1-бап. Қазақстан Республикасының мына конституциялық заңдарына өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
1. "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің Жаршысы, 1995 ж., № 17-18, 114-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1997 ж., № 12, 192-құжат; 1998 ж., № 7-8, 71-құжат; № 22, 290-құжат; 1999 ж., № 10, 340-құжат; № 15, 593-құжат; 2004 ж., № 7, 45-құжат; 2005 ж., № 7-8, 17-құжат; 2006 ж., № 23, 138-құжат; 2007 ж., № 12, 85-құжат; 2009 ж., № 2-3, 5-құжат):
53-баптың 3-тармағының екінші бөлігі "Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президентіне" деген сөздерден кейін " — Елбасына" деген сөзбен толықтырылсын.
2. "Қазақстан Республикасының Президенті туралы" 1995 жылғы 26 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің Жаршысы, 1995 ж., № 24, 172-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1999 ж., № 10, 343-құжат; 2006 ж., № 23, 137-құжат; 2007 ж., № 12, 82-құжат):
4-баптың 4-тармағының екінші сөйлемі "Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президентіне" деген сөздерден кейін "— Елбасына" деген сөзбен толықтырылсын.
3. "Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті туралы" 2000 жылғы 20 шілдедегі Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2000 ж., № 10, 232-құжат):
1) тақырып "Президенті" деген сөзден кейін "— Елбасы" деген сөзбен толықтырылсын;
2) кіріспедегі "қалаушылардың бірі, Қазақстан халқының бірлігін, Конституцияны, адамның және азаматтың құқықтары мен бостандықтарын қорғауды қамтамасыз еткен Қазақстан халқының көшбасшысы ретінде республика" деген сөздер "қалаушы, Қазақстан халқының бірлігін, Конституцияны, адамның жене азаматтың құқықтары мен бостандықтарын қорғауды қамтамасыз еткен Елбасы ретінде Қазақстан Республикасы" деген сөздермен ауыстырылсын;
3) бұдан әрі бүкіл мәтін бойынша "Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің", "Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президентіне", "Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті", "Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті", "Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президентін", "Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президентімен", "Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президентінің" деген сөздерден кейін тиісінше "— Елбасының", "— Елбасына", "— Елбасы", "— Елбасы", "— Елбасын", "— Елбасымен", "— Елбасының" деген сөздермен толықтырылсын;
4) 1-бап мынадай редакцияда жазылсын:
"1-бап. Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің — Елбасының
мәртебесі және өкілеттігі
Осы Конституциялық заңда Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан Республикасының Конституциясында, "Қазақстан Республикасының Президенті туралы" Конституциялық заңда және республиканың басқа заңдарында көзделген өкілеттіктерімен қатар Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің — Елбасының саяси-құқықтық мәртебесі, өзі Қазақстан Республикасы Президентінің өкілеттіктерін тоқтатқаннан кейінгі де Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің Елбасының айрықша құзыреттері мен кепілдіктері айқындалады.
Қазақстан мемлекеттілігін құрудың бастауында тұрған және демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде егемен Қазақстанды дамытуға аса зор үлес қосқан Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Елбасы болып табылады.
Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президентіне — Елбасына Қазақстан Республикасының Президенті болып сайлану құқығына шектеу қолданылмайды.
Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президентіне — Елбасына оның тарихи миссиясына байланысты өмір бойы:
1) Қазақстан халқына, мемлекеттік органдар мен лауазымды адамдарға мемлекеттік құрылыстың, елдің ішкі және сыртқы саясаты мен қауіпсіздігінің аса маңызды мәселелері бойынша тиісті мемлекеттік органдар мен лауазымды адамдар міндетті түрде қарауға жататын бастамалар жасау;
2) Қазақстан Республикасы Парламенті мен оның палаталарының алдын да, республика Үкіметінің отырыстарында ел үшін маңызды мәселелерді талқылау кезінде сөз сөйлеу; Қазақстан халқы Ассамблеясын басқару; Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің, Қауіпсіздік Кеңесінің құрамына кіру құқығы тиесілі.
Мемлекеттің ішкі жене сыртқы саясатының негізгі бағыттары бойынша әзірленетін бастамалар Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президентімен — Елбасымен келісіледі.
Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің — Елбасының заңды қызметіне кедергі жасауға, Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентін - Елбасын көпшілік алдында қорлауға немесе оның абыройы мен қадір-қасиетіне өзгедей қол сұғуға, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің — Елбасының бейнесін бүлдіруге жол берілмейді және ондай әрекеттер заңмен қудаланады.";
5) 2-баптың 1) тармақшасы "Президенті" деген сөзден кейін "— Елбасы" деген сөзбен толықтырылсын;
6) 3-бап мынадай редакцияда жазылсын:
"3-бап. Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президентіне —
Елбасына ешкімнің тиіспеушілігі
Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президентіне — Елбасына ешкімнің тиісуіне болмайды. Ол өзі Қазақстан Республикасы Президентінің өкілеттігін орындау кезеңінде жасаған, сондай-ақ олар тоқтатылғаннан кейін — Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті — Елбасы деген өз мәртебесін жүзеге асыруға байланысты іс-әрекеттері үшін жауаптылыққа тартылмайды. Оны ұстауға, қамауға алуға, тінтуге, одан жауап алуға не оның жеке басын тексеруге болмайды.
Тиіспеушілік Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президентіне — Елбасына және онымен бірге тұратын отбасы мүшелеріне жеке меншік құқығымен тиесілі барлық мүлікке, сондай-ақ олар пайдаланатын тұрғын және қызмет үй-жайларына; қызметтік көлігіне; байланыс құралдарына; хат-хабарларына; оларға тиесілі құжаттарға қолданылады.
Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президентіне — Елбасына және онымен бірге тұратын отбасы мүшелеріне жеке меншік құқығымен тиесілі мүлікке қандай да бір шектеу қойылмайды.
Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің — Елбасының және онымен бірге тұратын отбасы мүшелерінің банктік шоттарының банктік құпиялығы мен оларға қол сұғылмауына кепілдік беріледі.";
7) 4-баптың бірінші бөлігіндегі "Кеңсесі құрылады" деген сөздер "— Елбасының Кеңсесі құрылады, Кеңсе өз міндеттерін орындау үшін соның алдында ғана жауапты болады" деген сөздермен ауыстырылсын;
8) 9-бап мынадай редакцияда жазылсын:
"9-бап. Қор, мұражайлар, бюстер, жеке мұрағат және жеке
кітапхана
Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті — Елбасы Қазақстан Республикасы Президентінің өкілеттігін орындаған кезеңде Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің — Елбасының қорын, жеке кітапханасы мен жеке мұрағатын құрады және қалыптастырады.
Қазақстан Республикасы Президентінің өкілеттігін тоқтатқаннан кейін жеке кітапхана мен жеке мұрағат Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің — Елбасының меншігіне өтеді.
Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің — Елбасының туған жерінде және Қазақстан Республикасының астанасында Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің — Елбасының мұражайлары құрылады және оның бюстері орнатылады.";
9) 10-баптағы "конституциялық өкілеттігін" деген сөздер "Қазақстан Республикасы Президентінің өкілеттігін" деген сөздермен ауыстырылсын;
10) 12-бап мынадай редакцияда жазылсын:
"12-бап. Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің —
Елбасының қызметін қамтамасыз етудің қаржыландыру
көздері және өзге де мәселелері
Осы Конституциялық заңда көзделген шығыстарды, оның ішінде Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің — Елбасының қорын толықтыру мен ұстауға және оның үй-жайларын күзетуге, жеке кітапханасы мен жеке мұрағатын сақтауға көзделген шығыстарды қаржыландыру республикалық бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылады. Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президентіне — Елбасына және онымен бірге тұратын отбасы мүшелеріне тұрғын үй, медициналық, санаторий-курорттық, көліктік және өзге де қызмет көрсетуді уәкілетті мемлекеттік органдар қамтамасыз етеді.".
2-бап. Осы Конституциялық заң алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Осы Конституциялық заң Парламент Сенатының Төрағасы Қ.К.Тоқаевтың, Парламент Мәжілісінің Төрағасы О.Б.Мұхамеджановтың, Премьер-Министр К.Қ.Мәсімовтің қолдары қойылып тиянақталғандықтан, ол осы Конституциялық заңның құқықтық әдептілігін және оның заңдылығына аталған лауазымды тұлғалардың заңдық жауапкершілігін айғақтайды.