"Қазақстан Республикасының сот жүйесі мен судьяларының мәртебесі туралы" Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 29 желтоқсандағы № 370-IV Конституциялық Заңы

      1-бап. «Қазақстан Республикасының сот жүйесі мен судьяларының мәртебесі туралы» 2000 жылғы 25 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Конституциялық Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2000 ж., № 23, 410-құжат; 2006 ж., № 23, 136-құжат; 2008 ж., № 20, 77-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      1) 6-бапта:
      1-тармақтың бірінші бөлігіндегі «уәкiлеттi органның Жоғарғы Сот Төрағасымен келiсiлген» деген сөздер «Жоғарғы Сот Төрағасының» деген сөздермен ауыстырылсын;
      2-тармақтағы «уәкілетті органның» деген сөздер «Жоғарғы Сот Төрағасының» деген сөздермен ауыстырылсын;
      3-тармақта:
      «уәкiлеттi орган» деген сөздер «Жоғарғы Соттың, жергілікті және басқа да соттардың қызметін ұйымдастырушылық және материалдық-техникалық қамтамасыз ету жөніндегі уәкілетті орган (бұдан әрі – уәкілетті орган)» деген сөздермен ауыстырылсын;
      «сот төрағасының» деген сөздерден кейін «Жоғарғы Сот Төрағасымен келісілген» деген сөздермен толықтырылсын;

      2) 9-баптың 1-тармағының 2) тармақшасы «соттың» деген сөздің алдынан «аудандық» деген сөзбен толықтырылсын;

      3) 10-бапта:
      1-тармақтағы «уәкiлеттi органның Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының Төрағасымен келiсiлген» деген сөздер «Жоғарғы Сот Төрағасының» деген сөздермен ауыстырылсын;
      2-тармақта:
      бірінші бөліктегі «уәкiлеттi органның» деген сөздер «Жоғарғы Сот Төрағасының» деген сөздермен ауыстырылсын;
      екінші бөліктегі «осы сот төрағасының» деген сөздерден кейін «Жоғарғы Сот Төрағасымен келісілген» деген сөздермен толықтырылсын;

      4) 12-баптың 4) тармақшасындағы «облыс соттарының әкімшісі» деген сөздер «облыстық сот, Астана және Алматы қалалары соттары кеңсесінің» деген сөздермен ауыстырылсын;

      5) 14-баптың 1-тармағының 9) тармақшасындағы «сот» деген сөз «облыстық соттың, Астана және Алматы қалалары соттарының» деген сөздермен ауыстырылсын;

      6) 16-баптың 1-тармағында:
      5), 8) тармақшалардағы «облыс соттарының әкімшісі», «облыс соттары әкімшісін» деген сөздер тиісінше «облыстық сот, Астана және Алматы қалалары соттары кеңсесінің басшысы», «облыстық сот, Астана және Алматы қалалары соттары кеңсесінің басшысын» деген сөздермен ауыстырылсын;
      6) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      «6) облыстық сот, Астана және Алматы қалалары соттары кеңсесі басшысының қызметі туралы есепті тыңдайды;»;
      7) тармақша «аудандық» деген сөздің алдынан «облыстық соттың судьясы,» деген сөздермен толықтырылсын;
      9-1) тармақшадағы «көрсеткіштері», «заңдылықты бұзғаны үшін екi және одан да көп тәртiптiк жазасы бар» деген сөздер тиісінше «көрсеткіштері бар», «заңдылықты ұдайы бұзуға жол берген» деген сөздермен ауыстырылсын;

      7) 20-бапта:
      1-тармақта:
      мынадай мазмұндағы 6-1) тармақшамен толықтырылсын:
      «6-1) сыбайлас жемқорлыққа қарсы iс-қимыл жасау және судья әдебi нормаларын сақтау жөнiндегi жұмысты ұйымдастырады;»;
      9) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      «9) Уәкілетті орган туралы ережені Қазақстан Республикасы Президентінің бекітуіне енгізеді;»;
      мынадай мазмұндағы 9-1), 9-2) тармақшалармен толықтырылсын:
      «9-1) Қазақстан Республикасының Президенті бекіткен штат саны лимитінің шегінде заңнамада белгіленген тәртіппен уәкілетті органның құрылымын және штат кестесін бекітеді;
      9-2) заңнамада белгіленген тәртіппен уәкілетті органның басшысын және оның орынбасарларын қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;»;
      2-тармақта:
      1) тармақша алып тасталсын;
      6) тармақша «судьяларды» деген сөзден кейін «және уәкілетті органның қызметкерлерін» деген сөздермен толықтырылсын;
      8) 22-баптың 1-тармағының 7-1) тармақшасындағы «көрсеткіштері», «заңдылықты бұзғаны үшiн екi және одан да көп тәртiптiк жазалары бар» деген сөздер тиісінше «көрсеткіштері бар», «заңдылықты ұдайы бұзуға жол берген» деген сөздермен ауыстырылсын;

      9) 29-бапта:
      2-тармақ «судьялық жұмыс стажы бар» деген сөздерден кейін «және тиісті облыстық соттың жалпы отырысының оң қорытындысын алған» деген сөздермен толықтырылсын;
      3-тармақ «он жыл судьялық жұмыс стажы бар» деген сөздерден кейін «және Жоғарғы Соттың жалпы отырысының оң қорытындысын алған» деген сөздермен ауыстырылсын;

      10) 29-1-баптың 2-тармағындағы «жергiлiктi және басқа соттарды ұйымдық және материалдық-техникалық қамтамасыз етудi жүзеге асыратын уәкiлеттi мемлекеттiк органның» деген сөздер «Жоғарғы Соттың, жергілікті және басқа да соттардың қызметін ұйымдастырушылық және материалдық-техникалық қамтамасыз ету жөніндегі уәкілетті органның» деген сөздермен ауыстырылсын;

      11) 35-бапта:
      1-тармақтың бірінші бөлігі «беделі» деген сөзден кейін «, кемінде он бес жыл судьялық жұмыс стажы» деген сөздермен толықтырылсын;
      3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «3. Судьяның орнынан түсуі:
      ол қылмыс жасаған немесе сот билiгiнiң беделiне нұқсан келтiретiн терiс қылық жасаған;
      өз тiлегi бойынша;
      Қазақстан Республикасының азаматтығы тоқтатылған;
      ол қайтыс болған немесе оны қайтыс болды деп жариялау туралы сот шешiмi заңды күшiне енген жағдайларда тоқтатылады.
      Судья кәсiпкерлiк қызметтi жүзеге асырған, коммерциялық ұйымның басшы органының немесе байқау кеңесiнiң құрамына кiрген, оқытушылық, ғылыми немесе өзге де шығармашылық қызметтен басқа ақы төленетiн қызметке тұрған жағдайларда оның орнынан түсуі тоқтатыла тұрады.
      Судьяның орнынан түсуін тоқтата тұруды Жоғарғы Сот Төрағасы жүзеге асырады.
      Егер судьяның орнынан түсуін тоқтата тұру туралы шешім қабылдауға негіз болған мән-жайлар жойылса, судьяның орнынан түсуі қалпына келтіріледі.»;
      4-тармақ мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
      «Судьяның орнынан түсуі тоқтатыла тұрған жағдайда жеке басына тиіспеушілік кепілдігі мен осы Конституциялық заңның 51, 53 және 55-баптарында көзделген кепілдіктердің қолданылуы да тоқтатыла тұрады.»;

      12) 38-баптың бірінші бөлігіндегі «Судьяларға біліктілік сыныптарын беру, судьяның» деген сөздер «Судьяның» деген сөздермен ауыстырылсын;

      13) 40-баптың 1-тармағының 3) тармақшасы алып тасталсын;

      14) 48-бап алып тасталсын;

      15) 56-бап мынадай редакцияда жазылсын:

      «56-бап. Соттардың қызметін ұйымдастырушылық және
               материалдық-техникалық қамтамасыз ету

      1. Жоғарғы Соттың, жергілікті және басқа да соттардың қызметін ұйымдастырушылық және материалдық-техникалық қамтамасыз етуді, сондай-ақ сот статистикасын жүргізуді Қазақстан Республикасының Президенті құратын уәкілетті орган жүзеге асырады.
      2. Уәкілетті органның бірыңғай жүйесін тиісті мемлекеттік орган мен облыстардағы, Астана және Алматы қалаларындағы соттардың кеңселері құрайды.
      3. Уәкілетті органның құзыреті Қазақстан Республикасының Президенті бекітетін ережеде айқындалады.
      4. Уәкілетті органның құрылымын және штат кестесін Жоғарғы Сот Төрағасы Қазақстан Республикасының Президенті бекіткен штат саны лимитінің шегінде заңнамада белгіленген тәртіппен бекітеді.
      5. Уәкілетті орган қызметкерлерінің құқықтық жағдайы мен олардың еңбегіне ақы төлеу Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет туралы заңнамасымен реттеледі.».

      2-бап. Осы Конституциялық заң алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Президенті                                 Н. Назарбаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады