1992 жылғы 15 мамырдағы Ұжымдық қауіпсіздік туралы шартқа қатысушы мемлекеттер арасындағы Әскери-техникалық ынтымақтастықтың негізгі қағидаттары туралы келісімге толықтырулар енгізу туралы екінші хаттаманы ратификациялау туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 7 қазандағы № 481-ІV Заңы

      2007 жылғы 6 қазанда Душанбеде жасалған 1992 жылғы 15 мамырдағы Ұжымдық қауіпсіздік туралы шартқа қатысушы мемлекеттер арасындағы Әскери-техникалық ынтымақтастықтың негізгі қағидаттары туралы келісімге толықтырулар енгізу туралы екінші хаттама ратификациялансын.

      Қазақстан Республикасының
      Президенті                                 Н. НАЗАРБАЕВ

1992 жылғы 15 мамырдағы Ұжымдық қауіпсіздік туралы
шартқа қатысушы мемлекеттер арасындағы Әскери-техникалық
ынтымақтастықтың негізгі қағидаттары туралы келісімге
толықтырулар енгізу туралы
ЕКІНШІ ХАТТАМА

      Бұдан әрі Тараптар деп аталатын Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымына мүше мемлекеттер,
      2000 жылғы 20 маусымда қол қойылған 1992 жылғы 15 мамырдағы Ұжымдық қауіпсіздік туралы шартқа қатысушы мемлекеттер арасындағы Әскери-техникалық ынтымақтастықтың негізгі қағидаттары туралы келісімнің (бұдан әрі - Келісім) негізінде 2003 жылғы 19 қыркүйекте қол қойылған 1992 жылғы 15 мамырдағы Ұжымдық қауіпсіздік туралы шартқа қатысушы мемлекеттер арасындағы Әскери-техникалық ынтымақтастықтың негізгі қағидаттары туралы келісімге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы хаттаманы есепке ала отырып, Тараптардың әскери де, контртеррористік те әлеуетін дамыту мүддесінде әскери-техникалық ынтымақтастықты одан әрі жетілдіруге ұмтыла отырып,
      төмендегілер туралы келісті:

1-бап

      Келісімнің 1-бабының алтыншы абзацы «ұлттық қарулы күштері» деген сөздерден кейін «, өзге де әскерлер, әскери құралымдар, құқық қорғау органдары мен арнайы қызметтер» деген сөздермен толықтырылсын.

2-бап

      Келісімнің 2-бабының бірінші абзацы «ұлттық қарулы күштерінің» деген сөздерден кейін «, өзге де әскерлердің, әскери құралымдардың, құқық қорғау органдары мен арнайы қызметтердің» деген сөздермен толықтырылсын.

3-бап

      Осы Хаттама Келісімнің ажырамас бөлігі болып табылады.

4-бап

      Осы Хаттама Келісімнің 14-бабында көзделген тәртіппен күшіне енеді.

      2007 жылғы 6 қазанда Душанбе қаласында орыс тілінде бір түпнұсқа данада жасалды. Түпнұсқа данасы осы Хаттамаға қол қойған әрбір мемлекетке оның куәландырылған көшірмесін жіберетін Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымының Хатшылығында сақталады.

      Армения Республикасы үшін      Ресей Федерациясы үшін

      Беларусь Республикасы үшін     Тәжікстан Республикасы үшін

      Қазақстан Республикасы үшін    Өзбекстан Республикасы үшін

      Қырғыз Республикасы үшін

      Осымен 2007 жылғы 6 қазанда Душанбе қаласында қол қойылған 1992 жылғы 15 мамырдағы Ұжымдық қауіпсіздік туралы шартқа қатысушы мемлекеттер арасындағы әскери-техникалық ынтымақтастықтың негізгі қағидаттары туралы келісімге толықтырулар енгізу туралы Екінші хаттаманың куәландырылған көшірмесінің куәландырылған көшірмесі екендігін растаймын.

      Қазақстан Республикасы
      Сыртқы істер министрлігі
      Халықаралық құқық департаментінің
      Басқарма бастығы                           Б. Пискорский

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады