Парижде халықаралық эпизоотиялық бюроны құру туралы халықаралық келісімді ратификациялау туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 24 желтоқсандағы N 109-IV Заңы

      Парижде 1924 жылғы 25 қаңтарда қабылданған Парижде халықаралық эпизоотиялық бюроны құру туралы халықаралық келісім ратификациялансын.

      Қазақстан Республикасының
      Президенті                                         Н. Назарбаев

ПАРИЖДЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЭПИЗООТИЯЛЫҚ БЮРОНЫ ҚҰРУ
ТУРАЛЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ КЕЛІСІМ

      АРГЕНТИНА РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ, БЕЛЬГИЯНЫҢ, БРАЗИЛИЯНЫҢ, БОЛГАРИЯНЫҢ, ДАНИЯНЫҢ, ЕГИПЕТТІҢ, ИСПАНИЯНЫҢ, ФИНЛЯНДИЯНЫҢ, ФРАНЦИЯНЫҢ, ҰЛЫБРИТАНИЯНЫҢ, ГРЕЦИЯНЫҢ, ГВАТЕМАЛАНЫҢ, ВЕНГРИЯНЫҢ, ИТАЛИЯНЫҢ, ЛЮКСЕМБУРГТЫҢ, МОРОККОНЫҢ, МЕКСИКАНЫҢ, МОНАКО ХАНДЫҒЫНЫҢ, НИДЕРЛАНДТАРДЫҢ, ПЕРУДІҢ, ПОЛЬШАНЫҢ, ПОРТУГАЛИЯНЫҢ, РУМЫНИЯНЫҢ, СИАМНЫҢ, ШВЕЦИЯНЫҢ, ШВЕЙЦАРИЯНЫҢ, ЧЕХОСЛОВАКИЯ РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЖӘНЕ ТУНИСТІҢ ҮКІМЕТТЕРІ,
      1921 жылы 27 мамырдағы Эпизоотияны зерттеу бойынша халықаралық конференцияда берілген ұсыныста айтылған, Халықаралық эпизоотиялық бюроны құруды пайдалы деп танып, осы туралы Келісім жасауды шешіп, төмендегілер туралы келісті:

1 БАП

      Осы Келісімнің Тараптарының Басшылары Халықаралық эпизоотиялық бюроны құруға және қолдауға міндеттенеді, оның штаб-квартирасы Парижде орналасқан.

2 БАП

      Бюро осы Келісімге қол қойған Тараптардың делегаттарынан құрылған Комитеттің жетекшілігімен және бақылауында жұмыс істейді.
      Осы Комитеттің құрамы мен тиесілілігі, сондай-ақ жоғарыда аталған Бюроның ұйымдастырылуы және оның құқығы, осы Келісімге қоса берілген және оның ажырамас бөлігі болып табылатын Органикалық Статутпен анықталады.

3 БАП

      Бюроны құру жөніндегі шығыстар және оның жұмыс істеуі мен ұсталуына арналған жыл сайынғы шығындар, осы Келісімге қол қойған Тараптардың 2-бапта көрсетілген Органикалық Статуттың талаптарымен белгіленген жарналарымен жабылады.

4 БАП

      Осы Келісімге қол қойған әрбір Тараптың жарнасы ретіндегі сомалар әр жылдың басында делдал арқылы Француз Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Париждегі Депозиттер мен жарналар кассаларының шотына жіберіледі, олар сол жерден Бюро директорының ордерлері бойынша қажетті мұқтаждықтарға жұмсалатын болады.

5 БАП

      Осы Келісімге қол қойған Тараптардың басшыларында барлығының келісуі бойынша осы Келісімге, тәжірибеде пайдалылығы анықталған, өзгерістер енгізу мүмкіндігі болады.

6 БАП

      Осы Келісімге қол қоймаған Үкіметтер өздерінің өтініштері бойынша оған қосыла алады. Бұл қосылу туралы дипломатиялық жолмен Франция Үкіметіне нотификацияланады, ол өз кезегінде осы Келісімге қол қойған басқа Тараптарға хабарлайды және ол 3-бапта көрсетілген талаптарға сәйкес Бюроның шығыстарына жарна төлеу арқылы қатысуға міндеттемелік алу болып табылады.

7 БАП

      Осы Келісім келесі жағдайларда ратификацияланады:
      Әр Үкімет өте қысқа мерзімде өзінің ратификациялау туралы актін Франция Үкіметіне жолдайды, ол осы Келісімге қол қойған басқа да Тараптарға осы туралы хабарлайды.
      Ратификациялау туралы акт Франция Үкіметінің мұрағатында сақталады.
      Осы Келісім, әр Тарап үшін, өзінің ратификациялау туралы актін сақтауға берген күннен бастап күшіне енеді.

8 БАП

      Осы Келісім жеті жыл мерзімге жасалады. Бұл мерзім аяқталғаннан кейін ол әр кезең аяқталғанға дейін бір жыл бұрын Келісімді тоқтату туралы ниет білдірмеген және соған сәйкес әрекеттер қабылдамаған Тараптар арасында келесі жеті жылдық кезеңге қолданылуын жалғастырады.
      ОСЫНЫҢ НЕГІЗІНДЕ, қол қоюға уәкілет етілген төменде қол қоюшы Тараптар осы Келісімді мөрлермен куәландырылатын бір данада аяқтайды. Бұл дана Франция Үкіметінің мұрағатында сақталады, ал оның куәландырылған көшірмелері дипломатиялық жолмен осы Келісімге қол қойған Тараптарға жіберіледі.
      Осы данаға 1924 жылдың 30 сәуіріне дейін қоса есептегенде қол қойылу керек.
      1924 жылғы 25 қаңтарда, Парижде жасалды.
      Аргентина Республикасы үшін     Қол қойған: Луис Бемберг
      Бельгия үшін                    Қол қойған: Е. де Гоффье
      Бразилия үшін                   Қол қойған: Л.М. де Суза-Дантас
      Болгария үшін                   Қол қойған: Б. Морфоф
      Дания үшін                      Қол қойған: Х.А. Бернхофт
      Египет үшін                     Қол қойған: М. Факри
      Испания үшін                    Қол қойған: J. Квинонес де Леон
      Финляндия үшін                  Қол қойған: С. Енкель
      Франция үшін                    Қол қойған: Р. Понкаре и Анри
                                      Шерон
      Ұлыбритания үшін                Қол қойған: Крю
      Греция үшін                     Қол қойған: А. Романос
      Гватемала үшін                  Қол қойған: Адриан Ресинос
      Венгрия үшін                    Қол қойған: Хевеши
      Италия үшін                     Қол қойған: Романо Авецана
      Люксембург үшін                 Қол қойған: Е. Леклере
      Марокко үшін                    Қол қойған: Бомарше
      Мексика үшін                    Қол қойған: Раф. Кабрэра
      Монако хандығы үшін             Қол қойған: Бални д'Аврикур
      Нидерландтар үшін               Қол қойған: Л. Лудон (от
                                      Европейского Королевства)
      Перу үшін                       Қол қойған: М.Х. Корнехо
      Польша үшін                     Қол қойған: Альфред Шлаповский
      Португалия үшін                 Қол қойған: Антонио де Фонсеко
      Румыния үшін                    Қол қойған: Виктор Антонеско
      Сиам үшін                       Қол қойған: Шароон
      Швеция үшін                     Қол қойған: Альберт Еренсвард
      Швейцария үшін                  Қол қойған: Дюнан
      Чехословакия Республикасы үшін  Қол қойған: Стефан Осушкий
      Тунис үшін                      Қол қойған: Бомарше

ХАЛЫҚАРАЛЫҚ КЕЛІСІМГЕ ҚОСЫМША ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЭПИЗООТИЯЛЫҚ
БЮРОНЫҢ ОРГАНИКАЛЫҚ СТАТУТЫ

1 бап

      Халықаралық Эпизоотиялық бюро Парижде құрылады, оның қызмет етуіне қатысуға келіскен мемлекеттерге ведомстволық бағынысты болады.

2 бап

      Бюро әртүрлі мемлекеттердің әкімшілік қызметіне ешқандай түрде араласпайды.
      Ол өзі орналасқан елдің билігіне тәуелді емес.
      Әртүрлі елдерде жануарларды санитариялық қадағалау жүктелген жоғары биліктермен немесе органдармен тікелей хат алмасып тұрады.

3 бап

      Франция Республикасы Үкіметі 6-бапта көрсетілген Халықаралық комитеттің өтініші бойынша Бюроның қоғамға пайдалы мекеме ретінде танылуы үшін қажетті шаралар қабылдайды.

4 бап

      Бюроның негізгі міндеті мыналар:
      а) халықаралық қауымдастыққа өтініш беруге жататын жұқпалы мал ауруларының патологиясына немесе алдын алуға қатысты мүдделілік танытқан зерттеулер мен тәжірибелерді ынталандыру және келісу;
      ә) эпизоотиялық аурулардың барысына және оларға қарсы күресу үшін қолданылатын құралдарға қатысты ортақ мүдделі фактілер мен құжаттарды жинап үкіметтер мен олардың санитариялық мекемелерін хабардар етіп тұру;
      б) жануарларды санитариялық қадағалауға қатысты келісімдердің жобаларын зерттеу және олардың орындалуын бақылау құралдарын осы келісімдерге қол қойған үкіметтердің қарауына беру.

5 бап

      Үкіметтер Бюроға мыналарды:
      1) ірі қара малдың обасы немесе аусыл бұрын болмаған елде немесе облыста олардың алғаш білінуі туралы хабарды телеграф арқылы;
      2) мына тізімде жазылған:
      ірі қара малдың обасы
      құтыру
      аусыл
      маңқа
      контагиозды плеворопневмония
      киеңкі ауруы
      сібір жарасы
      шошқаның обасы
      қой шешегі ауруларының бар екендігі және таралуы туралы деректер беретін, Комитет мақұлдаған үлгіде жасалған бюллетендерді жүйелі уақыт аралығында жолдайды.
      Бұрынғы қаулылар қолданылатын аурулардың тізімін үкіметтер мақұлдағаннан кейін Комитет қайта қарауы мүмкін.
      Үкіметтер эпизоотияға қарсы күресу үшін, атап айтқанда, залалданған елдердің провенанстарынан өз аумақтарын қорғау үшін қолданған шаралары туралы Бюроға хабарлап тұрады. Деректер хабарлау туралы өздеріне Бюро жолдаған өтініштер бойынша олар мүмкіндігінше жауап қайтарады.

6 бап

      Бюро әр мемлекеттен бір өкіл қатысатын, қатысушы мемлекеттер тағайындаған техникалық өкілдерден құралған Халықаралық Комитеттің бақылауында және қарауында болады.

7 бап

      Комитет жыл сайын бір реттен кем емес кезеңде жиналыс өткізіп отырады: оның сессиясының ұзақтығына шек қойылмайды.
      Комитет мүшелері өкілдігі үш жылға созылатын Төрағаны жабық дауыс беру арқылы сайлайды.

8 бап

      Бюроның жұмыс істеуін еңбекақы төленетін персонал қамтамасыз етеді, бюро мыналардан тұрады:
      - директор;
      - техникалық қызметкерлер;
      - бюро жұмысының барысында қажетті агенттер.
      Директорды Комитет тағайындайды.
      Директор Комитеттің отырыстарына кеңесші дауыспен қатысады.
      Барлық санаттағы қызметкерлерді тағайындау және жұмыстан босату құқығы Директорда болады, ол бұл туралы Комитетке есеп береді.

9 бап

      Бюро жинаған мәліметтер қатысушы мемлекеттерге бюллетень немесе арнайы хабарлар арқылы, автоматты түрде не өздерінің өтініші бойынша хабардар етіледі.
      Ірі қара малдың обасының немесе аусылдың алғаш білінуі туралы хабар алынғаннан кейін дереу телеграф арқылы үкіметтерге және санитариялық мекемелерге беріледі.
      Бюро өз қызметінің нәтижелерін әр кезеңде қатысушы үкіметтерге хабарланып отыратын ресми есептерде баяндап отырады.

10 бап

      Ең кемінде ай сайын бір рет шығарылатын бюллетень атап айтқанда мыналарды қамтиды:
      1. Жекелеген елдерде жарияланған, малдың жұқпалы аурулары туралы ортақ немесе жергілікті заңдар мен ережелер.
      2. Малдың жұқпалы ауруларының барысы туралы мәлімет.
      3. Бүкіл әлемдегі малдың санитариялық жай-күйін көрсететін статистикалық деректер.
      4. Библиографиялық нұсқаулар.
      Бюроның және Бюллетеннің ресми тілі - француз тілі. Комитет бюллетеннің кейбір бөліктері басқа тілдерде жариялануы туралы қаулы қабылдауы мүмкін.

11 бап

      Бюроның жұмыс істеуі үшін қажетті шығыстарды Келісімге қол қойған және кейіннен оған қосыла алатын мемлекеттер өтейді; олардың жарналары мынадай санаттар негізінде белгіленеді:
      1-ші санат 25 бірлік;
      2-ші -- 20 --
      3-ші -- 15 --
      4-ші -- 10 --
      5-ші -- 5 --
      6-ші -- 3 --
      бірлік бес жүз франк негізінде.
      Әр мемлекет өзі қалаған санатқа жазылуға ерікті. Әр мемлекетке жоғарырақ санатқа жазылуға әрқашан мүмкіндік беріледі.

12 бап

      Жыл сайынғы түсімдерден резервтік қор құруға арналған сома бөлініп отырады. Жылдық бюджет көлемінен аспауға тиіс бұл резерв сомасы бірінші сыныпты мемлекеттік қағаздарға орналастырылады.

13 бап

      Бюроның жұмыс істеуіне арналған қаражаттан Комитет мүшелері сапар шығыстары үшін сыйақы алады. Бұған қоса олар, өздері қатысқан әрбір отырыс үшін жетондық сыйақы алады.

14 бап

      Бюро персоналын зейнетақымен қамтамасыз етуге ықпал ету үшін жыл сайын аударылуға тиіс соманы Комитет белгілейді.

15 бап

      Комитет өзінің жыл сайынғы бюджетін белгілейді және шығыстар туралы есепті бекітеді. Ол персоналға арналған Органикалық регламентті, сондай-ақ Бюроның жұмыс істеуіне қажетті өзге де қаулыларды бекітеді.
      Бұл регламентті де, бұл қаулыларды да Комитет қатысушы мемлекеттерге хабарлайды және олардың келісімінсіз өзгертуге болмайды.

16 бап

      Бюроның қаражатын басқару туралы деректер жыл сайын бюджеттік жыл аяқталғаннан кейін қатысушы мемлекеттерге беріледі.
      Аргентина Республикасы үшін     Қол қойған: Луис Бемберг
      Бельгия үшін                    Қол қойған: Е. де Гоффье
      Бразилия үшін                   Қол қойған: Л.М. де Суза-Дантас
      Болгария үшін                   Қол қойған: Б. Морфоф
      Дания үшін                      Қол қойған: Х.А. Бернхофт
      Египет үшін                     Қол қойған: М. Факри
      Испания үшін                    Қол қойған: J. Квинонес де Леон
      Финляндия үшін                  Қол қойған: С. Енкель
      Франция үшін                    Қол қойған: Р. Понкаре и Анри
                                      Шерон
      Ұлыбритания үшін                Қол қойған: Крю
      Греция үшін                     Қол қойған: А. Романос
      Гватемала үшін                  Қол қойған: Адриан Ресинос
      Венгрия үшін                    Қол қойған: Хевеши
      Италия үшін                     Қол қойған: Романо Авецана
      Люксембург үшін                 Қол қойған: Е. Леклере
      Марокко үшін                    Қол қойған: Бомарше
      Мексика үшін                    Қол қойған: Раф. Кабрэра
      Монако хандығы үшін             Қол қойған: Бални д'Аврикур
      Нидерландтар үшін               Қол қойған: Л. Лудон (от
                                      Европейского Королевства)
      Перу үшін                       Қол қойған: М.Х. Корнехо
      Полыпа үшін                     Қол қойған: Альфред Шлаповский
      Португалия үшін                 Қол қойған: Антонио де Фонсеко
      Румыния үшін                    Қол қойған: Виктор Антонеско
      Сиам үшін                       Қол қойған: Шароон
      Швеция үшін                     Қол қойған: Альберт Еренсвард
      Швейцария үшін                  Қол қойған: Дюнан
      Чехословакия Республикасы үшін  Қол қойған: Стефан Осушкий
      Тунис үшін                      Қол қойған: Бомарше

      1. Хабарлама ХЭБ Жер жануарларының санитарлық кодексіне сәйкес жасалуға тиіс (1.1.2-Тарау).
      2. Хабарлануы тиіс жануарлардың аурулары ХЭБ Жер жануарларының санитарлық кодексіндегі Хабарлануға тиісті аурулардың тізіміне сәйкес болады (2.1 Бөлім).
      3. Жыл сайынғы жалпы жарнама Органикалық статуттың 14-бабымен анықталады.

      РҚАО-ның ескертуі: Бұдан әрі ағылшын тіліндегі мәтіні берілген.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады