2006 жылғы 20 желтоқсанда Пекинде жасалған Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қытай Халық Республикасының Үкіметі арасындағы Қазақстан-Қытай кеден шекарасы арқылы құбыржол көлігімен өткізілетін энергия ресурстарын кедендік бақылау туралы келісім ратификациялансын.
Қазақстан Республикасының
Президенті Н. Назарбаев
Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қытай Халық
Республикасының Үкіметі арасындағы Қазақстан-қытай кеден
шекарасы арқылы құбыржол көлігімен өткізілетін энергия
ресурстарын кедендік бақылау туралы
келісім
Бұдан әрі Тараптар деп аталатын Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қытай Халық Республикасының Үкіметі,
1997 жылғы 26 қыркүйектегі Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қытай Халық Республикасының Үкіметі арасындағы Кеден істеріндегі ынтымақтастық пен өзара көмек туралы келісімді басшылыққа ала отырып,
Тараптар арасындағы ынтымақтастық Қазақстан-қытай кеден шекарасы арқылы құбыржол көлігімен өткізілетін энергия ресурстарын кедендік бақылаудың тиімділігін арттыру үшін қолайлы жағдай жасауға мүмкіндік береді деп пайымдай отырып, ынтымақтастықты кеңейту мен нығайтуға ұмтыла отырып,
энергия ресурстарын Қазақстан-қытай кеден шекарасы арқылы құбыржол көлігімен өткізу кезінде бірлескен кедендік бақылаудың қажеттілігін мойындай отырып,
сондай-ақ энергия ресурстарын Қазақстан-қытай кеден шекарасы арқылы құбыржол көлігімен өткізу кезінде Тараптар мемлекеттерінің кеден ісі саласындағы ұлттық заңнамаларын бұзушылықтарды анықтау және жолын кесу мақсатында,
мына төмендегілер туралы келісті:
1-бап
Осы Келісімнің мақсаттары үшін қолданылатын терминдер мыналарды білдіреді:
кеден қызметтері - Қазақстан Республикасында - Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Кедендік бақылау комитеті, Қытай Халық Республикасында - Қытай Халық Республикасы Бас кедендік басқармасы;
энергия ресурстары - шикі мұнай және табиғи газ.
2-бап
Тараптар мемлекеттерінің кеден қызметтері Қазақстан-қытай кеден шекарасы арқылы құбыржол көлігімен өткізілетін энергия ресурстарын кедендік ресімдеу және кедендік бақылау мәселелері жөнінде ынтымақтастықты жүзеге асырады.
3-бап
Тараптар мемлекеттерінің кеден қызметтері ай сайын бір-біріне Қазақстан-қытай кеден шекарасы арқылы құбыржол көлігімен өткізілген энергия ресурстары туралы ақпарат береді. Аталған ақпарат мынадай мәліметтерді қамтиды:
жөнелтушінің атауы;
қабылдап алушының атауы;
тауардың сипаттамасы;
сыртқы экономикалық қызмет тауар номенклатурасының коды;
өткізілген тауардың көлемі;
таза салмағы (килограмм);
жалпы салмағы (килограмм);
тауарды өткізу жылы мен айы.
4-бап
Тараптар мемлекеттерінің кеден қызметтері Қазақстан-қытай кеден шекарасы арқылы құбыржол көлігімен өткізілген энергия ресурстары туралы ақпарат алмасудың нәтижесінде анықталған мәліметтердің сәйкессіздіктері немесе дұрыс еместігі туралы бір-бірін хабардар етеді және Тараптар мемлекеттерінің ұлттық заңнамаларына сәйкес олардың себептерін анықтау үшін бірлескен шаралар қолданады.
5-бап
Осы Келісім күшіне енгеннен кейін бір ай ішінде Тараптар мемлекеттерінің кеден қызметтері энергия ресурстарын кедендік ресімдеу және кедендік бақылау мәселелері жөніндегі қолданыстағы нормативтік құқықтық кесімдердің көшірмесін бір-біріне береді және одан әрі Тараптар мемлекеттерінің кеден ісі саласындағы ұлттық заңнамаларының энергия ресурстарын кедендік ресімдеу және кедендік бақылау бөлігіндегі барлық өзгерістері туралы бір-бірін мүмкіндігінше қысқа мерзімде хабардар етеді.
6-бап
Тараптар мемлекеттерінің кеден қызметтері:
энергия ресурстарын кедендік ресімдеу және кедендік бақылау мәселелерінде өз қызметінің тәжірибесі туралы;
энергия ресурстарын өткізу кезінде Тараптар мемлекеттерінің кеден ісі саласындағы ұлттық заңнамаларын бұзушылықтарды анықтау мен жолын кесудің тәсілдері туралы;
егер бұл ақпарат Тараптар мемлекеттерінің кеден қызметтері үшін мүддені білдіретін болса, энергия ресурстарын өткізу кезінде Тараптар мемлекеттерінің кеден ісі саласындағы ұлттық заңнамаларын бұзудың анықталған фактілері туралы;
егер бұл Тараптар мемлекеттерінің ұлттық заңнамаларына қарама-қайшы келмесе, Тараптар мемлекеттерінің кеден қызметтері үшін мүддені білдіретін басқа да мәселелер бойынша ақпарат алмасады.
Тараптар мемлекеттерінің кеден қызметтері Тараптар мемлекеттері кеден қызметтерінің қызметкерлерін энергия ресурстарын кедендік ресімдеу және кедендік бақылау мәселелері жөнінде оқыту мен дағдыларын жетілдіруді қоса алғанда, энергия ресурстарын кедендік ресімдеу және кедендік бақылау мәселелері жөнінде бір-біріне көмек көрсетеді.
7-бап
Бірлескен кедендік бақылауды жүзеге асыру үшін бір Тарап басқа Тараптың кеден қызметінің уәкілетті қызметкерлеріне Қазақстан-қытай кеден шекарасы арқылы құбыржол көлігімен өткізілетін энергия ресурстарын есепке алу тораптарына қол жеткізуді қамтамасыз етеді.
8-бап
Тараптар мемлекеттерінің кеден қызметтері тоқсан сайын осы Келісімнің 7 және 9-баптарында айқындалған қызметті жүзеге асыру үшін уәкілетті қызметкерлерінің тізімдерімен алмасады және осы тізімдегі барлық өзгерістер туралы бір-бірін мүмкіндігінше қысқа мерзімде хабардар етеді.
9-бап
Энергия ресурстарын Қазақстан-қытай кеден шекарасы арқылы құбыржол көлігімен өткізуге бірлескен кедендік бақылауды жүзеге асыру кезінде Тараптар мемлекеттері кеден қызметтерінің уәкілетті қызметкерлері:
кедендік сәйкестендіру құралдарын салады және алады;
осы Келісімнің ажырамас бөлігі болып табылатын оған 1-қосымшада келтірілген нысан бойынша өткізілетін энергия ресурстарын есепке алу құралдарына кедендік сәйкестендіру құралдарын салу және алу туралы акт жасайды;
ай сайын өткізілетін энергия ресурстарын есепке алу құралдарынан көрсеткіштерді алуға қатысады, осы Келісімнің ажырамас бөлігі болып табылатын оған 2-қосымшада келтірілген нысан бойынша өткізілетін энергия ресурстарын есепке алу құралдарынан көрсеткіштерді алу туралы акт жасайды, оларға қол қояды және оларды мөрлермен куәландырады;
энергия ресурстарын қабылдап алу-беру актілерінде қамтылған барлық мәліметтер мен деректемелердің дұрыстығын тексергеннен кейін энергия ресурстарын тасымалдаушылар (өткізушілер) жасайтын энергия ресурстарын қабылдап алу-беру актілеріне қол қояды және мөрлерімен куәландырады.
10-бап
Тараптар мемлекеттерінің кеден қызметтері осы Келісімнің шеңберінде алған ақпарат, құжаттар және басқа да мәліметтер Тараптар мемлекеттерінің ұлттық заңнамаларына сәйкес тек осы Келісімде айқындалған мақсаттар үшін пайдаланылады және алушы мемлекетте осы мемлекеттің өз меншікті аумағында алған осындай ақпаратты, құжаттарды немесе мәліметтерді жариялаудан қорғаудың нақ сондай дәрежесі беріледі.
Тараптар мемлекеттерінің кеден қызметтері осы келісімнің шеңберінде алған ақпаратты, құжаттарды және басқа да мәліметтерді сот немесе әкімшілік талқылауларда дәлел ретінде пайдалануды қоса алғанда, өзге де мақсаттарда пайдалану, тек оларды ұсынған Тараптар мемлекеттерінің кеден қызметінің жазбаша келісімімен және осы кеден қызметі белгілеген кез келген шектеулерді сақтаған кезде жүргізіледі.
11-бап
Тараптар осы Келісімді орындау барысында туындайтын шығыстарды, егер әрбір нақты жағдайда өзгеше тәртіп келісілмесе, Тараптар мемлекеттерінің ұлттық заңнамаларында көзделген қаражат шегінде дербес көтереді.
12-бап
Осы Келісімге Тараптардың келісімі бойынша осы Келісімнің ажырамас бөліктері болып табылатын жекелеген хаттамалармен ресімделетін өзгерістер мен толықтырулар енгізілуі мүмкін.
13-бап
Тараптар міндеттемелерін орындау, осы Келісімнің ережелерін қолдану және түсіндіру кезінде туындайтын кез келген келіспеушіліктер мен даулы мәселелер Тараптар мемлекеттері кеден қызметтерінің өзара консультациялар мен келіссөздер өткізу жолымен шешілетін болады.
14-бап
Осы Келісім қол қойылған күнінен бастап уақытша қолданылады және Тараптардың оның күшіне енуі үшін қажетті мемлекетішілік рәсімдерді орындағаны туралы дипломатиялық арналар арқылы соңғы жазбаша хабарлама алған күнінен бастап күшіне енеді.
15-бап
Осы Келісім бес жыл мерзімге жасалады және келесі бес жылдық кезеңдерге өздігінен түрде ұзартылатын болады.
Тараптардың әрқайсысы кез келген уақытта дипломатиялық арналар арқылы басқа Тарапқа тиісті кезең аяқталардан кем дегенде 6 ай бұрын оның қолданысын тоқтату ниеті туралы жазбаша хабарлама жібере алады.
Осы Келісім Тараптардың бірі басқа Тараптың тиісті жазбаша хабарламасын алғаннан кейін алты айдан соң өз қолданысын тоқтатады.
2006 жылғы 20 желтоқсанда Пекин қаласында әрқайсысы қазақ, қытай және орыс тілдерінде екі түпнұсқа данада жасалды, әрі барлық мәтіндердің бірдей заңдық күші бар.
Осы Келісімнің ережелерін түсіндіруде келіспеушіліктер туындаған жағдайда Тараптар орыс тіліндегі мәтінді басшылыққа алатын болады.
Қазақстан Республикасының Қытай Халық Республикасының
Үкіметі үшін Үкіметі үшін
Қазақстан Республикасының Үкіметі
мен Қытай Халық Республикасының
Үкіметі арасындағы Қазақстан-қытай
кеден шекарасы арқылы құбыржол
көлігімен өткізілетін энергия
ресурстарын кедендік бақылау туралы
Келісімге
1-қосымша
200_ жылғы "__" ___________
кедендік сәйкестендіру құралдарын салу және алу туралы
акт
Біз, төменде қол қоюшылар ____________________________ кедендік сәйкестендіру құралдарын салу (алу) жүргізілгендігі туралы осы актіні жасадық.
Өлшеу құралдарының атауы |
Аспаптың түрі және дәлдік сыныбы |
Пломбалау сәтіндегі аспап көрсеткіштері |
Кеденнің алынған пломбаның бедері |
Пломбаны алу сәтіндегі аспап көрсеткіші |
Кеден органы пломбаның бедері |
Кеден пломбасының саны (алынған/ салынған) |
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
6 |
7 |
Қазақстан Республикасы кеден қызметінің уәкілетті қызметкері
_____________________________________________________________________
(Т.А.Ә., лауазымы, қолы, мөр, қызметтік телефоны)
Қытай Халық Республикасы кеден қызметінің уәкілетті қызметкері
_____________________________________________________________________
(Т.А.Ә., лауазымы, қолы, мөр, қызметтік телефоны)
Қазақстан Республикасының Үкіметі
мен Қытай Халық Республикасының
Үкіметі арасындағы Қазақстан-қытай
кеден шекарасы арқылы құбыржол
көлігімен өткізілетін энергия
ресурстарын кедендік бақылау туралы
Келісімге
2-қосымша
_______ бойынша Кедендік бақылау департаментінің кеден бекеті
___ (энергия ресурстарын) өткізу пункттерінен 200_ жыл
ішіндегі көрсеткіштерді алуы туралы 200_ жылғы "__" _______
акт
Р/с |
Өткізу пунктінің атауы |
Айдың басындағы есепке алу аспаптарының көрсеткіші |
Есепті кезеңнің соңындағы есептеу аспаптарының көрсеткіші |
Өткізілген тауардың көлемі (мұнай - тоннамен, газ - мың м3) |
Есепке алу торабының өкілі __________________
(қолы, Т.А.Ә.)
Қазақстан Республикасы кеден қызметінің уәкілетті қызметкері
_______________________________________________________________
(Қолы, Т.А.Ә., мөр, қызметтік телефоны)
Қытай Халық Республикасы кеден қызметінің уәкілетті қызметкері
_______________________________________________________________
(Қолы, Т.А.Ә., мөр, қызметтік телефоны)