Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ресей Федерациясының Үкіметі арасындағы 1994 жылғы 10 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ресей Федерациясының Үкіметі арасындағы "Байқоңыр" кешенін жалға беру шартына өзгеріс енгізу туралы хаттаманы ратификациялау туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 29 маусымдағы № 447-IV Заңы.

      2008 жылғы 20 ақпанда Алматыда жасалған Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ресей Федерациясының Үкіметі арасындағы 1994 жылғы 10 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ресей Федерациясының Үкіметі арасындағы "Байқоңыр" кешенін жалға беру шартына өзгеріс енгізу туралы хаттама ратификациялансын.

Қазақстан Республикасының


Президенті

Н. Назарбаев

Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ресей Федерациясының Үкіметі арасындағы 1994 жылғы 10 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ресей Федерациясының Үкіметі арасындағы "Байқоңыр" кешенін жалға беру шартына өзгеріс енгізу туралы хаттама (2011 жылғы 9 тамызда күшіне енді - Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігінің 2011 жылғы 25 тамыздағы № 12-1/2738 хатымен)

      Бұдан әрі Тараптар деп аталатын Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ресей Федерациясының Үкіметі,

      2004 жылғы 9 қаңтардағы Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы арасындағы "Байқоңыр" кешенінің жұмыс істеуін қамтамасыз ету мәселелері бойынша ынтымақтастықты одан әрі дамыту туралы меморандумның ережелерін басшылыққа ала отырып,

      1994 жылғы 10 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ресей Федерациясының Үкіметі арасындағы "Байқоңыр" кешенін жалға беру шартына "Байқоңыр" кешенінің аумағында тұратын азаматтардың конституциялық құқықтары мен бостандықтарын қамтамасыз ету мәселелері бойынша өзгеріс енгізуге ниет білдіре отырып,

      төмендегілер туралы уағдаласты:

1-бап

      Шарттың 6-бабы 6.12-тармағының екінші және үшінші абзацтары мынадай редакцияда жазылсын:

      "Байқоңыр" кешенінде жұмыс істейтін Ресей Федерациясы кешен қызметкерлерінің, құқық қорғау органдары мен мемлекеттік билік органдары қызметкерлерінің ішінен Ресей Федерациясының азаматтарына, сондай-ақ көрсетілген адамдардың отбасы мүшелері болып табылатын Ресей Федерациясының басқа да азаматтарына қатысты, олар Ресей Федерациясы мен оның азаматтарына қарсы құқыққа қарсы әрекет жасаған, Қазақстан Республикасының аумағындағы "Байқоңыр" кешенінен тыс жерде әскери қызмет міндеттерін орындауға байланысты жасалған әскери қылмыстар мен құқық бұзушылықтар жағдайында Ресей Федерациясының заң құзырлығы жүзеге асырылады. Өзге жағдайларда Қазақстан Республикасының заң құзырлығы жүзеге асырылады.

      "Байқоңыр" кешенінің аумағында олардың заңнамасын қолдану кезінде Тараптар мемлекеттерінде құқық қорғау органдарының заң құзырлығы мен өзара іс-қимыл мәселелері бөлек келісіммен айқындалады.".

2-бап

      Осы Хаттама Шарттың 11-бабы 11.4-тармағында көзделген тәртіппен күшіне енеді және Шарттың қолданылуы аяқталғанға дейін қолданылады.

      2008 жылғы 20 ақпанда Алматы қаласында екі түпнұсқа данада, әрқайсысы қазақ және орыс тілдерінде жасалды, әрі екі мәтіннің бірдей күші бар.

      Қазақстан Республикасының Ресей Федерациясының Үкіметі үшін Үкіметі үшін

      2008 жылғы 20 ақпанда Алматы қаласында қол қойылған Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ресей Федерациясының Үкіметі арасындағы 1994 жылғы 10 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ресей Федерациясының Үкіметі арасындағы "Байқоңыр" кешенін жалға беру шартына өзгеріс енгізу туралы хаттаманың бұл көшірмесінің дәлдігін куәландырамын.

Қазақстан Республикасы


Сыртқы істер министрлігі


Халықаралық-құқық департаментінің


Кеңесші

Д. Сулейменов


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады