"Мемлекеттік құқықтық статистика және арнайы есепке алу туралы" Қазақстан Республикасының Заңына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 28 желтоқсандағы № 522-IV Заңы

      1-бап. «Мемлекеттік құқықтық статистика және арнайы есепке алу туралы» 2003 жылғы 22 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2003 ж., № 24, 176-құжат; 2005 ж., № 5, 5-құжат; 2009 ж., № 19, 88-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; 2011 ж., № 1, 3-құжат; № 11, 102-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:

      1) 7-баптың 1-тармағының 5) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «5) бақылау және қадағалау органдары жүзеге асыратын тексерулерді тағайындау кезiнде Қазақстан Республикасы заңнамасының бұзылғандығы анықталған жағдайларда, оларды тағайындау туралы актілерді тіркеуден бас тартуға;»;

      2) 12-баптың 3-тармағында:
      7) және 10) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
      «7) сот әрекетке қабiлетсіз және әрекетке қабілеті шектеулі деп таныған адамдарды;»;
      «10) бақылау және қадағалау органдары жүзеге асыратын және Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен уәкілетті органда тіркелетін тексерулерді;»;
      12) тармақшадағы «адамдарды арнайы есепке алу ісін жүргізуді жүзеге асырады» деген сөздер «адамдарды;» деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 13) тармақшамен толықтырылсын:
      «13) адамдардың қаза болуына немесе жаралануына әкеп соққан жол-көлік оқиғаларын арнайы есепке алуды жүзеге асырады.».

      2-бап. Осы Заң алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Президенті                                 Н. НАЗАРБАЕВ

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады