынша іске асырылатын Тараптар ынтымақтастығының анағұрлым тиімділігін қамтамасыз ету мақсатында Тараптар ұшуды экологиялық стандарттарды қоса алғанда, халықаралық ұшу қауіпсіздігі стандарттарына сәйкес жүзеге асырады.
VIII. Осы Меморандум Америка Құрама Штаттары мен оның халықаралық коалиция бойынша әріптестері жүргізетін "Мызғымас Бостандық" Операциясын өткізу кезеңінде қолданыста болады. Осы Меморандум қол қойылған күнінен бастап уақытша қолданылады және Тараптар оның күшіне енуі үшін қажетті мемлекетішілік рәсімдерді орындағаны туралы соңғы жазбаша хабарлаған күнінен бастап күшіне енеді.
2002 жылғы __ шілдеде Астана қаласында, орыс және ағылшын тілдерінде екі данада жасалды, екі мәтін де түпнұсқалық болып табылады.
Қазақстан Республикасының Америка Құрама Штаттарының
Үкіметі үшін Үкіметі үшін
Қазақстан Республикасы
Сыртқы істер министрлігінің
Көпжақты ынтымақтастық
департаменті директоры М. Тәшібаев
2002 жылғы 10 шілдеде Астана қаласында қол қойылған Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Америка Құрама Штаттарының Үкіметі арасындағы Өзара түсіністік туралы Мемарандумның бұл көшірмесінің дәлдігін куәландырамын.
Қазақстан Республикасы
Сыртқы істер министрлігі
Халықаралық-құқық департаменті
Басқарма бастығы Ж. Бұхбантаев
РҚАО-ның ескертуі. Бұдан әрі Меморандумның ағылшын тіліндегі мәтіні берілген.