Қазақстан Республикасы мен Халықаралық Қайта Құру және Даму Банкі арасындағы Қарыз туралы келісімді (Техникалық және кәсіптік білім беруді жаңғырту жобасы) ратификациялау туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 2 шілдедегі № 450-IV Заңы

      2010 жылғы 24 қарашада Астанада жасалған Қазақстан Республикасы мен Халықаралық Қайта Құру және Даму Банкі арасындағы Қарыз туралы келісім (Техникалық және кәсіптік білім беруді жаңғырту жобасы) ратификациялансын.

      Қазақстан Республикасының
      Президенті                                 Н. Назарбаев

ҚАРЫЗДЫҢ НӨМІРІ 7931-KZ

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ
мен
ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚАЙТА ҚҰРУ ЖӘНЕ ДАМУ БАНКІ
арасындағы
Қарыз туралы келісім (Техникалық және кәсіптік білім беруді жаңғырту жобасы) 2010 жылғы 24 қараша

ҚАРЫЗДЫҢ НӨМІРІ 7931-KZ

ҚАРЫЗ АЛУ ТУРАЛЫ КЕЛІСІМ

      ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ (Қарыз алушы) мен ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚАЙТА ҚҰРУ ЖӘНЕ ДАМУ БАНКІ (Банк) арасындағы 2010 жылғы 24 қарашадағы келісім. Осымен Қарыз алушы мен Банк мыналар туралы уағдаласады:

I БАП - ЖАЛПЫ ШАРТТАР; АЙҚЫНДАМАЛАР

      1.01. Жалпы шарттар (осы Келісімге Толықтыруда айқындалған) осы Келісімнің ажырамас бөлігі болып табылады.
      1.02. Егер түпмәтінінен өзгеше туындамаса, Қарыз туралы келісімде пайдаланылатын бас әріптен басталатын терминдер Жалпы шарттарда немесе осы Келісімге Толықтыруда олармен бекітілген мағыналарына ие болады.

II БАП - ҚАРЫЗ

      2.01. Банк Қарыз алушыға осы Келісімге 1-қосымшада сипатталған жобаны (Жоба) қаржыландыруды қолдау үшін осы Келісімде жазылған немесе көрсетілген мерзімде және шарттарда жиырма тоғыз миллион екі жүз отыз мың АҚШ долларына ($29,230,000) тең соманы (Қарыз) беруге келісті.
      2.02. Қарыз алушы Қарыз қаражатын осы Келісімге 2-қосымшаның IV бөліміне сәйкес алуға құқылы.
      2.03. Қарыз алушы Банкке қарыз қаражатын резервте ұстағаны үшін Қарыз сомасының төрттен бір пайызына (0,25%) тең комиссия төлейді. Қарыз алушы комиссияны Қарыз туралы келісім күшіне енген күннен кейін 60 күннен кешіктірмей төлейді.
      2.04. Қарыз алушы әрбір Пайыздық кезең ішінде Қарыз Валютасы үшін ЛИБОР ставкасына Құбылмалы спрэд қосқанға тең ставка бойынша сыйақы төлейді. Жоғарыда айтылғандарға қарамастан, егер алынған қарыз қаражатының сомасы бөліктерінің кез келгені уақтылы төленбей қалған және отыз күннің ішінде төленбеген жағдайда, Қарыз алушы төлеуге жататын сыйақы мөлшері Жалпы шарттардың 3.02 (d) бөлімінің ережелеріне сәйкес есептелуі тиіс.
      2.05. Төлем күндері - әр жылдың 15 қаңтары және 15 шілдесі.
      2.06. Қарыз алушы Қарыздың негізгі сомасын осы Келісімге 3-қосымшада көрсетілген өтеу кестесіне сәйкес өтейді.

III БАП - ЖОБА

      3.01. Қарыз алушы өзінің Жоба мақсаттарын өзінің жақтайтыны туралы мәлімдейді және осы мақсатта Жобаны Жалпы шарттардың V бабының ережелеріне сәйкес ҚР БҒМ арқылы жүзеге асырады.
      3.02. Осы Келісімнің 3.01-бөлімінің ережелері үшін шектелмей және егер Банк пен Қарыз алушы арасында өзгеше келісілмесе, Қарыз алушы осы Келісімге 2-қосымшаның ережелеріне сәйкес Жобаны іске асыруды қамтамасыз етеді.

IV БАП — ҚАРЫЗДЫҢ КҮШІНЕ ЕНУІ; БҰЗЫЛУЫ

      4.01. Қарыз алудың күшіне енуінің қосымша шарттары мыналармен тұжырымдалады:
      (а) ЖБТ-ны Қарыз алушы ҚР БҒМ арқылы құрған, оның құрамы, ресурстары мен техникалық тапсырмалары Банк үшін қолайлы болып табылады.
      (b) Консультативтік Кеңесті Қарыз алушы құрған, оның құрамы, ресурстары мен техникалық тапсырмалары Банк үшін қолайлы болып табылады.
      (c) Жобаға Банк үшін қолайлы операциялық нұсқаулықты Қарыз алушы бекітті.
      4.02. Күшіне енудің соңғы мерзімі осы Келісімнің күнінен кейін бір жүз сексен (180) күн өткен соң басталатын күн болып табылады.

V БАП — ҚАРЫЗ АЛУШЫНЫҢ ӨКІЛІ; МЕКЕНЖАЙЫ

      5.01. Қазақстан Республикасының Қаржы министрі Қарыз алушының өкілі болып табылады.
      5.02. Қарыз алушының мекенжайы:

      Қаржы министрлігі
      Жеңіс даңғылы, 11
      Астана, 010000
      Қазақстан Республикасы
      Телекс:          Факс:
      265126 (FILIN)   7-7172-717785

      5.03. Банктің мекенжайы:
      Халықаралық Қайта Құру және Даму Банкі
      1818 Н Street, N.W.
      Washington, D.C. 20433
      United States of America
      Телеграф:         Телекс:      Факс:
      INTBAFRAD         248423(MCI)  1-202-477-6391
      Washington, D.C.  64145(MCI)

      Қазақстан, Астанада жоғарыда көрсетілген күні мен жылы келісілді.

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҮШІН

Уәкілетті өкіл

ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚАЙТА ҚҰРУ ЖӘНЕ ДАМУ БАНКІ

      Уәкілетті өкіл

1-ҚОСЫМША Жобаның сипаттамасы

      Жобаның мақсаты саяси тетіктер мен институционалдық әлеуетті жетілдіру жолымен техникалық және кәсіптік білімнің (ТжКБ) өзектілігін, сапасы мен тиімділігін арттыру болып табылады.

      Жоба мынадай құрауыштардан тұрады:

1-құрауыш: Техникалық және кәсіптік білім берудің кәсіптік стандарттары және оны бағалау

      Мынадай мақсаттар үшін тауарларды беру, консультациялық қызметтер көрсету және оқыту: (а) ұлттық біліктілік жүйесін және ұлттық біліктілік шеңберін құру; (b) кәсіптік стандарттар әзірлеу және біліктілікті бағалау жүйесін қайта қарау; (с) тәуелсіз институционалдық аккредиттеу үшін әдістер мен рәсімдерді әзірлеу және енгізу.

2-құрауыш: Техникалық және кәсіптік білім беруді басқаруды және қаржыландыруды жаңғырту

      Мынадай мақсаттар үшін тауарларды беру, консультациялық қызметтер көрсету, оқыту және қосымша операциялық шығыстарды қаржыландыру: (а) басшылық ету және басқару жүйесі, сондай-ақ ТжКБ жүйесінің рәсімдері мен институционалдық құрылымдары саласындағы саяси тетіктерді жаңғырту; (b) таңдалған салаларда ТжКБ мекемелерін жан басына шағып қаржыландыру жүйесін енгізу; (с) ТжКБ мониторингісінің және оны бағалаудың тиімді тетігін құру және енгізу; (d) Жобаны үйлестіру, іске асыру және басқару процесін қолдау.

3-құрауыш: Техникалық және кәсіптік білім беретін оқу орындарының әлеуетін күшейту

      (а) Мемлекеттік деңгейдегі құзыреттілікке негізделген білім беру стандарттары мен үлгі оқу бағдарламаларын әзірлеу мақсатында тауарларды беру және консультациялық қызметтер көрсету; (b) құзыреттілікке негізделген, мұғалімдерді даярлаудың іріктелген өңірлік орталықтарында модульдік бағдарламаларды енгізу үшін жұмыс орнында оқытушыларды оқыту бағдарламаларын әзірлеу үшін кіші жобаларды іске асыру үшін бенефициарларға кіші гранттар беру; және (с) Институционалдық даму жоспарын (ИДЖ) әзірлеу және іске асыру жөніндегі кіші жобаларды жүзеге асыру үшін бенефициарларға кіші гранттар беру.

2-ҚОСЫМША Жобаның орындалуы

I бөлім. Іске асыру тетіктері

А. Институционалдық тетіктер

      Қарыз алушы мынадай институционалдық және басқа да уағдаластықтарға сәйкес Жобаны іске асыруға тиіс:
      1. Жобаның Үйлестіру комитеті (ЖҮК) Жобаны қадағалау және Жобаның Операциялық нұсқаулығында (ЖОН) көрсетілген талаптарға, өлшемдерге, ұйымдастырушылық тетіктерге және операциялық рәсімдерге сәйкес стратегиялық басшылық үшін жалпы жауаптылықта болады.
      2. Қарыз алушы ЖБТ арқылы, Жобаның Консультативтік Кеңесінің (ЖКК) техникалық қолдауымен Жобаның Операциялық нұсқаулығында және Қоршаған ортаны басқару стратегиясында (ҚОБС) көрсетілген талаптарға, өлшемдерге, ұйымдастырушылық тетіктерге және операциялық рәсімдерге сәйкес Жобаны іске асыруға тиіс және Банктің алдын ала мақұлдауынсыз Жобаның Операциялық нұсқаулығын немесе ҚОБС-ты бермеуге, оларға өзгерістер енгізбеуге, қандай да бір ережелерінің күшін жоймауға немесе олардан бас тартпауға тиіс.
      3. Жобаның толық іске асырылуы барысында Қарыз алушы құрамы, ресурстары мен техникалық тапсырмалары Банк үшін қанағаттанарлық болып табылатын, Жобаның Үйлестіру Комитетінің, Жобаны Басқару Тобының және Жобаның Консультативтік Кеңесінің жұмыс істеуін қамтамасыз етуге тиіс.
      4. Қарыз күшіне енген күннен кейінгі отыз (30) күннен кешіктірмей қарыз алушы ҚР БҒМ арқылы Банк үшін қолайлы нысанда ЖБТ бухгалтерлік есеп жүйесін жаңартуды жүзеге асырады.

B. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар

      Қарыз алушы Жобаны Банктің Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі нұсқауының ережелеріне сәйкес іске асыруды қамтамасыз етеді.

C. Кіші жобалар

      1. Жобаның 3 (b) және 3 (с) құрауыштарын орындау мақсатында Қарыз алушы ҚР БҒМ арқылы Жобаның Операциялық нұсқаулығында келісілген іріктеу өлшемдері мен рәсімдеріне сәйкес бенефициарларға кіші гранттар береді, олар мыналарды қамтиды: (а) Кіші жобалар бойынша ұсыныстарды Жобаның Операциялық нұсқаулығында, Сатып алу жөніндегі нұсқаулықта, Консультаттарды жалдау жөніндегі нұсқаулықта, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі нұсқаулықта және ҚОБС-та келісілген қағидаттар мен рәсімдерге сәйкес іріктеледі, іске асырылады және бағаланады; және (b) кіші жобаларды іріктеу өлшемдері жер сатып алуға немесе Қоныс аударуға тыйым салуды қамтамасыз ету.
      2. Қарыз алушы әрбір Бенефициарға әрбір Кіші грантты береді, олар ҚР БҒМ арқылы Банк мақұлдаған келісімдерде Кіші грант туралы келісім шеңберінде мыналарды қамтиды.
      (а) Кіші гранттар Теңгемен немесе АҚШ долларымен деноминацияланатын болады; және
      (b) Қарыз алушы, өзінің және Банктің мүдделерін қорғау үшін мыналарды қоса алғанда: (і) Бенефициардың кіші грант қаражатын пайдалануға құқығын тоқтата тұруға немесе жоюға не Бенефициар Кіші грант туралы келісім шеңберінде қандай да бір міндеттерді орындамаған жағдайда кіші грант сомасының барлық немесе бір бөлігін өтеуге сұрау салуға; және (іі) әрбір Бенефициардан: (А) (1) өзінің кіші жобасын Қарыз алушыдан басқа қарыз қаражатын алушыларға қолданылатын Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі нұсқаулықтың ережелерін қоса алғанда, Банк үшін қолайлы тиісті техникалық, экономикалық, қаржылық, басқару, экологиялық және әлеуметтік стандарттарға және практикаға сәйкес тиісінше және тиімді іске асыруды; (2) қолданыстағы объектілерді жөндеу және/немесе қалпына келтіру бойынша жұмыстарға тыйым салуды; және (3) Қоршаған ортаны басқару жоспары талап етілетін (ҚОБЖ) немесе ҚОБЖ және ЖОН-да көрсетілгендей нақты жұмыс учаскесіне арналған ҚОБЖ және Қоршаған ортаға әсер етуді бағалау (ҚОӘБ) талап етілетін кіші жобалар үшін осы 2-қосымшаның ІІ.А.Бөлімінде көрсетілген іске асырылу барысы туралы есептерде нақты жұмыс учаскесіне арналған тиісті ҚОБЖ мен ҚОӘБ-ны іске асыру бойынша тиісті ақпаратты қамтитын, Банк үшін қолайлы экологиялық стандарттарды сақтау мақсатында нақты жұмыс учаскесіне арналған қажетті ҚОБЖ-ны немесе ҚОБЖ және Қоршаған ортаға әсер етуді бағалауды (ҚОӘБ) уақтылы жасауды; (В) нақты мақсаттар үшін талап етілетін ресурстарды уақтылы беруді; (С) осы Келісімнің ережелеріне сәйкес кіші грант қаражатынан қаржыландырылатын тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алуды; (Д) мониторингі және бағалауды, кіші жобаның іске асырылу барысы мен оның мақсаттарына қол жеткізудің Банк үшін қолайлы көрсеткіштеріне сәйкес жүзеге асыруға мүмкіндік беретін тиісті саясат пен рәсімдерді қолдауды; (Е) (1) қаржылық басқару жүйесін ұстау және кіші жоба шеңберінде операциялар, ресурстар мен шығыстар тиісінше көрсетілетін, Банк үшін қолайлы бухгалтерлік есептің дәйекті түрде қолданылатын стандарттарына сәйкес қаржылық есептерді дайындауға; және (2) Банк үшін қолайлы қаржы есептерінің деректеріне Банктің немесе Қарыз алушының талабы бойынша тәуелсіз аудит жүргізуге және Қарыз алушы мен Банкке аудиттен өткен есептерді уақтылы ұсынуға; (F) Қарыз алушыға немесе Банкке кіші жобаны, оның іске асырылу барысын, сондай-ақ кез келген жазбаларды немесе құжаттарды тексеру жүргізуге мүмкіндік беруге; және (G) Қарыз беруші мен Банкке жоғарыда баяндалғанға қатысты негізделіп сұратылған ақпараттың барлығын дайындауға және беруге тиісті құқықтарға ие болады.
      3. Қарыз алушы өзінің құқықтарын Кіші грант туралы әрбір келісімнің шеңберінде Қарыз алушы мен Банктің мүдделерін қорғау үшін, сондай-ақ Қарыздың мақсаттарына қол жеткізетіндей етіп жүзеге асырады. Банк өзгеге келісім берген жағдайды қоспағанда, Қарыз алушы қандай да бір Кіші грант туралы келісімді немесе оның қандай да бір ережесін беруге, оған өзгерістер енгізуге, оны жоюға немесе одан бас тартуға тиіс емес.

II бөлім. Мониторинг бойынша есептілік және жобаны бағалау

А. Жоба бойынша есептер

      1. Қарыз алушы мониторингі жүзеге асырады және Жобаның іске асырылу барысын бағалайды және Жалпы Шарттардың 5.08-бөлімінің ережелеріне сәйкес және Банкпен келісілген индикаторлар негізінде Жоба бойынша Есептерді дайындайды. Жоба бойынша әрбір Есеп бір күнтізбелік тоқсан кезеңін қамтуға және Банкке аталған есепті қамтитын кезең аяқталғаннан кейін қырық бес күннен кешіктірмей тапсырылуға тиіс.
      2. Қарыздың күшіне ену мерзімінен кейін он бес айдан (15) кешіктірмей Қарыз алушы Банкпен бірлесіп, Жобаны іске асыру барысында қол жеткізілген прогрестің орта мерзімді шолуын (бұдан әрі «Орта мерзімді шолу») өткізеді. Орта мерзімді шолуда басқалардың арасында мыналар:
      (а) Жобаның мақсатына қол жеткізудегі прогресс; және
      (b) Осы Бөлімнің 1-тармағында аталған Жобаны тиімді іске асыру индикаторларымен салыстыра отырып Жобаны іске асырудың жалпы нәтижелері сипатталуға тиіс.
      3. Қарыз алушы Орта мерзімді шолуға дейін кемінде 4 (төрт) апта бұрын Банкке Жобаның әрбір құрауышының іске асырылу барысын сипаттай отырып, жеке есепті және Жобаның жалпы іске асырылуы туралы жиынтық есеп береді.

В. Қаржылық басқару, қаржылық есептілік және аудит

      1. Қарыз алушы Жалпы Шарттардың 5.09-бөлімінің ережелеріне  сәйкес қаржылық басқару жүйесін жүргізеді немесе жүргізуді қамтамасыз етеді.
      2. Қарыз алушы әрбір күнтізбелік тоқсан аяқталғаннан кейін қырық бес (45) күннен кешіктірмей Банк үшін қолайлы нысанда және мазмұнда тоқсан үшін Жоба бойынша аудиттелмеген аралық қаржылық есептерді дайындайды және Банкке ұсынады.
      3. Қарыз алушы өзінің Жалпы Шарттардың 5.09 (b) бөлімінің ережелеріне сәйкес қаржылық есептілігінің аудитін жүргізеді. Қаржылық есептіліктің әрбір аудиті Қарыз алушының 1 (бір) қаржы жылындағы кезеңін қамтуға тиіс. Әрбір осындай кезең үшін аудиторлық тексеруден өткен қаржылық есептілік әрбір осындай кезең аяқталғаннан кейін алты (6) айдан кешіктірілмей Банкке ұсынылады.

III. бөлім Сатып алу

A. Жалпы ережелер

      1. Тауарлар мен жұмыстар. Жоба үшін қажетті және Қарыз қаражатынан қаржыландырылатын барлық тауарлар мен жұмыстар Сатып алу жөніндегі нұсқаулықтың I бөлімінде қамтылған немесе оларға сілтемелер бар талаптарға сәйкес, сондай-ақ осы Бөлімнің ережелеріне сәйкес сатып алынады.
      2. Консультанттардың қызметтер көрсетуі. Жоба үшін қажетті  және Қарыз қаражатынан қаржыландырылатын консультанттардың барлық қызметтері Дүниежүзілік банк қарыз алушыларының консультанттарды іріктеуі және жалдауы жөніндегі нұсқаулықтың (Консультанттар жөніндегі нұсқаулық) I және IV Бөлімінде қамтылған немесе оларға сілтемелер бар талаптарға сәйкес, сондай-ақ осы Бөлімнің ережелеріне сәйкес сатып алынады.
      3. Айқындамалар. Сатып алудың белгілі бір әдістерін немесе банктің белгілі бір келісімшарттарды қарау әдістерін сипаттау үшін осы Бөлімде төменде пайдаланылған бас әріптерден басталатын терминдер нақты жағдайға қарай Сатып алу жөніндегі нұсқаулықта немесе Консультанттар жөніндегі нұсқаулықта сипатталған тиісті әдіске сәйкес келеді.

B. Тауарлар мен жумыстарды сатып алудың ерекше әдістері

      1. Халықаралық конкурстық сауда-саттық. Егер төмендегі 2-тармақта өзгеше көзделмесе, тауарлар мен жұмыстарды сатып алу Халықаралық конкурстық сауда-саттық рәсімдеріне сәйкес жасалған келісімшарттар бойынша жүзеге асырылады.
      2. Тауарлар мен жұмыстарды сатып алудың басқа да әдістері. Төмендегі кестеде Халықаралық конкурстық сауда-саттықтан басқа тауарларға қатысты пайдаланылуы мүмкін сатып алу әдістері берілген. Сатып алу жоспарында қандай да бір әдіс пайдаланылуы мүмкін мән-жайлар қамтылуға тиіс.

Сатып алу әдісі

(a) Ұлттық конкурстық сауда-саттық, осы 2-қосымшаға
Толықтырылған қосымшада көрсетілген қосымша шарттарға жатады.

(b) Еркін cаудадағы сатып aлу

(c) Келісімшарттарды тікелей жасасу

С. Консультанттардың қызметтерін сатып алудың ерекше әдістері

      1. Сапа және құн негізінде іріктеу. Егер төмендегі 2-тармақта өзгеше көзделмесе, консультациялық қызметтерді сатып алу Сапа және құн негізінде іріктеу рәсіміне сәйкес жасасқан келісімшарттар шеңберінде жүзеге асырылады.
      2. Консультанттар қызметін сатып алудың басқа да әдістері. Төмендегі кестеде Сапа және құн негізінде іріктеуден басқа консультанттардың қызметтерін сатып алу кезінде пайдаланылуы мүмкін сатып алудың әдістері берілген. Сатып алу жоспарында қандай да бір әдіс пайдаланылуы мүмкін болатын мән-жайлар қамтылуға тиіс.

Сатып алу әдісі

(а) Тіркелген бюджет кезінде іріктеу

(b) Неғұрлым төмен құн кезінде іріктеу

(с) Консультанттардың біліктілігі негізінде іріктеу

(d) Бір көзден сатып алу

(e) Жеке консультанттарды іріктеу үшін Консультанттар жөніндегі нұсқаулықтың 5.2 және 5.3-параграфтарында белгіленген рәсімдер

(f) Жеке консультанттарды конкурссыз негізде іріктеу

D. Банктің сатып алу жөніндегі шешімдерді қарауы

      Сатып алу жоспарында Банктің алдын ала қарауына жататын келісімшарттар тізімі көрсетіледі. Барлық басқа келісімшарттар Банктің Кейіннен қарау нысанасы болып табылады.

IV бөлім. Қарыз қаражатын шоттан алу

А. Жалпы ережелер

      1. Қарыз алушы Қарыз қаражатын Жалпы шарттардың II бабының, осы Бөлімнің және Қарыз алушыға хабарламада Банк көрсететін қосымша нұсқаулықтардың ережелеріне сәйкес белгіленген, осындай нұсқаулықтарға сәйкес Банк кезең-кезеңімен қайта қарап отыратын және осы Келісімде қолданылатын (2006 жылғы мамырдағы «Дүниежүзілік Банктің жобалардың қаражатын игеру бойынша нұсқауын» қоса алғанда) төмендегі 2-тармақтың кестесіне сәйкес Заңды шығыстарды қаржыландыру үшін ала алады.
      2. Төмендегі кестеде Қарыз қаражатынан қаржыландырылуы мүмкін болатын Заңды шығыстар санаты («Санат»), әрбір Санат бойынша Қарыздың бөлінген сомасы және әрбір Санат бойынша Заңды шығыстар ретінде қаржыландыруға жататын шығыстардың пайыздық үлесі айқындалған.      

Санат Қарыздың бөлінген сомасы
(долларлық баламада)
Қаржыландыруға жататын шығыстар үлесі
(салықтарды қоспағанда)

(1) Тауарлар мен жұмыстар, консультанттардың қызметтері, қосымша операциялық шығыстар және Жоба бойынша оқыту

[3,600,000]

100%

(2) Жобаның 3 (b) құрауышы мен 3 (с) құрауышы шеңберіндегі кіші гранттар

[25,630,000]

100%

Жалпы сомасы

$29,230,000


      Жоғарыда көрсетілген кестені орындау мақсатында:
      (а) «Қосымша операциялық шығыстар» деген термин мемлекеттік қызметшілердің жалақысын қоспағанда, Жобаны басқару тобының (ЖБТ) Жобаны іске асыру барысында үй-жайын жалға алуға, коммуналдық қызметтерге, көлікке, кеңселік керек-жарақтарға, фотокөшірмеге, баспаға, жарнамаға, банктік төлемдерге, коммуникациялық қызметтерге жол жүру мен тәуліктік шығыстарға және көмекші персоналға жұмсаған негізделген шығыстарды білдіреді;
      (b) «Оқыту» Жоба шеңберіндегі оқыту турларын, оқыту курстарын, семинарларды және оқу материалдарына, үй-жайларды жалдау мен жабдықтарға, ел ішіндегі жол жүруге, білім алушылардың тәулікақылары мен оқытушылардың қызмет ақыларын, сондай-ақ аударма қызметтеріне төлеуге жұмсалатын шығыстарды қоса алғанда, тауарлар мен қызметтерді сатып алуға арналған келісімшарттар тізіміне енгізілмеген, басқа да оқу іс-шараларын білдіреді.

В. Алу шарттары; Алу кезеңі

      1. Осы Бөлімнің А бөлігінің ережелеріне қарамастан қаражат мынадай жағдайларда:
      (а) Банкке қарыз қаражатын резервте ұстағаны үшін комиссия толық көлемде төленгенінше Қарыз шотынан; не
      (b) осы Келісімнің күніне дейін жасалған төлемдер бойынша алынбауға тиіс.
      2. Жабылу күні - 2013 жылғы 31 желтоқсан.

2-ҚОСЫМШАҒА Толықтыру

      Қарыз алушының Ұлттық конкурстық сауда-саттығының рәсімдері төмендегідей ережелерді сақтаған жағдайда Жоба шеңберінде тауарлар мен жұмыстарды сатып алу үшін пайдаланылуы мүмкін:

A. Мемлекеттік кәсіпорындардың қатысуы

      Қарыз алушының аумағындағы мемлекеттік кәсіпорындардың заңды  және қаржылық түрде тәуелсіз болып табыла, коммерциялық құқыққа сәйкес әрекет ететіндігі және тапсырыс берушінің тәуелді агенттігі болып табылмайтындығы расталған жағдайда ғана олар конкурстық сауда-саттықта қатысуға құқылы. Бұдан әрі, мемлекеттік кәсіпорындар басқа да қатысушылар сияқты осындай конкурстық шарттармен және қауіпсіздік талаптарында қатысады.

B. Конкурстық құжаттар

      Сатып алуды жүзеге асыратын ұйымдар Банк үшін қолайлы, тауарлар мен жұмыстарды сатып алу үшін тиісінше конкурстық құжаттарды пайдаланады.

C. Ұсыныстарды ашу және бағалау

      (а) ұсыныстар конкурстық ұсыныстарды беру мерзімі аяқталғаннан кейін жариялы түрде дереу ашылатын болады;
      (b) ұсыныстарды бағалау конкурстық құжаттарда көрсетілген ақшалай түрдегі өлшемдерге қатаң сәйкестікпен жүзеге асырылатын болады;
      (с) жеңілдіктер отандық өндірушілер мен өнім жеткізушілерге қолданылмайды; және
      (d) келісімшарттар конкурстық іріктеуден өткен, қандай да бір келіссөздерсіз толығымен сәйкес ең төмен баға ұсынысын берген қатысушыларға беріледі.

D. Бағаны түзету

      Ұзаққа созылатын құрылыс жұмыстары (он сегіз (18) айдан астам) баға түзету туралы тиісті ережені қамтитын болады. Мерзімі ұзаққа созылмайтын құрылыс жұмыстарына арналған келісімшарттар (он сегіз (18) ай немесе одан да аз) баға түзету туралы тиісті ережелерді талап етпейді.

Е. Сауда-саттықты болғызбау

      Тендерді өтті деп санамау немесе жаңа ұсыныстарды тарту Банкпен алдын ала келісілген кезде ғана жүзеге асырылуы мүмкін.

F. Нақты ұсыныстардан бас тарту

      Жекелеген ұсыныстар мынадай жағдайларда ғана кері қайтарылуы мүмкін:
      (а) Сауда-саттық қатысушысы конкурстық талаптарға сәйкес емес;
      (b) Сауда-саттыққа қатысушы өзінің конкурстық ұсынысына тапсырыс берушінің Тендерлік Комиссиясының арифметикалық қателерді түзетуін қабылдамайды; және
      (с) Сауда-саттыққа қатысушы конкурстық құжаттарға қатысты талаптарға жауап бермейді.

3-ҚОСЫМША Өтеу кестесі

      1. Келесі кестеде Негізгі борышты өтеу күндері және Негізгі борышты өтеудің әрбір күніне өтелуге тиіс Қарыздың жалпы сомасының пайызға шаққандағы үлесі («Өтеу үлесі») көрсетілген. Егер Қарыз қаражаты Негізгі борышты өтеудің бірінші күнінде толығымен алынатын болса, онда Қарыз алушы Негізгі борышты өтеудің әрбір осындай күніне өтеуге тиіс Қарыздың негізгі сомасын Банк: (а) Негізгі борышты өтеудің бірінші күні алынған Қарыз сомасын және (б) Негізгі борышты өтеудің әрбір күніне төлемнің Өтеу үлесін көбейту жолымен айқындайды:

Негізгі борыш бойынша төлем күні Өтеу үлесі
(пайыздық мәнде)

2014 жылғы 15 шілдеден бастап, 2024 жылғы 15 шілде аралығындағы әрбір 15 қаңтар және 15 шілде

4,55%

2025 жылғы 15 қаңтарға

4,55%

      2. Егер Қарыз қаражаты Негізгі борышты өтеудің бірінші күнінде толығымен алынбаса, онда Негізгі борышты өтеудің әрбір осындай күніне Қарыз алушы өтеуге тиіс Қарыздың негізгі сомасы мынадай түрде айқындалатын болады:
      (а) Негізгі борышты өтеудің бірінші күні алынған Қарыздың кез келген қаражаты шамасында Қарыз алушы осы Қосымшаның 1-тармағына сәйкес осындай күнге алынған Қарыз сомасын өтеуге тиіс.
      (б) Негізгі борышты өтеудің бірінші күнінен кейін алынған кез келген сома осындай алу күнінен кейін Негізгі борышты өтеудің бірінші күніне Банк әрбір осындай алу сомасын алымы осы Негізгі борышты өтеудің осы күні үшін осы Қосымшаның 1-тармағының кестесінде көрсетілген Өтеу үлесінің бастапқы сомасы («Төлемді өтеу үлесінің бастапқы сомасы») болып табылатын, ал бөлімі Негізгі борышты өтеу күніне осындай күнге немесе одан кейінгі Төлемді өтеу үлестерінің қалған барлық Бастапқы сомалары болып табылатын бөлшекке көбейту жолымен айқындайлатын сомада өтелуге тиіс.
      3. (а) Негізгі борышты өтеудің кез келген күніне төленуге тиіс негізгі борыш сомаларын есептеу мақсатында ғана Негізгі борышты өтеудің кез келген күніне дейін күнтізбелік екі ай ішінде алынған Қарыз сомалары алынған күннен кейін Негізгі борышты өтеудің екінші күнінде алынған және өтелмеген болып есептеледі және алынған күннен кейін Негізгі борышты өтеудің екінші күнінен бастап Негізгі борышты өтеудің әрбір Күніне өтеуге жататын болады.
      (b) Осы тармақтың (а) тармақшасының ережесіне қарамастан, егер кез келген уақытта Банк төлем мерзімдері бойынша шоттарды шығару жүйесін қабылдаса, бұл ретте шоттар Негізгі борышты өтеудің тиісті күніне немесе одан кейін беріледі, шоттарды шығарудың осындай жүйесі қабылданғаннан кейін жасалған қандай да алуға осы тармақшаның ережесі қолданылмайтын болады.

ТОЛЫҚТЫРУ

I бөлім. Айқымдамалар

      1. «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі нұсқау» осы Қосымшаның III бөлімінде көрсетілген өзгерістерімен 2006 жылғы 15 қазандағы «ХҚДБ қарыздары және ХДҚ кредиттері мен гранттары қаражатынан қаржыландырылатын жобалардағы алаяқтық пен сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және оларға қарсы күрес жөніндегі нұсқауды» білдіреді.
      2. «Бенефициар» Операциялық нұсқаулықта көрсетілгендей, Жобаның 3 (b) немесе 3 (c) Құрауышы шеңберінде кіші грант алушыны білдіреді; және «Алушылар» бір алушыдан неғұрлым көп дегенді білдіреді.
      3. «Санат» осы Келісімге 4-қосымшаның IV бөлімінің кестесінде көрсетілген санатты білдіреді.
      4. «Консультанттар жөніндегі нұсқау» Банк 2004 жылғы мамырда жариялаған және 2006 жылғы қазан мен 2010 жылғы мамырда қайта қаралған «Дүниежүзілік банк қарыз алушыларының консультанттарды іріктеуі және жалдауы жөніндегі нұсқауды» білдіреді.
      5. «ҚОБС» Қарыз алушы дайындаған және Банк үшін қолайлы, 2010 жылғы 12 ақпанда ел ішінде жарияланған және Банктің Info shop веб-сайтында 2010 жылғы 26 ақпанда орналастырылған, қоршаған ортаға әсер етуді бағалау нұсқаулары мен рәсімдерін басқаратын, сондай-ақ Банк тарапынан алдын ала жазбаша келісім болған жағдайда уақыт өте келе өзгерістер мен толықтыруларға ұшырауы мүмкін шарттарды сақтау бойынша тиісті іске асыруды және тұрақты кері байланысты қамтамасыз етуге қабілетті тиісті институционалдық және мониторинг пен есептілік тетіктерімен қатар Жоба шеңберіндегі іс-шараларды іске асыруға байланысты, қолайсыз әсерлерді азайту, жеңілдету немесе жою шараларын айқындайтын ережелерді сипаттайтын қоршаған ортаны басқару стратегиясын білдіреді.
      6. «ҚОБЖ» Банк үшін қолайлы, нақты жұмыс учаскесі бойынша Қоршаған ортаға әсер етуді бағалаумен қатар Жобаның 3 (b) және (с) Құрауыштары шеңберінде Бенефициар жүзеге асыратын іс-шараларға қатысты, ҚОБЖ-ның талаптарына сәйкес В санатының кіші жобалары үшін Бенефициар Дайындайтын нақты жұмыс учаскесіне арналған қоршаған ортаны басқару жоспарын білдіреді.
      7. «Жалпы Шарттар» - осы Қосымшаның II бөлімінде ұсынылған өзгерістер ескеріле отырып, 2005 жылғы 1 шілдедегі (2008 жылғы 12 ақпанға дейінгі түзетулерді қоса алғанда) «Халықаралық қайта құру және даму банкінің қарыздары үшін жалпы талаптар».
      8. «ҚР БҒМ» Қарыз алушының Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігін немесе оның кез келген құқық мирасқоры немесе құқық мирасқорларын білдіреді.
      9. «Жобаны операциялық басқару» ҚОБС-ты, Жобаның 3 (b) Құрауышы және 3 (с) Құрауышының шеңберінде кіші жобалардың қаржылық рәсімдері, өлшемдері мен іріктеу рәсімдері бойынша нұсқаулықты, шарттарды қоса алғанда, Жобаны іске асыру үшін операциялық және әкімшілік міндеттерді, рәсімдер мен ережелерді айқындайтын, осы Келісімнің 4.01.(с) Бөлігіне сәйкес Қарыз алушының бекітуіне жататын нұсқауды білдіреді, олар Банк тарапынан алдын ала жазбаша келісім болған жағдайда уақыт өте келе толықтырылады немесе өзгертіледі.
      10. «ЖБТ» - құрамына Жобаның 1 және 2 Құрауыштары үшін (і) Жобаның директоры; (іі) сатып алулар жөніндегі маман; (ііі) қаржылық басқару жөніндегі маман; (iv) үйлестіруші; Жобаның 3 Құрауышы үшін (v) үйлестіруші; және (v) әкімші ассистент/аудармашы кіретін, міндеттері Жобаны күнделікті басқару болып табылатын, осы Келісімнің 4.01 (а) бөліміне сәйкес құрылатын ҚР БҒМ жанындағы Жобаны басқару тобы.
      11. «Сатып алу жөніндегі нұсқау» Банк 2004 жылғы мамырда жариялаған және 2006 жылғы қазан мен 2010 жылғы мамырда қайта қаралған «ХҚДБ қарыздары мен ХДҚ кредиттері шеңберінде сатып алу жөніндегі нұсқауды» білдіреді.
      12. «Сатып алу жоспары» Сатып алу жөніндегі нұсқаудың 1.16-тармағында және Консультанттар жөніндегі нұсқаудың 1.24-тармағында оған сілтеме жасалған, аталған тармақтардың ережелеріне сәйкес кезең-кезеңімен түзетілетін, 2010 жылғы 12 мамырдағы Жоба үшін Қарыз алушының сатып алу жоспарын білдіреді.
      13. «Жобаның Консультативтік Кеңесі» Операциялық нұсқаулыққа  сәйкес ЖБТ-ға арналған сараптау консультацияларын ұсынуға жауапты, осы Келісімнің 4.01 (b) бөліміне сәйкес құрылатын техникалық сарапшылар кеңесін білдіреді.
      14. «Жобаның Үйлестіру Комитеті» Жобаны қадағалауға, стратегиялық басшылық етуге, сондай-ақ ҚР БҒМ-нің Жауапты хатшысының не жеке сектор мен тиісті үкіметтік органдардан басты мүдделі тараптарды қамтуға тиіс тағайындалған өкілдің жетекшілігімен Жобаны жалпы үйлестіруге жауапты Жобаның ҚР БҒМ шеңберіндегі комитетін білдіреді.
      15. «Қоныс аудару» (і) ғимараттарды және егісті өзімен ала кететін осы жерде өсетін немесе тұрақты бекітілген: (А) орын ауыстыру немесе баспанасын жоғалту; (В) мүлікті немесе мүлікке қол жетімділікті жоғалту; немесе (С) табыс көзін немесе тіршілік құралын жоғалту, зардап шеккен адамдарға басқа орынға қоныс аудару қажет пе әлде жоқ па барлығын қоса алғанда, жерді еріксіз басып алу; немесе (іі) заңмен белгіленген парктерге немесе зардап шеккен адамдардың тіршілігіне қолайсыз әсер ететін, парк маңайында немесе қорғалатын аумақтарда тұратын адамдарға немесе Жобаны іске асыру уақытында және іске асырып болғаннан кейін парктің аумағында немесе қорғау аумағында өмір сүруін жалғастыратындарға қатысты ресурстарды пайдалануды қорғау органдарына баруға еріксіз шектеуді білдіреді.
      16. «Нақты жұмыс учаскесіне арналған ҚОӘБ» Банк үшін қолайлы, Жобаның 3 (b) Құрауышының немесе 3 (с) Құрауышының шеңберінде Бенефициар жүзеге асыратын іс-шараларға қатысты Бенефициар ҚОБС-тың талаптарына сәйкес дайындайтын, мән-жайларға қарай басқалармен бірге: (і) жобаның іс-шаралары жүргізілетін жұмыс учаскесінің/аумағының сипаттамасын; (іі) жоғарыда (і)-тармағында айтылған іс-шараларға әлеуетті және нақты әлеуметтік пен экологиялық жағымсыз әсерді; және (ііі) ҚОБС-қа сәйкес қажет жеңілдету шараларының, мониторингтің, сондай-ақ институционалдық шаралардың сипаттамасын қамтитын нақты жұмыс учаскесіне арналған Жобаның әсер етуін бағалауды білдіреді.
      17. «Кіші грант» Бенефициарға Жобаның 3 (b) немесе 3 (с) Құрауышы шеңберінде Кіші жобаның аясында тауарларды, жұмыстарды және консультанттардың қызметтерін қаржыландыру үшін берілген немесе ұсынылған грантты білдіреді.
      18. «Кіші грант туралы келісім» Жобаның 3 (b) Құрауышы немесе 3 (с) Құрауышы шеңберінде Кіші жобаны қаржыландыру мақсатында Қарыз алушы мен Бенефициар арасында жасалатын келісімді білдіреді.
      19. «Кіші жоба» кіші грант қаражаттарын пайдалана отырып, Жобаның 3 (b) немесе 3 (с) Құрауышы шеңберінде Бенефициар іске асыратын нақты Жобаны білдіреді.
      20. «Теңге» Қарыз алушының заңды валютасын білдіреді.

II бөлім. Жалпы шарттарға түзетулер

      В Жалпы шарттарға мынадай өзгерістер енгізілді:
      1. 2.07-бөлімнің (а) параграфы мынадай редакцияда жазылады:

      «2.07-бөлім. Қайта қаржыландыруға дайындалу үшін аванс; Қарызды ақшаны үшін комиссияны және сыйақыны капиталдандыру

      (а) Егер Қарыз туралы келісім Банк немесе Қауымдастық берген Қарыз қаражатынан Аванс төлеуді («Дайындыққа арналған Аванс») көздейтін болса, онда Банк Қарыз туралы келісім Тарапы атынан Кредиттік шоттан күшіне енген Күні немесе одан кейін Кредиттік шоттан бұл соманы алған күніне аванстың алынған және өтелмеген сомасын өтеу үшін қажетті соманы алуы және осы күнге есептелген және төленбеген аванс сомасына арналған алымдардың барлығын, егер олар қолданылатын болса, төлеуге тиіс. Банк осылайша алынған осы соманы мән-жайларға қарай өз пайдасына немесе Қауымдастық пайдасына төлейді және аванстың алынбаған сомасын жоюы тиіс».

      2. 7.02-бөлімнің (1) параграфы мынадай редакцияда беріледі:

      «7.02-бөлім. Банктің Келісімді тоқтата тұруы

      ...(1) Қойылатын талаптарға сәйкес келмеуі. Банк немесе Қауымдастық Қарыз алушыны (мүше Мемлекеттен басқа) немесе жобаны іске асыру жөніндегі ұйымды Банк немесе Қауымдастық: (і) Банк немесе Қауымдастық Қарыз алушыны немесе жобаны іске асыру жөніндегі ұйымды алаяқтық, сыбайлас жемқорлық, мәжбүрлеу іс-қимылдарына немесе Банк немесе Қауымдастық берген кез келген қаржыландыру қаражатын пайдалануға байланысты сөз байласуға қатысты деп анықтау; және/немесе басқа қаржы мекемесінің Қарыз алушыны немесе жобаны іске асыру жөніндегі ұйымды алаяқтық, сыбайлас жемқорлық, мәжбүрлеу іс-қимылдарына немесе осы қаржы мекемесі берген кез келген қаржыландыру қаражатын пайдалануға байланысты сөз байласуға қатысты деп анықтауы нәтижесінде осы қаржы мекемесі Қарыз алушы (мүше Мемлекеттен басқа) немесе жобаны іске асыру жөніндегі ұйымның аталған қаржы мекемесінен қаржыландыру алуға не аталған қаржы мекемесі толығымен немесе ішінара қаржыландыратын кез келген жобаны дайындауға немесе іске асыруға қатысуға құқығы жоқ деп мәлімдеме жасауы нәтижесінде Банктен немесе Қауымдастықтан қандайда бір қаржыландыруды алу немесе Банк немесе Қауымдастық толығымен немесе ішінара қаржыландыратын кез келген жобаны дайындауға немесе іске асыруға өзгеше қатысу үшін қойылатын талаптарға сәйкес келмейді деп жариялайды».

III бөлім. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі нұсқаулыққа түзетулер

      Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі нұсқаулыққа түзетулер мынадай редакцияда беріледі:

      1. 5-бөлім 5(a) бөлім ретінде қайта нөмірленді және жаңа 5(b) бөлім мынадай редакцияда қосылды:
      «...(b) Осы Нұсқаулық, егер басқа қаржы мекемесі Қарыз алушыны немесе жеке не заңды тұлғаны алаяқтық, сыбайлас жемқорлық, мәжбүрлеу іс-қимылдарына немесе осы қаржы мекемесі ұсынған қаржыландыру қаражатын пайдалануға байланысты сөз байласуға қатысты деп анықтауы нәтижесінде осы мекеме Қарыз алушыны немесе жеке не заңды тұлғаны шеттеткен жағдайда, Банк Қарыз алушыға (мүше Мемлекеттен басқа) немесе Қарыз қаражатын алушылар болып табылатын барлық басқа адамдарға немесе заңды тұлғаларға қолданатын санкциялары мен тиісті шараларын да көздейді.

      2. 11 (а)-бөлім мынадай редакцияда өзгертілді:
      «...(a) Банктің санкциялар (fn13) қолдану жөніндегі қолданыстағы саясаты мен рәсімдеріне сәйкес Қарыз алушыны, жеке немесе заңды тұлғаны заңды құқығы жоқ не белгісіз мерзімге немесе нақты уақыт кезеңге: (і) Банк тарапынан қаржыландыруға келісімшарт алу; (іі) не қаржылық немесе өзгеше жолмен, мәселен қосалқы мердігер ретінде Банк қаржыландыратын келісімшарттың пайда алушысы болуы; және (ііі) кез келген уақытта Банк (fn15) осы Қарыз алушыны немесе жеке не заңды тұлғаны алаяқтық, сыбайлас жемқорлық, мәжбүрлеу іс-қимылдарына немесе қаржыландыру қаражатын пайдалануға байланысты сөз байласуға қатысты деп анықтаған жағдайда немесе Банк жол бермеу туралы шешімдерді өзара орындау мақсатында келісімге қосылған өзге де қаржы мекемесі осы адамды немесе заңды тұлғаны осы қаржы мекемесі ұсынған қаржыландыру қаражатын алуға немесе осы қаржы мекемесі Қарыз алушыны немесе жеке не заңды тұлғаны алаяқтық, сыбайлас жемқорлық, мәжбүрлеу іс-қимылдарына немесе осы қаржы мекемесі ұсынатын қаржыландыру қаражатын пайдалануға байланысты сөз байласуға қатысты деп анықтау нәтижесінде осы қаржы мекемесі ішінара немесе толық қаржыландыратын жобаны дайындау немесе іске асыруға қатысу үшін құқығы жоқ деп жариялаған жағдайда, жобаны немесе Банк ішінара немесе толық қаржыландыратын кез келген басқа жобаны дайындау немесе іске асыруға қатысуға заңды құқығы жоқ деп көпшілік алдында жариялауды қоса алғанда (алайда онымен шектемей), Қарыз алушыға (мүше Мемлекеттен басқа) (fn14) немесе жеке не заңды тұлғаға санкциялар қолданылсын.».

Сілтемелер:

      «13. Жеке немесе заңды тұлғаның осы қаржы мекемесі фирманы немесе нақты адамды алаяқтық, сыбайлас жемқорлық, мәжбүрлеу іс-қимылдарына немесе осы қаржы мекемесі ұсынатын қаржыландыру қаражатын пайдалануға байланысты сөз байласуға қатысты деп анықтауы нәтижесінде Банктің ережелері мен рәсімдеріне сәйкес санкциялар қолдану жөніндегі рәсімдер аяқталғаннан кейін немесе ағымдағы санкциялар қолданылуына байланысты немесе Банк жол бермеу туралы екі жақты келісім жасасқан өзге қаржы мекемесі қолданған санкциялардан кейін уақытша шеттету немесе мерзімінен бұрын уақытша шеттету рәсімдері шеңберінде Банк қаржыландыратын келісімшартты алу үшін құқығы жоқ деп анықталуы мүмкін.»
      «14. Мүше мемлекет конкурстық сауда-саттыққа Сатып алу жөніндегі нұсқаулықтың 1.8 (b) тармағының шеңберінде қатысуға немесе Консультанттар жөніндегі нұсқаулықтың 1.11 (с) тармағының шеңберінде қатысуға құқығы жоқ ұлттық үкіметтің лауазымды адамдары және қызметкерлері немесе оның саяси немесе әкімшілік бөлімшелері және мемлекеттік мекемелер мен агенттіктерді қамтиды.»
      «15. Банк Санкциялар жөніндегі кеңесті, сондай-ақ тиісті рәсімдерді осыған ұқсас шешімдерді қабылдау мақсатында құрды. Санкциялар жөніндегі кеңестің рәсімдері Банкте қолданылатын санкциялардың толық жинағын айқындайды. Бұдан басқа, Банк басқа қаржы мекемелері жүргізген шеттетулерді жүзеге асырған кезде жүгіну қажет болатын, сондай-ақ екі жақтама жол бермеулердің Банк веб-сайтында жариялануын және қызметкерлер мен басқа да мүдделі тараптардың назарларына жеткізілуін түсіндіретін процесті қамтитын ішкі хаттаманы қабылдады.».

      2010 жылғы 24 қарашада Астана қаласында жасалған Қазақстан Республикасы мен Халықаралық Қайта Құру және Даму Банкі арасындағы Қарыз туралы келісімнің (Техникалық және кәсіптік білім беруді жаңғырту жобасы) бұл көшірмесінің дәлдігін куәландырамын.

      Қазақстан Республикасының
      Сыртқы істер министрлігі
      Халықаралық құқық департаментінің
      Басқарма бастығы                           Б. Пискорский

      РҚАО-ның ескертпесі. Бұдан әрі Келісімнің мәтіні ағылшын тілінде берілген.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады