Кеден одағы комиссиясының Кедендік статистика орталығы мәртебесі туралы хаттаманы ратификациялау туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 30 маусымдағы № 308-IV Заңы

      РҚАО-ның ескертпесі!
      Бұл хаттама Еуразиялық экономикалық одақ туралы шарт күшіне енген күнінен бастап қолданылуын тоқтатады - ҚР 14.10.2014 N 240-V Заңымен (қолданысқа енгізілу тәртібін 113-баптан қараңыз).

      2009 жылғы 11 желтоқсанда Санкт-Петербургте жасалған Кеден одағы комиссиясының Кедендік статистика орталығы мәртебесі туралы хаттама ратификациялансын.

      Қазақстан Республикасының
      Президенті                                         Н. Назарбаев

Кеден одағы комиссиясы
Кедендік статистика орталығының мәртебесі туралы
ХАТТАМА

      Бұдан әрі Тараптар деп аталатын Беларусь Республикасының Үкіметі, Қазақстан Республикасының Үкіметі және Ресей Федерациясының Үкіметі,
      2008 жылғы 25 қаңтардағы Кеден одағының тауарларымен сыртқы және өзара сауданың кедендік статистикасын жүргізу туралы келісімді іске асыру мақсатында
      төмендегілер туралы келісті:

1-бап

      Кеден одағы комиссиясының Кедендік статистика орталығы (бұдан әрі - Орталық) Тараптар мемлекеттерінің сыртқы сауда статистикасын және өзара сауда статистикасын жүргізу, Тараптардың уәкілетті органдарының статистикалық қызметін үйлестіру, осы салада ақпарат алмасуды ұйымдастыруға жәрдемдесу және жалпы ұсынымдарды әзірлеу мақсатында құрылады.
      Орталық Кеден одағы комиссиясы хатшылығының (бұдан әрі - Хатшылық) құрылымдық бөлімшесі болып табылады және өзінің функцияларын Хатшылық Департаментінің құқығында жүзеге асырады.
      Орталық өз қызметінде 2007 жылғы 6 қазандағы Кеден одағының комиссиясы туралы шартты, 2008 жылғы 12 желтоқсандағы Кеден одағы комиссиясының хатшылығы туралы келісімді, кеден одағы шеңберінде қабылданған өзге де халықаралық құжаттарды, сондай-ақ осы Хаттаманы басшылыққа алады.
      Орталық өз қызметін Тараптар мемлекеттерінің уәкілетті органдарымен өзара тығыз іс-қимылда жүзеге асырады.

2-бап

      Орталықтың негізгі функциялары:
      Тараптар мемлекеттерінің тауарлармен сыртқы және өзара сауда туралы статистикалық деректерінің толық және дұрыс есебін қамтамасыз ету;
      Тараптар мемлекеттерінің сыртқы сауда статистикасы мен өзара сауда статистикасы көрсеткіштерінің жүйесін қалыптастыру;
      Комиссия бекітетін Орталықтың статистикалық жұмыстар бағдарламасына сәйкес кеден одағының сыртқы және өзара саудасы жөніндегі статистикалық және ақпараттық материалдарды шығару, жариялау және Тараптар мемлекеттерінің мемлекеттік органдарына жіберу;
      Тараптардың мемлекеттік органдарының сұрау салуы бойынша кеден одағының сыртқы сауда статистикасы мен өзара сауда статистикасының деректерін ұсыну;
      кеден одағына қатысушы мемлекеттер шеңберінде және үшінші елдермен саудада сыртқы және өзара сауда, экономикалық ынтымақтастықтың серпіні және үрдістері жөнінде ақпараттық және талдау материалдарын дайындау;
      деректердің салыстырмалылығын қамтамасыз ететін және халықаралық ережелер мен стандарттарға негізделген сыртқы сауданың кедендік статистикасы мен өзара сауда статистикасын жүргізудің бірыңғай әдіснамасын әзірлеу;
      кеден одағының шеңберінде бірыңғай ақпараттық-статистикалық кеңістікті қалыптастыру;
      кадрларды оқытуды ұйымдастыру, семинарлар және сыртқы сауда статистикасы мен өзара сауда статистикасын дамытуға байланысты басқа да іс-шараларды өткізу мәселелері бойынша Тараптардың уәкілетті органдарымен өзара іс-қимыл жасау;
      халықаралық статистикалық ынтымақтастықты жүзеге асыру, халықаралық статистикалық ұйымдардың жұмысына қатысу;
      сыртқы және өзара сауда статистикасында алдыңғы қатарлы ақпараттық технологияларды енгізуге жәрдемдесу;
      сыртқы сауда статистикасын және өзара сауда статистикасын қалыптастыру кезінде пайдаланылатын бірыңғай жіктеуіштерді енгізу болып табылады.

3-бап

      Орталықтың өзіне жүктелген функцияларды орындау үшін:
      Тараптар мемлекеттерінің уәкілетті органдарынан Тараптар мемлекеттерінің сыртқы сауда статистикасы мен өзара сауда статистикасының жалпы қорын құру үшін қажетті статистикалық ақпаратты өтеусіз негізде алуға;
      өзінің дерекқорын құруға;
      Кеден одағы комиссиясының тапсырмасы бойынша өз құзыретінің шеңберінде кеден одағының нормативтік және өзге де құқықтық актілерінің жобалары бойынша қорытындылар беруге;
      Кеден одағы комиссиясына кеден одағының құрамына кірмейтін елдермен статистикалық ақпарат алмасуды жүзеге асыру жөнінде ұсыныстар енгізуге;
      Кеден одағы комиссиясына өзі жүргізуге тиіс мәселелер бойынша жұмыс топтарын құру және кеңестер өткізу жөнінде ұсыныстар енгізуге;
      Кеден одағы комиссиясының қарауына статистикалық есеп мәселелері жөнінде ұсыныстар енгізуге;
      Кеден одағы комиссиясының қарауына сыртқы сауда статистикасы мен өзара сауда статистикасын жүргізудің бірыңғай әдіснамасын жетілдіру жөнінде ұсыныстар енгізуге;
      Кеден одағы комиссиясы өзінің құзыретіне жатқызған өзге мәселелер бойынша шешімдер қабылдауға құқығы бар.

4-бап

      Тараптар арасындағы осы Хаттаманың ережелерін түсіндіруге және (немесе) қолдануға байланысты даулар ең алдымен, консультациялар және келіссөздер жолымен шешіледі.
      Егер даудың бір тарабы даудың екінші тарабына оларды жүргізу туралы pecми жазбаша өтініш жіберген күннен бастап алты ай ішінде дау тараптары консултациялар және келіссөздер жолымен реттемесе, онда дау тараптарының арасында оны шешу тәсіліне қатысты өзге уағдаластық болмаған кезде, дау тараптарының кез келгені бұл дауды Еуразиялық экономикалық қоғамдастықтың Сотына қарау үшін жібере алады.

5-бап

      Тараптардың уағдаластығы бойынша осы Хаттамаға жеке хаттамалармен ресімделетін өзгерістер енгізілуі мүмкін.

6-бап

      Осы Хаттаманың күшіне ену, оған қосылу және одан шығу тәртібі 2007 жылғы 6 қазандағы Кеден одағының шарттық-құқықтық базасын қалыптастыруға бағытталған халықаралық шарттардың күшіне ену, олардан шығу және оларға қосылу тәртібі туралы хаттамамен айқындалады.
      2009 жылғы 11 желтоқсанда Санкт-Петербург қаласында орыс тілінде бір түпнұсқа данада жасалды.
      Осы Хаттаманың түпнұсқа данасы осы Хаттаманың депозитарий! болып табыла отырып, әрбір Тарапқа расталған көшірмені жіберетін Кеден одағының комиссиясында сақталады.

      Беларусь               Қазақстан                Ресей
  Республикасының         Республикасының        Федерациясының
    Үкіметі үшін            Үкіметі үшін          Үкіметі үшін

      Кеден одағы комиссиясы Кедендік статистика орталығының мәртебесі туралы хаттаманың қазақ тіліндегі мәтіні орыс тіліндегі мәтініне сәйкес келеді.

      Қаржы министрі                                       Б. Жәмішев

      Аталған мәтін 2009 жылғы 11 желтоқсанда Санкт-Петербург қаласында қол қойылған Кеден одағы комиссиясы Кедендік статистика орталығының мәртебесі туралы хаттаманың толық және тең түпнұсқа көшірмесі болып табылатындығын куәландырамын.
      Беларусь Республикасының Үкіметі үшін - Беларусь Республикасының Премьер-Министрі С.С. Сидорскии;
      Қазақстан Республикасының Үкіметі үшін - Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі К.Қ. Мәсімов;
      Ресей Федерациясының Үкіметі үшін - Ресей Федерациясы Үкіметінің Төрағасы В.В. Путин.
      Түпнұсқалық данасы Кеден одағы комиссиясында сақталады.

Барлығы тігілген, қолымен және
мөрмен бекітілген 5 парақ

Кеден одағы комиссиясы Хатшылығының
Құқықтық департамент директоры                          Н.Б. Слюсарь

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады