Қазақстан Республикасы мен Корея Республикасы арасындағы Қылмыстық істер бойынша өзара құқықтық көмек туралы шартты ратификациялау туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 8 шілдедегі № 453-IV Заңы

      2003 жылғы 13 қарашада Сеулде жасалған Қазақстан Республикасы мен Корея Республикасы арасындағы Қылмыстық істер бойынша өзара құқықтық көмек туралы шарт ратификациялансын.

      Қазақстан Республикасының
      Президенті                                 Н. Назарбаев

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ МЕН КОРЕЯ РЕСПУБЛИКАСЫ АРАСЫНДАҒЫ ҚЫЛМЫСТЫҚ ІСТЕР БОЙЫНША ӨЗАРА ҚҰҚЫҚТЫҚ КӨМЕК ТУРАЛЫ ШАРТ

(2012 жылғы 10 қыркүйекте күшіне енді -
Қазақстан Республикасының халықаралық шарттары бюллетені,
2012 ж., N 6, 81-құжат)

      Бұдан әрі «Тараптар» деп аталатын Қазақстан Республикасы мен Корея Республикасы,
      қылмыстарды болдырмау, тергеу, сот қудалауында қылмыстық істер бойынша өзара құқықтық көмек көрсету арқылы екі елдің ынтымақтастығының тиімділігін арттыруға ниет білдіре отырып,
      мына төмендегілер туралы уағдаласты,

1 бап
Қолданылу аясы

      1. Тараптар осы Шарттың ережелеріне сәйкес қылмыстық істер бойынша бір-біріне құқықтық көмек көрсетеді.
      2. Осы Шарттың мақсатында қылмыстық іс құқықтық көмек туралы сұрау салуды беру кезінде жаза көзделген кез келген қылмысқа қатысты тергеуді, қылмыстық қудалауды немесе басқа іс жүргізу әрекеттерін білдіреді, егер де бұл сұрау салған Тараптың құзыретті органдарының заңи құзыретіне ететін болса.
      3. Қылмыстық іс, сондай-ақ валюталық реттеу саласында және басқа қаржы мәселелерінде салық, кеден заңнамаларының бұзылуына байланысты, оған қатысы бар, бірақ азаматтық соттық қудалауға байланысты емес істерді қамтиды.
      4. Құқықтық көмек:
      a) адамдардан көрсетпе және арыз қабылдауды;
      b) ақпараттарды, құжаттарды, жазба хаттарды, заттай айғақтарды беруді;
      с) жеке басын және заттарды анықтауды;
      d) құжаттарды тапсыруды;
      e) іздеу бойынша сұрау салуларды орындау және заттарды тәркілеуді;
      f) сұрау салған Тарапқа қылмыстық тергеу, айыптау немесе соттық қудалауға көмек көрсету және жауап беру үшін адамдарға жағдай жасауды;
      g) ұстау, айыппұл салу және криминалдық қызметтегі кірістерді және қаражаттарды тәркілеуді; және
      h) сұрау салынған Тараптың заңнамасына қайшы келмейтін осы Шарттың мақсатына байланысты өзге де көмектерді қамтиды.
      5. Осы Шартқа сәйкес берілетін құқықтық көмек:
      а) адамдарды ұстап беруді, қамауға алуды және ұстауды;
      b) осы Шарттың және сұрау салынған Тараптың заңнамаларында көзделгеннен басқа Сұрау салған Тарапта қылмыстық іс бойынша шыққан үкімдердің орындалуын;
      с) үкімді орындау үшін қамауда отырған адамдарды этаппен айдауды;
      d) қылмыстық істерді беруді қамтымайды.

2 бап
Басқа халықаралық шарттар бойынша құқықтық көмек

      Қатысушылары Тараптар болып табылатын басқа халықаралық шарттардан шыққан Тараптардың құқықтары мен міндеттемелерін осы Шарт қозғамайды.

3 бап
Орталық құзыретті органдар

      1. Тараптар осы Шарттың мақсатында сұрау салуларды жолдау және
қабылдау үшін жауапты орталық құзыретті органдар ретінде адамды
немесе органды тағайындайды.
      2. Мына адамдар немесе органдар осы Шартқа сәйкес орталық құзыретті органдар болып тағайындалады:
      а) Корея Республикасы үшін орталық құзыретті органы - Әділет министрлігі немесе Министр тағайындаған лауазымды адам;
      b) Қазақстан Республикасы үшін орталық құзыретті органы - Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы.
      3. Әрбір Тарап өзінің Орталық органындағы кез келген өзгерістер туралы басқа Тарапқа хабарлайды.
      4. Орталық құзыретті органдар әдетте тікелей бір-бірімен немесе дипломатиялық арналар бойынша хабарласып тұрады.

4 бап
Сұрау салулардың нысаны

      1. Сұрау салынған Тарап шұғыл жағдайда сұрау салудың басқа нысанымен келіскендігін қоспағанда, сұрау салу жазбаша түрде жіберіледі. Осындай жағдай туындағанда, сұрау салу 20 күн ішінде жазбаша нысанда берілуге тиіс.
      2. Құқықтық көмек көрсету туралы сұрау салу:
      a) сұрау салудың мақсатын көрсетуді және құқықтық көмектің сипатын;
      b) сұрау салудың бастамашысы болып табылатын агенттіктің немесе органның атауын;
      с) қолданылуы мүмкін іске, заңдарға және шара қолдануға қатысты фактілерді көрсетумен қоса, қылмыстық істің міндеттемелерін сипаттауды;
      d) ағымдағы тергеу немесе соттық қудалауды көрсетуді;
      е) сұрау салудың орындалу мерзімін көрсетуді қамтиды.
      3. Құқықтық көмек көрсету туралы сұрау салу мүмкіндігіне қарай:
      a) қылмыстық іске қатысты ақпаратты беретін немесе субъект болып табылатын адамның ұқсас мәліметтерін, азаматтығын және тұрғылықты жерін;
      b) осы Шарттың 10-бабына сәйкес сұрау салуды жолдаған жағдайды;
      і) сұрау салған Тарап осы адамдарға ретіне қарай қойғысы келетін кез келген сұрақтарды қосқанда, адамдарға қойылуға тиіс сұрақтардың тізбесін;
      іі) сұрау салуда көрсетілетін кез келген құжаттарды, жазба хаттарды немесе заттай айғақтарды сипаттау және қажетті жағдайда тиісті адамды сипаттауды;
      c) осы Шарттың 11 немесе 12-баптарына сәйкес құқықтық көмек көрсету туралы сұрау салуды жолдаған жағдайда, адам сұрау салған Тараптың аумағына келген кезде рұқсат етуге және шығындарға қатысты ақпаратты;
      d) осы Шарттың 15 немесе 16-баптарына сәйкес құқықтық көмек көрсету туралы сұрау салуды жолдаған жағдайда, іздеу салынған құжаттарды және жобамен орналасқан жерін;
      е) осы Шарттың 16-бабына сәйкес құқықтық көмек көрсету туралы сұрау салуды жолдаған жағдайда;
      і) қылмыстан түскен кірістер олардың заңи құзыретіне түсуі мүмкін екендігі туралы сұрау салған Тараптың негізінің расталуы;
      іі) егер бұндай бар болса, осы шешімге қатысты мәжбүрлеу тәртібі бойынша және тиісті өтінішті орындау туралы сот шешімін;
      f) іздеу салуға немесе қылмыстан түскен кірістердің табылуына байланысты құқықтық көмек көрсету туралы сұрау салуды жолдаған жағдайда осы Шарттың 16-бабындағы 4-тармағына сәйкес шарттардың қажетті сақталуын көрсетуді;
      g) кез келген ақпараттарды, айғақтарды, құжаттар немесе заттарды тапсыру тәртібінің егжей-тегжейін және нысандарын қоса отырып, сұрау салған Тарапта орындауға қажетті ерекше талаптар немесе рәсімдер туралы сұрау салуды;
      h) егер олар себептерді баяндай отырып, сұрау салудың құпиялығына қатысы бар болса, Сұрау салған Тараптың сұрауы бойынша өтінішті;
      і) егер сұрау салған Тараптың лауазымды адамы сұрау салынған Тарапқа сұрау салуға байланысты баратын болса, оның сапарының мақсатына, жобаланған мерзімі мен іссапар құжатына қатысты ақпаратты;
      j) сұрау салуды орындау үшін қажетті болып табылатын басқа көмекші ақпаратты, көрсетпе немесе құжаттарды қамтиды.
      4. Сұрау салу, барлық қажетті құжаттар осы Шартқа сәйкес сұрау салған Тараптың тілінде және ағылшын немесе Сұрау салынған Тараптың тілінде жолдануға тиіс.
      5. Егер сұрау салынған Тарап сұрау салуда берілген ақпарат сұрау салуды орындау үшін жеткіліксіз деп санаса, осы Шартқа сәйкес ол қосымша ақпаратты сұратып алуына болады.

5 бап
Көмек көрсетуден бас тарту

      1. Сұрау салынған Тараптың пікірі бойынша көмек көрсетуден бас тартуы мүмкін, егер:
      a) сұрау салу саяси немесе әскери сипаттағы қылмысқа жатса және жалпы қылмыстық қылмыс болып табылмаса;
      b) сұрау салу сұрау салған Тарапта қылмысы үшін сотталған, ақталған адамның қылмыстық қудалауына қатысты болса;
      c) құқықтық көмек туралы сұрау салу оның діни, жыныстық, рулық, ұлттық, саяси қатыстылығы салдарынан қудалау және жазалау мақсатында жолданған деп табылса;
      d) сұрау салу сұрау салынған Тараптың азаматтарының қауіпсіздігін қоса отырып, мемлекеттің егемендігіне, қауіпсіздігіне, қоғамдық тәртібіне, немесе басқа елеулі мүдделеріне зиян келтіретін болса;
      e) сұрау салу қылмыстық қудалаудың ескіру мерзімінің өтуіне байланысты одан әрі қылмыстық жауаптылыққа тартыла алмайтын адамның қылмысына қатысты болса, егер осы қылмыс сұрау салынған Тараптың заңи құзыретінде жасалған болса;
      f) сұрау салу қылмыс болып табылмайтын әрекеті үшін адамды қылмыстық қудалауға немесе жазаға тартуға қатысты болса, егер олар сұрау салынған Тараптың заңи құзыретінде жасалған болса.
      2. Егер сұрау салынған Тарапта сұрау салу бойынша қосымша тергеу немесе соттық қудалау талап етілсе, Сұрау салған Тарап құқықтық көмекті кейінге қалдыруы мүмкін.
      3. Осы бапқа сәйкес Сұрау салынған Тарап оның құзыретті органы арқылы көмектен бас тартқанға немесе кейінге қалдырғанға дейін:
      a) Сұрау салған Тарапқа қысқа мерзім ішінде бас тарту және кейінге қалдыру себептері туралы хабарлайды;
      b) сұрау салуды орындау үшін қажетті шарттар мен мерзімдерді анықтау мақсатында сұрау салған Тараппен консультация жүргізеді.
      4. Егер сұрау салған Тарап осы баптың 3(б) тармағында көрсетілген шарттар мен мерзімдерді сақтау кезінде сұрау салуды орындауға келіссе, онда ол осы шарттарды орындауға тиіс.

6 бап
Сұрау салуларды орындау

      1. Құқықтық көмек туралы сұрау салу сұрау салынған Тараптың заңнамасына сәйкес, және сұрау салған Тараптың заңнамасына бұл қаншалықты рұқсат етілсе сұрау салынған Тараптың орталық құзыретті органдарында дереу орындалуға тиіс.
      2. Егер де ic сол Тарапта қылмыстық немесе азаматтық істері бойынша соттық қудалау үшін қажет болса, сұрау салған Тарап сұрау салынған материалды кейінге қалдыруы мүмкін. Бұндай жағдайда сұрау салынған Тарап сұрау салу бойынша куәландырылған құжаттардың көшірмесін беруі мүмкін.
      3. Сұрау салынған Тарапқа белгілі болған және сұрау салуды орындау мерзіміне нақты әсер ететін жағдайлар туралы сұрау салынған Тарап сұрау салған Тарапқа дереу хабарлауға тиіс.

7 бап
Сұрау салынған Тарапқа материалдарды қайтару

      Сұрау салынған Тараптың талабы бойынша осы Шартқа сәйкес сұрау салуға қатысты қылмыстық іс бойынша оларды қолдану алдағы уақытта қажет болмаса, сұрау салған Тарап материалдарды қайтарады.

8 бап
Ақпараттарды пайдалану бойынша құпиялылық және шектеу

      1. Сұрау салынған Тарап сұрау салу келіп түскен жағдайда сұрау салудың мазмұнының және оның материалдарының, сондай-ақ сұрау салуға сәйкес қабылданатын кез келген әрекеттердің құпиялылығын сақтау үшін барлық күш-жігерін қолдануға тиіс.
      2. Сұрау салған Тарап сұрау салуға жауап келіп түскен жағдайда сұрау салынған Тараптан алынған ақпараттың құпиялылығын сақтау үшін барлық күш-жігерін қолдануға тиіс.
      3. Сұрау салған Тарап ақпараттардың тарап кетпеуіне және тиісті рұқсатсыз оны қолдануға жол бермеу үшін барлық күш жігерін салады.
      4. Сұрау салған Тарап сұрау салынған Тараптың алдын-ала келісімінсіз сұрау салуда көрсетілмеген ақпаратты немесе алынған айғақтарды басқа мақсат үшін қолдануы мүмкін емес.

9 бап
Құжаттарды тапсыру

      1. Сұрау салынған Тарап өз заңнамасы шегінде қылмыстық іске қатысы бар құжаттарды тапсыру туралы сұрау салуды орындайды.
      2. Сұрау салған Тарапқа куәгерлік көрсетпе беру үшін шақыру қағазы туралы, адамның келуі туралы сұрау салу сұрау салынған Тарапқа жоспарланған келуге дейін 45 күн ішінде тапсырылуға тиіс. Кідірсіз жағдайда сұрау салған Тарап бұл талапты сақтамауы мүмкін.
      3. Сұрау салынған Тарап құжаттарды тапсыру туралы растауды сұрау салған Тарапқа жолдауы мүмкін. Егер тапсыру іске асырылмаған жағдайда сұрау салған Тарап себептер туралы тиісті түрде хабарлануға тиіс.
      4. Көрсетпе беруден бас тартқан адамға айыппұл санкциялары немесе мәжбүрлеп әсер ету шаралары тартылуы мүмкін емес.

10 бап
Көрсетпелерді, өтініштерді және айғақтарды алу

      1. Сұрау салынған Тарап өз заңнамасы шегінде және сұрау салу негізінде куәгерлік көрсетпе алу керек, немесе өзге де жолмен адамдардың өтініштерін, немесе сұрау салған Тарапқа беру үшін олардан көрсетпелерді алуды талап етуге тиіс.
      2. Сұрау салынған Тарап оның заңнамасына сәйкес сұрау салуды орындау кезінде сұрау салуда көрсетілген адамдардың қатысуына рұқсат береді және бұндай адамдарға жауап беріп тұрған адамға сұрақ қоюына мүмкіндік береді. Егер бұндай тікелей сұрақ қоюға рұқсат етілмесе, бұл адамдар жауап беруші адамдарға қойылатын сұрақтарды қояды.
      3. Осы бапқа сәйкес сұрау салынған Тарап адамның көрсетпелерін қабылдауға тиіс, жауап беруден бас тартуы мүмкін егер:
      а) сұрау салынған Тараптың заңнамасы осы адамның көрсетпе беруден бас таруына жол берсе немесе талап етсе, егер осындай ұқсас қылмыстық істер сұрау салған Тарапта тергелсе;
      b) сұрау салған Тараптың заңнамасы сұрау салған Тарапта қылмыстық істі тергеу кезінде осы адамның көрсетпе беруден бас тартуына жол берсе немесе талап етсе.
      4. Егер сұрау салынған Тараптың кез келген адамы сұрау салған Тараптың заңнамасына сәйкес жауап беруден бас тарту құқықтары немесе міндеттемелердің бар екендігі туралы анықтаса, сұрау салған Тараптың орталық құзыретті органы осындай құқықтың барлығына қатысты сұрау салынған Тараптың орталық құзыретті органына сұрау салу бойынша растауды береді. Өзге де көрсетпелер болмаған жағдайда, бұндай растау жеткілікті деп есептелінеді.
      5. Осы баптың мақсаты үшін жауап алу құжаттарды немесе басқа заттарды қарастыруды қамтиды.

11 бап
Куәгерлік көрсетпе беру үшін қамауда отырған адамдарды тапсыру

      1. Сұрау салған Тараптың сұрау салуы бойынша Сұрау салынған Тараптың аумағында қамауда отырған адам қылмыстық іс бойынша көрсетпе беру үшін уақытша осы Тарапқа тапсырылуы мүмкін.
      2. Сұрау салынған Тарап қамауда отырған адамды сұрау салған Тарапқа беруге тиіс, егер:
      a) адам осындай беруге келісім берсе; және
      b) Сұрау салған Тарап қамауда отырған немесе тапсырылған адамның қауіпсіздігіне қатысты сұрау салған Тарап көздеген барлық жағдайларды сақтауға келіссе.
      3. Егер сұрау салынған Тарап тапсырылған адамды қамауда ұстаудың қажеттілігі жоқ екендігі туралы Сұрау салған Тарапқа хабарласа, онда қамауда отырған адам босатылуға тиіс.
      4. Осы бапқа сәйкес сұрау салу бойынша берілген адам, енді оның қатысуы қажет болмаса, жауап бергеннен кейін немесе одан бұрын қысқа мерзім ішінде сұрау салған Тарапқа қайтарылуға тиіс.
      5. Сұрау салған Тарапта қамауда отырған адамның уақыты сұрау салған Тарап тағайындаған жазаны өтеудің жалпы мерзіміне кіреді.

12 бап
Басқа адамдардың жауап беру және тергеуге көмек көрсету мүмкіндігі

      1. Сұрау салған Тарап адамдарды куәгерлік көрсетпе беру немесе қылмыстық іске көмек көрсетуге шақырғанда сұрау салынған Тараптан көмек сұрай алады.
      2. Сұрау салынған Тарап адамның көрсетпесі туралы сұрау салған Тарапқа дереу хабарлауға тиіс.

13 бап
Қауіпсіздікті қамтамасыз ету

      1. Егер сұрау салған Тараптың аумағындағы адам сұрау салуға байланысты осы Шарттың 11 немесе 12-баптарына сәйкес сұрау салу мақсатында сұрау салған Тарапта қалуға тиісті мерзімі ішінде:
      а) адам кез келген қылмыстық бұзушылық үшін сұрау салған Тарапта қамауға алынуға, айыпталуға немесе жазаға тартылуға мүмкін емес немесе егер ол сұрау салынған Тараптан бұрын кетуіне байланысты кез келген әрекетке қатысты, сұрау салған Тарапта болмағанда, оның қатысуы тиісті емес кез келген азаматтық соттық қудалануға тартылуы мүмкін емес;
      b) адам кез келген қылмыстық процесте немесе сұрау салуға қатысы жоқ басқа қылмыстық істер бойынша кез келген қылмыстық тергеуге көмек көрсетуде оның келісімінсіз жауап беруі мүмкін емес.
      2. Сұрау салған Тарапты тастап кетуіне мүмкіндігі бар бола тұра, оның енді болуы бұдан былай қажет емес екендігі туралы ресми түрде хабарлама алған сәттен бастап 15 күн ішінде оны тастап кетпесе немесе кетіп қалып оған қайтып оралса, осы баптың 1-тармағы қолданылуға жатпайды.
      3. Осы Шарттың 11 және 12-баптарына сәйкес көрсетпе беруге келіспеген адам сұрау салынған немесе сұрау салған Тарапта осы себептер бойынша айыппұл санкциясына немесе мәжбүрлеп әсер ету шараларына тартылуы мүмкін емес.
      4. Осы Шарттың 11 және 12-тармақтарына сәйкес куәгерлік көрсетпе беруге келіскен адам жалған куәгер болуды немесе сотты сыйламауды қоспағанда, олардың көрсетпелері негізінде қылмыстық қудалауға тартылмайды.

14 бап
Ақпараттарды беру

      1. Сұрау салынған Тарап жұртшылық үшін қолайлы болып табылатын құжаттардың және жазба хаттардың көшірмесін беруге тиіс.
      2. Сұрау салынған Тарап өз заңнамаларына сәйкес өздерінің құқық қорғау және сот органдарына беретін тәртіптері мен шарттары бойынша басқа құжаттардың немесе жазба хаттардың көшірмелерін беруі мүмкін.

15 бап
Тінту және алып қою

      1. Сұрау салынған Тарап өзінің заңнамасына сәйкес сұрау салған Тарапта мүлікті тінтуге, алып қоюға және жолдауға қатысты қылмыстық іс бойынша құқықтық көмек көрсету туралы сұрау салуларды орындайды.
      2. Сұрау салынған Тарап тінту туралы, алып қоюдың орны мен міндеттемелері және алынған мүліктің келесі сақталуы туралы сұрау салуды орындау нәтижелеріне қатысты ақпараттарды береді.
      3. Сұрау салынған Тарап сұрау салған Тарапқа жолданған кез келген тәркіленген мүлікке қатысты сұрау салған Тарап қозғаған барлық шарттарды сақтауға тиіс.

16 бап
Қылмыстық жолмен алынған кірістер

      1. Сұрау салынған Тарап сұрау салу бойынша өзінің заңи құзыретіне сәйкес қылмыстық жолмен алынған қандай да болмасын кірістердің анықталғандығын белгілеуге тырысады және осындай тергеу нәтижелері туралы сұрау салған Тарапқа хабарлайды. Осы Шарттың мақсаттары үшін «қылмыстық қызметтің кірістері» деп сотта анықталған немесе қылмыс жасау нәтижесінде ол тікелей не жанама алынған деп сезіктелген немесе оны жасау үшін қолданылған кез келген меншік, сондай-ақ қылмысты жасау немесе жасалуына мүмкіндік туғызуы үшін қолданылатын меншік болып түсіндіріледі.
      2. Осы Баптың 1-тармағына сәйкес қылмыстық қызметтен алынған кірістер табылса, сұрау салынған Тарап бұндай кірістерді алып қою немесе тәркілеу үшін өзінің заңнамасына сәйкес шараларды қабылдайды.
      3. Осы бапты қолдану кезінде сұрау салынған Тараптың заңнамасына сәйкес үшінші адал адамдардың құқықтары сақталуға тиіс.
      4. Егер жеке жағдайларда өзге де келісілмесе, Сұрау салынған Тарап тәркіленген қылмыстық қызметтен түскен кез келген кірістерді сақтауға тиіс.

17 бап
Түпнұсқаны куәландыру және анықтау

      1. Осы баптың 2-тармағын қоспағанда, сұрау салуға берілген көрсетпедегі қоса берілген құжаттар, құжаттар немесе материалдар, құқықтық көмек көрсету туралы сұрау салу ешқандай түпнұсқа нысанын белгілеуді талап етуге тиіс емес.
      2. Осы Шарттың мақсаттары үшін құжаттар немесе материалдар куәландырылады, егер:
      a) олар соттың немесе жолданылатын құжат Тараптарының басқа лауазымды адамдарының қолдары қойылған немесе куәландырылған деп түсіндірілсе;
      b) олар жолданылатын құжат Тараптарының ресми мөрімен мөрленген және Министрдің, Бас Прокурордың немесе Тараптар Үкіметінің лауазымды адамдарының қолымен түсіндірілсе.

18 бап
Қосымша көмек

      Әрбір Тараптың орталық құзыретті органдары осы Шарттың мақсатына және екі Тараптың заңнамасына сәйкес бір-біріне қосымша көмек көрсетуі мүмкін.

19 бап
Өкілеттілік және шығыстар

      1. Егер осы Шартта өзге де көзделмесе, сұрау салынған Тарап көмек туралы сұрау салуға сәйкес қылмыстық істер бойынша кез келген сот тыңдауында сұрау салған Тараптың өкілеттігі үшін барлық шараларды іске асырады.
      2. Көмек туралы сұрау салуды орындау бойынша барлық шығыстарды сұрау салынған Тарап төлейді, сұрау салған Тарап мынадай жағдайларда төлейді:
      a) сұрау салынған Тараптың аумағынан және аумағына кез келген адамды жеткізуге байланысты шығыстарды және адамдарды орналастыруға байланысты шығыстарды және осы Шарттың 911 және 12-баптарында көзделген сұрау салуға сәйкес оның сұрау салған Тараптың аумағында болған уақытындағы бұл адамға төленетін кез келген тәуліктік немесе басқа шығыстарды;
      b) беруге және сотталғандарды күзетуге немесе офицерлердің еріп жүруіне байланысты шығыстарды;
      с) сарапшыларға төленетін, құжаттарды аударуға байланысты шығыстарды;
      d) Сұрау салынған Тараптың талабы бойынша сұрау салуды орындау кезіндегі ерекше шығыстарды.

20 бап
Консультациялар және өзгерістер енгізу өзгерістер

      Тараптар осы Шартты түсіндіруде, қолдануға қолдануда немесе орындаудағы немесе ерекше жағдайлардағы кез келген мәселелерге қатысты кез келген сұрау салу бойынша консультациялар жүргізеді.

21 бап
Шарттың күшіне енуі және тоқталуы

      1. Осы Шарт бекітуге жатады және бекіту грамоталарымен алмасқан күннен бастап күшіне енеді.
      2. Осы Шарт күшіне енген күннен бастап және кейін жасалған актілерге және әрекеттерге байланысты сұрау салуларға қатысты осы Шарт қолданылады.
      3. Кез келген Тарап жазбаша хабарлама жолдағаннан кейін кез келген уақытта осы Шарт қолданылуын тоқтатуы мүмкін. Шарт осындай хабарламаны алған күннен бастап алты (6) ай өткен соң өзінің қолданылуын тоқтатады. Осы Бапқа сәйкес осы Шарттың қолданылуының тоқтатылуы туралы хабарлама түскен жағдайда тоқтатылуға дейін егер сұрау салынған Тарап өзі сұрау салуды қайта сұрамаса, осы Шарт өз күшінде қалса да алынған кез келген құқықтық көмек көрсету туралы сұрау салу орындалуға тиіс.
      КУӘЛІККЕ жоғарыдағы қол қоюшылар сол кездегі Үкіметтің өкілетті адамдары міндетті түрде осы Шартқа қол қойды.
      2003 жылы 13 қарашада, Сеул қаласында, екі данада, әрқайсысы қазақ, корей, орыс және ағылшын тілдерінде жасалды, әрі барлығының мәтіндерінің күші бірдей. Осы Шартты түсіндіру кезінде туындаған түсінбеушілік болған жағдайда, Тараптар ағылшын тіліндегі мәтінге назар аударады.

      Қазақстан Республикасы үшін    Корея Республикасы үшін

      2003 жылғы 13 қарашада Сеул қаласында жасалған Қазақстан Республикасы мен Корея Республикасы арасындағы қылмыстық істер бойынша өзара құқықтық көмек туралы шарттың, ҚР СІМ-нің 2006 жылғы 21 қазандағы № 11-1-1/4237 нотасының, Қазақстан Республикасындағы Корея Республикасы Елшілігінің 2006 жылғы 9 қарашадағы № KKZ-602/06 нотасының, ҚР СІМ-нің 2008 жылғы 5 желтоқсандағы № 12-1/3036 нотасының, Корея Республикасындағы Қазақстан Республикасы Елшілігінің 2008 жылғы 11 желтоқсандағы № 737 нотасының, Корея Республикасы Сыртқы істер және сауда министрлігінің 2008 жылғы 22 желтоқсандағы № OGT-1691 нотасының көшірмелерінің дәлдігін куәландырамын.

      Қазақстан Республикасының
      Сыртқы істер министрлігі
      Халықаралық-құқық департаментінің
      Басқарма бастығы                           Б. Пискорский

      РҚАО-ның ескертпесі. Бұдан әрі Шарттың мәтіні ағылшын және корей тілдерінде берілген.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады