Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне электр энергетикасы, табиғи монополиялар мен реттелетін нарық субъектілерінің инвестициялық қызметі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасының 2012 жылғы 4 шілдедегі № 25-V Заңы

      РҚАО-ның ескертпесі!
      Осы Заңның қолданысқа енгізілу тәртібін 2-б. қараңыз

      1-бап. Қазақстан Республикасының мына заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
      1. 1999 жылғы 1 шілдедегі Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне (Ерекше бөлім) (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1999 ж., № 16-17, 642-құжат; № 23, 929-құжат; 2000 ж., № 3-4, 66-құжат; № 10, 244-құжат; № 22, 408-құжат; 2001 ж., № 23, 309-құжат; № 24, 338-құжат; 2002 ж., № 10, 102-құжат; 2003 ж., № 1-2, 7-құжат; № 4, 25-құжат; № 11, 56-құжат; № 14, 103-құжат; № 15, 138, 139-құжаттар; 2004 ж., № 3-4, 16-құжат; № 5, 25-құжат; № 6, 42-құжат; № 16, 91-құжат; № 23, 142-құжат; 2005 ж., № 21-22, 87-құжат; № 23, 104-құжат; 2006 ж., № 4, 24, 25-құжаттар; № 8, 45-құжат; № 11, 55-құжат; № 13, 85-құжат; 2007 ж., № 3, 21-құжат; № 4, 28-құжат; № 5-6, 37-құжат; № 8, 52-құжат; № 9, 67-құжат; № 12, 88-құжат; 2009 ж., № 2-3, 16-құжат; № 9-10, 48-құжат; № 17, 81-құжат; № 19, 88-құжат; № 24, 134-құжат; 2010 ж., № 3-4, 12-құжат; № 5, 23-құжат; № 7, 28-құжат; № 15, 71-құжат; № 17-18, 112-құжат; 2011 ж., № 3, 32-құжат; № 5, 43-құжат; № 6, 50, 53-құжаттар; № 16, 129-құжат; № 24, 196-құжат; 2012 ж., № 2, 13, 14, 15-құжаттар; № 8, 64-құжат):
      488-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      «1. Энергияны коммерциялық есепке алудың автоматтандырылған жүйесін пайдалану жағдайларын қоспағанда, энергияға ақы төлеу есепке алу аспаптарының көрсеткіштерiне сәйкес анықталатын, абонент iс жүзiнде алған энергия мөлшерi үшiн, ал олар болмаған немесе уақытша бұзылған кезде есептеу арқылы жүргізіледі.».
      2. 2001 жылғы 30 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2001 ж., № 5-6, 24-құжат; № 17-18, 241-құжат; № 21-22, 281-құжат; 2002 ж., № 4, 33-құжат; № 17, 155-құжат; 2003 ж., № 1-2, 3-құжат; № 4, 25-құжат; № 5, 30-құжат; № 11, 56, 64, 68-құжаттар; № 14, 109-құжат; № 15, 122, 139-құжаттар; № 18, 142-құжат; № 21-22, 160-құжат; № 23, 171-құжат; 2004 ж., № 6, 42-құжат; № 10, 55-құжат; № 15, 86-құжат; № 17, 97-құжат; № 23, 139, 140-құжаттар; № 24, 153-құжат; 2005 ж., № 5, 5-құжат; № 7-8, 19-құжат; № 9, 26-құжат; № 13, 53-құжат; № 14, 58-құжат; № 17-18, 72-құжат; № 21-22, 86, 87-құжаттар; № 23, 104-құжат; 2006 ж., № 1, 5-құжат; № 2, 19, 20-құжаттар; № 3, 22-құжат; № 5-6, 31-құжат; № 8, 45-құжат; № 10, 52-құжат; № 11, 55-құжат; № 12, 72, 77-құжаттар; № 13, 85, 86-құжаттар; № 15, 92, 95-құжаттар; № 16, 98, 102-құжаттар; № 23, 141-құжат; 2007 ж., № 1, 4-құжат; № 2, 16, 18-құжаттар; № 3, 20, 23-құжаттар; № 4, 28, 33-құжаттар; № 5-6, 40-құжат; № 9, 67-құжат; № 10, 69-құжат; № 12, 88-құжат; № 13, 99-құжат; № 15, 106-құжат; № 16, 131-құжат; № 17, 136, 139, 140-құжаттар; № 18, 143, 144-құжаттар; № 19, 146, 147-құжаттар; № 20, 152-құжат; № 24, 180-құжат; 2008 ж., № 6-7, 27-құжат; № 12, 48, 51-құжаттар; № 13-14, 54, 57, 58-құжаттар; № 15-16, 62-құжат; № 20, 88-құжат; № 21, 97-құжат; № 23, 114-құжат; № 24, 126, 128, 129-құжаттар; 2009 ж., № 2-3, 7, 21-құжаттар; № 9-10, 47, 48-құжаттар; № 13-14, 62, 63-құжаттар; № 15-16, 70, 72, 73, 74, 75, 76-құжаттар; № 17, 79, 80, 82-құжаттар; № 18, 84, 86-құжаттар; № 19, 88-құжат; № 23, 97, 115, 117-құжаттар; № 24, 121, 122, 125, 129, 130, 133, 134-құжаттар; 2010 ж., № 1-2, 1, 4, 5-құжаттар; № 5, 23-құжат; № 7, 28, 32-құжаттар; № 8, 41-құжат; № 9, 44-құжат; № 11, 58-құжат; № 13, 67-құжат; № 15, 71-құжат; № 17-18, 112, 114-құжаттар; № 20-21, 119-құжат; № 22, 128, 130-құжаттар; № 24, 146, 149-құжаттар; 2011 ж., № 1, 2, 3, 7, 9-құжаттар; № 2, 19, 25, 26, 28-құжаттар; № 3, 32-құжат; № 6, 50-құжат; № 8, 64-құжат; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; № 13, 115, 116-құжаттар; № 14, 117-құжат; № 16, 128, 129-құжаттар; № 17, 136-құжат; № 19, 145-құжат; № 21, 161-құжат; № 24, 196-құжат; 2012 ж., № 1, 5-құжат; № 2, 9, 11, 13, 14, 16-құжаттар; № 3, 21, 22, 25, 26, 27-құжаттар; № 4, 32-құжат; № 5, 35, 36-құжаттар; № 8, 64-құжат):
      1) мазмұнында:
      127-баптың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
      «127-бап. Энергияны немесе суды заңсыз қосу, пайдалану»;
      147-6-баптың тақырыбы «энергиясын өткізу (сату)» деген сөздерден кейін «және электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша қызмет көрсету» деген сөздермен толықтырылсын;
      147-9-баптың тақырыбы алып тасталсын;
      мынадай мазмұндағы 147-13-баптың тақырыбымен толықтырылсын:
      «147-13-бап. Қазақстан Республикасының электр энергетикасы туралы заңнамасын бұзу»;
      223-баптың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
      «223-бап. Электр станциялары мен желілерін техникалық пайдаланудың, электр станциялары мен жылу желілерінің жылу-механикалық жабдықтарын пайдалану кезінде қауіпсіздік техникасының, тұтынушылардың электр қондырғыларын техникалық пайдаланудың белгіленген қағидаларын бұзу, сондай-ақ энергия тұтынудың белгіленген режімдерін бұзу»;
      мынадай мазмұндағы 223-1-баптың тақырыбымен толықтырылсын:
      «223-1-бап. Әзірлік паспортын алу мерзімін бұзу»;
      2) 127-бап мынадай редакцияда жазылсын:
      «127-бап. Энергияны немесе суды заңсыз қосу, пайдалану
      1. Электр және (немесе) жылу энергиясын пайдакүнемдiк мақсатта заңсыз қосу, пайдалану, -
      жеке тұлғаларға – елу, лауазымды адамдарға, дара кәсiпкерлерге – жүз, шағын немесе орта кәсiпкерлiк субъектiлерi немесе коммерциялық емес ұйымдар болып табылатын заңды тұлғаларға – екі жүз, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға бес жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
      2. Су құбырлары желiлерiнен суды пайдакүнемдiк мақсатта заңсыз қосу, пайдалану, сол сияқты кәрiздiк желiлерге заңсыз қосу, -
      жеке тұлғаларға – отыз, лауазымды адамдарға, дара кәсiпкерлерге – алпыс, шағын немесе орта кәсiпкерлiк субъектiлерi немесе коммерциялық емес ұйымдар болып табылатын заңды тұлғаларға –  жүз елу, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға үш жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.»;
      3) 147-6-бапта:
      тақырыбы «энергиясын өткізу (сату)» деген сөздерден кейін «және электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша қызмет көрсету» деген сөздермен толықтырылсын;
      бірінші бөліктің бірінші абзацындағы «электр энергиясының тиісінше шекті, жеке, есептiк тарифінен» деген сөздер «электр энергиясына арналған шекті тарифтен» деген сөздермен ауыстырылсын;
      мынадай мазмұндағы 1-1-бөлікпен толықтырылсын:
      «1-1. Энергия өндіруші ұйымның электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметті электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметке арналған шекті тарифтен асатын баға бойынша өткізуі, -
      орта немесе ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға әкімшілік құқық бұзушылық жасау нәтижесінде алынған табысының (түсімінің) жүз пайызы мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.»;
      екінші бөліктің екінші абзацы «әкімшілік құқық бұзушылық» деген сөздердің алдынан «заңды тұлғаларға» деген сөздермен толықтырылып, «проценті» деген сөз «пайызы» деген сөзбен ауыстырылсын;
      мынадай мазмұндағы 2-1, 2-2 және 2-3-бөліктермен толықтырылсын:
      «2-1. Энергия өндіруші ұйымның энергия өндіруші басқа ұйымнан электр энергиясын заңсыз алуы (сатып алуы) -
      орта немесе ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға әкімшілік құқық бұзушылық жасау нәтижесінде алынған (сатып алынған) электр энергиясы үшін ақы төлеу сомасының жүз пайызы мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
      2-2. Энергия өндіруші ұйымның жүйелік оператормен электр қуатының жүктеме көтеруге әзірлігін қамтамасыз ету бойынша қызметтер көрсетуге арналған шарты жоқ энергиямен жабдықтаушы, энергия беруші ұйымдарға және электр энергиясының көтерме сауда нарығының субъектілері болып табылатын тұтынушыларға электр энергиясын өткізуі (сатуы), -
      орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға – төрт жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға екі мың айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
      2-3. Энергиямен жабдықтаушы, энергия беруші ұйымдардың және электр энергиясының көтерме сауда нарығының субъектісі болып табылатын тұтынушының энергия өндіруші ұйымнан жүйелік оператормен электр қуатының жүктеме көтеруге әзірлігін қамтамасыз ету бойынша қызмет көрсетуге арналған шарт жасаспай электр энергиясын алуы (сатып алуы) -
      дара кәсіпкерлерге – үш жүз, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға – төрт жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға екі мың айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.»;
      үшінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
      «3. Энергиямен жабдықтаушы ұйымның энергиямен жабдықтаушы басқа ұйымға электр энергиясын заңсыз өткізуі (сатуы), сол сияқты энергиямен жабдықтаушы басқа ұйымнан оны заңсыз алуы (сатып алуы), -
      заңды тұлғаларға әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасау нәтижесiнде өткізілген (сатылған), сол сияқты алынған (сатып алынған) электр энергиясы үшін ақы төлеу сомасының жүз пайызы мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.»;
      ескертуде:
      бірінші абзацтағы «Ескерту» деген сөз «Ескертулер» деген сөзбен ауыстырылсын;
      екінші абзацтағы «тиісінше шекті, есептiк, жеке» деген сөздер «шекті» деген сөзбен ауыстырылсын;
      үшiншi абзацтағы «екiншi және үшінші» деген сөздер «1-1 және екiншi» деген сөздермен ауыстырылсын;
      4) 147-7-бапта:
      мынадай мазмұндағы 1-1, 1-2 және 1-3-бөліктермен толықтырылсын:
      «1-1. Реттелетін нарық субъектілерінің шекті бағаларда ескерілген инвестициялық бағдарламаларды (жобаларды) орындамауы -
      дара кәсіпкерлерге және заңды тұлғаларға инвестициялық бағдарламаларды (жобаларды) іске асыруға пайдаланылмаған соманың он пайызы мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
      1-2. Реттелетін нарық субъектілерінің алынған және шекті бағаларда ескерілген инвестициялық бағдарламаларды (жобаларды) іске асыруға пайдаланылмаған табысты (түсімді) тұтынушыларға не тұтынушылардың толық тізбесін белгілеу мүмкін болмаған жағдайда, баға белгілеу тәртібіне сәйкес алдағы кезеңге шекті бағаның деңгейін төмендету арқылы қайтару жөніндегі міндеттерді орындамауы -
      дара кәсіпкерлерге және заңды тұлғаларға әкімшілік құқық бұзушылық жасау нәтижесінде алынған табыс (түсім) сомасының жүз пайызы мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
      1-3. Реттелетін нарық субъектілерінің шекті бағаны негізсіз көтеру нәтижесінде алынған табысты (түсімді) тұтынушыларға не тұтынушылардың толық тізбесін белгілеу мүмкін болмаған жағдайда, баға белгілеу тәртібіне сәйкес алдағы кезеңге шекті бағаның деңгейін төмендету арқылы қайтару жөніндегі міндеттерді орындамауы -
      дара кәсіпкерлерге және заңды тұлғаларға әкімшілік құқық бұзушылық жасау нәтижесінде алынған табыс (түсім) сомасының жүз пайызы мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.»;
      ескерту мынадай редакцияда жазылсын:
      «Ескертулер.
      Әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасау нәтижесiнде алынған табыс (түсiм) деп мыналар:
      осы баптың 1-2-бөлігі бойынша: реттелетін нарық субъектісінің инвестициялық бағдарламаларды (жобаларды) іске асыру үшін шекті бағаны қолдану есебінен алған табысы (түсімі) мен инвестициялық бағдарламаларды (жобаларды) іске асыруға пайдаланылған табыстың (түсімнің) арасындағы айырма;
      осы баптың 1-3-бөлігі бойынша: реттелетін нарық субъектісінің алған табысы (түсімі) мен шекті баға деңгейін негізге ала отырып қалыптастырылған табыстың (түсімнің) арасындағы айырма;
      осы баптың екiншi бөлiгi бойынша: реттелетiн нарық субъектiсiнiң алған табысы (түсiмi) мен бағаны көтергенге дейiн қолданыста болған баға бойынша не табиғи монополиялар салаларындағы және реттелетiн нарықтардағы басшылықты жүзеге асыратын уәкiлеттi орган деңгейiн айқындаған баға бойынша есептелген табыстың (түсiмнің) арасындағы айырма түсiнiледi.
      Табыстың (түсiмнің) құрамына сатылған, бiрақ әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы хаттама жасалған күнге ақысы төленбеген тауардың (жұмыстардың, көрсетiлетiн қызметтердiң) құнын да енгiзу қажет.»;
      5) 147-9-бап алып тасталсын;
      6) мынадай мазмұндағы 147-13-баппен толықтырылсын:
      «147-13-бап. Қазақстан Республикасының электр энергетикасы
                   туралы заңнамасын бұзу
      1. Энергия өндіруші ұйымның Қазақстан Республикасының электр энергетикасы туралы заңнамасында көзделген инвестициялардың көлемі мен бағыттары не инвестициялық міндеттемелердің орындалуы туралы мәліметтерді бұқаралық ақпарат құралдарында жарияламауы, уақтылы, дұрыс немесе толық жарияламауы, -
      орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға – екі жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға бір мың айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
      2. Энергия өндіруші ұйымның Қазақстан Республикасының электр энергетикасы туралы заңнамасында көзделген электр энергиясын өндіру мен өткізу шығындары бойынша және электр энергиясын өндіру мен өткізу көлемі бойынша есепті ұсынбауы, уақтылы, дұрыс немесе толық ұсынбауы, -
      орта кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға – төрт жүз, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға екі мың айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
      3. Энергия өндіруші ұйымның мемлекеттік органдар сұратқан, Қазақстан Республикасының электр энергетикасы туралы заңнамасында көзделген өз өкілеттіктерін жүзеге асыру үшін қажетті ақпаратты ұсынбауы, уақтылы, дұрыс немесе толық ұсынбауы, -
      орта кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға – төрт жүз, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға екі мың айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
      4. Қазақстан Республикасының электр энергетикасы туралы заңнамасында көзделген жағдайларды қоспағанда, энергия өндіруші ұйымның келісімде айқындалған инвестициялық міндеттемелерді орындамауы, -
      орта немесе ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға келісімде көзделген инвестициялық міндеттемелерді іске асыруға пайдаланылмаған соманың он пайызы мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
      5. Энергиямен жабдықтаушы ұйымның тұтынушыларға электр энергиясын беруді заңсыз шектеуі және (немесе) ажыратуы, -
      лауазымды адамдарға, дара кәсіпкерлерге – жиырма, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға – елу, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға жетпіс бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
      6. Энергиямен жабдықтаушы ұйымның тұтынушымен энергиямен жабдықтаудың жеке шартын жасасудан бас тартуы, -
      лауазымды адамдарға, дара кәсіпкерлерге – жиырма, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға – елу, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға жетпіс бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.»;
      7) 223-бап мынадай редакцияда жазылсын:
      «223-бап. Электр станциялары мен желілерін техникалық
                пайдаланудың, электр станциялары мен жылу желілерінің
                жылу-механикалық жабдықтарын пайдалану кезінде
                қауіпсіздік техникасының, тұтынушылардың электр
                қондырғыларын техникалық пайдаланудың бекітілген
                қағидаларын бұзу, сондай-ақ энергия тұтынудың
                белгіленген режімдерін бұзу
      Авария, қоршаған ортаның ластануы, өрт қатерін тудыратын немесе қызмет көрсетушi адамның өмiрiне қауiптi жай-күйге әкеп соқтыратын электр станциялары мен желілерін техникалық пайдаланудың, электр станциялары мен жылу желілерінің жылу-механикалық жабдықтарын пайдалану кезінде қауіпсіздік техникасының, тұтынушылардың электр қондырғыларын техникалық пайдаланудың бекітілген қағидаларын бұзу, сондай-ақ басқа да энергия тұтынушыларды шектеуге және (немесе) одан ажыратуға әкеп соқтырған энергия тұтынудың белгiленген режімдерiн бұзу, -
      жеке адамдарға – он бес, лауазымды адамдарға – жиырма бес, дара кәсiпкерлерге – жетпіс бес, шағын немесе орта кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға – жүз, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға екі жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.»;
      8) мынадай мазмұндағы 223-1-баппен толықтырылсын:
      «223-1-бап. Әзірлік паспортын алу мерзімін бұзу
      1. Энергия өндіруші, энергия беруші ұйымдардың күзгі-қысқы жағдайларда жұмыс істеуі үшін әзірлік паспортын алу мерзімін бұзуы, -
      дара кәсiпкерлерге – елу, шағын немесе орта кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға – жүз елу, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға үш жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
      2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекет, -
      дара кәсiпкерлерге – жүз, шағын немесе орта кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға – екі жүз, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға бес жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.»;
      9) 224-бап мынадай редакцияда жазылсын:
      «224-бап. Электр желiлерiн бүлдiру
      1. Кернеуі 1000 вольтқа дейінгі электр желiлерiн (әуе электр беру желiлерiн, жерасты және суасты кәбіл желiлерiн, трансформаторлық және өзгертушi қосалқы станцияларды, бөлiп таратқыш құрылғылар мен ауыстырып қосқыш пункттерді) бүлдiру -
      жеке тұлғаларға – сегіз, лауазымды адамдарға – он бес, дара кәсiпкерлерге, шағын немесе орта кәсiпкерлiк субъектiлерi немесе коммерциялық емес ұйымдар болып табылатын заңды тұлғаларға – жиырма бес, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
      2. Кернеуі 1000 вольттан асатын электр желiлерiн (әуе электр беру желiлерiн, жерасты және суасты кәбіл желiлерiн, трансформаторлық және өзгертушi қосалқы станцияларды, бөлiп таратқыш құрылғылар мен ауыстырып қосқыш пункттерді) бүлдiру -
      жеке тұлғаларға – он бес, лауазымды адамдарға – жиырма бес, дара кәсiпкерлерге, шағын немесе орта кәсiпкерлiк субъектiлерi немесе коммерциялық емес ұйымдар болып табылатын заңды тұлғаларға – елу, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға жетпіс бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
      3. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, тұтынушыларды электр энергиясымен қамтамасыз етуде iркілiс туғызған және залал келтiрген, сол сияқты бір жыл ішінде қайталап жасалған іс-әрекет -
      жеке тұлғаларға – он бес, лауазымды адамдарға – отыз, дара кәсiпкерлерге, шағын немесе орта кәсiпкерлiк субъектiлерi немесе коммерциялық емес ұйымдар болып табылатын заңды тұлғаларға – жетпіс бес, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға жүз елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
      4. Осы баптың екінші бөлігінде көзделген, тұтынушыларды электр энергиясымен қамтамасыз етуде iркілiс туғызған және залал келтiрген, сол сияқты бір жыл ішінде қайталап жасалған іс-әрекет, -
      жеке тұлғаларға – отыз, лауазымды адамдарға – қырық, дара кәсiпкерлерге, шағын немесе орта кәсiпкерлiк субъектiлерi немесе коммерциялық емес ұйымдар болып табылатын заңды тұлғаларға – жүз елу, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға екі жүз елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.»;
      10) 356-баптың үшінші бөлігінің бірінші абзацындағы «147-9,» деген цифрлар алып тасталсын;
      11) 541-баптың бірінші бөлігі:
      «147-1 (екiншi бөлiгiнде),» деген сөздерден кейін «147-6 (1-1, 2-1, 2-2 және 2-3-бөліктерінде),» деген сөздермен толықтырылсын;
      «147-12,» деген цифрлардан кейін «147-13 (үшінші, бесінші және алтыншы бөліктерінде),» деген сөздермен толықтырылсын;
      12) 565-1-баптың бірінші бөлігінде:
      «147-6» деген цифрлардан кейін «(бірінші, екінші және үшінші бөліктерінде)» деген сөздермен толықтырылсын;
      «147-9,» деген цифрлар алып тасталсын;
      13) 636-баптың бірінші бөлігінің 1) тармақшасында:
      жиырма екінші абзац алып тасталсын;
      қырық бiрiншi абзацтағы «(356-бап)» деген сөздер «(147-6 (1-1 және 2-1-бөлiктерi), 147-12 (бiрiншi және үшiншi бөлiктері (мұнай өнiмдерiн бөлшек саудада өткiзудiң шектi бағасын асырып жiберу бойынша), 356-баптар)» деген сөздермен ауыстырылсын;
      қырық үшінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
      «мемлекеттiк энергетикалық қадағалау және бақылау органдарының (127 (бiрiншi бөлiгi), 147-6 (2-2, 2-3-бөлiктерi), 147-13 (үшiншi, бесiншi және алтыншы бөлiктерi), 219-8 (екінші және үшінші бөліктері), 223 – 225, 225-1 (электр мен жылу желiлерi жолдарының күзет аймақтарындағы бұзушылықтар бойынша), 356, 357-1-баптар);»;
      елу жетінші абзац «127» деген цифрлардан кейін «(екінші бөлігі)» деген сөздермен толықтырылсын.
      3. «Табиғи монополиялар және реттелетін нарықтар туралы» 1998 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1998 ж., № 16, 214-құжат; 1999 ж., № 19, 646-құжат; 2000 ж., № 3-4, 66-құжат; 2001 ж., № 23, 309-құжат; 2002 ж., № 23-24, 193-құжат; 2004 ж., № 14, 82-құжат; № 23, 138, 142-құжаттар; 2006 ж., № 2, 17-құжат; № 3, 22-құжат; № 4, 24-құжат; № 8, 45-құжат; № 13, 87-құжат; 2007 ж., № 3, 20-құжат; № 19, 148-құжат; 2008 ж., № 15-16, 64-құжат; № 24, 129-құжат; 2009 ж., № 11-12, 54-құжат; № 13-14, 62-құжат; № 18, 84-құжат; 2010 ж., № 5, 20, 23-құжаттар; 2011 ж., № 1, 2-құжат; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; № 13, 112-құжат; № 16, 129-құжат; 2012 ж., № 2, 9, 15-құжаттар; № 3, 21-құжат; № 4, 30-құжат):
      1) 3-баптың 4) тармақшасы «монополия» деген сөзден кейін «, реттелетін нарық» деген сөздермен толықтырылсын;
      2) алып тасталды - ҚР 12.11.2015 № 394-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);
      3) 7-бапта:
      бірінші бөлікте:
      7) тармақша «бастап» деген сөзден кейін «күнтізбелік» деген сөзбен толықтырылсын;
      мынадай мазмұндағы 7-5) және 14-1) тармақшалармен толықтырылсын:
      «7-5) инвестициялық бағдарламаны (жобаны) іске асыру кезеңінде жыл сайын, есепті кезеңнен кейінгі жылдың 1 мамырынан кешіктірмей, Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен нысан бойынша инвестициялық бағдарламаның (жобаның) орындалуы туралы ақпарат беруге және осы ақпаратты бұқаралық ақпарат құралдарында орналастыруға;»;
      «14-1) тарифті, оның шекті деңгейін және инвестициялық бағдарламаны (жобаны) бекіту үшін уәкілетті орган белгілеген тәртіппен қаржылық және техникалық сараптама қорытындыларын беруге;»;
      18) тармақшадағы «табиғи монополиялар субъектiлерiнiң белгіленген тәртіппен бекітілген инвестициялық бағдарламаларын (жобаларын)» деген сөздер «белгіленген тәртіппен бекітілген инвестициялық бағдарламаларды (жобаларды)» деген сөздермен ауыстырылсын;
      екінші бөлік «10),» деген цифрлардан кейін «14-1),» деген цифрлармен толықтырылсын;
      4) 7-2-бап мынадай мазмұндағы 2-1-тармақпен толықтырылсын:
      «2-1. Уәкілетті орган шекті бағада ескерілген инвестициялық бағдарламаның (жобаның) орындалуы туралы тоқсан сайынғы ақпаратты қарайды және ол жыл қорытындысы бойынша орындалмаған жағдайда реттелетін нарық субъектісіне алынған және шекті бағада ескерілген инвестициялық бағдарламаны (жобаны) іске асыруға пайдаланылмаған табысты қайтару туралы нұсқама енгізеді. Осы тармақта көрсетілген, реттелетін нарық субъектісіне енгізілген нұсқама туралы ақпарат уәкілетті органның интернет-ресурсында орналастырылады.»;
      5) 7-3-бапта:
      1) тармақша төртінші және бесінші абзацтардағы «табыс етуге» деген сөздер алып тасталып, мынадай мазмұндағы алтыншы абзацпен толықтырылсын:
      «осы ақпаратты Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес ұсынатын реттелетін нарық субъектілерін қоспағанда, шекті бағада ескерілген, кейіннен бұқаралық ақпарат құралдарында орналастырылатын инвестициялық бағдарламаның (жобаның) орындалуы не орындалмауы туралы тоқсан сайынғы ақпаратты уәкілетті орган бекіткен нысан бойынша есепті тоқсаннан кейінгі айдың жиырма бесінен кешіктірмей беруге;»;
      мынадай мазмұндағы 3-1) және 3-2) тармақшалармен толықтырылсын:
      «3-1) реттелетін нарықтарда баға белгілеу тәртібіне сәйкес шекті бағаларда ескерілген инвестициялық бағдарламаларды (жобаларды) орындауға;
      3-2) алынған және шекті бағаларда ескерілген инвестициялық бағдарламаларды (жобаларды) іске асыруға пайдаланылмаған табысты тікелей тұтынушыларға не тұтынушылардың толық тізбесін белгілеу мүмкін болмаған жағдайда, реттелетін нарықтарда баға белгілеу тәртібіне сәйкес алдағы кезеңге шекті бағаның деңгейін төмендету арқылы қайтаруға;»;
      4) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      «4) шекті бағаны негізсіз көтеру нәтижесінде алынған табысты тікелей тұтынушыларға не тұтынушылардың толық тізбесін белгілеу мүмкін болмаған жағдайда реттелетін нарықтарда баға белгілеу тәртібіне сәйкес алдағы кезеңге шекті бағаның деңгейін төмендету жолымен қайтаруға міндетті.»;
      6) 13-баптың 1-тармағы мынадай мазмұндағы 4-3) тармақшамен толықтырылсын:
      «4-3) табиғи монополиялар субъектілерінің инвестициялық бағдарламалардың (жобалардың) орындалуы туралы ақпаратына талдау жүргізеді;»;
      7) 14-баптың 1-тармағының 20) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «20) тарифтерді (бағаларды, алымдар мөлшерлемелерін) немесе олардың шекті деңгейлерін бекіту кезінде ескерілетін табиғи монополиялар субъектілерінің инвестициялық бағдарламаларын (жобаларын) тиісті мемлекеттік органмен бірлесіп бекітуге;»;
      8) 14-1-бапта:
      1-тармақтың 1) тармақшасында:
      бірінші бөліктің үшінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
      «тарифтерді (бағаларды, алымдар мөлшерлемелерін) немесе олардың шекті деңгейлерін бекіту кезінде ескерілген инвестициялық бағдарламаларды (жобаларды) орындамау;»;
      екінші бөліктегі «екінші» деген сөзден кейін «, үшінші» деген сөзбен толықтырылсын;
      мынадай мазмұндағы ескертпемен толықтырылсын:
      «Ескертпе. Нақты қаржылық көрсеткіштері инвестициялық бағдарламаларда (жобаларда) бекітілгеннен төмен инвестициялық бағдарламаларды (жобаларды) іске асыру инвестициялық бағдарламаларды (жобаларды) орындамау деп түсініледі.»;
      9) мынадай мазмұндағы 15-3-баппен толықтырылсын:
      «15-3-бап. Табиғи монополия субъектісінің инвестициялық
                 бағдарламасын (жобасын) бекіту және оның орындалуы
                 туралы ақпаратқа талдау жүргізу тәртібі
      1. Табиғи монополия субъектісі инвестициялық бағдарламаны (жобаны) бекіту үшін уәкілетті органға ұсынады.
      2. Табиғи монополия субъектісінің инвестициялық бағдарламасын (жобасын) бекіту тәртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайды.
      Табиғи монополия субъектісінің бекітілген инвестициялық бағдарламасын (жобасын) уәкілетті орган және тиісті мемлекеттік орган өздерінің интернет-ресурстарында орналастырады.
      3. Уәкілетті орган инвестициялық бағдарламаны (жобаны) ол уәкілетті органға ұсынылған кезден бастап күнтізбелік отыз күн ішінде қарайды.
      Уәкілетті орган инвестициялық бағдарламаны (жобаны) қарау нәтижелері бойынша осы баптың 5-тармағында көрсетілген мемлекеттік органға инвестициялық бағдарламаны (жобаны) бекіту туралы шешімнің қол қойылған жобасын (инвестициялық бағдарламаны (жобаны) қоса бере отырып) жібереді не дәлелді қорытындыны қоса бере отырып, инвестициялық бағдарламаны (жобаны) бекітуден бас тарту туралы табиғи монополия субъектісін хабардар етеді.
      Инвестициялық бағдарламаны (жобаны) бекіту туралы шешімнің жобасы табиғи монополия субъектісі ұсынған немесе уәкілетті орган түзеткен инвестициялық бағдарламаның (жобаның) бекітілуін көздейді.
      Уәкілетті орган инвестициялық бағдарламаны (жобаны) Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген жағдайларда және тәртіппен түзетеді.
      Осы баптың 5-тармағында көрсетілген мемлекеттік орган инвестициялық бағдарламаны (жобаны) бекіту туралы шешімнің жобасы ұсынылған күннен бастап күнтізбелік отыз күн ішінде уәкілетті органға инвестициялық бағдарламаны (жобаны) бекіту туралы қол қойылған шешімді жібереді не дәлелді қорытындыны қоса бере отырып, инвестициялық бағдарламаны (жобаны) бекіту туралы шешімнің жобасына өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу қажеттігі туралы хабарлайды.
      4. Инвестициялық бағдарламаны (жобаны) бекітуден бас тарту үшін:
      1) инвестициялық бағдарламаның (жобаның) экономикалық тиімділігінің болмауы;
      2) инвестициялық бағдарламаны (жобаны) қаржыландыру көздерінің болмауы;
      3) осы баптың 2-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен тәртіпке сай ұсынылатын негіздеуші құжаттардың болмауы;
      4) бұрыс ақпаратты қамтитын құжаттарды ұсыну негіз болып табылады.
      Инвестициялық бағдарламаны (жобаны) бекітуден өзге де негіздер бойынша бас тартуға жол берілмейді.
      5. Осы тармақтың екінші бөлігінде көрсетілген жағдайды қоспағанда, уәкілетті орган мемлекеттік басқарудың тиісті саласына (аясына) басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттік органмен бірлесіп табиғи монополия субъектісінің инвестициялық бағдарламасын (жобасын) бекітеді.
      Мемлекеттік коммуналдық кәсіпорын болып табылатын, Табиғи монополиялар субъектілерінің мемлекеттік тіркелімінің жергілікті бөліміне енгізілген табиғи монополия субъектісінің инвестициялық бағдарламасын (жобасын) уәкілетті орган облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органымен бірлесіп бекітеді.
      6. Осы тармақтың екінші бөлігінде көрсетілген жағдайды қоспағанда, табиғи монополия субъектісінің инвестициялық бағдарламасын (жобасын) бекіту туралы шешім уәкілетті органның және осы баптың 5-тармағында көрсетілген мемлекеттік органның бірлескен бұйрығымен ресімделеді.
      Мемлекеттік коммуналдық кәсіпорын болып табылатын, Табиғи монополиялар субъектілерінің мемлекеттік тіркелімінің жергілікті бөліміне енгізілген табиғи монополия субъектісінің инвестициялық бағдарламасын (жобасын) бекіту туралы шешім уәкілетті органның және облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органының бірлескен құқықтық актісімен ресімделеді.
      7. Табиғи монополия субъектісі инвестициялық бағдарламаны (жобаны) іске асыру кезеңінде жыл сайын, есепті кезеңнен кейінгі жылдың 1 мамырынан кешіктірмей, уәкілетті органға:
      1) реттеліп көрсетілетін қызметтердің (тауарлардың, жұмыстардың) жоспарлы және нақты көлемдері туралы ақпаратты;
      2) пайдалар мен шығындар туралы есепті;
      3) инвестициялық бағдарламаны (жобаны) қаржыландырудың нақты шарттары мен мөлшерлері туралы ақпаратты;
      4) инвестициялық бағдарламаны (жобаны) орындаудың нақты көрсеткіштерін инвестициялық бағдарламада (жобада) бекітілген көрсеткіштермен салыстыру туралы ақпаратты;
      5) қол жеткізілген нақты көрсеткіштердің инвестициялық бағдарламада (жобада) бекітілген көрсеткіштерден ауытқу себептерінің түсіндірмесін қамтитын инвестициялық бағдарламаның (жобаның) орындалуы туралы ақпаратты ұсынады.
      8. Табиғи монополия субъектісінің инвестициялық бағдарламасының (жобасының) орындалуы туралы ақпаратты талдауды уәкілетті орган ол ұсынылған кезден бастап күнтізбелік отыз күн ішінде жүргізеді.
      9. Табиғи монополия субъектісінің инвестициялық бағдарламасының (жобасының) орындалуы туралы ақпаратқа талдау жүргізу мынадай:
      1) инвестициялық бағдарламаны (жобаны) іске асыру барысы туралы ақпарат жинау;
      2) реттеліп көрсетілетін қызметтердің (тауарлардың, жұмыстардың) қол жеткізілген нақты көлемін және нақты шығындарды талдау;
      3) қол жеткізілген нақты қаржылық нәтижені инвестициялық бағдарламада (жобада) қабылданған көрсеткіштермен салыстыру;
      4) тариф (баға, алымдар мөлшерлемелері) деңгейінің өзгеруіне, табиғи монополия субъектісі ұсынатын реттеліп көрсетілетін қызметтерге (тауарларға, жұмыстарға) сұраныстың дамуына инвестициялық бағдарламаны (жобаны) іске асырудың әсерін бағалау;
      5) табиғи монополия субъектісі инвестициялық бағдарламасының (жобасының) орындалуы туралы ақпаратты талдау нәтижелері туралы қорытынды дайындау кезеңдерін қамтиды.»;
      10) 17-бапта:
      2-тармақта:
      бірінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
      «2. Уәкiлеттi орган:
      1) табиғи монополия субъектiсiнiң реттелiп көрсетiлетiн қызметтерiне (тауарларына, жұмыстарына) тарифтердi (бағаларды, алым мөлшерлемелерін) немесе олардың шектi деңгейлерiн жалпы тәртiппен бекiту кезiнде кемiнде күнтізбелік он бес күн бұрын;
      2) табиғи монополия субъектiсiнiң реттелiп көрсетiлетiн қызметтерiне (тауарларына, жұмыстарына) тарифтердi (бағаларды, алым мөлшерлемелерін) осы Заңның 18-бабының 5-тармағына сәйкес бекiту кезiнде кемiнде күнтізбелік жетi күн бұрын жария тыңдауларды өткiзу күнi мен орны туралы ақпаратты өзінің интернет-ресурсында орналастыруға және мерзiмдi баспасөз басылымдарында жариялауға мiндеттi.»;
      үшінші бөліктің 1) – 4) тармақшаларындағы «ставкаларының», «отыз күн», «ставкаларын», «он бес күн», «жеті күн», «бір күн» деген сөздер тиісінше «мөлшерлемелерінің», «күнтізбелік отыз күн», «мөлшерлемелерін», «күнтізбелік он бес күн», «күнтізбелік жеті күн», «күнтізбелік бір күн» деген сөздермен ауыстырылсын;
      3-тармақта:
      «ставкаларының», «елу бес күн» деген сөздер тиісінше «мөлшерлемелерінің», «күнтізбелік елу бес күн» деген сөздермен ауыстырылсын;
      «ставкаларының», «жүз алпыс бес күн», деген сөздер тиісінше «мөлшерлемелерінің», «күнтізбелік жүз қырық бес күн» деген сөздермен ауыстырылсын;
      4-тармақтағы «ставкаларының», «он күн» деген сөздер тиісінше «мөлшерлемелерінің», «күнтізбелік он күн» деген сөздермен ауыстырылсын;
      11) 18-баптың 2-тармағы «ставкаларын» деген сөз «мөлшерлемелерін» деген сөзбен ауыстырылып, «отыз бес күн», «он күн» деген сөздердің алдынан «күнтізбелік» деген сөзбен толықтырылсын;
      12) 18-1-бапта:
      1-тармақтың 1) тармақшасы «процентінен», «ставкаларының» деген сөздер тиісінше «пайызынан», «мөлшерлемелерінің» деген сөздермен ауыстырылып, «әкеп соқпайтын жағдайда табиғи монополия субъектiсiнiң» деген сөздерден кейін «реттелетін қызметтерінің (тауарларының, жұмыстарының) өндірісіне және ұсынылуына арналған» деген сөздермен толықтырылсын;
      2-тармақтың үшінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
      «Қуаттылығы аз табиғи монополия субъектісі осы баптың 1-тармағының 2), 2-1) 3), 4) және 5) тармақшаларында көрсетілген іс-әрекеттерді жасағанға дейін кемінде күнтізбелік он күн бұрын уәкілетті органға өзінің аталған іс-әрекеттерді жасауға ниеттенгені туралы ақпарат жіберуге міндетті.»;
      4-тармақтағы «қабылдамауға құқылы» деген сөздер «қабылдамайды» деген сөзбен ауыстырылсын;
      13) 19-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      «2. Уәкілетті орган табиғи монополия субъектісіне өзі жүргізген тексерулер материалдарының негізінде, табиғи монополия субъектісінің тарифтік сметаны орындауын талдау және (немесе) табиғи монополия субъектісінің инвестициялық бағдарламаның (жобаның) орындалуы туралы ақпаратын талдау нәтижелері бойынша шешім қабылданған күнгі Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің қайта қаржыландыру мөлшерлемесін ескере отырып, уақытша өтемдік тарифті белгілейді. Табиғи монополия субъектісінің тарифтік сметаны орындауын тексеру, талдау және (немесе) табиғи монополия субъектісінің инвестициялық бағдарламаның (жобаның) орындалуы туралы ақпаратына талдау жүргізілген айдан кейінгі екінші айдың бірінші күнінен бастап уақытша өтемдік тарифті енгізу жүзеге асырылады.
      Қабылданған шешім туралы ақпарат уәкілетті органның интернет-ресурсында орналастырылады.».
      4. «Электр энергетикасы туралы» 2004 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан  Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2004 ж., № 17, 102-құжат; 2006 ж., № 3, 22-құжат; № 7, 38-құжат; № 13, 87-құжат; № 24, 148-құжат; 2007 ж., № 19, 148-құжат; 2008 ж., № 15-16, 64-құжат; № 24, 129-құжат; 2009 ж., № 13-14, 62-құжат; № 15-16, 74-құжат; № 18, 84-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; 2011 ж., № 1, 2-құжат; № 5, 43-құжат; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; № 16, 129-құжат; 2012 ж., № 3, 21-құжат):
      1) 1-бапта:
      мынадай мазмұндағы 2-1) және 2-2) тармақшалармен толықтырылсын:
      «2-1) әзірлік паспорты – энергия өндіруші және энергия беруші ұйымдардың күзгі-қысқы жағдайларда жұмысқа әзірлігін растайтын, жыл сайын берілетін құжат;
      2-2) генерациялайтын қондырғы – электр энергиясын өндіретін құрылғы;»;
      3) және 4) тармақшалар алып тасталсын;
      7) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      «7) жүйелiк оператор – орталықтандырылған оралымды-диспетчерлiк басқаруды, басқа мемлекеттердiң энергия жүйелерiмен қатарлас жұмыс iстеудi қамтамасыз етудi, энергия жүйесiндегi теңгерiмдi ұстап тұруды, жүйелiк қызметтер көрсетудi және электр энергиясының көтерме сауда нарығы субъектiлерiнен қосалқы көрсетiлетiн қызметтердi сатып алуды, сондай-ақ электр энергиясын ұлттық электр желiсi бойынша берудi, оған техникалық қызмет көрсетудi және оны пайдалану әзiрлiгiнде ұстап тұруды жүзеге асыратын ұлттық компания;»;
      12), 13) және 14) тармақшалар алып тасталсын;
      мынадай мазмұндағы 18-1), 20-1) және 22-1) тармақшалармен толықтырылсын:
      «18-1) мемлекеттік техникалық инспектор – уәкілетті органның Қазақстан Республикасының электр энергетикасы туралы заңнама талаптарын сақтауға мемлекеттік бақылау жасауды жүзеге асыратын лауазымды адамы;»;
      «20-1) орталықтандырылған сауда нарығының операторы – электр энергиясының спот-сауда-саттығын қоса алғанда, электр энергиясының және электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметтің орталықтандырылған сауда-саттығын жүзеге асыратын ұйым;»;
      «22-1) пайдаланылатын отын қорының нормасы – тәулікпен есептегенде энергия өндіруші ұйымдар пайдаланатын ең аз отын қоры;»;
      28) тармақша алып тасталсын;
      мынадай мазмұндағы 31-1), 31-2), 31-3), 31-4), 31-5), 31-6) және 31-7) тармақшалармен толықтырылсын:
      «31-1) электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызмет – энергия өндіруші ұйымдардың белгіленген тәртіппен аттестатталған генерациялайтын қондырғылардың электр қуатының жүктеме көтеруге әзірлігін ұстап тұру бойынша жүйелік операторға көрсететін қызметі;
      31-2) электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметке арналған шекті тариф – электр қуатының нарығына қатысатын энергия өндіруші ұйымдар үшін электр қуатының (тендерлік негізде жаңадан пайдалануға берілетін генерациялайтын қондырғылардың электр қуатын қоспағанда) әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметке арналған энергия өндіруші ұйымдар топтары бойынша бекітілген, өтемділіктің жеті жылға тең нормативтік мерзімі шегінде қолда бар өндірістік активтерді жаңартуға, қолдауға, реконструкциялауға және техникалық қайта жарақтандыруға салынған инвестициялардың қайтарымдылығын қамтамасыз ететін тарифтің (бағаның) ең жоғары шамасы;
      31-3) электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша қызмет көрсететін энергия өндiрушi ұйымдар тобы – мынадай өлшемдер: энергия өндiрушi ұйымдар типi, генерациялайтын жабдықтың бірлік қуаты бойынша қалыптасқан энергия өндiрушi ұйымдар жиынтығы;
      31-4) электр қуатының жүктеме көтеруге әзірлігін қамтамасыз ету бойынша көрсетілетін қызмет – белгіленген тәртіппен аттестатталған, генерациялайтын қондырғылар электр қуатының жүктеме көтеруге әзірлігін қамтамасыз ету бойынша Қазақстан Республикасының бірыңғай электр энергетикасы жүйесінде жүйелік оператор көрсететін қызмет;
      31-5) электр қуатының нарығы – энергия өндіруші ұйымдардың генерациялайтын жабдықтың электр энергиясын өндіруге әзірлігі жағдайында ұстап тұруға, қолда бар өндірістік активтерді жаңартуға, қолдауға, реконструкциялауға және техникалық қайта жарақтандыруға, сондай-ақ оларды құруға байланысты электр энергиясының көтерме сауда нарығы субъектілері арасындағы өзара қарым-қатынастар жүйесі;
      31-6) электр қуатының орталықтандырылған сауда-саттығы – электрондық сауда жүйесінде энергия өндіруші ұйымдар мен жүйелік оператор арасында электр қуатының (тендерлік негізде жаңадан пайдалануға берілетін генерациялайтын қондырғылардың электр қуатын қоспағанда) әзірлігін ұстап тұру бойынша қызметтер көрсету туралы шарттар жасасуға бағытталған процесс;
      31-7) электр қуатының спот-сауда-саттығы – бір күн бұрын режімінде қысқа мерзімді негізде электрондық сауда жүйесінде электр қуатының (тендерлік негізде жаңадан пайдалануға берілетін генерациялайтын қондырғылардың электр қуатын қоспағанда) әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметтердің ұйымдастырылған саудасы;»;
      33) тармақшадағы «электр энергиясымен орталықтандырылған сауда операторы» деген сөздер «орталықтандырылған сауда нарығының операторы» деген сөздермен ауыстырылсын;
      мынадай мазмұндағы 33-1) тармақшамен толықтырылсын:
      «33-1) электр энергиясына арналған шекті тариф – энергия өндіруші ұйымдардың жаңа активтерді құруға, қолда бар активтерді жаңартуға, қолдауға, реконструкциялауға және техникалық қайта жарақтандыруға арналған инвестицияларын қаржыландыру көзі ретінде инвестициялық құрауышын ескермейтін, энергия өндіруші ұйымдар тобы үшін электр энергиясына арналған босату тарифінің (бағасының) бекітілген ең жоғары шамасы;»;
      35) – 40) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
      35) электр энергиясын беру – энергия берушi ұйымдардың электр энергиясын беруге жасалған шарттарға сәйкес көрсететiн қызметi;
      35-1) электр энергиясын коммерциялық есепке алудың автоматтандырылған жүйесі – өлшем құралдарының және электр энергиясын өлшеуге, жинақтауға, өңдеуге, сақтауға және есепке алу деректерін беруге арналған аппараттық-бағдарламалық кешеннің жиынтығы;
      36) электр энергиясын өндірудің-тұтынудың тәуліктік кестесі - электр энергиясын орталықсыздандырылған сатып алу-сату және электр энергиясының орталықтандырылған сауда нарықтарындағы көтерме сауда нарығына қатысушылар жасасқан электр энергиясын сатып алу-сату шарттарына сәйкес күнтізбелік әрбір тәулікте электр энергиясын өндіру мен тұтынудың сағат сайынғы шамаларын регламенттейтін, жүйелік оператор бекіткен құжат;
      37) электр энергиясын өндірудің-тұтынудың теңгерілімін ұйымдастыру - электр энергиясының теңгерімдеуші нарығының жұмыс істеуін ұйымдастыру бойынша жүйелік оператор көрсететін қызмет;
      38) электр энергиясының бөлшек сауда нарығы - электр энергиясы бөлшек сауда нарығының субъектілері арасындағы шарттар (электр энергиясын сатып алу-сату, беру және тұтыну, сондай-ақ осыған байланысты көрсетілетін қызметтер ұсыну) негізінде көтерме сауда нарығынан тыс жұмыс істейтін қарым-қатынастар жүйесі;
      39) электр энергиясының бөлшек сауда нарығының субъектілері - энергия өндіруші, энергиямен жабдықтаушы, энергия беруші ұйымдар, электр энергиясын тұтынушылар;
      42) тармақша алып тасталсын;
      50) тармақшадағы «, сондай-ақ импортталатын электр энергиясын жеткізуді» деген сөздер алып тасталсын;
      51) тармақша алып тасталсын;
      2) алып тасталды - ҚР 29.12.2014 № 269-V Заңымен (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі);
      3) алып тасталды - ҚР 29.12.2014 № 269-V Заңымен (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі);
      4) 7-бапта:
      2) тармақша алып тасталсын;
      3) тармақша алып тасталсын;
      5) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      «5) энергия өндіруші ұйымдардың осы Заңның 12-бабы 3-тармағының 1) және 10) тармақшаларында, 4-тармағында және 13-бабы 3-2-тармағының 1), 2) және 4) тармақшаларында көзделген талаптарды сақтауына мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады және анықталған бұзушылықтарды жою туралы орындалуы міндетті нұсқамалар енгізеді;»;
      7) тармақшадағы «12-бабының 3, 4-тармақтарында, 12-1-бабының 4, 5-тармақтарында» деген сөздер «12-бабының 3-тармағының 1) және 10) тармақшаларында, 4-тармағында, 13-бабының 3-2-тармағының 1), 2) және 4) тармақшаларында» деген сөздермен ауыстырылсын;
      мынадай мазмұндағы 8-1) тармақшамен толықтырылсын:
      «8-1) Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген коммерциялық және заңмен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын мәліметтерді жариялауға қойылатын талаптарды сақтай отырып, энергия өндіруші ұйымдардан осы Заңның 12-бабы 3-тармағының 1) және 10) тармақшаларында, 4-тармағында және 13-бабы 3-2-тармағының 1), 2) және 4) тармақшаларында көзделген талаптарды энергия өндіруші ұйымдардың орындауы жөнінде ақпарат сұратады және алады.»;
      5) 9-1-бапта:
      3-тармақтың екінші бөлігі алып тасталсын;
      4-тармақта:
      үшінші абзацтағы «кернеу жиілігінің ауытқуы;» деген сөздер «электр тогы жиілігінің ауытқуы электр энергиясы сапасының сипаттамалары болып табылады.» деген сөздермен ауыстырылсын;
      төртінші абзац алып тасталсын;
      5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «5. Магистральдық және тарату құбырларындағы жылытуға арналған жылу энергиясының параметрлері белгіленген температура кестесіне сәйкес болуға тиіс.»;
      6) 10-баптың 1-тармағында:
      15) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      «15) электр энергиясының және қуатының болжамды теңгерімдерін әзірлеуді жүзеге асырады;»;
      мынадай мазмұндағы 16), 17), 18), 19), 20), 21) және 22) тармақшалармен толықтырылсын:
      «16) электр қуаты нарығының жұмыс істеуін ұйымдастыруды жүзеге асырады;
      18) генерациялайтын қондырғылардың электр қуатын аттестаттауды жүзеге асырады;
      19) жаңадан пайдалануға берілетін генерациялайтын қондырғылардың электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметтерді уәкілетті орган айқындаған баға бойынша, көлемде және мерзімде сатып алу туралы тендер жеңімпазымен шарт жасасады;
      22) көтерме сауда нарығының субъектісін көрсете отырып, электр қуатының жүктеме көтеруге әзірлігін қамтамасыз ету бойынша қызмет көрсетуге арналып жасалған шарттардың тізбесін жасайды және өзінің интернет-ресурсында орналастырады.»;
      7) 12-бапта:
      3-тармақта:
      2) тармақша алып тасталсын;
      3) тармақша алып тасталсын;
      4) мынадай мазмұндағы 4), 5), 6), 7), 8), 9) және 10) тармақшалармен толықтырылсын:
      «4) өткен күнтізбелік жыл үшін электр энергиясын өндіру мен өткізу шығындары бойынша, электр энергиясын өндіру мен өткізу көлемі бойынша есептерді жыл сайын 31 наурыздан кешіктірмей уәкілетті органға беруге;
      5) келісімде келесі жылға көзделген инвестициялардың көлемі мен бағыттары туралы мәліметтерді жыл сайын 31 желтоқсаннан кешіктірмей бұқаралық ақпарат құралдарында жариялауға;
      6) келісімде өткен жыл үшін көзделген инвестициялық міндеттемелердің орындалуы туралы мәліметтерді жыл сайын 1 мамырдан кешіктірмей бұқаралық ақпарат құралдарында жариялауға;
      7) жария тыңдауларды өткізу туралы хабарландыруды жария тыңдауларды өткізгенге дейін кемінде күнтізбелік бес күн бұрын бұқаралық ақпарат құралдарында жариялай отырып, келісімдерді орындау нәтижелері бойынша жария тыңдауларды мемлекеттік органдардың, тұтынушылардың және олардың қоғамдық бірлестіктерінің, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдерін, сондай-ақ тәуелсіз сарапшыларды шақыра отырып, жыл сайын 1 мамырдан кешіктірмей өткізуге;
      8) уәкілетті органның талап етуі бойынша осы Заңның 5-бабының 46-1) тармақшасына сәйкес ақпаратты ол белгілеген, тиісті сауал алынған күннен бастап бес жұмыс күнінен аспайтын мерзімде қағаз және (немесе) электрондық жеткізгіштерде беруге;
      9) табиғи монополиялар салаларында және реттелетін нарықтарда басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттік органның талап етуі бойынша осы Заңның 7-бабының 8-1) тармақшасына сәйкес ақпаратты ол белгілеген, тиісті сауал алынған күннен бастап бес жұмыс күнінен аспайтын мерзімде қағаз және (немесе) электрондық жеткізгіштерде беруге;
      4-тармақта:
      екінші және үшінші бөліктер алып тасталсын;
      мынадай мазмұндағы 5 және 6-тармақтармен толықтырылсын:
      «5. Энергия өндіруші ұйым келісімде көзделген инвестициялық міндеттемелерді орындамаған жағдайда, энергия өндіруші ұйым көтерме сауда нарығының субъектілеріне инвестициялық міндеттемелерді орындауға арналған келісімде көзделген және оларды іске асыруға пайдаланылмаған, алынған қаражатты электр энергиясының келесі күнтізбелік жылға арналған босату бағасын төмендету арқылы Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген тәртіппен, осы ақпаратты бұқаралық ақпарат құралдарында орналастыра отырып, қайтаруға міндетті.
      Осы тармақтың бірінші бөлігінде көзделген міндет келесі күнтізбелік жылға келісім жасасу кезінде Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің келісім жасасу күнгі қайта қаржыландыру мөлшерлемесін ескере отырып, орындалмаған сомаға қосымша инвестициялық міндеттемелер қабылдаған энергия өндіруші ұйымдарға қолданылмайды.
      Энергия өндіруші ұйым келісімде көзделген қосымша инвестициялық міндеттемелерді келесі күнтізбелік жылда орындамаған жағдайда энергия өндіруші ұйым кейінгі жылдарға осы міндеттемелерді қабылдай алмайды және олар осы тармақтың бірінші бөлігіне сәйкес көтерме сауда нарығының субъектілеріне қайтарылуға жатады.»;
      8) 12-1-бапта:
      1-тармақ алып тасталсын;
      3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «3. Энергия өндіруші ұйым электр энергиясын шекті тарифтен аспайтын бағамен өткізу үшін уәкілетті органмен белгіленген тәртіппен келісім жасасады.
      Келісім энергия өндіруші ұйымның жаңа активтерді құруға, қолда бар активтерді кеңейтуге, жаңартуға, ұстап тұруға, реконструкциялауға  және техникалық қайта жарақтандыруға бағытталған іс-шараларды іске асыру жөніндегі инвестициялық міндеттемелерін көздейді.
      Келісімде электр энергиясын өндіруге байланысты іс-шаралар тізбесі әрбір іс-шара бойынша инвестициялардың нақты көлемі мен сомалары көрсетіле отырып айқындалады.
      Келісім жасасу кезінде жабдықтың техникалық жай-күйін растау үшін тәуелсіз энергетикалық сараптаманың қорытындысы ескеріледі.
      Электр энергиясының шекті тарифі, оны өндіру көлемі шеңберінде электр энергиясына арналған босатылатын бағаны төмендету жағдайларын қоспағанда, келісімге инвестициялардың жалпы сомасын төмендете отырып өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізуге жол берілмейді.
      Уәкілетті орган энергия өндіруші ұйымдардың келісімдерді орындауының, электр энергиясын өндіру мен өткізу шығындарының, электр энергиясын өндіру мен өткізу көлемдерінің мониторингін жүргізеді.
      Энергия өндіруші ұйым жоспарланатын амортизациялық аударымдарға және электр энергиясын шекті тарифтен аспайтын бағалар бойынша өткізуден алынған таза табыстың деңгейіне сәйкес өзінің инвестициялық міндеттемелерін дербес айқындайды.»;
      мынадай мазмұндағы 3-1-тармақпен толықтырылсын:
      «3-1. Энергия өндіруші ұйым уәкілетті органға келісім жасалған жылдың алдындағы жылдың 1 қазанына дейінгі мерзімде келісімнің жобасын ұсынады.
      Уәкілетті орган қараудың нәтижелері бойынша келісімнің жобасын уәкілетті орган алған күннен бастап есептелетін күнтізбелік қырық күн ішінде энергия өндіруші ұйымға қол қойылған келісімнің бір данасын не келісім жасасудан бас тарту туралы дәлелді шешімді жібереді.
      Тараптардың келісімді жасасудан негізсіз бас тартуына немесе оны жасасудан жалтаруына жол берілмейді.
      Уәкілетті орган осы Заңда белгіленген мерзімде жауап ұсынбаған жағдайда келісім жасалды деп есептеледі.
      Уәкілетті органның келісім жасасудан бас тарту туралы дәлелді шешімін энергия өндіруші ұйым алған күннен бастап күнтізбелік отыз күн ішінде келісім жобасының шарттары бойынша келісімге қол жеткізілмеген жағдайда, келісімді жасасу кезінде туындаған келіспеушіліктер Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес реттелуге тиіс.
      Энергия өндіруші ұйым дауды реттеу кезеңінде электр энергиясын амортизацияға және пайдаға кететін шығындарды есептемей, электр энергиясын өндіруге арналған шығындардан аспайтын баға бойынша өткізеді.»;
      45 және 6-тармақтар алып тасталсын;
      9) 13-бапта:
      3-тармақ мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
      «Энергиямен жабдықтаушы ұйымдар электрмен жабдықтау бойынша қызметтер көрсету үшін электрмен жабдықтаудың үлгілік шартына сәйкес электрмен жабдықтауға арналған шарт жасасуға міндетті.»;
      3-1-тармақтың 1) тармақшасындағы «және электр энергиясын» деген сөздер «және Қазақстан Республикасы азаматтық заңнамасының талаптарына сәйкес электр энергиясын» деген сөздермен ауыстырылсын;
      3-2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «3-2. Энергия өндіруші ұйымға:
      1) электр энергиясының экспортын қоспағанда, көтерме және (немесе) бөлшек сауда нарығының субъектілері болып табылмайтын жеке немесе заңды тұлғаларға электр энергиясын өткізуге (сатуға);
      2) электр энергиясын өндірудің тәуліктік кестесін негізге ала отырып айқындалатын көлемде қуаттардың авариялық істен шығу және (немесе) электр энергиясын өз мұқтаждарының көлемінде сатып алу жағдайларын қоспағанда электр энергиясын энергия өндіруші басқа ұйымнан алуға (сатып алуға);
      4) энергиямен жабдықтау мақсатында электр энергиясын алуға (сатып алуға) тыйым салынады.»;
      3-3-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
      «3-3. Энергиямен жабдықтаушы ұйымға электр энергиясын энергиямен жабдықтаушы басқа ұйымға өткізуге (сатуға), сондай-ақ оны энергиямен жабдықтаушы басқа ұйымнан алуға (сатып алуға) тыйым салынады.»;
      4-тармақта:
      бірінші бөліктегі «ережелерінде» деген сөз «қағидаларында, электр қуаты нарығын ұйымдастыру және оның жұмыс істеу қағидаларында» деген сөздермен ауыстырылсын;
      екінші бөлік алып тасталсын;
      10) алып тасталды - ҚР 12.11.2015 № 394-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);
      11) мынадай мазмұндағы 15-1, 15-2 және 15-3-баптармен толықтырылсын:
      «15-1-бап. Электр қуаттарын орналастырудың перспективалық
                 схемасын әзірлеу және жаңадан пайдалануға берілетін
                 генерациялайтын қондырғыларды салуға тендер өткізу
                 тәртібі
      1. Жүйелік оператор жыл сайын он бесінші қазанға дейінгі мерзімде алдағы жеті жылдық кезеңге электр энергиясының және қуатының болжамды теңгерімін әзірлейді және оны бұқаралық ақпарат құралдарында орналастырады.
      2. Уәкілетті орган электр энергиясының және қуатының болжамды теңгерімдерінің негізінде жыл сайын электр қуатының болжамды тапшылығын белгілейді, сондай-ақ электр қуаттарын орналастырудың перспективалық схемасын әзірлейді және бекітеді, өзінің интернет-ресурсында орналастыра отырып, оған тендер өткізілген жаңадан пайдалануға берілетін генерациялайтын қондырғылар басымдықпен енгізіледі.
      3. Уәкілетті орган электр қуатының болжамды тапшылығын жабу үшін жаңадан пайдалануға берілетін генерациялайтын қондырғыларды салуға тендер өткізеді.
      4. Уәкілетті орган жаңадан пайдалануға берілетін генерациялайтын қондырғыларды салуға тендер өткізу туралы хабарландыруды тендерлік құжаттама бекітілген күннен бастап үш жұмыс күнінен кешіктірмей, бірақ әлеуетті инвесторлардың тендерге қатысуға құжаттар мен материалдарды табыс етуінің соңғы күніне дейін кемінде күнтізбелік отыз күн бұрын бұқаралық ақпарат құралдарында жариялайды.
      5. Жаңадан пайдалануға берілетін генерациялайтын қондырғыларды салуға арналған тендерлік құжаттама топтамасы:
      1) жаңадан пайдалануға берілетін генерациялайтын қондырғылардың сипатын және талап етілетін техникалық, сапалық және пайдалану сипаттамаларын;
      2) жаңадан пайдалануға берілетін генерациялайтын қондырғыларды салуға арналған шарттың жобасын қамтиды.
      6. Жаңадан пайдалануға берілетін генерациялайтын қондырғыларды салуға арналған тендерге:
      1) құрылтай құжаттарының көшірмелерін;
      2) генерациялайтын қондырғылар құнының жалпы көлемінің кемінде отыз пайызын өз қаражаты есебінен қаржыландыру есебімен алғанда, жаңадан пайдалануға берілетін генерациялайтын қондырғыларды салу үшін жеткілікті қаржы және материалдық ресурстарының бар екенін растайтын құжаттарды;
      3) тендерлік өтінімдерді берген күнге үш айдан аспайтын мерзімде салық берешегінің жоқтығы туралы салық органының анықтамасын ұсынған әлеуетті инвесторлар қатысады.
      7. Тендерлік комиссия жаңадан пайдалануға берілетін генерациялайтын қондырғыларды салуға арналған тендер қорытындыларын тендерлік өтінімдері бар конверттерді ашқан күннен бастап күнтізбелік отыз күннен аспайтын мерзімде шығарады.
      Уәкілетті орган жаңадан пайдалануға берілетін генерациялайтын қондырғыларды салуға арналған тендер қорытындылары шығарылған күннен бастап күнтізбелік он бес күн ішінде жаңадан пайдалануға берілетін генерациялайтын қондырғыларды салу шартының жобасын жаңадан пайдалануға берілетін генерациялайтын қондырғыларды салуға арналған тендердің жеңімпазы деп танылған әлеуетті инвесторға жібереді.
      Жаңадан пайдалануға берілетін генерациялайтын қондырғыларды салуға арналған тендердің жеңімпазы жаңадан пайдалануға берілетін генерациялайтын қондырғыларды салу шартының жобасын алған күннен бастап он жұмыс күні ішінде көрсетілген шартқа қол қояды.
      8. Жаңадан пайдалануга берілетін генерациялайтын қондырғыларды салуға арналған тендер:
      1) әлеуетті инвесторлар екеуден кем болған;
      2) барлық әлеуетті инвесторлар ұсынған құжаттар осы баптың 6-тармағына сәйкес келмеген жағдайларда өтпеді деп танылады.
      Жаңадан пайдалануға берілетін генерациялайтын қондырғыларды салуға арналған тендер өтпеді деп танылған жағдайда, уәкілетті орган қайтадан тендер өткізеді.
      9. Жаңадан пайдалануға берілетін генерациялайтын қондырғыларды салуға арналған тендердің қорытындыларын шығарған күннен бастап күнтізбелік қырық бес күн ішінде уәкілетті орган жаңадан пайдалануға берілетін генерациялайтын қондырғыларды салуға арналған тендердің жеңімпазымен шарт жасасады, онда генерациялайтын қондырғыларды пайдалануға беру мерзімін және тендер жеңімпазының қабылдаған міндеттемелерді орындамағаны және (немесе) тиісінше орындамағаны үшін жауапкершілікті айқындайды.
      10. Жаңадан пайдалануға берілетін генерациялайтын қондырғыларды салуға арналған шартты жасасқан күннен бастап күнтізбелік отыз күн ішінде жүйелік оператор уәкілетті орган белгілеген бағамен, көлемде және мерзімге тендердің жеңімпазымен жаңадан пайдалануға берілетін генерациялайтын қондырғылардың электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметтерді сатып алу жөнінде шарт жасасады.
      11. Осы баптың 9 және 10-тармақтарында көзделген шарттар үлгілік шарттар негізінде жасалады.
      15-2-бап. Генерациялайтын қондырғылардың электр қуатын
                аттестаттау
      2. Жүйелік оператор энергия өндіруші ұйымның генерациялайтын қондырғыларының электр қуатын аттестаттауды Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген тәртіппен жүзеге асырады.
      3. Жүйелік оператор генерациялайтын қондырғылардың электр қуатын аттестаттауды энергия өндіруші ұйымның өтінімі бойынша жылына бір рет энергия өндіруші ұйыммен келісілген мерзімде, бірақ аттестаттауды өткізуге арналған өтінімді алғаннан кейін күнтізбелік он күннен кешіктірмей жүзеге асырады.
      Генерациялайтын қондырғылардың электр қуатын аттестаттаудан өткізу кезінде жүйелік оператор:
      1) энергия өндіруші ұйымда бар және оған сәйкес энергия өндіруші ұйымның электр энергиясын өндіруге техникалық мүмкіндігі болатын генерациялайтын қондырғылардың электр қуатының шамасын;
      2) генерациялайтын қондырғылардың талап етілетін параметрлерінің энергия өндіруші ұйымның генерациялайтын қондырғылардың электр қуатын аттестаттаудан өткізуге арналған өтінімінде көрсетілген мәндерге сәйкестігін айқындайды.
      4. Генерациялайтын қондырғылардың электр қуатын аттестаттаудың нәтижелері бойынша жүйелік оператор аттестаттау өткізілгеннен кейін күнтізбелік бес күннен кешіктірмей генерациялайтын қондырғылардың электр қуатын аттестаттау актісін ресімдеп, энергия өндіруші ұйымға жібереді, онда электр энергиясын өндіруге дайын болған энергия өндіруші ұйымның генерациялайтын қондырғыларының аттестаттаудан өткен электр қуатының шамасы көрсетіледі.
      5. Генерациялайтын қондырғылардың электр қуатын кезектен тыс аттестаттау мынадай жағдайларда:
      1) жүйелік оператор генерациялайтын қондырғылардың электр қуатының нақты шамасы мен параметрлерінің аттестатталғандарға сәйкес келмеуі анықталған кезде;
      2) энергия өндіруші ұйымның бастамасы бойынша өткізіледі.
      15-3-бап. Электр қуатының нарығы
      1. Электр қуатының нарығы жаңа электр қуаттарын енгізу үшін инвестициялар тарту, электр энергиясына сұранысты қанағаттандыруға және электр қуатының болжамды теңгерімінің негізінде айқындалған Қазақстан Республикасының біртұтас электр энергетикалық жүйесінде электр қуатының шамасын ұстап тұруға жеткілікті көлемде жұмыс істеп тұрған электр қуаттарын қолдау мақсатында жұмыс істейді.
      2. Көтерме сауда нарығының субъектілері электр энергиясын және қуатын өндіруге-тұтынуға арналған болжамды өтінімдерді айларға бөле отырып, алдағы жылға қалыптастырады және есепті жылдың алдындағы жылдың бірінші қазанынан кешіктірмей жүйелік операторға жібереді.
      Жүйелік оператор есепті жылдың алдындағы жылдың он бесінші қазанынан кешіктірмей, көтерме сауда нарығы субъектілерінің электр энергиясын және қуатын өндіруге-тұтынуға арналған болжамды өтінімдерінің негізінде электр энергиясының және қуатының алдағы жылға арналған болжамды теңгерімін әзірлейді.
      4. Энергия өндіруші ұйымдар электр қуатының орталықтандырылған сауда-саттығына генерациялайтын қондырғылардың электр қуатын жүйелік оператор аттестаттаудан өткізгеннен кейін жіберіледі.
      5. Орталықтандырылған сауда нарығының операторы электр қуатының орталықтандырылған сауда-саттығын уәкілетті орган белгiлеген тәртiппен ұйымдастырады және өткiзедi.
      Орталықтандырылған сауда нарығының операторы электр қуатының орталықтандырылған сауда-саттығының қорытындыларын өтеусіз тіркеуді жүзеге асырады.
      Орталықтандырылған сауда нарығының операторы жүйелік операторға  және нарық субъектілеріне электр қуатының орталықтандырылған сауда-саттығын ұйымдастыру мен өткізу бойынша шарттық негізде қызметтер көрсетеді. »;
      12) алып тасталды - ҚР 12.11.2015 № 394-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);
      13) 18-баптың 3-тармағы мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
      «Энергияны коммерциялық есепке алудың автоматтандырылған жүйесін пайдалану жағдайларын қоспағанда, тұтынушылардың тұтынған электр энергиясы үшін төлемақы коммерциялық есепке алу аспаптарының нақты көрсеткіштері негізінде энергиямен жабдықтаушы ұйым берген төлем құжаты бойынша, ал олар болмаған немесе уақытша бұзылған кезде есептеу арқылы жүргізіледі.»;
      14) 25-бап мынадай мазмұндағы 5-тармақпен толықтырылсын:
      «5. Осы Заңның 12-1-бабының 3-1-тармағында көзделген тәртіппен келісім жасасу бойынша шаралар қабылдамаған және уәкілетті органмен келісім жасаспаған энергия өндіруші ұйымдар электр энергиясын амортизация мен пайдаға кеткен шығындарды есепке алмай, электр энергиясын өндіруге кеткен шығыннан аспайтын бағамен өткізеді.».
      Ескерту. 1-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 06.03.2013 N 81-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi); 29.12.2014 № 269-V (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі); 12.11.2015 № 394-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
      2-бап.
      1. Осы Заң:
      1) 2015 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін, осы Заңның 1-бабы 4-тармағы 1) тармақшасының он бірінші, он алтыншы, он жетінші, он тоғызыншы, жиырмасыншы – жиырма төртінші абзацтарын, 6) тармақшасының жетінші және он бірінші абзацтарын, 11) тармақшасының жиырма төртінші, жиырма алтыншы - отыз сегізінші, қырық екінші, қырық сегізінші – елуінші абзацтарын;
      1-1) 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін, осы Заңның 1-бабы 4-тармағы 7) тармақшасының төртінші абзацын;
      2) 2019 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін, осы Заңның 1-бабы 4-тармағы 1) тармақшасының бесінші, он үшінші, отыз төртінші және отыз алтыншы абзацтарын, 4) тармақшасының екінші және үшінші абзацтарын, 8) тармақшасының төртінші және жиырма сегізінші абзацтарын, 9) тармақшасының он төртінші абзацын;
      3) 2020 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін, осы Заңның 1-бабы 4-тармағы 1) тармақшасының сегізінші абзацын,  4) тармақшасыныңтөртінші, бесінші, алтыншы, жетінші және сегізінші абзацтарын, 7) тармақшасының бесінші және он алтыншы абзацтарын қоспағанда, алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      2. Осы Заңның 1-бабының 4-тармағы 8) тармақшасының он үшінші - он сегізінші, жиырмасыншы - жиырма жетінші абзацтары және 14) тармақшасы 2016 жылғы 1 қаңтарға дейін қолданыста болады.
      2-1. Осы Заңның 1-бабы 4-тармағы 7) тармақшасының сегізінші, тоғызыншы, оныншы, он бірінші, он жетінші, он сегізінші, он тоғызыншы және жиырмасыншы абзацтары, 8) тармақшасының он тоғызыншы абзацы 2017 жылғы 1 қаңтарға дейін қолданыста болады.
      3. Осы Заңның 1-бабы 2-тармағы 6) тармақшасының үшінші - алтыншы, тоғызыншы және оныншы абзацтары, 4-тармағы 7) тармақшасының жетінші - он бірінші, он жетінші - жиырмасыншы абзацтары, 8) тармақшасының он тоғызыншы абзацы 2017 жылғы 1 қаңтарға дейін қолданылады.
      4. Осы Заңның 1-бабының 2-тармағы 13) тармақшасының төртінші  және бесінші абзацтары:
      1) осы Заң қолданысқа енгізілген кезден бастап 2016 жылғы 1 қаңтарға дейін мынадай редакцияда қолданылады деп белгіленсін:
      «қырық төртінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
      «мемлекеттік энергетикалық қадағалау және бақылау органдарының (127 (бірінші бөлігі), 147-13, 223 - 225, 225-1, 356-баптар);»;
      2) 2016 жылғы 1 қаңтардан 2017 жылғы 1 қаңтарға дейін мынадай редакцияда қолданылады деп белгіленсін:
      «қырық үшінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
      «мемлекеттiк энергетикалық қадағалау және бақылау органдарының (127 (бiрiншi бөлiгi), 147-6 (2-2, 2-3-бөлiктерi), 147-13, 219-8 (екінші және үшінші бөліктері), 223 – 225, 225-1 (электр мен жылу желiлерi жолдарының күзет аймақтарындағы бұзушылықтар бойынша), 356, 357-1-баптар);».
      5. Алып тасталды - ҚР 29.12.2014 № 269-V (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
      6. Осы Заңның 1-бабының 4-тармағы 4) тармақшасының төртінші  және бесінші абзацтары:
      1) осы Заң қолданысқа енгізілген кезден бастап 2019 жылғы 1 қаңтарға дейін мынадай редакцияда қолданылады деп белгіленсін:
      «5) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      «5) энергия өндіруші ұйымдардың осы Заңның 12-бабы 3-тармағының 1) және 3) тармақшаларында, 4-тармағында, 12-1-бабының 4 және 5-тармақтарында, 13-бабы 3-2-тармағының 1), 2) және 4) тармақшаларында көзделген талаптарды сақтауына мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады және анықталған бұзушылықтарды жою туралы орындалуы міндетті нұсқамалар енгізеді;»;
      2) 2019 жылғы 1 қаңтардан 2020 жылғы 1 қаңтарға дейін мынадай редакцияда қолданылады деп белгіленсін:
      «5) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      «5) энергия өндіруші ұйымдардың осы Заңның 12-бабы 3-тармағының 1), 3) және 10) тармақшаларында, 4-тармағында, 13-бабы 3-2-тармағының 1), 2) және 4) тармақшаларында көзделген талаптарды сақтауына мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады және анықталған бұзушылықтарды жою туралы орындалуы міндетті нұсқамалар енгізеді;».
      7. Осы Заңның 1-бабының 4-тармағы 4) тармақшасының алтыншы абзацы 2019 жылғы 1 қаңтардан 2020 жылғы 1 қаңтарға дейін мынадай редакцияда қолданылады деп белгіленсін:
      «7) тармақшадағы «12-бабының 3, 4-тармақтарында, 12-1-бабының 4, 5-тармақтарында» деген сөздер «12-бабының 3-тармағының 1), 3) және 10) тармақшаларында, 4-тармағында, 13-бабының 3-2-тармағының 1), 2) және 4) тармақшаларында» деген сөздермен ауыстырылсын;».
      8. Осы Заңның 1-бабының 4-тармағы 4) тармақшасының жетінші  және сегізінші абзацтары:
      1) осы Заң қолданысқа енгізілген кезден бастап 2019 жылғы 1 қаңтарға дейін мынадай редакцияда қолданылады деп белгіленсін:
      «8-1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      «8-1) Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген коммерциялық және заңмен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын мәліметтерді жариялауға қойылатын талаптарды сақтай отырып, энергия өндіруші ұйымдардан осы Заңның 12-бабы 3-тармағының 1) және 3) тармақшаларында, 4-тармағында, 12-1-бабының 4 және 5-тармақтарында, 13-бабы 3-2-тармағының 1), 2) және 4) тармақшаларында көзделген талаптарды энергия өндіруші ұйымдардың орындауы жөнінде ақпарат сұратады және алады;»;
      2) 2019 жылғы 1 қаңтардан 2020 жылғы 1 қаңтарға дейін мынадай редакцияда қолданылады деп белгіленсін:
      «8-1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      «8-1) Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген коммерциялық және заңмен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын мәліметтерді жариялауға қойылатын талаптарды сақтай отырып, энергия өндіруші ұйымдардан осы Заңның 12-бабы 3-тармағының 1), 3) және 10) тармақшаларында, 4-тармағында, 13-бабы 3-2-тармағының 1), 2) және 4) тармақшаларында көзделген талаптарды энергия өндіруші ұйымдардың орындауы жөнінде ақпарат сұратады және алады;».
      9. 2016 жылғы 1 қаңтарға дейін:
      1) осы Заңның 1-бабы 2-тармағының 3) тармақшасы жиырма бірінші абзацының қолданысы тоқтатыла тұрып, тоқтата тұру кезеңінде осы абзац мынадай редакцияда қолданылады деп белгіленсін:
      «үшiншi абзацтағы «екiншi және үшінші» деген сөздер «екiншi» деген сөзбен ауыстырылсын;»;
      2) осы Заңның 1-бабы 2-тармағының 11) тармақшасы екінші абзацының қолданысы тоқтатыла тұрып, тоқтата тұру кезеңінде осы абзац мынадай редакцияда қолданылады деп белгіленсін:
      «147-1 (екінші бөлігінде),» деген сөздерден кейін «147-6 (2-1-бөлігінде),» деген сөздермен толықтырылсын»;
      3) осы Заңның 1-бабы 2-тармағының 13) тармақшасы үшінші абзацының қолданысы тоқтатыла тұрып, тоқтата тұру кезеңінде осы абзац мынадай редакцияда қолданылады деп белгіленсін:
      «қырық бiрiншi абзацтағы «(356-бап)» деген сөздер «(147-6 (2-1-бөлiгi), 147-12 (бiрiншi және үшiншi бөлiктері (мұнай өнiмдерiн бөлшек саудада өткiзудiң шектi бағасын асырып жiберу бойынша), 356-баптар)» деген сөздермен ауыстырылсын.».
      Ескерту. 2-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 06.03.2013 N 81-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi); 29.12.2014 № 269-V (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі); 12.11.2015 № 394-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

      Қазақстан Республикасының
      Президенті                                  Н. НАЗАРБАЕВ

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады